ҒАЛЫМДАРҒА РАХМЕТ!
Ғалымдарға көп рахмет шын жүректен,
Қажетіне пенденің жараған мың.
Дыбыс деген нығметті естуі үшін,
Құлағында мүкісі бар адамның.
Ғалымдардан мықтырақ алып бар ма?
Адамзатты сүйреген жарықтарға.
Түрлі-түсті әлемді көрсетуде,
Қараңғыда сенделген зағиптарға.
Адам аз ба тағдырдан таяқ көрген,
Мүсіркеу де жаман ғой аяп берген.
Қолы жоққа ғалымдар қол жасатып,
Аяғы жоқ жандарға аяқ берген.
Ықылас керек екен жалындауға.
Жігер керек сынаққа бағынбауға.
Алғыс айтып, құрметпен бас иеміз,
Бірінші Алла, екінші ғалымдарға.
Ғалымдарға көп рахмет шын жүректен,
Қажетіне пенденің жараған мың.
Дыбыс деген нығметті естуі үшін,
Құлағында мүкісі бар адамның.
Ғалымдардан мықтырақ алып бар ма?
Адамзатты сүйреген жарықтарға.
Түрлі-түсті әлемді көрсетуде,
Қараңғыда сенделген зағиптарға.
Адам аз ба тағдырдан таяқ көрген,
Мүсіркеу де жаман ғой аяп берген.
Қолы жоққа ғалымдар қол жасатып,
Аяғы жоқ жандарға аяқ берген.
Ықылас керек екен жалындауға.
Жігер керек сынаққа бағынбауға.
Алғыс айтып, құрметпен бас иеміз,
Бірінші Алла, екінші ғалымдарға.
❤43👍7😍3
БАРЫНША ПАЙДА АЛУ ҮШІН КІТАПТЫ ҚАЛАЙ ТАЛҚЫЛАУ КЕРЕК?
1-BOLIM
Кітапты талқылау қызықты әрі пайдалы. Оқығаныңды жақсы түсінуге көмектеседі. Өз ойыңды басқалармен бөлісіп, өзіңді маңызды сезініп қалсың. Мына кеңестерді ұстансаң, тіптен жақсы.
1. Дұрыстап оқыңыз:
- Кітапты толық оқып шығыңыз және оқу барысында жазбалар жазыңыз.
- Негізгі сәттерді, ұнаған дәйексөздерді және туындаған сұрақтарды түртіп алыңыз.
2. Талқылауда белсенді болыңыз:
- Ойыңызбен, әсеріңізбен бөлісіңіз. Басқалардың пікірлерінен өзгеше болса да айтудан қорықпау керек.
- Басқа қатысушыларды тыңдаңыз және олардың пікірін құрметтеңіз.
3. Сұрақтар қойыңыз:
- Талқылауды ынталандыру үшін ашық сұрақтар қойыңыз. Мысалы: "Сіздер қалай ойлайсыздар, автор соңын неге осылай аяқтады?" немесе "Басты кейіпкер сізде қандай сезімдер тудырды?".
4. Кітаптың тақырыптары мен идеяларын талқылаңыз:
- Негізгі тақырыптарға, идеяларға және ғибратты түйінге, символикаға назар аударыңыз.
- Олар сіздің өміріңізбен немесе қазіргі оқиғалармен қалай байланысты екенін талқылаңыз.
5. Кейіпкерлер мен сюжетті талдаңыз:
- Кейіпкерлердің дамуын, олардың мотивтері мен іс-әрекеттерін талқылаңыз.
- Сюжет туралы сөйлесіңіз, оның күшті және әлсіз жақтарын, күтпеген жағдайлар мен кенеттен бітіп қалуын талдаңыз.
JALGASY ASTYNDA...👇

