KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
481 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Қарабет болып қашқанша - қайрат көрсетіп өлген артық.

Бауыржан Момышұлы
❤45🏆4💊2
(Қолда Волоколамск кітабы)
-Досым сен осы әскерге барғансың ба?
~Жоқ, барғым келмейді.
-А неге барғың келмейді?
~Енді... қазір әскерге барғандарды көріп жатырсың ғой досым!
-ыммм,түсінікті.
Мына кітапты білесің бе(Волоколамск)
~Жоқ, білмедім, оқымадым,бұл не туралы?
-Бұл сол әскерилерді бастап, кезінде біз үшін жаумен айқасқан Бауыржан атамыз туралы. Білесің бе, бұл кісіні осы кітап арқылы жарты әлем таниды. Соғыстағы асқан шебер тактикасы мен жаудың бетін қайтарған болатын. Оқып көрші...
~Жарайды...(оқып жүреді біраз)
~Досым кітап ұнады, менде әскерде өз борышымды өтегім келеді. Бауыржан атамыз "Жерге тер төгіп
Халыққа қан төгіп қызымет ет" деген, мен өз борышымды өтеп қайтайын.
-Жарайсың, досым 🫂
👍30❤11💯7😢2🤝2💊1
Өмір маған үйретті жыламауды,
Қиын сәтте сүрініп құламауды.
Жақсы досты қадірлеп, адал болып,
Жаман достың жағдайын сұрамауды.


Мұқағали Мақатаев✍🏼
👏38❤14👍5💊3
Алла Тағаланың сыйлаған әрбір таңы берекеге толы. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Таңғы уақыт – береке әрі намаздың өз мақсатына жететін кезі» дейді. Тағы бір хадисінде: «Таң намазын оқығаннан кейін ырыс-несібеңізді табудан қапыда қалып, ұйықтамаңдар» (Табарани) десе, атам қазақ: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», деп түйген.
❤51🔥8
Берекеге сенбеген жас жігіттің
оқиғасы

Бірде бір жас жігіт сөз арасында: «Осы береке дейтін нәрсеге өз басым сенбеймін, ол жоқ нәрсе ғой» депті. Сонда мәжілісте отырған Ибраһим ибн Адһам атты ғалым берекенің қандай болатынын, оның не нәрсе екенін әлгі жігітке мынадай мысалмен түсіндіріпті: ⠀
— Ит пен қойға қарашы. Оның қайсысы көп төлдейді? – деп сұрайды ғалым.
— Ит жеті күшікке дейін, тіпті одан да көп табады. Ал қой ары кетсе үш қозыға шейін төлдейді. Көп жағдайда бір ғана қозы туады, — дейді жігіт. ⠀ — Олай болса, айналаңа қарашы, екеуінің қайсысы көп? ⠀ — Жер бетінде қойдың саны көп қой. ⠀ — Бірақ, үнемі сойылып, саны кемітілетін де солар емес пе? ⠀ — Иә, солар. ⠀ — Міне, «береке» дегеніміз осы, — дейді ғалым — Қой қанша аз төлдесе де, әрдайым сойылып, еті желініп жатса да саны кемімейді. Қайта артып отырады. Ал қойдан екі есе көп күшіктейтін итті ешкім сойып жемесе де оның саны аз. ⠀ Жігіт таңырқап, ойға батады. Сосын: ⠀ — Расында да солай екен. Сонда мұның себебі не? Неге итте береке жоқ, ал қой берекелі? – деп сұрайды. Сонда Ибраһим ибн Әдһам: ⠀ — Өйткені, қой түннің әуелгі уақытында ұйықтап, таң атпай тұрып алады. Осылайша Алланың мейрімі түсетін таңғы уақытқа дөп түсіп, берекеге кенеледі. Ал ит болса, түнімен әупілдеп ұйықтамайды, сосын таң атар шақта барып ұйқыға кетеді. Осылайша Алланың мейірімі түсетін уақыттың шарапатынан мақұрым қалып, Құдай берекесін алып қояды, — деген екен абыз ғұлама. ⠀ ⚖️Бұл оқиға ойланған жанға көп нәрсені ұқтырары анық. Таңғы уақытты құлшылық-мінәжатпен, ойланумен, өз-өзіңе есеп беріп, өміріңді реттеумен, ақыретіңді бүтіндеумен өткізген жақсы.

