KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
480 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Өміріңді өзгертетін БІЛЕЗІК

Бәрі өмірінің өзгергенін қалайды. Біреу келіп өзгерткенін қалайды. Тура кинодағыдай. Басқа планетадан, елден, қаладан біреу келіп, коуч сияқты не істеу керектігін айтып, өмірін 180 градусқа бұрып жібергенін күтеді. Неге ырықсыз эффект? Неге сырттан күтеді? Неге өзін-өзі өзгертпейді?

Оңай әрі нәтижесі өте зор әдіс бар, білезік деп аталады. Жаман нәрсе айтпаймын, ойламаймын, іздемеймін, ешкімге ешнәрсе жайлы шағымданбаймын деп уәде беріп, қолыңызға әдемі білезік тағып алыңыз. Қарапайым резеңке білезік. Небары 3 апта шыдап берсеңіз болды. Алда-жалда жаман нәрсе айтып қойсаңыз, білезікті екінші қолыңызға ауыстырып, есепті қайта басынан бастайсыз.

Өміріңіз адам танымастай өзгереді. Істемей тұрып, жамандап шықпаңыз. Алдымен істеп көріңіз, сосын барып пікіріңізді айтарсыз.
👍54❤23👀8
Аздың қатарында болайық!

Шүкір етушілер аз…
Ойланатындар аз…
Өзіне есеп беретіндер аз…
Өзін өзгертетіндер аз…
Кітап оқып, пайдаға асырушылар аз…

Көппен жүріп адасқанша, жалғыз жүріп жол тапқан дұрыс.

Ал сіз қалай ойлайсыз?
❤101👍43😍16🤝7😁1
ҚЫЗДЫҢ ӘКЕСІ БОЛУ ДЕГЕН ҚАНДАЙ ӨЗІ?

Қызым дүниеге келгенде, өзімді әке ретінде дұрыс сезіне алмадым. Әйтеуір үйге береке енгенін анық сезіндім. Достарымда да сәбилер пайда бола бастады. Сөйтіп жүргенде екінші қызым дүниеге келді. Міне, сол кезде барып әке болуды жұлыныммен түсіне бастадым. Қыз баланың әкесі болу ұл баланың әкесі болу сияқты емес.

Сонда не түсіндім дейсіз ғой, айтайын:
1) Бойымда бұрыннан бар қасиет пе білмеймін, бірақ қыздардың шашын өріп, буып-түйіп, түрлі шаш үлгісін жасай алады екенмін.
2) Кейде әйелім жұмысқа ерте кеткенде, қыздарды ояту, жуындыру, киіндіру, тамақтандыру, балабақшаға апару деген өте ауыр-ауыр қызметтер туындайды. Бұлардың әрқайсысы бір атанға жүк болатын жұмыстар. Бірте-бірте амалын тауып, үйренесің.
3) Көбелегі бар футболка мен гүлі бар футболға бірдей емес. Екеуінің біреуін таңдау – өмірлік жар таңдаудан қиын жұмыс). Көбелегі бар көйлек киетін күні ол таза болмай немесе табылмай қалса, аспан айналып жерге түсті дей бер.
4) «Мама әдемі, ал папа кірпі» десе, дереу барып сақал-мұртыңды алып келесің. Қыздарың үшін сымбатты болуға тырысасың.
5) Бәрібір тырнағыңды бояп, ерніңе далап жағады, көзіңді бояйды. Одан құтыла алмайсың. Осы бастан солай болатынын нағыз жігіт ретінде қабылда.
6) Ойыңнан екі ауыз сөз құрай алмайтын басың енді неше түрлі қиял-ғажайып ертегі құрастырасың. Ол ертегіде қыздарың басты рөлде ойнауы керек. Әйтпесе саналмайды.
7) «Әкешім, әке, папа» деп қиыла қарағанда, жымиғанда, сол сәтте бүкіл байлығыңды беріп жіберуге дайын тұрасың. Ақшаңды да, көлігің, үйіңді де.
8) Таңертең төсегіңе келіп, бір уыс боп жатып, мойныңды құшақтап ұйықтағанда, нағыз бақыт пен махаббат осы екен дейсің.
9) Намаз оқып жатқанда үстіңе мініп, мойныңа отырып, мазаңды алса да, құлшылығыңа титтей де зиянын тигізбейді. Өзің іштей мәз боп тұра бересің.
10) «Әкенің күші көөөп» дегенде өзіңді қаһарман сезініп кетесің.