❤16👍5👏2😍1
БАРЫНША ПАЙДА АЛУ ҮШІН КІТАПТЫ ҚАЛАЙ ТАЛҚЫЛАУ КЕРЕК?
2-BOLIM
6. Сыртқы ресурстарды пайдаланыңыз:
- Кітап туралы пікірлер мен сын мақалаларды оқып, түсінігіңізді кеңейтіңіз.
- Өз әсеріңізді кәсіби сыншының пікірімен салыстырып көріңіз.
7. Кітап жазылған контекстті қарастырыңыз:
- Кітап жазылған тарихи, мәдени және биографиялық контекстке назар аударыңыз.
- Бұл автордың ниетін және шығарманың терең мағынасын жақсы түсінуге көмектеседі.
8. Параллельдер іздеңіз:
- Кітапты сол автордың немесе сол жанрдағы басқа шығармамен салыстырыңыз.
- Басқа оқыған шығармалардан айырмашылығы мен ұқсастығы туралы талқылаңыз.
9. Қорытынды мен өмірде қолдану:
- Кітаптан қандай қорытынды жасауға болады? Оны өміріңізде қалай қолдануға болады?
- Бұл кітап сізге не үйретті? Дүниетанымға қалай әсер еткенін талқылаңыз.
10. Оқырман клубын ұйымдастырыңыз:
- Егер сіз кітап клубына қатыссаңыз, барлық қатысушының пікір білдіруін қадағалайтын жетекші тағайындаңыз.
- Арнайы тақырыптар мен сұрақтармен талқылау жоспарын жасаңыз.
Осы ұсыныстарды ұстанып, кітап талқылауды мағыналы ете аласыз. Қатысушылар да ырза боп, өздеріне көп пайда мен рахат табады.

❤16👍5
АДАМДАР НЕГЕ РОМАН ОҚЫҒАНДЫ ҰНАТАДЫ?
Кім «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабын оқыды? Бас алмай, соңына жеткенше тыпыршып, соңына қарай «әлі де бітпесе екен» деп қимастықпен бітіргеніңізге бәс тігем! Романның соншалықты не құдіреті бар? Неге әлі күнге дейін сұраныста? Себебі:
1. Эмоцияны сезіну
Роман оқып, түрлі эмоция сезінеміз. Біз кейіпкерлермен бірге күлеміз, жылаймыз, уайымдаймыз, кейде қорқамыз. Осылайша күнделікті тұрмыстық мәселелерден алшақтап, басқа өмірдің бір бөлігі болып сезінуге мүмкіндік береді.
2. Шынайы өмірден қашу
Романдарда суреттелген виртуалды әлем біздің күнделікті өмірімізден айтарлықтай өзгеше. Автобуста оқып отырып-ақ күйбең тірліктен және стресстен алшақтап, шытырман оқиғаларға, романтикаға немесе фантастикаға баспен кіріп кетеміз. Сол арқылы демалып, ойымызды жинақтаймыз.
3. Қиялды дамыту
Кітап оқу о бастан қиялымызды дамытады. Біз кітаптарда суреттелген кейіпкерлердің, орындардың және оқиғалардың бейнелерін өзіміздің ойымызда жасаймыз. Бұл тек шығармашылық ойлауымызды дамытуға ғана емес, сонымен қатар абстрактілі ұғымдарды елестету және түсіну қабілетімізді жақсартады.
4. Өзін-өзі тану және басқаларды түсіну
Романдарда көбіне адам сезімдеріне қатысты, қарым-қатынаспен және моральдық дилеммамен байланысты тақырыптар қозғалады. Кейіпкерлердің сезімі мен тәжірибесін оқи отырып, біз өз сезіміміз бен көзқарасымызды жақсырақ түсіне аламыз. Сонымен қатар, басқа адамдарға жанашырлықпен қарап, оларды түсінуді үйренеміз. Сөйтіп мейірімді, шыдамды боп шыға келеміз.
5. Сөздік қорды, білімді арттыру
Романдар біздің сөздік қорымызды байытады. Жазу сауатымызды жақсартады. Кітаптан жаңа сөздермен, тіркестермен және жазу стильдерімен танысамыз. Көптеген романдарда тарихи, мәдени және ғылыми фактілер бар, сонысымен қызықты.
6. Әлеуметтік байланысты күшейтеді
Оқыған кітаптарды кітап клубтарында, форумдарда немесе достарыңмен талқылау деген күшті сезім сыйлайды. Сөйтіп өзіңмен пікірлес адамдарды табасың.
7. Жеке даму
Романдар көбіне қиындықтарды жеңу, мақсатқа жету және тұлғалық өсу туралы әңгімелерді қамтиды. Бізді ерлік жасауға, жаңа өзгерістерге шабыттандыра алады. Біз кейіпкерлердің қателігі мен жетістігнен пайдалы сабақ аламыз.
---
Сүйікті романдарыңыз болса, төменде бөлісіңіз. Мысалы, "Жүрекке билет".

