Тордағы бұлбұлдан еркін торғай артық
Ессіз қызғаныш, біреуді иемдену, басыбайлы қылу ылғи да қылмысқа апарады. Шектен тыс қызғаныштың өзі күнә емес пе? Ал мұндай адам еркін, бағынбайтын сұлуға ғашық болса ше? Соңы немен бітер еді? Екеуінің бірі жойылумен бітері анық.
Проспер Мерименің бұл шығармасы әдемі әрі батыл сыған қызы Кармен мен оған ғашық болған сарбаз Хосе туралы баяндайды. Карменнің еркін рухы мен Хосенің қызғанышы олардың тағдырын күрделі және қайғылы етеді. Әңгіме махаббат, құмарлық және бостандық туралы терең ойларды қозғайды.
Кітапқа тапсырыс бер: https://clck.ru/3TJfVu

🥰2❤1🎉1🤩1
Баланың қылмысы үшін тәрбиешілері де жаза тартсын
Депті ирандықтар. Тәрбиешісі – оның әке-шешесі, ата-әжесі, ұстазы болуы мүмкін. Жаңадан өсіп келе жатқан көшетті түземей, күтімін жасамай, қисайтып алғаны үшін жауапты болғаны дұрыс. Баланы қалай тәрбиелесең, солай өседі. Әрине, өзінің туа бітті мінезі бар. Бірақ тәрбиеші тарапынан ақ пен қараны ажыратуды үйренеді. Балиғатқа толған соң өз ісіне өзі жауап береді.
Ескендір Бестай айтқан: «Осы кітапты ата-аналар оқыса, мұғалімдердің біршама жұмысы жеңілдер еді». Егер балаңыз болса, осы кітапты міндетті түрде оқыңыз. Ұстаз болсаңыз, тіпті сіз үшін міндет дер едік.

❤8🎉2
Жаман адам болады, бірақ жаман тіл болмайды. Біз орыс тілін жетік білу арқылы ТМД аумағында біршама мүмкіндіктерге ие боламыз. Бизнес жасауға, қарым-қатынас орнатуға, келісімге келуге, ауызекі сөйлесуге, әдебиет оқуға орыс тілін білу арқылы қолжеткізе аламыз. Құрал ретінде үйреніп, жағдайыңды жасауға пайдалан!
Иә, біз орыс тілінде сөйлей аламыз. Бірақ дұрыс ережемен сөйлеуді, жазуды, іскерлік хаттар жазуды білмейміз. Оны осы кітаптан тереңірек үйрене аласыз.
Кітапқа тапсырыс бер: https://clck.ru/3TJfVu
Иә, біз орыс тілінде сөйлей аламыз. Бірақ дұрыс ережемен сөйлеуді, жазуды, іскерлік хаттар жазуды білмейміз. Оны осы кітаптан тереңірек үйрене аласыз.
Кітапқа тапсырыс бер: https://clck.ru/3TJfVu
❤2😁2🎉1
Еріп кетпеңіз!
Қазір бәрі ашық заман. Бүкіл адам ешқандай фильтрсіз, оған құқы бар ма, жоқ па, қарамайды, әлеуметтік желіде ойын еркін жаза береді. Олай айтуға білімі, мамандығы, құзыреті жете ме, оған мән бермейді. Тіпті жалған аккаунт ашып та заһарын шашып жатқандар көп.
Олар ізденбеген, біреуден естіген сөздерін жазып, Исламға баға береді. Ислам қылышпен келген, пайғамбар көп әйел алған, жас қызға үйленген, келініне үйленген, Ислам әйелді тұншықтырады, кәпірді өлтір деп айтады, т.б. деп, жүйесіз, жалған ақпараттар таратады.
Мұндай ақпаратқа білімі жоқ, надан адам ғана еріп кетеді. Егер бір іс жайында білмесек, білім иесінен сұрау керек. Жалпы мұсылман ретінде Исламнан хабарымыз болу үшін пайғамбардың өмірбаянын оқу керек. Сол жерде санада туындауы мүмкін бүкіл сұраққа жауап бер.
Мысалы, отаныңа жау басып кірсе, тонап, бәрін қырып жойып бара жатса, оларды көрген жеріңде өлтіруге толық қақың бар. Ал от салушылар соңғы сөйлемді ғана кесіп алып, әдейі адастырады.
Ал «Адамзаттың асыл тәжі» кітабын оқысаң, ондай арандатушылыққа ұшырамайсың.

