KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
480 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
ЫҚЫЛАС (болған оқиға)

Аллаһтың әулие құлдарының бірінен:
- Ықылас тұрғысында сізге қатты әсерін тигізген қандай да бір оқиғаны бастан кешірдіңіз бе? - деп сұрады. Ол кісі:
- Иә, басымнан өткізгенмін, - деп, әңгімесін жалғастырды:

«Мекке Мүкәррамада ақша салған дорбамды жоғалтып алып, мұқтаж жағдайға душар болдым. Басрадан ақшаның келуін күтіп жүрдім, бірақ тым ұзап кетті. Шашым мен сақалым да қатты өсіп кеткен еді. Сөйтіп бір шаштаразға барып:
- Ешқандай ақшам жоқ, Аллаһ разылығы үшін шашымды қиып бересің бе? - деп сұрадым.

Дәл сол уақытта ол басқа біреудің шашын алып жатқан болатын. Дегенімше болмады жанындағы бос орынды көрсетіп: «Мына жерге отыр» деді де ана кісіні тастап, менің шашымды қия бастады. Ол кісі қарсылық көрсетіп еді, шаштаразшы:

- Айыпқа бұйырмаңыз! Сіздің шашыңызды берген теңгеңіз үшін қиып жатырмын, ал мына кісі болса, Аллаһ разылығы үшін сұрады. Аллаһ үшін орындалатын іс қай уақытта болмасын барлық нәрседен бұрын тұрады әрі оның ақысы болмайды. Сондай-ақ, Аллаһ үшін орындалатын істің құнын (сауабын) құлдар біле алмайды, өтей де алмайды, - деді.

Шаштаразшы шашымды қиып болған соң қоярда-қоймай қалтама бірнеше алтын салып жіберіп:
- Аса қажеттіліктерің үшін жұмсарсын. Шамамның келгені осы болып тұр, айыпқа бұйырма! - деді.

Бірнеше күн өткен соң Басрадан күткен ақша да келді. Жаныма бір дорба алтын алып әлгі шаштаразшыға апарып беріп едім:
- Ала алмаймын. Алла үшін істеген істің ақысын өтеуге құлдардың шамасы жетпейді. Сіз кете беріңіз, жолыңыздан қалмаңыз! Аллаһ амандық берсін! Сау-сәлеметте болыңыз! - деді.

Көнбеген соң, адалдық тілесіп өз арамызда кешірісіп ол жерден кетіп қалдым. Міне, содан бері қырық жыл өтті, бірақ күнде түнде тұрып сол кісіге дұға етіп келемін» деді.
❤107👍14😍7💊2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ИЛЬЯ ФРАНК ӘДІСІМЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЕШ ҚИЫНДЫҚСЫЗ ҮЙРЕН🫡

Мирас Кесебаевтың Илья Франк әдісімен жазылған “Кішкентай ханзада” кітабына алдын ала тапсырыс беру арқылы 1 айлық ағылшын тілі марафонына қатыса аласыз

Кітаптың ерекшелігі:
🔸Сөздіксіз 1 айда 1000 сөз жаттамай жаттау
🔸Кітапты аудармасыз ағылшынша оқу
🔸Әр бөлім бойынша QR код арқылы аудио-жазбалар бар

1 айлық ағылшын тілі марафонына дәл осы кітапқа алдын ала тапсырыс берген жандар қатыса алады. Марафонда қатысушылармен дәл осы Илья Франк әдісі бойынша 30 күн практика жүргіземіз🙌

Кітапқа тапсырыс + марафон құны = 5000тг
Төлем жасап үлгеру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз👇🏻

https://pay.kaspi.kz/pay/tpgw5o7v

чекті https://wa.me/77758461722
жіберіңіз
❤12👍6😍6🔥2😭1
СӨЗДІҢ ҚОРЫҢ КӨП БОЛУ ҮШІН ҚАНДАЙ КІТАП ОҚУ КЕРЕК?

Сөздік қорың көп болуы үшін көркем әдебиетті оқы. Қорың мол болған сайын қандай жағдайда қайсы сөзді қолдану керектігін миың реттеп отырады. Сөзің жұтаң болмай, бір-бірімен қабыспай қалмай, тізілген маржандай әдемі шығады.

