KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.42K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛАТЫН КҮНДІ КҮТУ ЭЙФОРИЯСЫ

Шамамен барлық адамда қарыз бар қазір: ипотека, автокредит, кредит, бөліп төлеу, досыңа қарыз. Бірінде 5 айдан кейін бітеді, бірінде 1,5 жылдан соң жабылады, енді бірі 9 айда құтылады. Ай сайын осы қарыздың бөлігін жабуға жұмыс істейді. Әйтпесе банк бүкіл туысқанына звондап, қанын ішіп қояды.

Бұл адамның ойында: «5 ай шыдап берсем, қарызымнан құтылам. Сонда нағыз рахат болады. Одан кейін ешкімнен қарыз алмаспын!» деген ой болады. Қарыздан құтылатын күнді ойлағанда кеудесін қуаныш кернейді. Сол күні бақытқа бөленетіндей сезім. Осы сезім оны жұмыс істеуге жетелейді.

Алайда...
Айтылған мерзім келіп, қарызынан құтылған күні өзі күткен үлкен қуанышты сезінбейді. Қарапайым, көп күннің бірі сияқты. Неге бұлай? Қарыз болмаған соң енді жұмыс істеуге де мотивация жоқ. Себебі ми әбден қарызды жабу үшін ғана жұмыс істеуге бейімделіп қалған.

Енді ары қарай не істейді?
Адам қайтадан бөліп төлеуге зат алады. Алғашқы жарнасын төлеп, көлік не үй алады. Қайтадан қарыздың дөңгелегіне түсіп айнала бастайды. Ақша табуға мотивация пайда болады.

Сонда біздің миымыздың қателігі:
🆘6 ай ақша жинап,
зат сатып алуға құлқымыз жоқ.

✅Сол затты 6 айға бөліп төлеуге алып,
ақшасын төлеуге құлқымыз бар.

Проблеманы шешу үшін оқылатын кітаптар:
Қаржы қағидалары
Вавилондағы ең бай адам
Ақша және мен
Мен және ақша
Қарызсыз қазақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27👍8🔥7🥰2
✅ Момын мұсылман адам не істесе де, қоштасып тұрғандай істеуі керек.

✅Рамазанмен қоштасып тұрғандай, соңғы Рамазанды өткізіп жатқандай сезіммен.

✅Бауырыңмен жақсы қарым-қатынаста, қоштасып тұрғандай сезіммен.

✅Біреуге жақсылық істесең, соңғы жақсылығыңдай сезініп, таза ықыласпен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤46👍10😍5🔥4🤔1
Жақында👍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥39👍12😍5👏4❤2🔥2😁1🤔1
Жерге бір шалғайдағы ғаламшар тұрғыны келіп, жер тұрғындарын «Ақылды өркениеттер каталогына» енгізу үшін сұрайды:
— Жер, су, жарық мол бола тұра, неге Жерде көп адам аштық азабын тартып жатыр?
— Ақша жоқ.
— Қаншама мүмкіндіктеріңіз бола тұра, неге үйсіз-күйсіз адамдар көп?
— Ақша жетпейді.
— Неге жер бетін осыншалық ластайсыздар?
— Таза ұстайық десек, ақша жоқ.
— Неге емі бар аурулармен ауыратындар көп?
— Емдеуге қаржы тапшы.
— Сонда бұл қандай тапшы ресурс? Мүмкін оны басқа планеталардан әкеліп көмектесейік пе? Жалпы, оны қайдан өндіресіздер?
— Әкелудің қажеті жоқ, біз оны өзіміз басып шығарамыз.
Сөйтіп, әлгі ғаламшарлық жер тұрғындарын ақылды жаратылыстар тізімінен сызып тастапты.
❤25🤔8😢3🆒2👍1
Дайындалған адам қорықпайды

Дайындалған адам алдын-ала жоспар жасайды. Түрлі ситуацияға. “Егер мынау болмай қалса, онда мынауым дайын тұруы керек» дегендей. Карантинде көбі үйде жұмыссыз, аңырып қалғаны естеріңде шығар? Бұл – жоқ нәрседен қорқу емес, дұрыс стратегия. Сақтансаң - Құдай сақтайды.

Алда әлем су тапшылығын сезінсе, көрші елде соғыс болса, ЖИ жұмысымызға араласса, азық-түлік қымбаттаса, ауырып қалсам, аяғым сал боп қалса, жұмыстан шығып қалсам, т.б. жағдайларға дайын жүріңіз. Бұлар болады деп емес, болып қалса не істеуім керек деген оймен.

Дұрыс жоспар жасау үшін дұрыс ойлана білу керек. Кітап ойландырады. Миды қозғайды.
❤35👍11🥰2🔥1🤔1
Әр кітапты оқып біткен сайын "Мен не білдім?", “Мұны қай жерде қолданам?" деп өз-өзіңнен сұрасаң, кітаптың пайдасын көресің.

