KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.41K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
- Қадыр аға, бұлай аттанармын деп ойламаушы ем... Менен кінә болса кешіріңіз. Өз қолыңыздан аттандырған соң елім жоқ, жұртым жоқ екен демеспін. Жолыңыз түссе соға жүріңіз. Әкем де, шешем де сіздер боларсыз... Аттанған үйім – ата мекенім осы үй болар, - деді.

Әр сөзін анық естірткен даусы да, қимыл-қозғалыстары да, өзін-өзі ұстай білуі де барлық бала қызыққандай екен. Мен Кәменді мың Күреңтөбелге бермейтін қыз екен деп ойладым.

- Түнде жыламас болар, қарағым, - дегенімен үй иесінің де жүйесі босап кеткен. Ойнақы кіші қыз өкіріп жылай бастады. Қасымнан өте беріп мені ту сыртымнан түйіп-түйіп қалды, жынды қыз!..

Классикалық әдебиеттерге тапсырыс беру үшін
wa.me/77775722233
❤13👍2🔥2
Зигмунд Фрейд пациенттеріне мына сұрақты қойып тығырыққа тіреген.

Ол мына сұрақ: Сылтау айту арқылы неңді ақтап жатырсың?

Мысалы, біреу таңертең күн шыққанда ұйықтап жататынын, себебі ұйқысы қанбай қалғанын, толық 7 сағат ұйықтауы қажеттігін айтады. Ал шын мәнінде ол ерік-жігерінің төмендігін ақтап жатыр.

Енді біреу кітап оқуға уақыты жоқтығын, уақыты болса қуана-қуана оқитынын айтады. Негізіне келсек, ол кітап оқуды маңызды деп санамайтынын ақтап жатыр.

Біреулер бар, айтатыны: жұмыс жоқ, бәрі опыт сұрайды, жұмысқа тұрмасаң, қалай опыт жинайсың, амал жоқ, курьер, күзетші, такси боласың. Ал ол расында нені ақтап жатыр? Жалқаулығын. Жалындап тұрған, жауапкершілік арқалауға дайын, қарапайым істе өзін дәлелдеген, тірлікті соңына дейін жеткізетін адамды жұмысқа алмайтын компания жоқ.

Ең көп еститін сөзіміз: әкім қайда қарап отыр, үкімет жаман, президент андай, көршім сондай, түгенше ұрлап байыды, пәленше жемқор. Түбіне бойласақ, ол өзін «жертва» қылып, бейшара өміріне өзін емес, өзінен басқа кез келген нәрсені кінәлі қылады. Өзін солай ақтайды.

Адам негізі өзіне қатысты нәрсені іштей біліп тұрады. Бірақ мойындағысы келмейді.

Психологиялық кітаптарға тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233

Ақша психологиясы (мазмұндама)
Вся психология в 50 экспериментах. Собака Павлова
Поток: Психология оптимального переживания
Почему у зебр не бывает инфаркта. Психология стресса
Психология влияния. 5-е изд. (Покет)
Психология войны
Психология лжи
Психология народов и масс
Психология эмоций (покет)
Психология. Жүсіпбек Аймауытұлы
Соғыс психологиясы
❤27🔥6👍1
Уайымнан арылтатын ең жақсы сөз

Әбу Умамә әл-Бәһили Пайғамбар мешітінде жабырқаған, жабыққан, мұңды, көкірегі шер басып, еңсесі түсіп, күйзеліп отыр еді. Алла Расулы (с.а.с.) оның жанына келіп, мұның себебін сұрады:
– «Неліктен жабырқадың, неге күйзелдің?» – деп.
Әбу Умамә былай деді:
– «Я, Расулалла, үйде жейтін еш нәрсе жоқ, жоқшылық шегіне жетті. Мен де жүрегіммен Аллаға бет бұрдым», – деді.
Алла Расулы (с.а.с.) оған бір ем боларлық мына сөздерді үйретіп:
– Таңертең және кешке мына сөздерді айт, – деп бұйырды:

«Уа, Алла! Мен Сенен жүрек қапасынан, уайымнан, мұңнан, әлсіздіктен, дәрменсіздіктен, әрекетсіздіктен, өз-өзімді түсіне алмаудан, жағдайымды бағамдай алмаудан, ғаламның заңдылықтарын ұғына алмаудан, дәрменсіз күйде отырып қалудан, қорқыныштан, сараңдықтан, дүние-мүлкімді ізгі мақсатқа жұмсай алмаудан, қарызға батып кетуден және адамдардың үстіме үстемдік орнатуынан Саған сиынамын» (Бұхари, дағауат 36; Тирмизи, дағауат 70; Әбу Дәуіт, уитр 32).

