KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
3.34K subscribers
7.93K photos
738 videos
9 files
7.75K links
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.

Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
Download Telegram
2026 жылғы Азиаданың алғашқы алтынын сыйлаған Рината Сұлтанова екінші жүлдесіне қол жеткізді

29 жастағы спортшы велотректің төрт түрін қамтитын омниум (көпсайыс) бағдарламасында бақ сынады. Ол жалпы есепте 133 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.

Бұл – Рината Сұлтанованың 2026 жылғы Азия ойындарындағы екінші медалі.

Бұған дейін ол тасжол велоспортынан жекелей сында топ жарып, Қазақстанға 2026 жылғы Азиаданың алғашқы алтын медалін сыйлаған еді.

Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

t.me/kaznurkz
👍3
Айбек Оралбай – 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы

Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының алтын медалін иеленді.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өткен финалда Айбек өзбекстандық Жахонгир Зокировті жеңді.

Фото: Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі

t.me/kaznurkz
👍9
Тарихи жеңіс: Тамирлан Тілеулес Азиадада алтын алған алғашқы қазақ таеквондошысы атанды

Ерлер арасында 58 кг дейінгі салмақтың финалында Тамирлан Тілеулес филиппиндік Курт Брайан Барбосамен кездесті.

Қазақ спортшысы екі раундтың қорытындысы бойынша 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Азия ойындарында Қазақстан таеквондодан тарихи нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Осыған дейін сары құрлық бәсекесінің ақтық сынына 3 қазақ спортшысы шығып, күміс жүлдені місе тұтқан. Енді бүгін Тамирлан финалдағы осы сәтсіз серияға нүкте қойған.

Фото: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК

t.me/kaznurkz
👍3🔥3
Джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған 19 жастағы Мерей финалға дейінгі жолында Моңғолия, Иордания және Қырғызстан спортшыларын жеңді.

Шешуші белдесуде Қабдуллаевқа Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Тарик Нада қарсылас атанды. Нәтижесінде саудиялық спортшы 7:0 есебімен басым түсіп, алтын медаль иегері атанды.

Ал Азия ойындарына алғаш рет қатысқан Қабдуллаев жарысты күміс медальмен қорытындылады.

Фото: Никита Басов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

t.me/kaznurkz
❤1👍1
Мариан Журавлева Азия ойындарының екі дүркін жүлдегерлері қатарына қосылды

Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Мариан Журавлева джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.

38 жастағы спортшы 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде Журавлева иорданиялық Майя Ишакатты 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, қазақстандық спортшы қатарынан екінші рет Азиада тұғырына көтерілді.

Ол Ханчжоу-2022 ойындарында да қола медаль иеленген еді, бірақ ол кезде Урдабаева тегімен өнер көрсеткен болатын.

Фото: Никита Басов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

t.me/kaznurkz
❤2👍1
⚡️Тоқаев қорғаныс министрінің екі орынбасарын және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

🔹Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан;

🔹Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан;

🔹Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
🥴1
Аралас-командалық жарыс: Қазақстан дзюдо құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

Аралас командалық сында 10 елдің өкілдері бақ сынады. Қазақстан құрамасы ширек финалда Қырғызстанды (4:2), ал жартылай финалда Оңтүстік Кореяны (4:3) жеңді.

Шешуші бәсекеде Жапония құрамасына 4:0 есебімен жол берді.

Қола медальдарды Қытай мен Өзбекстан командалары өзара бөлісті.

Қазақстан құрамасы сапында Бақытжан Абдурахманов, Айдар Арапов, Ғұсман Қырғызбаев, Марат Байқамұров, Ерасыл Қажыбаев, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова, Дана Әбдірова, Екатерина Токарева және Меруерт Сәрсенова күміс жүлдегер атанды.

Фото: Сали Сабиров/ ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті


t.me/kaznurkz
👍1
Балуан Нұрқожа Қайпанов 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен бәсекеде қазақ балуаны үндістандық Сагар Джагланмен кездесіп, 5:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Қайпанов Қазақстан құрамасының қоржынына еркін күрестен тағы бір медаль салды.

Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

t.me/kaznurkz
👍1
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының тарихи медалін жеңіп алды

Топтық көпсайыстың финалында бес команда бақ сынады.

Жалпы есепте 51,550 ұпай жинаған Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакимжанова, Мәдина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қола жүлдегер атанды.

Алтын медальді Қытай командасы (55,300), күміс жүлдені Жапония өкілдері (52,500) иеленді.

Көркем гимнастикадан топтық көпсайыс Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Командалар бес доппен, сондай-ақ үш шығыршық және екі жұп ұршықпен өнер көрсету бағдарламаларын ұсынды.

Фото: Владислав Семенов / ҚР ҰОК

t.me/kaznurkz
👍2❤1
Азиада-2026: ватерполшылар ел қоржынына тағы бір күміс медаль салды

Финалдық матчта қазақстандық ватерполшылар турнир қожайындары – Жапония құрамасымен кездесті. Шешуші бәсеке жапон командасы 24:7 есебімен жеңіске жетті.

Финалда Қазақстан құрамасы сапында Михаил Рудай ең нәтижелі ойыншы атанды, ол қарсылас қақпасына бағытталған бес соққының төртеуін голға айналдырды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарын күміс медальмен аяқтады.

Фото: Никита Басов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

t.me/kaznurkz
❤1👍1
Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті

Бүгін Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында ХХ жазғы Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты ұйымдастырылды.

Жабылу салтанатында еліміздің көк туын көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева алып шықты.

Биылғы Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет қатысқан.

