АҚЫЛДЫҢ НҰРЫ ТҮССЕ, БАЛА ҰЯЛАДЫ
Жақсы-жаманды ажырату түйсігі балада көріне бастаған сайын, оның бақылауын да күшейте түсу керек. Мұның әуелгі белгісі – балада ұят қасиетінің бастапқы нышанының көріне бастауы.
Ұяты ояна бастаған балаға әдепті үйрету арқылы жәрдем көрсеткен дұрыс. Көп жағдайда баланың бойында тамаққа ашкөздікпен ұмтылу сезімі басым болады. Бұл кезде тәрбие тамақ ішу әдебінен тәлім беруден басталады.
Мысалы, тамақты оң қолмен алу, «бисмилләһ» сөзімен бастау, тамаққа үлкендерден бұрын қол созбау, тамақты тек өзінің алдынан алу, тамақ жеп отырған адамның аузына қарай бермеу, тамақты шашпау, жақсылап шайнап жеу, тамақты обығып жемеу, яғни тамақты ауызға біріне соң бірін сала бермеу, жеп отырған асты киімге тамызбау.
Кейбір кезде қосымша тәттілерсіз құрғақ нан мен қара шайды ішуге үйрету.
Имам Ғазалидің «Ихия улумиддин» кітабы, «Баланы әдептілік пен көркем мінезге үйрету» бөлімінен үзінді.
Кітапқа тапсырыс беру: wa.me/77775722233

❤21👍5👏1😁1🤔1🤝1
ҚЫЛЫШСЫЗ САМУРАЙДЫҢ ҚАҒИДАСЫ
Мен сәтсіздікке көбірек ұшырадым, бірақ әрдайым бұл жайында ойлай беретін адам тағы да қателікке бой алдырады. Пессимизм – жеңіліс стратегиясы. Көшбасшыда сенім мен оптимизм болуы керек. міне, осы қасиеттер арқылы елдегі ең жоғары мәртебелі қызметке қол жеткіздім.
🟢 Үздік сарбаз шабуылдамайды.
🟢 Үздік жауынгер жетістікке күш қолданбай-ақ жетеді.
🟢 Ұлы жаулаушы жеңіске күрессіз қол жеткізеді.
🟢 Ақылды қолбасшы соғысты ұнатпайды. Епті жауынгер өлтіргенді жақсы көрмейді. Жеңе білетін адам бірінші болып шабуылдамайды. Адамдарды басқара білетін жан өзгелерді төмендетпейді.
Мен сәтсіздікке көбірек ұшырадым, бірақ әрдайым бұл жайында ойлай беретін адам тағы да қателікке бой алдырады. Пессимизм – жеңіліс стратегиясы. Көшбасшыда сенім мен оптимизм болуы керек. міне, осы қасиеттер арқылы елдегі ең жоғары мәртебелі қызметке қол жеткіздім.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤26👏5😍3👍2😁1🤔1🤝1
Көгершіндер таси алмаған хаттар
999 жылы 28 және 18 жастағы екі ғалым бір-бірімен хат алысады. Екеуінің арасы 400 км. Олардың хатын көгершіндер таси алмайтын еді. Себебі олар бума-бума хат жазатын. Екеуінің хаттары қазіргі әлемнің даму бағытына себеп болған. Олар кім еді?
28 жастағы, Арал теңізіне құятын Амудария өзені жағасында туған Әбу Райхан әл-Бируни Бұхарадағы інісі 18 жастағы Ибн Синамен ғылым жайлы үздіксіз хат жазысатын. Сондағы сұрақтарының кейбірі мынадай еді: Күн жүйесі басқа жұлдыздарда да бар ма? Жер бір сағатта жаралды ма әлде ұзақ уақыттар бойы ма? Олар, әрине, бәрін Алла Тағала жаратқанын білді, бірақ соның қалай жасалғанын, ғылыми жағын зерттеді. Жердің Күнді айналатынын дәлелмен тұжырымдады. Олар Аристотельдің араб тіліне аударылған «Аспан туралы» кітабын талдап, келіспейтін тұстарын ашық айтқан.
Бируниден 500 жылдан кейін Джордано Бруно Жер Күнді айналады деп, отқа жанған.
Ғылыми жаңалық бір сәтте пайда болмайды. Ұзақ жылғы және қажырлы еңбектен кейін туады. Қазіргі заманғы технология мен ғылымның бесігі осы біздің өлкеде, яғни Орталық Азияда қаланған. Бұнымен не айтқымыз келеді?
Білім қуған шәкірт бол немесе шәкірттің білім алуына жағдай жасайтын адам бол. Біздің елден де ұлы ғалымдар шығады. Бәрімізде бірдей ми, бірдей тіл, бірдей жүрек. Тек жағдай жасап берсек болғаны. Оқитын орнын, кітабын, құралын дайындап берсек жетеді.

