KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.41K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Студенттерімізді ойлайтын уақыт келді. 13-қазан, сейсенбіде Кітапалдағы бүкіл кітапқа 50% жеңілдік. Тұп-тура жарты бағасына кітап ала аласыз. Студент болсаңыз, міндетті түрде келіңіз. Студент болмасаңыз, студент іні-қарындастарыңызға кітап алып беріңіз. Бұл - жылына бір-ақ рет болатын шара. Сондықтан мұндай жақсы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Алматыдағы үш дүкеннің адресі:
1) Мақатаев 128А
2) Ақсай-5, 25, ТЦ Үшсұңқар, 2-этаж
3) Сатпаев 22, Unihub центр

Атыраудағы Кітапал (Баймуханов 1)
Тараздағы Кітапал
❤14🥰1🎉1
Студенттерге бөлісіп жіберуді ұмытпаңыз👍
🥰3🎉3🔥1
Егер Алла бермесе, ешкім бере алмайды

Сұлтан Махмұд бір күні жағдайы нашар, кедей отбасын естіп, оларға күн сайын ішіне бір кесе алтын салынған, қуырып пісірілген тауық жіберіп тұруға әмір етеді. Күн артынан күн өтіп жатады. Арадан біраз уақыт өткесін Сұлтан айналасындағылардан әлгі отбасын сұрайды. Бірақ олар кедейдің халінде ешбір өзгеріс жоғын айтады. Бұған таңырқаған Сұлтан әлгі кедей кісіні сарайға алдырып, өз сұрағын қояды:
– Халың қалай? Жіберген тауықтар ұнап жатыр ма?
Кедей кісі ілтипатпен "Көмегіңізге алғыс айтамын, тақсыр" деп жауап береді.
– Ал сол тауықтарды не істеп жүрсің?
– Маған келген бойда, дәм ауыз тиместен сатып жіберем. Сол ақшаны қажетіме жұмсаймын.
Сұлтан Махмұд жымиып, елге кең таралған мәшһүр сөзін айтады:
– Бермесе Мағбуд, не істесін Сұлтан Махмұд?!
Бұл – Алла Тағала нәсіп етпесе, сұлтан да, бай да ештеңе бере алмайтынының көркем әрі терең білдіруі.

Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3TJfVu
❤7🔥3🎉1
Студенттерге арналған жеңілдікке Қызылорда қаласындағы Kitapal дүкені қосылды. Оларда 50%-ға дейін жеңілдік жасайды. Смело бара беріңіздер.
❤10👍1🎉1
50% акцияда алып қалуға тиіс ТОП 10 кітап!

1) Абай жолы 4 том
2) Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед пайғамбар
3) Сөзбе-сөз Құран Кәрім
4) Мағауиннің «Мен» кітабы
5) Мағжанның «Педагогикасы»
6) 2 айда ағылшын тілін үйрен. Мирас Кесебаев
7) Хәрри Поттер және пәлсапа тас. Дж.Роулинг
8) Дос табу және алаңсыз өмір сүру құпиялары. Дейл Карнеги
9) Бақыт формуласы. Имам Ғазали
10) Волоколамск тас жолы. А.Бек

Алматы, Атырау, Тараздағы Кітапалда – 50% акция!
Шымкент, Қызылорда – 50%-ҒА ДЕЙІН!
Астана 30%-ға дейін.

Алматыдан діни кітап алу үшін тек Мақатаев 128А адресіне баруыңыз керек.

Дүкен адрестері 2гисте тұр. Kitapal деп жазсаңыз шығады. Акция тек студенттер үшін. Егер студент болмасаңыз, студент іні-қарындастарыңыз арқылы алыңыз әрі оларға да кітап сыйлаңыз. Тамаша емес пе!
❤9🔥5🥰1🎉1
Бұны білген адам ешқашан ажыраспайды

Әйел эмоциямен, ер логикамен сөйлейді. Егер ұрыс кезінде әйел ерге: «Сен ақымақсың» десе, ер оны анализ жасайды да: «Жоқ, мүмкін емес олай болуы» деп шешім шығарады. Бітті, ұмытты. Ал ер адам әйелге айтса, әйел оны хард дискіге салып сақтап қояды. 10, 20 жылдан кейін де бұл ақпаратты аргумент ретінде пайдалана алады.

Бірақ ер адам әйелге «Сен ақымақсың» десе, әйелді кез келген уақытта ақымақ деп тұрған жоқ. Тек дәл осы сәтте ғана ақымақтық танытып тұрсың дегені. Өйткені ол логикамен ойлайды. Ал жалпы өте ақылдысың, тек осы сәтте ғана сәл дұрыс ойланбай тұрсың дегені.

