KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.42K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
3 күн жеңілдік жүріп жатыр. Барлық кітапқа 50%-ға дейін! Хит кітаптарға 15-20-25% нақты жеңілдік бар. Бұл жылдың алғашқы әрі соңғы жеңілдігі. Бұдан кейін жеңілдік жасалмайды дәл осындай.

Кітаптардың тізімі сілтемеде тұр. Тізімде жоқ кітаптарға 10% жеңілдік!
Алматы және Атырау дүкендері қатысады. Сосын уатсап арқылы тапсырыс бере аласыз: 8-777-572-22-33

https://www.instagram.com/p/DUD1bQfCF-J/?img_index=1
🔥7🤔1
Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырамыз! Осының астарында қандай құпия жатыр?

Ол мынау:
“Біз тек кітап сатпаймыз. Біз ойлай білетін ұрпақ өсіреміз. Біз әлсізді – күштіге, наданды – ізденушіге, адасқанды – жолын тапқан жолаушыға айналдырамыз. Бәрі кітаптан басталады. Біз жай ғана оқырман емес, кемел тұлға қалыптастырамыз”.
❤34👍5🔥4❤‍🔥2🥰1
Дуалингомен ағылшынша үйрене алмайсың

Жалпы бар ғой , телефондағы приложение арқылы тіл үйрену мүмкін емес. Неге?

Проблема приложениеде емес. Проблема сенде!
- Қалай сонда менде? Менің не кінәм бар?
Себебі сен телефонға кіргенде тек Дуалингоға кірумен шектелмейсің. Тиктокқа да, инстаграмға да, ютубқа да, тредске де кіресің. Фейсбукқа кіретіндер де бар. Уатсапты айтпай-ақ қояйын. Телеграм каналдар да адамды тартады.

1 іске әрең жететін фокусың 10 іске келгенде тарыдай шашылады. Назарың сан-саққа бөлінеді. Дуалинго жайына қалады. Оның үстіне бірдеңе үйрену қиын. Ал видео көру оңай. Көңіл көтеру оңай әрі ұнайды. Ал үйрену ылғи қызықсыз әрі энергия жейді.

Енді не істеу керек?
5000 жылдан бері нәтижесін беріп келе жатқан кітап арқылы үйрену. Кітап назарыңды бұзбайды. Уведомление жібермейді. Үндемейді. Тек үйретеді. Бастысы күн сайын аз-аздан 30 күн немесе 60 күн тұрақтылық танытсаң болды.

Тек кітап жеткіліксіз. Ағылшынша подкаст тыңдау, әдеби кітап оқу (тілі жеңіл), кино көру (тілі жеңіл), разговорник жаттау, айна алдында өзіңмен сөйлесу, музыканың сөзін жаттау, т.б.

Ағылшынша үйренуге арналған кітаптар:
2 айда ағылшын тілін үйрен
30 күнде ағылшын тіліне сөйле
Илья Франк әдісімен жазылған «Кішкентай ханзада»
Илья Франк әдісімен жазылған «Робинзон Крузо»
Баршаға арналған ағылшын тілі. Ағылшын тілі грамматикасы

Тапсырыс беру: wa.me/77775722233
❤23👍2👏1🤝1
Қадір түнінен кейінгі ең берекелі түн!

Бүгін күн батқанда Бәрағат түні кіреді. Сыйлықтар жауатын түн.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде Бәраәт түнінің шапағаты мен берекесі туралы былай дейді:

«Шағбанның он бесінші түні келгенде, түнін құлшылықпен, күнін оразамен өткізіңдер. Себебі бұл түні күн батқан соң Алла Тағала Өз рақымымен дүние аспанына түсіп, былай деп үн қатады: «Менен кешірім тілеген бар ма – кешірейін! Ризық сұраған бар ма – ризық берейін! Басына ауыртпалық түскен бар ма – шипа берейін!». Бұл үн таң атқанға дейін жалғасады». (Ибн Мәжа, иқама 191)

Бұл түні:
- адамның бір жылдық тағдыры жазылады
- бай не кедей болатыны
- қадірлі не бейшара болатыны
- өле ме әлде тірі болатыны жазылады.

Байқасаңыз, мұндай түнде ұйықтаудың өзі ұят. Бір жылыңыз пайдалы байлықта, қадірлі болсын деп, тірі болсаңыз сауапты амалмен өтсін, ажал кеп тұрса, ақ өлім болсын деп дұға етіп қалу керек.
❤37👏1🤔1😍1
🖼️ Мың сөзден бір сурет артық.
Қытай мақалы

👀"Мың естігеннен бір көрген артық".
Қазақ мақалы
❤20🔥9👍5🤔2👏1
Құранды көп оқу мен жаттаудан бөлек, оның ішіндегі мағыналарды ұғу – шын мәнінде ең басты мақсат.

