Forwarded from Кітап үзіндісі
Адам өмірі қысқа. Ерте келер, кеш келер, түбінде күтіп тұрған бір өлім бары хақ. Сол өлімнің өзі өмір бойы қыр соңыңнан қалмай аңдып жүргенімен, өз нысанасына әртүрлі жолмен келеді екен. Біреулер асарын асап, жасарын жасап, әбден жасы жеткенде, өлім жастығына армансыз бас қояды. Екінші біреулер ем қонбас дертке ұшырап, көп уақыт төсек тартып жатып, әлсіреп барып үзіледі. Ал үшінші біреулер оқыста аттан жығылып, не соғыста, барымтада кісі қолынан мерт болады. Бұлардың барлығы да Алланың ақ өлімі, немесе ажалына тура келген тағдырдың жазуы деп қаралатын, жұрттың еті үйренген, күн сайын болып тұратын қазалар.
Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»
https://t.me/kitapuzindisi
Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»
https://t.me/kitapuzindisi
❤3
Forwarded from DALA INSIDE
🇰🇿💴 Орталық Азияда жаһандық капиталды тартудың бәсекесі күшейіп келеді
Қазір аймақтағы әр мемлекет инвесторларға жаңа мүмкіндіктер, табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші мен қолайлы географиялық орналасу ұсынуға тырысуда. Алайда экономиканың ауқымы, нарықтың сыйымдылығы және институционалдық дамуы жағынан Қазақстан әзірге өңірдегі басты инвестициялық орталық болып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жұмыс сапары қарсаңында All China Review басылымында Қазақстанның экономикалық артықшылықтарына арналған мақала жарияланды.
Шетелдік басылым еліміздің қазіргі жетістіктеріне тоқталып, Қазақстан экономикасының халықаралық инвесторларды не себепті барған сайын көбірек қызықтырып отырғанын саралаған. Қазақстанның бірінші әрі басты артықшылығы – экономиканың көлемі. Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика ғана емес, сонымен бірге сатып алу қабілеті, өндірістік әлеуеті және капиталды игеру мүмкіндігі жоғары ең ауқымды нарық саналады. Ел экономикасының көлемі жалпы ішкі өнімі 147,1 млрд доллар шамасындағы Өзбекстаннан екі еседен де артық. Өңірдегі өзге мемлекеттермен салыстырғанда алшақтық одан да айқын көрінеді. Түрікменстан экономикасының көлемі 77,4 млрд доллар, Қырғызстанда – 21,6 млрд доллар, ал Тәжікстанда 17,5 млрд доллар деңгейінде бағаланады.
Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші де Қазақстан экономикасының сапалық басымдығын аңғартады. Қазақстанда бұл көрсеткіш шамамен 15 мың долларға жетсе, Түрікменстанда – 11,6 мың доллар, Өзбекстанда – 3,8 мың доллар, Қырғызстанда – 3 мың доллар, ал Тәжікстанда 1,7 мың доллар шамасында. Бұл айырмашылық тек экономиканың үлкендігін ғана білдірмейді. Ол Қазақстандағы еңбек өнімділігінің, өндірілетін қосылған құнның және халықтың тұтынушылық мүмкіндігінің өңірдегі көптеген мемлекеттен жоғары екенін көрсетеді.
Инвестор үшін нарықтың көлемімен қатар, оның сапасы мен төлем қабілеті де шешуші рөл атқарады. Қазақстанның екінші маңызды артықшылығы – елде капитал тартудың және ірі жобаларды жүзеге асырудың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тәжірибесі бар.
Мемлекет жүргізіп отырған инвестициялық саясат реттеудің ашықтығын күшейтуге, меншік құқығын қорғауға және инвесторларға ұзақ мерзімге жоспар құруға мүмкіндік беретін жағдай жасауға бағытталған.
https://t.me/dalainside

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та тұрақты әрі болжамды бизнес ортасын қалыптастырудың маңызын бірнеше рет атап өтті.
