KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.42K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Үш тілек емес, бір ғана тілегім бар…

Документалды фильмдерді көргенді жақсы көремін. Олар әлемнің шынайы бейнесін көрсетеді. Сондай видеолардан бірнеше көріністің қайталанатынын байқадым. Ол - жақынынан айрылған жандардың жай-күйі. Бәрінде бірдей тілек - бүкіл дүниені беріп, қайтыс болған баласын не қызын, жарын не бауырын қайтарып алу. Арасында соның қайғысын көтере алмай, ішкілікке салынып, өмірден баз кешіп, көше кезіп, басы ауған жаққа безіп кеткендері бар. “Үш тілегің орындалады десе, не сұрайсың?” дегенде, бірі айтады: “Маған үш тілек емес, бір ғана тілегімнің орындалғаны қажет. Ол - 3 жасар баламды қайта өмірге әкелу”.

Неге мұншалықты қайғырады?
Себебі олар жүрегінің жартысынан мәңгілікке айрылдым деп санайды. Бітті, жоқ, ешқашан көре алмайды. Мәңгілік! Осы мәңгілік деген ұғым адамның жанын жейді. Кім сүйгенінен мәңгілікке айрылсын!

Ал бізде, Исламда, қазақ дәстүрінде не дейді?
“Біз Алладан келдік, Аллаға қайтамыз” дейміз. Өлген туыс-туғандармен қайта жолығамыз. Шетінеген сәбилер ата-анасын күтіп алып, жұмаққа кіргізбейінше өзі де кірмей тұрып алады делінеді кітаптарда. Біз ешқашан ешбірінен ажырамаймыз, алыстамаймыз. Біз рухымызбен біргеміз.

Біз тіпті қайтыс болған жақындарымызға жақсылық та жасай аламыз. Қандай ғажап иә? Оқыған Құранымыз, берген садақамыз оларға жетіп жатады. Тәрбиелі баланың жақсылығы үзбей ата-анасына барып тұрады.

Бір ізгі кісі қызы о дүниеге аттанғанда былай деген: “Қызым менен гөрі жақсы Қамқоршыға (Алла Тағала) кетті”.

Сондықтан айтарымыз, надандық - құртады. Білім - құтқарады. Білім - кітапта. Күш - білімде.
❤27👍14🔥2🕊2🥰1
"Ауылға кітап ал" жобасына 50% жеңілдік!

Ауылына, мектепке кітап сыйлаймын дейтін ұлтшыл азаматтарға керемет мүмкіндік жасап отырмыз.

Сіз 100 мың теңге жинайсыз, қалған 95 мың теңгені біз көтереміз.

Бір қорапта 50 кітап бар, олар ең жақсылары, іріктеліп таңдалған. Құны - 209 мың. Бірақ біз 195 мың теңге қылып ұстап тұрмыз.

Бұл акциямен тек 40 ауылға ғана көмектесеміз. Қазір 4 ауыл кетті. 36 ауыл қалды.

Егер сен мектеп бітірген түлек болсаң немесе мектеп бітіргеніне 10-20-30 жыл толған түлек болсаң, онда мектепке сыйлыққа міндетті түрде кітап апаруың керек.

Осы постты бөлісіп жібер. Ауылдағы мектеп балаларына кітап апару - болашаққа жасалған ең жақсы инвестицияның бірі.

Менеджер 8-777-572-22-33
❤15👍9😁1
Өлім күтпеген жерден келеді. Бітпеген жұмыстардың ортасында, кез келген күні, ойламаған жерден. Сен өлсең де өмір жалғасын табады.

Сондықтан күйбең тіршіліктің артынан қуа бермей, бір сәт дамылда. Тоқта. Ойлан. Шынайы өмір сүр. Кітап оқы.
❤37👍4😢4🔥3
Өмірдегі ең мұңды жайттардың бірі — сені жұрттың қаншалықты жақсы көретінін біле алмай кетесің.

Сәби кезіңде анаң кішкентай алақандарыңды сипалап, әр сызығын жаттап алатын.

Біреу бір әнді сені есіне түсіргені үшін қайта-қайта тыңдайтынын да білмейсің.

