KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
480 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
✍️Дертті көңілде не бар екенін сау көңіл білмейді.
(Шәкәрім)

Шәкәрімнің «Абай болмаса, ақын болуым екіталай еді» дегені бар екен. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық» деген өлеңінде «Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр баралық!» деп Шәкәрім түзу жолға тек Ұлы Абай бағыттай білетінін білдіргісі келеді. Ақынның жоғарыда аталған «Жастарға» өлеңі 19 жасында жазылған екен.

1⃣Шәкәрім 20 жасында өз елінде болыс болады. Алайда көп уақыт өтпей Абайдың ақылымен болыстықты Оспанға тапсырған. Абайдық ақылымен әлемнің бірнеше елдерін аралап, Меккеге дейін барған. Ыстанбұл, Париж кітапханаларынан өз халқының тарихына қатысты кітаптардан сусындайды. Аристотель, Ибн-Сина, Ұлықбек, Кант, Платон, Сократ, Әбунасыр сияқты философтардың еңбектерін зерттеген.

2⃣Өмірінің соңғы уақыттарын Шәкәрім елден жырақта өткізеді. Сайқал саясаттың салдарынан «Елімнен кеттім елсізге, елуден асқан жасымда...» деп ақынның күңіренетіні де сондықтан. 73 жасында жазалаушылардың қолынан мерт болады. Сұмдық оқиға 1931 жылы күзде болған.

3⃣Ақынның соңғы демін қара сөздің зергері Қабдеш Жұмаділов «Аққуды атпас болар» атты шығармасында баян етеді. Шолақ белсенділердің жасаған қиянаты кеңінен жазылған.

Шәкәрімнің денесі жапандағы құдықта көмусіз отыз жылдай жатады. Кейін ғана, жазалаушы отрядтан аман қалған ұлы Ахат денесін арулап, дұғасын оқып, жерледі деген дерек бар.

1988 жылы Шәкәрім ақталып, мұрасы халқына қайта оралды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤40😭13👍6👀1
"Мен халқымды той тойлауға емес, ой ойлауға үйрете алмай жүрмін"

А. Байтұрсынұлы
❤95🆒12❤‍🔥8💔8🔥6✍4💘2
Өміріңде бірнәрсені өзгерту үшін шабыттану керек немесе ашыну керек.

Соны ашыну, күйіну, торығуға жеткізбей-ақ өзгерте берсек болмай ма?

Ендеше шабытты қайдан аламыз өзгеру үшін?

Жауап: кітап оқудан, жүгіруден, жақсы ортадан, күнделік жазудан, тиктокты өшіруден.

Бір әрекетті өзгертуден өзгерістің алғашқы баспалдағы басталады. Дәл бүгін қай ұсақ істі не әдетті өзгертуге шешім қабылдайсың?
❤67🔥16👍11😍2
✅ "Үмбетімнің ішінде ең шарапаттылары - Құран иелері мен түнгі намазға берік болғандары"

Абдулла ибн Аббас жеткізген хадисінде Алла елшісі ▫ осылай деген. Қатырып Құран оқымадық. Түнгі намаз деген атымен жоқ. Түнгі бірде ұйықтап, түнгі екіде қалай оянасың тәхәджуд намазына?

🟢Ерте заманның бір ғалымы жазады: Бұрын күшім тасыған жас кезімде әр түн сайын 300 рәкат намаз оқушы едім. Қазір қартайып, бойдан қуат кеткенде небары 100 рәкат оқитын болдым".

Біз екі рәкат оқуға тұра алмаймыз. Біздікі не деген жайбарақаттылық!

Мүмкіндіктерді жәмән жіберіп қойып жатырмыз.

✨Енді тым болмаса Жұма күннің берекесіне бөленейік. Жұма намазға барып, адам құсап дұға етіп, жақсы салауат айтып, адамдарға көркем мінезбен қатынас жасайық.