Кімді оқу керек? Аллаға шүкір, қазақтың әдебиеті кітапқа бай. Қайсысын оқысаң да көркем сөздер жетіп артылады. Сәкен Жүнісовтың «Ақан серісін» оқы, Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпаны» қандай ғажап! Дулат Исабековтың «Гауһартасы» не тұрады? «Абай жолы» өз алдына бөлек әңгіме. Сайынның Жусан иісі мен Жабайы алмасы, Оралханның Қамшыгері мен Кербұғысы, Сәбиттің Ботагөзі, Әзілханның Махаббат, қызық мол жылдары, Мағауиннің кез келген шығармасы, Әбіштің маржан сөздері, айтсаң кете береді. Қайсысын оқысаң да тілің байып, сөзің молайып, шешен сөйлейтін боласың.

Дым оқымасаң, онда әр жерден естіген сөздеріңмен ғана сөйлейтін боласың. Ес же, анау ше, не ғой, брат, мынадай тема бар, че там, жәңілдегі деп жүрсең, дереу кітапқа жармас!

Әдеби кітапқа қайдан тапсырыс беруді білесің. Ол - Kitapal дүкені. 8-777-572-22-33
❤38👍14😁1
ТУРА ЖОЛҒА БАСТАЙТЫН КІТАП

Міне, (мұғжиза) Кітап. Онда (яғни, оның көктен түскен илаһи кітап екендігінде) еш күмән жоқ. Ол – (Аллаға толық бойсұнған, күнә атаулыдан барынша сақтанатын) тақуа жандарды тура жолға бастаушы.

(«Бақара» сүресі 2:2)

“Құран оқуды амалға айналдырып алмаңдар, керісінше Құран оқып ойланыңдар, ізденіңдер, үйреніңдер” деп ізгі адамдар айтып кеткен.


Жұма күнінің берекесіне бөлене беріңіздер, ойланушы адамдар💟
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤73👍6🕊4👏2
БІЛІМГЕ ҚҰРМЕТ

Адамды киіміне қарап қарсы алады, біліміне қарай шығарып салады. Білім кішіпейілділікке де, тәкаппарлыққа да апарады. Қылыш сияқты, жұмсақ ұстасаң қолыңды кеседі. Біліміңді бөліссең, көбейеді әрі өзің де қуанасың. Білім алғанша сол мәселе бойынша надан боласың. Дұрыс ұйықтауды білмесең, сол бойынша әлі надансың деген сөз.

Білім - кітапта. Күш - білімде. Білімді адамның мінезі көркем, әдепті келеді. Кім ондай болмаса, білімі менмендігін арттырып жатыр.
❤61👍4
ҰМЫТПАЙЫҚ!

Қазақстан тарихындағы қуғын-сүргін кезеңдері ең қайғылы оқиғалардың бірі. Бұл кезеңдер XX ғасырдың 20-50 жылдарында орын алған сталиндік репрессиялармен байланысты.

1930-шы жылдары сталиндік режим елдегі байлар мен ауқаттыларды "тап жаулары" ретінде айыптап, оларды жаппай репрессиялау науқанын бастады. Бұл кезеңде көптеген қазақ зиялылары, жазушылар, ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, дінбасылар қуғын-сүргінге ұшырап, атылып немесе лагерьлерге айдалды. Солардың көбін ұстап берген – жергілікті надан қазақтар, өзгені көре алмайтындар.

Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов сияқты ұлы тұлғалар осы кезеңде қуғындалды.

Қазақстан аумағында орналасқан еңбекпен түзеу лагерьлері - АЛЖИР (Акмолинский лагерь жен изменников Родины) және КарЛАГ (Карлаг) - сол кездегі қуғын-сүргіннің қасіретті символдары. АЛЖИР лагері әйелдер мен балаларды қамтыды, ал КарЛАГ - әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдерін қамтыды. Бұл лагерьлерде мыңдаған адам адам төзгісіз жағдайларда жұмыс істеп, өмір сүрді.

Осындай жағдай қайталанбас үшін халықтың көп бөлігін сауаттандыру керек. Көре алмау, қызғану, сатып беру сияқты жүрек кеселдерін емдеу үшін Имам Ғазалидің "Бақыт формуласы", "Жүрек сырлары" кітаптарын оқуды ұсынамыз.
❤45💔13👍6😍2🐳1
НЕ ҮШІН ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІ ОҚУ МАҢЫЗДЫ?

