Forwarded from Кітап үзіндісі
– Бүркіт ұясын неге құзға, биікке, суық желдің өтіне салады? Өйткені ол балапандарым да өзім сияқты ыстық суыққа төзімді, батыл, жүректі боп өссін дейді. Бүркіт баласын қаталдықпен өсіреді. Қаталдығы оның махаббаты. Ұрпаққа қаталдықтың бір шегі оған деген сүйіспеншілікпен келіп жалғасады.
Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»
https://t.me/kitapuzindisi
Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»
https://t.me/kitapuzindisi
👍2🔥1
Forwarded from DALA INSIDE
🇪🇺📌 Еуроодақтың жаңа санкциялық пакетіне Қазақстандағы қаржы ұйымдарының кіріп кету қаупі сақталуда
Еуроодақ Ресейге қарсы санкция қысымын тағы да күшейту мақсатында 21-ші санкциялық пакетін дайындай бастады. Қазір комиссия жабық отырысында оның құрамына кіретін компаниялар мен жеке тұлғаларды талқылап жатыр. Брюссель бұл жолы кезекті шектеу пакетін Ресей экономикасының банк секторына, криптоинфрақұрылымға, дрон өндірісіне, мұнай саудасына және “көлеңкелі флотқа” бағыттамақ.
Себебі бұған дейін қабылданған 20-ші санкциялық тізімге Қазақстаннан United Trading Group компаниясы кірген болатын. Reuters дерегінше, бұл компания Ресейге жартылай өткізгіш өндірісінде қолданылатын химикат жеткізу тізбегіне қатысады деген күдікке ілінген. Еуроодақ Қазақстанға қарсы мемлекеттік санкция енгізбейтіні анық. Қазір кәрі құрлық Қазақстандағы жекелеген компаниялардың, делдалдардың, қаржы институттарының және логистикалық арналардың Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектеспеуін қатаң бақылап отыр. Бұл саяси мәселе емес. Бұл ең алдымен комплаенс мәселесі.
Енді Брюссель тауардың соңғы тұтынушысына ғана емес, бүкіл жеткізу тізбегіне қарайды. Қай елден шықты, қай компания сатып алды, қай банк төлем өткізді, қай қоймада сақталды, қай бағытпен жеткізілді, соңында кім пайдаланды, осының бәрі тексеріледі.
Қазақстан прагматикалық ұстанымын жақсы сақтауда. Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылған жоқпыз, бірақ өз аумағымыздың санкцияны айналып өтуге пайдаланылуына да мүдделі емеспіз. Бұл өте нәзік баланс. Себебі Қазақстан Ресеймен ұзын шекара, ортақ нарық, ЕАЭО, транзит және өндірістік байланыстар арқылы тығыз байланысқан. Сонымен қатар Қазақстан Еуроодақпен инвестиция, мұнай, уран, сирек металдар, көлік дәліздері және технология саласында әріптестікті тереңдетіп келеді.
DALA INSIDE кезекті санкция пакетінің құрамын бақылап отырмақ 👇
https://t.me/dalainside

«Ресейдің ірі банктері санкция астында қалған сайын, ресейлік компаниялар төлем жүргізудің балама жолдарын іздейді. Мұндай жағдайда үшінші елдердің банктері, төлем ұйымдары, криптоплатформалары немесе делдалдық құрылымдары тәуекел аймағына кіреді. Әрине, Қазақстан банктері соңғы жылдары санкциялық комплаенске өте сақ қарай бастады. Бұл дұрыс. Себебі бір күмәнді транзакцияның өзі банк үшін корреспонденттік қатынастарға, долларлық есеп айырысуға және халықаралық беделге соққы болуы мүмкін. Санкциялық комиссия да осы тізбектерді бақылап отыр. Әзірге Қазақстандық ешбір ұйым санкцияға ілікпейді деген гарантия жоқ», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Енді Брюссель тауардың соңғы тұтынушысына ғана емес, бүкіл жеткізу тізбегіне қарайды. Қай елден шықты, қай компания сатып алды, қай банк төлем өткізді, қай қоймада сақталды, қай бағытпен жеткізілді, соңында кім пайдаланды, осының бәрі тексеріледі.
Қазақстан прагматикалық ұстанымын жақсы сақтауда. Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылған жоқпыз, бірақ өз аумағымыздың санкцияны айналып өтуге пайдаланылуына да мүдделі емеспіз. Бұл өте нәзік баланс. Себебі Қазақстан Ресеймен ұзын шекара, ортақ нарық, ЕАЭО, транзит және өндірістік байланыстар арқылы тығыз байланысқан. Сонымен қатар Қазақстан Еуроодақпен инвестиция, мұнай, уран, сирек металдар, көлік дәліздері және технология саласында әріптестікті тереңдетіп келеді.
DALA INSIDE кезекті санкция пакетінің құрамын бақылап отырмақ 👇
https://t.me/dalainside
Ұлттық Банктің зерттеуі: қазақ тіліндегі қаржылық контентке сұраныс айтарлықтай өскен
Ұлттық Банктің қаржы саласындағы коммуникациялар мен ашықтыққа арналған зерттеу нәтижелері таныстырылды.
