Сценарий жазу шебері, командаға бапкер бола білу - Рамазан Фаиловпен подкаст
https://youtu.be/N0abqvNhAxk?si=fBfwJetaP-1op7jV
https://youtu.be/N0abqvNhAxk?si=fBfwJetaP-1op7jV
YouTube
Байқамай Библияны оқу, сценарий қалай жазу керек, қандай команда ұтады | Kitapal podcast #25
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев Жайдарманның бас редакторы, сценарист, чемпион Рамазан Фаиловпен сұхбаттасады. Өзіңе күлу, стендаптың ұнамайтын тұсы, ұтатын команданың ерекшелігі, сценарий жазу үшін қандай кітап оқу керек…
❤22👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сәлем! Достар! Бүгін көрмеге келдіңіз бе? Егер үлгермесеңіз, 22-23 наурызда келіңіз. Сіздерді күтеміз. Кітаптарды Наурыз мейрамының құрметіне жеңілдікпен сыйлап жатырмыз.
22-наурызда 12:00-де автор Мирас Кесебаев шатырда болады. Қолтаңба қойып, суретке түсе аласыз. Бүгін автор Шразаддин Каниязов болды.
Достарыңызды ертіп келіңіз. Сіздер үшін ең жаұсы кітаптарды арзан бағамен беріп жатырмыз. Пайдаланып қалыңыз.
Арбатта одан бөлек күшті әндер, билер, қойылымдар жүріп жатыр. Ауа райы керемет!
22-наурызда 12:00-де автор Мирас Кесебаев шатырда болады. Қолтаңба қойып, суретке түсе аласыз. Бүгін автор Шразаддин Каниязов болды.
Достарыңызды ертіп келіңіз. Сіздер үшін ең жаұсы кітаптарды арзан бағамен беріп жатырмыз. Пайдаланып қалыңыз.
Арбатта одан бөлек күшті әндер, билер, қойылымдар жүріп жатыр. Ауа райы керемет!
👍20❤8🥰2
Қазіргі уақытта балабақшаға барған балалардың сөздік қоры өте аз делінеді. Себебі үлкендер балаға кітап оқып беруді әдетке айналдырмаған. Зерттеулерге сүйенсек, балаға дауыстап оқу – оны оқуға, үйренуге, зерттеуге дайындайды.
1) Сөздік қор. Баланың сөздік қоры көп болса, оқуда оңай, түсінуге жеңіл, ойын жеткізу еркін болады.
2) Оқуға махаббат. Ата-анасымен бірге оқу арқылы балада оқуға, үйренуге қызығушылық пайда болады.
3) Жаңа білім. Бала кітапқа білімнің көзі ретінде құрметпен қарайды.
4) Сауаты ашылады. Сөзді дұрыс айтуды үйренеді. Оқығанының мазмұнын айта алады.
5) Миы дамиды. Баланың алғашқы үш жылында ми белсенді дамиды.
6) Ата-анамен байланыс. Бірге оқу арадағы жылы қарым-қатынасты дамытады.
❤️Реакция аямаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤44👍19🤔1
https://t.me/kitapall
https://t.me/kitapall
👍❤️🔥 РЕАКЦИЯ ҚОЯМЫЗ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Telegram
KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!
Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
❤51👍7😍3🕊2🐳1
Kitapal компаниясының миссиясы – Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру. Осы миссиядан мынадай мәселе шықты - ауыл жастарына заманауи кітаптарды қолжетімді қылу. Оны қалай істейміз? Соған орай «Ауылға кітап ал» деген жоба бастадық. Ол бойынша ауылдағы мектепке бір қорап кітап жібереміз. Бір қораптың ішінде 50 кітап бар, бағасы 150 мың теңге.
Ауылдан шығып, қалада тірлік жасап жүрген жастарды және шағын кәсіпкерлерді ұйымдастырып, ақша жинатқыздық, өзіміздің кітап дүкендері арқылы да жинадық. Яғни, «өз ауылыңа, өзің бітірген мектепке кітап жеткіз, іні-қарындастарың оқысын» деген ұран болды. Осылайша 16 айда 222 ауылға кітап жеткіздік!!!
