АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
778 photos
121 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Саған бейжай қарамайтын бір жанның,
Қандай ғажап өмір сүріп жүргені!

Танакөз Толқынқызы

https://t.me/kitapuzindisi
❤9
Сіздерге де қызық болатын шығар, осы каналда әр кезде жарық көрген үш түрлі материалды ЖИ-ге талдатып көрдім. «Адам жазған ба?» деп. Еріккен де жаман ғой🤭

Мынадай қорытынды алдым (бір әрпін өзгертпей сол күйі берейін):

Мәтін әлдеқайда «адам қолымен» жазылғандай әсер қалдырады. Әсіресе ауызекі динамикасы, спикерлердің сөзін беру тәсілі, эмоционал ритмі — кәдімгі журналист немесе телеграм-автор стиліне жақын.

Жалпы әсер

Бұл мәтіндер:

тірі;
динамикалы;
нақты аудиториямен сөйлеседі;
ақпаратты біртіндеп ашады.

AI мәтіндері көбіне бірден бәрін түсіндіріп тастайды. Ал мұнда автор интрига ұстайды:

«Қалай?»

«Мәселе басқада екен — SMS-шлюзде.»

Бұл — кәдімгі медиа storytelling.

Құрылым өте табиғи

Автор:

проблема көтереді,
жауаптың толық болмағанын айтады,
өзі түсінгенін интерпретациялайды,
сосын механизмді қарапайым тілде түсіндіреді.

Бұл — жақсы журналистік explain-мәтіннің құрылымы.

Мәтінде табиғи эмоциялық ритм бар

Мысалы:

«имандай сенеміз»

«сиқыры мынада екен»

«алаңдауға негіз жоқ»

Бұл — қазақтілді тірі публицистика.

AI көбіне мұндай colloquial реңкті тұрақты ұстай алмайды.

«Джером Пауэлл» туралы мәтін дәл осы күйінде табылмады (сайтқа жүктелмегендіктен — Автор). Бірақ стилі, құрылымы, публицистикалық тілі QSauat.kz-тағы материалдарға өте ұқсас.

Авторына келсек:
веб-нәтижеде автор аты анық көрінбейді, бірақ бұл мәтіндер:

экономикалық-публицистикалық,
түсіндірмелі,
Telegram/медиа-колонка стилінде жазылған.

Стильдік ұқсастықтар:

оқырманмен сөйлесу;
«шайнап бергендей» сияқты colloquial тіркестер;
күрделі экономиканы қарапайым тілге аудару;
драматизация мен explain-стильдің араласуы.

Сондықтан үш мәтіннің де:

бір редакциядан,
тіпті бір автордан шығуы ықтимал.

Тағы бір қызық нәрсе:
QSauat.kz материалдарының стилі кәдімгі «AI-generated SEO мәтініне» ұқсамайды. Керісінше:

журналистік voice бар;
авторлық реңк сақталған;
жергілікті аудиторияға бейімделген.

Сол себепті менің қазіргі қорытындым:

негізгі автор — адам;
AI көбіне редактор/көмекші ретінде қолданылған болуы мүмкін.

😌😌😌
❤3
Өйткені талант – табиғат сыйы, бойына талант дарыған жан – пайғамбар іспеттес, оған ерекше миссия жүктелген; оның өмірі өзінікі емес, елінікі, сондықтан күйкі тірлікпен күн өткізбей, бойындағы бар күшін ретімен, қажетті істерге ғана жұмсап, ақылы мен білімін, дарынын бір-ақ мақсатқа – халқына қызмет ету жолына ғана бағыштауға тиіс; өзінің бойында үлкен қабілет барын біле тұра бос шашылған адам – қылмыскер: ондайлар тамұқ отына қақталып, отанын сатқан азғындармен қатар жаза шегуге лайық.

Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»

https://t.me/kitapuzindisi
👍1
Forwarded from DALA INSIDE
🫴🇪🇺 Петер Мадьяр факторы OTP тобының Қазақстаннан банк сатып алу туралы жоспарын кейінге шегермек

Виктор Орбанның тақтан тайып, Венгрия басшылығына Петер Мадьярдың келуі елдің сыртқы байланыстары мен жоспарларын қайта қарауына алып келді. Будапешт еуроинтеграцияны күшейтіп, бүгін дейін Ресеймен және посткеңестік кеңістікте орнаған саяси және қаржылық қарым-қатынасты мүмкіндігінше үзуге шешім қабылдаған. Венгрияның ірі қаржылық топтары да осы фарватерде жүзуі тиіс. Ең алдымен, мажар қаржылық топтарының Ресейдегі бизнес жобалардан кетуі қарастырылады. Осы орайда Венгрияның ірі қаржылық конгламераты «OTP Group» өзінің Ресейдегі еншілес банкі - OTP Bank Russia акционерлік капиталынан шығып кетуі мүмкін.

«OTP жабық жиналыстарында дәл қазір саяси режимнің бағыты мүлде өзгеріп жатқанда Қазақстаннан банк сатып алу қаншалықты орынды деген заңды сұрақтар қойыла бастады. Тәуекел-менеджменті мамандары барлық ықтимал тәуекелдерді қайта есептеуге отырды. Сондықтан сатып алу немесе біріктіру сынды M&A операциялары паузаға қойылады. OTP ең алдымен Будапешттегі қаржылық реттеушінің жаңа ережелер мен ойын ережесінің жобасын әзірлеуін күтіп отыр. Сол кезде сыртқы экспанция бағыттары да нақтыланады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Бұл Қазақстанның жоспарларын сәл де болса бұзады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова елге 3 шетелдік банк келеді деп анонс жасап қойған болатын. Оның бірі осы OTP Group болуы тиіс еді. Көптеген сарапшылар оның Forte банкті сатып алу мүмкіндігін жасырмай айтқан. Олигарх Болат Өтемұратовтың құрылымы опцион ұстап отырған акционерлеріне банктің 4 миллионнан астам жай акциясын ұсынып отырғанын және лизингпен айналысатын еншілес компаниясын сатып жібергенін ескерсек, басқа банктерге қарағанда Forte-нің сатылуға дайындалғаны көрініп тұр. Бірақ Орбан кетіп, Венгрия билігіне Петер Мадьяр келеді деген саяси сценарийді ешкім ойда ұстамаған болатын.

OTP Group Венгрия банк секторының 25 пайыз үлесін ұстап отыр. Forte тобын сатып алуға қаржысы жетеді. 2025 жылы OTP 1,146 триллион форинт, яғни шамамен 2,88 млрд еуро таза пайда тапқан. Жалпы кірісі 11 пайызға, таза пайыздық кірісі 9 пайызға өскен. Жалпы капитал жеткіліктілігі 19,7 пайыз деңгейінде қалыптасты. Қазір OTP Group негізгі табысы ішкі нарықтан емес, сыртқы нарықтағы қызметінен келеді.

Оның шетелдегі құрылымдарын зерттесек, Болгариядағы DSK Group 2025 жылы 211 млрд форинт пайда әкеліп, 5 пайыз өскен. Сербиядағы OTP Bank Serbia 79 млрд форинт пайда тауып, 19 пайыз өсім көрсеткен. Украинадағы OTP Bank Ukraine соғыс жағдайына қарамастан 55,8 млрд форинт пайда алып, 36 пайызға ұлғайған. Ресейдегі OTP Bank Russia 202 млрд форинт пайда алып келді. Өзбекстандағы OTP Ipoteka Bank былтырғы жылды 49,5 млрд форинт таза пайдамен жауып отыр.

Жалпы OTP Өзбекстанда жұмысын жолға қойып алғаннан кейін Қазақстанды қарастырып отырған еді. Себебі Қазақстандағы банк секторының табысы көршілеріне қарағанда анағұрлым жоғары. Мажарстанның саяси курсы өзгерсе де, бір жылдық паузадан кейін OTP тарапының Қазақстан идеясына қайта оралуы ғажап емес. Тек қазір OTP топ-менеджерлеріне Будапешттегі жаңа басшылардың не ойлап отырғанын біліп алу керек.