10 жасқа дейін баланың қияли әлемі қалыптасады. Сол уақытта ол ғажайыптарға сенеді. Ертегіде айтылған оқиғаларға, құстың, аңның, гүлдің сөйлегеніне нанады. Ертегіде сөйлеген тасбақаны ол шын деп қабылдап, шынайы өмірде оған зиянын тигізбейтін болады.

Ал 10-13 жасқа қарай, шамамен балиғатқа толатын шақта, өтпелі кезеңге аяқ басқанда, рационалды, логикалық ойлау жүйесі қалыптаса бастайды. Бұл жаста енді ертегіге сенбейді. Аяз атаның өтірік екенін біледі. Бұл жаста қандай ертегі оқып берсең де қабылдамайды.

Кім осы жасты өткізіп алса, онда баланың рухани әлемі бос қалды деген сөз. Яғни, ондай балада табиғатқа және оның мүшелеріне мейірімі аз болуы мүмкін. Илеудегі құмырсқаға су не от қойып, табанымен мыжуы мүмкін. Құсқа рогаткамен тас атуы мүмкін. Гүлді сындырып кетуі мүмкін.

Сол үшін, құрметті ата-аналар, балаларға жазғы демалысында ертегі, аңыз әңгімелер кітабын сыйлаңыздар.

Сол үшін, құрметті жастар, іні-қарындасыңызға, сіңліңізге қиялды дамытатын ертегілер апарып беріңіз. Бірге оқыңыз. Талқылаңыз.

Кітаптың дәмін бір татқан бала оның смартфоннан да мықты рахат сыйлайтынын түсінеді. Сөйтіп бір ауық кітап оқуға қалауы оянады.

Бұл постты енді бөлісіп жіберіңіз. Әйтпесе ертегі кітапты оқуды қажет деп таппайтындар жетерлік.

"Алтын сақа" балалар баспасының барлық кітабына 50% жеңілдік бар. Толық ақпарат және тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
👍27❤13🆒5
📌Оқып көріңізші…

So then (сондықтан) I chose another profession (басқа мамандық таңдадым:
«choose - chose - chosen» - тандау), and learned to pilot airplanes (ұшақ айдауды үйрендім: «learn - learned» - үйрену). І have flown a little over all parts of the world (әлемнің барлық бөлігінде аз-аздан ұшып өттім : «a little» - аздаған; «fly -flew -flown» - ұшу); and it is true (шындық) that geography has been very useful to me(мен үшін өте пайдалы болды: «useful» - пайдалы).

Ал енді дәл осы контекст кітап бетінде болса, оған қоса оқуға көмектесетін арнайы 30 КҮНДІК МАРАФОН болса қалай қарайсыз?😍

Арнайы Мирас Кесебаев & Kitapal ұжымы ұсынатын 30 күндік марафонға қатысуға шақырамыз🥳

🔹Марафонға қатысу арқылы:
-ағылшын тілін өте оңай әдіспен меңгересіз;
-сөздерді жаттамай жаттайсыз;
-жаңа дамушы орта қалыптастырасыз;
-Мирас Кесебаевпен онлайн сұхбаттаса аласыз;

Ең қызығы,марафон қатысушыларына “Кішкентай ханзада” кітабы сыйлыққа беріледі🎁

Басталу уақыты: 10.07.2024📌
Қатысу құны: 5000 тг💳

Төлем жасап үлгеру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз👇🏻

https://pay.kaspi.kz/pay/tpgw5o7v

чекті https://wa.me/77758461722
жіберіңіз
❤11👍7🎉2
ТҮРЛІ ЖҰМЫС ІСТЕП КӨРДІМ

Ол жұмысты істеу үшін түрлі қабілеттерді үйрендім. Мысалы, журналға дизайнер болу үшін Youtube желісінен Adobe Photoshop, Adobe InDesign, Corel Draw бағдарламаларын үйрендім. Бәрі дайын тұр. Практика жасасаң болғаны.

Содан бір күні фотограф керек деді таныс ағам. Жұмыстың фотоаппаратын сұрай тұрдым демалыс күнге. Сөйтіп қайтадан Youtube желісінен фотоаппараттың настройкасы, жарықта және қараңғыда қалай түсіру керек, жас жұбайларды қандай тұрыста түсірсе әдемі шығады, табиғатты қалай түсіру керек, тойхананың ішінде қалай түсіру керек – 5-6 сағат отырып үйрендім. Сөйтіп бірнеше тойды түсіріп тастадым.