✨Ештеңе кеш емес қой дәл қазір. Түнде жіберіп алған мүмкіндіктің қазасын, қайтарымын күндіз толтыруға ұмтылайық.

🔔Жіберіп алуға болмайтын хабарландыру!!!

Дәл бүгін Алматы қаласы, Мақатаев 128А адресіндегі дүкенімізде барлық кітапқа 15% жеңілдік бар. Барып талап әкетіңіздер. Әсіресе, Құран кітапты, пайғамбар өмірбаянын, психологиялық кітаптарды.

Толық ақпарат: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤33👍9💔5
❣️КӨҢІЛ КӨҢІЛДЕН СУ ІШЕДІ

Адамның көңілі – ең нәзік, ең мөлдір жаратылыс. Тез өзгереді, тез былғанады, тез сезеді. Біз жақынымыздың бізге көңіл аударғанын қалаймыз. Көңілімізді аулағанын, тапқанын қалаймыз. Бәріміз сондаймыз. Кері теоремаға салсақ, біздің оларға мұқтаж болғанымыз секілді, олар да біздің көңілімізге мұқтаж ғой, демек. Ендеше неге олардың көңілін табуға тырыспай жүрміз?

🔷Неге бауырымызға хабарласпаймыз?
🔷Неге бауырымызға сыйлық жасамаймыз?
🔷Неге досымыздың қал-жағдайын білмейміз? Мүмкін қиналып жүрген шығар? Тамаққа ақша таппай қалған шығар?
🔷Ең маңыздысы, неге ата-анамызбен күн сайын сөйлеспейміз? Әсіресе, олардан қашықты жүргендер, оқитындар, тұратындар. Олар біздің қоңырауымызды күтетінін білесіз бе?
🔷Ең маңыздысы, неге науқастың көңілін сұрап бармаймыз? Аурудың емі – саудың сәлемі деген сөз бар. Төсекке таңылып, терезеге телміріп отырған ауру жақындарының көңіл сұрағанын күтеді. Бір адам жағдайын сұраса, жеңілдеп қалады. Кейбірі тоң боп қатқан көңілін ешкім жібітпеген соң, сол күйі жазылмай ұзақ емделеді.

📱Қане, әрбіріміздің хабарласуымыз керек адамдарымыз бар. Қазір хабарласайық. Кітап сыйлайық. Кітапты қолына алып оқыған сайын сіз есіне түсесіз. Кітапқа тапсырыс беру үшін уатсап: 8-777-572-22-33. Осы парақшадағы телеграм бот арқылы да тапсырыс бере аласыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥20❤16😍7👍4😭3
Тұла бойы тұнған намыстан жаралған қайран қазақ. Намысы мол, айласы аз, бағы да сол, соры да сол.

©Шер аға


💎Қалай айтқан, иә? Шынымен бойымызда оттай лаулаған намыс бар. Ол кейде өзімізді де күйдіріп жібереді. Кейде мәселенің байыбына бармай, аттан салған жерде бәрін жойып жіберуге дайын тұрамыз. Мысалы, жақында ғана ұлт үшін пайдалы кітап шығаратын Бақытжан Бұқарбай ағамыздың «Қазақты қалай басқару керек?» деген кітабын сатылымнан алдыртып тастады. Ал ол кітаптың мазмұны – «сені дұшпаның осылай отарлады, осындай кемшілігіңді пайдаланып, өзіңе қарсы қару қып жұмсады. Соны біл, енді оған қайта қақпанға түспе, өзіңді отарлауға, басқаруға жол берме, кемшілігіңді түзе» еді.

💎Намыс көп... Бірақ айла жоқ. Сол намысты айлалы болуға, білімді, күшті болуға, үйренуге, жаңа нәрсе тұрғызуға жұмсамаймыз? «Мен ағылшын тілін үйренуге қиналамын!». Енді намысыңды жұмсап, дүниенің ілімін, тілін үйреніп алмаймыз ба?

