KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
480 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сәлем! Достар! Бүгін көрмеге келдіңіз бе? Егер үлгермесеңіз, 22-23 наурызда келіңіз. Сіздерді күтеміз. Кітаптарды Наурыз мейрамының құрметіне жеңілдікпен сыйлап жатырмыз.

22-наурызда 12:00-де автор Мирас Кесебаев шатырда болады. Қолтаңба қойып, суретке түсе аласыз. Бүгін автор Шразаддин Каниязов болды.

Достарыңызды ертіп келіңіз. Сіздер үшін ең жаұсы кітаптарды арзан бағамен беріп жатырмыз. Пайдаланып қалыңыз.

Арбатта одан бөлек күшті әндер, билер, қойылымдар жүріп жатыр. Ауа райы керемет!
👍20❤8🥰2
👶Балаға кітапты дауыстап оқудың қандай пайдасы бар? 5 себеп

Қазіргі уақытта балабақшаға барған балалардың сөздік қоры өте аз делінеді. Себебі үлкендер балаға кітап оқып беруді әдетке айналдырмаған. Зерттеулерге сүйенсек, балаға дауыстап оқу – оны оқуға, үйренуге, зерттеуге дайындайды.

🎧Балаға кітапты дауыстап оқу не береді?
1) Сөздік қор. Баланың сөздік қоры көп болса, оқуда оңай, түсінуге жеңіл, ойын жеткізу еркін болады.
2) Оқуға махаббат. Ата-анасымен бірге оқу арқылы балада оқуға, үйренуге қызығушылық пайда болады.
3) Жаңа білім. Бала кітапқа білімнің көзі ретінде құрметпен қарайды.
4) Сауаты ашылады. Сөзді дұрыс айтуды үйренеді. Оқығанының мазмұнын айта алады.
5) Миы дамиды. Баланың алғашқы үш жылында ми белсенді дамиды.
6) Ата-анамен байланыс. Бірге оқу арадағы жылы қарым-қатынасты дамытады.

➡️Баласы бар ата-аналарға бөлісіп жіберіңіз.
❤️Реакция аямаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤44👍19🤔1
🤔Оразаның сауабын Алланың Өзі берсе, намаз, зекет, қажылық ше?

⚫️Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мынадай керемет хадисі бар: «Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі үшін. Ал, ораза – Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін» (Бұхари, Муслим) деген құдси хадистің мағынасы не?

🔵Сонда оразадан басқа намаз, зекет, қажылық Алла үшін ұсталмай ма?

🟢Бұған ғалымдар былай жауап беріпті. Байқасаңыз, адам баласы басқа адамға, патшаға, билік пен байлық иесіне құрмет ретінде бас иіп, тіпті кейбіреуі белін бүгіп, одан зорлары сәждеге жығылғандай басын жерге тигізіп жатады. Ол қазіргі кезде де бар. Тура бір намаздағыдай қимыл жасайды. Бірақ ниеті – басқаның көңілін табу.

✅Дәл солай бір кісі басқа біреуге құрмет, сый ретінде ақша, байлығын беріп, көңілін аулап жатады. Тура бір зекет бергендей. Бірақ ниеті – кісінің көңілінен орын алу.

✅Тура сол сияқты кейбір адамдар бір жерді не затты қасиет тұтып, оны сипап, шүберек байлап, айналып, табынғандай әрекет жасайды. Дәл бір қажылықта жүргендей. Бірақ ниеті – затқа құлдық ұру.

https://t.me/kitapall

✅Ал оразаның жөні бөлек. Біреуге құрмет ретінде ауыз бекіте алмайсың. Біреуге барып: «Сен үшін ораза ұстап жүрмін» десең, ол өзін ешбір құрметті немесе қадірлі сезінбейді. «Айналайын, мен үшін жаныңды қинамай-ақ қой, аузыңды аша сал» деуі мүмкін. Ал оған басыңды иіп, тиын-тебен беріп, қолындағы қаламын «тәбәрік» деп жабысып алып қалсаң, оған «қой» демеуі мүмкін, себебі нәпсісіне жағады емес пе? Сол үшін ораза тек Алла үшін ұсталады. Тек Алла үшін, ол жерде адамның қатысы жоқ.