❤28💯5🍓2
ИЛЬЯ ФРАНК ӘДІСІМЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЕШ ҚИЫНДЫҚСЫЗ ҮЙРЕН‼️
Сіз үшін тағы да бір МҮМКІНДІК😌
Кітаптың ерекшелігі:
🔸Сөздіксіз 1 айда 1000 сөз жаттамай жаттау
🔸Кітапты аудармасыз ағылшынша оқу
🔸Әр бөлім бойынша QR код арқылы аудио-жазбалар бар
1 айлық ағылшын тілі марафонына дәл осы кітапқа алдын ала тапсырыс берген жандар қатыса алады. Марафонда қатысушылармен дәл осы Илья Франк әдісі бойынша 30 күн практика жүргіземіз🙌
Кітапқа тапсырыс + марафон құны = 5000тг
Төлем жасап үлгеру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз👇🏻
https://pay.kaspi.kz/pay/tpgw5o7v
чекті https://wa.me/77770960797
жіберіңіз

👍6❤4
Al siz ne oilaisyz?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤38👍20🤝3
ҒЫЛЫММЕН ШҰҒЫЛДАН, БІРАҚ МЫНАНЫ ҰМЫТПА
Аспан не үшін жаратылған деген сұраққа жауапты Құраннан табасыз. Ал аспан қалай жаратылған деген сұраққа жауапты өзіңіз табасыз. Ол - ғылым деп аталады.
Барлық ғылым дінмен ұштасады. "Неге?" деген сұраққа дін жауап береді. Біз кімбіз, қайдан келдік, қайда барамыз, адамның жаратылу мақсаты қандай, т.б. сұрақтардың жауабы Құранда жазылып тұр.
Ал енді қалай деген сұрақ адамзаттың еншісіне қалады. Найзағай қалай соғады, тау қалай пайда болады, ғарышқа қалай ұшады, аспанның көк түсті болуы неден туындайды, кесірткенің құйрығы қалай қалпына келеді, ара қалай ұясын адаспай табады, т.б. сұрақтарға ізденіп, жауап табады.
Ең алғашқы бұйрық әрі аят: "Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!" деп келгенін білеміз. Демек, әр ғылымның артында Алла Тағаланың шеберлігі тұр. Соны танып, біліп, таңғалып, иманың артады. Әрі сол білімді өзге адамның игілігіне жаратасың. Пайдаңды тигізесің.

👍64❤26🔥13
📚 Марк Зузактың "Кітап ұрлайтын қыз" кітабы: Сөздің қуаты мен рухтың беріктігі туралы оқиға ✨
Құрметті оқырман, бұл кітап әлем бойынша миллиондаған адамның жүрегін жаулаған. Киносы да бар.
🔖 Сюжеті: оқиға нацистік Германияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде болады. Басты кейіпкер Лизель Мемингер, отбасынан айырылған қыз. Лизель асырап алған әкесі Ганстың көмегімен оқуды үйренеді. Ол кітапханадан кітап ұрлап оқиды. Соғыс сұмдықтарына қарамастан, кітаптардан жұбаныш табады, оларды жасырын оқиды. Оқиғаны өлімнің өзі баяндайды. Өлімнің көзімен жазылған кітапты бұрын кім көрген? Бұл стиль туындыға ерекше тереңдік пен бірегейлік береді.
🌟 Кітап маңызды тақырыптарды көтереді, мысалы, сөздің күші, достық, махаббат және қиыншылықтарға төтеп беру. Кітаптар арқылы Лизель соғыс сұмдықтарына қарсы тұрып, өзіне және айналасындағы адамдарға үміт сыйлайды. Сөздер оның қаруы мен құтқарушысы болады.
🖋️Марк Зузак метафоралар мен символдарды шебер қолданып, жарқын және есте қаларлық бейнелер жасайды. Роман қарапайым, бірақ әсерлі тілмен жазылған.