❤5👏3🎉1
Сәкеннің тағдырын шешуге НКВД небәрі 20-ақ минут уақыт жұмсап, дереу атып тастаған. Әкесін де қамаған, інісі Мәлік те жоғалып кеткен. Артынша әйелі Гүлбаһрам да лагерьге айдалған. Сол жерде Аян деген сәбиіне суық тиіп, қайтыс болады.
Бұған дейін ол түрмеге қамалып, атаман Анненковтың "өлім пойызымен" Колчак түрмесіне жеткізіледі. Осының бәрін "Тар жол, тайғақ кешу" романында жазған. Түрмеден қоқыс салынған шанаға тығылып қашқан. 900-ге жуық шақырымды жаяу жүріп, еліне жетеді. Күтуге шыдамы жетпеген зайыбы Рахима басқа адамға тұрмысқа шығып кетеді.
1917 жылдың сәуір айында "Жас қазақ" ұйымын құрды. Мұғалім болды. Қазақтың әдеби мұраларын қағазға түсірді.
Қазақтан шыққан тұңғыш премьер-министр аз ғана уақыттың ішінде біраз шаруаны тындырып кетті. Бюджет қаражатының тең жартысын білім беруге салып, қазақтың сауатын ашуға жұмсады.
Қазақты "қырғыз" емес, "қазақ" деп тарихи қателікті түзеген де осы Сәкен. Театр, емхана, мектеп салуды жолға қойып, қазақ тілін тұңғыш рет мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерді.
Александр Затаевичке қазақтың әндері мен күйлерін жазып, сақтап қалуға тапсырыс берген де осы Сәкен.
1957 жылы ақталды.

❤11💔4🎉1
Адамның мінезі қарым-қатынастан қалыптасады
Адамның туабітті мінезі бар. Біреу өте сабырлы, біреу тез ашуланшақ, біреу батыл, біреу сақ дегендей. Сонымен қатар адамның өмір сүру барысында қалыптасатын мінезі бар. Ол айналадағы адамдармен қарым-қатынастан туады.
Мысалы, ылғи алдайтын қоғамда өмір сүретін адамда ешкімге сенбейтін сақтық пайда болады. Ылғи жауыздардың арасында өзін қорғауға мұқтаж болатын адамда қатыгездік мінез болады. Мейірімге қанып өскен бала да мейірімді, бөліскіш келеді.
Мұны иттен де байқамыз. Джек Лондонның «Ақ азу» туындысы осы туралы.

❤4🎉3👍2🥰1
Адам сыртқы дүниені өзгертуден бұрын өз жүрегін өзгертуі керек
Адам қатып қалған жаратылыс емес. Балшықтан илеп түрлі формаға салуға болады. Әрине, рухани жағынан. Яғни, кемелденуге бейім жаратылыс. Ішкі Мен, яғни нәпсімен күресе білген адам рухын жарқырата алады.
Жүректі қалай тазалаймыз? Мәуланы оны әдемі хикаялармен түсіндіреді. Адам алған білімін жүрек тәрбиесіне және әрекетке айналдыруы керек. Сондықтан оның шығармашылығында ақыл мен жүрек, білім мен тәжірибе тақырыптары қатар жүреді.

❤7🎉2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
https://youtu.be/uu4w8GC2dDc?si=DnnRxEyXmIcM6isb
Мағжанның “Педагогика” кітабын оқуға насихаттау үшін түсірілген подкаст

❤6🎉1
Forwarded from Дакеши Китабэ (Daniyar Zhigitbek)
АСТАААААНА!
Ертең күтеміз.
Халық біз күткеннен де көп келсе, Астанаға көшуді қарастыра берем-ау😀🤲🏽

