Кімде-кім жақсы адаммын ба әлде жаманмын ба деп ойланып жүрсе...
Жақсы адам деген кім өзі?
- Бала-шағасына мейіріммен қарайтын;
- Әйеліне (жарына) көркем мінезбен қарым-қатынас жасайтын;
- Ешкім одан зиян тиеді-ау деп қорықпайтын;
- Тілімен де, қолымен де ешкімге зақым келтірмейтін;
- Жұмысын жақсы істейтін;
- Көршісімен тату тұратын;
- Туыс, бауырлармен қатынасын үзбейтін;
- Ашуын басқара білетін;
- Құдайдың берген нығметін өзгелермен бөлісе алатын адамды жақсы адам деуге әбден болады.
Бұны өмірлік қағидаға айналдырып, сол бойынша сүріп өткен адам бар. Сол жайлы оқып, сіз де жақсы адам болуға жақындай бастайсыз.
Кітапқа тапсырыс бер: https://clck.ru/3TJfVu

❤25😍4😁1🎉1
ТАНЫМАЛ ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ТАҢҒАЛАРЛЫҚ ӘДЕТТЕРІ
🍽 Агата Кристи
Ол кісі ыдыс жууды жек көрген. Дәл осы ыдыс жуу кезінде қиялымен әлемді шарлап кетеді екен. Содан мықты логикалық байланыстар құрап, детектив романдарды дүниеге әкелген.
📚 Виктор Гюго
Алаңсыз кітап жазу үшін сыртқы киімдерінің бәрін жойған. Яғни, сыртқа қыдырып шығып кетпес үшін. Соның арқасында «Париж Құдай-ана соборы» романын уақытынан ерте жазып шыққан.
☕ Оноре де Бальзак
Күніне өте көп қою кофе ішіп, түнде жұмыс істеген.
✍️ Эрнест Хемингуэй
Кейде тұрып жазған. Оның ойынша, тұрып жұмыс істеу сергек болуға көмектескен. Дәл осы Эрнест жазудың ең қызық жерінен тоқтатады екен. Ертең сол жерден оңай жалғастырып әкету үшін.
🚶 Чарльз Диккенс
Ұзақ серуендеуді жақсы көрген. Лондон көшелерінде бірнеше сағат жүріп, ойларын реттеп, шығармаларына идея жинаған.
🕯 Фридрих Шиллер
Жазу үстелінің жанында шіріген алмалар қоятын болған. Олардың иісі шығармашылыққа көмектескен деседі.
⏰ Харуки Мураками
Жазу кезінде өте тәртіпті режим ұстанған: ерте тұрып, бірнеше сағат жазып, кейін жүгіру немесе жүзумен айналысқан. Бұл кісі Мағауиннен үлгі алған болар, бәлкім. Нағыз тәртіптің адамы сол еді, марқұм. Тіпті үйіне кеп тұрған құда, құдағиына сәлем беруге уақытын, жазуын қимайтын.
Олар өздеріне жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тәртіп қалыптастырды.
Мүмкін, сізге де ерекше әдет емес, күн сайын қайталанатын қарапайым тәртіп керек шығар.

😍14❤4🎉2
КІТАП ОҚЫМАЙ-АҚ АҚЫЛДЫ БОЛУҒА БОЛА МА?
Адамды ақылды ететін нәрсе кітаптың өзі емес – үйрену, ойлану және алған білімін қолдану. Ақыл тек кітап оқумен өлшенбейді. Адам кітап оқымай-ақ курс, тәжірибе, ұстаз, пікірталас, зерттеу және практика арқылы көп нәрсе үйрене алады.
Бірақ кітап — білім алудың өте қуатты құралы. Кітап оқу арқылы сөздік қор мол болады әрі жалпы білім өте жоғары деңгейге жетеді. Тіпті ермек үшін оқыса да. Көркем әдебиеттің де пайдасы бар. «Роман оқығаннан не пайда?» деп ойлайтындар бар. Ол басқа адамның ойы мен сезімін түсінуді үйретеді.
Бірақ көп кітап оқысаң, автоматты түрде ақылды боп кеттің деген сөз емес. Кітапты оқып шығып, ертеңіне ұмытып қалуға болады. Ал бір идеяны оқып, оны талдап, өз сөзіңмен түсіндіріп, өмірде қолдансаң, білімге айналады. Ол енді ұмытылмайды. Оны жадыңнан қайта еске түсіру ұзақ мерзімді есте сақтауға тиімді.
100 кітапты үстірт оқығаннан гөрі, 10 кітапты терең түсініп, қолдану әлдеқайда құнды болуы мүмкін.

