Өміріңді өзгертетін БІЛЕЗІК
Бәрі өмірінің өзгергенін қалайды. Біреу келіп өзгерткенін қалайды. Тура кинодағыдай. Басқа планетадан, елден, қаладан біреу келіп, коуч сияқты не істеу керектігін айтып, өмірін 180 градусқа бұрып жібергенін күтеді. Неге ырықсыз эффект? Неге сырттан күтеді? Неге өзін-өзі өзгертпейді?
Оңай әрі нәтижесі өте зор әдіс бар, білезік деп аталады. Жаман нәрсе айтпаймын, ойламаймын, іздемеймін, ешкімге ешнәрсе жайлы шағымданбаймын деп уәде беріп, қолыңызға әдемі білезік тағып алыңыз. Қарапайым резеңке білезік. Небары 3 апта шыдап берсеңіз болды. Алда-жалда жаман нәрсе айтып қойсаңыз, білезікті екінші қолыңызға ауыстырып, есепті қайта басынан бастайсыз.
Өміріңіз адам танымастай өзгереді. Істемей тұрып, жамандап шықпаңыз. Алдымен істеп көріңіз, сосын барып пікіріңізді айтарсыз.

👍54❤23👀8
ҚЫЗДЫҢ ӘКЕСІ БОЛУ ДЕГЕН ҚАНДАЙ ӨЗІ?
Қызым дүниеге келгенде, өзімді әке ретінде дұрыс сезіне алмадым. Әйтеуір үйге береке енгенін анық сезіндім. Достарымда да сәбилер пайда бола бастады. Сөйтіп жүргенде екінші қызым дүниеге келді. Міне, сол кезде барып әке болуды жұлыныммен түсіне бастадым. Қыз баланың әкесі болу ұл баланың әкесі болу сияқты емес.
Сонда не түсіндім дейсіз ғой, айтайын:
1) Бойымда бұрыннан бар қасиет пе білмеймін, бірақ қыздардың шашын өріп, буып-түйіп, түрлі шаш үлгісін жасай алады екенмін.
2) Кейде әйелім жұмысқа ерте кеткенде, қыздарды ояту, жуындыру, киіндіру, тамақтандыру, балабақшаға апару деген өте ауыр-ауыр қызметтер туындайды. Бұлардың әрқайсысы бір атанға жүк болатын жұмыстар. Бірте-бірте амалын тауып, үйренесің.
3) Көбелегі бар футболка мен гүлі бар футболға бірдей емес. Екеуінің біреуін таңдау – өмірлік жар таңдаудан қиын жұмыс). Көбелегі бар көйлек киетін күні ол таза болмай немесе табылмай қалса, аспан айналып жерге түсті дей бер.
4) «Мама әдемі, ал папа кірпі» десе, дереу барып сақал-мұртыңды алып келесің. Қыздарың үшін сымбатты болуға тырысасың.
5) Бәрібір тырнағыңды бояп, ерніңе далап жағады, көзіңді бояйды. Одан құтыла алмайсың. Осы бастан солай болатынын нағыз жігіт ретінде қабылда.
6) Ойыңнан екі ауыз сөз құрай алмайтын басың енді неше түрлі қиял-ғажайып ертегі құрастырасың. Ол ертегіде қыздарың басты рөлде ойнауы керек. Әйтпесе саналмайды.
7) «Әкешім, әке, папа» деп қиыла қарағанда, жымиғанда, сол сәтте бүкіл байлығыңды беріп жіберуге дайын тұрасың. Ақшаңды да, көлігің, үйіңді де.
8) Таңертең төсегіңе келіп, бір уыс боп жатып, мойныңды құшақтап ұйықтағанда, нағыз бақыт пен махаббат осы екен дейсің.
9) Намаз оқып жатқанда үстіңе мініп, мойныңа отырып, мазаңды алса да, құлшылығыңа титтей де зиянын тигізбейді. Өзің іштей мәз боп тұра бересің.
10) «Әкенің күші көөөп» дегенде өзіңді қаһарман сезініп кетесің.
Ал тағы қандай сөздер қосар едіңдер?
(Мирас Кесебаевтың жазбасы)
Бөлісеміз
Реакция атамыз

