Ең сүйікті жазушыңыз?⬇️
💊7
АДАМДЫ АДАМНАН АРТЫҚ ЕТЕТІН ДЕ, КЕМ ЕТЕТІН ДЕ — ЕҢБЕК
👍22❤12💯7💊3🥰2
ТӘУЕКЕЛСІЗ ЖЕҢУ — ДАҢҚСЫЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУ
Тәуекел жасауға не жетіспейді?
Біле білсек, адам баласының қолынан келмейтіні жоқ. Біздің бойымызда, оята білсек, түрлі қасиет жетіп артылады. Оның үстіне, құдіреті күшті Жаратушы шексіз ақыл-сана, қабілет-қасиет бергендіктен, “ұрыста-тұрыс жоқ”. Алайда көп адам тәуекел жасаудан қорқады. Сонда ондай жандарға қандай қасиеттер жетіспейді?
✍️Данияр Беркімбаев
📙”Нар Тәуекел” кітабынан

❤26
“Егер мен клиенттерден кері байланыс алу өз өнімдерімді немесе қызметімді жақсартудың өте тиімді құралы деп айтсам, Американы ашуым екіталай. Бірақ барлық компанияда кері байланыс алу процесі жоқ. Сонымен қатар, көптеген компаниялар клиенттерден алынған ақпарат пен не істеу керегін түсінбейді”.
✍️Бил Гейтс
✍️Бил Гейтс
❤19👏4💊2
Бата сұрау
“Баталы ұл — арымас, батасыз ұл — жарымас” деп, әр отбасы, әр бір азамат адамдық өмірде қариялар мен беделді, білімді, өнерлі кісілердің ықылас-батасы және ризықтарын алып отыруды өздерінің адамдық және азаматтық міндеті деп қарайды.
Ал, сіз, үлкен кісілерден жиі бата сұрап жүресіз бе?

❤27😍2
Елдің ертеңін ойлаған, ерлер
“Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырамыз” деген ұранды берік ұстанатын, Kitapal ұжымы өз жұмысын нақты, әрі тұрақты түрде жасауда. Бүгін 2024 жылдың кезекті екінші “Kitapal podcast” түсірілімі өтті.
Қонақта болған: Айна Досмахамбетқызы. Айна ханым “алғаш қазақ тілді SMM және копирайтинг курстарының авторы”.
Подкаст тақырыптары:
1. Саяхат
2. Әлуметтік ақпараттар көптігі
3. Спорт (суда жүзу) және т.б.

❤37
Достар, Сәрсенбенің сәтті күні қалай өтуде?
Бүгін спорт жайлы әңгіме қозғасақ. Адам өміріне, спорттың берер пайдасы мен зияны, қандай спортпен шұғылданған дұрыс, спорт жас таңдайды ма? деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Сіз өзіңізді спортпен айналысатын тұлға ретінде санайсыз ба?

❤25👍3
Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына тигізер пайдасы зор. Соның ішінде суда жүзу спортының орны ерекше. Бұл суда жүзудің пайдасы жайында Миннесота Университетінің ғалымдары зерттеу жүргізген. Олардың айтуынша, жас кезінде суда жүзіп үйренген адамның миы кеш "қартаяды" екен. Сондай-ақ, олар бойды сергітіп, жағымсыз әсерлерден арылудың бірден-бір жолы – осы екенін баса айтқан. Шаршаған денеңізге энергия, қажыған ағзаңызға иммунитет сыйлайтын бұл спорт түрінің сізге берер пайдасы өте көп.
❤42👍6
Сендер ел-жұртқа ізгілікті бұйырып, өздеріңді ұмыт қалдырасыңдар ма?! Өздерің кітап (Тәуратты) оқисыңдар, ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!
“Бақара” сүресі
“Бақара” сүресі
❤28👍5😍2
Болмау керек сүюдің жолы жаңа.
Қыз үлесі қашанда болу ана.
“Жаным” деген жігітті жек көрмеңдер.
Өзі сүю қыздардың соры ғана.
✍️Ақұштап Бақтыгереева
Қыз үлесі қашанда болу ана.
“Жаным” деген жігітті жек көрмеңдер.
Өзі сүю қыздардың соры ғана.
✍️Ақұштап Бақтыгереева
❤46❤🔥5💔4👍1
“Кітап оқитын адам өлмес бұрын, мың өмірді сүреді. Ешқашан кітап оқымайтын адам - тек бір өмірді сүреді”.
Джордж Мартин
Бір өмірді сүріп жүрген жоқсыз ба?
Джордж Мартин
Бір өмірді сүріп жүрген жоқсыз ба?
❤42👍14😍4
Қайырлы кеш достар!
Kitapal-дан айына неше кітап аласыз?
Kitapal-дан айына неше кітап аласыз?
❤11👍1
2024 жылдың Қаңтар айы. Яғни алғашқы айының да, бітуіне аздаған күндер қалды. Осы жылдағы бастапқы мақсаттарыңызды орындап үлгердіңіз бе?
❤22💔8💊1
Құранда:
Жүректер Алланы еске алу арқылы ғана жай тауып, толық қанағаттанады!
Ар-Рад 13:28