Ал тағы қандай сөздер қосар едіңдер?

(Мирас Кесебаевтың жазбасы)

Бөлісеміз
Реакция атамыз
❤111😍30👍13😭6🎉1
“Куюм, куйеум, күюім, куйеуім” деген сөздер әбден жүйке жұқартып бітті😅 жұбайым, байым, жолдасым деп айтуға да болады ғой.

Қатеге көзі сүріне беретін мен ғана ма? Әлде мән бермейсіңдер ме?⁉️

Тағы қандай сөз білесіздер?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37😁16👍10
Ең ауыр жүк - ой. Миға қандай жүк салып жүргеніңнен хабардар бол. Қоқысқа емес, қазынаға толтыр. Іші неге толса, сыртқа сол шығады. Іші қоқысқа толса, тілден заһар, қолдан қиянат төгіледі. Қазынаға толса, тілден даналық, қолдан жақсылық ағады.

Қазына - кітапта.
❤171👍15🔥6🐳4😍2💊2
Мартин Иденді оқып жатсаң, досың: “Соңында өліп қалады ғой, білесің бе?”

Гауһартасты оқып жатсаң, досың: “Салтанат күйеуінің кесірінен өледі”

Абай жолын оқып жатсаң, досың: “Абайдың басын жарады туыстары”

Оң қолды оқып жатсаң, досың: “Қызға жын кіріп кеткен” деп қойып қалады.

Сондай достарың бар ма?🤣
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁71❤19😭15👍8😢5🤔2
Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді

Көп ести бермейтін мәтелдің бірі. Намысқа қатысты қолданылады. Мысалы, бір қауымға қатысты дау туса, соның ішіндегі жасы үлкені сөз бастайды. Ондай жерде үндемей отыра алмайды. Сол қауымның ақсақалы, жасы үлкені ретінде жауапкершілік арқалайды. Жасың үлкен болғандықтан, сөз алдымен саған келетіндіктен, көп жерде тізгінді өзі қолға алуына тура келеді.

Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» еңбегінде Абылай хан жауға қарсы қандай қимыл жасау керектігін жиналған батыр, қолбасшылардан сұрайды. Ешкім үндемей, жерге қарап тұрады. Сонда арасындағы жасы үлкені Бөгенбай батыр сөз бастайды. Яғни, үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.
👏53👍19❤17😍7
АЯМАДЫ ҒОЙ…

...Желтоқсан оқиғасынан кейiн бiр күнi маған Қасым ағамыз (Қайсенов) телефон соғып:
– Сенiмен жолыққым келедi, – дедi.
Ол менi Жазушылар одағында күтетiн болды.
Сол уәделi жерде кездестiк. Оңаша бөлмелердiң бiрiнде отырып сөйлестiк. Әңгiме басталар-басталмастан ағамыздың еңкiлдеп тұрып жыламасы бар ма! Неге? Не үшiн? Не болып қалды? Түсiнсем бұйырмасын!
–Қасеке! Қасеке!–дей бердiм.–Сабыр! Сабыр! Не болып қалды?–дедiм не iстерiмдi бiлмей.
–Аямады ғой, аямады. Шырқыратып сабады ғой жастарды! Көрдiм! Өз көзiммен көрдiм! Бәрiн де! Бiрақ дәрмен жоқ. Түк iстей алмадым. Өйткен партизандығым құрысын! Фашистердiң өзi олай қорлай алмап едi. Қорлатпап едiк! Бұлар қорлады!
–Бiз бере алмасақ та, жазасын Құдай берер! Сабыр етiңiз, Қасеке!–деп жұбаттым.
–Бұлар баяғыда бiр рет өсiткен. Шаяхметов орнынан түскенде «Бiраз тайраңдап едiңдер, бостандықтарың бiттi осымен! Бiттi осылай, калбиттер!»–деп сабаған шетiмiзден. –Қасекең өксiп-өксiп алды да кiлт тоқтады. Содан кейiн: –Осыны айтайын деп келдiм. Ал қош бол, бауырым!–деп шығып кеттi».