Кітаптарға тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233

30 күн дұға, салауат (Таным баспасы)
Баталар. Өсиет. Дұғалар
Дұғалар жинағы (мини)
Ең қажетті дұғалар
Құрандағы қасиетті дұғалар (спираль)
Пайғамбарымыздың (с.а.с) таңғы және кешкі дұғалары
Теңдессіз дұғалар
Жын шайтаннан сақтану дұғалары мен жолдары
Шипалы дұғалар
❤36👍2🔥2
Егер сен болашағыңның жақсы жаққа өзгергенін қаласаң, онда дәл қазір сол өзгерісті бастауың керек.

(с) Махатма Ганди, Үндістанды Ұлыбританияның отарлығынан бір оқ шығындамай алып шыққан саясаткер

"Моя жизнь", Махатма Ганди кітабына тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
🔥19❤10😁2👏1🤔1
🇰🇿Туған жеріңнің барына шүкір ет те, құрбан болған ерлерді құрметте!

✔️Біле білсеңдер, төбелеріңізге көтеретін ерлеріңіздің бірі – Жұмабек Тәшенев. Мен соғыста ерлік жасасам, қолымда үлкен күш болды, артымда үлкен Армия тұрды. Ал Жұмабектің артында да, алдында да ешкімі болған жоқ.
(с) Бауыржан Момышұлы

***
✔️Нұртас Оңдасынов, Жұмабай Шаяхметов, Жұмабек Тәшеневтер билік басында отырғанда Қазақстанды ешкімге басындырмаған. Одақ басшыларымен бетің бар, жүзің бар демей сөйлескен, еш нәрседен тайсалмаған. Хрущев осы басшыларды орнынан алған соң, Қазақстанды талан-таражға салу саясатын бастады.
(с) Өзбекәлі Жәнібек

➡️Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/77775722233
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21🤔6👍2😁1🆒1
Бір істе жолың болмай қалудан гөрі бір шешімге келе алмау жаман.
(с) Фернандо Де Рохас, испан жазушысы


Жолың болмаса, тәжірибе жинайсың. Ақылдырақ боласың. Қателікті қайталамайсың.

Ал "қажет емес, ұрынып қалып жүрермін", "бұдан жолым болмас", "істесем бе екен, бірақ соңы қате боп шықса ше..." деп, бір шешімге келе алмайтын адам болсаң, тіптен жаман деген сөз.

➡️Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/777757222
3
3
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤33🤔2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Құран, тәжуидпен, тек арабша, 114 сүре толық. Бағасы - 7500 тг.

Баяғыда бір әулие кісі мазардың жанынан өтіп бара жатып, сол жерден шығып жатқан айқай-шудың куәсі болады. Жақындап барып қараса, ол жердегілердің сауапқа таласып жатқанын көреді. Анадай жерде көлеңкеде отырған бір кісінің жанына барады да: «Аналардың жанына барып өзіңіздің сауабыңызды неге талап етпейсіз, сізге сауаптың керегі жоқ па?»-деп, сұрайды.

Әлгі кісі: «Мен балама жастайынан Құран оқуды үйретіп кеткенмін, сол балам бүгіндері базарда тіршілігін жасап, ет сатумен айналысады. Тіршілігін де жасайды, Құранын да оқып құлшылығын үзген емес. Сауабын бағыштауды ұмытпайды. Оның маған сауабы жетіп, жемісін қабірде де көріп жатырмын»
, – деген екен.

➡️Тәжуидті Құран кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/777757222
3
3
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20🤔2
Тағы бір жай ойыма оралады...
Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?!» — деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім.

Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялам алейкүм, аталар» деп әр сөзді қадай - қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Өткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «алейкүм салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», — дейтін.

Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя"

Кітапқа тапсырыс беру үшін
wa.me/777757222
3
3
❤28🔥8🤔1
Әйеліңмен қатынасыңды жақсартпайынша, ақша да табылмайды

💛Проблеманың алғашқы шешу жолы - мойындау. Қандай проблемаң бар екенін, соны шешпей жүргеніңді мойындау. Бұған дейін сасық боқтың үстін газетпен жауып, жұпар иіс шашып, барынша елемеуге тырысып жүргеніңді мойындау.

👩‍💻Мойындаудан ары қарай шешім жолы өздігінен көрінеді. “Иә, мен отбасыма жеткілікті көңіл аудармадым”, “иә, мен тамақ, киім, баспана, көлік алып берсем болды, олардың шағымдануына құқы жоқ деп ойладым”, “иә, мен компанияны қалай басқарсам, әйелімді де солай басқарам деп ойладым”, “иә, мен отбасым үшін жұмыс істеп жүрмін, ал олар соны бағаламай, ұрыс шығарады. Олардыкі дұрыс емес деп ойлап жүрдім”, “осы сендерге не жетпейді, баяғыда біздің анамыз өйтетін, бүйтетін, қойдың басын үйітетін” деп анаммен салыстыратынмын”…

😂Ең жақсы адам - әйеліне жақсы қараған адам. “Бақпасаң, мал кетеді. Қарамасаң, қатын кетеді” (құрметті феминистер! Мал мен әйелді қатар қойып жатқан жоқпыз. Тырнақ астынан кір іздеуді қойыңдар. Қарапайым қазақтың мақалы).