🔥26❤9👍5😍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
КІТАП - КІЛТ
Бәріміз бала кезде осындай құпия есік болғанын армандайтын едік. Қазір әлі армандап жүрміз 🤣
Тығылмашақ ойнап, мына жерге тығылсаң, өмірі таппай кетеді ғой.

👍34😍19❤17❤🔥2
Ағылшын тілін үйрететін 30 күндік марафонда “Кішкентай ханзада” кітабы оқылады. Кітап беріледі. Құны: 5000 тг
Марафонға жазылудың бітуіне 1 күн қалды. Қазір жазылыңыз. Сілтемеге өтіңіз.
https://wa.me/77770960797

👍8❤3
НЕГЕ ӘДЕМІ ОЙЛАР ҚАЖЕТ ЕМЕС УАҚЫТТА КЕЛЕДІ?
Немесе бұл постты «Өз ойыңды қалай анық және түсінікті жеткізуге болады?» деп түйіндеуге де болады.
Біреумен ерегісіп қалған соң, үйге барып, диванда жатып немесе душта тұрып: «Мәә, былай айтуым керек еді бағана. Жер боп қалғанымды қарашы. Былай айтқанда аузына құм құйылар еді» деп ойлаймыз. Неге әдемі ойлар қажет емес уақытта келеді?
Немесе көпшіліктің алдында сөйлей бастасаң, ойың шашырап, "единицаң жетпей", сөзің таусылып, тұтығып, даусың естілмей қалады ғой. Ал осы үйде жалғыз қалғанда немесе бауырларыңның алдында сөйлесең, шешенсің ғой.
Өз ойыңды нақты, дәлелді, түсінікті жеткізу үшін мына қарапайым 5 әдісті жасаңыз:
1. Есте сақтау қабілетін жаттықтыру: Аудио күнделік жүргізу, ойларыңызды жазып алу, қызықты кітаптар оқу және өлеңдер жаттау.
2. Сөздік қорды көбейту: Көп әдебиет оқу, қызықты сөз тіркестерін маркермен белгілеу және оларды әңгіме барысында пайдалану.
3. Сөйлеуді жүйелеу, құрылымын бекіту: Идеяларды бір-екі сөйлемге сыйғызып, аз сөзбен бере білу және қарапайым әрі түсінікті сөйлеу.
4. Сөйлеу қарқыны: Аудиторияның тамырын басып көру. Тақырыпқа сай қарқында сөйлеу. Яғни, тым жылдам немесе тым баяу болмауға тиіс.
5. Стиль: Аудитория мен жағдайға байланысты қарым-қатынас стилін таңдау. Ауыр тақырыпты оңай түсіндіру үшін әзілмен бастау, егер балалар көп болса, солар түсінетіндей ертегі құрастыру, т.б.
Бұл кеңестерді қолдансаңыз, өзіңіз де сенімді, сөзіңіз де салмақты болады.