💎Сорымызды бағымызға айналдырайық.

⏰Білімді болу үшін кітап оқиық. Артық білім кітапта. www.kitapal.kz сайтында барлық кітапқа 15% жеңілдік жүріп жатыр. Жүгіріңдер, асығыңдар!🏐
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤28👍6😢5🔥3❤‍🔥2🤔1
БІР ҚҰЛАДЫМ ЕКЕН ДЕП, ЖАТА БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ

Ізгі данышпанның бірі бір балшық жолмен келе жатып, етегін көтеріп, тайып жығылмайын деп қадамдарына мұқият қарап келе жатты. Бірақ қанша тырысқанмен, балшықтың дәл ортасына келгенде жалп ете түсті. Бұдан кейін үсті-басы балшық болғандықтан, енді мән берместен, балшық ішінде өз қалауынша еркін жүре бастады, екінші жағынан жылап:
«Міне, күнәға түспей тұрып, күнәлардан сақтанып жүрген адамның хәлі осы. Бір рет, екі рет күнәға батқаннан кейін ендігәрі мән берместен оның ортасында алшаңдап жүре бастайды», – деді.

Жасалған бір күнә екінші бір күнәні шақырады. Нәпсінің қақпасын кішкене ашсаң, дауыл соққандай үлкен ғып ашып жібереді. Жабу қиын.

Бірдеңе бүлдіріп қойғанда дереу жасалатын амал:
1) Жаман амалды бірден тоқтату
2) Орнын толтыру (мысалы, біреуден ақша ұрлап алсаң, қайтару. Ұрсаң, емдетіп, көңілін табу)
3) Құдайдан кешірім сұрап, тәубе ету
4) Артынша бір жақсылық жасау, 2 рәкат намаз оқу.
5) Жақсылығыңды ұмыту, күнәңді ұмытпау.

Тәубе туралы толық білу үшін сол туралы кітапты оқи аласыз. "Күнәдан арылудың жолы - тәубе", "Бақыт формуласы", т.б. Тапсырыс беру: уатсап 8-777-572-22-33
🔥34❤18👍10🆒3
👨‍🎓КҮНДЕЛІК ЖАЗҒАН АДАМ МЫНА 5 ПАЙДАҒА КЕНЕЛЕДІ

1️⃣ЖАҢА ИДЕЯЛАРДЫ ТҮРТІП АЛУ
Байқасаңыз, жаңа әрі қызық идеялар біз күтпеген кезде келеді. Душқа түсіп тұрсаң да, керемет ойлар келеді. Сондайда күнделікке түртіп алсаңыз, естен шығып кетпейді.

2️⃣ЕСКІ НҰСҚАҢДЫ ЖАҢА НҰСҚАҢМЕН САЛЫСТЫРУ
Жыл басында жазған немесе үш жыл алдында жазған жазбаларды оқып отырып, қаншалықты өзгергеніңді, ақылың кемелденгенін, қалай дамығаныңды көре аласың. Егер дым өзгермесең, онда дереу қолға алу керек. Екі күні бірдей өткен адам зиян шегіп жатыр деген сөз. Ал екі жылы бірдей өткен адамға не деуге болады?

3️⃣ХИКМЕТТІ ТҮСІНУ
Мысалы, күнделікке «бүгін ауырып қалдым» деп жазуың мүмкін. Ал бір айдан соң сол жазбаны оқып, ойланасың. Сонда басыңа дереу жауабы түсе қалады. «Астапыралла, сол ауру арқылы бір бәледен аман қалыппын ғой. Құтырып бара жатыр едім, сабама түсіппін, тәубеме келіппін..» деп хикметін түсінесің.

4️⃣ӨМІРДЕН САБАҚ АЛУ
Адам қателіктеріне қарап сабақ алады. Ескі жазбаларды оқып, қай кезде қандай шешімдерің кейіннен қателікке ұрындырғанын байқайсың. Жылқыны жазда сатсаң, арзанға, күзде сатсаң, қымбатқа кететінін бағамдайсың. Майлы тамақ, газдалған сусын, тәттіні көп жей берсең, кейіннен бүйрек/бауырың ауырып, түр-әлпетің бұзылғанын түсінесің.