Мемлекет жүргізіп отырған инвестициялық саясат реттеудің ашықтығын күшейтуге, меншік құқығын қорғауға және инвесторларға ұзақ мерзімге жоспар құруға мүмкіндік беретін жағдай жасауға бағытталған.
https://t.me/dalainside
❤1
Forwarded from Кітап үзіндісі
Сіз ыдыстың майын сумен жуып кетіресіз, кірді де солай. Біздің қарапайым амалдарымыз секілді мұның бәрі тек сырт көрініс. Ал Жәннатқа жүрегіміз тазармай кіре алмаймыз. Жүрек деген алтын ғой. Алтынды сумен жуа аласыз ба? Алтынды қалай тазартады, білесіздер ме? Әрине, алтынды тазарту үшін әуелі отқа қойып ерітесіз, оның қалпы да өзгереді, әбден балқыған соң барып артығы кетіп, саф алтын қалады. Ендеше, сіздің жүрегіңіз де дәл сондай, сынақтың бәрін басынан өткеріп, домна пештен шыққанда барып тазармақ! Сонда ғана жәннаттық боласыз, иншаллаһ! Ал біз тура сол пешке бет алып бара жатқан жоқпыз ба, бауырларым! Ендеше, қорықпа, қаймықпа! Қайта қуан, сіздер жұмақ пен Аллаһтың ұлы нығметі жолында үлкен амал жасап жатырсыздар, бауырлар!
Есбол Нұрахмет «Ол жақта құдай жоқ»
https://t.me/kitapuzindisi
Есбол Нұрахмет «Ол жақта құдай жоқ»
https://t.me/kitapuzindisi
❤4
Forwarded from Dala Sport
⚡️Бүгін кешке
🇰🇿Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының 2-іріктеу кезеңінде Кипрдың «Омониясымен» кездеседі.
«Омония» сөзсіз фаворит,
«Қайрат» жеңілуі тиіс андердог саналады.
🇨🇾«Омония» 🆚 «Қайрат» 🇰🇿
🕙22:00 (Астана уақыты)
🏆https://t.me/dalasport

Forwarded from Қазақша кітаптар
Сайлау Байбосын - Ажалын жоғалтқан адам
Кітаптың бас кейіпкері Арғынның басынан өткен небір адам баласы төзбес қасірет пен қиыншылық, Құралайдың оған деген адал махаббаты шығарманың жалпы лейтмотиві десе болады. Арғынның басынан кешкен оқиғалар кешегісі мен бүгінгісі параллельді түрде өрбіп, оқырманды қызықтыра жетелеп отырады.

🟣 Wildberries Қазақстанға көшу нұсқасын стратегиялық жабық жиналыста талқылаған
Маркетплейстің басқарушы компаниясы - ООО "РВБ" Қазақстанға көшкен "inDrive" схемасын зерттей бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Wildberries үшін Қазақстандағы қатысуын тек қойма жалдаумен шектемей, корпоративтік құрылымын да біздің юрисдикцияға жақындату мүмкіндігі өте қажет болып тұр. Әңгіме Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы редомициляция немесе соған ұқсас корпоративтік көшу туралы болған сияқты.
Осы схеманы іске асырса, Вайлдберрис халықаралық құрылымын сақтай отырып, басқару орталығының бір бөлігін Қазақстанға ауыстырады. Демек жергілікті инфрақұрылымға сүйенеді және санкциялық әрі логистикалық тәуекелдерін азайтады. Қазақстан бұған дейін Ресейден көшкен бірқатар технологиялық компанияларды осы схемамен қабылдаған болатын Ал АХҚО шетелдік компанияларға заңды тұлға мәртебесін, активтері мен міндеттемелерін сақтай отырып, юрисдикциясын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Келген инсайд бойынша, әзірге нақты шешім қабылданбаған. Қосымша зерттеу және бұл сценарийді іске асыруға қажет қаржылық инвестицияларды, заңдық тәуекелдерді есептеу қажет деп танылған.
