ӨЗІМНЕН БАСҚА КЕДЕРГІ ЖОҚ
Ешқашан өзіме өзім кедергі болам деп ойламап едім. Күнім былай өткенін қалаймын:
- Түнде 10:00-де ұйықтау
- Таң намазы кірмей тұрып ояну.
- Төсекті бірден жинап тастау.
- Түнгі намаз оқып алу.
- Салқын душ қабылдау немесе бір шелек суды бастан төмен қотару.
- Бір стақан су ішу.
- Кітап оқу, бір бет +
- Блокнотқа жазбалар жазу, мүмкін шүкірлік жазу немесе бір күндік жоспар. Бәлкім ойларымды жазу.
- Кішігірім 5 минут дене жаттығуларын жасау.
- Таң намазын оқып, артынан тәсбих тарту.
- Таңғы асқа сұлы ботқасын дайындап бастау.
- Қатар түрде Құраннан 3 жол (3-4 қысқа аят) жаттау аудармасымен бірге.
- Видео көп көрмей, яғни телефонды көп ұстамай жүру.
- Кешкі астан кейін отбасымен кітап уақытын өткізу.
- 20 мин аулада жаттығу жасау.
- Құптан оқып, телефон немесе ТВ көрмей ұйықтау.
- Аптаның дүйсенбі, бейсенбісінде ауыз бекіту.
- Аптасына екі күн таңдап, бассейнге барып келу.
- Сенбі күні таңғы 6-да тауға шығу.
- Күн шығатын кезде ұйықтамау.
Бірақ, бірақ...
Осылай болмай жатыр. Бұған не кедергі десем, өзімнен басқа тосқауыл көрмедім. Мынау ғажап күн кестесі емес пе? Мұны орындап жүрсең, сенен мықты кім болмақ? Бірақ орындай алмайды екенмін. Себеп – әбден нәпсіге байланып, соның айтқанынан шықпай қалғанмын. Күнмен таласып ұйықта дейді, ұйықтаймын. Рилз, шортс, тикток қара дейді, ләббай тақсыр деп қараймын. Жат дейді, жатамын.
Өзімді өзім өзгертпесем, біреу сырттан келіп өзгертпейтіні анық. Бұлай жүре берсем, анық зиян шегемін. Ал анау көрсетілген күн тәртібін ұстансам, менен мықты ешкім болмас еді.
Кітап оқымасаң, қалай өзгермексің???
Кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

❤38👍12⚡5😭5🔥4❤🔥2🎉1
ҚАЛАЙ БҰРЫН БАЙҚАМАҒАНМЫН!!!
Өмірбаян оқып отырып, бұрын байқамаған деректі көзім шалып қалды. Қанша рет оқысам да мән бермеппін. 610 жылы Мұхаммед пайғамбарға (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) пайғамбарлық келіп, Исламды насихаттау тапсырылады. Кәпірлер оны ұната қойсын ба, салған жерден зорлық жасауға көшті. Сонда Алладан бұйрық келді: «Кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандардан теріс бұрыл, зұлымдыққа сабыр ет».
Яғни, бір адамды мұсылман болғаны үшін бір кәпір ұрмақшы болса, онымен төбелесіп, быт-шытын шығаруға рұқсат жоқ. Күшің жетіп тұрса да сабыр етіп жүресің. Және бұл бір күн емес, бір ай емес, бір жыл емес, екі жыл емес, бес жыл емес, он жыл емес, он төрт жылға жалғасқан!!!
Ойлап көрші, 5110 күн бойы сені мазақ қылған, ұрған, затыңды тартып алған кәпірді жұдырықпен салып қап, талдырып тастай алмайсың. Көркем мінезбен қарым-қатынас жасайсың.
Бұл менің басыма сыймады. Дәл қазір біреу маған аса қажет емес затымның өзін тартып алмақ болса, мұрнын бет қылып, шашын жұлып, қолына берер едім. Жарайды, бұған өзімді қинап сабыр етейін. Бірақ бір аптадан артық шыдамаймын-ау, ол анық енді. Ал 5000 күн, 14 жыл бойы шыдау деген енді, білмейм! Не деген қайсарлық, мықтылық! Сахабалардың мықтылығының бір себебі осында жатыр ма деймін. Бұл бір мықты бекіген рухани беріктік деп ойлаймын. 5110 күн, 122 640 сағат, 7 358 400 минут, 441 504 000 секунд бойы шыңдалған иманды, сабырды, көркем мінезді, рухты енді ешкім бұза алмайтыны айдан анық.
Сосын 624 жылы меккелік кәпірлер Мединаны басып алып, мұсылмандарды қырып тастаймыз деп жолға шығады. Сол кезде «қорғануға рұқсат» деген аят түседі. Соғысып, өздерін басып алыңдар деген бұйрық емес, өздеріңді қорғауға рұқсат деген. Сонда бұл Ислам деген ешқашан шиеленіске, кикілжіңге, соғысқа, басынуға, басып алуға апармаған екен. Аты айтып тұрғандай, бейбітшілік діні.
Өмірбаян:
Адамзаттың асыл тәжі
Мұхаммед пайғамбар өмір жолы

