Өз ойыңнан ажал құшып жүрме! Мидан артық түрме жоқ. Қолыңнан келмейтін нәрселерді уайымдауды тоқтат.
❤39🔥5👍4🤔1😍1
Кез келген проблеманы шешудің жолы:
1. Қандай проблема екенін анықтау
2. Не істеуге болатынын тізім жасау.
3. Тізімнің ішінен ең оңтайлысын таңдау.
4. Дереу сол шешімді жүзеге асыру.

❤32👍7😍4👏2💯2😁1🤔1
Иман тек құлшылық арқылы ғана ескірмей, әрдайым жаңарып тұрады. Құлшылықсыз адамда біраз уақыттан кейін иманға деген ынта мен шынайы ықыластың орнын тек жер астындағы бабаларымен мақтану сезімі басады.
(кітаптан үзінді)
(кітаптан үзінді)
❤31🔥4👍2🤔2😍2😁1
Миға шынайы өмір мен елестетудің айырмашылығы жоқ. Екеуіне де бірдей реакция береді.
Түйін: жақсы нәрселерді елестетіңіз. Арманыңызға қол жеткізіп жатқаныңызды ойлаңыз. Толыққанды түрде қиялмен көріңіз. Шектеусіз армандауға өзіңізге рұқсат беріңіз. Біреу жасамайынша, әрбір іс арман болатын. Ойға алған әрбір арманыңызды мақсатқа айналдырып, қол жеткізуге болады.
Кітапқа тапсырыс беру: wa.me/77775722233

❤22😍4👍1🔥1😁1🎉1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бауыржан МОМЫШҰЛЫ:
«Мен Мағжанды көрдім...»
1948 жылы мен Сібірдегі 59-бригада командирінің орынбасары болып тағайындалдым. Кезекті әскери жаттығулар өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адамды көріп, маңына жақындадым. Киген киімдері біртүрлі, әсілі сотталғандар болу керек.
Олардан өзгешелеу, басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр екен. Тегінде қазақ сияқты. Мен соған жақындап келіп, қазақша «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бердім. Ол менің сәлемімді ернін жыбырлатып қана қабылдап, түріме одырая қарады да үндемей отыра берді. «Бұл не қылған адам?» деп өз ойымды жинап алғанша, ол теріс қарап отырған күйінде:
- Маған жақындама, бәлем жұғып кетеді, - деді. Сол кезде барып менің есіме Мағжан түсіп, оның өлеңдерін жатқа айта бастадым. Ол сәл жібіп:
- Менің жағдайым қиын ғой, маған жақындамағаның дұрыс болады. Шамаң келсе, мені елге жеткіз, - деді. Мен оның қазақтың ақиық ақыны Мағжан екенін біліп, шамам келсе көмектескім келді де:
- Мен он шақты күннің көлемінде қайта ораламын. Сол кезде дайын болып тұрыңыз, - дедім.
Он шақты күннен кейін уақытым болмай, қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін келсем, түрменің бастығы маған оның сал айдап жүріп суға кетіп қайтыс болғандығын айтты.

❤25😭16💔6👍2🔥1😁1🤝1
Байқасаң, жаңбыр көбіне жасыл жерге жауады. Ойлайсың ғой, онсыз да көк майсалы, шөбі шүйгін жерге жауғаны несі деп? Шөлге, сусаған өңірге жаумай ма деп.
Бұны Құран оқумен байланыстыру керек. Құран оқылып нұрланған жерге тағы да нұр жауа береді.
Рамазанға Құран оқып дайындалуды бастадыңыз ба?

❤33🔥6👍3🤔3🥰1
Неге Алаш арыстарын пингвин басып оза береді?
Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянын оқисың. Сценарий жазасың. ИИ арқылы видеосын жасайсың, даусын келтіресің, 3-4 күн уақытың кетеді. Сөйтіп дайын видеосын саласың. 24 сағатта 9000 көрілім.
Сөйтіп тұрғанда жарты сағатта дайындаған пингвиннің видеосы 30 мың көрілім жинайды.
Бұл жағдайдан қорқу керек пе?