Бейтаныс біреу сенің тұлғаңа іштей сүйсініп қарайтынын байқамайсың.

Біреу сен үшін көз жасын төккен болуы мүмкін, сен оны сезбедің де.

Біреу саған сыйлық таңдағанда, сен ырза болсын деп, қаншалықты мұқият іздегенін де білмейсің.

Сенімен тағдыры түйіскен бір адам кейде сенің есіміңді Гуглдан әлі де іздеп көретінін де сезбейсің.

Сахна сыртында сен байқамайтын соншама көп махаббат болып жатады.

Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤19🐳11👍2👏2
Бірге қозғалған жүйке жасушалары нәтижеде бірігіп кетеді – 1949 жылы ашылған Хебб заңы.

Ауылда бұзау байлау үшін жіптен арқан өретін едік. Бес-алты жіпті біріктіріп, өрген кезде қатты арқан пайда болады.

Қой баққандар біледі, отарды өріске айдағанда, бір қойдың артынан екіншісі ереді. Үш-төрт күнде қойдың ізінен соқпақ жол пайда болады.

Бұны не үшін айтып тұрмын? Бір ойды ойлағанда белгілі бір нейрондар қозғалады. Осы ой қайталанған сайын әлгі нейрондар бір-бірімен бірігіп, байланысы күшейеді. Арқан сияқты. Мықты, жылдам, автоматты түрде іске қосылатын болады. Сол ойды жүз рет ойласаңыз, соқпақ жол, керек десеңіз 140 км/сағ жүретін магистраль пайда болады.

Ең қауіптісі – осы ой жақсы әрі жаман.
Жақсы ой ойласаңыз, жақсы жол пайда болады.
Жаман ой ойлай беретін болсаңыз, жаман жол салынады.

«Менің қолымнан келмейді», «Мен ешкіммін», «өзіме сенбеймін», «мен бай болмаймын», «мені ешкім тыңдамайды», т.б. ойлай беретін адам тек өзіне жамандық жасап жатыр.

Оқуға ұсынатын кітаптар:
Супержады
Ғажайып ми

Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
👍17❤5🔥4🥰3
Бірде бір журналист үш миллионер жігіттің әкесінен сұрапты:
— Үшеуін де миллионер қылған қандай құпия?
Әкесі бір ғана сөйлеммен жауап берген екен:
— Балаларым жеті жасқа толғаннан бастап, шағымдануға тыйым салдым.

Алғашында көпшілік мұны тым қаталдық деп ойлады.
Бірақ әке бір қызық жайтты түсіндірді.
Шағымдану — миды бір ғана сенімге үйретеді:
Сен жағдайдың құрбанысың.

«Менің өмірім басқа адамдардың кесірінен қиын»;
«Өмір әділетсіз»;
«Мен ештеңе өзгерте алмаймын».

Осы сенімді жылдар бойы қайталай берсең, ми оны ақиқат деп қабылдай бастайды. Бұл — кедейлікке жетелейтін ойлау жүйесі.
Ал табысты адамдар басқаша ойлайды. Шағымданудың орнына, шешім табады.

Ауа райы жаман ба?
Қолшатыр ал.
Мектеп қиын ба?
Ұстаз тап.
Бір нәрсе әділетсіз көріне ме?
Әдісті өзгерт.

Шағым жоғалған кезде, ми автоматты түрде жаңа сұрақ қоя бастайды:
— Мен бұл мәселені қалай шешемін?

Егер ұлы: «Математика өте қиын» десе, әкесі:
— Оны түсіну үшін не істейсің? — деп сұрайтын.
— «Досымның жаңа телефоны бар», — десе:
— Сен оны табу үшін қалай еңбек етесің? – деп жауап береді.

Аяушылық жоқ.
Тек жауапкершілік.

Бір жылдан кейін балалар шағымдануды доғарды.
Өйткені ол нәтиже бермейтін болды.

Әкелері әрдайым бір ғана сұрақ қоятын:
— Не істейсің?