РВБ тобының 2025 жылғы жалпы тауар айналымы - GMV 6,1 трлн рубльден асты. Бұл 2024 жылғы 4,1 трлн рубльмен салыстырғанда 49%-ға көп. Топтың таза пайдасы 104 млрд рубльден 175 млрд рубльге өскен. Инфрақұрылымға, IT мен жаңа жобаларға салынған инвестиция көлемі 310 млрд рубльден асқан.
Бірақ 2026 жылғы балансында үлкен проблемалар пайда болатыны анық. Биыл маркетплейстің таза пайда көрсету мүмкіндігіне қатысты үлкен сұрақтар бар. DALA INSIDE бұл мәселені қадағалап отырмақ.

"Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін компания шамамен 10% сақтау қуатынан айырылып, Қазақстаннан балама қойма алаңдарын іздей бастады. Онымен қатар, маркетплейс Қазақстанда онсыз да ауқымды логистикалық база құрып жатыр. Астанада көлемі 160 мың шаршы метр болатын, құны 47,7 млрд теңгелік хаб салынуда. Оның іске қосылуы 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Алматыда тағы 103 мың шаршы метрлік орталық ашу жоспары бар. Логикаға сай, Қазақстан Wildberries үшін тек өткізу нарығы емес, Ресейден тыс тауар ағынын қайта бөлетін қауіпсіз логистикалық плацдармға айналуы мүмкін", - дейді, дереккөз.
Келген инсайд бойынша, әзірге нақты шешім қабылданбаған. Қосымша зерттеу және бұл сценарийді іске асыруға қажет қаржылық инвестицияларды, заңдық тәуекелдерді есептеу қажет деп танылған.
РВБ тобының 2025 жылғы жалпы тауар айналымы - GMV 6,1 трлн рубльден асты. Бұл 2024 жылғы 4,1 трлн рубльмен салыстырғанда 49%-ға көп. Топтың таза пайдасы 104 млрд рубльден 175 млрд рубльге өскен. Инфрақұрылымға, IT мен жаңа жобаларға салынған инвестиция көлемі 310 млрд рубльден асқан.
Бірақ 2026 жылғы балансында үлкен проблемалар пайда болатыны анық. Биыл маркетплейстің таза пайда көрсету мүмкіндігіне қатысты үлкен сұрақтар бар. DALA INSIDE бұл мәселені қадағалап отырмақ.
https://t.me/dalainside
❤3👍1
Forwarded from Тимур Мустафаев
❤1
Forwarded from Кітап үзіндісі
Сонда, бақыт деген әйел болғаны ма? Әйелі жақсы адамның бәрі бірдей бақытты ма? Жақсы әйел ғана бақыт болса, онша қиын да емес болар-ау, бақыт дегеніміз. Әлде жақсы әйел аз, жаман әйел көп пе? Бақыт саналатын жақсы әйел дегеніміз кім? Оны қалай білуге болады? Бұл ма, бұл, ер адамның ойлайтыны ғой.
Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»
https://t.me/kitapuzindisi
Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»
https://t.me/kitapuzindisi
Forwarded from Тимур Мустафаев
❤3
Forwarded from Тимур Мустафаев
Бір кезде жаңбыр жауардай аспанға қайта бұлт үйірілді. Терең тыныстадым.
— Жауын алдындағы иіс ұнайды, алайда ол өте тез сейіледі.
📖 ЕҢ ҰЗАҚ ТҮН

❤2
Forwarded from Тимур Мустафаев
Әрсілі-берсілі көп жүрдім, тым көп. Ара-тұра терезеден ішке көз тастап қоям. Қара мысық та, иесі де көрінбейді. Тіземді бүгіп тұрған жерімде бүк түсіп отыра кеттім. Мазлұм аспанға қарадым. Әр-әр тұстан жанып тұрған тамаша жұлдыздар жарқырап тұр. Тамаша?.. Бәлкім, жұлдыздар тым алыс болғандықтан тамаша көрінетін шығар…
📖 ЕҢ ҰЗАҚ ТҮН
📖 ЕҢ ҰЗАҚ ТҮН
❤4😡1
Forwarded from Тимур Мустафаев
Орнымнан тұрып, сол жаққа қарай бардым. Терезені астыдан төбеге көтеріп кеп, айқара аштым. Сол екен самал жел есіп, бөлме ішіне ұрлана кіре бастады.