❤61👍17🔥5
Бұған мағыналас сөздер көп.
Іріген ауыздан шіріген сөз шығады.
Жүрек таза болса, тілден маржан төгіледі.
Жүрек таза болуы үшін тіл таза болуға тиіс. Ал тіл таза болуы үшін жүрек таза болуға тиіс.
Ойың әрекетке, әрекетің әдетке, әдет мінезге айналады.
Миы жаман ақпаратқа толы адам арызқой, жамандағыш, өсекшіл, бетбақ келеді.
Әр істен тек жақсылық көре білген адамның айналасы тек жақсылыққа толады. Оңай ғой дейтін шығарсыз? Жаман адамның бойынан жақсы нәрсе іздеп көріңіз ал.
Иса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар шәкірттерімен келе жатқанда алдынан бір ит шығады. Сонда шәкіртінің бірі: «Мына ит не деген жиіркенішті еді», – десе, енді бірі: «Сұрқы неткен жаман еді», – дейді. Біреуі тұрып: «Исі неткен сасық еді», – деп жиіркенеді. Сонда Иса пайғамбар: «Бұл иттің тісі неткен аппақ еді», – деген екен.

❤61👍13😍10
- Үмбетімнің ішінен жұмақтан бас тартқандарынан басқасының барлығы оған кіреді. Жұмаққа кіргісі келмейтіндер бар ма? – дегенінде, сахабалары:
-Уа, Алланың Елшісі одан кім бас тартсын?! - дейді.
Сонда Алла Елшісі
оларға:
⁃ Кім маған бойұсынса, ол жұмаққа кіреді. Ал қарсы келсе, міне сол жұмақтан бас тартқаны, - дейді.
***
Жәбир ибн Абдулладан жеткен хадисте: «Бірде Пайғамбар ұйқыда жатқанда жанына періштелер келеді. Сонда періштелердің бірі:
- Ол ұйықтап жатыр, - дейді. Енді бірі:
- Көздер ұйқыда, жүрек ояу, - десе, сонда арасынан басқасы:
⁃ Бұл жолдастарыңды неге ұқсатасыңдар, қанеки, ұқсатып көріңдер? – деп сұрады. Періштелер оған:
⁃ Ол бір ғажап үй салып, соның қоныс тойын жасап жатқан адамға ұқсайды. Қоныс тойға келіп, қонақ болсын деп қадірлеп адамдарды шақырады. Шақыртуды қабыл алғандар оған келіп, ас-ауқаттан алып отырады. Шақыртуды қабыл алмай, елемей қоя салғандар, қоныс тойға келмейді. Ондайларға дастарқаннан дәм-тұз ауыз тию де бұйырмайды, - дейді.
Мұны естіп тұрған басқа бір періштелер: -Енді бұл түсті түсіну үшін жорып беріңдер, - дейді. Сонда періштелер:
-Үй дегеніміз – жұмақ. Қоныс тойына шақырып жатқан – Мұхаммед. Оның шақыртуын қабыл алған мүміндер үйге кіреді де, дастарқаннан ауыз тиіп, нығметке қарық болады. Шақыртуына келмегендер, барша қарсы келушілер үйге кіруден мақұрым қалады. Яғни, жұмаққа кіре алмай қалады. Оның ішіндегі нығметтерді де білмей өтеді», – деп түсіндіреді.
Жұма күнінің берекесі бәрімізге молынан тие берсін!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤68👍13😍6
"БАЛАМДЫ О ДҮНИЕГЕ ЖІБЕРЕ АЛМАДЫМ"
«МҰҢАЙМА!» КІТАБЫНА КЕЛГЕН ПІКІР
«Осыдан 40 күн бұрын 18 жастағы балам қайтыс болды (баласының қырқында жазып отыр - ред.). Ары қарай өмір сүру керек пе, білмедім. Баламды о дүниеге қарай босата алмадым. Оның өліміне өзімді кінәладым. Қайғыдан өзімді қоярға жер таппадым. Сөйтіп жүргенде қолыма осы кітап түсті. Әлі соңына дейін оқып жетпедім. Бірақ кеудемде тас боп қатқан мұңды жібітіп, қайғымды сейілтті. Баламның өліміне өзімді кінәлауды қойдым. О дүниеге босаттым. Жұмысымды қайтадан қолға алып, тірлікке араласа бастадым. Дер кезінде келген кітап болды бұл «Мұңайма!» кітабы».
Бұл кітап тек мұңайып жүргендерге арналған кітап екен деп ойлап қалмаңыз. Ол қолда тұрған нығметтің қадірін бағалауды үйретеді. Мұсылманша мотивация!
Кітап туралы толық ақпарат: 8-777-572-22-33