Бірнеше жылдан соң бір өзгеріс байқалды.
Проблема пайда болғанда, ми бірден шешім іздей бастайтын.
Артық эмоция жоқ.
Айыптау жоқ.
Тек әрекет.

Әкесі мына сөзді санасына құйған:
— Санасы кедейлер шағымданады. Табысты адамдар мәселені шешеді.

Сондықтан ол балалардың өмірінен шағымдануды алып тастады.
Ал оның орнында тек шешім қалды.

Көпшілік мінез-құлықты түзетуге тырысады...
Бірақ сол мінез-құлықтың артында тұрған әдетті елемей қояды.

Халықаралық балалар әдебиеті күні құтты болсын! Балаларға кітап алып беруді және оқытуды ұмытпайық. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤25🔥12👍4👏4🤔1
Досың үйіне шақырса, есіктен кіргенде бірінші байқағаның шаң болса, яғни люстраның, теледидардың, столдың бетінде шаң тұрса, онда дереу келген ізіңмен кері қайт.

Мәселе шаң мен кірде емес. Мәселе – сенің жүрегің кірленгенінде.

Сені досым деп үйіне шақырған адам ешкімге аша бермейтін есігін ашты, дәм ұсынды, босағасын көрсетті. Ал сен болса, оны сынап үлгердің. Ондай лас жүрекпен біреуді ренжіткенше, үйде отыр.

Жүректі тазалау үшін «Жүрек сырлары» кітабын оқы.
Қонаққа бару әдептерін үйрену үшін Имам Ғазалидің «Дастархан әдебі» кітабын оқы.
Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤32🔥7👍3🥰2🤔1😍1
Ерлан Әшім ағамызбен подкаст. Ағамыз “Қасым кітапханасының” негізін салушы.
❤35👍7🔥3
Әлия Әшім ханыммен подкаст. Жақында шығады 🥰
👍24❤15🥰8🔥4⚡1👏1🎉1😭1
23 жаста ғана еді...

Құдайға серік қосатын, сенбейтін мүшріктер пайғамбарымызды өлтіруге бір топ қарақшыларын жібереді. Сол уақытта Алла Елшісі "Қорықпа!" деп, төсегіне Әлиді жатқызады. Өзі Әбу Бәкірмен Мединаға хижрет етіп кетіп бара жатқан.

Сондағы 23 жастағы Әлидің батырлығын айтсаңшы. Қыңқ етпеген, жатқан күтіп. Қылышын жалаңдатып, қырық қарақшы келгенде, даусы дірілдемеген де.

Соғыста қалқаны түсіп қалып, Хайбар дейтін қаланың үлкен қақпасын көтеріп алып соғысқан. Кейін соны 8 дәу жігіт бірігіп көтере алмаған. Ол шамамен 560 кг шығар. Рухтың күші қандай иә?

Құрандағы әр аяттың қайда, қашан, қалай түскенін білген.

Хадиша анамыздан кейін иман еткен, №2 мұсылман! Ал жасы сонда небары 9 жаста еді. Болам дейтін баланың жасы.

Әли туралы толық оқу үшін кітапқа қол жеткізіңіз. 8-777-572-22-33
🔥17❤15👍3😢2😍2🥰1
Жақсылар бар екен ғой, сүйіп өтем,
Үйі бөтен демеймін, күйі бөтен.
Жамандарды іздемен, өзі-ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен.


(с) Мұқағали

Сол жақсы сіз болыңыз. Адам жақсы болуы үшін жақсылар жазған кітаптарды оқуы керек. Солардай бола алмаса да, ұқсап бағуы керек.

Ұсынатын кітаптар:
- Мұхаммед пайғамбар өмір жолы (Алланың сәлемі мен игілігі болсын)
- Көңілдің сұлтаны. Мәулана Руми
- Қаныш және ғылыми майдан
- Бенжамин Франклин өмірбаяны

Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤21❤‍🔥3👍3🔥2
ҚАЙТА-ҚАЙТА...

Қайта-қайта жақсы адамға жақында. Қайта-қайта жақсылық істе. Қайта-қайта Құран оқып, сүннетті орында. Не үшін?

