KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.41K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Халқым, күшті акция боп жатыр. Пайдаланып қалыңыздар. 50%-ға дейін жеңілдіктер. Мына тізімде жоқ кітаптарға 10% жеңілдік. Ішінде хит кітаптар толып тұр. Тапсырыс беріңіз уатсап арқылы wa.me/77775722233 немесе дүкенге келіңіз.
😍6❤1🐳1🤝1
Қанағатшылдық туралы Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Мүміннің ұлылығы – басқаларға мұқтаж болмау» деген. Қанағатшылдықта біреудің қолына қарамау және ұлылық бар. Міне, сондықтан «Біреуге тоқпейіл мәміле жасасаң, сол кісідей боласың. Кімнің қолына қарасаң, оның құлы боласың. Кімге жақсылық жасасаң, оның төресі боласың. Мұқтаждығыңы қамтамасыз еткен аз нәрсе сені шектен шығарған көп нәрседен жақсырақ» деп айтады.

«Жүрек сырлары» кітабынан.
❤45🤝2😍1
Әлем, уақыт деген нәрсе жаралмастан 1000 жыл бұрын...

«Расында, Алла Тағала жаратылыс жаратылмастан мың жыл бұрын «Таһа», «Иәсин» сүрелерін оқыды. Сонда періштелер ол Құранды естігенде былай деген: «Мына Құран түскен үмбетке, осы Құранды көтеріп жүрген көкіректерге һәм онымен сөйлеп жүрген тілдерге қандай жақсы десеңші» (Дәрими Әбу Хурайрадан жеткізген. Ихия улумиддин, 1-том, 332-бет)

Дәл қазір Құранның барлық түріне жеңілдік жүріп жатыр. Тапсырыс беріп үлгеріңіз.

Кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤23😍1
Құрбан шалуға жағдай жетпеді ме?

Алла елшісі (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) әкелінген екі қошқарды өз қолымен сойып: «Бисмилләһи Аллаһу әкбар. Уа, Раббым! Бұл (құрбандық) менің және үмбетімнің ішінен құрбандық шала алмағандар атынан» - деп оларды құрбандыққа шалды. (Әнастан Бухари және Мүслим).

Өзінен кейін 1400 жылдан кейін дүниеге келген мына біздерді ұмытпай, дұғасына қосқан, уайымдаған, жақсы көрген, сағынған пайғамбарымызға жаңбыр тамшысының санындай салауат болсын!

Салауат туралы кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤51😭5😍3🐳1
Интернетпен оңаша қалған адамның жанында үшіншісі боп шайтан отырады. Солай!

Бұрын адамдар көзі харамға түсуі үшін көшеге, базарға шығуы керек болса, қазір саусағының ұшында тұр.
❤56💔23🤝4😍3🐳2
Шал ақын Құлекеұлы

Мұхтар Мағауин ғазиз басын бәйгеге тігіп, халыққа танытқан даңқты ақындардың бірі. Мұндай ақын, жырауларды орыстың батасын алған қазақ жандайшаптар мүлде өткізбеген, қазақта әдебиет те, тарих та, елдік те болмаған деп насихат жүргізген. Мұхтар ағамыздың күреспен жарық көрген кітабын ортасынан қиып, макулатураға жіберген. Бірақ ақиқат түбі жария болады. Тәуекелмен келген еңбекті біз бүгінде мамыражай заманда оқып жүрміз. Бұл – біздің бабаларымыз, төл әдебиетіміз, мақтанатын жауһарымыз.
❤38🐳2😍1
🥶Мидың жауы

Күнде бір көшемен жүріп, ылғи бір адамдармен сөйлесіп, бір тамақты іше берсең — өмірдің қалай сүреңсіз сұрғылт күндерге толып кеткеніне таңғалма. Яғни, мидың жауы – күн сайынғы тұрақты, қайталанатын, езіп жіберетін іс.

