Forwarded from UKIMET
Құрылыс, көлік және өңдеу өнеркәсібі I тоқсанда экономиканың өсуіне түрткі болды
📌 Ұлттық экономика министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің нақты өсуі 3%-ды құрады, бұл ретте қызметтер өндірісіндегі өсім 3,7%-ға, ал нақты секторда 2,1% - ға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.
Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс – 14,8%), көлік қызметтері – 12,8% және өңдеу өнеркәсібі – 8,5% көрсетті. Жылдың алғашқы екі айында сыртқы сауда айналымы $21,7 млрд құрады, мұнда $2,4 млрд – оң сальдо.
— деді Азамат Әмрин.
➖
Строительство, транспорт и обрабатывающая промышленность стали драйверами роста экономики в I квартале
Согласно представленным Министерство национальной экономики данным, реальный рост ВВП за январь-март составил 3%, при этом рост в производстве услуг достиг 3,7%, а в реальном секторе – 2,1%. Об этом на заседании сообщил первый вице-министр нацэкономики Азамат Амрин.
Среди отраслей наиболее высокий рост демонстрируют строительство – 14,8%), услуги транспорта – 12,8% и обрабатывающая промышленность – 8,5%. Внешнеторговый товарооборот за первые два месяца года составил $21,7 млрд с положительным сальдо в $2,4 млрд.
— сообщил Азамат Амрин.
📱 @KZgovernment

«Өткен жылы экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға дейін өсті, осылайша екінші жыл қатарынан тау-кен өнеркәсібінің (2025 жылы – 11,9%) деңгейінен асып түсіп отыр. ЖІӨ-дегі мұнай секторының үлесі екі есе қысқарды. 2010 жылы ол 16,5% болған болса, 2024 жылы 8,1%-ға дейін түсті. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі әртараптандыруға баса назар аудару қажет, бұл "орташа табыс тұзағынан" шығуға мүмкіндік береді»,
— деді Азамат Әмрин.
➖
Строительство, транспорт и обрабатывающая промышленность стали драйверами роста экономики в I квартале
Согласно представленным Министерство национальной экономики данным, реальный рост ВВП за январь-март составил 3%, при этом рост в производстве услуг достиг 3,7%, а в реальном секторе – 2,1%. Об этом на заседании сообщил первый вице-министр нацэкономики Азамат Амрин.
Среди отраслей наиболее высокий рост демонстрируют строительство – 14,8%), услуги транспорта – 12,8% и обрабатывающая промышленность – 8,5%. Внешнеторговый товарооборот за первые два месяца года составил $21,7 млрд с положительным сальдо в $2,4 млрд.
«В прошлом году доля обрабатывающей промышленности в экономике увеличилась до 12,7% и второй год превышает долю горнодобывающей отрасли (в 2025 году – 11,9%). Доля нефтяного сектора в ВВП сократилась вдвое. С 16,5% в 2010 году до 8,1% в 2024 году. Для обеспечения устойчивого развития важно продолжать упор на дальнейшую диверсификацию экономики, что позволит выйти из ловушки среднего дохода»,
— сообщил Азамат Амрин.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Қазақша кітаптар
Болат Жайдары - Қазақ деген кім
Бұл кітапта Қазақтың идеологиясы қандай болу керек деген сауалға жауап беріледі. Болашағын ойлап жүрген, білімге құмар, көздері ашық оқырмандарға арналады.

❤5👍1
Forwarded from Қазақша кітаптар
Қазақ деген кім.epub
4.9 MB
Forwarded from Кітап үзіндісі
Ғылым мен өнер адамы үшін фәниден бақиға барар жол біреу-ақ – жұмыс істеу; басқаның бәрі алдамшы. Осыны жадыңа тұт.
Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»
https://t.me/kitapuzindisi
Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»
https://t.me/kitapuzindisi
❤3
ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ БЮДЖЕТТІҢ ШЕГІНЕ ТІРЕЛІП ОТЫР
Қазақстанда әлеуметтік шығындар өсіп жатыр, бірақ оны кірістер бұрынғыдай жауып үлгермейді. Бюджет негізгі міндеттерді әрең ұстап тұр, бірақ жедел әрі нақты көмек керек жағдайларда жиі кешігеді.
Мысалы, шұғыл ем керек кезде немесе қиын жағдайға түскен адамдарға көмекте жүйе ақсай бастайды. Сырттай бәрі жұмыс істеп тұрғандай көрінеді, бірақ ең маңызды жерлерде үзіліс бар.
Мемлекеттен тыс қолдау жүйесін дамыту ұсынысы қисынды көрінеді. Логикасы қарапайым - жүктемені бөлісу. Қауымдастық қорлары жылдам шешім қажет жерлерді алады, себебі олар жергілікті жағдайды жақсы біледі. Ал ру-тайпалық қорлар ұзақ әрі қымбат мәселелерді жабады - білім, емдеу, адам капиталына инвестиция. Бұл мемлекет баяу әрі икемсіз болатын тұстарды толықтыру әрекеті.
Бірақ дәл осы жерде жүйелік тәуекел пайда болады. Егер нақты ереже болмаса, мұндай механизмдер бір-бірін қайталайды, ресурстар үшін таласады, жауапкершілік бұлдырайды. Тағы бір маңызды қауіп - көмек жүйесінің өзгеруі. Яғни барлығына бірдей қолжетімділік емес, байланысқа қарай бөліну басталуы мүмкін.
Шешім идеяның өзінде емес, оны қалай құруда. Бірыңғай цифрлық платформа болмаса, ашық есеп беру болмаса, тиімділікке емес, жиналған ақша көлеміне ғана қаралса - бұл модель кеңейе алмайды. Керісінше, ол жүйені бөлшектеп жібереді, мемлекетке көмектеспейді.
Бұл тақырып бойынша толық талдау, шектеулер мен нақты қандай жағдайда жұмыс істей алатыны туралы сараптаманы колонкадан оқуға болады.
Даулет Жамбайбеков, тәуелсіз сарапшының пікірін сілтеме арқылы оқи аласыз: https://economykz.org/?p=25521&lang=kk

❤2👍2
Forwarded from Кітап үзіндісі
Мен бақыттымын, сенің де бақытты болғаныңды қалаймын. Мен өте бақыттымын. Мен сенің жаныңда оянып, сенің жаныңда көз ілемін. Басқа ештеңені білгім де келмейді. Екеуміз туралы ойлаған кезде менің санамда күміс қоңырау сыңғырлайды, кейде тіпті скрипка ойнайды. Біз екеуміз-ақ мына көшені толтырып тұрамыз, бізбен бірге ол әуенге толып тұрғандай болады, кей уақытта жұрттың дауысы да еміс-еміс естіледі және кинодағыдай кадрлар жүріп жатады, бірақ әуен өшпейді. Ол әрдайым менің жадымда.
Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы»
https://t.me/kitapuzindisi
Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы»
https://t.me/kitapuzindisi
❤9
Forwarded from Кітап үзіндісі
Қадірлі, оқырмандар!
Сіздерді жырмен өрілген әсерлі кешке шақырамыз. Сағат 22:00-де бас қосып, жүрекке жақын өлең жолдарымен бөлісіп, көркем сөздің құдіретін бірге сезінейік. Кеш барысында жыр оқылып, әр шумақтан ерекше әсер ала аласыздар. Ал өлең оқып, өнерін паш етемін деген жандар болса мархабат. Жыр кешінде жүздескенше!📖
p.s.Өлең оқығаны ұнаған бір адамға “Белгісіз&ұлы” егізкітабын тарту етемін, бұйырса.