🎯Биыл мақсат қандай?
Бұл дегеніңіз дәл қазіргі уақытта 222 ауылдың балалары 11 мыңнан аса кітапты оқып жатыр деген сөз. Бұлар – ең пайдалы кітаптар, яғни өзін тұлғалық жағынан дамытуға, мамандық таңдауға, миссиясын табуға, ағылшын тілін үйренуге, жылдам оқып, есте сақтау қабілетін арттырып, әдет қалыптастыруға көмектеседі. Биыл 2024 жылы 400 ауылға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз.
Кітап жеткен ауылдардың оқушыларының пікірлері керемет. Мектепке арнайы бір сөреге кітаптар қойылады. Сол жердегі волонтер бізге фото/видео отчет ретінде суретке түсіріп жібереді «міне, аманатты орындадым, жеткіздім» деп. Келесі күні тағы суретке түсіріп жібереді. Анау сөрелер жүз пайыз бос қалған. Өйткені бұл кітаптар оқушылар үшін өте қызық әрі сапалы.
Өткенде бір кітапты суретке түсіріп жіберіпті. Анау кітап әбден ескіріп, сөгіліп кеткен екен. Сөйтсек бір жыл бойы оқушылар кітапты кезекпен оқып, қолдан қолға түсірмепті. Өзіңіз де ойлап көріңіз, 500 немесе 1000 бала оқитын мектепке 50 кітап деген жұқ болмайды. Бұл кітаптарды таласа-тармаса оқудың себебі – ауыл мектептеріндегі кітапханада мұндай кітаптар жоқ. Білесіздер, ол жерде «Стратегия - 2050», «Астана – Еуразия жүрегінде» сынды кітаптар тұрады, оқушылар үшін мүлде қызық емес.
Ауыл былай тұрсын, қала кітапханасында да жаңа кітаптар жетіспейді. Өткенде Алматыдағы ұлттық кітапханадан апай хабарласты. «Сіздің кітаптарды студенттер көп сұрайды. Әрқайсысынан 4-5 данадан әкеп бересіз бе?» дейді. Неге сатып алмайсыздар десем, бізде оған бюджет қарастырылмаған дейді.
PS:
«Ауылға кітап ал» жобасын халық боп атқарып жатырмыз. Оның артында тұрған – халық. Алдында тұрған – оқушылар. Сіз де осы жобаға қатысыңыз. Негізі сізсіз де жасалады, жасалып та жатыр. Бірақ соның ішінде болған дұрыс амал әрі керемет емес пе?
Толық ақпарат: https://t.me/+WHwCFVjr2y2bCTaH
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29❤16😍7🕊1
XIX ғасырдың соңында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде уақыт аралығында қайталаудың пайдасы көп қайталаудан жоғары екені анықталды. Бұлай қайталау арқылы уақытты, күшті үнемдеуге болады. Оның да түрлері көп.
Адамдардың ақпаратты жаттауы және ұмытуы әртүрлі. Ал жалпы адамдарға ортақ ұмытудың уақытын Герман Эббингауз деген ғалым зерттеген. Көптеген тәжірибе жасай отырып, жатталған ақпарат қанша уақытта ұмытыла бастайтынын көрсететін график жасаған.
Бұл график бойынша алғашқы қатесіз қайталаудан кейін ұмыту өте жылдам жүреді. Бір сағаттың ішінде барлық ақпараттың 60%-ы естен шығады. 10 сағаттан кейін жадыда жатталған ақпараттың тек 35%-ы қалады. Ары қарай ұмыту процесі баяу жүреді. 6 күннен соң жадыда жатталған ақпараттың 20%-ы қалады. 1 айдан соң да осы көлемде ақпарат қалады.
Жаттаудың түрлі әдісін (ассоциация, бейнелеу, мағына беру, т.б.) қолданып жаттаған ақпарат тағы бір рет қайталанбаса, бір сағаттан соң бұзыла бастайды. Адамның жадысы сондай. Жоғарыда айтқандай, алғашқы қайталау жаттап болған соң бірден жасалуы қажет.