5️⃣ШАШЫРАНДЫ ОЙДЫ ЖҮЙЕЛЕП, ҚАҒАЗҒА ТҮСІРУ
Адамның басы – ойдың ұясы. Зуылдап бірі кірсе, бірі шығады. Оны сол қалпында ұстап жүре берсең, басыңды дуылдатып жібереді. Сондайда қағазға түсірсең, артық файлдан тазаланған телефонның жадындай, миың да тынышталып қалады.

▶️Ал енді жарнама: Күнделік жазу үшін Кітапал дүкенінен сәнді блокноттар тапсырыс бере аласыз. 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍25❤23💊9
Оқырман хаты:

Үйімізді жөндеуден өткізу керек болып, бір бөлмеден бастап жұмысқа кірісіп, телеграмнан қазақша хит әндерді қосып қойып, білекті сыбанып жұмысқа кірісіп кеткем.

Басында жақсы сияқты сезіліп ырғағым жақсы болатын (под музыку) 😅 Кейін біртүрлі басым ауырып жүйкеме тие бастады ақырындап.

Сәл шыдадым… Ары қарай мағыналы ән, өлең тыңдадым. Бірақ бәрібір өз табиғатыма келмейді екен, өшіріп тастадым. Содан ютубты ашып танымал болып жатқан Дастан, Нұрсұлтан, Абылай ұстаздардың “Аты жоқ подкаст” каналының 6 подкастын тыңдап шықтым. Өте керемет әсер алдым. Жұмысым кәдімгідей жеңіл кетті насихаттар әсерімен.

Тағы керек, ары қарай не бар? - деген сұрақ қалды.
Содан алдымнан рек-тан “Қатты қаласаң, уақыт табасың” деген #12 подкаст шыға келді. И понеслась дейді ғой)

Жөндеу аяқталғанға дейін тыңдадым, шабыт ашылып кетті, жұмыс бітпесе екен деп те қоясың ғой бір жағынан😃

Өзімді дамытуға және бір нәрсе жасауға деген ниетім бар, бірақ құлшынысымды оята алмай жүргем. Осы сіздердің подкасттарыңыз өздеріңіз айтпақшы - “ШАПАЛАҚ” болып жатыр әрекет етуге.

Әсіресе, “Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырғымыз келеді” - деген ұран, мақсаттарыңыздың өзі, сіздердің ниеттеріңізден де болар, кәдімгідей күш жігер сыйлады.

Ең елеулі өзгерісім өзіме ұнаған: таңғы 5:30-6:00 арасында оянып, бұрын соңды саналы түрде жасамаған өзіме пайдалы болатын кітап оқу, жаттығу жасау, уақытымды жоспарлау т.с.с. істерді жасауды үйрендім.

Кәдімгідей күніме береке кіре бастады, бұрын қысқа сияқты көрінетін күн, ерте тұрудың арқасында бір күнім екеу сияқты болып өтетін болды.

Бұрын өз өзіме көңілім толмайтын, енді көңіл күйім тұрақты, ешқандай эмоционалдық ауытқу жоқ, оған қоса энергияң толып тұрады екен өз бойымнан өткізіп түйгенім.

Жаяу жүруді ұнатпайтынмын, подкасттарыңызды тыңдау үшін құлақ қап киіп алып жаяу жүруді үйрендім. Айта берсем бір кітап жазып тастайтын сияқтымын😀 бір сөзбен айтқанда - “МЕН ОЯНДЫМ”
Сіздерге айтарым - тек тоқтамаңыздар, істеріңіз берекелі болсын. Барша халық білімді, бай қуатты болайық✊✊✊
👍86❤35👏13❤‍🔥8🤗2
Кек алам деп өзеуреме, адамды тіпті ойша да өлтіре көрме, тіпті қарғыс атқан ұрыны да. Есіңде жүрсін: жамандық жасағанның сазайын өмірдің өзі тартқызады. Сөзсіз жазалайды, шүбәң болмасын. Жаза оның ізін аңдып, мәңгі өкшелеп жүріп отырады, бірге жатып, бірге тұратын болады. Ал сені өмір есіркейді.