Қадыр Мырза Әли. "Иірім"
💔47❤16👍6
https://youtu.be/l4S0Kmy6xXo?si=lO_S5VQ7aslsDbr_

Қазақ қандай көлік мініп жүр? Автоблогер Олжас Оқаспен подкаст

- Әкенің көрегендігі
- Қазір қазақтар қандай көлік мініп жүр?
- Неге қазақтар көлікті сату үшін алады?
- Шетелдегі шопырлар мен еліміздегі шопырлардың айырмашылығы
- Неге Яндекс такси сияқты қазақтың төл такси қызметі шықпай жатыр?
- Жастар өзін қалай дамыту керек?
- Қазақ тілі технология тілі бола ала ма?
❤18👍11
Менің бүлдіршін қыздарым үйде смартфон, теледидар, ноутбук бола тұра, “кітап оқып берші” деп миымды жеп қояды. Неге? Себебі өзім де үйде кітап оқимын. Бала әке-шешесінен көргенін қайталайды.
❤107👍35😍6🤝1
Жақында Нәрікбимен керемет сұқбат шығады. 20-30 жас арасындағы жастарды мазалайтын тақырыптарды талқыладық.
❤77🔥17😍13👍2🕊1
Біз нәтижесін бірден бермейтін іске құлықты емеспіз. Жақсылық істесек, қайтарымын артынша көруіміз керек. Ағаш ексек, биыл бірден жемісін жеуіміз керек. Ағылшынша үйренсек, екі аптадан соң сөйлеп тұруымыз керек. Намаз оқысақ, сауабын ақша түрінде бірден алғымыз келеді. Сауабын ақыретте алу деген біз үшін тым ұзақ. Сол үшін шығар, бір істе тұрақты бола алмайтынымыз.

Маңызды, пайдалы істер асықпай жасалады. Нәтижесін бірден бермесе де, белгілі бір уақыт өткен соң бұрқ етіп, аямай береді. Соған шыдам керек. Білімді тұрақты 3-4 жыл алу, ағаштың жемісін 5-6 жыл күту, жақсылықты үзбей жалғастыруды үйренейік.

Суретте еңбегінің нәтижесін 20 жылда көрген ерлі-зайыптылар берілген.
❤72🕊17👍12❤‍🔥7😍7🔥3🍓1
Түп-түзу ағаш жиһазға кетеді, қисық ағаш өсе береді (қытай мақалы)

Әркімнің өз қайталанбас табиғаты бар, өзіне ғана жарасатын қисықтығы, түзулігі бар. Сол үшін ерекшеміз, өзгеге қызықпыз. Бірақ жұрттың көңілінен шығамыз деп, түп-түзу болғымыз келеді. «Суретші боп қаңғып жүремін де! Өмір сүруге ақша таппай сенделіп қаласың» десе, суретшілік талантымызды тұншықтырамыз. Құрбыларым күледі деп, тоқыма өнерімізді жасырамыз. «Әке-шешем: «аудармашы болсаң, көп ақша табасың» деді» деп, мұғалім болу, үйрету қабілетімізді ысырып тастаймыз. Басқаша айтқанда, жиһаз болуға кетіп бара жатқан ағаштаймыз.

Жарайды, аудармашы да бол, күзетші һәм курьер де бол, бірақ талантыңды тұншықтырма. Бұлағыңның көзін аш. Сырттан біреу кеп құтқарады деп, бауыздалатын қойдай тырп етпей жатуды доғар. Тез келетін ақшаға қызығып, такси боп жүре беруді қойғын, айналайын. Бойыңдағы қабілеттеріңді қолданып, Айға ұмтыл!

Міндетті түрде бай болуың керек деген нәрсе жоқ. Адамның жүрегі тыныштық тапса, қалған ақшаның мәні болмай қалады. Ондай кезде ақшаны жақсылық жасауға аямай жұмсайсың. Ондай кезде бақыт деп – ұшақпен бизнес класста ұшуды емес, жалынды бір жасты қанаттандырып ұшыруды танисың.

Өзіңнен жұртқа ұнайтын түп-түзу жиһаз жасауға жол берме. Жұртқа ешқашан ұнамайсың. Бір қой берсең, неге екі қой бермеді деп тұрады. Түріктің мақалы бар: «Жақсылық жаса да, теңізге таста. Балық білмесе де, Халық біледі». Мұндағы Халық дегені – Әл-Халиқ – Алла Тағаланың есімі. Ниетің, ықыласың тек Алланың риза болуы, сүйсінуі, періштелерге сені көрсетіп мақтануы болсын.

👍Бөлісу
💛Реакция ату
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤159👍32😍6🤩5🔥4🥰2