❤37🔥5🆒4🤔1
Сізге танысыңыздан аудио-смс келді. Тыңдасаңыз, басында сәлеміңізді алмапты. Бірден әңгімеге көшіпті. Сіз ішіңізден «өзінше боп кеткен бе? Неге амандаспайды?» деп кіжініп қаласыз. Дұрыс жолы: «аудионың басы дұрыс жазылмай қалған шығар» деп ол кісіні ақтап алу. Ықтималдығы бар ғой.
Бір досыңызды сыра ішіп жатқан жерден көріп қалдыңыз. Оның ішпейтінін білетін едіңіз. «өй, әкеңнің...мына тірлігін қара» деп үстінен ұстап алуға тырысқанша, оны ақтайтын 70 түрлі сылтау табыңыз. Сыра емес, шыны бөтелкедегі лимонад шығар. Досыңызға ұқсайтын басқа біреу шығар. Ішіндегі таза су шығар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤40👍8🤔2😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тәуелсіздік + кітап = дамыған Қазақстан✊
❤28👍3🔥2😁1
38 ЖЫЛ ЖАЗЫЛҒАН КІТАП!
Абай мұрасын Әуезов атамыз 1918 жылы зерттеп бастайды. Ғылыми зерттеу мақалаларын шығарып, 1942 жылы Абай жолы 1-томды шығарады. 1956 жылы 4-том жарық көреді.
Оны жарыққа шығару да оңай болмаған. Егер Абай ұмытылса, қазақ та ел болудан қалып, тарихынан жерінер еді. Әуезов амалсыз Құнанбайды құрбан етіп, халықтың дұрыс түсінетініне сеніп, кітапты шығартады. Оның кітабын құпия түрде бастырған батыр – Қазақ мемлекеттік баспасының Бас редакторы Бейсенбай Кенжебаев. Осы үшін қызметінен қуылған.
1951 жылы Мұхтарға атылып кету қаупі туғанда Қаныш Сатпаев Ілияс Омаровқа: «Мұхтарды аман сақтай алмасақ, бәріміз қазақ халқының алдында қарабет атанып өтеміз» деген.
Осындай арыстардың білімі мен қанымен келген тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Соны ұмытпайық, насихаттайық. Біз соларға ұқсауға ұмтылайық.
Сіздерден өтініш, осы видеоны бөлісіп жіберіңіздер!