❤111😍30👍13😭6🎉1
“Куюм, куйеум, күюім, куйеуім” деген сөздер әбден жүйке жұқартып бітті😅 жұбайым, байым, жолдасым деп айтуға да болады ғой.
Қатеге көзі сүріне беретін мен ғана ма? Әлде мән бермейсіңдер ме?⁉️
Тағы қандай сөз білесіздер?
Қатеге көзі сүріне беретін мен ғана ма? Әлде мән бермейсіңдер ме?
Тағы қандай сөз білесіздер?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37😁16👍10
Мартин Иденді оқып жатсаң, досың: “Соңында өліп қалады ғой, білесің бе?”
Гауһартасты оқып жатсаң, досың: “Салтанат күйеуінің кесірінен өледі”
Абай жолын оқып жатсаң, досың: “Абайдың басын жарады туыстары”
Оң қолды оқып жатсаң, досың: “Қызға жын кіріп кеткен” деп қойып қалады.
Сондай достарың бар ма?🤣
Гауһартасты оқып жатсаң, досың: “Салтанат күйеуінің кесірінен өледі”
Абай жолын оқып жатсаң, досың: “Абайдың басын жарады туыстары”
Оң қолды оқып жатсаң, досың: “Қызға жын кіріп кеткен” деп қойып қалады.
Сондай достарың бар ма?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁71❤19😭15👍8😢5🤔2
Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді
Көп ести бермейтін мәтелдің бірі. Намысқа қатысты қолданылады. Мысалы, бір қауымға қатысты дау туса, соның ішіндегі жасы үлкені сөз бастайды. Ондай жерде үндемей отыра алмайды. Сол қауымның ақсақалы, жасы үлкені ретінде жауапкершілік арқалайды. Жасың үлкен болғандықтан, сөз алдымен саған келетіндіктен, көп жерде тізгінді өзі қолға алуына тура келеді.
Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» еңбегінде Абылай хан жауға қарсы қандай қимыл жасау керектігін жиналған батыр, қолбасшылардан сұрайды. Ешкім үндемей, жерге қарап тұрады. Сонда арасындағы жасы үлкені Бөгенбай батыр сөз бастайды. Яғни, үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.

👏53👍19❤17😍7
АЯМАДЫ ҒОЙ…
...Желтоқсан оқиғасынан кейiн бiр күнi маған Қасым ағамыз (Қайсенов) телефон соғып:
– Сенiмен жолыққым келедi, – дедi.
Ол менi Жазушылар одағында күтетiн болды.
Сол уәделi жерде кездестiк. Оңаша бөлмелердiң бiрiнде отырып сөйлестiк. Әңгiме басталар-басталмастан ағамыздың еңкiлдеп тұрып жыламасы бар ма! Неге? Не үшiн? Не болып қалды? Түсiнсем бұйырмасын!
–Қасеке! Қасеке!–дей бердiм.–Сабыр! Сабыр! Не болып қалды?–дедiм не iстерiмдi бiлмей.
–Аямады ғой, аямады. Шырқыратып сабады ғой жастарды! Көрдiм! Өз көзiммен көрдiм! Бәрiн де! Бiрақ дәрмен жоқ. Түк iстей алмадым. Өйткен партизандығым құрысын! Фашистердiң өзi олай қорлай алмап едi. Қорлатпап едiк! Бұлар қорлады!
–Бiз бере алмасақ та, жазасын Құдай берер! Сабыр етiңiз, Қасеке!–деп жұбаттым.
–Бұлар баяғыда бiр рет өсiткен. Шаяхметов орнынан түскенде «Бiраз тайраңдап едiңдер, бостандықтарың бiттi осымен! Бiттi осылай, калбиттер!»–деп сабаған шетiмiзден. –Қасекең өксiп-өксiп алды да кiлт тоқтады. Содан кейiн: –Осыны айтайын деп келдiм. Ал қош бол, бауырым!–деп шығып кеттi».
Қадыр Мырза Әли. "Иірім"