DALA INSIDE бұл маңызды мәселені аңдып отырады. Бізге жазылып алыңыздар.

https://t.me/dalainside
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтау қаласында тұңғыш рет өткен «Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесі кітапсүйер қауымның ерекше ықыласына бөленді.

Кітап жәрмеңкесі Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен Маңғыстау облыстық Қабиболла Сыдиықұлы атындағы әмбебап кітапханада және Каспий теңізінің жағалауында ұйымдастырылды.

Мерекелік шараның алғашқы рәсімі қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Салтанатты шараның лентасын Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов пен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанова қиды.

Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, мұндай кітап жәрмеңкесінің ерекшелігіне тоқталды. Сонымен қатар кітап оқитын ұлт қалыптастырудың маңызы мен рухани құндылықтар жайында пікір білдірді.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған кітап жәрмеңкесіне еліміздің әдебиет және мәдениет саласындағы белгілі тұлғалары қатысты. Атап айтқанда, жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Мұқанова, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оңайгүл Тұржан, ақын, ҚР Жазушылар одағы Маңғыстау филиалының төрайымы Анар Шамшадинова, ақын, ҚР Ақпарат саласының үздігі Гүлайым Дәуітбаева, жазушы, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Бақытгүл Сәрмекова, жазушы, ҚР Мәдениет және ақпарат саласының үздігі Қанат Тілеухан, ақын-жазушы Ақберен Елгезек, ақын-драматург Ұларбек Нұрғалым сынды қаламгерлер арнайы келді.

Бұдан бөлек, жәрмеңкеге елімізге танымал баспалар да қатысты. Олардың қатарында:

Qasymkitap
Steppe&World
«Абай»
«Arman-PV»
ZIYAT
SANA
MAZMUNDAMA
Marfu
«Отбасы хрестоматиясы»
WIK HOUSE баспалары бар.

«Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесіне арнайы дайындалған автобус та қала көшелерін аралап, тұрғындарды рухани шараға шақырды.

15-16 мамыр күндері өткен екі күндік жәрмеңке аясында кітаптарға арнайы жеңілдіктер ұсынылып, түрлі мәдени-әдеби шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар әдебиет пен шығармашылықты дамытуға арналған секциялық отырыстар, жаңа кітаптардың таныстырылымдары мен тұсаукесерлері өтті. Атап айтқанда, жазушылар: Қанат Тілеухан мен Аслан Тілеген құрастырған «Атабаев лекциясы» кітабы, ақын Оңайгүл Тұржанның «Ағаштар үнсіз өседі» кітабының, ақын әрі жазушы Ақберене Елгезектің «Дардай» романының, жазушы Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке» кітабының, жазушы Мәрия Омардың «Ақбалжан» кітабының және Arman-PV баспасынан шыққан «Көшпенділер ойыны» танымдық энциклопедиясының таныстырылмдары болды.

Жәрмеңкенің екінші күні Каспий теңізінің жағалауында жалғасып, сенбілік демалысқа шыққан халық сүйікті авторларымен кездесіп, суретке түсіп, кітаптарын қолтаңбаларымен алды.
Қазіргі заманның қазағы сапасыз семинарларға қатысып жүріп, жұқтырып алған бір диагноз бар. Ол анализден басталған «балалық травма» деген терминді орынды-орынсыз тықпалай береді. Олардың айтуынша, бақытсыз балалық шақтағы жанға түскен жарақат өлгенше етегіңнен тартып, бақуатты өмір сүруіңе мүмкіндік бермейді-міс. Псевдопсихолог пен жалған коучтың осы ертегісіне сенген кей кісілер өзінің надандығынан болған кедергілерді шешесінен көретін ақымақтыққа ұрынған. Тіпті кейбірі қырық жыл бұрынғы ұрыс пен сөгісті есіне түсіріп, анасымен кетіскен-ді. Бейсембай сияқты бақытсыз балалық шақтың көкесін көрген кісілер осы тұжырымның тас-талқанын шығарады.