Биыл елімізден 35 спорт түрінен 558 отандасымыз жарыс жолына шығып, нәтижесінде 84 жүлде (12 алтын, 24 күміс, 48 қола) жеңіп алды. Осылайша, жалпы командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 8-орынға тұрақтады.

Енді Азия ойындары 2030 жылы 4-19 қараша аралығында өз тарихында екінші мәрте Қатар астанасы Доха қаласында өткізіледі.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

t.me/kaznurkz
👍1
Алматының коммуналдық қызметі нөсерге дайындалып жатыр: 70 бригада кезекшілік атқарады

Алматы әкімдігі мегаполисте болжанып отырған нөсерге байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін ескертті.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 4 қазан сағат 21:00-ден бастап аздап жаңбыр жаууы мүмкін. Түн ортасы ауғанда жауын-шашын қарқыны артып, түнде кей уақыттарда 15-20 мм-ге дейін жаңбыр жауады деп күтіледі. Таңертең жауын-шашын бәсеңдеп, болжам бойынша, 5 қазан сағат 12:00-ге дейін тоқтайды. Сондай-ақ солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетуі мүмкін.

Су басу қаупінің алдын алу және жергілікті су басуы мүмкін жағдайды жедел жою үшін 70 мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 337 арнайы техника, 103 мотопомпа және 2,4 мың құм салынған қап дайын тұр. Жұмысқа коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің 717 маманы жұмылдырылады.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: Алматы әкімдігі

t.me/kaznurkz
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов әлемнің вице-чемпионы атанды

Бакудегі әлем біріншілігінде 24 жастағы спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Жарыстың финалына дейінгі жолда ол бес қарсыласын, соның ішінде 2025 жылғы әлем чемпионы жапониялық Рюдзю Нагаяманы жеңді.

Давлатов ақтық сында Еуропа чемпионатының екі дүркін жүлдегері әзербайжандық Ахмед Юсифовпен кездесті.

Қазақстандық спортшы "вадза-ари" ұпайын еншілегенімен, жеңісті уысынан шығарып алды. Юсифов "иппон" әдісін жасап, алғаш рет әлем чемпионы атанды.

Осылайша, Шерзод Давлатов Қазақстан құрамасына биылғы турнирдің алғашқы медалін сыйлады.

Фото: Тамара Кулумбегашвили / Халықаралық дзюдо федерациясы


t.me/kaznurkz
❤3👍2
⚡️Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК бас штабының бастығын тағайындады

"Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.


Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
❤2
⚡️Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Фото: Ақорда


t.me/kaznurkz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

1 желтоқсаннан бастап қолма-қолсыз төлем жасау кезінде бір реттік жол жүру құнын 110-нан 150 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктегілер тарифтің өсуін отын, қосалқы бөлшектер мен автобустарға техникалық қызмет көрсету құнының, сондай-ақ жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығынның да айтарлықтай өскенімен түсіндіреді.

Бұл ретте кейбір санаттағы азаматтар мен 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары үшін тегін жол жүру құқығы сақталмақ.

t.me/kaznurkz
Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Ұстаз – әр адамның өмірінен ерекше орын алатын тұлға. Бұған ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын, бұл – бәрімізге ортақ пікір. Ұстазды ұлықтау өркениетті қоғамның болмысын айқындайтын аса маңызды қасиет саналады. Ұлт ойшылы Абай адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов те "Ұстаз – ұлы есім" деп қадір тұтқан. Мұғалімдер қауымына зор құрметпен қарау, олардың ұлт болашағы үшін атқарып жатқан табанды еңбегіне алғыс айту – баршамызға ортақ парыз. Әсіресе, қазіргідей ақпараттар ағыны күшейіп, озық технология қарқынды дамыған заманда мұғалімнің рөлі әлдеқайда арта түскені ақиқат", - деді президент.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
❤2🤩1
Семейде жылу желілері маусымға дайын болмай шықты: облыс әкімінің орынбасары жауапқа тартылады

Қазақстан өңірлерінде жылу беру маусымы жоспар бойынша басталды, алайда Абай облысының орталығы Семейде жылу желілерін дайындау барысында мәселелер анықталды.

"Жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталды. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және ауа райы жағдайына байланысты беріледі. Мен жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырғанмын. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.


Тек Семей қаласында жылу желілері уақытылы дайын болмай шықты. Осыған байланысты премьер-министр Абай облысы әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: pexels.com

t.me/kaznurkz
❤1
15 келі алтын өндірген: "Азаматтарға арналған үкімет" филиалы директорының бұрынғы орынбасары сотталды

Өскеменде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалы директорының бұрынғы орынбасары А.А. Рахымжанов пен Д.М. Нұртазин төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, олар Ұлан ауданындағы Шыбынды учаскесінде алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған.

"Заңсыз өндірілген алтын көлемі 15 келіден асқан, оның құны 844 млн теңгеден жоғары. Тергеу барысында құны 382 млн теңге болатын 6,7 кг алтын мен 579 г күміс тәркіленді. Қылмыстық әрекет қоршаған ортаға елеулі зиян келтірген. Бүлінген жер аумағы – 18,2 гектар", - деді ҚМА ресми өкілі.


Сот шешімімен құны 372 млн теңге болатын мүлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: t.me/afm_rk

t.me/kaznurkz
🐳1
Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жылу беру маусымы әдеттегіден ерте басталады.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен 9 қазаннан бастап мегаполисте орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіледі.

Бірінші кезекте жылу әлеуметтік нысандарға – балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі.

Тұрғын үйлерді жылуға қосуды 10 қазаннан бастау жоспарланып отыр.

Фото: elenaleonova/Getty Images


t.me/kaznurkz