Шыңғыс Айтматов

Суреттегі екі тұлғаның бір-біріне жазған хаттары "Құз басындағы аңшының зары" деген кітап боп шыққан.

Шыңғыс Айтматов: «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі - «Манас», бірі - «Абай жолы».

Айтматов, Әуезов, Шахановтың еңбектерін оқуға кеңес береміз. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
👍34❤14😭6
🟥АШУ СҰРАУ

Асан деген аңшы кісі болған. Көкпаршы шалдардың атқа міне алмайтын азаматтарға аянышпен қарайтыны секілді, ондай кісілер аң аулай алмаған адамдарға аяушылықпен қарайды ғой, сондықтан баласын да аң атуға баулымақ болып анда-санда ертіп шығады екен. Бір күні 15-16 жастағы баласы өзімен құрдас-досы, аңға құмар бір жігітті ілестіре шығыпты.

Оқиғаның қалайдан-қалай болағанын тәптіштеп жазбай-ақ қояйын, әйтеуір оқтаулы мылтықтың масасы басылып кетіп өздерімен ере шыққан жас жігіт жазым болады. Жазым болған жігіт жалғыз екен... Сол аймақта айтқанда сөзі, атқанда оғы далаға кетпейтін Жұман дейтін ел-жұртқа қадірлі қария болған. Асан енді солай шауыпты. Тізгін ұшымен жетіп, «Ақсақал! Оқиятта жазым болған баланың қазасын естіртіп, әкесі Қасымбайдың ашуын сұрап беріңізші» деп басына түскен іске араша сұрапты.

Жұман қарт жолға шығады. Қасымбайдың ауылына келіп, суық хабарды жеткізеді. Анасы аңырап қоя береді, әкесі шөккен нардай бүктетіледі. Рулас, ағайын-жұрт бар, ашу мен атқа қатар мініп Асанға қарай аттанбаққа айқай-сүрен, дүрлігіседі.

Төрде отырған Жұман қарт күңірене сөз алады. «Айналайын Қасымбай, әкежолдас адам едік, жамандық жерде жата ма, қазаны кім естіртпейді, кім естімейді. Менің келген шаруам сабырға шақырып, Асанға деген ашуыңды сұрау, ашуыңды маған бер, оқыс болған оқиғамен әулет ара қырқысып, ел арасына іріткі түспесін, одан ер тірілмейді. Шындап келгенде әркім межелі уақытымен кетеді. Себебін қусақ пенде баласының ақылы жетпейді, сенделіп кетерміз. Ашуыңды бер, алды жарық болсын, артқы жұмысын ыңғайлайық» дейді.
Қасымбай Жұман қарттың, қалғаны Қасымбайдың сөзіне тоқтайды.

«Балам бір өлсе, Жұманның да сақалды басын сыйламапты дегізіп мен екі өлетін жағдай жоқ, ашуымды бердім» деген екен қазаның иесі Қасекең. Бір-біріне қадірі бар қайран ерлер...

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ
Дайағашшы кітабына тапсырыс: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29❤15😢4😍1💔1
НЕГЕ АДАМДАР ӨТКЕНМЕН ӨМІР СҮРЕДІ?