Сіздерді жырмен өрілген әсерлі кешке шақырамыз. Сағат 22:00-де бас қосып, жүрекке жақын өлең жолдарымен бөлісіп, көркем сөздің құдіретін бірге сезінейік. Кеш барысында жыр оқылып, әр шумақтан ерекше әсер ала аласыздар. Ал өлең оқып, өнерін паш етемін деген жандар болса мархабат. Жыр кешінде жүздескенше!
p.s.Өлең оқығаны ұнаған бір адамға “Белгісіз&ұлы” егізкітабын тарту етемін, бұйырса.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from Кітап үзіндісі
❤1
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның тегеурінді, парасатты әрі көреген басшылығымен БАӘ қауіп-қатерді еңсеріп, қарқынды стратегиялық даму бағдарын жалғастыратынына сенім білдірді.
Қазақстан Президенті дипломатия және сындарлы диалог ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізудің ең сенімді құралы екенін тағы да атап өтті.
Мемлекет басшысының бұл хаты өзара сенімнің жоғары деңгейін, ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын және Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері халықтарының арасындағы шынайы бауырластық қарым-қатынасты растайтынын көрсетеді.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👎1
Forwarded from Кітап үзіндісі
Бақытсыз адамға қалада түру жеңілірек. Адам қалада жүз жасаса да, өзінің әлдеқашан өліп, сүйегі шіріп кеткенін де байқамауы мүмкін. Өзіңді өзің сарапқа салуға уақытың жоқ, қол тимейді.
Лев Толстой «Крейцер сонатасы»
https://t.me/kitapuzindisi
Лев Толстой «Крейцер сонатасы»
https://t.me/kitapuzindisi
❤7
ӨНІМДІЛІК ӨСІП ЖАТЫР, АЛ МАМАНДЫҚ ӨЗ БАҚЫЛАУЫН ЖОҒАЛТЫП БАРАДЫ
Генеративті ЖИ мұғалімнің жұмысын жылдамдатып жатыр. Бірақ сонымен бірге бұл мамандықтың табиғатын да өзгертіп келеді. Уақыт үнемдеу әсері қазірдің өзінде көрініп тұр. Ал оның ұзақ мерзімдегі салдары әлі толық бағаланған жоқ.
OECD деректері бойынша, мұғалімдердің 37%-ы ЖИ пайдаланады. Англияда ол сабаққа дайындалу уақытын 31%-ға қысқартады. Жас мұғалімдер үшін бұл оқушы нәтижесін айтарлықтай жақсартады. Жүйе бұрынғыдан тиімдірек көрінеді. Бірақ осы тиімділіктің астарында бір маңызды өзгеріс бар: мұғалім өз бетінше шешім қабылдайтын маманнан дайын шаблондарды қолданатын адамға айналып барады.
Негізгі айырма ЖИ-ді қалай қолдануда жатыр. Егер ЖИ жоспарлауды, тексеруді және кері байланысты өз мойнына алса, онда оқу процесін бақылау біртіндеп адамның қолынан кетеді. Ал ЖИ тек күнделікті, қайталанатын жұмысты жеңілдетіп, негізгі шешімдер мұғалімде қалса, нәтиже әлдеқайда тұрақты болады. Ең тиімді модель - адам мен ИИ-дің бірге жұмыс істеуі. Бірақ ол үшін еңбекті ұйымдастыру тәсілі де, мұғалімді даярлау жүйесі де өзгеруі керек.
Мұндағы экономикалық логика қарапайым. Бүгін уақыт үнемдеу ой еңбегінің бір бөлігін алгоритмге берудің есебінен болып жатыр. Егер бұл тұрақты әдетке айналса, кәсіби дағды қайта қалыптаспайды. Соның салдарынан мамандықтың ішкі тереңдігі азаяды, ал бүкіл жүйе сыртқы интеллектіге тәуелді бола бастайды.
Мәселе ЖИ-дің пайдасында емес. Мәселе - шекараның қай жерде өтетінінде. Бір жерде ол мұғалімді күшейтеді, ал бір жерде оның орнын білінбей тарылта бастайды. Білім беру жүйесі дәл осы айырманы уақытында түсінбесе, бүгінгі өнімділік ертең кәсіби әлсіреуге айналуы мүмкін.