Әйел ерге «Кет бар! Көзіме көрінбе» десе, ер адам үйден кетіп қалмауы керек. Өйткені әйел эмоциямен айтып тұр.

Әйел адам проблемасын айтқанда, еркек оны шешпеу керек, жай тыңдау керек. «Ааа, солай ма? Ойбуу, сосын...» деп тыңдап отырғанын сездіруі керек.

Ал ер адамның проблемасына әйел шешім айтпауы керек. Ер адам ақылдасса, өз ойын айтсын, бірақ «менің айтқанымды істе» демеуі керек. Себебі бұл ердің еркектігіне үлкен зақым келтіреді.

Еркектің табысында береке бар. Әйел одан көп ақша тапса да, еркек үйдің негізгі шығындарын жауып, бәріне жеткізіп жүреді.

Еркек алған зат ұзақ қызмет қылады.

Бұл - құдайдың еркекке берген жауапкершілігінен туындайтын нәрсе шығар. Ал әйел – күйеуінің дүниесін ұқыпты ұстап, қорғап, сақтап, тап-тұйнақтай қылып жинап, әдемі көрсетсе, жан жылуын берсе, маңызды, қадірлі сезіндірсе, отбасы бақыты сонда жатыр.

Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
❤16🎉3🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елдің даму барысын жастарға қарап біле аламыз❤️
❤19🔥2🥰1🎉1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әр ағаш жасыл болса, бүкіл орман жасыл боп көрінеді. Әр жас білімді болса, саналы болса, бүкіл Қазақстан қандай болатынын елестетіп көріңіз✊
❤22🔥3🎉3🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Студенттің алаңсыз білім алуына жағдай жасау - жақсылықтың ең сауаптысы💪
😍14👍5🔥3🎉1🤩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұл жастар ертең біздің баламызды емдейді, сабақ береді, біз тұратын үй салады, біз жейтін тамақты пісіреді, біз мінетін көлікті құрастырады. Бұл - болашаққа салынған инвестиция👍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24❤10🔥4🥰2🎉2
Байлық жинаудың құпиясы

Ақша аз уақытта дүниеге келген миллиениалдар үшін ақша жинау – қиынның қиыны. Себебі бала кезде ақшаға қатысты жоқшылық зардабын көргендіктен, жинап үйренбегендіктен, ересек кезде соның бәрі кедергі боп алдынан шығады.

Жинаған ақшаны жаратып жібере беру деген дерт бар. Оны пайдасыз нәрсеге емес, қажет-ау деген дүниеге жұмсайды. Бірақ соны жұмсамай-ақ жинау дегенді білмейді.

Сізде осындай проблема болса, онда осы кітапты оқуға кеңес береміз.

Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
❤13🎉2🥰1
Қандай таңдау жасағанымыз, қандай шешім қабылдағанымыз кім екенімізді көбірек көрсетеді. Бойдағы қабілеттерден гөрі осы маңызды, Хәрри.
Хәрри Поттер, Жасырын бөлме

Жиырма жылдан кейін істеген нәрселеріңнен гөрі істемеген нәрселерің үшін бармағыңды тістейтін боласың.
Х. Джексон Браун-младший, «P.S. Я люблю тебя»

Дым істемеудің кесірінен ойыңды қорқыныш пен күмән басып алады. Ал әрекет етсең, сенімділік пен батылдық пайда болады.
Дейл Карнеги

Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
❤6😍2🎉1
Жұт кезінде байығандар

Кризис кезінде көптеген компаниялар құлдырап, өшіп, нарықтан жоқ боп кетеді. Мұндай кезде компанияны табысқа шығармай-ақ, жай ғана ұстап тұрудың өзі үлкен ерлік. Ал керісінше кризис кезінде байып, 10 есе, 20 есе пайда табатын компаниялар бар. Бәрі құрдымға кетіп жатқанда бұлардыкі не күшею? Не құпиясы бар? Қандай стратегия қолданады?

Толығырақ кітаптан оқи аласыздар.

Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
🎉4❤3🥰1
https://www.youtube.com/watch?v=7mo3VgdxlFI

Арман Әлменбет: Әдеби шығарманың бағасын талғамы бар адамдар береді / Kitapal podcast #59

Бүгінгі подкастта жазушы, баспагер, филолог, Президенттің жас әдебиетшілерге арналған арнаулы сыйлығының иегері Арман Әлменбет мырзамен кітап авторлары Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов сұхбаттасады. Подкаст барысында әдебиет қызықтары, классиктердің өмірі, қазақ тілінің мәселесі, сын мәдениеті, жазушылық сырлары жайлы қызықты ойлар қозғалады.
🔥4🥰1😁1🎉1