Оқиғадан түйгеніңіз 👇🏻👇🏻
❤72👍8💊3👏2⚡1
Тәкәппарлық қалай байқалады?
“Мен одан артықпын”.
“Мен одан көп білемін”.
“Қыстырылмай ары жүрсе болады ғой”.
“Менде айфон 12, ал онда самсунг J1”.
“Неге маған сөз бермейсіңдер? Менің кім екенімді білесіңдер ме?”
“Мен КазГУ бітіргенмін. Ал ол Тұран ба, қыран ба, сондай бірдеңе оқыған”.
“Мені шақырғанда неге атақ-дәрежелерімді түгел айтпайсыңдар?”
“Көзіңе қарап жүрсейші, ей! Анау басыңдағы көз бе, без бе?”
“Мен Тойота камри мініп жүрмін. Ал ол митцубици галант”.
“Мен Мегадағы қымбат бутиктерден киінемін. Ал оныкі барахолканың арзан шүберектері”.


Мирас Кесебаев
📕“Мінезді өзгерту Алхимиясы” кітабынан
❤28👍7💊4
Ұйқы дегеніміз – ағзаның демалуы. Ұйықтау кезінде адамның денесімен қатар миы, жүйке жүйесі мен көзі де тынығады. Ал сіз жылдам ұйықтау үшін не істейсіз?

Кей адамдар ұйықтар алдында кітап оқығанды ұнатады. Оқып отырып ұйықтап кетсе, өзін таңертең сергек сезінеді. Ал енді біреулер ұйықтар алдында кітап оқуды ми мен жүйкеге артық күш санайды. Ал шын мәнінде ұйықтар алдында кітап оқыған дұрыс па?⬇️

Ұйықтар алдында жеңіл әрі қызықты кітаптарды оқуға болады. Себебі күнделікті жұмыстан шаршаған миың бірқалыпқа түсіп, басыңдағы шашыраңқы ойлар реттеледі. Ұйқыға жатқанда түрлі ойлар мазаламайтын болады. Сондықтан да кітап оқығанның пайдасы болмаса, зияны жоқ екен.


Ал сіз ұйықтар алдында неше бет кітап оқисыз?📚🤔
😍29❤18💊6👍3👏1
Телефон нөмірді қалай жаттау керек?

Телефон нөмірін жаттаудың мысалын білейік. 87717231876. 8 бен 7-ні жаттап керек емес, себебі барлық нөмір содан басталады. Енді цифрды жаттауға ыңғайлы болуы үшін бөлейік: 71 72 31 87 6. Әріптік-цифрлық код бойынша: 71-жылқы, 72-жигули, 31-шыбын, 87-зажигалка, 6-лай. Образ берсек: жылқы жигулиге мініп алған. Маза бермей жатқан шыбынды зажигалкамен күйдіремін деп, байқамай тормоз басып қалды да, алдыңғы терезеден ұшып түсіп, лайға күмп ете берді.

Мирас Кесебаев
📗“Супержады” кітабынан

Ал сіз телефон нөмірін ұмытпас үшін қандай айла тәсілдерді қолданасыз?
😁16❤11👀4💊3👍2🕊2
Жастық шақ

Жиырма жас - тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашанда әзір болу керек.

Бауыржан Момышұлы


Жастық шақ - адам өмірінің ең маңызды кезеңі. Себебі жастық шақта адам баласы жаңа өмірге бейімделіп, өмірлік бағатын анықтайды. Жастық шақта жасалған шешімдер мен таңдаулар өте маңызды.

Жастық шақ - адам баласының бойында қуаты тасып тұрған сәт. Энергияға толы осы кезеңді пайдаланған адам ғана өмірлік жетістікке жетпек.

Есдәулет Ергелді
“Жаңа өмірге Мотивация”
кітабынан
🔥22❤11👍2💊1
Әлемдегі ең үлкен Кітапхана🏫
😍33❤11💔5👍1
Конгресс кітапханасы - әлемдегі ең ірі кітапхана. Вашингтонда орналасқан, оның 470 тілде 155 миллионнан астам кітабы бар. Сонымен қатар, мұнда қолжазбалар, аудиожазбалар мен фильмдер сақталған. Ол сондай-ақ ең сұлудың бірі. Онда мектептер мен ғылыми ұйымдардан бастап, мемлекеттік мекемелерге арналған әдебиеттерге дейінгі әртүрлі сипаттағы әдебиеттер бар. Кітапханада 18 оқу залы бар, олар күніне 1500 адамды қабылдай алады.  Жалпы сандар туралы айтатын болсақ, кітапханаға жылына 1,7 миллионға жуық оқырман келеді, ал мұнда 3600 қызметкер жұмыс істейді.
❤32👍9😍5
Жар таңдаудың жарғысы

Жасаулы деп, малды деп байдан алма.
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма!