❤45👍6😭2😁1
ОЛЖАСЫ МОЛ АЙЛАР
(21-желтоқсанда қасиетті үш ай кіреді)
Кітап туралы: Ережеп + Шағбан + Рамазан + 3 күн айт + 6 күн Шәууал айының оразасы = 99 күнге арналған күнделік. Сол жақ бетінде қасиетті есімдер, хадис, дұға, салауат, сүннеттен үзінділер жазылған. Оң жақ бетінде таңда, түсте, кешке, түнде жасайтын ізгі амалдар тізімі берілген.
Бағасы: 2500 тг
Тапсырыс беру: wa.me/77775722233
Ережеп – Алланың айы, Шағбан – менің айым, ал Рамазан – үмметімнің айы” деген хадисті естігенде, сахабалар неліктен бұл айдың Алланың айы деп аталу себебін сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп түсіндірген:
“Ережеп – Алланың күнәларды кешіретін айы. Алла Тағала үшін сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Бұл айда пайғамбарлардың тәубелері қабыл болып, әулиелер дұшпандарынан қорғалған. Бір кісі Ережеп айын оразамен өткізсе, Алла тағаланың мынадай үш жақсылығына ие болады:
1. Өткен күнәларын кешіреді;
2. Қалған өмірінде түрлі теріс қылықтардан сақтайды;
3. Қиямет күні Алла тағала оның шөлін қандырады”.
Әнәс ибн Мәліктен (р.а.) риуаят етілген осы хадистің жалғасы былай өрбиді:
Осы мезет бір қарт кісі орнынан түрегеліп, өзінің Ережеп айында түгелдей ораза ұстауға шамасы келмейтіндігін мұңая жеткізгенде: “Ережеп айының басында, ортасында және соңында ауыз бекітсең, бұл айды түгелдей оразамен өткізгендей сауапқа кенелесің”, – деген жауап естіп қуанады.
Кімде-кім Ережеп айында біреудің мұқтаждығын өтесе қиямет күні Алла Тағала оған Фирдаус жәннатынан көз жетер жеріне дейінгі арақашықтықта сарай тұрғызады. Қаперде ұстаңыздар бұл айда Алла Тағаланың сый-құрметіне лайық болуды қаласаңыз, өзгеге сый-құрмет жасаңыздар” (Абдуллаһ ибн Зүбәйірден (р.а.)).
“Жәннатта бір өзен бар. Ол өзеннің аты – Ережеп. Сүттен ақ, балдан тәтті. Кімде-кім Ережеп айында бір күн ораза тұтса, Алла Тағала ол кісіге сол өзеннен сусындауды нәсіп етеді” (Әнас ибн Мәліктен Мұса ибн Имран жеткізген).

❤26🥰2👍1🤔1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥47❤12🥰1👏1
Жаңа жылға сыйлық алдың ба?
Жаңа жылды әркім әртүрлі тойлайды. Біреу үшін дастарқан жайып, туысқандармен бас қосу, біреу үшін корпоративте көңіл көтеру, ал енді бір ерекше жандар үшін сыйлыққа кітап алу, сыйлыққа кітап беру.
Ең жақсы сыйлық - кітап. Қалғанын өзіміз сатып аламыз. 25-31 желтоқсанда бүкіл кітапқа 50%-ға дейін жеңілдік жасаймыз. 50% емес, 50 пайызға дейін!!!
Бүгін тиын-тебеніңізді жинап, ертеңге дайын отырыңыз. Өзіңізден бастап тағы кімге кітап сыйлайтыныңыздың тізімін жасаңыз. Ең жақсы кітаптар сіздің қолыңызға өтсін.
Акцияға қатысады:
1) Алматыдағы үш дүкен
2) Атыраудағы дүкен
3) уатсап менеджерлер 8-777-572-22-33

❤21👍3🤔2
Әр кітаптан оқырманның ұнататын үзіндісі болады. Сол үшін қайта-қайта басынан бастап оқуға дайын.
«Жусан иісі» кітабында ағасы соғыста қайтыс болғанын естіген Аянның қораның ішінде қыстығып жылап, артынша «Күн ыстық иә?» деп күле салғаны...
Аян ауданға мектепке кетерде шал мен кемпірдің «тектінің тұяғы» деп жылауы...
«Бір атаның балалары» кітабында ағайынды екі баланың шын әкесін іздеп, адасып, боранда үсіп өлуі. Әсіресе, өлер алдында ысығаннан киімдерін шешіп тастауы. Өлген жерінен құлақ естір жерде (шамамен 150-200 м) үйлер тұрғаны...
Осы екі ағайындыны екіге бөліп асырап алған екі отбасының қатты қайғырғаны сонша, содан кейін ылғи жайлау мен қыстауға бірге көшіп, бауыр басып кеткені...
Сол екі баланың шын әкесі табылып, бірақ оған қазаны естіртпеуі...
«Қамшыгер»-де жолдастары адастық деп, басшыға күдік келтіре бастағанда, қалың тұманнан күндіз көріп тұрғандай жол тауып келуі...
Батыр бір оқты көтере алмапты деген қаңқу сөзден ұялып, қарнындағы оқты алдырмауы...
Өлер алдында соңғы рет сермеп, өгіз терісін қамшымен екіге бөлуі...
Сізді қай шығарманың қай тұсы толқытады?