Зерттеу барысында анықталған маңызды трендтердің бірі – респонденттердің сауалнамаларға қазақ тілінде жауап беру үлесінің соңғы жылдары шамамен үштен бірге артуы. Сарапшылар мұны мемлекеттік тілдің қоғамдық және экономикалық коммуникациялардағы рөлінің күшеюін көрсететін институционалдық өзгеріс ретінде бағалайды.
Зерттеу нәтижелері қаржы секторындағы коммуникациялардың сапасы да біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетті. Мәселен, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша коммуникацияларын «ашық әрі теңгерімді» деп бағалаған респонденттердің үлесі 46,9%-дан 56,8%-ға дейін өскен.
Сонымен қатар Ұлттық Банктің ресми сайты негізгі ақпарат көзі ретінде айтарлықтай күшейген: оны пайдаланатын аудитория үлесі 44,2%-дан 76,8%-ға дейін артқан. Ал қаржылық тақырыптарды түсінуге кедергі келтіретін негізгі фактор ретінде қатысушылардың 53,9%-ы халықтың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігін атаған. Респонденттердің 59%-ы экономикалық ақпаратты қарапайым әрі түсінікті форматта көбірек түсіндіру қажет деп санайды.
Алайда зерттеу белгілі бір түсіндіру жұмыстарының әлі де маңызды екенін көрсетті. Мысалы, сауалнамаға қатысқандардың 64%-ы Ұлттық Банк халыққа тікелей несие береді деп есептейді. Бұл қаржы жүйесінің негізгі функциялары туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін көрсетеді.
Зерттеу авторларының пікірінше, негізгі қорытынды үш бағытқа бөлінеді: қаржы институттары ақпараттандырумен қатар күрделі экономикалық шешімдерді түсіндіруге көбірек көңіл бөлуі тиіс; қазақ тіліндегі қаржылық контентке сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді, сондықтан мемлекеттік тілде сапалы ақпарат көбеюі тиіс; ал қаржылық сауаттылық пен экономикалық саясатты түсіну деңгейін арттыру әлі де маңызды міндет болып қала береді.
Зерттеудің толық нұсқасымен сілтемеге өтіп танысуға болады https://nationalbank.kz/file/download/115061

❤1👍1
Forwarded from Кітап үзіндісі
Адамның ұлы байлығы – көркем мінезі.
Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»
https://t.me/kitapuzindisi
Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»
https://t.me/kitapuzindisi
❤2
Forwarded from Кітап үзіндісі
Зиялы адамға қашанда парасатты адам табылады...
Лев Толстой «Крейцер сонатасы»
https://t.me/kitapuzindisi
Лев Толстой «Крейцер сонатасы»
https://t.me/kitapuzindisi
❤9
Forwarded from DALA INSIDE
🇰🇿🫂 Тағы екі партия бірігу тақырыбында жабық "тәтті шай" өткізген
Қазақстандағы саяси кеңістікте кезекті ірі сенсацияның құлағы көрінуі мүмкін. "ӘDILET пен AMANAT-тың саяси некесінен кейін, енді тағы екі партия бір-бірімен қосылу мүмкіндігін жабық форматта талқылап көрді", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Әзірге ресми шешім жоқ. Бірақ дереккөздің айтуынша, партия өкілдері арасында “бірігу ме, әлде сайлау алдындағы блоктық үйлесім бе?” деген мәселе бойынша алдын ала пікір алмасу өткен.
Бұл жай ғана техникалық әңгімеге ұқсамайды. Себебі алдағы парламенттік науқан алдында саяси алаң қатты тарылып барады. Әр партия енді жеке бренд ретінде ғана емес, жаңа саяси архитектурадағы өз орнын сақтап қалу құралы ретінде қаралып отыр. Бұрын партиялар идеология үшін таласқандай көрінетін. Қазір негізгі күрес тізімдегі орын, аймақтық квота, медиа-салмақ және болашақ мандат үшін жүріп жатыр.
Бір жағынан, бұл саяси алаңды ықшамдайды. Екінші жағынан, парламентке өтетін партиялар санын азайтпай, керісінше жаңарған, күшейген, біріктірілген саяси субъектілер образын қалыптастырып береді.
Бірақ уақыт цейтноты ұзақ ойлануға мүмкіндік бермей отыр. Егер нақты шешімдер қабылданып жатса, тараптар оны келесі аптадан кешіктірмей мәлімдеуі қажет. Себебі, барлық электоралды позициялар қазіргі Парламент тарамай тұрып ашық жариялануы тиіс деген жазылмаған ереже бар.
DALA INSIDE осымен электоралды режимге кірді. Саяси науқан айналасындағы маңызды инсайдтарды бізден іздеңіздер.