💔47❤16👍6
https://youtu.be/l4S0Kmy6xXo?si=lO_S5VQ7aslsDbr_
Қазақ қандай көлік мініп жүр? Автоблогер Олжас Оқаспен подкаст
- Әкенің көрегендігі
- Қазір қазақтар қандай көлік мініп жүр?
- Неге қазақтар көлікті сату үшін алады?
- Шетелдегі шопырлар мен еліміздегі шопырлардың айырмашылығы
- Неге Яндекс такси сияқты қазақтың төл такси қызметі шықпай жатыр?
- Жастар өзін қалай дамыту керек?
- Қазақ тілі технология тілі бола ала ма?

YouTube
Қазақ қандай көлік мініп жүр, яндекс такси, қазақ тілін насихаттау | Kitapal podcast #26
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов автоблогер, журналист Олжас Оқаспен сұхбаттасады. Халықтың мінген көлігіне қарап әл-ауқатын байқау, қазақ тілін технология тілі ету, жастарды дамытудың жолдары, өз салаңда…
❤18👍11
Біз нәтижесін бірден бермейтін іске құлықты емеспіз. Жақсылық істесек, қайтарымын артынша көруіміз керек. Ағаш ексек, биыл бірден жемісін жеуіміз керек. Ағылшынша үйренсек, екі аптадан соң сөйлеп тұруымыз керек. Намаз оқысақ, сауабын ақша түрінде бірден алғымыз келеді. Сауабын ақыретте алу деген біз үшін тым ұзақ. Сол үшін шығар, бір істе тұрақты бола алмайтынымыз.
Маңызды, пайдалы істер асықпай жасалады. Нәтижесін бірден бермесе де, белгілі бір уақыт өткен соң бұрқ етіп, аямай береді. Соған шыдам керек. Білімді тұрақты 3-4 жыл алу, ағаштың жемісін 5-6 жыл күту, жақсылықты үзбей жалғастыруды үйренейік.
Суретте еңбегінің нәтижесін 20 жылда көрген ерлі-зайыптылар берілген.

❤72🕊17👍12❤🔥7😍7🔥3🍓1
Түп-түзу ағаш жиһазға кетеді, қисық ағаш өсе береді (қытай мақалы)
Әркімнің өз қайталанбас табиғаты бар, өзіне ғана жарасатын қисықтығы, түзулігі бар. Сол үшін ерекшеміз, өзгеге қызықпыз. Бірақ жұрттың көңілінен шығамыз деп, түп-түзу болғымыз келеді. «Суретші боп қаңғып жүремін де! Өмір сүруге ақша таппай сенделіп қаласың» десе, суретшілік талантымызды тұншықтырамыз. Құрбыларым күледі деп, тоқыма өнерімізді жасырамыз. «Әке-шешем: «аудармашы болсаң, көп ақша табасың» деді» деп, мұғалім болу, үйрету қабілетімізді ысырып тастаймыз. Басқаша айтқанда, жиһаз болуға кетіп бара жатқан ағаштаймыз.
Жарайды, аудармашы да бол, күзетші һәм курьер де бол, бірақ талантыңды тұншықтырма. Бұлағыңның көзін аш. Сырттан біреу кеп құтқарады деп, бауыздалатын қойдай тырп етпей жатуды доғар. Тез келетін ақшаға қызығып, такси боп жүре беруді қойғын, айналайын. Бойыңдағы қабілеттеріңді қолданып, Айға ұмтыл!
Міндетті түрде бай болуың керек деген нәрсе жоқ. Адамның жүрегі тыныштық тапса, қалған ақшаның мәні болмай қалады. Ондай кезде ақшаны жақсылық жасауға аямай жұмсайсың. Ондай кезде бақыт деп – ұшақпен бизнес класста ұшуды емес, жалынды бір жасты қанаттандырып ұшыруды танисың.
Өзіңнен жұртқа ұнайтын түп-түзу жиһаз жасауға жол берме. Жұртқа ешқашан ұнамайсың. Бір қой берсең, неге екі қой бермеді деп тұрады. Түріктің мақалы бар: «Жақсылық жаса да, теңізге таста. Балық білмесе де, Халық біледі». Мұндағы Халық дегені – Әл-Халиқ – Алла Тағаланың есімі. Ниетің, ықыласың тек Алланың риза болуы, сүйсінуі, періштелерге сені көрсетіп мақтануы болсын.
👍 Бөлісу
💛 Реакция ату