Адамның нәпсісі – шайтанның ең сүйікті құралы. Әйтпесе шайтанның өз айласы өте әлсіз. Сол үшін ол адамның нәпсісі арқылы келеді.

Кімнің нәпсісі өсіп кетсе, оның шайтанның амалынан құтылуы қиын. Иманың күшті болса да, кейде сезімің тулап, нәпсің қозып кеткенде, жүрегің үнсіз қалады, ақылың жеңіледі. Сөйтіп бір күнәні қалай істеп қойғаныңды білмей қаласың.

Сол үшін: құласаң да, күнә жасасаң да, артынша жақсылық істе. Артынша жақсы адаммен жолық. Артынша Құран оқы, дұға жаса.

Әдет – шайтанның қаруы деген сөз бар. Әдеттеріңді бақыла: қайсысы жаман, қайсысы жақсы. Үйде жалғыз қалма. Бос қалма. Ылғи бір тірлікпен айналыс.

Оқуға ұсынатын кітаптар:
- Жүрек сырлары
- Бақыт формуласы
- Ихия улумиддин
Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤29😁2
Ерлан Әшім: Балама ішкізбеген сүтті халыққа қалай беремін? | Kitapal podcast #49

Бүгінгі подкастта кәсіпкер әрі "Қасым кітапханасы" дүкенінің негізін салушы Ерлан Әшім ағамызбен сұқбаттасады. Сұқбатта: жексұрын кітаптар қандай, Ленин көшесін Абайға өзгерту, тұлға өсіретін кітаптар, Мағауин ақсақалмен кездесу, т.б. тақырыптар қамтылады.

https://youtu.be/sncGkv53nWY?si=0CQWidzxWyixRCCA
👍6❤‍🔥5❤3🔥1🥰1😁1😍1
Кім соңғы демінде иманды болып өлетініне сенімді болса, имансыз кетеді. Әбу Дарда (р.а)

Алладан қорқатын ғалым бір досына былай деп өсиет айтады: «Мен өлерде қасымда тұрып, иманмен өлгенімді көретін болсаң, бірден бүкіл байлығымды ал. Оған бадам (миндаль) мен қант ал да, осы ауылдың балаларына таратып: «Бұл пәленшенің құтылғанының құрметіне таратқан сыйы» де. Егер Исламнан тыс өлсем, бұны бәріне естірт, жаназама келмесін. Бұл өлімімде риякерлік болмасын».

Ол адам: Бұны қалайша білемін? – деп сұраған кезде, ол оған бірнеше белгілер үйретті. Соңғы демінде сол белгілерді көрген кезінде, бадам мен қант сатып алып, балаларға таратты.

Имам Ғазалидің кітаптарынан алынған үзінді. Кітапқа тапсырыс: 8-777-572-22-33
❤18💔11😭3🔥2
Әсия, мүмкін біз енді ешқашан да көріспеспіз, бірақ мен сені осы бір өзім көрген тамаша қалпыңда өмір бойы жүрегімде сақтаймын. ...Менің сенімен ғайыптан жолығуым өмірімнің ең қиын да, ең бақытты да күні болды.

Шыңғыс Айтматов, «Байдамтал бойында»
❤28🔥5👍3🥰1
(Кітаптан үзінді)

Түйеқұсқа: «қанатың бар ғой, ұш» десе, ол: «жоқ, мен түйемін» деп қанатын қысып, ұшқысы келмейді. Ал аңшының тұзағына түскен кезде, одан сақтанамын деп, басын ғана құмға тығып, өзін-өзі алдаусыратып, сорайған денесімен аңшыға жем болады. Содан кейін түйеқұсқа: «сен түйесің ғой, жүк артайық» десе, қанатын қомдап: «жоқ, мен құспын ғой» деп жүк көтеруден қашады. Сөйтіп қамқоршы, қорғаушыдан қашам деп, тағы да аңшыға жем болады.