❤12🎉1
ШЫНЖЫРДЫ СЫНДЫРҒАН АДАМНЫҢ ТАРИХЫ
Бұл кітап — Оңтүстік Африканың шағын ауылында дүниеге келіп, халқының азаттығы үшін жиырма жеті жыл түрмеде отырған Нельсон Манделаның еркіндікке, ішкі тәртіпке, кешірімге және халыққа қызмет етуге толы өмір жолы туралы мотивациялық өмірбаяны.
Мандела қорлық көрді, бірақ өзі ешкімді қорламады. Түрме оның өмірінің ең қымбат жылдарын алды, бірақ мінезін сындыра алмады. Ол президент болды, алайда билікті жеке меншігіне айналдырмады.
Кітапта оның балалық шағы, әкесінен айрылуы, анасының үнсіз қоштасуы, Йоханнесбургке қашуы, заңгерлік жолы, апартеидке қарсы күресі, тарихи сот сөзі, Роббен Айлендтегі жылдары және отбасы төлеген ауыр құн туралы шынайы оқиғалар әсерлі баяндалады.
Бұл еңбек туған жағдайын тағдыр деп қабылдамайтын, өзін тәрбиелеуге, өмірлік мақсатын табуға және білімі мен қабілетін қоғам игілігіне жұмсауға ұмтылған әр жастағы оқырманға арналған.

❤6🎉1
Ауыл баласына кітап не үшін керек?
Баланың әлемі көзі көрген нәрсемен ғана шектеледі. Ал бүкіл әлемді тану үшін кітап керек емес пе!
Ауылдың қара баласы асфальтта өскен баладан ақылды да, кем де емес. Бірақ оның қолындағы мүмкіндік саны аз. Кітап сол мүмкіндікті көбейтеді. Шетелге шықпай-ақ басқа елдерді, басқа мәдениеттерді, басқа адамдардың өмірін тани алады.
«Менің ауылымнан ары не бар?» деген сұрақтан бастап, түбінде «мен болашақта кім боламын?» деген сұраққа келеді. Бала ғалым, жазушы, дәрігер, кәсіпкер немесе инженер болуды тек біреуден естіп қана қоймай, сол адамдардың өмірін оқып, өзіне үлгі ала алады.
Мектеп бәрін үйретіп үлгермейді. Ал кітапты дос еткен бала өмір бойы үйрене алады. Ең маңыздысы бір кітап баланың өміріндегі бір ойды өзгертеді. Ауылға кітап жеткізу — жай ғана кітап жеткізу емес. Біз ауылдағы балаға мүмкіндік жеткіземіз.
«Ауылға кітапал» жобасы арқылы біз ауыл мектептеріне кітаптар жеткізіп келеміз. Дәл қазір 588 ауылға жеткіздік. Ал әлі 5000-ға жуық ауыл мектептері сіз бен біздің көмегімізді күтіп тұр.
Жобаға үлес қосу: https://clck.ru/3TJfVu

❤13🎉2
Көп қорқытады, терең батырады
Осы мәтелдің шығу тарихын оқыған боларсыз. Бірақ мағынасы өте ғажап. Ортаның маңызы, медианың күші туралы көп мағлұмат береді. Қоғам жиі өзгереді. Өзінің жаңа және жеке ұстанымдарын бүкіл халыққа таңып тастайды. Мысалы, АҚШ-та оқушы ер бала мектеп психологына келіп: «Мен қызтеке сияқтымын» десе, оқушы қыз бала «мен еркекшорамын» десе, былай жауап береді: «Бұл сенің таңдауың. Таңдауыңа құрмет пен қолдау көрсетеміз. Кім екендігіңнен ешкімнен қысылма. Бұл қалыпты нәрсе». Егер аққа ақ деп, қараға қара деп баға берсе, онда бірден жұмыстан шығарылады.
Міне, жаныңда сондай ойдағы адамдар көбейген сайын сен де өз ұстанымыңнан айрылып, жақсыны жаман деп, жаманды жақсы дейтін боласың. Медиадағы бүкіл контент бұзықтықты ізгілік деп көрсетсе, ми оны уақыт өте келе дұрыс деп қабылдай бастайды.
Уақытпен бірге адам өзгере береді.
Өзгермейтін бір ғана зат бар. Адам адасса, соған барып қайта тура жол тауып алады. Біз тіпті адасқанымызды да сезбей қаламыз. Оны айыру үшін сол өзгермейтін негізгі тірекке барып, анық-қанығын білеміз. Ол – қасиетті Құран Кәрім. 1400 жыл бойы бір нүктесі өзгерген жоқ. Бұдан кейін де өзгермейді.