👍25❤19🕊3🐳1💊1
Оңтүстік оқырмандарымен кездесу | Kitapal podcast sapar
Бүгінгі влогта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов оңтүстік қалаларға, атап айтқанда: Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылордаға сапарға шығып, оқырмандармен кездеседі. Сапар барысында мамандықты ұнату, өз ісіне берілген адамдар, ықыластың күші, түрі періште жандар мен әулиелер, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді. Жолда өлең оқылып, ән айтылады. Жол қызықтары бір ғана видеода көрсетілген.
https://youtu.be/6zlrAJISPkk

😍25❤8🐳1
ЖҮРЕКТІ ТЕРБЕП, ИМАНДЫ ЖАҢАЛАЙТЫН ОҚИҒА
Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Меккеде көп қиындық көрген соң, Исламды жеткізу мақсатында Тайф қаласына барады. Алайда Тайф тұрғындары оны тыңдамақ түгіл, бала-шағасына дейін тас лақтырып, қала сыртына қуып шығады.
Денесі қанға боялып, ағаш көлеңкесіне әрең жеткенде, Жәбірейіл періште келіп:
«Егер қаласаң, осы екі тауды қысып, Тайф халқын жоқ қылайын», — дейді.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп жауап береді:
«Жоқ. Олардың ұрпағынан Аллаға иман келтіретін бір қауым шығатын шығар».
Бұл жерде не көреміз? Кек сақтамау, кешіріммен қарау, үміт үзбеу, сабыр мен адамгершілік. Өзін қорлап, таспен қудалаған халыққа қарғыс емес, жақсылық тілеуі –нағыз адам істей алатын нәрсе. «Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі. Жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі» демей мен халқымыз.
«Я, Алла! Пайғамбарымның жұмсақтығындай жұмсақтық бер, оның кешіріміндей кешірімшіл ет. Жүрегімді тас емес, нұрмен толтыр. Иманымды күшейт. Әмин.»
Пайғамбар өмірбаянын оқу үшін «Адамзаттың асыл тәжі» кітабын сатып алыңыз. ЕҢ АРЗАНЫ KITAPAL.KZ САЙТЫНДА. Сілтемені басып, сатып алыңыз.
https://kitapal.kz/book/adamzattynh-asyl-tadgi-%E2%80%93-mukhammed-sallallaqu-alayqi-ua-sallam-payghambardynh-