✅Бір жағынан оразада рия жоқ. Себебі сенің ауыз бекіткеніңді үйіңдегілер, жұмыстағы әріптестер, туыстар біледі. Сол үшін ауызашарға да шақырады. Сені біреу балағаттап жатса: «Мен оразамын» деп айта аласың. Одан оразаның сауабы түк кемімейді. Әрине, ешкім сұрамаса да «мен ауыз бекіткенмін» деп әлемге жар салудың жөні басқа. Ал садақа-зекет беріп жатсаң, рия кіріп кетуі өте оңай. Жеке өзің 200 тг мұқтажға садақа беріп жатып, танысыңды көріп қалсаң, «ұятты» деп 1000 тг беруің мүмкін. Сол сияқты түнде оқыған намазыңды күндіз айтқың кеп тұруы мүмкін. Қажылыққа барғанда түскен суретіңді әлеуметтік желіге жариялағың кеп тұрады.

✔️Міне, сол үшін оразаның сауабын Алланың Өзі ғана береді. Мұсылманның алғашқы қуанышы – ауыз ашарда болса, екінші қуанышы – құдаймен жолыққанда. Бірінші қуанышты бәріміз сезініп жатырмыз, енді екінші қуанышқа аман жеткізсін.

https://t.me/kitapall

👍❤️🔥 РЕАКЦИЯ ҚОЯМЫЗ

✔️ бөлісейік
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤51👍7😍3🕊2🐳1
“Оң қол” кітабын оқыдың ба? Қорыққан жоқсың ба?
❤47👀21👍18😭9
📚«АУЫЛҒА КІТАП АЛ» жобасының артында кім тұр?

Kitapal компаниясының миссиясы – Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру. Осы миссиядан мынадай мәселе шықты - ауыл жастарына заманауи кітаптарды қолжетімді қылу. Оны қалай істейміз? Соған орай «Ауылға кітап ал» деген жоба бастадық. Ол бойынша ауылдағы мектепке бір қорап кітап жібереміз. Бір қораптың ішінде 50 кітап бар, бағасы 150 мың теңге.

🛍Қанша ауылға жеткіздік?
Ауылдан шығып, қалада тірлік жасап жүрген жастарды және шағын кәсіпкерлерді ұйымдастырып, ақша жинатқыздық, өзіміздің кітап дүкендері арқылы да жинадық. Яғни, «өз ауылыңа, өзің бітірген мектепке кітап жеткіз, іні-қарындастарың оқысын» деген ұран болды. Осылайша 16 айда 222 ауылға кітап жеткіздік!!!

🎯Биыл мақсат қандай?
Бұл дегеніңіз дәл қазіргі уақытта 222 ауылдың балалары 11 мыңнан аса кітапты оқып жатыр деген сөз. Бұлар – ең пайдалы кітаптар, яғни өзін тұлғалық жағынан дамытуға, мамандық таңдауға, миссиясын табуға, ағылшын тілін үйренуге, жылдам оқып, есте сақтау қабілетін арттырып, әдет қалыптастыруға көмектеседі. Биыл 2024 жылы 400 ауылға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз.

🧑‍🎓Оқушылар не дейді? Бос қалған сөре
Кітап жеткен ауылдардың оқушыларының пікірлері керемет. Мектепке арнайы бір сөреге кітаптар қойылады. Сол жердегі волонтер бізге фото/видео отчет ретінде суретке түсіріп жібереді «міне, аманатты орындадым, жеткіздім» деп. Келесі күні тағы суретке түсіріп жібереді. Анау сөрелер жүз пайыз бос қалған. Өйткені бұл кітаптар оқушылар үшін өте қызық әрі сапалы.

📖Ескірген кітап
Өткенде бір кітапты суретке түсіріп жіберіпті. Анау кітап әбден ескіріп, сөгіліп кеткен екен. Сөйтсек бір жыл бойы оқушылар кітапты кезекпен оқып, қолдан қолға түсірмепті. Өзіңіз де ойлап көріңіз, 500 немесе 1000 бала оқитын мектепке 50 кітап деген жұқ болмайды. Бұл кітаптарды таласа-тармаса оқудың себебі – ауыл мектептеріндегі кітапханада мұндай кітаптар жоқ. Білесіздер, ол жерде «Стратегия - 2050», «Астана – Еуразия жүрегінде» сынды кітаптар тұрады, оқушылар үшін мүлде қызық емес.

