KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.42K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
💬 Негативке толы санамен позитивті өмір сүре алмайсың.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤25🤝17👍6🥰2😍1
Шераға

Көшпелі қазақ кенеттен отырықшы елге айналған уақытта, қарапайым колхозшының отбасында дүниеге келген. Әкесі Мұртазаны халық жауы деп Сібірге айдап жібергенде кішкентай Шерхан небәрі бес жаста болатын. Осылайша, тұтқындалып, Сібірге айдалған әкесі сол күйі отанына оралмады.

Ал, әкесіз қалған Шерхан балалық шақтың не екенін де білмей өсті. Керісінше, өміршеңдіктің үздіксіз сынағын көрді. Осындай жағдайдан аман шығу үшін анасы еңбек етіп, ақы ретінде жарты қап бидай алып, отбасын асыраған.

Бала күнінен қиыншылықтың тауқыметін көрген Шерхан Мұртаза 7-сыныптан кейін Жамбыл мектеп-интернатына оқуға түседі. Орыс тілін жақсы білмесе де, мектеп бітірісімен Мәскеуге оқуға кетті.

Боксшы, мерген, бильярдшы болған. Басшы, депутат кезінде де қаламнан қол үзбеген кісі. КСРО кезінде қорықпай, халық жауы Тұрар Рысқұлов туралы том кітап жазған батыр жазушы.

Кітаптарына тапсырыс беру үшін менеджерге жазыңыз. wa.me/77775722233
❤18👍7🆒2🔥1
“Бізге тек өзімізге ұнайтын дүниелер дұрыс боп көрінеді. Ал көзқарасымызға қайшы келетін түсініктерді қабылдағымыз келмейді”.
Андре Моруа
❤45👍7😁3🥰1
💬 Онсыз да қысқа өміріңді ұсақ-түйекке зая кетірме.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤39👍10🔥7😁2🤔1
Есіңнен шығармас бір кеңесім бар. Мейірім мен ізгіліктің көбінесе сорға айналар сәті көп. Қаншама қатал болсаң, соншама айлалы бол. Адамдық қадіріңді білмес жерде қылыш жүзі әлдеқайда өтімді, сенімді болады. Кіммен дос болсаң да, қайраулы қанжарың жеңіңде жүрсін. Қажет жерінде қыр-жой, дұшпан атаулыдан жан пендесін аяма! Сенің ақ дастарханың мен ізгі көңіліңнен тоят таппағандар бір уыс қызыл қанға кекіре тояды. Даңқты ноян, айбарлы қолбасы, қаһарлы қаған болам десең, адам танудан ешқашан жаңылма. Майданға салар батыр мен дауға салар білгірдің орнын ешқашан ауыстырып алмағайсың!..

Шыңғысханның Жошыға айтқаны

«Жошы хан» кітабынан үзінді. Тапсырыс беру үшін менеджерге жазыңыз. wa.me/77775722233
❤27⚡4👍2🔥2
Алла Расулы (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қарны қампайған, асқазаны толы бір адамды кезіктіреді. Асқазанына ишара жасап:

"Егер (асқазаныңдағы) бұл артықшылық басқа бір жерде болғанда сен үшін одан да қайырлы болатын еді" дейді.

Яғни, бұл артық тамақты ақыретің үшін бөлек қойып, мұқтажға беруің - сен үшін одан да жақсы болатын еді.

"Ихия улумиддин" кітабынан үзінді.
❤32👍10😢4🔥2
✏️Мақсатсыз өмір сүрген адам рухани тоқырауға ұшырайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤30🔥10👍2
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Ел шетіне жау келсе,
«Мен шығайын!» — дер екен.

Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Өзінен бір жас үлкенді,
«Әзизім, сіз білесіз!» — дер екен.

Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Өзінен бір жас кішіні:
«Ботам-ау, ботам, тұра тұр,
Мен шабайын» — дер екен.
❤22👍7🔥1👀1
💬 Раушан гүлінің жұпар исі оны сыйлаған қолдан аңқиды.

Қытай мәтелі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥25❤20👍6🤔5😁1
Еш зияны жоқ дәрі, ауру араласпаған дауа не?

Дәрігердің жауабы:
✅ Қарның ашқанда ғана тамақ ішу және тоймай жеу.
✅ Асқазанның үштен бірін тамаққа, үштен бірі суға және үштен бірін бос қалдыру.
✅ Көп жеу – аурудың анасы, жеңіл тамақтану – емделудің негізі. Әрбір денеге өзі үйреніскен нәрсесін қайтарыңдар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤48👍5🔥5🤯2😁1🤔1💊1
Көліктеміз. Жаз мезгілі. Айдалада келеміз. Қыздарым терезені ашса, әйелім дереу жапқызып тастайды. Ал бүлдіршіндерге терезеден қолын шығарып, ауаның қарсылығын сезіну қызық. Бір айдан кейін әйелім қыздарыма терезе ашуға қарсылық танытпайтын болды. Неге деп сұрасам, былай дейді:
- Бала кезде ауылдан аудан орталығына шаңы көтерілетін жолмен баратынбыз. Сол кезде анам көліктің терезесін ашқызбайтын. Әйтпесе шаң кіріп, демала алмай тұншығады. Сол санамда әбден қалып қойыпты. Мына асфальт жолда бір түйір шаң болмаса да, балалық шақтағы анамның ұрысқанынан қорқып, терезе ашқызбай жүр екенмін. Соны еске түсіріп, тыйымды алып тастадым.