Ауылда жүріп үй салуды, анау-мынау жеңіл электр құрылғыларын жөндеуді, малға қарауды үйрендік. Қалада жүріп ағылшын тілін, эксел кестемен есеп шығаруды, телефонда видео өңдеуді, журналист боп жаңалық жазуды, редактор боп тексті көркемдеуді, т.б. үйрендік.

Кейін қарап отырсам, солардың ешбірі текке болмаған екен. Бәрі ылғи көмегін тигізіп отырды. Босқа кеткен бірде-бір қабілет болмапты.

Демек, бұдан шығатын түйін: өмірге қажет қабілеттерді үйреніп алу керек. Керек емес қабілет болмайды. Көп білген сайын құндырақ боласың. Маман шақырмай, майда-шүйде жұмыстарды ыңылдап ән айтып жүріп өзің бітіріп тастайсың.

Жас кезде үйреніп қалу керек. Себебі бос уақыт өте көп.
❤81👍28🐳3💊3🤝2
ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ!

Біз, адам баласы біреудің кемшілігін оңай әрі тез көреміз. Сосын оны біреуге айтқымыз кеп тұрады. Неге солай екен, қызық?

Ал басқаның жақсылығын көре білу ше? Біреуден жақсылық көрсек, ол солай болуға тиісті деп тұрамыз. Тіпті біреудің жақсылығын көре алмаймыз.

Айтуға оңай болуы мүмкін, бірақ бір күн бойы айналаңыздан тек жақсылық іздеп көріңізші. Шыдай алар ма екенсіз? Әбден жаман жағын көріп, шағымданып, өсектеп үйреніп қалған біз үшін жақсы жағын көру қиын болуы мүмкін. Біраз сабыр етсеңіз, әлем тек жақсылықтан тұратынына көз жеткізесіз.

- Киімің әдемі екен, өзіңе жарасып тұр.
- Үйлерің қандай кең!
- Көлігің жайлы екен.
- Жасарып кетіпсің.
- Сұлу боп кетіпсің.
- Тісің маржандай екен.
- Мысықтарың сүйкімді екен.

Әңгімелесіп отырған адамыңыз бұған қуанады, көңіл-күйі көтеріледі. Сізге деген ықыласы оянады. Көріңіз.
❤50👍19😍1
КІТАП БАСЫҢА ПРОГРАММА ЖАЗЫП БЕРЕДІ

Қараңғы көшеде келе жатсаңыз, алдыңыздан бір бұзақы шығып, бөтен бір қызды қылғындырып, қолынан телефонын алмақшы болса, не істер едіңіз? Дағдарып қалар едіңіз. Бір орында қатып қалар едіңіз. Неге? Себебі сізде мұндай жағдай алғаш болып тұр. Мұндайда не істеу керектігіне арналған дайын программа жоқ.

Егер Бауыржан Момышұлының кітаптарын оқысаңыз, бас кейіпкер өзіңіз боласыз. Батырмен бірге шешім қабылдап отырасыз. Ол кісінің кітаптарында жалған жоқ. Ондағы оқиғалар сізге қайсарлық береді, руһыңызды шыңдайды.

Жоғарыда айтылғандай бір оқиғаға тап болсаңыз, ішіңіздегі қайсар руһ атып оянады. Ми кітаптан алған программаны іске қосып жібереді. Сол сәтте сіз жерден тас алып, әлгі адамның басын жаруыңыз мүмкін, ағаш алып бетінен салып жіберуіңіз мүмкін, өзін қылғындырып тастауыңыз мүмкін. Бастысы әлгі бейкүнә қызды құтқарып қаласыз. Бұл ісіңізге өзіңіз таңғалуыңыз мүмкін. Қайдан шыққан қайсарлық деп!

Мұны тек кітаптан алуға болады. Сол үшін кітап оқыңыздар. Көркем әдебиетті, әсіресе.
❤53👍17😁5😍1
КІТАП ОҚЫСАҢ ДА, ОҚЫМАСАҢ ДА УАҚЫТ ӨТЕ БЕРЕДІ!