"Бұл екі партияның электоралды базасы бір-біріне идеологиялық жағынан қарсы емес. Керісінше, екеуінің де аудиториясы жүйе ішіндегі баламалы дауыс ретінде қабылданады. Бірінің басшылығында жақында ауыс-түйістер өтіп, токсикалық элементтен тазаланды. Сондықтан олардың бірігуі билік үшін де, партиялардың өздері үшін де ыңғайлы сценарий болуы мүмкін", - дейді, дереккөз.
Бір жағынан, бұл саяси алаңды ықшамдайды. Екінші жағынан, парламентке өтетін партиялар санын азайтпай, керісінше жаңарған, күшейген, біріктірілген саяси субъектілер образын қалыптастырып береді.
Бірақ уақыт цейтноты ұзақ ойлануға мүмкіндік бермей отыр. Егер нақты шешімдер қабылданып жатса, тараптар оны келесі аптадан кешіктірмей мәлімдеуі қажет. Себебі, барлық электоралды позициялар қазіргі Парламент тарамай тұрып ашық жариялануы тиіс деген жазылмаған ереже бар.
DALA INSIDE осымен электоралды режимге кірді. Саяси науқан айналасындағы маңызды инсайдтарды бізден іздеңіздер.
https://t.me/dalainside
❤1
Forwarded from Қазақша кітаптар
Нәсіреддин Сералиев - Шығармалары
Оқырман жұртшылықтың назарына ұсынылып отырған осынау томдық – танымал жазушы Нәсіреддин Сералиевтің көп жылдан бері жинап-терген дүниесінің басын қосқан. Бұған шейін он шақты кітап жазған автор бұл томға екшелеген, елеулі деген шығармаларын енгізіпті...

Нәсіреддин_Сералиев_шығармалары.epub
2.3 MB
Forwarded from EuroАйбар
### Бюджеттік теңгерім: Қазақстанның экономикалық болашағы
Қазақстанның бюджеті 2026 жылдың бірінші жартысында тұрақтылық көрсеткіштерін сақтап отыр. Алайда, мемлекеттік шығындардың артуы мен мұнай бағасының құбылмалы болуы экономикалық жағдайға әсер етуде. Бюджет тапшылығын қысқарту бойынша міндеттер әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Мұнай бағасының әлемдік нарықтағы өзгерістері Қазақстанның экономикалық саясатына тікелей ықпал етеді. Жыл басынан бері мұнай бағасы 15%-ға төмендеді, бұл мемлекеттік бюджетке ауыртпалық түсіріп отыр. Инвесторлар үшін бұл – дағдарыс кезеңінде назар аударатын сигнал. Мұнай бағасы төмендеген сайын, теңгенің тұрақтылығы да қысымға ұшырауы мүмкін.
Инфляция деңгейі де назардан тыс қалмайды. 2026 жылдың наурыз айында инфляция 12%-ға жетіп, халықтың сатып алу қабілетіне теріс әсер етті. Базалық мөлшерлеменің 13%-ға дейін көтерілуі – инфляциямен күресудің бір тәсілі, бірақ бұл кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін несиенің қымбаттауына алып келеді. Банк секторында несие алуға деген сұраныс төмендеуі мүмкін.
Сондай-ақ, ішкі сауда айналымының өсімі байқалады, бұл экономиканың кейбір секторларының дамып жатқанын көрсетеді. 2026 жылдың алғашқы төрт айында ішкі сауда көлемі 10%-ға артты. Бұл – нарықтың қалпына келуінің және тұтынушылық сұраныстың жоғарылауының белгісі.
Бюджет саясатына қатысты, келесі кезеңдерде мемлекеттік шығындарды оңтайландыруға назар аудару қажет. Бұл – экономиканың тұрақтылығын нығайту үшін маңызды қадам. Инвесторлар мен сарапшылар үшін бюджеттік теңгерімнің сақталуы, әрі оның елеулі өзгерістерін бақылау – қауіптіліктерді бағалау үшін аса маңызды фактор.
Жалпы, Қазақстанның экономикасы күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Мұнай бағасының құбылмалылығы, инфляцияның өсуі және бюджеттік алшақтық – бұл мәселелерді шешу үшін кешенді стратегия қажет. Экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін, мемлекеттік саясаттың икемділігі мен тиімділігі басты рөл атқарады.
Айбар Олжаевтың болжамды посттары. Жазылыңыз https://t.me/euroaybar

❤4
Forwarded from DALA INSIDE
⛽ Авиакеросинге бартер. Астана бензинді тек өз шартымен бермек
Ресейдің жабық каналдар арқылы Қазақстаннан 50 мың тонна АИ-92 бензині бойынша ұсыныспен шыққанын Reuters жазған болатын. Инсайдерлердің сөзінше оның екі бағыты ұсынылған. Біріншісінде, Ресей Қазақстаннан дайын бензин сатып алады. Екіншісінде, ресейлік мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеп, өздеріне тасиды.
Қазақстан жылына шамамен 724–726 мың тонна авиакеросин өндіреді. Ал елдің жылдық сұранысы 1,1–1,2 млн тоннаға жеткен. Яғни жыл сайын 350–450 мың тонна көлемінде тапшылық импортпен жабылады. Оның басым бөлігі Ресейден келіп жүрген еді.