Мақалада ЖИ қай тұста жұмысты жеңілдететінін, қай тұста кәсіби сапаны әлсірете бастайтынын, неге оның әсері бәріне бірдей емес екенін және білім саласында өнімділік ұғымы қалай өзгеріп жатқанын талдаймыз.
Мақаланы сілтеме арқылы оқи аласыз: https://economykz.org/?p=25623&lang=kk
😄 ECONOMYKZ.ORG: өмір цифрлармен
Portal | Facebook | Telegram

EC[ON]OMY
Генеративті ЖИ және мұғалімнің рөлі - EC[ON]OMY
Генеративті жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай өзгертіп жатыр, өнімділікті қалай арттырады және қолдау мен мамандықты алмастырудың арасы қай жерде.
❤3
Forwarded from 🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
... БЕКЕР МАЛ ШАШПАҚ!
"Паркинсон заңдары" дегенді естіп пе едіңіз? Со жердегі екінші заңда - "адам қанша тапса да жетпейді, көп тапқан сайын көп жұмсайтын болады" делінген...
Естеріңізге бірдеңе түсті ме? Менің есіме өзім түстім.
Мен 13 000₸ айлыққа, 45 000₸ айлыққа, 150 000₸ айлыққа, 250 000₸ айлыққа және 470 000₸ айлыққа жұмыс істеп көрдім - әм табысым қалай көтерілсе де аяқ астынан байып кеткем жоқ. Үйткені, қанша көп тапсам сонша мағынасыз жұмсауды меңгере бастадым...
Айналаңа қара!
Миллион теңге жалақы алатын қазақтар бар;
Жүз жиырма мың теңге айлық алатын қазақтар бар.
Екеуіне де жетпей жүреді үнемі. Миллион алатын қазақ жүз мың алатын қазақпен салыстырғанда шалқып жүруі керек қой?! Жоооқ, олай емес, екеуінің де шекелері тырысып жүр...
Аранжывый айфон алып жүрген де қазақ;
Мұхит жағалап құм кешіп жүрген де қазақ;
Салоннан салафанымен мәшін айдап шығып жатқан да қазақ;
Үй алып, ас та төк той жасап жатқан да осы қазақ...
Тфә, тфә... Бар жақсы. Жоқ болғаннан бар болған жақсы.
Тек "... бекер мал шашпақ" жаман да. Әлі арыла алмай келеміз осы дерттен...
Тойда әлі 700 адам жүр;
Звезда шақырып, үш әнге 5 млн бере салу әлі сән;
Кортеж, тойбастар, салтанат асыратын тағы толып жатқан салпыншақтар - шынымен керек пе осының бәрі?!
Шынымен-ақ, балдардың бақытты боп кетуіне септесе ме осы шашылған дүнияның бәрі?!
10 - 15 миллионға шашылып той жасайтын қазақ одан да сол ақшаны жас отауға үй алып беруге неге жаратпайды???
Жо-жоқ... Айта көрмеңіз. "Пәленшекең тойындағы салтанатты-ай, дастарханды-ай, тамаданы-ай, әншілерді-ай" дегізу керек қой бізге...
Осы сана өзгермесе - бәрі зая дүр!
Пікір иесі: Алмас Алтай (facebook)
(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталды)
@qarzhylyq_sauat

👍18❤6
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді
📌 Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған міндеттері аясында «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасының қазіргі жағдайы жөнінде кеңес өткізді.
Жиында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Павлодар облысының Екібастұз қаласында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жер учаскелері айқындалып, негізгі келісімдер жасалды, сондай-ақ қуаты 215 МВт болатын қосалқы станса сатып алынды. Аталған шаралар жобаның энергетикалық инфрақұрылымының негізін қалыптастырады.
Кеңес барысында инвесторлар үшін одан әрі қажетті жағдай қалыптастыру аясында энергиямен жабдықтаудың жеңілдетілген тарифтік моделі бекітіліп, тиісті инвестициялық және салықтық преференциялар белгіленді.