– Бірінші қайталау – жаттап бола сала қайталау;
– Екінші қайталау – бірінші қайталаудан кейін 20 минуттан соң қайталау;
– Үшінші қайталау – екінші қайталаудан кейін 8 сағаттан соң қайталау;
– Төртінші қайталау – үшінші қайталаудан кейін 24 сағаттан соң қайталау.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍54❤24👀2🕊1
Ішің ашиды да
Бүкіл аймақты су алып жатыр. Көмектесейін десең, дым әсері жоқ. Оны мемлекет алдын алуы, жайғастыруы керек еді договор бойынша. Халықтың ақшасын жинап отырған билік оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Енді келіп дым істемей, мардымсыз әрекет етіп жатқанын көргенде, ішің ашиды. Өзің бірдеңе істегің келеді. Бірақ қолдан келер қайран жоқ. Соңында тағы да халық өз жарасын өзі жалап жазады. Жылда қайталанатын құбылыс.
Билікке халыққа жаны ашитын әрі білімді адам келмейінше, жағдай осы. Қазір көтеріліс жасап, билікті құлатсаң да, орнына дәл соның көшірмесі келеді.
Сондықтан, құрбы-құрдастарым, іні-қарындастарым! Оқиық, білімді болайық, билікке араласайық. Өз-өзімізді өзгертпесек, сырттан біреу келіп өзгертпейді.
Бүкіл аймақты су алып жатыр. Көмектесейін десең, дым әсері жоқ. Оны мемлекет алдын алуы, жайғастыруы керек еді договор бойынша. Халықтың ақшасын жинап отырған билік оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Енді келіп дым істемей, мардымсыз әрекет етіп жатқанын көргенде, ішің ашиды. Өзің бірдеңе істегің келеді. Бірақ қолдан келер қайран жоқ. Соңында тағы да халық өз жарасын өзі жалап жазады. Жылда қайталанатын құбылыс.
Билікке халыққа жаны ашитын әрі білімді адам келмейінше, жағдай осы. Қазір көтеріліс жасап, билікті құлатсаң да, орнына дәл соның көшірмесі келеді.
Сондықтан, құрбы-құрдастарым, іні-қарындастарым! Оқиық, білімді болайық, билікке араласайық. Өз-өзімізді өзгертпесек, сырттан біреу келіп өзгертпейді.
🔥92❤46👍29😢5⚡2👀1
Ал Құран - Рамазан айында түскен. Осы айда көп Құран оқып, аяттардың мағынасын ашып, білім алып, қабілет үйренуіміз керек. Құр арабшасын зуылдатып оқи салу аздық етеді. Мықты маман болуымыз керек. Алладан келген хатты күттіріп қоймай, ашып оқиық.
(хадистер Имам Ғазалидің “Жүрек сырлары” кітабынан алынды)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤38👍8👏1
Мүмкіндік қай кезде пайда болады?
Мүмкіндік келгенде дайын бол!
Өмірдегі мүмкіндіктер автоматты түрде ашылатын есіктер сияқты. Сен қозғалмасаң, ол ашылмайды. Ал сен қозғалсаң, ашылады. Яғни, қозғалыс керек. Бірнәрсе үйреніп, тірлік жасап, ізденсең, мүмкіндіктер туа береді, шыға береді.
1) Сен бірнәрсе үйреніп бастағанда, соған лайық мүмкіндіктер туады. Мысалы, дизайнерлік программаны үйреніп алдың. Артынша «дизайнер керек» деген ұсыныстар түсе бастайды.
2) Тура соның керісіншесі. «Дизайнер керек» деген ұсыныс туады. Ал сен оған дайынсың ба, жоқ па, сол маңыздысы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏61❤41👍20🏆3🔥2🤩2😍2🤔1🕊1🤝1
Ораза кезінде кешке жақын күшің таусылса, не істеу керек?