Кейбір адамдар «есте сақтау қабілетім нашар» дейді. Бірақ өткенді қопарғанда... нүкте-нүктесіне дейін ақтарады. «Пәлен жылы сен бүйтіп айтқансың маған. Көңілімді сұрап келмегенсің. Сыйлық жасамағансың. Алдымнан күтіп алмағансың. Жағдайымды білмегенсің. Туған күніммен құттықтамағансың. Алтын емес, күміс сыйлағансың. Берекемді қашырғансың» деп тізгенде аузың ашылып қалады. Кемінде 4-5 жыл өтіп кеткен наланы әлі қалай көтеріп жүр?

Өкпелеу дұрыс, бірақ сол сәтте ғана. Бұрын сәл желөкпе, терең ойланбайтын, адамның көңіліне қарамайтын, бәріне маңыз бере бермейтін, ұмытшақ адам болуымыз мүмкін. Одан бері адам өзгереді, қатесінен сабақ алады. Бірақ соны араға уақыт салып, қайта бетіне басу – ұят тірлік. Біткен жараның аузын тырнап, кепкен бо...ты жібітіп, қоқысты жәшіктен қайта алу сау ақылға сыймайды.

Өткенмен өмір сүретін адам ауыр жүк көтеріп жүр. Оған қаншама энергия кетеді. Болашақпен де өмір сүруге болмайды. Болашаққа тек жақсы үміт, өткенге – салауат. Дәл осы сәтпен өмір сүру керек. Бақыт – дәл қазір. Дәл қазір өкпе-ренішсіз, ешкімді ренжітпей, ешкімге ренжімей, жақсылыққа шақырып өмір сүру.

Кешіруге қатысты жақсы кітаптар оқу үшін уатсапқа жазыңыз: 8-777-572-22-33
❤42👍14
DANAЛЫҚТЫ ӨЗ ЖҮРЕГІҢЕ ҚОНДЫРУ

Біреудің жүрегіне даналық енді. Ол тәжірибеден, өмірлік сабақтардан, есеп беруден, ойланудан қалыптасты. Осынша ілім көрге кетіп қала ма? Жоқ, ол кісі артына із қалдыру үшін, келер ұрпаққа пайдалы болсын деп, көкірегіндегі білімді қағазға түсіріп, кітап жазады. Кітап дүкен сөресіне түсіп, оқушысын күтеді. Оны түрлі адам алып оқиды. Мақсат – кітапты оқып тауысу емес. Автордың жүрегіне қонған даналықты өз жүрегіңе қондыру. Жүректен жүрекке жеткізу деген осы.

Кітапты асығыс, үстіртін оқу – ешкімге пайда әкелмейді. Түсінбейтіндей дәрежеде жылдам оқымау керек. Түсінетін деңгейде жылдам оқу керек.

Қандай кітап оқуды білмей жүрсіз бе? Біздің менеджер сұмдық кітаптанығыш. Жақсы бір кітап таңдап береді. 8-777-572-22-33
❤44❤‍🔥7👍7
МЫҚТЫ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ, ӨЗІҢІЗДІ КІТАП ЖАЗУҒА ҚАЗІРДЕН БАСТАП ДАЙЫНДАЙ БЕРІҢІЗ