❤11🥰1🎉1
https://youtu.be/5Q31Oih15to?si=tYv5FcnbOUousfqn
Алматыдағы Жамбыл кітапханасын гүл ғып жіберген адам кім десеңіздер, осы кісі. Жеке кәсіпкерлер тартып, кітапхананы адам демалатын орынға айналдырып жіберген. Содан кейін Ұлттық кітапханаға басшы ғып жіберді. Қазір ондағы өзгерістерді барып көзбен көру керек. Дұрыс жерге дұрыс басшы келсе, осылай гүлдейді.

❤13👍2🎉1
Оқуға тыйым салынған кітап
Бұл кітаптың авторы – француз ұшқышы. II дүниежүзілік соғыс кезінде немістер Францияны басып алғанда, ол АҚШ әскеріне қосылады. Француздарды жаудан қорғауға үгіттейді. Сол үшін оның шығармаларын Франциядағы неміс билігі оқуға тыйым салады.
Бұл кітап 600-ден астам тілге аударылған. Масқара емес пе! Ең көп басылған кітап деуге болады. Кітапта жалғыздық, достық, махаббат, қоштасу жайлы маңызды тақырыптар қозғалған.
Мұны балаға арналған ертегі деп қабылдау тым қарабайыр. Үлкендерге арналған ертегі десек қателеспейміз.

❤8🎉3🥰1
Тордағы бұлбұлдан еркін торғай артық
Ессіз қызғаныш, біреуді иемдену, басыбайлы қылу ылғи да қылмысқа апарады. Шектен тыс қызғаныштың өзі күнә емес пе? Ал мұндай адам еркін, бағынбайтын сұлуға ғашық болса ше? Соңы немен бітер еді? Екеуінің бірі жойылумен бітері анық.
Проспер Мерименің бұл шығармасы әдемі әрі батыл сыған қызы Кармен мен оған ғашық болған сарбаз Хосе туралы баяндайды. Карменнің еркін рухы мен Хосенің қызғанышы олардың тағдырын күрделі және қайғылы етеді. Әңгіме махаббат, құмарлық және бостандық туралы терең ойларды қозғайды.

🥰2❤1🎉1🤩1
Баланың қылмысы үшін тәрбиешілері де жаза тартсын
Депті ирандықтар. Тәрбиешісі – оның әке-шешесі, ата-әжесі, ұстазы болуы мүмкін. Жаңадан өсіп келе жатқан көшетті түземей, күтімін жасамай, қисайтып алғаны үшін жауапты болғаны дұрыс. Баланы қалай тәрбиелесең, солай өседі. Әрине, өзінің туа бітті мінезі бар. Бірақ тәрбиеші тарапынан ақ пен қараны ажыратуды үйренеді. Балиғатқа толған соң өз ісіне өзі жауап береді.
Ескендір Бестай айтқан: «Осы кітапты ата-аналар оқыса, мұғалімдердің біршама жұмысы жеңілдер еді». Егер балаңыз болса, осы кітапты міндетті түрде оқыңыз. Ұстаз болсаңыз, тіпті сіз үшін міндет дер едік.

