Азиада-2026: Қазақстан қоржынына тағы екі күміс медаль түсті
Ауыр атлетикадан 25 жастағы Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.
95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшы жұлқа көтеруде 177 келіні, серпе көтеруде 217 келіні еңсерді. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша 394 келіні бағындырған Әділетұлы екінші орынға тұрақтады.
Сондай-ақ қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарында алғаш рет жүлдегер атанды.
27 жастағы спортшы 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалда өнер көрсетті. Ол қашықтықты 54,58 секундта бағындырып, өзінің жеке рекордын жаңартып, күміс медаль еншіледі.
t.me/kaznurkz

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарында стенд атудан тағы бір медаль иеленді
Әлішер Айсалбаев, Даниил және Марк Почиваловтар стенд атудан "трап" бағдарламасы бойынша командалық сайыста үшінші орын алды. Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша олар 348 ұпай жинады.
Бұл сында Кувейт құрамасы (355) жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Катар өкілдері (349) иеленді.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Милана Папчихина, Наргиза Сарманова және Элеонора Ибрагимова бастаған Қазақстан құрамасы 319 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.
Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

👍2
Арайлым Шегенова Қазақстан құрамасына Азия ойындарының тарихи медалін сыйлады
29 жастағы спортшы кураштан 87 кг-дан жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол екі рет жеңіске жеткенімен, жартылай финалда ұтылып қалды.
Регламент бойынша үшінші орын үшін белдесу қарастырылмаған, сондықтан Шегенова қола жүлдегер атанды. Бұл - Қазақстан әйелдер құрамасының Азия ойындарында кураштан алған тарихтағы бірінші медалі.
Сондай-ақ сейсенбіде Альбина Бахиева (87 кг-дан жоғары), Нұр Аманшүкіров және Болат Билал (екеуі де – 66 кг-ға дейін) бақ сынады, бірақ олар жүлдеге іліге алмады.
Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық олимпида комитеті

❤2👍1
Боксшы Айбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарының финалына шықты
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай үндістандық Нарендерді айқын басымдылықпен жеңді.
Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті қазақ боксшысына берді.
Финалда Айбек өзбекстандық Жахонгир Зокиров пен ирандық Амир Эсмаэли Вандай арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

👍4
Алуа Балқыбекова Азиаданың қола жүлдесіне ие болды
Екі дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/2 финалда Вьетнам спортшысы Зи Там Нгуенмен жұдырықтасты. 3 раундқа жалғасқан айқаста төрешілер қарсыласты жеңімпаз ретінде таныды. Есеп: 0:5.
Айта кетейік, отандасымыз өз мансабында алғаш рет Азиадаға қатысты.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

БАҚ: БАӘ-ден Израильге бет алған Flydubai ұшағы радардан жоғалып кетті
РИА Новости агенттігінің Израиль мемлекеттік телевизиясына сілтеме жасап хабарлауынша, ақпарат агенттігінің израильдік телевизияға сілтеме жасап хабарлауынша, БАӘ-ден Израильге бет алған Flydubai ұшағы радардан жоғалып кетті. Ұшақты басып алған болуы мүмкін.
Кейін радардан жоғалған БАӘ-ден ұшып шыққан ұшақ бірнеше минуттан соң Сауд Арабиясына қонуы мүмкін екені хабарланды.
SHOT ақпаратына сүйенсек, апаттық сигналды Boeing 737 жолаушылар ұшағы берді. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 180 адам, оның ішінде 150 Израиль азаматы бар.
РБК агенттігінің Ynet-ке сілтеме жасап хабарлауынша, бортта 174 жолаушы, оның ішінде 27 бала болуы мүмкін. Қауіпсіздік қызметкері ұшақты басып алғаны туралы әзірге сенімді ақпарат жоқ екенін айтқан.
Фото: pexels.com

😱1
⚡️Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Бұл қызметке бұған дейін "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған Данияр Таханов келді.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі апта бұрын Шәкір Кейкин өз еркімен Атырау қаласының әкімі қызметінен кеткен еді.
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Дубай - Тель-Авив рейсі ұшақты басып алу туралы дабыл берді: ақпарат расталмады, себебі айтылды
РБК-ның Channel 12 телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, бұған дейін дабыл белгісін беріп, радардан жоғалып кеткен ұшақпен байланыс қайта орнаған.
Кейінірек әуе кемесінің Сауд Арабиясына қонғаны белгілі болды. Ал басып алу туралы дабыл борттағы "жанжалдан" кейін іске қосылған.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Flydubai әуекомпаниясы израильдік телеарнаға Дубай - Тель-Авив рейсінде ұшқыштар арасында төбелес болғанын растаған.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз.