Дәл сол секілді кәпір Құранның нұрын жоққа шығарып, өзінің қараңғылығына кіріп алады. Оған былай десе: «Өлімді мәңгі жоғалу деп ойлайсың. Ал көз алдыңда ажалдың дар ағашы дайын екенін көре тұра, өмірден қайтіп рақат аласың?». Ол Құраннан естіген аз ғана бір нұрға сүйеніп: «өлім мүлде құрып кету емес, өлімнен кейін өмір бар дейді ғой» дейді. Мұнысы – басын құмға тыққан әлгі түйеқұс секілді, өз басын өзі күпірмен бүркеп алып: «ажал мені көрмейді, қабір маған көрінбейді» деп, өзін-өзі алдаған бір алдамшы жағдай.
❤29👍11🔥4🥰2🆒2
Дана Нұржігіт ханыммен керемет подкаст!

Нағыз ханым әдебі, қыздың кербез тұлғасы, тұлғалардың көзін көріп, өнегесін алу, әдебиет майданы, мықты тұлға өсірудің формуласы жайлы әдемі әңгіме болды.

https://youtu.be/NCJgixEafMs?si=Cs9ggK7WTXKpPwYE
❤14🔥6🤔2⚡1👍1
Адам да бір есік сияқты. Әдемі, қымбат, бетінде алтынмен нөмірі жазылған есікті ашып қалсаң, арғы бетінде ары кетсе екі-үш бөлме ғана.

Онымен шай қайнатым уақыт әңгімелесіп, сол кеңістікке сыймайсың. Тар. Ары қарай орын жоқ.

Менмұндамалайтын кейбір қарапайым есіктер бар. Ашсаң, арғы жағында әлемдер, планета, ғаламдар... Онымен әңгімең бітпейді, қаншама қозғалмаған тақырыптар бар әлі. Ондай адамдар аз...

Кейбір есікті ашсаң, қараңғы. Жарық түспеген. Олар да бәрін осылай қараңғы деп ойлайды.

Немесе бітеу қабырға. Оны жарып өте алмайсың. Тұмсығың тіреліп, кері қайтасың.
🔥22❤8👍3😍3💯2🥰1
Айтшы, кімге ренжисің?

Әл-Фараби – әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. 70-тен аса тіл білген.
Жеке иелігінде: бір бас, екі қол, екі аяқ. Білім алу шектеулі болған, сондықтан оны ізденіп оқыған.

Леонардо да Винчи - итальяндық суретші, кескіндемеші, мүсінші, сәулетші және ғалым, анатом, жаратылыстанушы, өнертапқыш, жазушы, музыкант, инженер.
Жеке иелігінде: бір бас, екі қол, екі аяқ. Білім алу шектеулі болған, сондықтан оны ізденіп оқыған.

Ал біз... – бір университет (колледж) бітіргенбіз. Оның өзінен мықты маман емеспіз, орташа. Басқа дым жоқ.
Жеке иелігімізде: бір бас, екі қол, екі аяқ. Білім алуға мүмкіндік көп. Бірақ ізденбейміз.
🔥32❤23👍10😢10🆒3🥰1
Алдымызға қанша сауал тосылды,
Өмір бізді ерте үйірді биіне.
Сәби кезім.
Бірге ойнайтын досымды
Ертіп бардым нағашымның үйіне.

Мұхтар ағамызды осы өлеңінен бастап танып едік. Бастауышта 1999 жылдары қазақ тілі оқулығында "Достық өлкесінің заңы" осылай басталатын.

Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады,
Қиын шақта досын сатқан адамдар!

Мұхтар ШАХАНОВ
деп аяқталатын.

Ол кісіні өмірде көп көрдік. Ылғи бір ат үстінде жүретін: тіл мәселесі, жер мәселесі, ұлт мәселесі, намыс мәселесі...

Оның жайбарақат бір бейбіт шарада жүргенін көрмеппін. Ел басына күн туған шақтарда ғана, бәрі бұғып жатқанда бас көтеретін.

Басын қанша бәйгеге тіксе де, ажал 84 жасында алды. Қырық жыл қырғын болса да, ажалы келген өледі деген осы. "Ойбай, өліп қаламын-ау" деген қорқыныш жүрегіне кірмеген асыл тұлға!

Алла рақымына алсын!
❤47👍6🔥2🥰2