❤159👍32😍6🤩5🔥4🥰2
Тарихыңды біліп жүр! Сенің артқа сүйенерің, аяқ тірерің, түп қазығың, таянар іргетасың сол - тарих. Аштық зобалаңын ұмытпа. Келесі постты оқы 👇 👇 👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤33🤝6👍2🔥2
Тоғыз жасында алапат аштықты басынан кешіріп, бір үйлі жаннан жалғыз өзі тірі қалған жазушының жазбасы.
"…аштықтан әлім бітіп көзім қарауытып, есім бірде кірсе, бірде кірмей, тек кірпігім ғана қимылдап, жұртта қалған тастанды күшік сияқты шалажансар жатқан жерімнен ересек біреулердің тауып алып, сыртта тұрған шанаға апарып салғанын, үстіме киіз жауып қымтап жатқанын еміс-еміс білемін.
Сөйтсем бұлар аштықтан жаппай қырылып жатқан қазақ ауылдарын аралап, ең болмаса тірі қалған бала-шағаны аман алып қалу үшін қыстау-қыстауды аралап жүрген комсомол жасақтары екен.
Жолда бір жерге тоқтап, бір ұрттам ыстық ас бергенде барып есімді жинадым. Бізді алып келе жатқан екі адамның әңгімесіне құлақ түрдім. Олар бір қыстаудың есігін қар басып қалғанын көріп, күрекпен аршып үйге кіріпті. Ортасын нар пешпен бөлген үйдің кең зәменкесін айнала өліп жатқан балаларды көреді. Әке-шешесімен 11 баласы біреуі қалмай аштан өліпті. Осыны айтқанда делбе ұстаған жігіт еңіреп жылап келе жатты.
Қалқанды шананың ішінде менен басқа тағы бірнеше бала бар екен. Көбі басын көтере алмай әлсіз ыңырсиды. Бізді қалаға әкелгенде, шанадағы 9 баладан бесеуіміз тірі жеттік.
…Бізді Ырғыздағы панасыздар үйіне орналастырды. Онда тіпті қиын екен. Арық-тұрақ, өзі аш балаларды бит жеп өлтіргенін көзім көрді. Қыстың ұзақ түнінде таң алдында түзге шықтым. Дәретхана деп ойлап, оның қасындағы тақтай қойманың есігін ашып қалғанымда, отынға дайындаған сексеуіл сияқты төбеге дейін тіреп, жиып қойған өзім құрпы кішкентай балалардың өлі денесін көрдім. Сол жерде құлап қалыппын. Артынан біреу-міреу ішке кіргізіп тастапты.
…Нендей дерт екенін білмеймін жаңа ғана сүт ішіп, нан жеп отырған бала оқыс қисая кетіп қылғына бастайды да көзі ақшаңдап жүріп кетеді. Менімен бір кереуетте жатқан бес бала осылай өлді.
…Жазғытұрым ауруханадан шықтым. Киімді беріп жатқан орта жастағы қазақ әйелі еңіреп жылады. Мен «неге жылайсыз?» дедім. Сонда әлгі кісі көз жасын сүртіп: «Осында келген 50 баладан әне бір-екеуің ғана тірі кетіп барасың. Өмірің ұзақ болады екен» деді.
…Жаз шыққан соң балаларға ілесіп, қаланың түскей жақ шетінде «Итмола» деп аталатын тұстағы кірпіш басу үшін үңгіп қазған апанға бардым. Нән апандардың ішінде үйген тезекке ұқсатып, кішкентай балалардың басын жиып қойыпты.
Бақсам, қыста өлген балаларды көме алмай, апандағы қардың астына тастай беріпті.
…Аяғыма әрең тұрып қалаға алғаш шыққандағы көргендерім: ана көшеде аштан өліп жатқан шал, мына көшеде ыңырсып қайыр тілеген кемпір, жуа теріп құдықтың басына барғанымда аштан өліп қалған арыстай дәу жігітті көрдім.
Көшеде өліп қалғандарды күнде тәңертең арнайы адамдар келіп, жалаңаштап, тау-төбе қылып арбаға тиеп алып кетеді. Қаланың шетіндегі үлкен орға алып барып тастайды. Бұлардың бәрі ауылдан арып-ашып жеткен қазақтар еді.
…Және бір есімде қалғаны, анық білетінім: балалар үйі орналасқан қалада тұратын Грошев дейтін орыс саудагер, көзі қарауытып, аштан бұралып қорасына кірген қазақ жігітін табанда атып тастады. Жазықсыз жанды неге өлтірдің, деп сұрап жатқан ешкім жоқ. Бақшама түсті деп Нүри дейтін түрік тағы бір аш қазақты атып тастады. Қысқасы аштықтан әлсіреген қазақтарды кім көрінген атып тастап жатты.
…Менің бұл жазғандарым тоғыз жасымда басымнан кешкен оқиғалар. Өз көзіммен көрген сұмдықтар. Қаншама жылдан кейін есімде қалғандары ғана…
Осы аштықтан Ырғыз ауданы адамдарының оннан бірі, малының жүзден бірі ғана тірі қалды. … Бір шаңырақ астындағы үлкенді-кішілі он екі жаннан тірі қалған жалғыз мен ғана…
Автор: Өтебай ҚАНАХИН, Жазушының "Жер басып жүрсем" кітабынан үзінді