Абиба Абужақынова 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әбиба Әбужақынова финалда жапониялық Мицуки Кондомен кездеседіп, есе жіберді.
Қарсыласы оны иппонмен жеңді. Осылайша, қазақ спортшысы Азиаданың күміс медалін иеленді.
Фото: Сали Сабиров/ ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

👏3👍1
Елдос Сметов – Азия ойындарының күміс жүлдегері
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақ дзюдосының аңызы жапониялық Хаято Кондомен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберді.
34 жастағы Сметов үшін бұл – Азия ойындарындағы үшінші медаль. Ол 2014 жылы Инчхонда жекелей сында алтын, ал командалық сайыста күміс жүлде еншілеген еді.
Фото: Сали Сабиров/ ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті
t.me/kaznurkz
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақ дзюдосының аңызы жапониялық Хаято Кондомен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберді.
34 жастағы Сметов үшін бұл – Азия ойындарындағы үшінші медаль. Ол 2014 жылы Инчхонда жекелей сында алтын, ал командалық сайыста күміс жүлде еншілеген еді.
Фото: Сали Сабиров/ ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті
t.me/kaznurkz
❤2👍2
Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен 2026 жылғы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды
Үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақ балуаны моңғолиялық Ганбаяр Намсраймен кездесті.
Шермаханбет жекпе-жек барысын толық бақылауында ұстап, қарсыласына бірде-бір ұпай алуға мүмкіндік бермеді.
Қазақ спортшысы техникалық басымдығының арқасында 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, ұлттық құрама қоржынына 2026 жылғы Азия ойындарының тағы бір қола жүлдесін салды.
Фото: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК

Азиада-2026: Қазақстан Сабырхан мен Богданованың жекпе-жек нәтижелеріне наразылық білдірді
Алайда келіспеушіліктің себептері нақтыланбаған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Наталья Богданова мен Махмұд Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанғанын хабарлаған едік.
Фото: Richard Pelham/Getty Images
t.me/kaznurkz
"Қазақстан бокс федерациясы Жапониядағы Азия ойындарының жартылай финалы аясында өткен 75 келідегі Наталья Богданова мен Ловлина Боргохайн (Үндістан), сондай-ақ 55 келідегі Махмұд Сабырхан мен Карло Паалам (Филиппин) жекпе-жектерінің нәтижесімен келіспейді және World Boxing ұйымына наразылық жолдады", - делінген федерация мәлімдемесінде.
Алайда келіспеушіліктің себептері нақтыланбаған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Наталья Богданова мен Махмұд Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанғанын хабарлаған едік.
Фото: Richard Pelham/Getty Images
t.me/kaznurkz
❤1
Теннисші Юлия Путинцева 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Әйелдер арасындағы жекелей сындағы жартылай финалда қазақстандық спортшы қытайлық Чжан Шуаймен кездесті. 1 сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсеке қытайлық теннисшінің екі сеттегі жеңісімен аяқталды. Есеп: 6:4, 6:2.
Осылайша, Юлия Путинцева жекелей сында Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.
Дегенмен, Путинцеваның Азия ойындарындағы жарысы мұнымен аяқталмады. Ол әйелдер арасындағы жұптық сында Анна Данилинамен бірге бақ сынап жатыр.
Ширек финалда қазақстандық дуэт жартылай финалға шығу және тағы бір медальға қол жеткізу үшін кортқа шығады.
Фото: Никита Басов / ҚР ҰОК

❤2
Қазақстан қоржынына Азия ойындарының тағы бір қола жүлдесі түсті
Екатерина Таранцева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында слаломда есуден Қазақстан құрамасына қола медальді сыйлады.
19 жастағы спортшы жекелей каноэ жарысында бақ сынады. Финалда ол ешқандай айып ұпайын алмай, 112,23 секунд нәтижесін көрсетті.
Бұл Таранцеваға қорытынды есепте үшінші орынды иеленіп, Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атануға мүмкіндік берді.
Ол дәл осындай жүлдені Ханчжоу-2022 ойындарында да алған болатын.
Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