📘Ұлттық кітапханаға кітап жетіспейді
Ауыл былай тұрсын, қала кітапханасында да жаңа кітаптар жетіспейді. Өткенде Алматыдағы ұлттық кітапханадан апай хабарласты. «Сіздің кітаптарды студенттер көп сұрайды. Әрқайсысынан 4-5 данадан әкеп бересіз бе?» дейді. Неге сатып алмайсыздар десем, бізде оған бюджет қарастырылмаған дейді.

PS:
«Ауылға кітап ал» жобасын халық боп атқарып жатырмыз. Оның артында тұрған – халық. Алдында тұрған – оқушылар. Сіз де осы жобаға қатысыңыз. Негізі сізсіз де жасалады, жасалып та жатыр. Бірақ соның ішінде болған дұрыс амал әрі керемет емес пе?

Толық ақпарат: https://t.me/+WHwCFVjr2y2bCTaH

🏐 бөлісеміз осы постты
💛реакция аямай қоямыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29❤16😍7🕊1
👀🔵Интервалды қайталау әдісімен ешқашан ұмытпайсың

XIX ғасырдың соңында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде уақыт аралығында қайталаудың пайдасы көп қайталаудан жоғары екені анықталды. Бұлай қайталау арқылы уақытты, күшті үнемдеуге болады. Оның да түрлері көп.

⌨️Эббингауз зерттеуі
Адамдардың ақпаратты жаттауы және ұмытуы әртүрлі. Ал жалпы адамдарға ортақ ұмытудың уақытын Герман Эббингауз деген ғалым зерттеген. Көптеген тәжірибе жасай отырып, жатталған ақпарат қанша уақытта ұмытыла бастайтынын көрсететін график жасаған.

Бұл график бойынша алғашқы қатесіз қайталаудан кейін ұмыту өте жылдам жүреді. Бір сағаттың ішінде барлық ақпараттың 60%-ы естен шығады. 10 сағаттан кейін жадыда жатталған ақпараттың тек 35%-ы қалады. Ары қарай ұмыту процесі баяу жүреді. 6 күннен соң жадыда жатталған ақпараттың 20%-ы қалады. 1 айдан соң да осы көлемде ақпарат қалады.

🔩Бұдан шығатын қорытынды – жатталған ақпарат енді ұмытылады-ау деген уақытта бір қайталап жіберу керек. Яғни, белгілі бір уақыт аралығында қайталау процесі міндетті.

🤔Қашан қайталау керек?
Жаттаудың түрлі әдісін (ассоциация, бейнелеу, мағына беру, т.б.) қолданып жаттаған ақпарат тағы бір рет қайталанбаса, бір сағаттан соң бұзыла бастайды. Адамның жадысы сондай. Жоғарыда айтқандай, алғашқы қайталау жаттап болған соң бірден жасалуы қажет.

❗️Егер ақпаратты жаттауға 2-ақ күн қалса, онда мына тәсілмен жаттау керек:
– Бірінші қайталау – жаттап бола сала қайталау;
– Екінші қайталау – бірінші қайталаудан кейін 20 минуттан соң қайталау;
– Үшінші қайталау – екінші қайталаудан кейін 8 сағаттан соң қайталау;
– Төртінші қайталау – үшінші қайталаудан кейін 24 сағаттан соң қайталау.

📖"Супержады. Есте сақтау қабілетін дамыту тәсілдері" кітабынан алынған үзінді.

➡️Пайдалы болады деген достарыңа бөлісіп жібер.
💛Реакция аяма.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍54❤24👀2🕊1
Ішің ашиды да

Бүкіл аймақты су алып жатыр. Көмектесейін десең, дым әсері жоқ. Оны мемлекет алдын алуы, жайғастыруы керек еді договор бойынша. Халықтың ақшасын жинап отырған билік оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Енді келіп дым істемей, мардымсыз әрекет етіп жатқанын көргенде, ішің ашиды. Өзің бірдеңе істегің келеді. Бірақ қолдан келер қайран жоқ. Соңында тағы да халық өз жарасын өзі жалап жазады. Жылда қайталанатын құбылыс.

