KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.41K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Табысқа жетіп жатқан адамның бәрі ақылды, білімді емес. Бірақ олардың бәрі тәжірибе жасаушы, яғни бағын сынап көргіш.
❤50🔥11👏4
📚Өз-өзіңе сенбесең, не үшін біз саған сенуіміз керек?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥47❤12🥰1👏1
Жаңа жылға сыйлық алдың ба?

Жаңа жылды әркім әртүрлі тойлайды. Біреу үшін дастарқан жайып, туысқандармен бас қосу, біреу үшін корпоративте көңіл көтеру, ал енді бір ерекше жандар үшін сыйлыққа кітап алу, сыйлыққа кітап беру.

Ең жақсы сыйлық - кітап. Қалғанын өзіміз сатып аламыз. 25-31 желтоқсанда бүкіл кітапқа 50%-ға дейін жеңілдік жасаймыз. 50% емес, 50 пайызға дейін!!!

Бүгін тиын-тебеніңізді жинап, ертеңге дайын отырыңыз. Өзіңізден бастап тағы кімге кітап сыйлайтыныңыздың тізімін жасаңыз. Ең жақсы кітаптар сіздің қолыңызға өтсін.

Акцияға қатысады:
1) Алматыдағы үш дүкен
2) Атыраудағы дүкен
3) уатсап менеджерлер 8-777-572-22-33
❤21👍3🤔2
Әр кітаптан оқырманның ұнататын үзіндісі болады. Сол үшін қайта-қайта басынан бастап оқуға дайын.

«Жусан иісі» кітабында ағасы соғыста қайтыс болғанын естіген Аянның қораның ішінде қыстығып жылап, артынша «Күн ыстық иә?» деп күле салғаны...

Аян ауданға мектепке кетерде шал мен кемпірдің «тектінің тұяғы» деп жылауы...

«Бір атаның балалары» кітабында ағайынды екі баланың шын әкесін іздеп, адасып, боранда үсіп өлуі. Әсіресе, өлер алдында ысығаннан киімдерін шешіп тастауы. Өлген жерінен құлақ естір жерде (шамамен 150-200 м) үйлер тұрғаны...

Осы екі ағайындыны екіге бөліп асырап алған екі отбасының қатты қайғырғаны сонша, содан кейін ылғи жайлау мен қыстауға бірге көшіп, бауыр басып кеткені...

Сол екі баланың шын әкесі табылып, бірақ оған қазаны естіртпеуі...

«Қамшыгер»-де жолдастары адастық деп, басшыға күдік келтіре бастағанда, қалың тұманнан күндіз көріп тұрғандай жол тауып келуі...

Батыр бір оқты көтере алмапты деген қаңқу сөзден ұялып, қарнындағы оқты алдырмауы...

Өлер алдында соңғы рет сермеп, өгіз терісін қамшымен екіге бөлуі...

Сізді қай шығарманың қай тұсы толқытады?
❤17😁1😢1
Ең жақсы сыйлық - кітапты жеңілдікпен алып үлгеріңдер, халқым!

Торт желінеді, қалады.
Ойыншықтың қызығы басылады.
Салют жарқ етіп жоқ болады.
Киім онсыз да көп.

Ал кітап жылдар бойы жаныңды жылытады.

Сен сыйлаған кітапты оқыған адам ылғи сені есіне алады.

Kitapal дүкеніне келіңіз, әдемілеп орап береміз.

Немесе уатсаппен тапсырыс беріп қойыңыз. wa.me/77775722233
❤15👍3🔥3😁1
Қиын кезде қалай шешім қабылдау керек?

Біз болашақты болжай алмаймыз. Алда не боларын білмейміз. Сол үшін қандай шешім қабылдасақ та оны дұрыс немесе бұрыс деп бағалай алмаймыз.

Сізге дейін сол проблемаға тап болған адамдардың тәжірибесіне сүйеніп, дұрыс және дұрыс емес жағын таразылап, бірнеше ақылды адаммен ақылдасып, бір шешімге келуге болады. Себебі ақылдасуда әрқашан береке бар.

Тағы бір жолы – истихара дұғасын оқу. Сізге ұсыныс жасаған жігіт немесе ұнаған қызды өмірлік жар ретінде таңдағаным дұрыс па? Ұйықтар алдында истихара намазын оқыңыз. Ертеңіне жүрегіңізге ыстық пен суықты айырғандай сезіледі.

Бір шешімге келген соң, қалғаны таза тәуекел. Қолдан келгенін жасайсыз, нәтижесі тәжірибеге айналады.