😢63💔30❤16😭15👍8🤔1
Жерлес эффекті
Отан – отбасынан басталады. Осы сөздің мағынасын терең түсіну керек. Бір отбасында елден ерек тұлға қалыптасса, үш тұлға қалыптасты дей бер. Себебі арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, артқысы да сонда жүреді. Көз алдында ағасының не әпкесінің бір пәннен олимпиада чемпионы немесе спорттан жеңімпаз болғанын көріп өскен бала соған талпынып өседі. Жетістік жұғады.
Қызық осы жерден басталады. Бір отбасының өзгеруі көршілеріне, көшесіне, қала берді ауылына әсер етеді. «Мен оны көшеде күресте жеңіп жүрмін ғой. Ал ол чемпион боп жүр» деп, көршінің баласынан озуға тырысады. Ол чемпион басқа қаланың, басқа елдің баласы емес. Көз алдында өскен, бірге ойнаған таныс бала. Екеуінің мүмкіндігі бірдей екенін ұғады. Басқа қаланың баласы чемпион болыпты десе, ол әсер етпес еді. Себебі оны елестете алмайды. «Ақшаға сатып алған шығар... Спортзалы мықты шығар... Тренері білікті шығар... Жолы боп кеткен шығар...» деуі мүмкін. Ал көрші баланың жеңімпаз болуы оған мықты шабыт береді.
Байқасаңыздар, бір ауыл түгел футболшы немесе қазақша күрестен мықты болуы мүмкін. Енді бір ауылдың балалары шетінен пәндерден мықты олимпиадчик. Неге? Бұл – жерлес эффекті. Мұндай ғылыми эффект бар ма, білмеймін. Өзім ойдан шығарып, ат қойып алғанмын.
Мұның жаман жағы да бар. Жерлестерің жаман әдетке үйір болса, оған еріп кету ықтималдығың жоғары.

❤41💯7👍5💔3
Ит өзін танымаған соң, айнаға қарағанда үре береді. Өз тарихын білмеген адам да солай.
👏66❤13💯6👍2