Соқырлар мектебінде оқып жүргенде, мұғаліміміз айтушы еді (оның да көзі шала көретін). «Айналайындар, өмірді көзі барлардан әлдеқайда артық сүйе білуіміз керек. Өйткені біздің — көрмейтіндердің жер бетінде қарманып жүруі — оларды тәубаға келтіреді; өйткені олардың санасынан минут сайын, соқыр болып қалмайын деген сақтық еш шықпауы керек».
Оралхан Бөкей "Жылымық"
Оралхан Бөкейдің кітаптарына тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233

❤34👍13🔥3🥰1👏1
Ерлі-зайыптылар кешкі ас үстінде сөйлесіп отыр, бірақ біреуінің ойы басқа жақта.
Бірі күні бойы көңілін түсірген сезімін айтып отыр, ал жұбайы тек «мхм, жарайды» деп жауап береді. Шахановтың «Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат – таусылмайтын әңгіме» деген өлеңі есіңізде шығар?
Эмоциялық қашықтық – қасыңда адам отырса да, өзіңді жалғыз сезіну. Досыңыз қуанышты жаңалық айтқанда сіз «жақсы, құтты болсын» деп қойып қоя саласыз – ол өзін маңызды емес сезінеді.
Бала кезден «ер адам жыламайды», «эмоцияңды ішіңде сақта», «мінезіңді үйіңде көрсетесің, бұл мектеп», т.б. деген сияқты тыйымнан пайда болған шығар.
🌱 Құлаған сезім көпірін қалай қалпына келтіруге болады?
1. 🗣️ Ашық сөйлесу – эмоцияны айтуға және тыңдауға үйрену. «Мен қазір өзімді… сезініп тұрмын».
2. 👂 Белсенді тыңдау – қарсы адам сөйлегенде тек сөзін емес, эмоциясын да тыңдау.
3. 🫂 Физикалық және эмоционалды жақындық – құшақтау, бірге уақыт өткізу, көзге қарау.
4. 🪞 Өзіңді түсіну – өз эмоцияңды танымай тұрып, басқаны түсіну мүмкін емес.
5. 🧑⚕️ Психотерапия – кезінде болған терең рухани жарақаттан туындаса, маманмен жұмыс жасаған дұрыс.
Оқитын кітаптар:
Токсичные родители. Как вернуть себе нормальную жизнь
Беги от него. Почему вам нравятся плохие парни и как разорвать токсичную связь
От Эминема до Билла Гейтса: Искусство общения и выстраивания связей
Ребенок - зеркало родителей
Ребенок в тебе должен обрести дом. Вернуться в детство, чтобы исправить взрослые ошибки
Сам себе психолог
Тело помнит все: какую роль психологическая травма играет в жизни человека и какие те
Ты - сама себе психолог. Отпусти прошлое, полюби настоящее, создай желаемое будущее.
Психологиялық кітаптарға тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233

❤21🔥6👍1
Бірақ шүкір айту – ауыр жауапкершілік. Оған әркім бірдей жете алмайды. «Құлдарымның ішінде шүкір етуші өте аз» – делінген. Алайда шүкір – шыншылдықтың көрінісі. Қандай жағдайда болсын, Аллаға шүкір ету – «Барша мақтау мен алғыс – Саған тән» деп айту – Жаратушыға деген шынайы беріктіктің белгісі.
"Бақыт формуласы" кітабына тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤19👍5🔥4🥰1
Бірдe бір ақылды адам айтқан eкeн: “Eң ұлы oқиғалар – адам миында бoлып жатқан oқиғалар”. Ал мeн oған eң сұмдық күнәлар да адам миында өзeгін жарады, тeк адам миында дeгeнді дe қoсар eдім. Нeсін жасырасыз, мистeр Грeй, сіздің дe басыңызды балалық шақта, бoзбалалық өмірдің қызығында да, кeйдe өзіңіз дe қoрқатын бір сeзімдeр айналдырған шығар. Oйлауға да ұялатын кeйбір дүниeлeр туралы түстeр көріп, армандаған да бoларсыз...