Оқу керек кітаптар:
"Думай медленно, решай быстро". Даниэл Канеман.
"Тайм-менеджмент". Шынар Әділова
Дариус Фору, "Рискуй и действуй!" (45 мозгоправок, чтобы унять страхи и продолжать двигаться к своим целям)
❤20🥰3🤔1
Абай дүниеден өткенде, «Абай өлді» деп сүйінші сұрай келген малшысын Оразбай қамшымен салып жіберген екен.
Сонда Оразбай:
“Абай жалғыз ғой. Мен онымен тірессем, атымды шығару үшін күресемін. “Абай өлді” дегенше, Оразбайдың аты “өшті” десейші”, -деп шын өкінген екен.
❤36💔5😢3🔥1😁1
Қараңғы жердегі піл

Үндістер қараңғы қораға бір пілді әкеп қамап, халыққа көрсетпек болды. Соны көру үшін сол қараңғы жерге біраз адам жиналды. Алайда қораның іші тас қараңғы болғандықтан, оны көзбен көру мүмкін емес еді. Сөйтіп олар пілді қолдарымен сипап ұстап көре бастады.

Біреуінің қолы пілдің құлағына тиіп:
- Піл алашаға ұқсайды екен, - деді.
Тағы бірінің қолы пілдің мұрнына тиіп былай деді:
- Жоқ, піл дегенің құбырға ұқсайды.
Тағы бірі аяғын сипап көріп:
- Қайдағыны айтпаңдар, мынау пілің нағыз бағана секілді, - дейді.
Енді бірі арқасына қолын тигізіп айтады:
- Не айтып жатырсыңдар, піл дегенің отыратын тақ сияқты емес пе?

Әркім пілдің қай жерін ұстап, неге ұқсатса, солай сипаттай бастады. Олардың сөздері, көзқарастары бір-біріне қайшы келді. Олардың қолында шам болғанда, бұлай қайшы келмес еді.

Мәулана Румидің "Көңілдің сұлтаны" кітабынан үзінді.

Дәл осы кітапты жеңілдікпен алып үлгеріңіз. Бүгін бүкіл кітапқа 50%-ға дейінгі жеңілдіктің соңғы күні. wa.me/77775722233
❤14🤝5👍3🤔2🔥1
2026 жылға жоспар жасап жатсыңдар ма? Міндетті түрде жасаңдар. Миға нақтылық, бағдарлама керек. Түк жоспарланбаса, не істейтінін білмейді. Жеке өміріңде, отбасыңда, жұмысыңда, тұлғалық дамуыңда, рухани дамуыңда, қаржыңда қандай белестер болмақ? Соларды жазсаң болады.
❤44🔥12👍6😍4🥰1
Мың сөзден бір іс артық

Дулат Исабеков атамыз айтпақшы, біз, қазақ дүние емес, сөз қуған елміз. Білім, ғылым, технология үйренбей, әркімді сөз қылуға шеберміз. Тредс дәл соған жақсы алаң болды. Ол жақта пайдалы әңгіме айтсаң, өтпейді. Ал біреудің жеке өмірін, компанияны өсектеп не жамандап жазып қалсаң, бір сағатта хит боласың.

Ендеше осыны өзгертейік. Сөзден гөрі іске бекем болайық. Тірлік жасайық. Сөзді өзгелер айта берсін, ал сіз іске көшіңіз. Кәсіп қылыңыз, қабілет үйреніңіз, тіл меңгеріңіз, білім алыңыз, спортпен айналысыңыз, кітап оқыңыз, күнделік жазыңыз, кітап құрастырыңыз, ғылымға ақша құйыңыз. Сөз емес, іс көрсетсін сіздің кім екеніңізді.

Кітапқа тапсырыс беру: wa.me/77775722233
❤23👍6🔥2👏1
Жүрек деген бассейн сияқты

Көзден, тілден, ауыздан, мидан әртүрлі су сол бассейнге барып құяды. Енді оның суы қандай екенін елестетіп көріңізші. Тұнық па әлде лас па? Көз жаман нәрсені көрсе, тілден боқтық төгілсе, ауыздан арам ас кірсе, миды жаман ойлар шырмап алса, онда ол судың қандай лас екенін ойлап көрші. Ештеңе көрінбейді. Үстіне бір шелек таза су құйсаң да құрамы өзгермейді.

Ал барлық каналдан таза су барса ше? Онда жүрек тап-таза болар еді. Арасында кішігірім лас сулар, шөп-шалам таза суға араласқанда, құрамы тазарып кетеді. Себебі ағын су әрқашан таза. Мұндай жүректен тек таза нәрсе шығады.

Бұл мысал жеке адамға да, қоғамға да қатысты. Әлгі каналдарды тазаласаң, жүрек-бассейнің де таза.

Ал әр адамды бір канал деп есептесек, олар таза болған сайын басшылар да таза болады. Адамдар лас болған сайын басшылар да дәл өзіндей әділетсіз, парақор болмақ.