❤🔥27❤9👍3😍1
ЖАСҚА – АҚЫЛ, КӘРІГЕ – ҚУАТ
«Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш-өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді».
Қасым Қайсенов
«Оралхан – дүниеден озғалы, міне, тура он жыл болды. Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар: жасқа – ақыл, кәріге – қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады».
Шерхан Мұртаза, 2003 жыл
«Оралхан не жазса да қанымен, жанымен жазушы еді. Және қай жанрда жазбасын олардың бірде-бірі қаламдастар мен қалың қауым назарынан тыс қалмайтын».
«Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер».
Дулат Исабеков
Оралханның кітаптары сатылымда:
Тортай мінер ақ боз ат
Кербұғы
Қар қызы
Кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
«Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш-өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді».
Қасым Қайсенов
«Оралхан – дүниеден озғалы, міне, тура он жыл болды. Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар: жасқа – ақыл, кәріге – қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады».
Шерхан Мұртаза, 2003 жыл
«Оралхан не жазса да қанымен, жанымен жазушы еді. Және қай жанрда жазбасын олардың бірде-бірі қаламдастар мен қалың қауым назарынан тыс қалмайтын».
«Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер».
Дулат Исабеков
Оралханның кітаптары сатылымда:
Тортай мінер ақ боз ат
Кербұғы
Қар қызы
Кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
😍12❤7👍6🐳1
Біз оқырманға көбіне тілі жеңіл кітаптарды ұсынып жатамыз. Алғаш кітап бетін ашып жатқан адамға бұл дұрыс тактика. Ал біраздан бері кітап оқып жүрген адамға қиындау кітап ұсынған дұрыс. Себебі оңай нәрсемен өсе алмайсың. Адам қиын іске келгенде ғана шыңдалады. Көркем әдебиет те сондай. Толстой, Достоевскийді оқуға бүйрегіңіз бұрмай жүрген шығар. Бірақ арасында күрделі еңбектерді оқып, миды бір сілкіп алған дұрыс. Адам кітаптағы кейіпкермен бірге өседі, эмоциясын бірге шығарады. Онымен бірге қиналып, онымен қатар дамиды.
Жұрттың бәрі пәлен кітапты оқып жатыр екен деп, сіз де соған еріп кетпеңіз. Әрине, ұнаса оқыңыз. Бірақ ешкім оқымаған кітаптарда ерекше сыр жатыр. Сонда өзгеше ойлайтын боласыз.
Кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
Жұрттың бәрі пәлен кітапты оқып жатыр екен деп, сіз де соған еріп кетпеңіз. Әрине, ұнаса оқыңыз. Бірақ ешкім оқымаған кітаптарда ерекше сыр жатыр. Сонда өзгеше ойлайтын боласыз.
Кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
🔥18❤2😍1
КОЛЛЕКЦИОНЕР
«Коллекциянер» – ағылшын жазушысы Джон Фаулздың 1963 жылы жазып, бірден бестселлерге айналған алғашқы романы. Бұл шығарма – екі психологиялық түсінік, екі кереғар кейіпкердің аарасындағы айырмашылықты көрсететін роман. Көлемі үш жүз беттен асады. Фредерик деген жігіт көбелек жинаумен айналысады. Ең жаманы – көбелектерді қалай қаласа солай бағындырып, бодандықта ұстайтын жігіт бір қызға ғашық боп қалады. Оның есімі – Миранда. Сонда ішкі әлемі иеленуден басқаны білмейтін жігіт сол қызды да иеленгісі келеді. Оны өзінше ғашық болу деп тар оймен пайымдайды.
Өзі жұмысшы табынан шыққан жігіт зиялы, оқыған қызға сөйлеуге батылы жетпей, жабайылықпен ұрлап әкетеді. Оны өзіне ғашық еткісі келеді. Басқаша айтқанда көп көбелектің қатарына қосқысы келеді. Бірақ адам көбелектей бола ала ма?
Ал қыз не істейді? Байғұс Миранда жігіттің ойын өзгертуге, тәрбиелеуге тырысады. Бірақ қатып қалған тар ой қалай өзгерсін. Ақыры үміті жоғалып, аурудан өледі. Сәтсіз аяқталған эксперимент секілді. Ал жігіт енді жаңа коллекция, яғни жас қыз іздей бастайды. Соны өзіне ғашық қылуды ойлайды.
Кім не ұқса да, автор өз ойын ашып айтпайды. Әркімге ашық алаң қалдырады. Бірақ адам жанының қарабайырлығы, кедейлігі, тарлығы түрмеден де жаман дегің келеді. Ондайлар өзі білмей, басқа жандарға зиянын тигізеді.