Алдағы шілде айында жағдай күрделене түсуі мүмкін. 26 маусым мен 15 шілде аралығында Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтайды. Осы кезде жазғы демалыс маусымының шарықтау кезеңіне келеміз де, тұрақты және чартерлік рейстер саны көбейеді. Соның салдарынан Қазақстанда авиакеросин тапшылығы күшейеді деген болжам бар.
Ресейде авиакеросин өндірісі шамамен 30 пайызға қысқарды да, қалған резервті Мәскеу импортқа шығармай, өзінде стратегиялық запас ретінде ұстамақ ниетте. Қазақстан одан келісілген импорт көлемін тоқтатпауды талап етпек. 50 мың тонна бензин осы келіссөзде қолданатын рычагқа айналып отыр. Не болса да, Қазақстан дайын бензин бермейді. Тек своп алмасу арқылы Батыс-Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауытының қуатын ұсынуы мүмкін.

"Астана әлі Мәскеуге жауап бермеді. Бірақ жабық есік жағдайындағы кеңесте бензиннің өтеуі ретінде авиакеросин сұрау бойынша нұсқа барлық тараптарға ұнап отыр. Себебі елімізді авиаотын тапшылығы қатты қысып барады. Жазғы демалыс кезеңі басталғанда бұл дефицит өрши түсті. Авиакеросин жетіспесе, авиахабқа айналу бойынша жоспардың барлығы бұзылмақ", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Қазақстан жылына шамамен 724–726 мың тонна авиакеросин өндіреді. Ал елдің жылдық сұранысы 1,1–1,2 млн тоннаға жеткен. Яғни жыл сайын 350–450 мың тонна көлемінде тапшылық импортпен жабылады. Оның басым бөлігі Ресейден келіп жүрген еді.
Алдағы шілде айында жағдай күрделене түсуі мүмкін. 26 маусым мен 15 шілде аралығында Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтайды. Осы кезде жазғы демалыс маусымының шарықтау кезеңіне келеміз де, тұрақты және чартерлік рейстер саны көбейеді. Соның салдарынан Қазақстанда авиакеросин тапшылығы күшейеді деген болжам бар.
Ресейде авиакеросин өндірісі шамамен 30 пайызға қысқарды да, қалған резервті Мәскеу импортқа шығармай, өзінде стратегиялық запас ретінде ұстамақ ниетте. Қазақстан одан келісілген импорт көлемін тоқтатпауды талап етпек. 50 мың тонна бензин осы келіссөзде қолданатын рычагқа айналып отыр. Не болса да, Қазақстан дайын бензин бермейді. Тек своп алмасу арқылы Батыс-Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауытының қуатын ұсынуы мүмкін.
https://t.me/dalainside
❤3
Forwarded from Кітап үзіндісі
Қыздың шамалауынша мұндағы ең құнды дүние — жұмыс істеуді әлдеқашан есінен шығарған көне тоңазытқыштың ішіндегі кітаптар. Кітап сөресінің жоқтығы бұл қызды қайғыртпаған, жұрт мұндай дүниені қоқысқа сүйресе, бұл пайдаға асырғанына мәз. Тоңазытқыштың бетіне жапсырылған қағазда авторының ақымақтығын һәм қатыгездігін айқындайтын «Кітаптарыма тиіспе болма! Алдымен рұқсат сұра!» деп одырайған сөйлем жазылған. Мұнан соң да ескі тоңазытқыштың есігін ашып ешкім мазаламайды. Бірақ, іші сезеді, қонақтары мен туыстары тоңазытқыштың бетіндегі дөрекілеу ескертпеден емес, кітап парақтауға деген ынтаның жоқтығынан көне тоңазытқыш жаққа аяқ баспайтын секілді.
Лира Қоныс «Шахарбанудың сыңсуы»
https://t.me/kitapuzindisi
Лира Қоныс «Шахарбанудың сыңсуы»
https://t.me/kitapuzindisi
❤5
Forwarded from Кітап үзіндісі
Ал біздің мына өмірдегі жалғыз жұбанышымыз — ол бала.
Кристин Лёненс «Құрсаулы аспан»
https://t.me/kitapuzindisi
Кристин Лёненс «Құрсаулы аспан»
https://t.me/kitapuzindisi
❤3
Forwarded from DALA INSIDE
🌍 Тимур Құлыбаев өз холдингін қайта құруы мүмкін
Осы аптада ол жалғыз акционер ретінде «Joint Resources» акционерлік қоғамын Қазақстан қор биржасынан алып тастауға шешім шығарды. Холдингтің делистингі оны жария алаңнан шығарады. Бұған дейін Joint Resources-тің биржада болуы компанияны тұрақты түрде қаржылық есептілік жариялауға, активтер құрылымын ашуға, байланысты тараптармен операцияларды көрсетуге және ішкі қаржылық ағындарды ашық көрсетуге мәжбүрлеп келген еді.