Дәл осылай бала-шағаға түрлі қысымдар жасап жүруіміз мүмкін. Олар шулап ойнаса, балалық шақтағы әке-шешеміздің шулатпағаны санамызда оянып, тыйып тастаймыз.

Балалар ойын алаңында швед қабырғасына өрмелесе, «ойбай, түс, құлап өлесің» деп, бір метр жанынан қалмаймыз. Себебі бізге де бала кезде солай жасаған. Әйтпесе ол құлайтын жер емес.

Балаңызға білместікпен қандай қысым жасап жүрсіз? Толығырақ кітаптан оқып алыңыз.
Уатсап: wa.me/77775722233
❤17👍6🔥2😍1
Біреуге жақсылық жасаған адам бірінші кезекте өзін бақытты етеді.
❤29👍4😍1
🌙 Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірінен сізге ең қатты әсер еткен бір қасиеті қайсы және неге?

📚Кітапты ұту үшін осы посттың астына пікір жазыңыз. Бірнеше жазба жазсаңыз да болады. Үздік жазба иесіне 1 дана кітапты тегін сыйлаймыз. Кітаптың аты - Сира. Авторы: Нұрсұлтан ұстаз.

Уақыты: 15-қаңтардан 16-сына қараған түн - Миғраж түні. Соның құрметіне осы кітапты әдемі жазба иесіне береміз. 16-қаңтар, 17:00-де жеңімпазды айтамыз.

Жеткізу шарты:
Алматыдан дүкеннен алып кетуге болады. Почтамен, таксимен алдырсаңыз, жеткізу құнын өзіңіз төлейсіз.

Ал, кеттік ендеше! Әдемі, әсерлі жазбалар күтеміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21👍4🔥1🥰1
Айлалар біткенде, дұғаның уақыты келеді.
❤24👍5🔥2😁2
АЙЛАКЕР МЫСЫҚ

Үйде қыздарымның мысығы бар. Өзім жабыса беретін қылшығы үшін, сүйкене беретіні үшін, адам жүретін жолға ұзыннан сұлап жатып алатыны үшін онша ұната бермеймін. Ол да соны білгендіктен, маған жақындамайды. Бірақ дәл намаз оқыған кезде келіп, аяққа оратылып, пырылдап, сүйкеніп, аунап алады. Намазда артық қимыл жасауға болмайды. Тырп етпей отырасың. Мысықты итеріп, сырғыта алмайсың. Ол әбден рақаттанғанша құйрығымен орап, басын қасып, пырылдап алады. Намаз біткен соң жайына кетеді. Және енді пырылдамайды.

Бір үлкен ғалымның кітабында мысықтың пырылдауы – оның «Ар-Рахманды» зікір етуі деп жазылған. Дүниеде әрбір тірі-өлі зат өз тілінде зікір ететіні Құранда айтылған. Қандай ғажап, ә?

Біз, адам баласы күн сайын орындайтын зікір кестеміз болуы керек. Олар Kitapal дүкенінде дайын кітапша түрінде тұр.

Пайғамбарымыздың (с.а.с) таңғы және кешкі дұғалары
Баталар. Өсиет. Дұғалар
Дұғалар жинағы (мини)
Ең қажетті дұғалар
Ең таңдаулы дұғалар
Жын шайтаннан сақтану дұғалары мен жолдары
Кешкі дұғалар (спираль)
Күнделікті дұғалар (спираль)
Құрандағы қасиетті дұғалар (спираль)
Таңғы дұғалар (спираль)
❤31👍9😍2🥰1
✏️ Қазіргі сәттің өте құнды екенін біраз уақыттан кейін естелікке айналғанда ғана білесің.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤52👍10🕊6😢3🔥2
Ғалымдар мен данагөйлер: "Нығметтерге нығметтерден бас тарту арқылы жетеді" деген пікірге келіскен.

Артық ұйқыдан бас тарт!
Артық тамақ ішуден тартын!
Артық сөйлеуден өзіңді тоқтат!
❤48🔥5👍4🥰2
Жеңімпаздың пікірі:

Мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен ең қатты әсер алған қасиет — жүрекке жол таба алатын шынайылығы мен адамды өзгерте алатын рухани күші деп айтар едім.

11 жасымда анам алғаш рет қолыма Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаяны жазылған кітапты ұстатты (қазір жасы 16-да. редактор). Ол кезде бала көңілмен кітапқа аса мән бермейтінмін, тіпті бетін де ашқым келмейтін. Бірақ тағдырдың бір нышаны ма, әлде жүрекке жазылған шақыру ма — сол кітаптан менің кітапқа деген махаббатым басталды.

Оқи бастадым… қызыға бастадым…
Сөйтіп, небәрі 2 айдың ішінде кітапты толық оқып шықтым. Ал соңғы бетін жапқанда, неге екенін білмей, көзіме жас келді. Бұл қайғының жасы емес еді. Бұл — жүрекке тиген ақиқаттың, өмірді өзгертетін өнегенің жасы болатын.

Сол сәттен бастап кітапқа деген көзқарасым да, өмірге деген ойым да өзгерді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі маған сабырды, мейірімділікті, адам болудың шынайы мәнін үйретті.

Бәлкім, бұл — бір баланың жүрегіне иман дәні алғаш рет егілген сәт болған шығар…
❤61👍5⚡3😍3🔥2😁1
💬 Сүрінген кездеріңнің емес, жолың болған кездеріңнің есебін жүргіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤70😁1
Күн сайынғы тірлігін қайталап жасап, бірақ басқа нәтиже күтетін адам - нағыз ақымақ.
(с) Альберт Эйнштейн
❤52👍5🆒4🔥2