❤13🔥5💔4😍1🐳1
ӨЗІҢ ДИУАНАСЫҢ, КІМГЕ ПІР БОЛАСЫҢ?
Біз осы сөзді естіп өстік. Яғни, өзің бейшарасың, кімге ақыл айтпақсың деген сөз. Біреуді жақсылыққа шақырып жатсаң, біреу келіп: «Айналайын, өзіңе қарап ал» деуі мүмкін. Сондайда өзіңді жаман сезінбе. Өйткені төмендегі хабарды оқы.
Алла Тағала Юша ибн Нун пайғамбарға (а.с.): «Сенің қауымыңнан алпыс мың жаман кісімен бірге қырық мың жақсы кісіні жоқ қыламын» деген уахи жібереді. Юша (а.с.):
«Уа, Жаратқан Алла, жамандар үшін айтар сөзім жоқ, бірақ жақсыларды қиратуыңның себебі не?» деп сұрайды. Алла Тағала:
«Өйткені олар жамандықтарды Мен үшін жаман көрмеді және олармен бірге жеп-ішті», – деп жауап қайтарады.
Әнәс ибн Мәлик (p.a.) төменгіше риуаят етеді: «Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Өзіміз толық орындамайынша, жақсылыққа шақырмаймыз ба? Өзіміз толық арылмайынша, басқаларды жамандықтан тыймаймыз ба?» - деп сұрадық. Ол бізге:
«Жоқ, жақсылықты толық орындай алмасаңдар да, оған басқаларды шақырыңдар және әрқалай жамандықтан аулақ бола алмасаңдар да, басқаларды жамандықтан тыйыңдар», - деп жауап берді».
Ұлы ғалымдардан бір кісі ұлдарына төменгідей насихат шақырып, айтты: «Араларыңнан біреу жақсылыққа жамандықтан тыйғысы келсе, өзін сабырлылыққа дайындасын және Алла Тағала беретін сауапқа сенсін. Өйткені Алладан келетін сауапқа сенген кісі тартқан қиыншылығының ауырлығын сезбейді».
«Жүрек сырлары» кітабынан.

👍15❤11🔥2😍1🐳1
Құрманғазы ұстаз: дәулеттің айналуы, шүкірлік формуласы, ұғудың сыры | Kitapal podcast #43
Бүгінгі подкастта араб тілі және қолжазба маманы, Әл-Әзһар, IARS (ғылым докторы), "Ризық" бестселлер кітабының авторы Садыбаев Құрманғазы ұстазбен жазушылар Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов сұхбаттасады. Сұхбат барысында ұғудың кереметі, байлықтың айналуы, адамның потенциалын ашу, шүкір етудің формуласы, кітап оқудың мәні, ризық тек тамақ емес, әрбір істің дұға болуы, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.
https://youtu.be/Be9hRCMqGvg

