KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
3.34K subscribers
7.94K photos
738 videos
9 files
7.75K links
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.

Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
Download Telegram
Қазақстандық бессайысшылар 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді

Жексенбіде спорттың бұл түрінен финалдық бәсеке өтті. Үздік үш жекелей нәтиже қорытындыланған командалық есепте Қазақстан құрамасы 4647 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Қола жүлдегер атанған спортшылар қатарында Темірлан Әбдірайымов, Лев Чувашов және Тихон Варехин бар.

Бұл – қазақстандық бессайысшылардың Азия ойындарында 16 жылдан кейін жеңіп алған медалі.

Фото: Нұрғали Жұмағазы / Ұлттық олимпиадалық комитеті


t.me/kaznurkz
🔥3❤1👍1
Каратеші Жоламан Биғабыл Қазақстан қоржынына 2026 жылғы Азия ойындарының үшінші алтынын салды

23 жастағы спортшы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Ол финалға дейін тәжікстандық Махсатулло Муминовты (7:0) және индонезиялық Мұхаммад Тегар Джануарды (6:1) жеңді.

Ақтық сында Жоламан өзбекстандық Хумоюнмирзо Халимовпен кездесті. Тартысты бәсекеде қазақстандық спортшы 9:1 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Жоламан алғаш рет Азия ойындарының алтын медалін алды. Былтыр ол Исламиаданың қола жүлдегері атанған болатын.

Фото: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК


t.me/kaznurkz
🔥5👍3❤1
Олимпиада жүлдегері Софья Берульцева – Азия ойындарының екі дүркін чемпионы

Каратеші Софья Берульцева Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына төртінші алтын медальді салды.

25 жастағы спортшы 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Шешуші кезеңде Берульцева Таиланд өкілі Маниван Бутсуванды 8:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша, Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.

Сондай-ақ оның еншісінде Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдесі, әлем чемпионаттарының екі медалі және Азия чемпионатының үш алтыны бар.

Фото: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК

t.me/kaznurkz
❤4🔥4
Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Спортшы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілген аралас жекпе-жектен ұлттық құрамаға тарихи жүлде сыйлады.

Әділов 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, қатысушылар спорттық кимономен жекпе-жекке шығатын "Traditional" санатында бақ сынады. Ол ширек финалда жеңіске жеткенімен, келесі кезеңде қарсыласына жол берді.

Регламент бойынша үшінші орын үшін жеке белдесу қарастырылмаған. Сондықтан Әділов автоматты түрде қола жүлдегер атанды. Бұл – Қазақстан қоржынына түскен 2026 жылғы Азиададағы жетінші медаль.

Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

t.me/kaznurkz
👍2
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын лауазымынан босатты: оның орнына кім тағайындалды

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының өкімімен Мереке Көшекбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Оның орнына Қуанышбек Үштаев тағайындалды.

Фото: t.me/aqorda_resmi

t.me/kaznurkz
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей көшбасшысын Мемлекеттік дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Жапонияның Аичи префектурасында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық каратэші Бэлла Самашева қол жүлдені жеңіп алды.

Кумите бағдарламасы -55 кг дейінгі салмақта Бэлла Самашева қола медаль еншіледі.

Отандасымыз жүлде жолында өзбек спортшысы Севинч Рахимованы басым түсті.

Айта кетейік, Бэлла үшін бұл алғашқы Азия ойындары.

Фото: t.me/DRSQazaqstan

t.me/kaznurkz
👍1
Еліміздің мектептерінде 2-4 сынып оқушыларын аралық бағалау мерзімі белгілі болды

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 2-4 сынып оқушыларын аралық бағалаудың бірінші кезеңі 23-30 қыркүйек аралығында өтеді.

2026-2027 оқу жылында 2-4-сыныптарда формативтік және аралық бағалау қатар жүргізіледі. Бағалаудың бұл екі түрі бір-бірін толықтырады және оқу процесі барысында қатар қолданылады.

Аралық бағалау оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдері бойынша жүргізіледі. Бағалау форматы пәнге байланысты:

- қазақ тілі немесе орыс тілі – диктант және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар;

- әдебиеттік оқу – шығарма немесе мазмұндама және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар.

- математика – бақылау жұмысы.

Бір аралық бағалау жұмысының ұзақтығы – 40 минут. Ең жоғары балл: 2-сыныпта – 12, 3-сыныпта – 14, 4-сыныпта – 16 балл.

️1-сыныпта балдық бағалау жүргізілмейді.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
Бесінші алтын: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды

Отандасымыз Еркінғали Бүркіталин (дәстүрлі стиль) 77 кг дейінгі салмақтың финалында бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3-0.

Айта кетерлігі, MMA Жапонияда алғаш рет жазғы Азиада бағдарламасына қосылды.

Қазір Қазақстан командасының еншісінде Азиаданың 5 алтыны бар.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында велошабандоздар Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко және каратешілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

t.me/kaznurkz
👍1
⚡️Президент Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті

Оның құрамына кім кірді? Барлық 126 адамның аты-жөні мен лауазымын мына сілтеме арқылы өтіп көруге болады.