❤17😁1😢1
Ең жақсы сыйлық - кітапты жеңілдікпен алып үлгеріңдер, халқым!
Торт желінеді, қалады.
Ойыншықтың қызығы басылады.
Салют жарқ етіп жоқ болады.
Киім онсыз да көп.
Ал кітап жылдар бойы жаныңды жылытады.
Сен сыйлаған кітапты оқыған адам ылғи сені есіне алады.
Kitapal дүкеніне келіңіз, әдемілеп орап береміз.
Немесе уатсаппен тапсырыс беріп қойыңыз. wa.me/77775722233

❤15👍3🔥3😁1
Қиын кезде қалай шешім қабылдау керек?
Біз болашақты болжай алмаймыз. Алда не боларын білмейміз. Сол үшін қандай шешім қабылдасақ та оны дұрыс немесе бұрыс деп бағалай алмаймыз.
Сізге дейін сол проблемаға тап болған адамдардың тәжірибесіне сүйеніп, дұрыс және дұрыс емес жағын таразылап, бірнеше ақылды адаммен ақылдасып, бір шешімге келуге болады. Себебі ақылдасуда әрқашан береке бар.
Тағы бір жолы – истихара дұғасын оқу. Сізге ұсыныс жасаған жігіт немесе ұнаған қызды өмірлік жар ретінде таңдағаным дұрыс па? Ұйықтар алдында истихара намазын оқыңыз. Ертеңіне жүрегіңізге ыстық пен суықты айырғандай сезіледі.
Бір шешімге келген соң, қалғаны таза тәуекел. Қолдан келгенін жасайсыз, нәтижесі тәжірибеге айналады.
Оқу керек кітаптар:
"Думай медленно, решай быстро". Даниэл Канеман.
"Тайм-менеджмент". Шынар Әділова
Дариус Фору, "Рискуй и действуй!" (45 мозгоправок, чтобы унять страхи и продолжать двигаться к своим целям)

❤20🥰3🤔1
Қараңғы жердегі піл
Үндістер қараңғы қораға бір пілді әкеп қамап, халыққа көрсетпек болды. Соны көру үшін сол қараңғы жерге біраз адам жиналды. Алайда қораның іші тас қараңғы болғандықтан, оны көзбен көру мүмкін емес еді. Сөйтіп олар пілді қолдарымен сипап ұстап көре бастады.
Біреуінің қолы пілдің құлағына тиіп:
- Піл алашаға ұқсайды екен, - деді.
Тағы бірінің қолы пілдің мұрнына тиіп былай деді:
- Жоқ, піл дегенің құбырға ұқсайды.
Тағы бірі аяғын сипап көріп:
- Қайдағыны айтпаңдар, мынау пілің нағыз бағана секілді, - дейді.
Енді бірі арқасына қолын тигізіп айтады:
- Не айтып жатырсыңдар, піл дегенің отыратын тақ сияқты емес пе?
Әркім пілдің қай жерін ұстап, неге ұқсатса, солай сипаттай бастады. Олардың сөздері, көзқарастары бір-біріне қайшы келді. Олардың қолында шам болғанда, бұлай қайшы келмес еді.
Мәулана Румидің "Көңілдің сұлтаны" кітабынан үзінді.
Дәл осы кітапты жеңілдікпен алып үлгеріңіз. Бүгін бүкіл кітапқа 50%-ға дейінгі жеңілдіктің соңғы күні. wa.me/77775722233