Билікке халыққа жаны ашитын әрі білімді адам келмейінше, жағдай осы. Қазір көтеріліс жасап, билікті құлатсаң да, орнына дәл соның көшірмесі келеді.

Сондықтан, құрбы-құрдастарым, іні-қарындастарым! Оқиық, білімді болайық, билікке араласайық. Өз-өзімізді өзгертпесек, сырттан біреу келіп өзгертпейді.
🔥92❤46👍29😢5⚡2👀1
👍Ораза парыз болмай тұрып, Құран түскен еді

Ал Құран - Рамазан айында түскен. Осы айда көп Құран оқып, аяттардың мағынасын ашып, білім алып, қабілет үйренуіміз керек. Құр арабшасын зуылдатып оқи салу аздық етеді. Мықты маман болуымыз керек. Алладан келген хатты күттіріп қоймай, ашып оқиық.

📝Хадистерде Құран оқу жайлы былай дейді.

➡️“Кім Құран Кәрімді оқып, содан соң басқа біреудің одан да бағалы нәрсеге жеткенін ойласа, Алланың ұлылығын қадірлемеген болып саналады”.

↪️«Үмбетімнің ең ұлы ғибадаты – Құран оқу».

➡️«Сендердің ең жақсыларың Құран үйреніп, білгенін басқаларға үйреткендерің».

➡️Пайғамбарымыз (Алла Тағаланың сәлемі мен игілігі болсын): «Темірді тат басқандай, жүректі де тат басады», – деді. Сахабалар: «Тат баспау үшін не істеу керек?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Құран Кәрім оқу және өлімді көп еске алу керек», – деді.

↪️Сондай-ақ былай деген: «Кім «Наср» сүресінің ақырғы аяттарын таңертең оқыса және сол күні ажалы жетіп өлсе, оның маңдайына шейіттіктің мөрі басылады. Дәл сол аяттарды түнде оқып, таң атқанға шейін өлсе, онда да маңдайына шейіттіктің мөрі басылады»

(хадистер Имам Ғазалидің “Жүрек сырлары” кітабынан алынды)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤38👍8👏1
⏰ Мүмкіндіктерді жіберіп алма!
Мүмкіндік қай кезде пайда болады?
Мүмкіндік келгенде дайын бол!


Өмірдегі мүмкіндіктер автоматты түрде ашылатын есіктер сияқты. Сен қозғалмасаң, ол ашылмайды. Ал сен қозғалсаң, ашылады. Яғни, қозғалыс керек. Бірнәрсе үйреніп, тірлік жасап, ізденсең, мүмкіндіктер туа береді, шыға береді.



🟢Сен қазір кітап оқымауың мүмкін. «Одан не пайда? Одан үйренген нәрсемді қайда қолданамын?» деп. Сол сияқты ағылшын тілін де қажетсінбеуің мүмкін. «Дәл қазір шетелге кетіп бара жатқан жоқпын ғой. Оны қазір үйренуден не ұтамын?» деп.

🟢Өмірде екі жағдай жиі туады:
1) Сен бірнәрсе үйреніп бастағанда, соған лайық мүмкіндіктер туады. Мысалы, дизайнерлік программаны үйреніп алдың. Артынша «дизайнер керек» деген ұсыныстар түсе бастайды.
2) Тура соның керісіншесі. «Дизайнер керек» деген ұсыныс туады. Ал сен оған дайынсың ба, жоқ па, сол маңыздысы.

🟢Сондықтан жаңа нәрсе үйренуді ешқашан тастама. Сен үйреніп жатқан нәрсеге қатысты міндетті түрде ұсыныстар түседі. Бұл – өмірдің заңы.

🟢Шетелге шығуға ұсыныс түсіп, бірақ сен ағылшынша білмей, әдемі мүмкіндікті уысыңнан шығарып алуың мүмкін. Өмірде қажет болатын, заманның талабы болатын қабілеттерді ешкім айтпай-ақ үйреніп ал.

👍➡️Постты бөлісіп жібер.
💛Реакция аямасайш.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏61❤41👍20🏆3🔥2🤩2😍2🤔1🕊1🤝1
Ораза кезінде кешке жақын күшің таусылса, не істеу керек?