❤95👍6
һәм оларға: “Біз сендерді тек Алла разылығы үшін тамақтандырудамыз. Бұл жақсылығымыз үшін сендерден ешқандай қарымта да, алғыста күтпейміз”.
Инсан сүресі 9-аят.
Инсан сүресі 9-аят.
❤57👍5
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Нағыз досыңызға осы жазбаны жіберіңіз. Қуанып қалсын😁🫶🏻

❤38💘4💊3
Үн болмаса, гүл болмаса,
Бұлбұл деген - бір сұр құс.
Ар болмаса, ой болмаса,
Кеуде деген - бір қуыс.
Халық данылығы
Бұлбұл деген - бір сұр құс.
Ар болмаса, ой болмаса,
Кеуде деген - бір қуыс.
Халық данылығы
❤64😍9👍2💊2
Дәурен екі келмейді,
Шапқанда атың қамшыла.
Шапқанда атың қамшыла.
❤27👍4
Балықтар
Шамамен 500 миллион жыл бұрын қаңқасы бар алғашқы жануар — балықтар пайда болған. Қазір олар омыртқалы жануарлардың жартысына жуығын құрайды. Кішкентай теңіз атбалығынан бастап алып кит тәрізді акулаға дейін балықтардың пішіні мен өлшемі әртүрлі. Күшті бұлшық етті сүйір пішіні суда жүзуге ыңғайлы.
✍️“Жануарлар әлемінің білімдары” кітабынан

❤22
Forwarded from МИРАСТАН МАЗМҰН (Miras Kesebaev ️)
Жүгірген кезде қалай демалу керек?
Өткенде автобусқа мінгем, "Нағыз жігіт" кітабының алғашқы нұсқасын алуға баспаханаға қарай шыққанмын. Бір жігіт Kitapal Podcast-тан көрдім деп амандасып, ары қарай таныстық. Жасы 25-27-лердегі жігіт. Әңгіме барысында бірнеше баласы бар екенін айтты. Ерте үйленген бе деп туған жылын сұрадым. Сөйтсем 81-жылғы екен. Жасы 42-де.
- Жас көрінесіз, - десем, - Бала кезден жүгірумен айналысамын, - дейді.
Жүгірудің пайдасы ұшан-теңіз. Жарақат алу ықтималдығы жоққа тән. Ал жүгіру кезінде қалай демалуды білесіз бе? Біреуі мұрнымен, біреуі азуымен демалып жатады. Қайсысы дұрыс?
Демалған кезде ауа өкпеге толады. Диафрагма (көкет) төмен түседі. Бос орын пайда болғаннан жүректің көлемі өседі. Көлем үлкейген соң жүрек ішіндегі қанның айналымы баяулайды. Оны байқаған жүректегі нейрондар миға ақпарат жібереді. Ми жүректің соғысын жылдамдатады.
Демді шығарған кезде диафрагма жоғары көтеріледі. Орын тарылады. Жүректің көлемі кішірейеді. Қан айналым жылдамдайды. Нейрондар миға қайта ақпарат жөнелтеді. Ми жүректің соғысын баяулатады.
Ал енді маңызды кеңес:
1) Жүгірген кезде мұрынмен демалған дұрыс. Мұрында қаншама рецепторлар бар, түктер бар, шырышты қабат бар. Ауаны сүзгіден өткізіп, жылытып, ішке дайын күйде жібереді.
2) Жүгірген кезде мұрынмен қатарынан екі рет ішке дем алу керек. Сосын барып демді шығарамыз. Неге екі рет? Бірінші демнен өкпе толса, екінші демнен өкпе көпіршіктері толады. Каденс деген бар, әр қадамның басылуы. Оң аяғың жерге тигенде - бірінші дем, сол аяғың тигенде - екінші дем, оң аяғың жерге тигенде - дем шығару. Осылай демалсаң шатаспайсың.
Ақпарат пайдалы болса, бөлісіп жібер.

❤59👍22👌3