— Аладдин өзін ханзада етіп көрсеткенде, жынның оған не дегені есіңде ме?
— Иә… «Өтірікпен иеленгенің көбейген сайын, шындықпен ие боларың азая береді».
📖 ЕҢ ҰЗАҚ ТҮН
— Аладдин өзін ханзада етіп көрсеткенде, жынның оған не дегені есіңде ме?
— Иә… «Өтірікпен иеленгенің көбейген сайын, шындықпен ие боларың азая береді».
📖 ЕҢ ҰЗАҚ ТҮН
❤1
Forwarded from DALA INSIDE
💸 Қазақстанның мемлекеттік қарызында сыртқы борыш қысқарып, ішкі нарықтың рөлі арта бастады
Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгені құрады. Жыл басында бұл көрсеткіш 36,4 трлн теңге болған, яғни өсім шамамен 2 трлн теңге немесе 5,7%-ды көрсетті.
Бірақ бұл өсімнің негізгі бөлігі сыртқы қарыз есебінен емес, ішкі міндеттемелердің артуынан қалыптасты. Мемлекеттің ішкі қарызы жыл басындағы 26,14 трлн теңгеден 28,47 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ішкі нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы қаржыландыру көлемінің артқанын білдіреді.
Ал сыртқы мемлекеттік қарыз керісінше қысқарды. 2026 жылдың басынан бері сыртқы міндеттемелер көлемі 3,9%-ға азайып, 8,35 трлн теңгені құрады. Оның ішінде еурооблигациялар көлемі 5,01 трлн теңгеден 4,81 трлн теңгеге дейін төмендеді.
Қазақстанның мемлекеттік қарызының жалпы деңгейі экономиканың көлемімен салыстырғанда әлі де басқарылатын деңгейде қалып отыр. Негізгі мәселе қарыз көлемінде ғана емес, оны қандай мақсатқа жұмсап жатқанына байланысты. Егер тартылған қаражат инфрақұрылымға, өндіріс пен экономикалық өсімге бағытталса, ол болашақ табысты арттыра алады.
Сонымен бірге ішкі қарыздың жылдам өсуі де бақылауды қажет етеді. Себебі мемлекеттік бағалы қағаздар көлемінің артуы пайыздық шығындарды көбейтеді және бюджетке қызмет көрсету жүктемесін ұлғайтуы мүмкін.
Сонда жалпы картина мынадай. Қазақстанның мемлекеттік қарызы номиналды түрде өскенімен, оның құрылымында сыртқы борыштың қысқаруы байқалады. Бұл елдің халықаралық валюта нарықтарына тәуелділігін төмендететін және қаржылық тұрақтылық тұрғысынан оң фактор. Енді Үкімет ішкі қарыздың өсуін экономикалық қайтарымы жоғары жобалармен байланыстырғысы келеді. Ол уақытылы қолға алынып отырған бастама.

"Бұл үрдіс бірнеше маңызды факторды көрсетеді. Біріншіден, Қазақстан сыртқы валютадағы қарызға тәуелділікті біртіндеп азайтып келеді. Мемлекеттік борыштың ішкі көздер арқылы қалыптасуы валюталық тәуекелдерді төмендетеді. Себебі сыртқы қарыз көбіне доллар немесе басқа валюталарда алынады, ал оны өтеу бюджетке қосымша қысым түсіруі мүмкін. Екіншіден, ішкі қарыз нарығының дамуы экономиканың қаржы жүйесі үшін қалыпты тәжірибе. Көптеген дамыған мемлекеттер бюджет тапшылығын негізінен ішкі облигациялар шығару арқылы қаржыландырады. Бұл жағдайда негізгі кредиторлар ретінде ішкі инвесторлар, банктер, зейнетақы қорлары және қаржы ұйымдары жақсы дамиды", - дейді, DALA INSIDE арнасына жағдайды түсіндірген Үкіметтегі инсайдер.