👍7❤3😍2🐳1
ЕРІК-ЖІГЕРІҢДІ ЖАТТЫҚТЫРУҒА БОЛАТЫНЫН БІЛЕСІҢ БЕ?
Адамның ерік күші ойдан шығарылған нәрсе емес пе осы? Бар болса қайда тұрады? Түрі қандай, салмағы, дәмі қандай? Оның миға қатысы бар ма? Әлде энергия сияқты жоқтан пайда болып, мотивация болып сіңіп, кейін жоқ боп кете ме? Қызық па осы сұрақтар? Ендеше жауабын айтайық.
Бізден бұрын осы сұраққа Колумбия университетінің нейробиологтары (2023 жыл) бас қатырған. Сөйтіп еріктілердің миын ашып, ойнап айтам, ашпай-ақ, былай зерттеу жасаған. Ерік-жігер кететін тапсырмалар беріп, сынап, журналға түртіп отырған.
🔬 Нәтижесі:
1. Ерік күшінің "офисі" – мидың алдыңғы бөлігінде (prefrontal cortex) анықталған. Бұл аймақ шешім қабылдау мен импульсті тежеу үшін жауап береді. Мысалы, сен тәтті жегің келді. Қолың еріксіз столдағы шоколадқа созылып жатыр. Сосын бір сәт ойланып, диета ұстап жүргенің есіңе түседі. Сөйтіп «Жоқ!» деп тартып аласың.
2. Тәжірибе: Адамдарға құр тәтті мен пайдалы тағам таңдатқан кезде, ерік күшін пайдаланғандардың миында анық белсенділік байқалды. Олар өздерін тежеп, пайдалы тағамды таңдағанда, префронтальды қабықтың жұмысы күрт артты.
3. Қызықты жері мынау: Ерік күші бұлшық ет секілді — жаттықтыруға болады. Кімде-кім күніне ұсақ шешімдерде өзін тежеп, тәртіпке үйретсе, миында осы аймақ күшейеді екен. Яғни, төзімділік пен тәртіп – үйренуге болатын қабілет. Ерік-жігерің качок болса, нәпсінің қалауларына қарсы тұру да оңай болмақ.
4. Тәжірибеден соң қатысушылар 2 апта бойы күн сайын кішкентай "тәртіп жаттығуларын" жасады (мысалы, кәмпитті жемеу, таңертең ерте тұру). Соңында олардың ерік күшіне жауап беретін мидағы нейрондық байланыстар 11%-ға күшейген.
Сонымен, не дейміз:
Ерік күші ешқандай да миф емес, кәдімгі мидың бір қызметі. Оны жаттықтыру арқылы адам әдеттерін өзгертіп, табысты бола алады. Темір көтеріп бицепсті үлкейте бермей, миды да жаттықтырып тұр.
Оқуға ұсынатын кітаптар:
Ерік-жігер
Әдет күші
Атом әдеттер
Супержады
Дикий гормон
Тренажер мозга
Ғажайып ми

🤝12❤10😍3🐳1💊1
МЫҚТЫ ШЫҒАРМА ТУУ ҮШІН ҚИНАЛУ КЕРЕК ПЕ?
Хемингуэй айтқан ғой «мықты жазушы болу үшін бақытсыз балалық шақ керек» деп. Біздің классик жазушылардың ешбірінің бақытты балалық шағы болмаған. Соғыс, ашаршылық, репрессия, ұжымдастыру, тың игеру, желтоқсан, тағысын тағылар. Мысалы, Мұқағалиді алайықшы.
1931 жылы дүниеге келген. Сол уақытта елде ашаршылық жайлап жатқан.
6 жасында, яғни 1937 жылы саяси қуғын-сүргін кезеңіне сәйкес келді. Алты жасар балаң естияр ғой, есінде көп нәрсе қалады.
10 жасында соғыс басталды. Әкесі соғыста Калининградта қаза тапты. 1941 жылы. Бірден.
Лашын есімді жарынан туған Ләззат, Майгүл қыздары бар еді, екеуі де қайтыс боп кетеді. Бұл жалғанда боталап қалудан, әсіресе, нәзік қыздарыңнан айрылудан артық қасірет бар ма!
Оған қоса талантың бағаланбай, еңбегіңе сыйлық берілмей жатса, ол да бір күйгендік.
Осындай қайғы-мұңға толы тағдырдан классика туындылары пайда болды ма екен, а? Сізге таңдау берсе: 1) бақытты ғұмыр кешесің, бірақ артыңда із қалмайды; 2) қайғыға толы өмір сүресің, бірақ артыңда атың, мұраң қалады десе, қайсысын таңдар едіңіз?
Мұқағали өлеңдерін оқу үшін кітаптарына тапсырыс бере аласыз.