🔴 Күшің таусылу деген – дым істегің келмей қалу деген сөз. Дым істегің келмей қалғанда тіпті кітап та оқуға да қалауың болмай тұрады. Бір қызығы – телефон шұқылауға, кино көруге күшің жетіп тұрады. Керек десеңіз, біреуге ұрсып беруге қуатың жетіп тұрады. Мұндайда не істеу керек?
🔵 Энергия бойыңыздан басқа жаққа жоқ боп кетпейді. Тек бір түрден екінші түрге айналды. Оны қайтадан күш-қуат ретінде пайдалану үшін жасап жатқан жұмысты өзгерту керек.
🟢 Мысалы, есеп шығарып отырсаңыз, енді әдеби кітап оқыңыз. Немесе адаммен пайдалы тақырыпқа сөйлесіңіз. Орындықта ұзақ отырсаңыз, онда атып тұрып, 500 метр жүріп қайтыңыз. Турникке тартылып, денені ары-бері айналдырып, бір-екі сілкіп алсаңыз, тың күш пайда болады.
🟡 Кітап оқуға мұрша болмаса, онда жаяу жүріп отырып анаңыз не әкеңізбен сөйлесіңіз. Или дос, туыс, таныспен. Сол арқылы эмоционалдық энергияңызды толтырып аласыз.
🟢 Физикалық жұмыстан шаршасаңыз, онда кітап оқып, пайдалы ақпараттар алып, интеллектуалдық энергияңызды көбейте аласыз.
🔴 Олардың бәрі толып тұрса, сонда да бірнәрсе жетіспей тұрса, онда рухани энергияңыз азайып кеткен деген сөз. Онда жақсылық жасап, садақа беріп, Құран оқып, иманды күшейтетін сұқбат тыңдап, қуатты 100% қылып алыңыз.
⚪️ 🔵 Мұндағы ең бастысы – физикалық энергияны дұрыс үлестіру. Ораза кезінде тамақ ішпегендіктен, түстен кейін физикалық энергия азаяды.
⚫️ Кейде дым істемей, жай айналаға, табиғатқа, ойнап жүрген сәбилерге қарап отырып та, бірнеше қуатты жинап алуға болады.
👍 Ауыз бекіткен досыңызға жіберіңіз.
💛 Реакция күтеміз сіздерден.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤82👍20😍12🕊4🤝3🥰1
Жәбірейіл періште уахи ғып Құранды толық түсірген соң, пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қайтыс болғасын, жер бетінде оған шаруа қалмады. Бірақ жылына бір рет Рамазан айында, Қадір түнінде түседі. Ол түні әрбір мұсылманмен сәлемдеседі делінеді. Ғалымдар осы сәттің қалай сезілетінін айтып кеткен.
1. Мұсылман пенде арқасы шымырлап, бойын ерекше күй баурап алады.
2. Сол сәтте дұға етіп немесе Құран оқып отырса, көңілі толқып, тамағына өксік тығылып, көзіне жас келеді.
3. Адам ерекше бір күйге бөленгенін өзі сезеді.
Әрине, біздің оны білуіміз шарт емес. Біліп, сезіп жатсақ, тіптен керемет. Бастысы - көп дұға ету, сену, рақымға бөленуге ұмтылу. Әсіресе, Құран оқу. Себебі бұл түн - Құран түскен түн.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤123👍12❤🔥8🥰5🤔1
«Шал мен теңіз»
Бұл кітап өте қысқа болғанмен, Нобель сыйлығын алған шығарма. Онда Сантьяго деген балықшы шалдың өміріндегі ең айтулы оқиға баяндалады. Кубалық балықшының торына біраз уақыт балық түспей, көпшіліктің мазағына ұшырап жүрген еді. Ол үміт үзбей үлкен балық ұстау үшін теңізге шығады.
🐠 Бір күні өзі іздеген үлкен балық қармаққа түседі. Бірнеше күн бойы балықпен алысып, өмірін қайтадан көз алдынан өткізеді. Балықтың бірбеткей қайсарлығынан өзіне сай қарсылас тап келгенін түсінеді. Оны құрметтей отырып, ақыры қайыққа байлайды. Қайтар жолда акулалар шабуыл жасап, бүкіл етін жеп қояды. Жағаға құр қаңқасымен келеді.