Себебі мағынасын түсінбестен оқу да сауап әкелсе де, Алла Тағала Құранды біз түсініп, ондағы үкімдермен амал етсін деп түсірген. Бұл мағынадағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) Құран оқып, онымен амал еткендердің Қиямет күніндегі халін мынадай сөздермен сипаттайды:

«Кімде-кім Құран оқып, ондағы айтылғандармен амал етсе, Қиямет күні ата-анасына тәж кигізіледі. Егер Күн жердегі бір үйге орнатылса, қандай жарық беретінін елестетіңіз – сол тәждің нұры Күн сәулесінен де артық болады. Енді осыны орындаған адамның нұры қандай болады деп ойлайсыңдар?»




Рамазан айына дайындық ретінде Құранды мағынасымен оқуды бастасаңыз болады. Қазақша түсіндірмелі аудармасы бар Құран Кәрімдерге тапсырыс беріңіз. 8-777-572-22-33 whatsApp
❤20😍3👍2
Қысқасы, бір оқушы мектепте өткен кездесуде ақын, аудармашы Саят Қамшыгерден осы кітапты үздік сұрақ қойғаны үшін жеңіп алады. Соны оқып, еңіреп жылап, сосын ата-анасына беріпті "ойбай, оқыңдар, жылайсыңдар" деп. Әке-шешесі жарысып оқып, 4 сағатта тауысқан екен. Содан өздері кино саласының маманы болғасын, дереу кино түсіру туралы шешімге келген. Міне, сол кино туынды қазір кинотеатрға шығып жатыр.

"Тастамашы, ана" кітабын оқып жылап алғандар! Енді киносын көріп жылаңыздар.

https://www.instagram.com/reel/DUU6Yq6iD7d/?igsh=MXVyMXZ5YjRqb3RmMg==
❤‍🔥10❤7👍2🔥2😁1
"Мен дауылдан қорықпаймын, өйткені кемемен жүзуді үйреніп жатырмын".

Луиза Мэй Элкот, "Кішкентай әйелдер"
❤16👍3🔥3😁3🤔1
...Біз тілге, сөзге қарамаймыз,
Көңілге, халге қараймыз.
...Әдепті білгендер бөлек,
Жаны күйген ғашықтар бөлек.
Махаббат шариғаты түм діннен ерек.
Ғашық жанның шариғаты да Алла,
мәзһабы да Алла.

Мәулана Руми
❤24👍2😍2🔥1🤔1
КІНӘСІЗДІ РЕНЖІТПЕ

✅ Оқуға ұсынатын қызық кітап!

«To kill a mockingbird» (Құйқылжық торғайды өлтіру), авторы Харпер Ли.

Романның өзегі — әділеттілік. Адвокат Аттикус Финч қоғамдағы қысымға қарамастан, қара нәсілді Том Робинсонды әділ қорғауға тырысады. Томның кінәсіз екені анық бола тұра, сот оны ақтамайды. Мұнда заң емес, алалаушылық жеңіп шығады. Оқиға кішкентай Скауттың атынан баяндалады. Баланың таза көзқарасы арқылы: екіжүзділік, қатыгездік, әділетсіздік айқын көрінеді.

Құйқылжық торғай — ешкімге зияны жоқ, тек әдемі ән салатын құс. Оны өлтіру — күнә. Бұл символ: Том Робинсон, Буу Рэдли сияқты жазықсыз жандарды білдіреді.

Аттикус Финчтің басты сабағы: Адамды түсіну үшін оның терісіне еніп, солай жүріп көру керек.

Түйін: Көпшілік сенен теріс айналса да, ақиқатты қорғау — адамдық борыш.

Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18👏3💊2🥰1
Досыңа сыйлауға кітап ұтып ал!

Шарт: Сторизге досыңды белгілеп, не үшін оған кітап сыйлағың келгенін жаз. Сосын оны скриндеп, осы чатқа суретін жібер. Сторизге осы суретті қолдансаң болады.

Жеңімпаз: 2 адам таңдаймыз ең қатты ұнаған сториз ішінен.

Кітап: Сира, авторы: Нұрсұлтан ұстаз.

Уақыты: 8-ақпан, 23:59-ға дейін.

Жеңімпазды анықтаймыз: 9-ақпан, 15:00-де.

Ал, кеттік, ендеше! Әдемі сториздер күтеміз.
❤19👍3🤔1
Ұйықтау үшін көзіңді жұмып, ұйықтап жатқандай түр жасауың керек. Бүкіл табыстың кілті осында.

Өмір осындай парадоксқа толы.
Бірдеңеге сену үшін алдымен әрекет істеп көресің.

Өзіңді батылмын деп алдап сендіру арқылы сенімділік қалыптасады.

Табысты адамдардың жақсы әдеттерін қайталау арқылы өзің де табысқа ие боласың.

Түр жасау, тырысу, өтірік істеп көру бірте-бірте шынайы өмірге айналады.
❤49👍13😍4🔥3😁2
Бақыттың шыңы - жылау.
Қайғының шыңы - күлу.
Ашудың шыңы - үнсіздік.