❤53👍11😍2💊1
Құрметті жігіттер! Біз түз адамымыз, біздің тірлік үйде емес, сыртта көрінеді. Үйде жатқан еркек жексұрын, ауру болады. Бізді сыртқа шығаратын нәрсе – жауапкершілік. Бір істі істеймін дедің бе, соны соңына дейін жеткізу керек. Жауапкершілік айтылғаны бойынша істедім деуге келмейді.
Нағыз жауапкершілік – өл не тіріл, бірақ қоймаға жарықты қондырасыз. Бір электрик телефон көтермесе, он электрикке хабарласасыз. Шам, сымды апару кезінде көлік сынып қалса, басқа көлік шақырасыз. Қоймаға қандай шам қою керектігі мәселе болса, сол саланың маманымен ақылдасасыз. Мысалы, 100 квадрат аумаққа қандай қуатты шам керек?
📚«Нағыз жігіт» кітабынан үзінді
Кітап туралы толық ақпарат: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌21❤9👍8👏5❤🔥2
МӘӘӘ...ЕРТЕРЕК БІЛГЕНІМДЕ ҒОЙ БҰНЫ
Әрбір кітап —жаңа әлем десек болады. Оның ішінде шытырман оқиғалар, сан түрлі кейіпкерлер және пайдалы білім қоса беріледі. Кітаптың әрбір беті түрлі дәуірлерге, ғажайып мекендерге апарып, ерекше сезімдер сыйлайды. Міне, кітаптың қызықты тұстары туралы бірнеше ойлар:
1. Сиқырлы әлемдерге саяхат:
Кітап оқу арқылы фантастикалық әлемнің тұңғиығына сүңгиміз. Мысалы, Дж. Р. Р. Толкиннің "Сақиналар әміршісі" немесе Дж. К. Роулингтің "Хәрри Поттер" сериясы бізді сиқырлы және керемет оқиғаларға толы әлемдерге апарады.
2. Кейіпкерлермен бірге өсу:
Кітап оқығанда кейіпкерлермен бірге өмір сүріп, олардың қуанғанын, қайғырғанын, қиындықтарды жеңгенін сезінеміз. Адамгершілік құндылықтарды түсінуге, өмірде кездесетін қиындықтарды жеңуге және өзімізді табуға көмектеседі.
3. Жаңа білім және идеялар:
Ғылыми, тарихи, психологиялық және басқа да жанрдағы кітаптар бізге жаңа білім мен идеялар ұсынады. Мысалы, Стивен Хокингтің "Уақыттың қысқаша тарихы" немесе Дэйл Карнегидің "Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері" атты кітаптары ой-өрісімізді кеңейтеді.
4. Жазушы шеберлігі:
Әрбір жазушының өз стилі мен тілі бар. Кітап оқығанда әртүрлі жазушының сөз өнерін тамашалап, тіл байлығымызды арттырамыз. Бұл өз кезегінде жазу және сөйлеу қабілетімізді жақсартады.
5. Ойлау қабілетін дамыту:
Кітап оқу сыни ойлау қабілетімізді, қиялымызды дамытады. Бұл әсіресе детектив жанрындағы кітаптарға тән. Мысалы, Агата Кристидің немесе Артур Конан Дойлдың детективтері логикалық ойлау қабілетімізді шыңдайды.
Кітап — бұл тек қана оқу емес, өмірді өзгеше түсіну, сезіну және бағалау. Сондықтан да әрбір бос уақытыңызды кітап оқуға арнаңыз, себебі кітаптар бізді жақсартады, байытады және өмірімізді мәнді етеді.