Бағдат Мусин халықаралық технологиялық және инвестициялық компанияларды тарту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады. АҚШ, Қытай және Үндістан елдерінен «бұлтты» есептеу, үлкен деректерді өңдеу және ЖИ салаларында жұмыс істейтін 20-дан астам hyperscale-компаниялармен келіссөздер жүргізілді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша 100 МВт-тан жоғары қуатқа алдын ала сұраныс қалыптастырылды. Сонымен қатар «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының жалпы әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жетеді және ірі «зәкірлік» клиенттерді орналастыруға есептелген.
Жалпы алғанда, «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру Қазақстанда ірі өңірлік цифрлық хабты қалыптастыруға және әлемдік жетекші технологиялық компанияларды тартуға бағытталған.
Премьер-министр қажетті нормативтік шешімдерді қабылдауды жеделдетуді және жобаның барлық кезеңдерінің белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

❤4
Forwarded from Кітап үзіндісі
Ұзақ уақыт қалыптасқан өмір тәртібін өзгерте қою оңайға түспес... Есік-терезесін өзің ғана ашып, өзің жауып жүрген әлеміңе бөгде жанды кіргізу – үйіңе құйын кіріп кеткенмен пара-пар.
Заман Самалбекұлы «Тірілген тастың күбірі»
https://t.me/kitapuzindisi
Заман Самалбекұлы «Тірілген тастың күбірі»
https://t.me/kitapuzindisi
❤11
🔔 Жыл басынан бері банктердің басым бөлігінің акциялары арзандап жатыр
2026 жылы банктердің табыстылығы төмендеп, қатаң реттеу шараларының (салықтардың өсуі, резервтік талаптардың күшеюі) әсерінен пайдасы қысқаруда. Қарастырылған банктердің ішінде жыл басынан бері тек біреуінің акциясы ғана қымбаттаған.
✌️ Freedom Holding Corp. +33,6%
🏦 Halyk +8,1%
🏦 БЦК -3,4%
🏦 Kaspi -5,1%
🏦 Forte -6,5%

❤2
Forwarded from 🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
Паркинсон заңы: неге көп тапқан сайын, ақша құмға сіңгендей жоқ болады?
Адамның қиялында шек жоқ қой. Біреу көшеден ақша толы чемодан тауып алғысы келсе, енді біреу: «Шіркін, айлығыма бір-екі жүз мың қосылса ғой, бүкіл мәселем шешілер еді» деп армандайды. Бірақ, қызық болғанда, табыс өсуін өскенімен, проблема сол күйі қала береді екен. Егер көбейіп кетпесе. Неге қалта тесіле береді? Оның құпиясын Сирил Паркинсон 1955 жылы ашып қойыпты.
Паркинсонның екінші заңы былай дейді: «Шығын табысыңа қарай өсе береді».
Яғни, қанша тапсаң — сонша жұмсайсың. Ақшаң көбейген сайын тәбетің ашылып, «хотелкаларың» да көбейе береді.
200 мың тапқан адам — соған өмір сүреді, 1 миллион тапса — 1 миллионға өмір сүреді. Өйткені адамның табысы өскен сайын оның «қажеттіліктері» де «әкел-әкел» деп қылғытып жұта береді екен.
Ақша мен мидың байланысы
Ақша миға тез сигнал беретін көрінеді. Ақша көбейе ме, сол кезде адамның миы да жаңа «деңгейді» қалап тұрады дейді. Мысалы, бұрын қалта көтеретін қарапайым кофе ішіп жүрсеңіз, енді Starbucks-ке ауысасыз. Бұрын автобуспен жүрген адам бизнес-таксиге отыра бастайды. Бұрын киімді «скидкамен» алсаңыз, енді брендтерді жағалайсыз. Солай кете береді.