📚 Бұл кітап – табиғат пен адамның текетіресі іспеттес. Адамның қайтпас мінезі мен қайсарлығын суреттейді. Эрнст Хэмингуэй 1954 жылы Нобель сыйлығын алған.
Оқыдыңыз ба?
Орыс тілінде тегін оқу үшін KITAPAL приложениесін жүктеп, “Старик и море” деп іздеп, “электронды оқу” форматын таңдаңыз.
https://kitapal.kz/book/starik-i-more https://kitapal.kz/book/starik-i-more
Бұл кітап өте қысқа болғанмен, Нобель сыйлығын алған шығарма. Онда Сантьяго деген балықшы шалдың өміріндегі ең айтулы оқиға баяндалады. Кубалық балықшының торына біраз уақыт балық түспей, көпшіліктің мазағына ұшырап жүрген еді. Ол үміт үзбей үлкен балық ұстау үшін теңізге шығады.
Оқыдыңыз ба?
Орыс тілінде тегін оқу үшін KITAPAL приложениесін жүктеп, “Старик и море” деп іздеп, “электронды оқу” форматын таңдаңыз.
https://kitapal.kz/book/starik-i-more https://kitapal.kz/book/starik-i-more
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37👍22
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін мына сұлулықты кім көрді? Рамазанның соңғы минуттары еді. Осы сұлулықты көруді нәсіп қылған Аллаға шүкір. Сағынышпен қимай кетіп бара жатқандай сезім қалдырды. Есте тек әдемілікпен, сұлулықпен, мейіріммен қалды. Кептеліспен әрең жететін Қаскелеңге ауызашарға Төле биден 18:15-те шығып, 18:30-да жетіп барғанымыз да бір мұғжиза іспеттес. Айналамыздағы әр сәтті Әл-Жәмилдің өнер туындысы ретінде сезініп жүре беруді нәсіп етсін!
🔥38❤30😍8👍7
https://youtu.be/cLiOcTgENdQ?si=BkI45Yr4zeWjTP3w
00:10 Кіріспе
01:00 35 жаста пианино үйрену
02:35 Кітаптан алған инсайттар
05:34 Неге зейін қоямыз?
09:00 Өз приоритетіңді өзің айқында!
12:20 Gallup әлемі
17:20 Бізді кері тартатын адамдар
20:07 Фокус пен Gallup қатысы не?
27:03 Салауатты салыстыру
32:00 Фокустан кейінгі өзгеріс
37:10 Біз неден қателесеміз?
41:50 Неге фокус маңызды?
46:34 Әлеуметтік желіден қалай құтыламыз?
51:33 "Фокусты оқыма!"
00:10 Кіріспе
01:00 35 жаста пианино үйрену
02:35 Кітаптан алған инсайттар
05:34 Неге зейін қоямыз?
09:00 Өз приоритетіңді өзің айқында!
12:20 Gallup әлемі
17:20 Бізді кері тартатын адамдар
20:07 Фокус пен Gallup қатысы не?
27:03 Салауатты салыстыру
32:00 Фокустан кейінгі өзгеріс
37:10 Біз неден қателесеміз?
41:50 Неге фокус маңызды?
46:34 Әлеуметтік желіден қалай құтыламыз?
51:33 "Фокусты оқыма!"
YouTube
35 жаста пианино үйрену, кері тартатын адамдар, Әлем желіден қалай құтыламыз? / Kitapal Talk #6
Бүгінгі подкастта Kitapal club мүшелерінің ішінен үздік шыққан қыз-жігіттер Фокус кітабы жайлы сұхбаттасады. Жеке даму, бұрыс мақсат, өмірлік миссия, орта, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.
“Фокус" кітабына тапсырыс беріңіз.
1) уатсап арқылы https://clck.ru/39xHyr…
“Фокус" кітабына тапсырыс беріңіз.
1) уатсап арқылы https://clck.ru/39xHyr…
❤15😍2👍1