❤37👍18🍓2💊1
НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН АЛҒАН ЖАЗУШЫЛАР
Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы жыл сайын ең көрнекті шығарма авторына беріледі. Әттең, ешбір қазақ жазушысы әлі алмады. Біздің ойымызша, қазақ жазушыларының шығармалары жеткілікті түрде ағылшын тіліне аударылмады. Сол үшін әлем тұрғындары олармен таныс емес. Әйтпесе, қазақ тілінде бір емес, жүздеген Нобель сыйлығына лайық шығармалар бар. Әзірге әдебиет бойынша тізімге ілінгендер мыналар:
1. Эрнест Хемингуэй (1954) - "Шал мен теңіз"
2. Габриэль Гарсиа Маркес (1982) - "Жүз жылдық жалғыздық"
3. Тони Моррисон (1993) - "Сүйікті"
4. Орхан Памук (2006) - "Менің атым Қырмызы"
5. Светлана Алексиевич (2015) - "Соғыстың әйелге тән емес келбеті"
6. Кадзуо Исигуро (2017) - "Менен айрылма" және "Күннің қалған бөлігі"
7. Боб Дилан (2016) - американдық ән дәстүріндегі поэтикалық жаңашылдықтары үшін (ән мәтіндері)
Әрине, бұл тізім толық емес. Алдағы уақытта бұлардың әрқайсысына тоқталамыз. Бұған дейін «Шал мен теңіз» туралы жазғанбыз. Бұл кітаптарды қазақ және орыс тілінде біздің дүкеннен ала аласыздар.

🆒15❤12👍9
Танымал кітаптардың киносы түсірілетінін білеміз. Менің атым Қожа, Гауһартас, Абай жолы, Көшпенділер, Қыз Жібек, Хәрри Поттер, т.б. киноларды көріп өстік. Кітабын оқығандар киносын ұнатпайды немесе керісінше.
Кітаптың ерекшелігі:
1. Кітапта оқиға мен кейіпкерлерді тереңірек зерттеуге болады. Авторлар ойын толық жеткізіп, кейіпкерлердің ішкі әлемін, сезімдерін егжей-тегжейлі сипаттай алады.
2. Қиялды қозғау: Кітап оқырманның қиялын дамытады. Оқырман мәтінді оқып, қиялында бейнелерді елестетіп, оқиғаны өзінше түсініп, кейіпкерлердің бейнесін ойша құрастырады.
3. Кітап оқығанда уақытты өзің басқарасың. Оқырман кез келген сәтте уақытты тоқтатып, ойлануға, мәтінге қайта оралуға, әрбір жолды толық түсінуге мүмкіндігі бар.
Артықшылығы:
1. Кітап оқу - жеке, тыныш тәжірибе. Оқырман өзіне ыңғайлы уақытта, кез келген жерде оқып, оқиғаға тереңірек еніп, жеке ой-түйін жасай алады.
2. Кітап оқу сөздік қорды байытып, шешен сөйлеу дағдысын дамытады. Жаңа сөздер мен тіркестерді үйреніп, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
3. Әр түрлі жанрлардағы кітаптар оқырманның жалпы мәдениетін, білім деңгейін көтеріп, әлемді тануға көмектеседі.
Киноның ерекшелігі:
1. Кино көрерменге визуалды әсерлер арқылы оқиғаны жеткізеді. Көркем суреттер, арнайы эффектілер, актерлік ойын арқылы оқиғаның көрнекі жағын көрсетеді.
2. Кино музыкалық фон, дыбыстық эффектілер арқылы эмоционалды әсерді күшейтеді. Саундтрек арқылы кейіпкерлердің сезімдерін, оқиғаның атмосферасын толық жеткізеді.
3. Кино қысқа уақыт ішінде көп ақпаратты жеткізе алады. Бірнеше сағат ішінде тұтас оқиғаны, кейіпкерлердің өмірін көрсетіп, көрерменді бірден оқиғаға тартады.
Артықшылығы:
1. Көрермендер кинотеатрға барып, бірге фильм көру арқылы ортақ әсерлермен бөліседі, бірге талқылайды.
2. Көрермендер үшін әрекет, қозғалыс, ритм маңызды, ал кино осы мүмкіндікті толық пайдаланады.
3. Кейіпкерлерді Жандандыру: Актерлердің шынайы ойыны кейіпкерлерді жандандырып, көрерменге эмоциялық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍19❤13👍11🎉2🍓1🦄1
АЛЛАДАН ТІЛЕСЕҢ, БЕРІП ТІЛЕ
Біз, пенде деген ештеңе бермей, бірақ алғымыз келетіні бар енді. Ала берсек, көре берсек, ішіп-жей берсек дейміз. Бірақ алдымызға тура өзіміз секілді біреу бірнәрсе сұрап келсе, жақтырмаймыз. Алу үшін алдымен беру керек қой дейміз. Ендеше неге өзіміз сұрағанда осы әдісті қолданбаймыз?
Құдайдан денсаулық сұрадың ба, садақа бере отырып тіле.
Рахманнан байлық сұрадың ба, мұқтажға көмектесе отырып сұра.
Рахимнан перзент тіледің бе, біреуге қол жәрдем беріп барып сұра.
Әрине, жомарт Алла құр сұрасаң да, дұғаңа жауап береді. Одан сұрамасаң, ашуланады. Бірақ Мәшһүр Жүсіп әулие айтқандай, бірдеңе беріп тілеу жөн емес пе!