🔴Күшің таусылу деген – дым істегің келмей қалу деген сөз. Дым істегің келмей қалғанда тіпті кітап та оқуға да қалауың болмай тұрады. Бір қызығы – телефон шұқылауға, кино көруге күшің жетіп тұрады. Керек десеңіз, біреуге ұрсып беруге қуатың жетіп тұрады. Мұндайда не істеу керек?

🔵Энергия бойыңыздан басқа жаққа жоқ боп кетпейді. Тек бір түрден екінші түрге айналды. Оны қайтадан күш-қуат ретінде пайдалану үшін жасап жатқан жұмысты өзгерту керек.

🟢Мысалы, есеп шығарып отырсаңыз, енді әдеби кітап оқыңыз. Немесе адаммен пайдалы тақырыпқа сөйлесіңіз. Орындықта ұзақ отырсаңыз, онда атып тұрып, 500 метр жүріп қайтыңыз. Турникке тартылып, денені ары-бері айналдырып, бір-екі сілкіп алсаңыз, тың күш пайда болады.

🟡Кітап оқуға мұрша болмаса, онда жаяу жүріп отырып анаңыз не әкеңізбен сөйлесіңіз. Или дос, туыс, таныспен. Сол арқылы эмоционалдық энергияңызды толтырып аласыз.

🟢Физикалық жұмыстан шаршасаңыз, онда кітап оқып, пайдалы ақпараттар алып, интеллектуалдық энергияңызды көбейте аласыз.

🔴Олардың бәрі толып тұрса, сонда да бірнәрсе жетіспей тұрса, онда рухани энергияңыз азайып кеткен деген сөз. Онда жақсылық жасап, садақа беріп, Құран оқып, иманды күшейтетін сұқбат тыңдап, қуатты 100% қылып алыңыз.

⚪️🔵Мұндағы ең бастысы – физикалық энергияны дұрыс үлестіру. Ораза кезінде тамақ ішпегендіктен, түстен кейін физикалық энергия азаяды.

⚫️Кейде дым істемей, жай айналаға, табиғатқа, ойнап жүрген сәбилерге қарап отырып та, бірнеше қуатты жинап алуға болады.

👍Ауыз бекіткен досыңызға жіберіңіз.
💛Реакция күтеміз сіздерден.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤82👍20😍12🕊4🤝3🥰1
🌙Қадір түні Жәбірейіл келгенін қалай білуге болады?

Жәбірейіл періште уахи ғып Құранды толық түсірген соң, пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қайтыс болғасын, жер бетінде оған шаруа қалмады. Бірақ жылына бір рет Рамазан айында, Қадір түнінде түседі. Ол түні әрбір мұсылманмен сәлемдеседі делінеді. Ғалымдар осы сәттің қалай сезілетінін айтып кеткен.

1. Мұсылман пенде арқасы шымырлап, бойын ерекше күй баурап алады.
2. Сол сәтте дұға етіп немесе Құран оқып отырса, көңілі толқып, тамағына өксік тығылып, көзіне жас келеді.
3. Адам ерекше бір күйге бөленгенін өзі сезеді.

Әрине, біздің оны білуіміз шарт емес. Біліп, сезіп жатсақ, тіптен керемет. Бастысы - көп дұға ету, сену, рақымға бөленуге ұмтылу. Әсіресе, Құран оқу. Себебі бұл түн - Құран түскен түн.

🥲Алламен қауышатын күн - өміріміздегі ең жақсы күн болсын. Я, Раббым! Сен өте кешірімдісің. Кешіруді қалап тұрасың. Бізді, әлсіз, ұмытшақ пендеңді кешір. Бізді рақымыңа бөле. Кез келген рақымыңа мұқтажбыз. Өзіңнен басқа ешкімге мұқтаж қылма! Әмин!🤲🤲🤲
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤123👍12❤‍🔥8🥰5🤔1
«Шал мен теңіз»

Бұл кітап өте қысқа болғанмен, Нобель сыйлығын алған шығарма. Онда Сантьяго деген балықшы шалдың өміріндегі ең айтулы оқиға баяндалады. Кубалық балықшының торына біраз уақыт балық түспей, көпшіліктің мазағына ұшырап жүрген еді. Ол үміт үзбей үлкен балық ұстау үшін теңізге шығады.