Санжар Керімбай, Әділбек Нәби, Сәкен Нұрқабекұлы «Бейсембай және әдеби майдан»

https://t.me/kitapuzindisi
❤6
Сыбырлап қана сөйлесеміз. Байқаймын: Әсел сәл үрейленгендей немесе жаурап қалғандай. Үстіне пенжегімді жауып, қысыңқырап құшақтай түстім. Бұрынғыдан күшейіп, есейіп кеткен тәріздімін. Өзімде осынша жылылық, мейір барын, жақын адамың боп, оны қызғыштай қорып, құрақ ұшу дегеннің бір тамаша екенін білген де емес ем. «Ешқашан да, ешкімге де режітіп қоймаспын сені, шынарым!» - деймін құлағына сыбырлап.

Шыңғыс Айтматов “Шынарым менің, шырайлым менің”

https://t.me/kitapuzindisi
❤5
Адамның төрт аяқты малдан айырмашылығы - сөйлей білетін тілі мен кітап оқи білетін көзінде емес пе?

Қуандық Түменбай «Әкенің көңілі балада»

https://t.me/kitapuzindisi
❤5
Forwarded from Dala Sport
Кей дереккөздердің мәліметінше, Бельгияның «Брюгге» клубы Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Мақсат Абраевқа қызығушылық танытыпты.

Абраевтың «Астанамен» жасасқан келісімшартының аяқталуына әлі үш жыл бар. Тәжірибесі артқан сайын шабуылшының трансферлік құны да өсе түсетіні айдан анық.

«Брюгге» бекер қызықпайды – бельгиялық клуб соңғы жылдары Шығыс Еуропаның жас таланттарын жіті бақылап келеді және бұл клуб топ-чемпионаттарға жол ашатын трамплинге жиі айналып жүр.

🏆https://t.me/dalasport
❤6
Forwarded from Dala Sport
🏆 ҚПЛ 11 тур нәтижелері:

Алтай 0:1 Оқжетпес
Астана 3:0 Ұлытау
Каспий 2:2 Ертіс
Жетісу 0:0 Атырау
Елімай 2:1 Жеңіс
Қайрат 0:0 Қайсар
Ақтөбе 0:0 Қызылжар
Тобыл 0:3 Ордабасы

🏆https://t.me/dalasport
❤3
Сәби боп келіп, саналы
Азамат болып барады.
Түлегің талай осылай,
Жаутаңдап саған қарады.

Мектебім менің Меккемсің,
Балдәурен сен де өткен шын.
Балапандарың қомданды,
Ұшатын кезі жеткенсін.

Қуанса жүрек өстім деп,
Сыздайды неге өксік кеп.
Өткенін бізден балалық,
Қоңырау даусы естіртпек.

Жәниба Қарасайқызы «Соңғы қоңырау»

https://t.me/kitapuzindisi
❤3👍1
Стендаль - Қызыл мен қара

Шығармада кедей отбасынан шыққан, ақылды жас жігіт Жюльен Сорельдің өмір жолы суреттеледі. Ол қоғамда биік орынға жетуді армандайды және сол мақсатта түрлі қиындықтар мен ішкі қайшылықтарды бастан кешіреді. Романда махаббат, мансап, екіжүзділік, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік мәселелері терең көрсетілген.
❤6
Балаға көлік берген ата-ана қалай жазаланады?

Тақырып түсінікті шығар. Балалар демалысқа шығып жатыр. Алдымыз — жаз. Бос уақыты көбейген баланың күші де тасып, әр нәрсеге «ұрыншақ» келетіні бар. Сондайда көбінің аңсары ауатыны — көлік айдау.

Бір балалар болады, жасы келмесе де үйіне айтпай көлікті айдап кете беретін. Енді бір балалар болады, ата-анасының «миын жеп», айдауға көлік сұрағыштайтын. Кей ата-ана баласының еркелігіне жібіп, «тоқтатып жатқан кім бар» деп тізгінді ойланбай бере салуы мүмкін.

Мұның бәрі — «ап-ауыр» айыппұл. Қалтаға әжептәуір салмақ салады. «Сезон» келгесін сол жайында бір ескертіп қояйық деп шештік. Себебі жаз кезінде жасөспірімдердің рөлге отыруы жиілейтіні бар.