Ендеше оны пайдалы қылып өткізейік. Пайдалы кітап оқиық. Жаз мезгілінде уақытты бос өткізбес үшін жақсы кітаптар оқып отырыңыз. Әсіресе, көркем әдебиетті. Kitapal дүкені классикалық әдебиеттерді қайта басып шығарып жатыр. «Қамар сұлу», «Оян, қазақ!», «Агата Кристи. Ғайып болған миллион», «Ақбілек», т.б. тілі көркем кітаптар бар.

Кітап жалықтырмайды. Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33 немесе сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
😍38❤23👍8👏3🕊2🤝2
ЖІГІТІНЕ РЕНЖІП, УКСУС ІШІПТІ

Осындай оқиғаларды естіп қаламын. Артынша жыным келеді. Сосын аяймын. Тірлігіне жыным келеді. Әлі терең ойланбайтыны үшін, надан болғаны үшін аяймын. Уксус ішетіндей қадірі бар жігіт жоқ шығар әлемде!

Айналайын, қарындасым, қарлығашым! Ешбір жігіт сенің уксус ішуіңе тұрмайды. Білем, сен өзіңді қадірлі сезіндіру үшін, жігіттің өкінуі үшін сондай қадамға барасың. Бірақ, білесің бе, соңында қиналатын өзің. Жігіттің мұрты да қисаймайды. Ол, керек десең, өзіне басқа қыз тауып алады. Ондай ақымақ жігіттер көп. Ақымақ жігітті ақыл таразысына салып, салмақтайтын, сынайтын, сезімге берілмей, суық ақылмен шешім шығара алатын ақылды қыздар аз, аңқау қыздар көп. Қызды алдамайтын, өтірік үміт сыйламайтын, қадірлейтін, ұяттан аттамайтын нағыз жігіттер аз.

Құрметті қарындасым, жас қыздар! Әсіресе, 1, 2-курс қыздары. Сезім қумай, махаббат іздемей, сабақтарыңды оқыңдар. Сезімнің ең шынайысы үйленген соң пайда болады. Оған дейінгісі – ғашықтық, гормондардың толқуы. Сондықтан миыңды сезімге емес, білімге толтыр.

Әдемі сөзбен құлағыңды қытықтайтын жігіттерге ерме. Нағыз жігіт болса, ондай әдемі сөздерді жаңа танысқан қызға айтып отырмас еді, ұялар еді. Жігіттің жауапкершілігі бар ма, жоқ па, сынап көр. Ондай қасиеті жоқ жігіттен арыстаннан қашқандай қаш.

Қыз деген тәкаппар болса, өзіне ешкімді жақындатпаса, жеңіл қолжетімді болмаса, ұяты бетін қызартып тұрса, кез келген жігітпен (группалас, сыныптас, әріптес) қол алысып, бет сүйістіріп амандаспаса, иманы денесінің жігітті еліртетін ұятты жерлерін жауып тұрса, қандай жақсы болар еді. Шіркін, қандай жақсы болар еді...
❤113👍21👏10😍3💔2
👍 KITAPAL ДҮКЕНІНЕН ДӘЛ ҚАЗІР АЛУҒА БОЛАТЫН 5 СЫЙЛЫҚ

1) @KITAPAL_BOT арқылы кітапқа тапсырыс беріп, 6 тегін кітаптың ішінен біреуін таңдай аласыз. Әрі кэшбек түседі.
2) "Алтын сақа" балалар баспасының 130 кітабының кез келгеніне 50% ЖЕҢІЛДІК 3 ай жаз бойы!
3) Тұрақты клиенттерге 15% жеңілдік және келесі саудаға кешбек.
4) Туған күн иесіне 20% жеңілдік.
5) Сейсенбі студенттерге 15% жеңілдік.

🚘 Алматы қаласы ішінде курьермен жеткізу, Қазақстан ішінде қазпочтамен жеткізу қызметі бар. Дәл қазір тапсырыс беріңіз. Толық ақпарат: 8-777-572-22-33

@kitapal_bot
@kitapal_bot
@kitapal_bot
❤17👍3👀2
ҚЫЗДЫ ЖЫЛАТҚАН КІТАП

Бірде таксиге отырдым. Шопырлар әңгімешіл болады ғой жалпы. Салған жерден «не жұмыс істейсің?» деп сұрау тастады.
- Кітаппен айналысамыз. Кітап басамыз, жазамыз, сатамыз.
- Ммм кітап деген жақсы нәрсе. Дұрыс.
- Иә, оқулықтан басқа барлық кітаптарды басамыз. Отбасы, бала тәрбиесі, діни кітаптар, мотивация...
- «Адамзаттың асыл тәжі» деген кітап бар ма сендерде?