❤14🤝5👍3🤔2🔥1
2026 жылға жоспар жасап жатсыңдар ма? Міндетті түрде жасаңдар. Миға нақтылық, бағдарлама керек. Түк жоспарланбаса, не істейтінін білмейді. Жеке өміріңде, отбасыңда, жұмысыңда, тұлғалық дамуыңда, рухани дамуыңда, қаржыңда қандай белестер болмақ? Соларды жазсаң болады.
❤44🔥12👍6😍4🥰1
Мың сөзден бір іс артық
Дулат Исабеков атамыз айтпақшы, біз, қазақ дүние емес, сөз қуған елміз. Білім, ғылым, технология үйренбей, әркімді сөз қылуға шеберміз. Тредс дәл соған жақсы алаң болды. Ол жақта пайдалы әңгіме айтсаң, өтпейді. Ал біреудің жеке өмірін, компанияны өсектеп не жамандап жазып қалсаң, бір сағатта хит боласың.
Ендеше осыны өзгертейік. Сөзден гөрі іске бекем болайық. Тірлік жасайық. Сөзді өзгелер айта берсін, ал сіз іске көшіңіз. Кәсіп қылыңыз, қабілет үйреніңіз, тіл меңгеріңіз, білім алыңыз, спортпен айналысыңыз, кітап оқыңыз, күнделік жазыңыз, кітап құрастырыңыз, ғылымға ақша құйыңыз. Сөз емес, іс көрсетсін сіздің кім екеніңізді.

❤23👍6🔥2👏1
Жүрек деген бассейн сияқты
Көзден, тілден, ауыздан, мидан әртүрлі су сол бассейнге барып құяды. Енді оның суы қандай екенін елестетіп көріңізші. Тұнық па әлде лас па? Көз жаман нәрсені көрсе, тілден боқтық төгілсе, ауыздан арам ас кірсе, миды жаман ойлар шырмап алса, онда ол судың қандай лас екенін ойлап көрші. Ештеңе көрінбейді. Үстіне бір шелек таза су құйсаң да құрамы өзгермейді.
Ал барлық каналдан таза су барса ше? Онда жүрек тап-таза болар еді. Арасында кішігірім лас сулар, шөп-шалам таза суға араласқанда, құрамы тазарып кетеді. Себебі ағын су әрқашан таза. Мұндай жүректен тек таза нәрсе шығады.
Бұл мысал жеке адамға да, қоғамға да қатысты. Әлгі каналдарды тазаласаң, жүрек-бассейнің де таза.
Ал әр адамды бір канал деп есептесек, олар таза болған сайын басшылар да таза болады. Адамдар лас болған сайын басшылар да дәл өзіндей әділетсіз, парақор болмақ.
"Жүрек сырлары" кітабына тапсырыс беру үшін уатсапқа өт:
wa.me/77775722233

❤18👍2🔥2
Ашуды қалай тізгіндеу керек? (жеке тәжірибеден)
1) қай кезде ашуланатынымды бақыладым
2) ашуланған кезде не істеу керектігін алдын ала жоспарладым
Ол жоспар бойынша:
1) ашуландырған адамның орнына өзімді қойып көрдім
2) сол кісі үшін жақсы дұға-тілек жасадым
3) ашуландырған адамды сынап, мінеудің орнына "оны сынап, баға беретіндей мен кіммін" деп, қоя салуды үйрене бастадым.
Кейінірек "бұл сынақ емес, сабақ" деп ашуланудың артында тұрған сабақты түсінуге тырыстым. Яғни, менің бойымда өзім байқамаған әлі кемшіліктер бар, соларды көзіме шұқып көрсетіп тәрбиелеу үшін осындай сабақтар болып тұрады.
Қазір Алла үшін емес нәрсеге мүлде ашуланбауды үйреніп жатырмын. Яғни, мүлде мән бермеу, түр өзгертпеу.
"Мінезді өзгерту алхимиясы" кітабынан үзінді.
Кітап алып оқуға қалауың оянса,

❤16👍6🔥2🤔2💯1