👍1
Оңтүстік Кореядағы құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты
Yonhap агенттігінің мәліметінше, сейсенбі күні Сеулдің оңтүстігіндегі көпқабатты үйдің құрылыс алаңында қазақстандық жұмысшы қаза тапқан.
Оңтүстік Корея Еңбек министрлігінің дерегіне сәйкес, 30 жас шамасындағы ер адам ғимараттың 23-қабатындағы пәтерлердің бірінде тазалық жұмыстарының басталуын күтіп тұрған кезде бетон төбенің бір бөлігі оның үстіне құлаған.
Қайғылы оқиғадан кейін нысандағы жұмыстарды дереу тоқтатылған.
Оңтүстік Корея полициясы мен Еңбек министрлігі апаттың себептерін анықтап жатыр.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ел азаматының қаза тапқанын растады.
Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.
Фото: pixabay.com

Блогер Ерболат Жанабылов тұрмыстық жанжалдан кейін жауапқа тартылды
Блогер Ерболат Жанабылов отбасылық жанжалдан кейін жауапқа тартылды.
"30 қыркүйекте полиция қызметкерлері желіге мониторинг жүргізу барысында Threads желісінен блогер Э.Т.-ның жұбайы Е.Ж.-мен болған жанжал фактісі бойынша бейнежазба жариялағанын анықтады", - деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Полиция мәліметінше, бейнежазбада әйел адам жанжалдың мән-жайын баяндап, қолының қызарып тұрғанын көрсеткен.
"Аталған факт бойынша оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Тексеру барысында ерлі-зайыпты арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталды. Бұл ретте Э.Т. полицияға арыз жазудан бас тартты. Сонымен қатар Ж.Е.-ге қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекетке барғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Фото: instagram/zhanabylov_e

Төрехан Сабырхан Азиада чемпионы атанды
Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан финалдық жекпе-жекте Төрехан Сабырхан жеңіске жетіп, Азиаданың чемпионы атанды.
Әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан ақтық сында Иордания спортшысы Зейад Ишаишпен жұдырықтасты. Алғашқы раундтан жинақы қорғанып, әрі дер кезінде шабуылдап үлгерген отандасымыз әр раундты өз еншісіне жазды. Қорытынды есеп: 5:0.
Осылайша, Қазақстанның Азиададағы қоржыны оныншы алтынмен толықты.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: Ұлттық Олимпиадалық Комитеттің баспасөз қызметі

👍5❤2
ҰҚК "Семей орманы" табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Қыркүйекте ведомство "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватындағы лауазымды адамдарының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескен.
"Тергеу мәліметтеріне сәйкес, іс фигуранттары ағашты жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деп күдікке ілінді. Атап айтқанда, олар ақшалай сыйақы үшін ең өтімді орман учаскелеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз еткен", - дейді орган өкілдері.
Тінту барысында бухгалтерлік құжаттар, кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Фото: t.me/knbgov_kz

Азиада-2026: теннисшілер Қазақстан қоржынын тағы бір қола медальмен толықтырды
Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының қола медалін иеленді.
Жартылай финалдық кездесуде қазақстандық жұп Қытай Тайбэйінің өкілдері Се Шувэй мен Лян Эньшомен шеберлік байқасты.
Екі сетке созылған матч Путинцева мен Данилинаның жеңілісімен аяқталды. Есеп: 6:7 (3:7), 6:7 (5:7).
Азия ойындарының теннис бәсекесінде 3-орын үшін матч өткізілмейді, сол себепті жартылай финалда жеңілген екі жұпқа да қола медаль беріледі.
Юлия Путинцева үшін бұл – биылғы Азия ойындарындағы екінші қола медаль. Бұған дейін қазақстандық спортшы жекелей сында қола жүлде еншілеген еді.
Фото: Lintao Zhang/Getty Images for Billie Jean King Cup

Қазақстан қоржынына дзюдодан Азия ойындарының тағы бір қола жүлдесі түсті
78 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Екатерина Токарева қола жүлде үшін белдесуде Иран спортшысы Марьям Барбаттан басым түсті.
Осылайша, Екатерина 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті