KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
480 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
НЕГЕ СҰЛУ БОЛМАДЫМ ЕКЕН...

Қарындастарым! Інілерім! Неге келбетті, сұлу болмадым деп арызданба, налыма. Адам сыртқы бір қабат терісімен сұлу болмайды. Құдай да пендесінің түрі мен киіміне қарамайды, тек жүрегі мен амалына қарайды. Сұлулық, қайталап айтам, бетте емес, жүректе, жүректе мекендеген рухта болады. Кімнің рухы сұлу болса, онысы адамның бетіне шығады. Мейлі оның ажары анау айтқандай әдемі болмауы мүмкін, бірақ оның рухының әдемілігі айналасындағы бүкіл тірі жанға әсер етеді.

Оған өзіңіз де талай рет куә болған шығарсыз. Бір адамды алғаш көріп тұрсаңыз да, ішіңіз жылы тартып, ағаңызды немесе әпкеңізді жақсы көргендей жақсы көріп тұрасыз. Оның түрі сол сәтте маңызды болмайды. Онымен сөйлескіңіз кеп, лебізін естіп, нұр шашқан жүзінен өзіңіз де нұрланып кеткендей күйде боласыз. Себебі оның рухы сұлу еді, сұлулығы жүзінен тарап, айналасына шашылды.

Рухтың сұлулығы дегеніміз не? Ол - көркем мінез, кішіпейілдік, жұмсақтық, кешірімділік. Құдай Тағала бір пендесін жақсы көрсе, Жәбірейіл періштені шақырып алып: “Мен мына пендемді жақсы көремін. Сен де жақсы көр” дейді екен. Жаратушы ұнатқан пендені ол қалай жақсы көрмесін? Ол барып бүкіл періштені жинап алып: “Пәленшеұлы түгеншені мейірімді Алла жақсы көреді. Сендер де жақсы көріңдер” деп хабарлайды. Содан рухани әлемдегі барлық жаратылыс сол адамды жақсы көргендіктен, жер бетіндегі адамдардың жүрегіне сол адамға деген махаббат салып қояды. Сөйтіп барлық адам өзіне алты аласы, бес бересі жоқ айдаладағы бір кісіні жақсы көріп жүреді. Не үшін екенін өзі де түсінбейді, тек жақсы көретінін біледі. Рухтың сұлулығы осылай көрінеді.

("Ойға терең бойла" кітабынан үзінді. Авторы: Мирас Кесебаев)
❤88👍18🥰6🤩3🍓2😍1
МЫНА 5 ТАҒАМНАН БАС ТАРТТЫМ, СОДАН АҒЗАМ 30 ЖАСТА!

54 жастағы Гарвард университетінің генетика саласының маманы Дэвид Синклер осылай дейді. Белгілі бір тағамдардан бас тартудың денсаулыққа және жастыққа қалай әсер ететінін айтып жүр.

Міне, негізгі айтқандары:
1. Тазартылған қанттар, яғни аппақ қант: Синклер тазартылған қанттардан бас тартқан екен. Өйткені олар инсулинге төзімділікке, қабынуға және созылмалы аурулардың жоғарылауына әкелуі мүмкін. Қандағы қант деңгейін тұрақты ұстау – ұзақ өмір сүру үшін маңызды кілт.

2. Өңделген еттер: Ол өңделген еттерден, мысалы, сосиска мен шұжықтарды ваще жемей қойыпты, өйткені олар қатерлі ісік және басқа да ауруларға апарып соғады. Бұл еттерде консерванттар және зиянды қоспалар көп.

3. Транс майлар: Көптеген қуырылған және өңделген тағамдарда кездесетін транс майлардан аулақ болу жүрек аурулары және басқа да жүрек-тамыр проблемаларының алдын алуға көмектеседі. Олар: чипсы, наггетс, попкорн, маргарин, спред, пончик, т.б.

4. Жоғары гликемиялық көмірсулар: Синклер қандағы қант және инсулин деңгейін көтеретін ақ нан мен макарон өнімдері сияқты жоғары гликемиялық көмірсуларды жемейді, өйткені олар қартаю мен салмақтың өсуіне ықпал етеді.

5. Жасанды тәттілендіргіштер: Ол метаболизмге және ішек саулығына теріс әсер етуі мүмкін жасанды тәттілендіргіштерді тұтынбайды. Оған не кірмейді дейсің, бәрі кіреді: тәтті судың, печеньенің, балмұздақтың бәрі соған тұнып тұр.

Синклер табиғи тағамдарға бай диетаның маңыздылығын және ұзақ өмір сүру мен денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтеді. Диетаға қоса, ұзақ өмір сүру үшін тұрақты физикалық жаттығулар жасап, ораза ұстап тұрады.

Өмір қымбат қой. Ол үшін кейбір тамақтардан бас тартқан жөн. Онсыз да басқа вариантар көп. Прям аш қалмайсыз.

Толығырақ ақпарат алу үшін, бейнероликті осы жерден көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=pUP0rSIu2TI
❤42👍25😍4
НЕГЕ ЖІГІТТЕР ӘЛСІЗ БОП КЕТТІ?

Осы сұрақты жиі еститін шығарсыз? Әркім өз білгенін айтар, өз басым жігіттердің әлсірегенін көрмедім. Қайта бұрынғыдан бетер өміршең, ширақ, сергек сияқты. Иә, ішінара суицид жасаған, әскерден қашқан, жылауықтарды да кездестіреміз. Меніңше, олар бұрында да болған. Тек бұрында интернет болмағасын аз ғана адам білуші еді, көпшіліктен жасырын қалатын. Қазір болып өткен жағдай бір сағаттың ішінде мұхит асып, шетелдік сайттарға шығып кетеді.

Мәселенің маңызына оралайық. Рас, әлсіз жігіттер бар. Енді оларды қалай күшейту керек?

Адам қай кезде әлсіз болады? Бойындағы күшін қолданбаған кезде. Мұнай жер астында әлсіз бір сұйықтық боп жата береді. Ал оны жер бетіне шығарып, бір шырпы жақсаң, ешкім өшіре алмайтын алып алауға айналады. Сол сияқты адамның, жігіттің бойында тек соған берілген ерекше дарын, талант, күш, ерік-жігер бар. Оны сыртқа шығару керек, ояту қажет.

Оны қалай оятамыз? Жауапкершілік алу арқылы. Ешкім жұмыс тапсырмаса да, өзің жұмыс, шаруа тауып алуың керек. Мысалы, «мен отбасымды кедей қылмаймын» деп, бақуатты болудың қабілет, әдеттерін үйренуге ұмтыласыз. Ол үшін спорт, білім, тәжірибе қажет. Мұндай миссиямен жүргенде әлсіреуге уақыт болмайды. Күшің күн сайын толып тасып жатқандай күйде боласың. Бойыңда бұрын өзің байқамаған таланттарды байқап, ұйқысынан тұрғыза бастайсың.

Мұндай жауапкершілік арқалаған жігіттер өзіне сенімді боп шығады. Ал сенімді жігіттердің әлсізі жоқ.

Бөлісеміз
Реакция атамыз
👍100❤34🔥13👏9🥰3🕊2🆒2
КІТАП ОҚЫП БАСТАҒАН АДАМҒА «АБАЙ ЖОЛЫН» БЕРМЕ!

Бір адам кітап әлеміне кіргісі келіп, жақындарынан қандай кітап оқуға кеңес бересің деп сұрайды. Ондайда әрбір қазақ азаматы мақтанышпен, ойланбастан, бірден: «Абай жолын» оқы!» дейді. Дұрыс қой, бізде «Абай жолын» оқымаған қазақ – қазақ емес» деген сөз бар. Анау адам жарайды деп, «Абай жолының» 4 томын алады.

Сол адамды бір айдан кейін көрсең, кітапқа ешбір махаббаты жоқ. «Абай жолын» да аяқтамаған. Басқа кітап та оқып жүрген жоқ. «Не боп қалды?» десең, «сөздері ауыр ма әлде маған ұнамады ма, аяқтай алмадым. Ары қарай кітапқа зауқым соқпай қалды» дейді. Онысы дұрыс.

«Абай жолы» өте керемет және өте ауыр кітап. Оны ұлттың энциклопедиясы дейміз. Жеңіл кітап болғанда қадірлі болмас еді. Басты қателік – осы кітапты жаңа оқырманға ұсыну. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» демекші, кітап әлеміне алғаш келгенде тілі жеңіл, оқиғасы қызықты, көлемі аз, біреуге әңгімелеп беруге болатын кітаптар ұсыну керек. Мысалы, Менің атым Қожа, Ұлпан, Жусан иісі, Балалық шаққа саяхат, Гауһартас, Қоңыр күз еді, Өлгендер қайтып келмейді, Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс, т.б.

Осыдан кейін оның кітапқа махаббаты оянады. Ары қарай қандай да болсын тілі ауыр кітаптарды оқимын десе, өз еркі. Бастысы іргетас қаланды.
👏70❤30👍19💯5💘2👀1🤝1🦄1
Жүректегі Құдай жаққан отты адам үрлеп өшіре алмайды.
❤106👍21❤‍🔥12🐳11🤗5
БІР НИЕТ: жақсылық та, жамандық та шығады

Ниет - амалдың рухы. Ниеттің мекені - жүрек. Барлық амал жүректі құбылту, өзгерту, жақсылық қалап тұратындай ету.

Адамдар төртке бөлінеді: Бірі малы бар болып, оны ілімге жұмсайды. Оны көрген адам «менің де малым болса, солай жұмсар едім» дейді. Екеуі де бірдей сауап алады.

Екіншісі, малы бар болып, оны тиісінше жаратпайды, яғни жамандыққа жұмсайды. Оны көрген адам «менде болса, мен де солай жасар едім» дейді. Екеуінің де күнәсі бірдей болады. Яғни, ниет амал секілді.

Ниет амал үшін емес, амал ниет үшін керек.

“Үйленіп, мәһірді бермеуге ниеттенген адам зинақорлық жасаған болады. Қарыз сұрап, қайтармауға ниеттенген адам ұрлық жасаған болады”.
👍57❤21🤔2😍2🤝1
БОС ЖҮРМЕ🚫

Хадисте «Алла Тағала бос жүрген жасты ұнатпайды» делінген. Сондықтан бос отырған жігіт шайтанның уәсуасасынан арыла алмайды және шайтан оның жолдасы болады. Жүрегі шайтанның ұясы болады.

Алланы зікір етуден басқа ештеңе оны ол жерден шығарып тастай алмайды. Бір кәсіпте немесе бір қызметте немесе бір істе жұмыс істеуі керек, өзін шайтаннан ажыратсын. Мұндай адамның оңаша отырғаны дұрыс болмайды.

Жүрек ісінде әлсіз болған адамдар өз денелерін бір нәрсемен шұғылдандыруы керек.

Бақыт формуласы. Имам Ғазали
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤101👍31👏4💯3🤝2
САБЫР ҚАЙ ЖЕРДЕН БАСТАЛЫП, ҚАЙ ЖЕРДЕН БІТЕДІ?

Сахабалардың бірі айтады: «Біз қиындықтарға шыдай алмаған иманды иман деп санамайтынбыз.

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: Сабырдың үш түрі бар. Ғибадатқа сабыр ету сауапты үш жүз дәрежеге көтереді. Харамға сабыр ету алты жүз дәрежеге, қиындықтарға сабыр ету тоғыз жүз дәрежеге арттырады.

Ізгілердің бірі бір қағазға мына аятты жазды: «(Уа, Расулым!) Раббыңның үкімі жүзеге асқанша сабыр ет. Шүбәсіз, сен Біздің назарымызда һәм қорғауымыздасың». Қай кезде қиындық келсе, осы қағазды шығарып оқитын.

Расулалла (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан: «Алланы ұлы санаудың бір жолы – ауруын айтып шағымданбау және басына келген бәлелерді айтпау».

Келген қиындыққа жылау және жүрегімен қынжылу арқылы сабырдың ізгілігі жойылмайды. Айқайлаумен, бақырумен, киімін жыртумен, шағымданумен жойылады.

Көркем сабыр – қиындық шегушіні басқалардан ерекшелендірмейтін сабыр. Яғни, қиындық шегуші басқалардың арасында білінбейді.

Олай болса киімін жырту, бетін ұру және айқайлау харам болады. Бәлкім, халін өзгерту, басқаша сәлде және киім кию секілді нәрселер дұрыс емес шығар. Қайтыс болған адамды сенсіз жаратылған және сенсіз кететін бір құл деп білу керек.

Риуаят бойынша, Сүләймнің анасы Румәйса былай дейді: Балам ауырған еді. Әкесі Әбу Талха кетіп қалған болатын. Ұлым өлді. Үстін жаптым. Қайтып келген кезінде «Науқас қалай?» деді. «Бүгінгі түнді жақсы өткізді» дедім. Сосын тамақ әкелдім, жеді. Басқа түндердегіден де қатты сәндендім, мендегі қалауына жетсін деп. Сосын «Пәлен көршіге қарызға бір нәрсе беріп едім, сұрағанымда қатты жылады» дедім. «Таң қаласың, қандай ақылсыз адамдар бұлар» деді. Сосын «Сенің ұлың саған Алланың сыйы еді. Біздің қасымызда қарызға жүрген болатын. Бүгін Алла Тағала оны кері қайтарып алды» дедім. «Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражиғун» деді де, ертеңіне бұл туралы Расулаллаға (с.а.с.) айтты. «Кешегі түніңіз мүбәрак болсын, сендер үшін үлкен түн еді» деді де, «Жұмаққа кірдім. Әбу Талханың әйелі Румәйсаны сол жерден көрдім» деді.

Бақыт формуласы. Имам Ғазали
👍39❤25😍5
👍Нұрсұлтан ұстазбен ғажап подкаст болды. Келесі апта күтіңіздер. Қандай тақырыптарға сұқбаттасқанымызды айтайық па?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍98❤30😍17🔥15🕊2
КІТАП ОҚЫҒЫҢ КЕЛМЕСЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Кітап оқығың келмесе, кітап оқитын достар табу керек. Солардың жанында жүріп кітап оқып кетесің. Солардың құрметі үшін, ұялғаннан қолыңа кітап аласың. Әсіресе, телефон істемейтін жерлерде бірге жиналып, арнайы уақыт белгілеп (мысалы, 1 сағат), кітап оқыған жақсы әсер береді. Мамандығы әртүрлі адамдар түрлі кітап оқып отырады.

Одан да жақсысы – оқыған кітапты талдау. Кім не түйді, қандай сөз не оқиға әсер етті, соны баяндап берсе, өзіне де сіңімді, өзгелерге де пайдалы болады. Жаныңдағы адамдардың пікірі қызық. Олар өз ойын қосады не талқылайды. Өзінің кітабында жазылған ақпаратпен параллель жүргізеді.

Сол үшін достардың кітап оқитынын тауып ал. 100% жұмыс істейтін, нәтиже беретін әдіс осы.
❤56👍16❤‍🔥9
Сырымбек Тау ағамен подкаст!👍 Өмірден үйренген сабақтарын терең түсіндірді. Алдағы уақытта күтіңіздер♾
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏47🔥16❤12👍5😍3🕊2
НОУТБУК, СМАРТФОН, КӨЛІК АЛУ ӨЗІҢДІ ТАНУҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ?

Ең алғаш ноутбук алатын кезде айтишник жігітке айттым: «Сен ноутбукты жақсы білесің ғой. Маған таңдап берші». Ол дүкен аралап жүріп айтып жатыр: «Мынаның процессоры жақсы екен, жылдам жұмыс істейді. Мынаның видеокартасы жақсы екен, ойын ойнайтын болсаң, қатпайды. Мынау орташа ноутбук, офис, презентация, кестемен жұмыс жасауға жетеді. Мәә, мынаны қара! Процессор 16 гига, 16 ядро, жесткий диск 1 тирабайт, видеокарта мощный, осыны алсаң, отдуши қолданасың!».

Алғаш смартфон аларда дәл осылай таңдап беруші еді.

Көлік аларда оның іші-сыртын ақтарып, функцияларын шемішкеше шағатын кісілер бар.

Бұларды не үшін айтып отырмын? Әр адамның өзіне ғана тән функциялары бар. Адам баласы машина сияқты бір зауыттан шыққан жоқ. Әрқайсысы әртүрлі, бір-біріне ұқсамайды. Адам баласын түгел танитын маман жоқ.

Ендеше не істеу керек?

Өзіңді тану үшін кітап оқу керек. Өзіңді өзің ғана тани аласың. Сені біреу тани алмайды. Себебі өзінде жоқ, сендегі бар қасиетті қалай түсіндірсін? Барды бар нәрсемен ғана түсіндіре аласың.

Түрлі кітаптарды оқи отырып, бойыңда жасырынған функцияларды анықтай бастайсың. Ұйықтап жатқан таланттарды оятуға қалауың оянады.

Адам – сондай күрделі жаратылыс. Тал бесіктен жер бесікке жеткенше өзіңді танумен, түзетумен, жақсартумен жүресің.

ТҮЙІН: кітап оқы.
❤77😍15👍11👌2
ДЕПРЕССИЯНЫ ІЗДЕМЕ!

Қоғамда депрессия жайлы айтылған сайын әркім өзін тексере бастады: «Осы менде депрессия бар ма? Бар болса, қалай көрінеді? Жоқ болса, неге жоқ?».

Сау басыңа сақина тілемей, жайыңа тыныш жүрген дұрыс. Дені дұрыс адам интернеттен әртүрлі симптомдарды оқып, солар өз бойында бар сияқты сезініп, ауру сияқтанып, ойға беріліп, түбі ауруға ұшырайды. Қазбаламағанда сау болар едің. Тек жүрсең, тоқ жүресің.

Жалпы кімде депрессия болады? Қоғамға пайдасы жоқ адамда болады. Себебі адам өзін біреудің керек еткенінде бақытты сезінеді. Адам солай жаратылған. Қоғамға пайдасын тигізгісі келетін адамда автоматты түрде миссия және мақсат пайда болады. «Мен қалай қоғамға пайда тигізе аламын?» деген сұрақ қояды өзіне. Осы жерде әркім өз бойындағы талантымен бере алады.

Жазушы кітабымен, инженер қабілетімен, дәрігер емімен, әнші әнімен, мұғалім білімімен, құрылысшы құрылыспен, т.б. бере бастайды. Бұл миссия өлгенше тоқтамайды. Яғни, қара басы жерге кіргенше беруді тоқтатпайды. Мұндай адамның бос уақыты болмайды.

Проблеманың бәрі бос уақыты барлардан шығады. Жұмысы жоқ адам не өзі азады, не біреуді аздырады. Бос уақыты бар адам – депрессия өсіп шығатын топырақ.
❤50👍15💊9💯7
🔔МИ САҒАН АСҚАЗАН ЕМЕС!!!

Асқазан өзіне ұнамайтын, көгерген, бұзылған тамақтарды қайта құсып, шығарып тастайды. Ал ми ондай емес. Не бересің, соның бәрін қабылдай береді, ала береді.

Бір күні неге мен арызқоймын, ойым негативке толы, неге дамымаймын, ақша таппаймын, үйім жоқ, күйім жоқ деме! Өйткені миыңды сондай ақпараттармен толтырғансың.

Сол үшін пайдалы кітаптар оқып, өзіңді ылғи жетілдіріп отыр. Жақсы кітап - жан азығы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥63❤39👍18🤝2
ТРАВМА СЫЛТАУ ЕМЕС!

Ауылда өстім. Балаларын ұрып тәрбиелейтін ортада ер жеттік. Арасында өзіміз де бұзықтық пен қателігіміз үшін таяқ жеп алатынбыз. Әке қолыңнан шымшып алатын немесе далаға шығарып жіберетін. Анаң шыбықпен сабайды, бірақ анаңдыкі тәтті емес пе? Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды демекші, бес минуттан соң ұмытып қаласың. Әрине, түсіну керек, бұл жылына 3-4 рет қана болатын нәрсе. Қалған уақытта ұрсу, қабағын шыту, жекумен бітеді. Әрине, ұрып тәрбиелеу дұрыс емес, бәрібір.

Бірақ бұл қазіргі психологтың пікірінше – травма. Яғни, мен осы жүрекке түскен жарақаттың кесірінен өз баламды да ұруым керек екен, көрген тәрбиемді қайталауым керек екен. Атаңның басы!!! Балаларым дүниеге келгенде ешқашан қол көтермеймін деп уәде еткенмін және соны орындап келемін. Қиын түгі де жоқ. Иә, кейде нәпсің түртіп, қаныңды ішіп қойғанда шымшып алғың келеді. Бірақ адам – шешім қабылдайтын еркі бар жаратылыс емес пе, сол үшін шымшымауды таңдаймын. Тіпті ұрыспаймын да. Иә, болады арасында ұрсып алу. Бірақ артынша құшақтап, ізін шайып жіберем.

Ауылда өстім дедім ғой жоғарыда. Әйелдерін ұратындарды арасында көріп қаламыз. Біреуі ішіп келіп ұрады, бірі ашуланып ұрады. Өте сирек көреміз. Ешкім үйдің сыртына шығармайды.

Бала жастан осыған куә боп өскен бұл жағдай мен үшін – қазіргі психологтың ойынша – травма. Яғни, мен осы жанға түскен жараның кесірінен әйелімді ұруым керек екен. Атаңның басы!!! Үйленбей тұрып-ақ әйеліме ешқашан қол көтермеймін деп уәде еткенмін. Қазір он жылға жақындап қалды, сол уәдеме берікпін. Қиын түгі де жоқ. Иә, кейде нәпсің түртіп, намысыңа тигенде шымшып алғың келеді. Бірақ адам – шешім қабылдайтын еркі бар жаратылыс емес пе, сол үшін шымшымауды таңдаймын. Тіпті ұрыспаймын да. Иә, болады арасында ұрсып алу. Бірақ артынша құшақтап, ізін шайып жіберем.

Травма деген менің ойымша – солай жасамау керек деген белгі. Лұқман хәкімнен әдепті қайдан үйрендің деп сұраса, көшедегі әдепсіздерді нұсқапты. «Қалай?» десе, «Солардың тірлігіне қарап, соны жасамауым керек деп шештім» деген екен.
💯48❤25👍13😍12👏4
БИЛЛ ГЕЙТС КІТАПТЫ ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?

Миллиардер және филантроп Билл Гейтстің кітап оқу әдісі ерекше. Ол үнемі білімін кеңейтіп, жаңа ақпараттар білгісі келеді. Міне, Билл Гейтстің кітап оқу тәсілі:

1. Оқу үшін арнайы уақыт бөлу:
- Гейтс күн сайын кітап оқуға бір сағаттан артық уақыт бөледі. Оны жұмыс ретінде қарастырып, бұл әдетті күнделікті тәртібіне енгізген.

2. Мақсатпен оқу:
- Ол ылғи белгілі бір мақсатпен оқиды. Жаңа тақырыпты түсіну, жаһандық мәселелер туралы пікір алу немесе жай ғана жақсы оқиғаға қызығушылықпен қарайды. Өз қызығушылығына сай келетін кітаптарды таңдайды.

3. Ескертпелер жазу:
- Гейтс кітап оқығанда, жиі коммент пен жазбалар қалдырады. Бұл оған материалды тереңірек меңгеруге және ақпаратты есте сақтауға көмектеседі.

4. Оқу керек кітап тізімі:
- Оның тізімі өте кең: ғылым, тарих, экономика, технология және көркем әдебиет сияқты тақырыптарды қамтиды.

5. Қарау және рефлексия:
- Кітапты аяқтағаннан кейін, Гейтс оқығанын қайта қарап, талқылайды. Ол көбіне блогында кітапқа шолу, қызықты мәліметтер жазады. Бұл әдіс оған ақпаратты өңдеуге және санада бекітуге көмектеседі.

6. Ұсыныстар:
- Гейтс өз ұсыныстарын блогы мен әлеуметтік желілерде жиі бөліседі. Осылай оқырмандарына жаңа кітаптарды таныстырады.

7. Кітапты аяқтау:
- Гейтс бастаған әрбір кітапты аяқтауға тырысады, тіпті ол қызықсыз болса да. Бастапқыда қиындық тудырған кітаптардан да құнды пікірлер табады.

8. Технологияны пайдалану:
- Гейтс баспа кітаптарын ұнатса да, саяхаттағанда электронды оқулықтар мен планшеттерді пайдаланады.

9. Авторлармен байланыс:
- Мүмкіндік болғанда, Гейтс оқыған кітаптарының авторларымен байланысқа шығады. Олармен сұхбаттасып, пікір алмасып, ризашылығын білдіреді.
❤64👍22😍11⚡4
КІТАП ЖАЗШЫ, ДОСЫМ!

Сен бір мамандықтың қыр-сырын білетін адамсың. Қарапайым біреуге сағаттап әңгіме соға аласың. Сені аузының суы құрып тыңдайды. Мысалы, дәрігер болсаң, ағзаның түкпір-түкпірін аралап, ешкім білмейтін мәліметтерді қарша боратасың.

Ал сені тыңдауға мүмкіндігі жоқ қаншама халық бар. Қарапайым ғана тіс тазалығын білмейтіндер қаншама! Пастаны щеткаға салып, тісті бір айналдырып шықсам болды, таза болады дейді. Ал тісті тазалаудың өзінің ережесі, жолы, әдісі бар, оған орташа 3-4 минут кетеді.

Ендеше сен тіс дәрігері ретінде тіс тазалығына арнап кітап жаз. Мейлі ол 50-ақ беттен тұрсын. Бастысы ол беретін ақпарат қандай маңызды. Талай адамның тіс саулығына себепкер боласың. Тіс сау болса, асқазан да сау.

Ал сен агроном болсаң, онда сол мамандық жайлы жаз. Ауылда ең көп не өседі: картоп, қияр, қызанақ, пияз, бұрыш, т.б. Осыларды қалай сапалы өсіру, зиянкестерді құрту, алма ағашын қалай егу туралы жаз.

Құрылысшы болсаң, үйді қалай салу, іргетастың диагоналын қалай шығару, шатырды қалай сапалы жабу, терезені дұрыс таңдау жайлы кітап жаз.

Осындай 100 кітап шықса, өсіп келе жатқан жастар үшін ғажап болар еді.
👍68❤20😍6
ҚАЙ КІТАПТЫ ОҚЫСАҢ, ҚАНДАЙ ПАЙДА БЕРЕДІ?

1. Ойлау мен сыни тұрғыдан талдауды дамыту:
- Мысал: Джордж Оруэллдің "1984" сияқты ғылыми-фантастикалық романдарын оқу әлеуметтік және саяси жүйелерді дұрыс сынай білуге көмектеседі.

2. Сөздік қорды және грамматиканы жақсарту:
- Мысал: Лев Толстой немесе Федор Достоевский сияқты классикалық әдебиеттерді оқу сөздік қорды байытып, тіл құрылымын жақсы түсінуге көмектеседі.

3. Стресті азайту және эмоционалды күйді жақсарту:
- Мысал: Антуан де Сент-Экзюперидің "Кішкентай ханзада" сияқты тыныштандыратын және шабыттандыратын кітаптарын оқу босаңсып, рахаттануға және көңіл-күйді көтеруге көмектеседі.

4. Таным көкжиегін кеңейту және мәдениеттерді тану:
- Мысал: "Мың бір түн" сияқты басқа мәдениет пен дәстүрлер туралы кітап оқу әлем мәдениетінің әртүрлілігін жақсы түсініп, бағалауға көмектеседі. Қызық қой, әр ұлт әртүрлі.

5. Концентрация мен зейінді жақсарту:
- Мысал: Артур Конан Дойлдың "Шерлок Холмс" сияқты детективтік романдарын оқу ұсақ детальдарға назар аударуды талап етеді және күрделі тапсырмаларға ойды шоғырлау қабілетін жаттықтырады.
❤46👍27🔥3🐳2
ҚОЗҒАЛ!

Бүкіл әлем қозғалыста. Қан тұла бойымызда зыр жүгіріп тынбайды. Жүрек бір рет демалған емес. Ұйықтасаң да, көзің қимылдап, денең аунақшып жатады.

Тіршілік те тоқтамайды. Бұлттар жөңкіліп жатыр. Су ағып жатыр. Жел соғып жатыр. Құстар ұшып, аңдар желіп, өсімдікке дейін тербеліп жатыр. Мынау точно қозғалмайды деген таудың өзі жылына 3-4 см жылжып жатыр.

Ғалам қозғалыста. Жер планетасы өз білігінен айналып, оған қоса Күнді де айналып жатыр. Күннің өзі планеталарды ертіп алып, Құс жолы галактикасын айналып бара жатыр. Бүкіл әлем кеңейіп барады.

Қозғалмайтын бір нәрсе ғана бар: ол – өлген адам.

Қозғалайық. Жүгірейік. Тырбанайық. Оқиық, ізденейік. Тек жатып қалмайық. Жатып қалған адамға ауру үйір. Ақпаса су сасиды. Қолданылмаған ми сасиды. Қозғалмаған бұлшық ет семіп қалады.
👍73❤30😁3😍3