Оскар Уайльд "Дориан Грейдің портреті"
✏️ The Picture of Dorian Gray (Wilde Oscar) / Книги на английском
✏️ Портрет Дориана Грея
✏️ Дориан Грейдің портреті
Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
Оскар Уайльд "Дориан Грейдің портреті"
Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤15🔥4😍3👍1
САДАҚА БЕРЕРДЕ ОЙЛАН, ішінде біреудің ақысы жоқ па?
Жұма мүбәрак болсын! Кітаптан бір үзінді:
Ішінде Алла мен пенде ақысы бар ешбір табыс – шариғатқа сай (адал) болмайды. Мұндай табыстар әрі материалдық, әрі рухани шығындарға себеп болады.
❗️ Сіз ол табыспен қажылыққа барсаңыз да, садақа берсеңіз де, тіпті оны ең қасиетті қызметтерде пайдалансаңыз да, бәрібір оның күнәсі мен жауапкершілігінен (күнә салмағынан) құтыла алмайсыз.
👉 Алланың ақысы бар табыс қандай болуы мүмкін? Құдайдың «Мынаған жақындама» деген тыйымдарының ескерілмеуі немесе инфақ (адал табыстан Алла жолында қаржы жұмсау, зекет, садақа) жасалмауы.
👉 Пенденің ақысы бар табыс қандай болуы мүмкін? Біреуден тартып алған, ұрлап алған, қысым көрсетіп алған, нақақ көз жасы қалған дүниелер.
Оқитын кітаптар:
📖 Садақа және зекет
📚 Зекет
📖 Зекет пен садақа
📔 Жүрек сырлары
Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
Жұма мүбәрак болсын! Кітаптан бір үзінді:
Ішінде Алла мен пенде ақысы бар ешбір табыс – шариғатқа сай (адал) болмайды. Мұндай табыстар әрі материалдық, әрі рухани шығындарға себеп болады.
Оқитын кітаптар:
Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤19🔥5👍2🥰1😍1
Арманыңа жете алмай, одан бас тартқың келсе, онда тым болмаса тағы бір күн берілмей, жұмыс істеп көр. Қажет десең, бір апта, бір ай, бір жыл тырысып көр. Берілмеудің арқасында қандай ғажайыптар орындалғанын өз көзіңмен көресің.
Ник Вуйчич — австралиялық жазушы, меценат, мотиватор
Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
Ник Вуйчич — австралиялық жазушы, меценат, мотиватор
Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
❤28👍2🔥2😁2
ОСЫ АПТАНЫ ҚАЛАЙ БЕРЕКЕЛІ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?
Апта деген зу етіп тез өтіп кететінін білесіз. Бүгін уже сейсенбі. Үш күннен соң жұма да лып етіп келеді. Бұлай жалғаса беруге болмайды. Бірдеңе істеу керек. Не істеу керек?
🧭 30 минут отырып, аптаға жоспар жасайық. 3 категория бойынша: жұмыс, жеке даму, отбасы. Мысалы:
1) жұмыс: осы аптада инстаграмға кітап туралы 3 пост жазам, таргет Абай жолына жіберем.
2) жеке даму: сәрсенбі мен жұмада залда 30 минут спорт жаттығуын жасаймын, таңда кабинетте кітап 30 бет оқимын.
3) отбасы: жұма күні отбасымды кешкі асқа кафеге апарамын.
Кешке өзіңнен есеп алу: не істедім, нені жақсарта аламын?
Бүгін түске дейінгі уақытта ең қиын тапсырманы бітіремін. Сол арқылы мида «жеңіс» сезімін оятамын.
Осылай жоспар жасап алсаңыз, 90%-ы орындалатынына күмән жоқ. өйткені бұлар нақты, қай уақытта, қай жерде болатыны белгілі. Миға абстракт емес, осындай нақтылық ұнайды.
Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
Апта деген зу етіп тез өтіп кететінін білесіз. Бүгін уже сейсенбі. Үш күннен соң жұма да лып етіп келеді. Бұлай жалғаса беруге болмайды. Бірдеңе істеу керек. Не істеу керек?
1) жұмыс: осы аптада инстаграмға кітап туралы 3 пост жазам, таргет Абай жолына жіберем.