❤21😁6👍4🔥2
Рамазанды күтпей, рухани дамуды қазір бастап кету керек. Намаз бастаймын ба? Құранға түсемін бе? Құран кітабым бар ма ваще? Қаза оразаларды өтеймін бе? Иманымды күшейтемін бе?
Сіз үшін жақсы кітаптар, Құрандар, пайғамбар өмірбаяны жазылған кітаптар таңдап бере аламыз. Сұрақ болса: wa.me/77775722233
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤16🆒3👍1🔥1
3 күн жеңілдік жүріп жатыр. Барлық кітапқа 50%-ға дейін! Хит кітаптарға 15-20-25% нақты жеңілдік бар. Бұл жылдың алғашқы әрі соңғы жеңілдігі. Бұдан кейін жеңілдік жасалмайды дәл осындай.
Кітаптардың тізімі сілтемеде тұр. Тізімде жоқ кітаптарға 10% жеңілдік!
Алматы және Атырау дүкендері қатысады. Сосын уатсап арқылы тапсырыс бере аласыз: 8-777-572-22-33
https://www.instagram.com/p/DUD1bQfCF-J/?img_index=1

🔥7🤔1
Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырамыз! Осының астарында қандай құпия жатыр?
Ол мынау:
“Біз тек кітап сатпаймыз. Біз ойлай білетін ұрпақ өсіреміз. Біз әлсізді – күштіге, наданды – ізденушіге, адасқанды – жолын тапқан жолаушыға айналдырамыз. Бәрі кітаптан басталады. Біз жай ғана оқырман емес, кемел тұлға қалыптастырамыз”.

❤34👍5🔥4❤🔥2🥰1
Дуалингомен ағылшынша үйрене алмайсың
Жалпы бар ғой , телефондағы приложение арқылы тіл үйрену мүмкін емес. Неге?
Проблема приложениеде емес. Проблема сенде!
- Қалай сонда менде? Менің не кінәм бар?
Себебі сен телефонға кіргенде тек Дуалингоға кірумен шектелмейсің. Тиктокқа да, инстаграмға да, ютубқа да, тредске де кіресің. Фейсбукқа кіретіндер де бар. Уатсапты айтпай-ақ қояйын. Телеграм каналдар да адамды тартады.
1 іске әрең жететін фокусың 10 іске келгенде тарыдай шашылады. Назарың сан-саққа бөлінеді. Дуалинго жайына қалады. Оның үстіне бірдеңе үйрену қиын. Ал видео көру оңай. Көңіл көтеру оңай әрі ұнайды. Ал үйрену ылғи қызықсыз әрі энергия жейді.
Енді не істеу керек?
5000 жылдан бері нәтижесін беріп келе жатқан кітап арқылы үйрену. Кітап назарыңды бұзбайды. Уведомление жібермейді. Үндемейді. Тек үйретеді. Бастысы күн сайын аз-аздан 30 күн немесе 60 күн тұрақтылық танытсаң болды.
Тек кітап жеткіліксіз. Ағылшынша подкаст тыңдау, әдеби кітап оқу (тілі жеңіл), кино көру (тілі жеңіл), разговорник жаттау, айна алдында өзіңмен сөйлесу, музыканың сөзін жаттау, т.б.
Ағылшынша үйренуге арналған кітаптар:
2 айда ағылшын тілін үйрен
30 күнде ағылшын тіліне сөйле
Илья Франк әдісімен жазылған «Кішкентай ханзада»
Илья Франк әдісімен жазылған «Робинзон Крузо»
Баршаға арналған ағылшын тілі. Ағылшын тілі грамматикасы
Тапсырыс беру: wa.me/77775722233

❤23👍2👏1🤝1
Қадір түнінен кейінгі ең берекелі түн!
Бүгін күн батқанда Бәрағат түні кіреді. Сыйлықтар жауатын түн.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде Бәраәт түнінің шапағаты мен берекесі туралы былай дейді:
«Шағбанның он бесінші түні келгенде, түнін құлшылықпен, күнін оразамен өткізіңдер. Себебі бұл түні күн батқан соң Алла Тағала Өз рақымымен дүние аспанына түсіп, былай деп үн қатады: «Менен кешірім тілеген бар ма – кешірейін! Ризық сұраған бар ма – ризық берейін! Басына ауыртпалық түскен бар ма – шипа берейін!». Бұл үн таң атқанға дейін жалғасады». (Ибн Мәжа, иқама 191)
Бұл түні:
- адамның бір жылдық тағдыры жазылады
- бай не кедей болатыны
- қадірлі не бейшара болатыны
- өле ме әлде тірі болатыны жазылады.
Байқасаңыз, мұндай түнде ұйықтаудың өзі ұят. Бір жылыңыз пайдалы байлықта, қадірлі болсын деп, тірі болсаңыз сауапты амалмен өтсін, ажал кеп тұрса, ақ өлім болсын деп дұға етіп қалу керек.