❤8🎉2
Жаман адам болады, бірақ жаман тіл болмайды. Біз орыс тілін жетік білу арқылы ТМД аумағында біршама мүмкіндіктерге ие боламыз. Бизнес жасауға, қарым-қатынас орнатуға, келісімге келуге, ауызекі сөйлесуге, әдебиет оқуға орыс тілін білу арқылы қолжеткізе аламыз. Құрал ретінде үйреніп, жағдайыңды жасауға пайдалан!
Иә, біз орыс тілінде сөйлей аламыз. Бірақ дұрыс ережемен сөйлеуді, жазуды, іскерлік хаттар жазуды білмейміз. Оны осы кітаптан тереңірек үйрене аласыз.
Кітапқа тапсырыс бер: https://clck.ru/3TJfVu
Иә, біз орыс тілінде сөйлей аламыз. Бірақ дұрыс ережемен сөйлеуді, жазуды, іскерлік хаттар жазуды білмейміз. Оны осы кітаптан тереңірек үйрене аласыз.
Кітапқа тапсырыс бер: https://clck.ru/3TJfVu
❤2😁2🎉1
Еріп кетпеңіз!
Қазір бәрі ашық заман. Бүкіл адам ешқандай фильтрсіз, оған құқы бар ма, жоқ па, қарамайды, әлеуметтік желіде ойын еркін жаза береді. Олай айтуға білімі, мамандығы, құзыреті жете ме, оған мән бермейді. Тіпті жалған аккаунт ашып та заһарын шашып жатқандар көп.
Олар ізденбеген, біреуден естіген сөздерін жазып, Исламға баға береді. Ислам қылышпен келген, пайғамбар көп әйел алған, жас қызға үйленген, келініне үйленген, Ислам әйелді тұншықтырады, кәпірді өлтір деп айтады, т.б. деп, жүйесіз, жалған ақпараттар таратады.
Мұндай ақпаратқа білімі жоқ, надан адам ғана еріп кетеді. Егер бір іс жайында білмесек, білім иесінен сұрау керек. Жалпы мұсылман ретінде Исламнан хабарымыз болу үшін пайғамбардың өмірбаянын оқу керек. Сол жерде санада туындауы мүмкін бүкіл сұраққа жауап бер.
Мысалы, отаныңа жау басып кірсе, тонап, бәрін қырып жойып бара жатса, оларды көрген жеріңде өлтіруге толық қақың бар. Ал от салушылар соңғы сөйлемді ғана кесіп алып, әдейі адастырады.
Ал «Адамзаттың асыл тәжі» кітабын оқысаң, ондай арандатушылыққа ұшырамайсың.

❤5👏3🎉1
Сәкеннің тағдырын шешуге НКВД небәрі 20-ақ минут уақыт жұмсап, дереу атып тастаған. Әкесін де қамаған, інісі Мәлік те жоғалып кеткен. Артынша әйелі Гүлбаһрам да лагерьге айдалған. Сол жерде Аян деген сәбиіне суық тиіп, қайтыс болады.
Бұған дейін ол түрмеге қамалып, атаман Анненковтың "өлім пойызымен" Колчак түрмесіне жеткізіледі. Осының бәрін "Тар жол, тайғақ кешу" романында жазған. Түрмеден қоқыс салынған шанаға тығылып қашқан. 900-ге жуық шақырымды жаяу жүріп, еліне жетеді. Күтуге шыдамы жетпеген зайыбы Рахима басқа адамға тұрмысқа шығып кетеді.
1917 жылдың сәуір айында "Жас қазақ" ұйымын құрды. Мұғалім болды. Қазақтың әдеби мұраларын қағазға түсірді.
Қазақтан шыққан тұңғыш премьер-министр аз ғана уақыттың ішінде біраз шаруаны тындырып кетті. Бюджет қаражатының тең жартысын білім беруге салып, қазақтың сауатын ашуға жұмсады.
Қазақты "қырғыз" емес, "қазақ" деп тарихи қателікті түзеген де осы Сәкен. Театр, емхана, мектеп салуды жолға қойып, қазақ тілін тұңғыш рет мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерді.
Александр Затаевичке қазақтың әндері мен күйлерін жазып, сақтап қалуға тапсырыс берген де осы Сәкен.
1957 жылы ақталды.

❤11💔4🎉1
Адамның мінезі қарым-қатынастан қалыптасады
Адамның туабітті мінезі бар. Біреу өте сабырлы, біреу тез ашуланшақ, біреу батыл, біреу сақ дегендей. Сонымен қатар адамның өмір сүру барысында қалыптасатын мінезі бар. Ол айналадағы адамдармен қарым-қатынастан туады.
Мысалы, ылғи алдайтын қоғамда өмір сүретін адамда ешкімге сенбейтін сақтық пайда болады. Ылғи жауыздардың арасында өзін қорғауға мұқтаж болатын адамда қатыгездік мінез болады. Мейірімге қанып өскен бала да мейірімді, бөліскіш келеді.
Мұны иттен де байқамыз. Джек Лондонның «Ақ азу» туындысы осы туралы.

