KBTU NEWS
4.94K subscribers
3.97K photos
290 videos
26 files
1.95K links
Все самое важное о Казахстанско-Британском техническом университете
Download Telegram
ҚБТУ түлектері Санжар Мырзагалым, Қуаныш Идриссов және Жарасхан Аман негізін қалаған Rette (Defect AI) стартапы AI & Digital Bridge Awards 2026 премиясында «Жылдың үздік стартапы» номинациясының жеңімпаздары атанды!🏆


Rette-жасанды интеллект арқылы медициналық құжаттаманы тексеріп, клиникаларға қателерді азайтуға және қаржылық тәуекелдердің алдын алуға көмектесетін қазақстандық технологиялық жоба.
Бүгінде стартап Қазақстаннан асып, АҚШ нарығына қадам басып, халықаралық деңгейде дамып келеді.

«Талаптыға нұр жауар» дейді халқымыз. Білім мен табандылықты мақсатқа ұштастырған түлектеріміздің әр жетістігі-біз үшін зор мақтаныш.

Біз түлектерімізбен шексіз мақтанамыз және олардың әр бастамасына әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз.
Себебі түлек жетістігі-университет жетістігі.

Санжар, Қуаныш және Жарасхан, жеңістеріңіз құтты болсын!
Алда алар асу, бағындырар белестеріңіз көп болсын! 🚀🇰🇿

#KBTUAlumni #Rette #DefectAI #StartupOfTheYear #Digital BridgeAwards2026
❤8