❤10😍10💔4🐳1💊1
Орманбет би айтты деген сөз бар:
Жақсыдан туған жаманды,
— Жамандай берме, жарандар,
— О да бір тартпай қоймас негізге!
Жақсыдан туған жаманды,
— Жамандай берме, жарандар,
— О да бір тартпай қоймас негізге!
👍24❤3😍1🐳1
Елжас Ертайұлы: бақытты отбасынан бақытты балалар шығады | Kitapal podcast #44
Бүгінгі подкастта жазушылар Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов бала тәрбиесі маманы, 6 кітаптың авторы Елжас Ертайұлымен сұхбаттасады. Сұхбат барысында таяқ жеген баланың салдары, агрессияны агрессиямен шешу, баланың телефонын қарау, интроверт балаға экстраверт бол деп ұрсу, шектен тыс өбектеу, өзіңе тиіскенді аяма деп айту, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.
https://youtu.be/LxkO9H7nVGY

❤20😍2👍1🐳1
Неге біз осы 30 жаста қартайып кеттік?
Ми жас келгеннен емес, жұмыстың жоқтығынан қартаяды.
Кітап оқитын шығарсың? Байқадың ба, ұзақ оқып отыру қиындап кеткен. Мағынасын ұстап отыру тіпті қиын. Сөйлем неден басталып, неден аяқталғанын білмей қаласың. Амал жоқ, телефон шұқылап кетесің. Сөйтіп видео көруге бір сағатың кетіп қалады. Сен оған уже тәуелді боп қалғансың.
Күрделі еңбектерді оқығанда ғана мида жаңа нейрон жолдары қалыптасады. Ай сайын он кітап оқудың қажеті жоқ. Бір кітапты бірнеше рет оқы. Немесе бір оқығанның өзінде терең ойланып, талдап, пікір таластыр. Бұл — миды жаттықтыратын нағыз тренажёр.

❤54🤝5😍4🐳1
Бағана дүкенде жүргем. Бір бала анасымен картоп алып жатыр. Менің қолымдағы сүтті көрді де:
- Мама, сүт алайықшы, - деді. Анасы:
- Жоқ, саған болмайды сүт ішуге.
- Өмірбақи ма?
- Иә, өмірбақи.
Соңғы жауапты естігенде баланың жүзі жалғыз ойыншығын жоғалтқандай мұңайып кетті. Лактозаға төзімсіз бе, аллергиясы бар ма бірдеңе боп тұр ғой.
Ал мен өмір бойы сүт ішіп келемін. Ананың ақ сүтімен әлденіп, өсе келе сиыр, жылқы, қой, ешкі, түйе… Шүкір етуге лайық па? Әрине!!!

❤81😢4😍4🐳1
Имам Шафиғи:
«Кім Құран Кәрімді үйренсе, қадірі көтеріледі. Кім фиқһ үйренсе, абыройы өседі жән кім хадис үйренсе, сендіру қабілеті күшейеді. Кім математика үйренсе, зейіні артады. Кім аз білінген ақиқаттарды білсе, мінезі жұмсарады. Кім намысты болмаса, ілімі оған пайда бермейді»

❤56😍3🐳1
Жақсылықтың жайылуы үшін оны ылғи насихаттап, айтып жүру керек. Үнсіз қалмау керек. Сіздер үшін үш тұлға пайдалы әңгіме айтуға ниеттеніп отыр. Келіп қатысыңыз. Билет алу үшін уатсапқа жазыңыз.
+7 775 562 2233
wa.me/7755622233
+7 775 562 2233
wa.me/7755622233
❤20😍1🐳1