Эмоция алдамайды. Бірақ ол біз күткендей күйде бола бермейді.
Ең терең сезімдер өте сирек шығады.

Шынайы бақытты сезінгенде күлімдемейсің. Керісінше жүрегің қуанышты ұстап тұра алмай, еріксіз жылайсың. Оны қуаныштың көз жасы дейді.

Адам қатты қайғырғанда көзінен жас шықпайды. Ауырған жан күлкіні бетперде қып шығады.

Ашудың ең жаманы - не үшін ашуланғаныңды түсіндіруге күшің жетпейді. Жүзің суық, бәріне дайын тұрғаныңды білдіретін үнсіз түр.

Постты бөлісіп жібер💻
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤30👍10🔥2🥰1
Тарақанды өлтірсең, батырсың. Көбелекті өлтірсең, залымсың.

Адамгершілікті әдемілікпен өлшеу деген бар. Бір әрекет, бірақ түріне қарай бағалаймыз. Ұсқынсыз нәрсені бұзу оңай. Әдемі көрінетін затты қорғау оңай.

Істің дұрыс не бұрыстығын ақиқатпен емес, көбіне эмоциямен шешеміз.

Бұдан шығатын ең ұлы қауіп: менің пікірім ғана дұрыс деу. Ондай пікір жеке ұстанымды абсолютті шындық деңгейіне көтереді.

Ницше
🥰22❤11👏7😁1
🍟 Көп жемеңдер, себебі көп жеу көп су ішуге, ал көп ішу көп ұйықтауға себеп болады. Көп ұйқы үлкен зияндарға жол ашады.

❤️"Жүрек сырлары" кітабынан
❤48👍13😁3🔥1
Есте сақтау үшін алға қарай оқы. Ақылды болу үшін керісінше оқы

Ашу ақылды өшіреді.
Қорқыныш еркіндікті жояды.
Эго махаббатты құртады.
Күмән сенімді кетіреді.

Енді керісінше оқы:
Сенім күмәнді кетіреді.
Махаббат эгоны құртады.
Еркіндік қорқынышты жояды.
Ақыл ашуды өшіреді.
❤45🔥2😍2🤯1👌1🆒1💊1
Балаңа кітап оқуды үйрету үшін өзің кітап ұстап жүр. Ұнамаса да ұстап отыр. Көрсін. Әке көрген - оқ жонар. Шеше көрген - тон пішер. Естіген демейді, білген демейді. Көрген. Көрсету керек. Бала көргенін қайталайды. Өзің де кітапты құр ұстап отыра бермей, оқисың ғой ішің пысқаннан. Бәрі солай басталады.

“Үлкен кітаптан іздеп тап” кітабының ойын картасының ұзындығы - 5 метр! Баланың зейінін арттырады. Байқампаздығын күшейтеді.
❤22😍6👍2
Ешкім бетіңе айтпаған 10 шындық

1) Еріншек кедей болсаң, ешкімге қызық емессің.
2) Сен қашан бір шешімге келеді екен деп әлем күтіп отырмайды.
3) Жалқаулық - жолың болмауына кепіл зат.
4) Зұлымдыққа үндемесең, сені пайдалана береді.
5) Сені жақсы көруге ешкім міндетті емес.
6) Армандайсың ба? Онда әрекет ет. Болмаса армандама.
7) Шағымдану - құрметтен айрылу.
8) Жеңістің де, жеңілістің де себебі - ӨЗІҢСІҢ.
9) Уақыт қайта оралмайды. Қазір қолданып қал.
10) Кітап - ойландыратын, өзгертетін, дамытатын, байытатын үнсіз дос.

Соңғы жаңалықтар!
"Имани гүл" кітабы сатылымда! Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤42👍9🆒2😁1
Рамазанда сыйлық алғыңыз келе ме?

Онда өзіңіз алдымен өзгелерге сыйлық беріңіз. Себебі сыйлық - жүректі шаттыққа бөлейді, сүйіспеншілікті арттырады, жек көруді азайтады.
🥰19❤16😍4❤‍🔥3👍3😁1
Осы Рамазан айында қай бағытта өзгерем деп мақсат қойдыңыз?

Былтырғы Рамазанда тоймай тұрып тамақ ішуді тоқтатуды үйренгенмін. Ары қарай бір жыл бойы ұстандым. Биыл Рамазанда:

1) Асықпауды
2) Жүректі тазалауды
3) Ойды тазалауды ниет еттім.


Ол қалай? Адамның басына күн сайын алты мың ой келеді. Оның ішінде жақсысы, жаманы бар. Жақсысын ұстап қаласың, амалға айналдырасың. Ал жаманы қалай келсе, солай өткізіп жіберу. Ұстап қалмау. Дамытпау. Сюжетке айналдырмау. Соңынан кетпеу.

Иманды күшейту үшін «Бақыт формуласы» кітабын оқыңыз.
❤42👍7🔥2🥰2