Осы айда «Joint Resources» акционерлік қоғамы өзінің 2025 жылға арналған қаржылық есептілігін жариялады. Холдинг активтердің қайта есептелуінің арқасында 12,75 миллиард теңге таза пайдаға шығып отыр. 2024 жылы компания 86 млрд теңге шығын көрсеткен еді. Қазір холдинг активтері 428,6 млрд теңгеге дейін өсіп, міндеттемелері 104 млрд теңгеге жетті.
Сонда 2025 жылы Joint Resources қаржылық активтерді қайта бағалаудан 39,47 млрд теңге кіріс танып отыр. Тек қайта бағалаудың өзі компания нәтижесін шамамен 71,8 млрд теңгеге жақсартты. Joint Resources-тің табысы нақты өндірістік немесе операциялық ақша ағынына емес, активтердің қағаз жүзіндегі бағасының өсуіне қатты тәуелді. Компания балансында бірнеше ірі қаржылық актив бар. Ең бастысы - «Каспий нефть» акционерлік қоғамы. Joint Resources толығымен бұл активтің 100 пайыз үлесін бақылайды. Оның 2025 жылғы бағасы 133,78 млрд теңге деп көрсетілген. Бір жыл бұрын «Каспий нефть» 89,37 млрд теңгеге бағаланған еді. Яғни бір жылда оның бағасы 44,4 млрд теңгеге өскен.
Дәл қазір Құлыбаев «Каспий нефть» компаниясын кемінде 120 миллиард теңгеге сата алады. Егер сатып алушы табылып, мұнай кәсіпорны сатылса, онда бөлек холдинг ұстап отырудың қажеті қысқармақ. Себебі холдинг құрамындағы басқа компаниялардың ортақ құны әлдеқайда төмен. Холдинг портфеліндегі «Кристалл Менеджмент» АҚ, «Premier Development Company» ЖШС, «Ақсай» ЖШС сынды қалған компания үлестерінің жалпы нарықтық құны 50 миллиард теңгеден аспайды.
Сондықтан Joint Resources делистингі үлкен дайындықтың бір бөлігі екені анық. Холдинг жария кеңістіктен шығып кеткеннен кейін, оны қайта құрылымдау, жабу, активтерін сату операцияларын Тимур Асқарұлы ақпараттық жария фонсыз, тыныш өткізе алады.
Жаңа Қазақстанның бизнес картинасында үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Осының барлығын DALA INSIDE бақылап отырмақ.

«Тимур Құлыбаевтың соңғы төрт жылда шикізаттық активтерін қысқарта бастағанын көріп отырмыз. Ол «Шұбаркөл көмір» компаниясын сатып, көмір нарығынан кетті. Мұнай активі болып саналатын «Каспий нефть» компаниясын сатады деген қауесеттер жүр. Логикаға сай, бұл компания биыл қожайынын ауыстыратынын сезіп отырмын. Қазір «Joint Resources» холдингі қағаз жүзінде пайда көрсетіп, қаржылық есептілігін жақсартып алды. Осы мажорлы нотада биржадан кетіп қалу сәтті қадам болып саналады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Осы айда «Joint Resources» акционерлік қоғамы өзінің 2025 жылға арналған қаржылық есептілігін жариялады. Холдинг активтердің қайта есептелуінің арқасында 12,75 миллиард теңге таза пайдаға шығып отыр. 2024 жылы компания 86 млрд теңге шығын көрсеткен еді. Қазір холдинг активтері 428,6 млрд теңгеге дейін өсіп, міндеттемелері 104 млрд теңгеге жетті.
Сонда 2025 жылы Joint Resources қаржылық активтерді қайта бағалаудан 39,47 млрд теңге кіріс танып отыр. Тек қайта бағалаудың өзі компания нәтижесін шамамен 71,8 млрд теңгеге жақсартты. Joint Resources-тің табысы нақты өндірістік немесе операциялық ақша ағынына емес, активтердің қағаз жүзіндегі бағасының өсуіне қатты тәуелді. Компания балансында бірнеше ірі қаржылық актив бар. Ең бастысы - «Каспий нефть» акционерлік қоғамы. Joint Resources толығымен бұл активтің 100 пайыз үлесін бақылайды. Оның 2025 жылғы бағасы 133,78 млрд теңге деп көрсетілген. Бір жыл бұрын «Каспий нефть» 89,37 млрд теңгеге бағаланған еді. Яғни бір жылда оның бағасы 44,4 млрд теңгеге өскен.
Дәл қазір Құлыбаев «Каспий нефть» компаниясын кемінде 120 миллиард теңгеге сата алады. Егер сатып алушы табылып, мұнай кәсіпорны сатылса, онда бөлек холдинг ұстап отырудың қажеті қысқармақ. Себебі холдинг құрамындағы басқа компаниялардың ортақ құны әлдеқайда төмен. Холдинг портфеліндегі «Кристалл Менеджмент» АҚ, «Premier Development Company» ЖШС, «Ақсай» ЖШС сынды қалған компания үлестерінің жалпы нарықтық құны 50 миллиард теңгеден аспайды.