Оқып бола сала, жауып қойсаң, сөреге қоя салсаң, бір айдан кейін не оқығаныңды ұмытып қаласың.
❤54👍7❤‍🔥6🔥2🥰2
Әркім қорыққанынан қашады. Тек Алладан қорыққандар Оған қарай жақындайды.

(с) Хәким Әбул Қасим

"Имам Ғазали - Ихия улумиддин, 5-кітап"
❤40👍7💊2🔥1🤔1
ХӘРРИ ПОТТЕР ПЕН МӘНШҮК МӘМЕТОВА

Ауылға апаратын қораптағы 50 кітаптың бағасы 210 000 тг. Бірақ біз оны 175 000 тг қылып ұстап отырмыз. Ақша жинап жатқан жастарға қиын болмасын деп. Ең жақсы кітаптарды таңдап алған соң, олар арзан емес. Тіл үйрену, мамандық таңдау, тұлғалық даму, әдет қалыптастыру, мінез өзгерту, Қайрат ағаның «Кемел адамы», Скаковтың «Мен, Сені», Қаныш пен Өзбекәлі, Жұмабектің майдандары, Ахмет пен Бейсен, Галилео мен Эйнштейн, Франклин мен Момышұлы, Хәрри Поттер пен Мәншүк, т.б.

Осы кітаптарды оқып, ауылдағы мектеп оқушылары шабыттанып, арқаланып, кім болатынын шешіп жатыр. Сен де үлес қос, адам!

https://pay.kaspi.kz/pay/lqmlhbut - үлес қосу.
❤17👍12🥰2🔥1😁1
Адреналин керек болса, Қаныш сияқты кір! | Kitapal podcast #47

Бүгінгі подкастта ағартушы, жазушы Санжар Керімбай мырзамен сұқбаттастық. Орта жас кризисі, мүшел жастың маңызы, ар-ождан мазаламас үшін не істеу керек, өмірдің мәні, ұлы тұлғалардың өмірін не үшін оқыту керек, бітеу дүрбі, рухани катаракта, не үшін кітап оқу керек, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбіттік.

https://youtu.be/G9PSi-23HDI

Бөлісіп жіберіңіздер🌟
🔥16👍4❤3🤔2
Бір хадисте Алла Расулы (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) денесін өртетуді өсиет еткен бір адам жайлы баяндайды. Бұл кісі ұлдарына: «Мәйітімді өртеп, күлімді ұшырып жіберіңдер» дейді. Олар да дәл солай істейді. Одан кейінгісін Пайғамбарымыз (с.а.с.) былайша суреттейді: «Алла оның күлін қайтадан зәррелеріне дейін біріктіреді де, «Неге бұлай істедің?» – деп сұрайды. Сонда әлгі кісі: «Күнәларыммен Алланың құзырына баруға қорыққанымнан» деп жауап береді».


Көріп тұрғанымыздай, бұл жерде мүлде басқа бір ішкі ой, рухани күй бар. Шіркін, осындай бір діріл бізді де сілкіп өтсе ғой! Осындай рухани қорқыныш, жауапкершілік сезімі біздің де амал-әрекетіміздің өзегіне айналса ғой!

(Кітаптан үзінді)
😭24❤10🔥6👍2🤔2🍓2👀1
Кітаптан үзінділер

Мықты адамдар өзінің әлсіз кезін біреудің көріп қалуынан қорқады.

Маргарет Митчелл, "Унесённые ветром"

Өмірде ең жаманы - күту. Күтуден басқа ештеңе істей алмайтын кез.
Эрих Мария Ремарк, "Три товарища"

Ойландыратын нәрсе көп. Өткенді өзгерте алмайсың, ендеше неге оған бас ауырта бересің? Одан да қазір өзгерте алатын заттарды ойлайық.
Маргарет Митчелл, "Унесённые ветром"

- Не қалайсың?
- Уақытты өлтіргім келеді.
- Уақыт өзін өлтіргендерді ұнатпайды.

Льюис Кэрролл, "Алиса в стране чудес"

Адамдармен танысқанда "Қуаныштымын" деп айтамын. Бірақ қуанып тұрғаным шамалы. Адам болғасын айтуыңа тура келеді.
Джером Дэвид Сэлинджер, "Над пропастью во ржи"
❤17🔥2🤔2👍1
♾♾♾ 17-наурызда бүкіл діни кітапқа 50% жеңілдік!

Жылына бір рет қана ұйымдастыратын акциямыз ертең жүзеге асады. Қадір түнінің ертеңіне, яғни күндіз Алматы мен Атыраудағы діни кітап сататын дүкендерімізге келіңіздер. Оған қоса, жұма күнгі Ораза Айт мейрамына сыйлық алу үшін де келіңіздер. Сыйлықтың төресі - кітап емес пе!