❤101👍18😍10👏3
ЖЫЛАМАЙ ОҚУ МҮМКІН ЕМЕС!
Сайын Мұратбековтың "Жусан иісін" оқыған шығарсыңдар, иә? Мектепте қысқартып беретін. Өз бетіңше толық нұсқасын оқып алғандарың дұрыс. Аянның өмірі мықты шабыт береді. Жамағайындарын іздеп келгенде бетін қайтармай, асырап алатын кемпір мен шалдыкі бір ерлік. Бұл кітап – ауыл өмірінің қатпарларын терең ашатын, соғыстан кейінгі жылдардағы қиындық пен қуанышты сәттерді қатар суреттейтін туынды. Бұл әңгіме оқырманды балалық шақтың ең жарқын және ең ауыр сәттеріне апарады.
Шығарманың негізгі тақырыптары:
1. Соғыс әсері: Соғыс тек майдандағы жауынгерлерге ғана емес, олардың артында қалған отбасыларына, әсіресе балаларға ауыр тиеді. Әңгімеде бұл әсерлер айқын көрініс табады.
2. Балалық шақ қиындықтары: Басты кейіпкер Аянның тағдыры арқылы автор балалық шақтағы қиындықтар мен сол кездің қасіретін бейнелейді. Аянның әкесі соғыста қайтыс болады, анасы аурудан көз жұмады. Осыған қарамастан, Аян өмірде өз орнын табуға тырысады.
3. Достық пен қолдау: Ауыл балаларының бір-біріне деген қолдауы, достық қарым-қатынасы ерекше суреттеледі. Қиын кезеңдерде адамдардың бір-біріне көмектесуінің маңыздылығы көрсетіледі.
4. Жусан иісі: Жусан – дала өсімдігі, оның иісі бала Аянның балалық шағының, туған жерінің символына айналған. Бұл иіс арқылы Аян өткен шақты, балалықтың қуанышты және ауыр сәттерін еске алады. Жусанның иісі оның есінде мәңгі қалады, бұл иіс оған үміт пен рухани күш береді.
5. Ауыл өмірі: Әңгімеде ауылдың тыныс-тіршілігі, адамдардың күнделікті өмірі мен салт-дәстүрлері кеңінен суреттеледі. Ауылдағы адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі, өзара қарым-қатынасы – шығарманың негізгі өзегі.
Кітапқа тапсырыс беру: уатсап 8777 572 22 33

❤39👍13😍4👏2💯1