Психологияда оны «Гедонистік бейімделу» (Hedonic Adaptation) деп атайды. «Адам жақсыға тез үйренеді» дегеннің ғылыми атауы — осы. Яғни біз жанға жайлы жаңа деңгейге тез үйренеміз де, оны «қалыпты жағдай» көреміз. Соңында табыс 5 есе өссе де, қалта баяғыдай бос қалады.
Өмірден қандай мысал бар?
Статистика өте қатал: лотерея жеңімпаздары мен миллиондаған доллар гонорар алатын жұлдыздардың көбі банкрот болатын көрінеді. Себебі олар өз-өзіне есеп бере алмаған. Табыс табуын табады, бірақ шығынына ие бола алмайды.
Аты аңызға айналған Майк Тайсонның мысалын алайық. Ол өзінің кәсіби мансабында 400-500 миллион доллар таза табыс тапқан. Бірақ 2003 жылы банкрот болып қалады. Неге? Өйткені ақшасын оңды-солды шашты. Тамыр-таныстың бәріне жүз мыңдаған долларға сағат, көлік дегенді сыйлай берді. Үйіне алтын жалатылған ванна орнатып, 3 жолбарыс асыраған (сатып алған). Сондай бірдеңелері бар.
Түк ақша әкелмейтін, тек шығынды көбейтетін нәрсеге ақшаны шаша берген, шаша берген. Қысқасы, Тайсон Паркинсон заңының құрбаны болған ғой.
Паркинсон заңын қалай жеңеміз?
✍️ Табыстан өсім бар ма? Кемі жартысын сақта! Яғни, жалақы 100 мың теңгеге өссе, соның 50 мыңын «көрмегендей» болуың керек. Бірден депозитке немесе табыс әкелетін инвестицияға бағыттауға болады. Қалған 50 мыңын керек-жараққа жұмсайсың.
✍️ Шығынды да қолмен тежеп үйрену керек екен. Табыс өскен жағдайда да, өмір сүру деңгейін бірден көтермеу керек. Ол кезде өзіңді жоғалтып алуың мүмкін.
✍️ «48 сағат» ережесі де бар. Табысы көбейген адам бірден қымбат дүние сатып алуға асығып жатады. Өйткені мүмкіндігім бар деп ойлайды. Сол сезімді ұстау үшін көп ақша жұмсайтын сауданы 48 сағатқа шегеріп қойған дұрыс дейді. Сол уақытта адамның эмоциясы басылады. Тіпті кей жағдайда алғың келген зат керек емес болып қалуы мүмкін.
🧠 Адам егер Паркинсон заңына ерік беретін болса, миллиардер болса да ақшасының берекетін көре алмайды дейді. Сондықтан, ақшаға ие болу үшін де белгілі бір тәртіпке бағынуға тура келеді. Сен оны қала-қалама, тәртіпсіз тиын құралмайтынын түсіну керек. Өз-өзіңді тежеу, есеп беру, ойлану, эмоцияны басқару — бәрі керек дүние екен.
Ал, енді айтыңыз, ақша жұмсауға сіз қалайсыз?
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat

❤12
Forwarded from Invintel
Мұхтар Шаханов атамызды Аллаһ рахметіне алсын. КСРО кезінде қайсарлықпен билікке қарсы тұрып, тура сөзді айтып, желтоқсаншылардың сөзін сөйлеген адам ретінде, Қазақстанда жер реформасы кезінде шетелдіктерге сатылмасын деп қозғалыстың алдында жүрген адам ретінде есімде.
❤35
Forwarded from Dala Sport
Бавария тағы да Германия чемпионы. 35-ші рет
Мюнхендік клуб бұл титулды қатарынан екінші маусымда алып отыр!
Кеше Бавария Бундеслиганың 30-турында Штутгартты жеңіп, чемпион болды.
Чемпионаттың аяқталуына әлі төрт тур бар, бірақ Бавария 79 ұпай жиды, Боруссия Дортмунд 64 ұпайымен бұларға жете алмайды.
Биыл мюнхендік клубтың Чемпиондар лигасының бас кубогын да алып алатын түрі бар!!!
🏆https://t.me/dalasport