🐠Бір күні өзі іздеген үлкен балық қармаққа түседі. Бірнеше күн бойы балықпен алысып, өмірін қайтадан көз алдынан өткізеді. Балықтың бірбеткей қайсарлығынан өзіне сай қарсылас тап келгенін түсінеді. Оны құрметтей отырып, ақыры қайыққа байлайды. Қайтар жолда акулалар шабуыл жасап, бүкіл етін жеп қояды. Жағаға құр қаңқасымен келеді.

📚Бұл кітап – табиғат пен адамның текетіресі іспеттес. Адамның қайтпас мінезі мен қайсарлығын суреттейді. Эрнст Хэмингуэй 1954 жылы Нобель сыйлығын алған.

Оқыдыңыз ба?

Орыс тілінде тегін оқу үшін KITAPAL приложениесін жүктеп, “Старик и море” деп іздеп, “электронды оқу” форматын таңдаңыз.

https://kitapal.kz/book/starik-i-more https://kitapal.kz/book/starik-i-more
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37👍22
“Бонапарттың үйленуін” оқыдыңдар ма?🤣🤣🤣

Дулат Исабековтың сатиралық туындысы күлкіден ішегіңді қатырады. “Гауһартасты” оқып бір жылап алсаң, біреуін оқып күлесің.

Мотвациялық кітаптардан, ақыл айтқыш коучтардан шаршағанда осы кітапты бір оқып алыңыз. Жан сарайыңыз ашылады.
❤45😍9❤‍🔥6👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін мына сұлулықты кім көрді? Рамазанның соңғы минуттары еді. Осы сұлулықты көруді нәсіп қылған Аллаға шүкір. Сағынышпен қимай кетіп бара жатқандай сезім қалдырды. Есте тек әдемілікпен, сұлулықпен, мейіріммен қалды. Кептеліспен әрең жететін Қаскелеңге ауызашарға Төле биден 18:15-те шығып, 18:30-да жетіп барғанымыз да бір мұғжиза іспеттес. Айналамыздағы әр сәтті Әл-Жәмилдің өнер туындысы ретінде сезініп жүре беруді нәсіп етсін!
🔥38❤30😍8👍7
https://youtu.be/cLiOcTgENdQ?si=BkI45Yr4zeWjTP3w

00:10 Кіріспе
01:00 35 жаста пианино үйрену
02:35 Кітаптан алған инсайттар
05:34 Неге зейін қоямыз?
09:00 Өз приоритетіңді өзің айқында!
12:20 Gallup әлемі
17:20 Бізді кері тартатын адамдар
20:07 Фокус пен Gallup қатысы не?
27:03 Салауатты салыстыру
32:00 Фокустан кейінгі өзгеріс
37:10 Біз неден қателесеміз?
41:50 Неге фокус маңызды?
46:34 Әлеуметтік желіден қалай құтыламыз?
51:33 "Фокусты оқыма!"
❤15😍2👍1
💛 Қол көтермейтін еркек, қол көтергізбейтін әйел тұратын үй 🏠

Қазір қоғамда дау боп жатқан оқиғаға үн қосқымыз келеді. Себебі асырасілтеушілер пайда боп, отқа май құйып жатқандар бар. Комментариймен бықсытып, жақсыны жамандап, жаманды арашалап, араға іріткі салып жатқандар да бар. Көпшілік ағы қайсысы, қарасы қайсысы, миы ашып, ажырата алмай, шатаса бастады ма, қалай? Бұған бас қатыратын аға-апаларымыз жан қайғы деп, топан сумен алысып, қолы тимей жатыр. Отбасыға қатысты діни кітап та, қазақстандық авторлардың кітабын да, әлемдік авторлардың кітабын да сататын дүкен ретінде дұрыс пікірімізді айтайық.