2) жеке даму: сәрсенбі мен жұмада залда 30 минут спорт жаттығуын жасаймын, таңда кабинетте кітап 30 бет оқимын.
3) отбасы: жұма күні отбасымды кешкі асқа кафеге апарамын.
Кешке өзіңнен есеп алу: не істедім, нені жақсарта аламын?
Бүгін түске дейінгі уақытта ең қиын тапсырманы бітіремін. Сол арқылы мида «жеңіс» сезімін оятамын.
Осылай жоспар жасап алсаңыз, 90%-ы орындалатынына күмән жоқ. өйткені бұлар нақты, қай уақытта, қай жерде болатыны белгілі. Миға абстракт емес, осындай нақтылық ұнайды.
Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤17👍6🔥2👏1
ОТ КҮЙДІРМЕЙДІ, У ӨЛТІРМЕЙДІ
Оттың күйдіруі, удың өлтіруі – бұл екеуінің табиғи болмысынан емес. Яғни, оттағы күйдіргіштік пен удағы улағыштық – Алла Тағала жаратқан заң ғана. Бұл заңдарды жасаған – Алла Тағала.
Сол себепті бір адам: «От өздігінен күйдіреді» немесе «У өздігінен өлтіреді» десе, (Алла сақтасын) адасушылардың қатарына кіріп, әһл-сүннет сенімінен айырылады. От – тек Алланың қалауы арқылы ғана күйдіре алады.
Мысалы, Ибраһим пайғамбарды от күйдірмеген. У – тек Алланың еркімен ғана өлтіреді. Мысалы, у сахаба Бишрді өлтіргенімен, Расулалланы (с.а.с.) өлтіре алмаған. Бұл оқиғалардан мынаны байқаймыз: істерді жарататын – жалғыз Алла.
Алланы тану, жаратылыс заңдарын түсіну туралы кітап оқығыңыз келсе, Ихия улумиддин кітабын ұсынамыз. Авторы: Имам Ғазали.
Тапсырыс беру: wa.me/77775722233

❤28👍2🐳2🤝2🤔1
Теңіз терең емес, адамның жаны терең.
Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер мен сырдың көлеңкесі, сәулесі ғана шықпақ. Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім.
Мағжан Жұмабаев, "Шолпанның күнәсі" кітабынан үзінді
Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер мен сырдың көлеңкесі, сәулесі ғана шықпақ. Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім.
Мағжан Жұмабаев, "Шолпанның күнәсі" кітабынан үзінді
Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
❤16😢4👍3🔥1
Енді бүгін қайтадан басынан бастаймын
Мына кітапты жыл сайын бір рет оқып тұруды әдетке айналдырдым. 900 бет. Кеше тағы бір рет аяқтадым. Негізі соңғы 10 бетті оқымай, екі-үш апта тұрып қалдым. Себебі пайғамбарымыздың науқастанып, Раббысына қарай жол тартуы жазылған еді. Оны оқымасам, әлі де тірі жүретіндей ойлаған шығармын. Бірақ кеше батылым барып, оқып бітірдім.
Біреу үшін жай ғана өмірбаян болуы мүмкін. Бірақ оның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өмірі – тұнып тұрған өнеге, стиль, шешім, кейс, тәжірибе, ғибрат. Себебі оны Алла Тағаланың өзі тәрбиелеген. «Сені бұл әлемге, өмірге РАҚЫМ етіп қана жібердік» деген, яғни басқа мақсат жоқ. Оның кез келген сөзін пайдалануға болады, себебі «мына тіл ешқашан жалған айтпайды, тек ақиқатты айтады» деген. Оның айтатын сөзін Раббымыз көкейіне салып тұрған.
Енді бүгін қайтадан басынан бастаймын. Кіріспеден. Пайғамбарды қайтадан дүниеге әкеліп, тағы да рақымға бөлену үшін.
PS: кітаптың аудиосын тыңдайтын QR коды бар. аудионың спецэффекті бар, яғни аттың кісінеуі, судың сылдыры, тұлпардың шабысы, жебенің зуылы, соққының үні естіледі.

❤19👍4🔥2😍2💘2
❤7👍1