– Кітап оқудың кез келген мүмкіндігінен бас тартпай, пайдаланыңыз;
– сатып алуға ақшаңыз болмаса, дүкенде тұрып оқи беру керек. Бірақ қазіргі кезде ондайға бара қоймассыз деп ойлаймын. Қанша айтқанмен, көп жағдайда іздегеніңізді Интернеттен де тауып оқуға болады;
– егер әлі оқушы не студент болсаңыз және кітап оқуға құмарлығыңыз енді оянса, онда қолға түскеннің барлығын таңдамай оқи беріңіз. Ертелі- кеш талғамыңыз қалыптасып, не керек екенін нақты білетін боласыз. Адамзат тарихында ертеден бүгінге дейін жазылған миллиондаған кітаптың арасында тек жүзін ғана оқыған шарт, бірақ сол жүз кітапты анықтау үшін мыңдаған кітап оқуыңыз керек;
– ал егер оқуды аяқтап, жұмыс істеп жүрсеңіз, отбасылы болсаңыз, қолға түскенді оқи беруге уақыт табыла бермейтіндіктен, ұлы тұлғалардың өмір- баяндарын оқудан бастаңыз. Бұл әдістің арқасында өмірде және жұмыста қажет болатын қабілеттерді қалыптастыра аласыз;
– әрбір кітаптың қадірі бар екенін естен шығармаңыз. Бұл туралы түсінік тек көп кітап оқығанда ғана қалыптасады;
– күніне, кем дегенде, жарты сағатыңызды кітап оқуға арнауды ұмытпаңыз;
– ағылшын тілін меңгеріңіз;
– қазіргі заманда қаптап кеткен бизнес, өз-өзіңді дамыту, мотивацияны иелену туралы әдебиет жай ғана сән екенін ұмытпаңыз. Егер күлмесхан адам болсаңыз, сізге сәнге айналған кітаптарда жазылғандай, күліп үйренудің қажеті жоқ, күлмейтін адамдардың да басымдыққа ие тұстары болады. Сәннің жетегінде кетпеңіз;
– мотивация туралы жүз кітап оқудың қажеті жоқ. Нацистік Германияның концлагерлерінің тозағына түссе де, мотивациясын жоғалтпаған психолог Виктор Франклдің кітабын оқысаңыз жеткілікті, бұл тақырыпта одан ешкім асып түсе алмайды;
– балаңызды кітап оқуға мәжбүрлеп, өзіңіз кітап бетін ашпайтын адам болсаңыз, қанша тырыссаңыз да бұл нәтиже бермейді;
– кітаптарыңызды біреуге оқуға бермеңіз, басқалар оның қадірін сіз түсінгендей түсінбейді. Бірақ кітап сыйлауды әдетке айналдырыңыз;
– басында білімі жоқ шешеннен де, кітап оқитын момын артық. Спикерлерді мұқият таңдаңыз;
– мықты болам десеңіз, өзіңізді кітап жазуға қазірден бастап дайындай беріңіз.
– оқырман ретінде қалыптассаңыз, өзіңіздей оқырманды қалыптастыруды да ұмытпай, осыған он жыл уақытыңызды жұмсаңыз;
– біреудің ізденіп оқитын тақырыбын білсеңіз және сол туралы кітап кездестіріп қалсаңыз, оны міндетті түрде сатып алып, сыйлаңыз не болмаса ол туралы танысыңызға хабарлауды ұмытпаңыз;
– «Қандай кітап оқу керек?» деген сұраққа жауабым: ұнайтын кітапты оқыңыз, оқығанды тоқып, пайдасын іс жүзінде тексеруді естен шығармаңыз;
– қазірден бастап немереңізге сыйлауға лайық кітаптарды жинай беріңіз.

Бақытжан Бұқарбай "Күміс кітап"
Кітапқа тапсырыс: 8-777-572-22-33
❤37👍9🤝5
🥶ТАҢДА ЕРТЕ ТҰРАМ ДА, ҚАЙТА ҰЙЫҚТАП ҚАЛАМЫН

Адам деген ылғи ізденісте, дамуда болады ғой. Сәл сасық су секілді бір орында тұрып қалсақ, өзімізді қолға алып, қайта бір сілкініп аламыз. Таңда ерте тұрамыз деп, оятқыш қоямыз. Алайда оянған кезде оятқышты өшіріп, қайта ұйықтап қаламыз. Кейін ұйқы қанып оянған соң, «неге қайта ұйықтап қалдым, неге тірлік қылмадым» деп өзімізге ренжиміз. Осыған не себеп:

1. Терең ұйқы фазасында (мысалы, баяу толқынды немесе жылдам көз қозғалысы кезеңінде) оянсаң, қайта ұйықтап кетуіңіз мүмкін.

2. Терең ұйқының көлемі аз болса, таңертеңгі уақытта дене әлі де ұйқыға тартады, сондықтан қайтадан ұйықтап қалуыңыз ықтимал.