Отбасы – қасиетті жер. Кез келген ер мен әйел үйінде өзін шынайы ұстайды. Сыртта әдепті болуы мүмкін. Әрбір адам ашуланады, ақылға салады, шешім қабылдайды. Әкесі шешесін ұрмағандықтан, өзі де отбасында ешкімді ұрмайтын ерлер бар. Әкесі шешесін ұрғанын көріп өссе де, өзі ешқашан қол көтермеуге ант еткен және соған берік келе жатқан ерлер бар. Еркекті жылы сөзбен, нәзік қылығымен, әлсіздігімен ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын әйелдер бар. Еркектің намысына тиетін сөз айтып, ашындыратын әйелдер де бар. Жақсы тәрбие көріп өссе де, ашуын тізгіндей алмай, қол көтеретін әдет тапқан ерлер де бар. Қоғамда бәрі бар.

Ерлерге айтарымыз:
- Сенің қаруың – жауапкершілік. Отбасыңа, әйеліңе, балаңа жауаптысың. Алдымен жылы қарым-қатынас орнатуға, интеллектуалдық әңгіме-дүкен құруға, өмірлік мән тауып беруге, сосын барып қауіпсіздік, тамақ, үй, киім табуға тиіссің.
- Нағыз батыр – ашуын жеңген, соққы тигенде сабыр еткен ер. Әйелің ашуланса, ашуландырса, ашуын тарқатудың жолын тап. Мысалы, әзілмен, тәтті сөзбен, сыйлықпен. Келесі жолы ашулануға әкелетін жағдайға жеткізбе. Адам қаласа, кез келген нәрсенің кілтін табады. Оған деген ашуың тарқамай жатса, ақылға сал. Бұл бір жылдан соң маңызды бола ма? Әйелдің қадірін бір ашуға теңестірме. Бәрі де өтеді.
- Әйеліңнің махаббат тілін біл. Сыйлықты емес, серуендеуді ұнатуы мүмкін. Тәтті сөзді емес, бірге уақыт өткізуді ұнатуы мүмкін.
- Қоғамда ашық-шашық жүретін қыздар болады. Еркектің табиғаты бәрібір оны қалап тұрады. Сол үшін көзіңді тайдырып, өзіңе ие боп жүр. Көз аман болса, тән де, жан да аман.

Әйелдерге айтарымыз:
- Сенің қаруың – әлсіздік, мейірім. Ерге арқа сүйеу арқылы, әлсіздігіңді білдіру арқылы оны қуаттандыр, шабыттандыр. «Сен біздің қорғаушы, асыраушымызсың. Қолыңнан бәрі келеді. Сен барда ештеңе уайымдамаймын» десең, ерімейтін, арқаланбайтын еркек жоқ.
- Бірнәрсе ұнамаса, ашуланып тұрсаң, еркектің намысына тиме, қадірін түсірме. Яғни, «бізді дым қыдыртпайсың» деп емес, «Бізді қыдыртқаныңды қалаймыз» деу. Қалауыңды, сезіміңді білдіру.
- Күйеуіңнің махаббат тілін тауып ал. Сыйлықты емес, массажды ұнатар. Қыдыруды емес, үйде бірге жұмыс істеуді ұнатар.
- Күйеу есерсоқ, жынды, бас-көз демей, төмпештеп ұра беретін ақылсыз біреу болса, онда ағаңа, әкеңе айт. Бір сөйлесіп көрсін. Сонда да райынан қайтпаса, ақылын қолдана алмайтын айуан болса, ғұмырыңды, ақыретіңді құртатын адаммен араңды үзгенің дұрыс болар.
- Қоғамда ашық-шашық киіммен жүрме. Еркек қаласа да, қаламаса да кемінде бір рет көзі түседі, өйткені табиғаты солай жаралған. Ашық тұрған алтынды кім ұрламайды? Қоғамда санасы бұзылған, өзіне ие бола алмайтын ауру, зорлықшылар да бар. Оларға зорлық объектісі боп қалмас үшін барынша жабық киініп жүр. Жаман жерлерді айналып өт. Түнде жалғыз жүрме.

Барынша бөлісіп жіберейік✅
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤82👏14👍10🤝6❤‍🔥3💘1🦄1
“Гауһар тасты” кім оқыды?

Қайталап оқи бергің келеді. Тілі сондай көркем!

Соңы қалай біткеніне қандай пікір айтасың? Киносы ше? Ұнады ма?

Кітап сатылымда бар. Толық ақпарат: 8-777-572-22-33
🔥30❤16💔4👍3🥰2🍓2💘1🦄1