Сондықтан Joint Resources делистингі үлкен дайындықтың бір бөлігі екені анық. Холдинг жария кеңістіктен шығып кеткеннен кейін, оны қайта құрылымдау, жабу, активтерін сату операцияларын Тимур Асқарұлы ақпараттық жария фонсыз, тыныш өткізе алады.
Жаңа Қазақстанның бизнес картинасында үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Осының барлығын DALA INSIDE бақылап отырмақ.
https://t.me/dalainside
❤1
Forwarded from DALA INSIDE
Терең өңдеу саласын дамыту: «Әділет» партиясы Президенттің стратегиялық бағдарын толық қолдайды
«Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебай партияның Іскерлік кеңесі алаңында тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының басшыларымен, мемлекеттік органдардың және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездесті.
Іргелі іс-шара барысында саланы дамыту, отандық кәсіпорындарға қолдау көрсету, жаңа өндіріс орындарын ашу, шикізатты терең өңдеу, инженерлік кадрлар даярлау сынды өзекті мәселелер талқыланды.
«Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, саланың әлеуеті ең алдымен ел экономикасын дамыту жолында қызмет етуге тиіс.
Партия Төрағасы кездесуді қорытындылай келе бүгінде саланы дамыту мәселесін талқылап қана қоймай, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасын әзірлейді.
«Әділет» партиясы қызметімен ресми аккаунттарында толық таныса аласыздар:
https://t.me/adilet_partiyasy
https://www.instagram.com/adilet_partiyasy?igsh=MWhhZTVxcmEzd3F5Zw==
https://www.facebook.com/profile.php?id=61590547897892

«Бұл – тек экономикалық мәселе емес. Бұл – әділдік мәселесі. Жер байлығы халықтың әл-ауқатына айналуға тиіс. Сондықтан «Әділет» партиясы терең өңдеу ісін дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және жоғары деңгейде өңделген өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған Президенттің стратегиялық бағдарын толық қолдайды», – деді Айбек Дәдебай.
Партия Төрағасы кездесуді қорытындылай келе бүгінде саланы дамыту мәселесін талқылап қана қоймай, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті.
«Бүгін нақты әрі шын мәнінде аса маңызды өте көп ұсыныс айтылды. Олардың әрқайсысы жан-жақты қаралып, жүйеленіп, Іскерлік кеңестің алдағы жұмысының бір бөлігіне айналады. Біздің міндетіміз – бизнес пен мемлекет арасындағы диалогтың күн сайын жалғасуын қамтамасыз ету», – деді Айбек Дәдебай.
Кездесу қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасын әзірлейді.
«Әділет» партиясы қызметімен ресми аккаунттарында толық таныса аласыздар:
https://t.me/adilet_partiyasy
https://www.instagram.com/adilet_partiyasy?igsh=MWhhZTVxcmEzd3F5Zw==
https://www.facebook.com/profile.php?id=61590547897892
❤4
Forwarded from 🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
2026 жыл. Сатылған үйдің салығы қалай есептеледі: сұрақтарға жауап
Биыл 1 қаңтардан бастап жаңа заңдар мен ережелер күшіне енгенін білеміз. Соның ішінде жылжымайтын мүліктің салығына да қатысты өзгерістер бар. Салық қай кезде төленеді, қай кезде төленбейді? Неге кей жағдайда салық тым көп шығады? Осы сұрақтардың жауабын Krisha.kz мәліметтеріне сүйене отырып, бірге талдап көрейік. Үй сатып жатқан адам мұны біліп жүрсе, опық жемейді.
Биыл сатып алған үйді қазір сатсақ, салық төлейміз бе?
Иә, төлейміз. Өйткені биылдан бастап үйді салықсыз сату үшін оны кемі 2 жыл меншікте ұстау керек деген жаңа талап бар. Егер үйді биыл алып, қайта сатсақ, екі жылдық уақыт өтпегендіктен салыққа ілінеміз.
Салық қалай қалыптасады?
Салық тек үстеме пайдадан ғана ұсталады. Яғни, үйді алған баға мен сатқан бағаның арасындағы айырмашылықты санаймыз.
Салықтың ставкасы былай қалыптасады:
10% салық — тапқан таза пайданың мөлшері 8500 АЕК-ке дейін болса ғана салынады. Ол 2026 жылғы есеппен — 36 762 500 теңге.
15% салық — үстеме пайда осы сомадан асқанда салынады.
1-мысал: Үйді сатып, үстінен 20 млн теңге пайда көрдік. Бұл сома шекті деңгейден (36,7 млн теңгеден) аспайды. Сол үшін 10% салық салынады. Сонда төлейтін салығымыз — 2 млн теңге.
2-мысал: Үйден 50 млн теңге пайда көрдік. Мұның есебі былай:
Шекті сома: 36 762 500 тг × 10% = 3 676 250 тг.
Асқан бөлігі: 13 237 500 тг × 15% = 1 985 625 тг.
Сонда төлеуге жататын салық сомасы 5 661 875 теңге болады.
