KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.38K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
481 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
🪐 “Устремляясь вдаль, мы теряем то, что находится рядом. Пытаясь постичь глубинное, не обращаем внимания на то, что лежит на поверхности”

©️Дулат Исабеков
❤19
Қайырлы күн, достар!
Кешегі ойын нәтижесі бүгін анықталады.
❤12👍1💊1
🍂 Адамның реніші тамшыдай жиналып, шарасынан асып төгілетін кезі болады ғой. Сол сияқты кісінің бір кездегі біреуге қатты құлаған ықыласы да жіңішкеріп барып, үзіліп кетеді.

©️Тахауи Ахтанов
❤44💊2
✨Қайырлы кеш, құрметті оқырмандар!

Кешегі өткен ОЙЫННЫҢ НӘТИЖЕСІ шықты🤩

Ж
еңімпаз - @mersiuuu

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЫЫЗ👏👏

🎁
Сізге КітапАл компаниясының атынан берілетін СЫЙЛЫҚ - “Сүреден сүзілген маржан” атты кітабы

✅Кітапты Алматыдағы дүкенімізге келіп алып кете аласыз. Басқа қаладан болсаңыз, пошта арқылы жібереміз.
Кітапал дүкенінің менеджерімен байланысу үшін👇

https://wa.me/+77755622233
❤5💊2
KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
#6_кітап
Бұл кітаптың атауын ешкім дұрыс таппады.

Бұл Лев Толстойдың “Тәубе” кітабынан үзінді📝
💊9❤5
“Қанаттының көбейгенін мұң етеді ел кімге?
Өтінемін, күрескерлік рухыңды өлтірме!”


Мұхтар Шаханов
💊14❤7
Әке, сенің жасыңнан асып барам.
Кезі-кезі келгенде тасып та алам,
Кезі-кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.

Құры алақан емеспін қуаныштан,
Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан.
Бір арыс тан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстан.

Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.

©️Мұқағали Мақатаев
❤46💊2
Жақсы көру

Өмірің таңдай болса арайлаған, қатыгез қараулыққа жолай ма адам?
Біреуді жақсы көрген қандай жақсы – нұрланып кетеді екен бар айналаң!
Жақсы көру, жақсы көру, не деген керемет ең!
Өмірді сезінуге, қуанып көз ілуге адамға жақсы көру керек екен.
Дидарың аумайды екен жарық күннен, ғашық боп қалғанымды жаңа ұқтым мен.
Келбетің көз алдымда, ойымда сен, өзіңді жақсы көріп қалыппын мен.
Ешкімге содан бері алаңдамай, жүрегім жанарыңа қамалғаны-ай!
Ғажайып күй кештірген сезім - сәуле өзімді жетелейді саған қарай.

©️Фариза Оңғарсынова
❤44👍5
Менің уақытымды алуға қандай хақың бар?

Күніне қанша сағат жұмыс істейсіз? Сізді білмедім, бірақ Эдисон жайлы мынадай әңгіме бар:

Эдисон бір күні зерттеу жұмысымен жиырма сағаттай отырып, қалғып мүлги бастаған соң, өзінің көмекшісіне отыз минуттан кейін оятуды тапсырып, демалуға кіріседі. Алайда жарты сағаттан соң Эдисонның тәтті ұйқысын бұзғысы келмеген көмекшісі оны бір сағаттан соң оятады. Эдисон тұра салып сағатына қарайды. Бір сағат ұйықтағанын көріп, көмекшісіне қатты ренжиді де: «Менің уақытымды алуға қандай хақың бар?» – дейді.
👍29❤11🔥5🤔5💊2
Қайырлы күн!
Жұма қабыл болсын!
❤40🔥8😍2
“Кісіні танығың келсе, кімнің және ненің артында жүргендігіне қара!”

🍃Мәулана
❤44👍4👌1💊1