💃Әйел кітап оқып, дамып, байынан озып кетсе де проблема шығады. Ері өзін жетілдіріп, білім алып, жұбайынан озып кетсе де проблема шығады. Екеуі бірге дамуы керек. Өзіңе бір кітап алсаң, жарыңа да бір кітап алған дұрыс. Тауға достарыңмен шығып кетпей, өмірлік жолдасыңмен де шығып, естеліктер қоржынын қампайту керек.

🙌Жай сөйлесу арқылы шешілетін мәселені ақшамен шешуден қаржылық проблемалар пайда болады.

Отбасы туралы кітаптар оқуды ұсынамыз. Менеджер күшті кітаптар таңдап береді. Кітапқа тапсырыс беру үшін wa.me/777757222
33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21⚡2🤔2👍1🥰1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Елге өнер, бiлiм керек. Оқу, тәрбие керек. Ендiгi заман кең жайылыс, ұзақ өрiске сенiп, қалың ұйқыны қуат бiлiп жататын заман емес. Өзге өнерлi елден оқып, үлгi алудың заманы.
Мұхтар Əуезов "Абай жолы"
❤16🤔4👏2👍1
Оу, халқым, бұл не жатыс? Қазір жатпайтын, керісінше жүгіретін уақыт! Тұп-тура дәл ертең, 14-қазан, сейсенбіде бүкіл кітапқа 50% жеңілдік!
❤17😁2
50%-ға дейінгі емес!!!! Дәл жартысы! Тура 50%! Студенттер, қайдасыңдар? Тек сендерге арналған!
❤18😁2
Алматы мен Атыраудағы дүкенімізге кел! Студенттік билетіңді көрсет (әлі билетің болмаса, университеттің білім жүйесінде бар екеніңді көрсетсең болды). 10 кітап ал да, үйіңе тартып кет! Жатып алып кітап оқы!
❤21👏1😁1
- Ал мен студент емеспін. Не істеймін?

Студент іні-қарындастарың бар емес пе? Сонымен бірге келіп ал. Өйткені мұндағы кітаптар - екеуің де оқитын кітаптар. Тіпті оған арнайы сыйлыққа кітап берсең неге болмасын! Бір акция: пайда көретін екі адам.

🛴Ертең сабақтан 1 сағатқа сұрансаң да, ерте келуге тырыс. Себебі кейбір кітаптардың саны шектеулі. Сен келгенше бітіп қалса ше?

🫡 Әшейінде тамақ пен киім үшін бір-бірін басып өлтіре жаздайтындарға кітап үшін жанпида екенімізді көрсетейікші.
❤41🤔1💘1
🧑‍🎓Айтылмай қалған студенттер жоқ па? Бәрің келіңдер. Кітаптар күтіп тұр сіздерді📚
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤17🔥8💔3👍2🥰1🤔1
🔵Адамның бірінші жауы - екі көзі, ол бәрін айтып тұрады, тек оқи білу керек.
Дулат Исабеков "Қарғын"

Тапсырыс беру: wa.me/77775722233
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤30👍6😁2❤‍🔥1🤔1
Жаздың соңғы айында түсірген подкаст бүгін жарыққа шықты. Өте терең әңгіме айтылды. Қазір кейбіреулердің бос сөзіне алданбау керек. Жастардың смартфон арқылы интернетке қолжетімділігі - кейде пышақ ұстаған сәбидей. Білместікпен зиян тигізеді. Сүрінген адамды үстінен мыжып басып кетпей, тұрғызуды үйрену керек. Сыртынан келемеждеп күлу - надандық. Сол тірлікті кітап оқып және жазатын, басатын кейбір даңқты ағаларымыз жасап жатқаны өкінішті.

Жақсы көрсек, құшақтап тұншықтырып өлтіреміз. Жек көрсек, сөзбен қылқындырып өлтіреміз. Адам өзінің де қателік жасайтынын ұмытып кете береді.

Біреуді жамандағың, мазақтағың, мем жасағың келсе, халықтың байлығын ұрлап жатқандарды жаса.

Қысқасы, пайдалы подкастты көріңіздер.

https://youtu.be/Im1ZshOTSZs?si=oWRIkYIRRvEc2D7G
❤11🔥9👍3🥰1🤔1