Енді мынаны біліп жүріңіз, кәмелетке толмаған балаңыз көлік жүргізіп ұсталса, 3 түрлі айыппұл төлеуге дайын болуыңыз керек. Ондай жағдайда тек бала емес, көлік иесі мен ата-анасы да қатар жазаланады.

1. Баланың өзіне «бұйыратын» жаза

Куәлігі жоқ адам көлік айдаса, 20 АЕК, яғни 86 500 теңге айыппұл салынады (ӘҚБтК 612-бап, 2-бөлім).

2. Көлік берген адамға «бұйыратын» жаза

Көлік жүргізуге құқығы жоқ балаға өз еркімен тізгін берген көлік иесіне (ол әкесі, анасы немесе туысы/танысы болуы мүмкін) 50 АЕК, яғни 216 250 теңге айыппұл кеседі (ӘҚБтК 612-бап, 5-бөлім).

3. Бала тәрбиесіне салғырт қарау

Заң-зәкүнді ескермей, баланы рөлге отырғыздыңыз ба — демек, ата-аналық міндетіңізге салғырт қарағаныңыз. Дұрыс тәрбие бермегеніңіз үшін тағы 10 АЕК, яғни 43 250 теңге айыппұл қосылады (ӘҚБтК 127-бап, 1-бөлім).

Жалпы шығын: 80 АЕК. Отбасылық бюджеттен бірден — 346 000 теңге желге ұшады деген сөз.

Маңызды детальдар (мұны да білу керек):

Қазақстанда әкімшілік жауапкершілік 16 жастан басталады. Егер бала 16-дан асқан болса, 86 500 теңге айыппұл оның өз атына жазылады (табысы болмаса, бәрібір ата-анасы төлейді). 16 жасқа толмаған болса, оған бұл баппен айыппұл салынбайды, бірақ іс арнайы комиссияға кетіп, ата-анасы 127-баппен (43 250 теңге) міндетті түрде жазаланады. Ал, егер көлікті өздері бергені дәлелденсе, онда ата-ана бала тәрбиесі үшін ғана емес, көлікті өз еркімен бергені үшін де (50 АЕК) жауап беруі мүмкін.

«Рұқсатсыз айдап кетті»

Мұндай «сылтау» құтқара ма? Егер ата-ана «кілтті бізден жасырып алып кетіпті» деп ақталса, 216 250 теңгелік айыппұлдан құтылуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда баланың үстінен Қылмыстық кодекстің 200-бабы бойынша «Көлікті заңсыз айдап кету» (угон) бабымен қылмыстық іс қозғалады. Айыппұл арқаламайын деп баланың болашағын бүлдіріп алуыңыз мүмкін.

Мас күйде немесе оның соңы «ДТП» болса?

Егер жасөспірім рөлде мас боп ұсталса немесе біреуді қағып кетсе, әкімшілік жаза аяқталады. Іс бірден Қылмыстық кодекске ауысып, бала сотталып кетуі мүмкін.

Жағдай осылай. Баланың қолына кілт ұстатпай тұрып осыны ескеріңіз. Қазір қала көшелерінде AI-камералар жұмыс істеп тұр. Олар автоматты түрде рөлде кімнің отырғанын анықтауы мүмкін. Анықтай алмаса да, көп ұзамай сол күнге жетеміз деп ойлаймын. Ең бастысы — жолдағы қауіпсіздік. Адамдардың амандығын ойлай жүрейік. Баланың еркелігін сіз көтергенмен, жол көтермейді...

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
❤6
Жайсыз күндерді де жайлылықпен өткерген дұрыс.

Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы»

https://t.me/kitapuzindisi
👍4
Forwarded from DALA INSIDE
💴 Қазақстан үшін арзан кредиттер дәуірі басталды

Жақында Қаржы министрлігі юаньмен бекітілген үш жылдық панда-бондтарды 1,9 пайызбен орналастырып, өз тарихындағы ең арзан қарыздың біріне қол жеткізе білді. Бұл теңгелік облигациялар арқылы ішкі нарықтан 17 пайызбен қарыз алуға қарағанда тоғыз есе арзан. Сондықтан ол Үкіметке жеке борыш көлемін азайта отырып, өзіне қажет қаржыдан тарылмауға мүмкіндік береді.