📚5000 теңгенің кітаптарын 2500 теңгеге, 10000 теңгелік кітапты 5000 теңгеге, 2000 теңгенің кітабын 1000 теңгеге аласыз.

Мекенжайымыз👇
📍 Мақатаев 128а — Алматы
📍 Мұса Баймұханов 1 — Атырау
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤22🤔2
@ankushfair2783 • 15 часов назад
23:12 ауылға кітап жобасы осыдан 3-4 жыл бұрын менің ауылыма келген еді. Сол шақтан бастап кітапқа құмарлық өршіп жан жақты дамуға назар қойып, журналистика бағытына бет бұрып қазір студенттік шақты бастан өткеріп жүрмін. Рахмет Ағалар❤

(Подкасттағы комментарий)
❤12😁3👍2🔥2
21-22 наурыз күндері Арбатта кітап жәрмеңкесі😍

Кітаптар, наурыз көже, концерт, тамаша көңіл-күй, мерекенің қуанышы - бәрі Арбатта. Эмоцияның жиынтығы деген…айта алмаймын енді. Оны келіп көру керек🥳

Келіңіздер!!! Досыңды да ертіп кел. Осы ақпаратты жеке чатына жіберуді ұмытпа✊

Уақыты: 10:00-18:00
❤19👏2👍1🤔1
ТАРИХ ҚАЙТАЛАНАДЫ, ОДАН САБАҚ АЛУ КЕРЕК

Қоғамтанушылардың көзқарасы бойынша, дүниенің тағдырына ықпал еткен әрі тарихта ұлы өркениеттер орнатқан халықтардың барлығы дерлік – ауыр бейнет пен азап шеккен өмірдің қойнауынан шыққан жұрттар.

Иә, бұл өркениеттер – өмірін азап жолымен өткерген қайсар ерлердің иығында көтеріліп, сондай азапты өмірді жалғастырғандардың арқасында ғана сақталып тұрған.

Олар осылай жалғасып келді де, қашан рахат пен жайбарақаттыққа берілген сәтте – сол кезде бұл өркениеттер құлдырау дәуіріне аяқ басты.

(Кітаптан үзінді)
❤13🤔5👍2🔥2
Әйелінен ажырасқан кезде себеп айту керек, мейірімділікпен әрекет жасау керек. Ашуланып, менсінбей ажырасуға болмайды. Ажырасу кезінде көңілін аулау үшін сыйлық беруі керек. Әйелдің құпия нәрселерін ешкімге айтпау керек. Несін ұнатпай ажырағанын жарияламау керек.

Біреуден «Әйеліңнен неге ажырасып жатырсың?» деп сұрайды. «Әйелдің сыры айтылмайды» дейді ол. Ажырасқаннан кейін «Неге ажырастың?» деп сұрады. «Менің басқаның әйелінде не шаруам бар, ол туралы айтатындай» деді.
❤34🤔3🔥2
Мен мезгілсіз өлген адамды өте аяймын, - деді ол, - әсіресе, әйел жынысты болса...
— Heгe? - дедім мен. - Еркек-әйелі не, өлген соң, бәрі аянышты...
— Жоқ, әйелдің өлімі ерекше, — деді ол, — әйел жалғыз өлмейді, өзімен бірге бірнеше адамды ала кетеді. Мүмкін олардың ішінде Пушкин, Гете, Шекспир, Ньютондар болуы...

Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"

Сұлулық дегеннің өзі адамның көзге көрінбес қос қанаты ғой деп ойлаймын. Егер дүние тек сұлулықтан тұрар болса — адам баласы мүгедектіктен, ғаріптіктен, рухани жадаулықтан құтылған болар еді...

Шерхан Мұртаза "Жүрекке әжім түспейді"

Дарын — жаратылыстың ісі. Ал адамгершілікті сақтау ол сенің ісің...

Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"

Итжейде – баланың мынау жарық жалғанда киетін ең алғашқы киімі. Оны тек кіндік шеше әкеледі. Бұл кәдімгі жейде сияқты емес, қолтығынан ойып жең шығарып, қолмен көктеп тіккен уақытша киетін көйлек. Нәрестенің терісі тым нәзік болғандықтан жұмсақ матадан тігісін сыртына қаратып, кең - мол әрі ұзын етіп тігеді. Күн мен түн секілді жақсылық пен жамандық, молшылық пен жоқшылық бірге жүреді. Аққан селдей, ескен желдей өте шығар қысқа өмірде таршылық көрмесін, басына тартса, аяғына жетпейтін мұқтаждыққа тірелмесін деген ақ тілеумен итжейдені берекелі етіп тіккен екен.

Зейнеп Ахметова
“Күретамыр”
❤25😍4👍3🤔2