"Жүрек сырлары" кітабына тапсырыс беру үшін уатсапқа өт:
wa.me/77775722233
❤18👍2🔥2
Ашуды қалай тізгіндеу керек? (жеке тәжірибеден)

1) қай кезде ашуланатынымды бақыладым
2) ашуланған кезде не істеу керектігін алдын ала жоспарладым

Ол жоспар бойынша:
1) ашуландырған адамның орнына өзімді қойып көрдім
2) сол кісі үшін жақсы дұға-тілек жасадым
3) ашуландырған адамды сынап, мінеудің орнына "оны сынап, баға беретіндей мен кіммін" деп, қоя салуды үйрене бастадым.

Кейінірек "бұл сынақ емес, сабақ" деп ашуланудың артында тұрған сабақты түсінуге тырыстым. Яғни, менің бойымда өзім байқамаған әлі кемшіліктер бар, соларды көзіме шұқып көрсетіп тәрбиелеу үшін осындай сабақтар болып тұрады.

Қазір Алла үшін емес нәрсеге мүлде ашуланбауды үйреніп жатырмын. Яғни, мүлде мән бермеу, түр өзгертпеу.

"Мінезді өзгерту алхимиясы" кітабынан үзінді.

Кітап алып оқуға қалауың оянса,
wa.me/77775722233
❤16👍6🔥2🤔2💯1
💬 Негативке толы санамен позитивті өмір сүре алмайсың.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤25🤝17👍6🥰2😍1
Шераға

Көшпелі қазақ кенеттен отырықшы елге айналған уақытта, қарапайым колхозшының отбасында дүниеге келген. Әкесі Мұртазаны халық жауы деп Сібірге айдап жібергенде кішкентай Шерхан небәрі бес жаста болатын. Осылайша, тұтқындалып, Сібірге айдалған әкесі сол күйі отанына оралмады.

Ал, әкесіз қалған Шерхан балалық шақтың не екенін де білмей өсті. Керісінше, өміршеңдіктің үздіксіз сынағын көрді. Осындай жағдайдан аман шығу үшін анасы еңбек етіп, ақы ретінде жарты қап бидай алып, отбасын асыраған.

Бала күнінен қиыншылықтың тауқыметін көрген Шерхан Мұртаза 7-сыныптан кейін Жамбыл мектеп-интернатына оқуға түседі. Орыс тілін жақсы білмесе де, мектеп бітірісімен Мәскеуге оқуға кетті.

Боксшы, мерген, бильярдшы болған. Басшы, депутат кезінде де қаламнан қол үзбеген кісі. КСРО кезінде қорықпай, халық жауы Тұрар Рысқұлов туралы том кітап жазған батыр жазушы.

Кітаптарына тапсырыс беру үшін менеджерге жазыңыз. wa.me/77775722233
❤18👍7🆒2🔥1
“Бізге тек өзімізге ұнайтын дүниелер дұрыс боп көрінеді. Ал көзқарасымызға қайшы келетін түсініктерді қабылдағымыз келмейді”.
Андре Моруа
❤45👍7😁3🥰1
💬 Онсыз да қысқа өміріңді ұсақ-түйекке зая кетірме.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤39👍10🔥7😁2🤔1
Есіңнен шығармас бір кеңесім бар. Мейірім мен ізгіліктің көбінесе сорға айналар сәті көп. Қаншама қатал болсаң, соншама айлалы бол. Адамдық қадіріңді білмес жерде қылыш жүзі әлдеқайда өтімді, сенімді болады. Кіммен дос болсаң да, қайраулы қанжарың жеңіңде жүрсін. Қажет жерінде қыр-жой, дұшпан атаулыдан жан пендесін аяма! Сенің ақ дастарханың мен ізгі көңіліңнен тоят таппағандар бір уыс қызыл қанға кекіре тояды. Даңқты ноян, айбарлы қолбасы, қаһарлы қаған болам десең, адам танудан ешқашан жаңылма. Майданға салар батыр мен дауға салар білгірдің орнын ешқашан ауыстырып алмағайсың!..

Шыңғысханның Жошыға айтқаны

«Жошы хан» кітабынан үзінді. Тапсырыс беру үшін менеджерге жазыңыз. wa.me/77775722233
❤27⚡4👍2🔥2
Алла Расулы (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қарны қампайған, асқазаны толы бір адамды кезіктіреді. Асқазанына ишара жасап:

"Егер (асқазаныңдағы) бұл артықшылық басқа бір жерде болғанда сен үшін одан да қайырлы болатын еді" дейді.

Яғни, бұл артық тамақты ақыретің үшін бөлек қойып, мұқтажға беруің - сен үшін одан да жақсы болатын еді.

"Ихия улумиддин" кітабынан үзінді.
❤32👍10😢4🔥2
✏️Мақсатсыз өмір сүрген адам рухани тоқырауға ұшырайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤30🔥10👍2
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Ел шетіне жау келсе,
«Мен шығайын!» — дер екен.

Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Өзінен бір жас үлкенді,
«Әзизім, сіз білесіз!» — дер екен.

Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Өзінен бір жас кішіні:
«Ботам-ау, ботам, тұра тұр,
Мен шабайын» — дер екен.
❤22👍7🔥1👀1