Мидың нейрондары ылғи да жаңарғысы келеді: жаңа дағды, бұрын жасамаған әрекет, соны іс, шет тілін үйрену, т.б. Тіпті тісіңді оң қолмен жуып жүрсең, енді сол қолмен байқап көр. Соның өзі — ми үшін үлкен серпіліс.

Сен не дамып жатсың, не құлдырап барасың. Үшінші жол жоқ. Термометрдің 0 градусында қимылсыз қатып қалатын күй жоқ. Дамып жатпасам да, шіріп жатқан жоқпын ғой десең, онда өзіңді алдағаның.

➡️Оқуға ұсынатын кітаптар:
1. Супержады. Есте сақтау қабілетін дамыту тәсілдері
2. Ғажайып ми
3. Бақыт гормондары

👌Тапсырыс беру үшін сілтеме: https://clck.ru/3MdbNy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤30😍2🐳1
Қате көзқарасты қалай жою керектігін білесіз бе?

Жарайды, қазір пост соңында айтармыз, бірақ алдымен қате көзқарасты не үшін жою керек? Әркімнің пікірі бар емес пе, неге құрметтемейміз?

Қате көзқарас – адамды танымай тұрып-ақ, ол туралы бір ойға беку.

Мысалы, бір машина баяу жүріп келе жатса, «жүргізушісі қыз шығар» деп ойладың. Қара нәсілді жігітті көрсең, «бірдеңе ұрлайтын сияқты» деп ойладың. Орыс кісіні көргенде, «бұл да бір шовинист шығар» дедің. Бір жігіт сәл нәзіктеу майысып тұрса, «анандай-ау» деп баға беріп тастадың. Бір қытайлықты көріп қалсаң, «бұлар құрт-құмырсқа жейді» деген ойың автоматты түрде басыңа келді. Қысқа юбка киген қызды көргенде, «мынау точно бұзылған қыз» деп асығыс шешім шығардың. Стереотип деген осы. Сен оларды танымайсың, бірақ қасына қонып шыққан адам құсап баға беріп тастадың.

Қате көзқарастарды жоюдың жалғыз жолы – диалог. Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше. Пендемен араласу арқылы бір-бірімізді бөлетін шекаралардың қаншалықты әлсіз екенін біле аламыз. Адаммен әңгімелесу арқылы олардың да қарапайым екенін, әрбірінің тарихы, жүрген жолы, тәжірибесі бар екенін ұғамыз.

«Мәә, пәленше туралы былай деп ойлап жүрсем, мүлде басқа адам екен ғой. Тура өзіміз сияқты қарапайым пенде екен ғой» деген ойға тоқталасың.

Оқуға ұсынатын кітаптар:
1. Ала жіпті аттама
2. Ғайбат. Басқа бәле тілден
3. Тіл кесапаты
4. Как разговаривать с кем угодно, когда угодно, где угодно
5. Кез келген адаммен кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері

Тапсырыс беру үшін сілтеме:
https://clck.ru/3MdbNy
❤34👍5😍1🐳1
Зұлымдық жасаса да оларға еш қарсы шықпаңдар

Кім ата-анасын разы қылған жағдайда ертемен орнынан тұрса, оған пейіштің екі есігі ашылады. Кім ата-анасын разы қылған жағдайда күн батырса да сондай болады. Егерде олардың біреуін разы қылса, пейіштің бір есігі ашылады. Зұлымдық жасаса да ата-анаға еш қарсы шықпаңдар. Кім ата-анасын наразы қылған жағдайда таң атырса, ол үшін тозақтың екі есігі ашылады. Кім ата-анасын наразы қылған жағдайда күн батырса да осындай болады. Егер олардың біреуін наразы қылса, тозақтың бір есігі ашылады. Зұлымдық жасаса да оларға еш қарсы шықпаңдар» (Итхафус сада, 6/314)

«Жүрек сырлары» кітабынан
Тапсырыс беру үшін сілтеме:
https://clck.ru/3MdbNy
❤30🤔3💊2😍1🐳1