❤37👏1🤔1😍1
🖼️ Мың сөзден бір сурет артық.
Қытай мақалы
👀"Мың естігеннен бір көрген артық".
Қазақ мақалы
Қытай мақалы
👀"Мың естігеннен бір көрген артық".
Қазақ мақалы
❤20🔥9👍5🤔2👏1
Құранды көп оқу мен жаттаудан бөлек, оның ішіндегі мағыналарды ұғу – шын мәнінде ең басты мақсат.
Себебі мағынасын түсінбестен оқу да сауап әкелсе де, Алла Тағала Құранды біз түсініп, ондағы үкімдермен амал етсін деп түсірген. Бұл мағынадағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) Құран оқып, онымен амал еткендердің Қиямет күніндегі халін мынадай сөздермен сипаттайды:
Рамазан айына дайындық ретінде Құранды мағынасымен оқуды бастасаңыз болады. Қазақша түсіндірмелі аудармасы бар Құран Кәрімдерге тапсырыс беріңіз. 8-777-572-22-33 whatsApp

«Кімде-кім Құран оқып, ондағы айтылғандармен амал етсе, Қиямет күні ата-анасына тәж кигізіледі. Егер Күн жердегі бір үйге орнатылса, қандай жарық беретінін елестетіңіз – сол тәждің нұры Күн сәулесінен де артық болады. Енді осыны орындаған адамның нұры қандай болады деп ойлайсыңдар?»
Рамазан айына дайындық ретінде Құранды мағынасымен оқуды бастасаңыз болады. Қазақша түсіндірмелі аудармасы бар Құран Кәрімдерге тапсырыс беріңіз. 8-777-572-22-33 whatsApp
❤20😍3👍2
Қысқасы, бір оқушы мектепте өткен кездесуде ақын, аудармашы Саят Қамшыгерден осы кітапты үздік сұрақ қойғаны үшін жеңіп алады. Соны оқып, еңіреп жылап, сосын ата-анасына беріпті "ойбай, оқыңдар, жылайсыңдар" деп. Әке-шешесі жарысып оқып, 4 сағатта тауысқан екен. Содан өздері кино саласының маманы болғасын, дереу кино түсіру туралы шешімге келген. Міне, сол кино туынды қазір кинотеатрға шығып жатыр.
"Тастамашы, ана" кітабын оқып жылап алғандар! Енді киносын көріп жылаңыздар.
https://www.instagram.com/reel/DUU6Yq6iD7d/?igsh=MXVyMXZ5YjRqb3RmMg==

❤🔥10❤7👍2🔥2😁1
КІНӘСІЗДІ РЕНЖІТПЕ
✅ Оқуға ұсынатын қызық кітап!
«To kill a mockingbird» (Құйқылжық торғайды өлтіру), авторы Харпер Ли.
Романның өзегі — әділеттілік. Адвокат Аттикус Финч қоғамдағы қысымға қарамастан, қара нәсілді Том Робинсонды әділ қорғауға тырысады. Томның кінәсіз екені анық бола тұра, сот оны ақтамайды. Мұнда заң емес, алалаушылық жеңіп шығады. Оқиға кішкентай Скауттың атынан баяндалады. Баланың таза көзқарасы арқылы: екіжүзділік, қатыгездік, әділетсіздік айқын көрінеді.
Құйқылжық торғай — ешкімге зияны жоқ, тек әдемі ән салатын құс. Оны өлтіру — күнә. Бұл символ: Том Робинсон, Буу Рэдли сияқты жазықсыз жандарды білдіреді.
Аттикус Финчтің басты сабағы: Адамды түсіну үшін оның терісіне еніп, солай жүріп көру керек.
Түйін: Көпшілік сенен теріс айналса да, ақиқатты қорғау — адамдық борыш.
Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

❤18👏3💊2🥰1
Досыңа сыйлауға кітап ұтып ал!
Шарт: Сторизге досыңды белгілеп, не үшін оған кітап сыйлағың келгенін жаз. Сосын оны скриндеп, осы чатқа суретін жібер. Сторизге осы суретті қолдансаң болады.
Жеңімпаз: 2 адам таңдаймыз ең қатты ұнаған сториз ішінен.
Кітап: Сира, авторы: Нұрсұлтан ұстаз.
Уақыты: 8-ақпан, 23:59-ға дейін.
Жеңімпазды анықтаймыз: 9-ақпан, 15:00-де.
Ал, кеттік, ендеше! Әдемі сториздер күтеміз.

❤19👍3🤔1
Ұйықтау үшін көзіңді жұмып, ұйықтап жатқандай түр жасауың керек. Бүкіл табыстың кілті осында.
Өмір осындай парадоксқа толы.
Бірдеңеге сену үшін алдымен әрекет істеп көресің.
Өзіңді батылмын деп алдап сендіру арқылы сенімділік қалыптасады.
Табысты адамдардың жақсы әдеттерін қайталау арқылы өзің де табысқа ие боласың.
Түр жасау, тырысу, өтірік істеп көру бірте-бірте шынайы өмірге айналады.

❤49👍13😍4🔥3😁2