3. Мотивацияның аздығы. Не үшін ерте тұрамын деген сұраққа жауап таппау.

ҰСЫНЫС:

1. Кешкі уақытта тыныштандыратын іспен айналысу (кітап оқу, медитация), кофеин мен ауыр тағамнан аулақ болу.

2. Оятқышты төсектен алысқа қою.

3. Таң берекесі жайлы нақты түсініп, өзіңізді дайындау.

4. Бірнеше оятқыш қою әр жерге. Орныңнан тұрып жүргенде ұйқы да ашылар.

5. Түскі ұйқыны азайту. Максимум 20 минут. Түскі 3-тен кейін ұйықтамау керек.

Ұйқы туралы қазақша, орысша кітап көп. Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37👍17💊4
Ел азарда ер-азаматы атаққуғыш таққұмар, қыз-келіншегі дүниеқуғыш баққұмар келеді.

Оралхан Бөкей "Атаукере"

Оралханның кітаптарына тапсырыс: 8-777-572-22-33
❤43🆒8👍2
🆘"ӨМІРІМ БОСҚА ӨТІП ЖАТЫР"

Бәрімізде өткізетін бос уақыт бар. «Түуу бір, уақыт өтпей қойды ғой» деп қабағымыз тыржиятынын қайтерсің. Сөйте тұра ара-арасында өткен күнге қарап: «Еее, уақыт деген зымырап бара жатыр» деп күрсініп қоямыз. Уақытымыз емес, өміріміз өтіп жатыр. Уақытымыз босқа өтіп жатыр дегенше, өміріміз босқа өтіп жатыр деп айтып көрші.

Өмірі босқа өткен адам өлерінде қатты өкінеді. Әрбір сәті қымбат уақытты босқа өткізу қайғы әкелмей қайтсін? Себебі «Судың да сұрауы бар» дегендей, әр секундтың да сұрауы бар. Имам Ғазали айтқан екен: Ақыретте адам баласының өткізген уақыты қорап-қорап боп алдына әкелінеді екен. Жақсылық істеген уақыттары нұр шашып тұрса, күнә істеген уақыттары қап-қара боп тұрады. Ал бос өткізген уақыттары дымсыз тұрады. «Әттеген-ай, мына бос қораптарды нұрға толтырғанымда ғой» деп бармағын тістеудің көкесі сонда болады.

🟢Енді не істемек керек?
Уақыттың әрбір сәтін жоспарлап қою керек. Алда-жалда бос уақытың пайда боп жатса, сондай кезде не істеуді алдын-ала біліп тұрасың. Не істеуге болады? Бәрін! Тіл үйрену, кітап оқу, эссе жазу, спортпен айналысу, үй тазалау, бауырыңа көмектесу, есте сақтауға жаттығулар жасау, Құран жаттау, анаңа хабарласу, досыңмен кездесіп, пайдалы әңгіме айту, youtube-тан пайдалы видео, подкаст, Ted talks тыңдау, сурет салу, есеп шығару, т.б.

✅Тайм-менеджмент, өмірді мағынаға толы сүру, жақсы адамдар ортасын қалыптастыру жайлы кітаптар оқу үшін менеджерге тапсырыс беріңіз: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍25❤13😢2
🤔БАЛАЛАРСЫЗ ӨМІР НЕМЕСЕ БАЛАЛАРМЕН ӨЛІМ: қайсысын таңдар едіңіз?

Егер олар сіздің балаларыңыз болмаса; әке-шешесі белгісіз жетім болса ше?

Баланы ұлы тұлға қып тәрбиелеуде ерекше із қалдырған Януш Корчактың соңғы сағаттары ажалға айдалған балаларды тыныштандыруға, көңілін аулауға кеткен.

“Балаға жүрек жылуы” кітабынан үзінді. Кітапқа тапсырыс: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤16😍6🤗2💔1