❤4🎉3👍2🥰1
Адам сыртқы дүниені өзгертуден бұрын өз жүрегін өзгертуі керек
Адам қатып қалған жаратылыс емес. Балшықтан илеп түрлі формаға салуға болады. Әрине, рухани жағынан. Яғни, кемелденуге бейім жаратылыс. Ішкі Мен, яғни нәпсімен күресе білген адам рухын жарқырата алады.
Жүректі қалай тазалаймыз? Мәуланы оны әдемі хикаялармен түсіндіреді. Адам алған білімін жүрек тәрбиесіне және әрекетке айналдыруы керек. Сондықтан оның шығармашылығында ақыл мен жүрек, білім мен тәжірибе тақырыптары қатар жүреді.

❤7🎉2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
https://youtu.be/uu4w8GC2dDc?si=DnnRxEyXmIcM6isb
Мағжанның “Педагогика” кітабын оқуға насихаттау үшін түсірілген подкаст

Forwarded from Дакеши Китабэ (Daniyar Zhigitbek)
АСТАААААНА!
Ертең күтеміз.
Халық біз күткеннен де көп келсе, Астанаға көшуді қарастыра берем-ау😀🤲🏽

❤17🥰1🎉1
Өзі бақытсыз адам қалай бақытты бала өсіреді?
Ата-ана, әже, ұстаз, тәрбиеші – яғни, балаға әсер ете алатын барлық адамның мақсаты біреу ғана болуы керек. Ол – баланы бақытты адам етіп шығару. Егер бұлардың бірі бақытсыз болса ше? Оның бақытсыздығы балаға жұқпай ма?
Әрине, жұғады. Бала көргенін қайталайды. Ыбырайдың әңгімесінде айтылғандай, күтімі жақсы ағаш түзу боп өседі. Күтім жасалмаған, зиянкестерден қорғалмаған ағаш қисық, жеміссіз, бей-берекетсіз боп өседі.
Ендеше бақытты бала өсірудің нұсқаулығын оқып алайық. Ол осы кітапта жазылған. Аудармашы Мағжан ізденіп, зерттеп, «Педагогика» тақырында ерен еңбек бітіріп кетіпті. Оны оқып, өмірде қолдану бізге қалған іс.

🔥8❤4🎉2🥰1
Жақында!!! 50% жеңілдік бүкіл кітапқа жасалады. Тек бір күн ғана ұзақтығы. Студенттерге арналған акция бұл. Одан бөлек адамдар қолдана алмайды. Қалаған кітабыңызды жарты ақшасына алып кете аласыз. Сәл ғана уақыт қалды. Ақшаңызды жұмсап жібермей, қысып ұстай тұрыңыз.
Қатысады: Алматы, Атырау, Тараз қаласындағы Кітапал дүкендері.

😍24👍5❤1🎉1
Бірдей уақыт неге ақырын және тез өтеді?
Жаңа мекенжайға барарда 30 минут уақытымыз кетеді. Сол жерден үйге қайтқанда да жарты сағат өтеді. Бірақ қалай тез жеткенімізді байқамай қаламыз. Неге?
Өйткені жаңа жер бізді састырады, адаспас үшін сақ болуды міндеттейді. Назарымыз өткір жұмыс істейді. Сол үшін әр белгіге мән береміз. Үйлер, ағаштар, ғимараттар, табиғи орындар, т.б. Ал үйге қайтқанда таныс жолмен келе жатқандықтан, назарымыз өткірлігін ысырып қоя тұрады. Өткір назарға да энергия керек. Ми артық күш жұмсап не ғылсын!
Екеуі де бірдей уақыт, бірақ біріншісі ұзақ, екіншісі қып-қысқа. Бала кезде үш ай жаз үш жылдай өтуші еді. Өйткені бәрі жаңа, бәрі таңсық, бәрін біліп үйренгің келеді. Ал қазір бәрі қаңсық, бәрі үйреншікті. Назарымыз ешқайда түспейді. Тіпті кейде машинамен келе жатып, бағдаршамнан қалай өткеніңді де түсінбей қаласың. Ойың басқа жақта, қолың рульде.
Демек жаңа жолмен жүрмей, жаңа нәрсе үйренбей, жаңа қабілет меңгермей, жаңа әлемді шарламай, жаңа адамдармен таныспай, мына уақыт деген тез өте бермек!
«Тайм-менеджмент» кітабына тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3TJfVu

❤16🥰2😁1🎉1