❤17🥰1🎉1
Өзі бақытсыз адам қалай бақытты бала өсіреді?
Ата-ана, әже, ұстаз, тәрбиеші – яғни, балаға әсер ете алатын барлық адамның мақсаты біреу ғана болуы керек. Ол – баланы бақытты адам етіп шығару. Егер бұлардың бірі бақытсыз болса ше? Оның бақытсыздығы балаға жұқпай ма?
Әрине, жұғады. Бала көргенін қайталайды. Ыбырайдың әңгімесінде айтылғандай, күтімі жақсы ағаш түзу боп өседі. Күтім жасалмаған, зиянкестерден қорғалмаған ағаш қисық, жеміссіз, бей-берекетсіз боп өседі.
Ендеше бақытты бала өсірудің нұсқаулығын оқып алайық. Ол осы кітапта жазылған. Аудармашы Мағжан ізденіп, зерттеп, «Педагогика» тақырында ерен еңбек бітіріп кетіпті. Оны оқып, өмірде қолдану бізге қалған іс.

🔥8❤4🎉2🥰1
Жақында!!! 50% жеңілдік бүкіл кітапқа жасалады. Тек бір күн ғана ұзақтығы. Студенттерге арналған акция бұл. Одан бөлек адамдар қолдана алмайды. Қалаған кітабыңызды жарты ақшасына алып кете аласыз. Сәл ғана уақыт қалды. Ақшаңызды жұмсап жібермей, қысып ұстай тұрыңыз.
Қатысады: Алматы, Атырау, Тараз қаласындағы Кітапал дүкендері.

😍24👍5❤1🎉1
Бірдей уақыт неге ақырын және тез өтеді?
Жаңа мекенжайға барарда 30 минут уақытымыз кетеді. Сол жерден үйге қайтқанда да жарты сағат өтеді. Бірақ қалай тез жеткенімізді байқамай қаламыз. Неге?
Өйткені жаңа жер бізді састырады, адаспас үшін сақ болуды міндеттейді. Назарымыз өткір жұмыс істейді. Сол үшін әр белгіге мән береміз. Үйлер, ағаштар, ғимараттар, табиғи орындар, т.б. Ал үйге қайтқанда таныс жолмен келе жатқандықтан, назарымыз өткірлігін ысырып қоя тұрады. Өткір назарға да энергия керек. Ми артық күш жұмсап не ғылсын!
Екеуі де бірдей уақыт, бірақ біріншісі ұзақ, екіншісі қып-қысқа. Бала кезде үш ай жаз үш жылдай өтуші еді. Өйткені бәрі жаңа, бәрі таңсық, бәрін біліп үйренгің келеді. Ал қазір бәрі қаңсық, бәрі үйреншікті. Назарымыз ешқайда түспейді. Тіпті кейде машинамен келе жатып, бағдаршамнан қалай өткеніңді де түсінбей қаласың. Ойың басқа жақта, қолың рульде.
Демек жаңа жолмен жүрмей, жаңа нәрсе үйренбей, жаңа қабілет меңгермей, жаңа әлемді шарламай, жаңа адамдармен таныспай, мына уақыт деген тез өте бермек!
«Тайм-менеджмент» кітабына тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3TJfVu

❤16🥰2😁1🎉1
Студенттерімізді ойлайтын уақыт келді. 13-қазан, сейсенбіде Кітапалдағы бүкіл кітапқа 50% жеңілдік. Тұп-тура жарты бағасына кітап ала аласыз. Студент болсаңыз, міндетті түрде келіңіз. Студент болмасаңыз, студент іні-қарындастарыңызға кітап алып беріңіз. Бұл - жылына бір-ақ рет болатын шара. Сондықтан мұндай жақсы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Алматыдағы үш дүкеннің адресі:
1) Мақатаев 128А
2) Ақсай-5, 25, ТЦ Үшсұңқар, 2-этаж
3) Сатпаев 22, Unihub центр
Атыраудағы Кітапал (Баймуханов 1)
Тараздағы Кітапал
Алматыдағы үш дүкеннің адресі:
1) Мақатаев 128А
2) Ақсай-5, 25, ТЦ Үшсұңқар, 2-этаж
3) Сатпаев 22, Unihub центр
Атыраудағы Кітапал (Баймуханов 1)
Тараздағы Кітапал
❤14🥰1🎉1
Студенттерге бөлісіп жіберуді ұмытпаңыз👍
🥰3🎉3🔥1