KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
3.34K subscribers
7.94K photos
738 videos
9 files
7.75K links
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.

Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
Download Telegram
31 градусқа дейін аяз: еліміздің ірі қалаларында жексенбіде ауа райы қандай болады

Бүгін Алматыда қар жауады. Күндіз ауа температурасы -12 градусты, түнде -19 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с болмақ.

Астанада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -17 градусқа, түнде -31 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,4 м/с болады.

Шымкентте аздаған қар жауады. Күндіз термометр бағаны 1 градус, түнде -3 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 2,3 м/с деңгейінде болмақ.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: pixabay.com

t.me/kaznurkz
❤1
Қайырлы таң! Жаңа апта сәттілікке толы болсын!

Тоқаев ертең Қызылордада Ұлттық құрылтайдың отырысында сөз сөйлейді

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram желісіндегі арнасында Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтарда Қызылордада өтетінін мәлім етті.

"Сыр бойындағы жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылы Ұлытауда өткен еді.

Ал 2023 жылы Түркістанда болды.

2024 жылы – Атырауда, былтыр Бурабайда өтті.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
❤2
Алматыдағы мектептерде террористік акті туралы жалған хабарлама тарады: полиция мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы қаласындағы бірқатар мектепте террористік актілер дайындалып жатқаны жөнінде жалған ақпарат тараған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Полиция өкілдері қазіргі уақытта қаладағы білім беру ұйымдарындағы ахуал толық бақылауда екенін атап өтті.

Сондай-ақ жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталған.

Полиция көрінеу жалған ақпарат тарату, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне қатысты жалған ақпарат тарту, ауыр құқық бұзушылық болып саналатынын және бұл үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
Қызылордада Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды

Сыр бойындағы жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
❤2👍1
21 жастағы Нұрайдың өлімі: Тоқаев Ішкі істер министрлігіне Шымкент полициясын тексеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Ішкі істер министрлігіне Шымкент полициясына құқықтық баға беруді тапсырғанын айтты.

Мемлекет басшысы құрылтай мүшелерінен осы қайғылы оқиғаға қатысты өтініштер түскенін атап өтті.

"Күдіктінің әрекеті адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты мен ІІМ-не Шымкент қалалық полициясына құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", - деді президент.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
❤1
Тоқаев бір палаталы парламентті Құрылтай деп атауды ұсынды

Президенттің айтуынша, Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалу керек.

"Ең алдымен, болашақ парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда, Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын.

Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым.

Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын", - деді мемлекет басшысы.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

t.me/kaznurkz
❤2
Қазақстанның жаңа парламентінде депутаттар саны 145 болуы мүмкін

"Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді.

Жаңа парламентте төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны 8-ден аспауы керек", - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: t.me/mazhilis_kz

t.me/kaznurkz
❤1
Қазақстанда Конституциялық комиссия құрылады

Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді.

Президенттің айтуынша, бастапқыда парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болған.

"2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал ендігі өзгерістер одан да ауқымды.

Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы жарлыққа ертең қол қоямын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді.

"Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз", - деді президент.

Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
❤1
Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады

Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде жаңа лауазым – вице-президент пайда болатынын мәлімдеді.

"Сөз вице-президент лауазымын құру туралы болып отыр. Оның өкілеттігін президент белгілейді. Вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық форумдар мен шетелдік делегациялармен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін, парламентте президенттің мүддесін білдіреді, отандық және бірлескен қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени және білім беру ұйымдарымен өзара жұмыс істейді және президенттің басқа да нұсқауларын орындайды деп жоспарланып отыр.


Вице-президенттің ресми міндеттеріне қатысты осы негізгі ережелер Конституцияда да көрініс табуы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
❤1
Қайырлы күн!

Ертең Тоқаев Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Давос қаласында Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысады.


Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
❤1
Шымкентте жолдағы бұзақылық пен кісі өліміне қатысты іс бойынша күдікке ілінген төрт адам ұсталды

Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін болған төбелес салдарынан іздеуде болған күдіктілер ұсталды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт адам анықталып, ұсталды.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда", - делінген хабарламада.


Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша "адам өлтіру", "бұзақылық" және "адам ұрлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
❤2
Қайырлы күн!

Министрлік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылғы ақпанның соңына дейін елден ерікті түрде шыға алатынын тағы да еске салады.

Бұл ретте айыппұл, сондай-ақ Корея қайта кіруге тыйым салынбайды.

"Бұл шаралар құқықтық салдарларды жеңілдетуге және өз мәртебесін реттеуге дайын адамдарды қолдауға бағытталған. Бағдарлама қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, мәжбүрлеп шығару шарасына жататын, сондай-ақ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетелдіктерге қолданылмайды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: pixabay.com

t.me/kaznurkz
❤3
Жамбыл облысында күрес түрінен оқу-жаттығу жиынына келген 22 бала ауруханаға жеткізілді

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 21 қаңтарда Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына "Тұран" демалыс орнынан 12-17 жас аралығындағы 22 жасөспірім жеткізілген.

Олар Қызылорда облысынан ауданға күрес түрінен оқу-жаттығу жиынына келген.

Алдын ала диагноз – этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит.

Аталған демалыс орнында барлығы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы қоныстанған.

Демалыс орнындағы басқа балаларға медициналық тексеру жүргізілген, ауру белгілері анықталмаған.

Аурудың себептерін анықтау мақсатында пациенттерден және тағам өнімдерінен зертханалық сараптамалар алынған, қазіргі таңда қорытындысы күтіліп отыр.

Бұл факті Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркелген.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды

Қол қою рәсіміне Қазақстан президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысқан.

Айта кетелік, бұған дейін мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою үшін Давосқа келген еді.

Видео: Ақорда

t.me/kaznurkz
🔥2
⚡️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

t.me/kaznurkz
👍1
Қанат Шарлапаев "Атамекен" ҰКП төралқасының жаңа төрағасы болып сайланды

Астанада "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII съезі өтті.

Съезде палатаның жарғысына және төралқа құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

"Көпшілік дауыспен "Атамекен" ҰКП төралқасының жаңа төрағасы болып Қанат Шарлапаев сайланды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 18 ақпаннан бастап бүгінге дейін "Атамекен" ҰКП-ны Райымбек Баталов басқарды.

t.me/kaznurkz
❤1
Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Бүгін Алматыда күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы -1 градус, түнде -16 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,6 м/с болмақ.

Астанада да күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы -14 градус, түнде -28 градус. Желдің жылдамдығы – 2,4 м/с.

Шымкентте күн бұлтты. Күндіз термометр бағаны 2 градус жылы, түнде -9 градус. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с деңгейінде болмақ.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: pexels.com

t.me/kaznurkz
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысы басталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында "Құрылтай" атты бір палаталы парламентке көшуді, вице-президент лауазымын қайтарып, заң шығару бастамасын көтеруге хақылы "Халық кеңесін" құру бастамасын көтерген болатын.

21 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның құрамына депутаттар корпусы мен өкілді билік органдарының мүшелері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар кірді. Бүгін комиссияның алғашқы отырысы өтіп жатыр.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: Jibek Joly телеарнасы

t.me/kaznurkz
Қайырлы күн!

Шымкенттегі жол-көлік оқиғасынан соң болған жаппай төбелес: тағы үш күдікті ұсталды

Шымкентте адам өлтіру дерегі бойынша іздеудегі үш күдікті ұсталды. Оқиға қала көшелерінің біріндегі жанжалдан кейін болған еді.

Отырар арнасының хабарлауынша, күдіктілерді Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері тұтқындағанын адвокат Талғат Есімов мәлім еткен. Ол Василий Колесниковтың өліміне байланысты тағы үш адам ұсталғанын хабарлады.

Оның айтуынша, күдіктілер Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында жасырынған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы оқиғаға қатысы бар делінген төрт күдікті ұсталғанын хабарлағанбыз.

Фото: Victor Yang/Getty Images

t.me/kaznurkz
Қазақстанда әскери борышын өтеп жүрген тағы бір сарбаз көз жұмды

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өзіне-өзі оқ атты. Ол алған жарақатынан көз жұмды.

Әскери қызметші былтыр сәуірде мерзімді әскери қызметке шақырылған.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен комиссия жұмыс істеп жатыр.

Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің басшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Бұған дейін, 6 қаңтарда Шымкенттегі ауруханада мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмған еді. Оның жүрегі кенеттен тоқтаған.

Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
😢1