Бұл сұраққа қуанып кеттім. Біздің хит кітап қой.
- Иә, біз шығарған кітап қой.

Шопыр сәл кідіріс жасады да:
- Өткенде бір қыз отырды таксиге. Қолында сол кітап тұр. Онымен кітап туралы әңгіме боп кетті. «Аға, білесіз бе, өмірімде ешқашан кітап оқып жыламағам. Мына кітап жылатты ғой алғаш рет» деді. Соншалықты не кітап ол деп қарасам, «Адамзаттың асыл тәжі» деп тұр екен. Содан аты есімде қалып қойыпты.
❤123👍21😍17🐳2
НЕ ҚАЛАЙТЫНЫН БІЛМЕЙТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ПОСТ

Адам өзін тануы керек. Өзін зерттеуі керек. Өзін іздеуі қажет емес, ол жоғалып кеткен жоқ қой. Дәл қазір ойы, тәні қай жерде, сол жерде тұр. Тек өзін тани алмай тұрғаны болмаса...

Өзін тану қалай болмақ? Кіммін, қайда бара жатырмын, қайдан келдім, мына өмірде кім болуым керек, т.б. сұрақтарға жауап іздесең, бәрі орын-орнына түсе қалады.

Өзіңді тануға көмектесетін кітап көп. Мысалы, Бақыт формуласы. Ол кітапты оқып, өзіңмен қоймай, басқа адамдарды да тани бастайсың.

Тышқан құсап жүгіре бермей, бір сәт тоқтап, ойлан. Жүгіріп жүріп өлесің де қаласың. Ал ойлану - өмірді асықтырмай, мәнін түсінуге көмектеседі.

Ал сіз қалай ойлайсыз?
❤76👍23🔥3😍1
ЖҰМАДА АНАҢА ДҰҒА ЕТ!

Жұма уақыты бейсенбі күні ақшамнан басталып, жұма күні аср уақытымен бітеді. Яғни, жұманың түнінде де дұға ете беріңіз.

Дұғаның ең жақсысы анаңа жасалғаны шығар. Ондай адамды салиқалы перзент деп атайды. Анаң мен әкең - жұмаққа апаратын ең жақын, оңай жолдар.

Білім алайық, қуантайық, сүйіншілейік, жақсы іс жасайық, жақсылыққа асығайық.

Өсек, өтірік, мақтаншақтық, жаман коммент жазу, жамандау, бос уақыт өлтіру - ең тиімсіз, ұнамсыз, жеккөрінішті, ақымақ адамның әрекеті. Одан аулақ болайық.

Жұманың берекесі бәрімізге тие берсін!
❤96👍15❤‍🔥2😍1🐳1
ТӨРТ АНАҢНЫҢ ОБАЛЫНА ҚАЛМА

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:

ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛI - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ-ДӘСТҮРІ -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және ТУҒАН ТАРИХЫ.

Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.

Мұхтар Шаханов

***
Шаханов поэмасына ЮНЕСКО тарапынан ерекше назар аударылуының басты себебi қазiргi кезеңдегi Орта Азия қоғамдық-философиялық ойлау деңгейiнiң жаңа белестерге қол артқандығынан емес – осы дара ақын туындысының бүгiнгi əлемдiк поэзиядағы жаңа биiктiк ретiнде мойындалуында жəне оның өз сана-түйсiгi арқылы ХХ ғасыр тудырған келеңсiздiктерге батыл күрес ашуында жатса керек.
Ханс-Петер ДЮРР, Нобель сыйлығының лауреаты


***
О.Шпенглердің «Еуропаның құлдырауы», Дж.Тойнбидің «Тарихты тағылымдау» шығармалары – сүйікті кітаптарым. Енді менің кітап сөремде Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы» атты поэмасы сол ойшылдар еңбектерімен қатар тұр.
Оскар АРИАССАНЧЕС, Нобель сыйлығының лауреаты, Коста-Рика Республикасының экс-президенті
👍20❤15🔥2😍1