✍️Абай Құнанбайұлы
👍41❤12
АЛДЫМЕН ЖАҒДАЙ ЖАСАП АЛАЙЫН…

Ер жігіт болсын, қыз бала болсын, барынша ерте отбасын құрғаны абзал. Ер азаматтар 20-25 жас аралығында, ал қыздар 20 жасқа дейін, ары кетсе 21-22 жасқа дейін отау құрғаны дұрыс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 25 жасында үйленген. Кеш үйленудің зияны шаш етектен. “Таңдаған тазға жолығады” дейді қазақ. Әркімге бір көз салып, әркімнен бір мін тауып жүргенде, жасың өтіп, дәуренің бітеді. Кемшіліксіз пенде жоқ. Кемшілік атаулыдан ада - бір Алла ғана. Мінсіз еркек жоқ. Мінсіз әйел жоқ. Бәрінің бір “әттеген-айы” болады. Жоғарыда айтылған сипаттар табылып тұрса, тәуекел етуден қорықпау керек.

📝Қабылбек Әліпбайұлы
📘“Жан ұясы”
кітабынан
❤40😇6👍5
Біреу бізге түйткілін айтса, біз бірден шешімін табуға тырысамыз. Алайда неке арифметикалық есеп емес. Отбасыңда ең бастысы — қарым-қатынас.

🖊️
Гәри Чәпмән
“
Махаббаттың бес тілі” кітабынан
❤28👍8👏3
Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген...

Оның алғашқысы: ұят болады.
Екіншісі: жаман болады.
Үшіншісі: обал болады.

Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме дегені; жаным арымның садағасы дегені еді;

Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр дегені; жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деген еді;

Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін дегені еді.
❤54👍6💊6
Кеш жарық!✨
Қалайсыздар? Жағдайларыңыз қалай?
Бүгінгі күндеріңіз қалай өтті? Бүгін неше бет кітап оқыдыңыздар?📚
❤7👍1
Үнемдеу өнері

Үнемдеу-қажет емес кезде ақша жұмсамау. Қажет пен қалаудың аражігін ажырату мәселесі ғой. Мысалы, қарным ашты дейік. Түскі асты қай жерден ішемін? Жанымда бір ресторан бар. Орташа чек: 3500 тг. Одан бөлек бір кафе бар. Орташа чек: 2000 тг. Ресторанды қалтам көтереді. Нәпсім қалап тұр. Енді қалау мен қажет тұрғысынан қарап көрейік. Менің қажетім: қарнымды тойдыру. Ал ресторан-қалауым, қажетім емес. Демек, қалауымды шетке ысырып, қажетімді өтесем, үнемдеген боламын. Қажет емес кезде ақша жұмсамадым.💵✅

✍️Данияр Жігітбек
“Қаржы қағидалары
” кітабынан
👍41❤18
Өзіңіздің қаншалықты маңызды екеніңізді сезінің. Сіз бұл әлем үшін өте маңыздысыз. Өзіне деген құрметі, бағасы жоғары адамға ешқандай мотивацияның қажеті жоқ.

Адамдар бақытқа жету үшін көп ақша табу керек деп ойлайды. Бірақ байлық, жетістік, көлік, яхталар - бұл процесс емес, нәтиже ғана. Ақша - бұл сіздің тиімді қызметіңіздің жанама нәтижесі ғана.

Тиімді қызмет дегеніміз - бұл ресурстарды аз пайдалана отырып жеткен нәтижелер саны.

📝
Бақытжан Бұқарбай
“МАРҒҰЛАН БИЗНЕС ПЕН ӨМІР ТУРАЛЫ”
кітабынан
❤33👍8👏1
Қайырлы таң!
Бүгінгі жұма күнгі жасаған жақсылықтарыңызбен дұғараларыңыз қабыл болсын!✨
❤33
Табысқа жетудің бірінші шарты - бір мәселенің шешімі үшін үздіксіз ойлау қабілеті мен физикалық күш салу.

Томас Эдисон
❤32