Былтыр алған үйді 2026 жылы сатсақ ше?
Егер мүлік 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін сатып алынған болса, онда ескі ереже қолданылады. Тұтынушы ретінде 2 жыл емес, 1 жылдық мерзім жеткілікті.
Егер ол үйді алғанымызға 1 жылдан асса (мысалы, 2025 жылы наурызда алып, бүгін сатсақ), үйден қанша пайда көрсек те, ешқандай салық төлеймейміз.
Ал егер 1 жыл уақыт толмаса, онда үстеме пайдадан 10% салық төлеуге тура келеді. Мысалы, 30 млн теңгеге алып, 35 млн теңгеге сатқан болсақ, арадағы 5 млн теңгенің 10%-ті — 500 000 теңге мемлекетке кетеді. Егер пайда көрмей, алған бағасына кетсе, салық жүрмейді.
«Паркингті» немесе қойманы сатқанда салық жүре ме?
Иә, жүреді. Пәтер болсын, «паркинг», «кладовка» болсын, не сатсақ та, заң алдында бәрі бірдей. Тіпті саяжай мен бос жатқан жер теліміне де, гаражға да салық жүреді.
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat

🇺🇲💥🇮🇷 Қазақстан АҚШ-Иран соғысы нақты аяқталса ғана Шахид-Раджаи портына ақша салмақ
Әзірге 15 гектар жерді алып қойды. Ол бос жер. Ешқандай бағалы зат жоқ. Сондықтан АҚШ әскерилерінің порт маңындағы Бендер-Аббастағы нысандарды бомбылауы Қазақстанға ешқандай шығын әкелмеген.
Қазақстан мен Иран өткен айда Шахид-Раджаи портында қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу туралы BOT-келісімге қол қойған.
Қазақстан онда астық терминалы мен контейнерлік инфрақұрылым салмақ. Ресми деректер ашық көрсетпесе де, Қазақстан тарапы құрылысқа шамамен 25 миллион доллар қаржы құятыны бойынша біршама ақпарат жүрді.
Осы арқылы қазақ бидайы Парсы шығанағы мен Африкада тікелей логистика көмегімен сәл арзанырақ сатыла алады. Бұл Украина мен Ресей сынды бәсекелестерден әсіресе Африкада озып кетуге мүмкіндік бермек.
Шахид-Раджаи Ормуз бұғазы маңындағы Иранның ең ірі теңіз порты болып саналады.

BOT - Build-Operate-Transfer, яғни Қазақстан терминалды
салады, пайдаланады, 27 жылдан кейін Иран тарапына тапсырады. 27 жылдың 2 жылы құрылысқа, 25 жылы пайдалануға арналған.
Қазақстан онда астық терминалы мен контейнерлік инфрақұрылым салмақ. Ресми деректер ашық көрсетпесе де, Қазақстан тарапы құрылысқа шамамен 25 миллион доллар қаржы құятыны бойынша біршама ақпарат жүрді.
Осы арқылы қазақ бидайы Парсы шығанағы мен Африкада тікелей логистика көмегімен сәл арзанырақ сатыла алады. Бұл Украина мен Ресей сынды бәсекелестерден әсіресе Африкада озып кетуге мүмкіндік бермек.
Шахид-Раджаи Ормуз бұғазы маңындағы Иранның ең ірі теңіз порты болып саналады.
https://t.me/dalainside
❤1👍1
Forwarded from Қазақша кітаптар
Нәсіреддин Сералиев - Шығармалары
Оқырман жұртшылықтың назарына ұсынылып отырған осынау томдық – танымал жазушы Нәсіреддин Сералиевтің көп жылдан бері жинап-терген дүниесінің басын қосқан. Бұған шейін он шақты кітап жазған автор бұл томға екшелеген, елеулі деген шығармаларын енгізіпті...
Оқырман жұртшылықтың назарына ұсынылып отырған осынау томдық – танымал жазушы Нәсіреддин Сералиевтің көп жылдан бері жинап-терген дүниесінің басын қосқан. Бұған шейін он шақты кітап жазған автор бұл томға екшелеген, елеулі деген шығармаларын енгізіпті...
Forwarded from Қазақша кітаптар
Нәсіреддин_Сералиев_шығармалары.epub
2.3 MB
Forwarded from DALA INSIDE
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында цифрландыру және байланыс инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, бұл бағытты ел дамуының маңызды басымдығы ретінде айқындады. Мемлекет басшысы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің экономика, қоғамдық қауіпсіздік және мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті.
Бұл міндеттер өңірлерде де жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Абай облысында телекоммуникациялық инфрақұрылым дамытылып, ауылдар жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылып, қоғамдық қауіпсіздікке жасанды интеллект енгізіліп, цифрлық білім беру ортасы қалыптастырылуда.
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен цифрландыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Онда елді мекендерді сапалы интернетпен қамту, автомобиль жолдары бойындағы байланыс инфрақұрылымын дамыту, Алакөл жағалауындағы мобильді байланысты жақсарту, жасанды интеллект технологияларын енгізу және қоғамдық қауіпсіздікті цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады.