Фото: Ақорда


t.me/kaznurkz
Нұрқанат Әжіқанов каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен 25 жастағы спортшы ширек финалда өзінің басты қарсыласы ирандық Мортеза Нематиден жеңіліп қалды.

Ирандық спортшы финалға дейін жеткендіктен, Әжіқанов қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

Жүлделі орын үшін өткен жекпе-жекте қазақ каратэшісі филиппиндікті 10:1 есебімен жеңді.

Бұл Нұрқанат Әжіқановтың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі – спортшы 2022 жылғы Ханчжоудағы Азиадада чемпион атанған болатын.

Сондай-ақ спортшының еншісінде үш дүркін Азия чемпионы атағы және әлем чемпионатының екі қола медалі бар.

Фото: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК

t.me/kaznurkz
👍1
Тағы бір алтын: 22 жастағы Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында топ жарды

Спортшы аралас жекпе-жектен "Modern" стилінде 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Бұл жерде қатысушылар шорты мен рашгард киіп сайысқа түседі. Шынбаев финалға дейін екі қарсыласын жеңді.

Шешуші жекпе-жекте Шынбаев тәжікстандық Бехруз Хуршедзодамен кездесті. Екі раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Жалпы қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 12 медаль бар: алты алтын, бір күміс және бес қола.

Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

t.me/kaznurkz
👍4
Кристина Морозова спорттық жүрістен Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

Жеңіл атлет 21 шақырымдық жартылай марафон қашықтығын 1 сағат 35 минут 25 секундта жүріп өтті. Алтын мен қоланы Қытай өкілдері алды.

Қазақстанның тағы бір өкілі Эльмира Калимуллина алтыншы орынға табан тіреді.

25 жастағы Морозова ұлттық құрама қоржынына екінші күміс жүлдені салды. Бұған дейін каратэші Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған еді.

Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 13 медаль бар, оның алтауы – алтын.

Фото: AINAGOC

t.me/kaznurkz
👍3❤1
Азиада-2026: стенд атудан Қазақстан әйелдер командасы қоржынға тағы бір күміс медаль салды

"Скит" бәсекесінде сынға түскен Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаева бастаған мергендер 336 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.

Олар тек 357 ұпаймен Азиада рекордын орнатқан Қытай өкілдеріне жол берді. Үздік үштікті Үндістан құрамасы (331) түйіндеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 14 медаль бар: алты алтын, үш күміс және бес қола.

Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық Олимпидалық комитеті

t.me/kaznurkz
👍4❤1
Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы: Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Алексей Луценко тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста жеңіске жетті. Ол 157,6 шақырым қашықтықты 4 сағат 13 минут 11 секундта бағындырды.

Осылайша, 34 жастағы Луценко биылғы Азиадада екінші алтынын иеленді. Бұған дейін ол жекелей сында топ жарған болатын.

Луценко Азия ойындары тарихындағы Қазақстанның ең титулды спортшысы атанды. Оның қоржынында алты алтын медаль бар.

2000 жылы спорттық мансабын аяқтаған каноэші Константин Негодяевтің еншісінде бес алтын медаль болған.

Фото: Владислав Семенов / ҚР ҰОК

t.me/kaznurkz
👏3🏆1
Азиада-2026: Қазақстан қоржынына төртінші күміс медаль түсті

Тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Қазақстан командасының тағы бір өкілі Евгений Федоров күміс жүлдеге ие болды.

Ол Луценкодан екі минутқа қалып қойды.

Үздік үштікті жапониялық Юхи Тодомэ түйіндеді. Ал тағы бір қазақстандық спортшы, Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың ұлы Николай Винокуров мәреге жетінші болып келді.

Айта кетейік, 2022 жылғы Ханчжоуда топтық жарыста дәл осы Федоров чемпион атанған еді.

Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

t.me/kaznurkz
👍2
⚡️Тоқаев Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

Тағайындалған судьялар:


🔹Сәкен Абдолла
🔹Лейла Сұлтанқызы Жақаева
🔹Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев
🔹Айжан Ержанқызы Жатқанбаева
🔹Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева
🔹Қанат Сергейұлы Мусин
🔹Бақыт Маратұлы Нұрмұханов
🔹Сергей Васильевич Скрябин Қазақстан
🔹Аслан Султанович Тукиев
🔹Сергей Федорович Ударцев

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

t.me/kaznurkz
❤1
⚡️Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына мына тұлғалар тағайындалды:

🔹Азамат Мақсотұлы Айманакумов;
🔹Михаил Михайлович Бортник;
🔹Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман;
🔹Әсел Болатқазықызы Жанәбілова;
🔹Ләззат Кенесқызы Сүйіндік;
🔹Шавхат Әнесұлы Өтемісов.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындады

Жоғары аудиторлық палатаның құрамына мына тұлғалар кірді:

🔹Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов
🔹Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев
🔹Амангелді Сағындықұлы Есенов
🔹Ғабиден Хасенұлы Жақсылықов
🔹Руслан Қасқырбекұлы Мелдебеков
🔹Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов
🔹Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев
🔹Юлия Федоровна Энгель

Фото: t.me/auditpalatasy

t.me/kaznurkz
❤1
Тоқаев Халық кеңесінің төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

t.me/kaznurkz