KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
3.34K subscribers
7.93K photos
738 videos
9 files
7.75K links
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.

Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құлсарыда мектеп дәлізінде балтамен жүрген жасөспірім ұсталды

Желіде Құлсарыда түсірілген видео тарады. Видеодан қолына балта ұстаған оқушының мектеп дәлізінде жүгіріп жүргенін, болжам бойынша, бір баланы қуып бара жатқанын көруге болады.

5 ақпанда 102 арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы құрдастарымен арада болған жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан кетіп қалғаны туралы қоңырау түскен.

"Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл жарақат алды", - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бірден оқиға орнына жеткен. Жасөспірім анықталып, ұсталған.

t.me/kaznurkz
БАҚ: комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынды

Ресейлік БАҚ-тар танымал қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынғанын жазып жатыр.

SHOT желілік басылымының мәліметінше, Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған.

Дубайдан келген стендап-комик Мәскеудің Внуково әуежайында ұсталған.

Telegram-дағы Baza арнасының жазуынша, Сабуровқа бұрын көші-қон заңнамасын бұзғаны және Украинамен қақтығысты сынағаны үшін Ресейге кіруге тыйым салынған болуы мүмкін.
Тыйым 30 қаңтарда күшіне енген.

Сабуровтың өзі әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ. Сондай-ақ ол әлеуметтік желілердегі парақшасында да қандай да бір мәлімдеме жасамады.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: vk.com/nurlan_saburov

t.me/kaznurkz
❤1
Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылардың 7 ақпанда жарысқа шығу кестесі

7 ақпанда Қазақстан құрамасының жарысқа шығу кестесі:

🔹17:00. Шаңғы жарысы. Скиатлон (әйелдер)

Надежда Степашкина (№54), Ксения Шалыгина (№59)

🔸20:00. Әйелдер арасында 3000 метрге конькимен жүгіру

Елизавета Голубева (төртінші жұп), Надежда Морозова (жетінші жұп)

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Lintao Zhang/International Skating Union via Getty Images

t.me/kaznurkz
❤1👍1
2026 жылғы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың алғашқы легі жарысқа түсті

Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында жарысқа түсті.

Қазақстан намысын скиатлонда екі спортшы қорғады: Ксения Шалыгина мен Надежда Степашкина. Екеуі де жарыс соңында көшбасшыдан бір айналым артта қалып, жарыстан шығарылды.

Степашкина алғашқы метрлерде құлап қалды. Ол қорытынды есепте үздік 60 спортшы қатарына енді. Шалыгина 53-орынға жайғасты.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Нұрғали Жұмағазы / Ұлттық олимпиадалық комитет

t.me/kaznurkz
❤1
Қазақстандық спортшы 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік алты конькиші қатарына енді

Морозова 4 минут 1,20 секунд уақыт көрсетіп, алтыншы орынды иеленді.

27 жастағы қазақстандық спортшы Олимпиада ойындарында мансабындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында ол 11-орыннан жоғары жылжымаған болатын.

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Елизавета Голубева үздік ондықтың қатарына енді (4:03.30).

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Сали Сабиров / Ұлттық олимпиадалық комитет

t.me/kaznurkz
❤2
Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады", - делінген хабарламада.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: kazinform.kz

t.me/kaznurkz
Қайырлы таң!

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

"Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Фото: t.me/mazhilis_kz

t.me/kaznurkz
😱1
Астана және Шымкент қалаларына жаңа прокурорлар тағайындалды

Астана қаласының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Мұқанов тағайындалды.

Ғабит Мұқанов 2021 жылғы тамыздан бастап Шымкент қаласының прокуроры болған.

Ал Шымкент қаласының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Сағиев тағайындалды.

Елдос Сағиев 2022 жылғы тамыздан Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болған.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: Бас прокуратура

t.me/kaznurkz
Түнде Қонаевта қатты жел салдарынан үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады

8 ақпаннан 9-на қараған түні Қонаевта дауыл соқты. Жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды құлатқан. Осыған байланысты қалада штаб құрылып, түннен бері коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, инженерлік желілер істеп шыққан, тұрғын үйлердің шатыры ұшып, жеңіл конструкцияларға зақым келді.

"Түнде құлаған ағаштар мен жеңіл конструкциялардан тазарту жұмыстары жүргізілді, бұл қызмет әлі де жалғасуда.

Сондай-ақ бірқатар шағынауданда жарық өшті, қалпына келтіріліп жатыр", - делінген хабарламада.


Одан бөлек 1-11-сынып оқушылары түгелдей қашықтан оқуға көшірілді.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: instagram.com/gres_big_family

t.me/kaznurkz
❤1😱1😢1
ШҚО-да балаларды өрттен құтқарып қалған ауыл мұғалімі марапатталды

Оқиға 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты Соловьёво ауылында болған.

Өз үйінің ауласында шаруашылық жұмыстарымен айналысып жүрген орта мектептің мұғалімі Руслан Сейітов көрші үйдің шатырынан түтін шығып жатқанын байқап, бірден көмекке ұмтылған.

Үйдің кіреберіс есігін ашуға тырысқанымен, қою түтін басқан үйге кіру мүмкін болмаған.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: ШҚО ТЖД

t.me/kaznurkz
👍3
Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Конституция жобасына тоқталып, түзетулердің ішіне тағы бір аса қажетті норманы енгізу керектігін айтты

"Түзетулердің ішіне тағы бір аса қажетті норманы енгізу керек. Қазіргі Конституцияда "Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді" деген ереже бар. Осы ережені "тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға" да сот шешімінсіз жол берілмейді деп толықтырған жөн.

Меніңше, бұл – жаңа Конституцияның сипатына толық сай келетін әлеуметтік норма. Конституциялық комиссия мүшелерінен осы ұсынысты қарауды сұраймын", - деді президент.


Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
👍3
Рамазан айының ораза кестесі жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына арналған ораза кестесін жариялады.

Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады.

Еліміздің қалалары мен елді мекендеріне арналған ораза кестесін сілтеме арқылы өтіп жүктеп ала аласыз.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
👍3❤1
Биылғы пітір садақаның мөлшері белгілі болды

Биыл пітір мөлшері 735 теңге болып бекітілді.

Рамазан айында бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері екі келі ұнның нарықтағы орташа бағасымен есептелген.

"Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады", - деді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы.


Сондай-ақ ол пітір садақаны қай уақытта берген дұрыс екенін де түсіндіріп берді.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
👍4❤2
"Үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында": Сара Назарбаеваға қандай диагноз қойылған

Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты түсініктеме берді.

Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысының мәліметіне сүйенсек, Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуірінен бастап емделді.

"Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады.

Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болды.

Биыл қаңтарда жағдайының тұрақтануына байланысты стационарлық емдеу кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында", - дейді Айдос Үкібай.

Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie

t.me/kaznurkz
❤2
Тоқаев таяу арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді

Конституциялық комиссия мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды.

Эльвира Әзімова комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады.

Жаңа Конституция мәтіні азаматтар мен сарапшылардың былтыр қазан айынан бастап eGov және e-Otinish порталдарына жолдаған бастамалары негізінде дайындалған. Сондай-ақ жобада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қазан-қаңтар айлары аралығында жинақтаған тәсілдер де ескерілген.

Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия талқылау қорытындысы бойынша жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның өте ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарғанын атап өтті.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
❤2
Жаңа Конституция бойынша референдум қай күні өтетіні белгілі болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
❤1
Шерзат Болаттың қазасынан кейін сайланған Талғар әкімі күтпеген жерден қызметінен кетпек

Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қызметінен кету жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол бұған денсаулығы сыр бергені себеп болғанын айтты.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: instagram.com/arystan9398

t.me/kaznurkz
❤2
⚡️Республикалық референдумға шығарылатын Жаңа Конституцияның қорытынды жобасы жарияланды

Жаңа Конституция жобасының мәтінімен біздің сайтымыздан таныса аласыздар.

Фото: t.me/consot_kz

t.me/kaznurkz
Жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке деп жарияланады

"Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.

Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады", - делінген 94 бапта.


Фото: t.me/consot_kz

t.me/kaznurkz
❤2
Қазақстандағы референдумға үкімет резервінен шамамен қанша теңге жұмсалатыны белгілі болды

Қазақстан Орталық референдум комиссиясының мүшесі Михаил Бортник Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдум өткізуге үкімет резервінен 20 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінетінін мәлімдеді.

"Нақтыланған сома үкімет шешімінен соң анықталады", - деді спикер.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
😱4