Абай облысында 326 елді мекен бар. Оның 322-сі ауылдық елді мекен болса, бүгінде 260 ауыл сымды және мобильді интернетке қол жеткізген. «Қазақтелеком» АҚ-мен жасалған инвестициялық келісім аясында облыстағы 178 ауылды талшықты-оптикалық және спутниктік байланыспен қамтамасыз ету жұмысы басталды. Жалпы ұзындығы 2 352,1 шақырым талшықты-оптикалық желі тарту жоспарланған. Жыл соңына дейін 86 ауылды жаңа байланыс желісіне қосу көзделіп отыр.

🤺 Нұрдәулет Джеки Чан. Әкім шеше алмаған су проблемасын актер шеше ала ма?
Ақтауға әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан келген еді, жергілікті тұрғындар оған ауыз су мәселесін шешіп беруді сұрап жаза бастады. Осыдан бірнеше ай бұрын Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірде су тапшылығы болмайтынын мәлімдеген. Бірақ дәл қазір Ақтаудың кейбір тұрғындары суды түнгі сағат үште күтіп, бір жарым сағаттың ішінде ыдыстарына жинап алуға мәжбүр. Сондықтан қағаз жүзінде бар, бірақ Ақтаудағы пәтердегі кранда жоқ ауыз су Құрылтай сайлауы алдында жағымсыз әрі үлкен проблеманың бетін ашайын деп тұр.
Осыдан үш күн бұрын Kazinform Ақтауда ауызсу мәселесінің қайта ушығып кеткенін жазған еді. Қала тұрғындарының айтуынша, кейбір шағынаудандарда су тәулік бойы берілмейді. Жоғарғы қабаттарда тұратын азаматтар суды тек түнгі сағат 3:00 мен 4:30 аралығында жинап үлгеруге тырысады.
Облыстық Су ресурстары және ирригация басқармасы қазіргі проблема су тапшылығынан емес, тозығы жеткен инженерлік желілерден туындағанын мәлімдеді. Ресми дерек бойынша, Ақтаудағы су құбырларының шамамен 80 пайызы ескірген. Қалада 500 шақырымға жуық су желісін жаңарту қажет. Оны толық қалпына келтіруге кемінде үш жыл керек.
Ақтауда теңіз бар, су тұщытатын зауыттар бар, өндірілген су көлемі жеткілікті, бірақ тұрғынның кранында су жоқ. Өйткені, суды өндіру мәселенің жартысы ғана. Оны ысырап етпей, қажетті қысыммен әр үйге жеткізу керек. Ал Ақтаудың құбырлары бұған дайын болмай шықты.
Нұрдәулет Қилыбай әкім болып келгеннен кейін су өндіру қуатын арттыру бағытындағы бірнеше жобаны жеделдетуге тырысты. Бірақ ол фокусты дұрыс қоймаған сияқты. Себебі, бар күш пен қаржы көбіне суды өндіру, яғни тұщыту зауыттары мен магистралды желілерге салынды. Ал қалаішілік инфрақұрылым, яғни сол бар суды кранға жеткілікті қысыммен жеткізу ісі кешеуілдеп қалды. Осы кезде "ана жерде су бар, бірақ ол сенің пәтерінде жоқ" деген парадоксты жағдай орын алды. Ал халыққа су тұщытатын кезекті зауытта кесілген қызыл лента емес, үйде судың ағып тұруы маңызды екенін ескерсек, әкімдіктен жауап ала алмаған тұрғындардың Бозжыраға кино түсіруге келген Джеки Чанға шағымдана бастауы түсінікті.
Джеки Чан су құбырын жаңалауға емес, кино түсіруге келді. Бірақ оған қатысты бұл күлкілі жағдай Маңғыстау әкімдігіндегі жауапты тұлғалардың оянуына сеп болса, онда актердің де әлеуметтік ықпалы тиейін деп тұр. Бозжырада түсірілген экшн киноны көріп, Швейцариядан келген турист Ақтаудағы отельде су болмай, душқа түсе алмай, туалеттің суын ағыза алмай отырса, нағыз экшн сонда болады.

Маңғыстаудың су мәселесі аяқ астынан пайда болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі ахуалды бірнеше рет ашық сынап келді. Президент Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Ақтау қаласындағы су құбыры желілерінің 77 пайызы тозғанын айтқан. Соның салдарынан өндірілген судың 16 пайызы тұтынушыға жетпей ысырап болады. Кәріз желілерінің тозуы да шамамен 76 пайызға жеткен. Президент сол кезде өңірдегі тәуліктік су тапшылығы 23 мың текше метр екенін де атап өткен. МАЭК-тің су тұщыту қуаты әсіресе жаз айларында қажеттілікті толық өтей алмаған. Үш қала мен орталықтандырылған су жүйесіне қосылған 59 елді мекенге су кестемен берілген. "Су тапшылығы – әкімдердің жұмысындағы нағыз олқылық", - деп қатаң ескерткен еді, Мемлекет басшысы.