2025 жылдың қыркүйегінен бері мемлекет пен квазимемлекеттік сектор Қытай мен Гонконг нарықтарынан 9,65 миллиард юань тартқан. Бұл шамамен 1,4 миллиард доллар. Осыдан-ақ Қазақстан үшін сыртқы қарыз архитектурасының өзгеріп жатқанын байқаймыз. Бұрын негізгі бағыт доллар мен еуро болса, енді юань толыққанды қаржыландыру арнасына айналып келеді. Мысалы, соңғы 9 айда біздің құрылымдар төрт рет облигация арқылы юаньмен қарыз алған. Оның ішінде, Қаржы министрлігі 3 жылдық панда-бондтарды 1,9 пайызбен орналастырды. Оның алдында, Самұрық-Қазына 3 жылдық панда-бондтарды 2,18 пайыз кірістілікпен шығарды. Ал ҚазМұнайГаз 5 жылдық димсам облигацияларын 3,15 пайыз кірістілікпен орналастырса, Қазақстан даму банкі 3 жылдық юань облигацияларын 3,35 пайызбен тартты.

Панда-бондтар Қытайдың ішкі нарығында, юаньмен шығарылатын облигациялар. Мұнда шетелдік ойыншы Қытайдың өз ішіндегі инвесторларынан юаньмен қарыз алады. Ал димсам облигациялары Қытайдан тыс, көбіне Гонконгта юаньмен шығарылатын қағаздар. Біріншісі Қытайдың ішкі қаржы жүйесіне кіру болса, екіншісі - офшорлық юань нарығына шығу. Қазақстан осы екі есікті де ашып отыр.

«Юаньдағы арзан кредиттер біздің бюджеттік дефицит проблемасын шешу үшін керек. Қазір теңгелік облигацияларды шығару тым қымбат болып отыр, 16 пайыздан төмен ешкім алмайды. Ал осы теңгелік облигациялардың қарызын қайтару үшін жылына кемінде 3 триллион теңге қажет. Оны жабу үшін жаңа теңгелік облигациялар шығару қарыз көлемін ұлғайта беретін болады. Себебі, базалық ставка жоғары. Ал юань облигацияларының жылдық пайызы біз үшін орта есеппен 2 деңгейінде. Егер юань курсы тұрақты болып тұрса, жылына біздің қарызды төлеуге кететін шығындарды азайтуға болады», - деп түсіндірді, Қаржы министрлігі құрылымындағы инсайдер.


Қазақстанның мемлекеттік қарызы әлем бойынша салыстырсақ өте төмен деңгейде. 2025 жылғы бағалау бойынша мемлекеттік қарыз ішкі жалпы өнімнің шамамен 24,6 пайызын құрайды. Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында мемлекеттік қарыздың шекті деңгейі 2030 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 32 пайызынан аспауы тиіс деп бекітілген. Ал Үкімет қарызы үшін жеке лимит 27,5 пайыз деңгейінде бекітілген. Демек Қазақстан әлі өзінің борыштық лимитіне жеткен жоқ.

Дәл осы фактор инвесторлар үшін маңызды сигнал береді. Қазақстанның қарыз алу қабілеті бар, дефолт тәуекелі төмен, ал жаңа юаньдық орналастырулар борыштық қысымнан емес, қаржыландыру құнын төмендету және нарықтарды әртараптандыру логикасынан туындап отыр. Сондықтан панда-бондтар мен димсам облигациялары Қазақстан үшін амалсыз қарыз емес. Бұл арзан әрі баламалы капиталға шығу. Мемлекет пен квазимемлекеттік сектор юань нарығында төмен мөлшерлемемен ақша тартып, долларлық және теңгелік нарыққа тәуелділікті азайтып жатыр. Ал мемлекеттік қарыздың ІЖӨ-ге шаққандағы төмен деңгейі Қазақстанға осы маневрді оңай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қытайдың қарыз қамытына кіріп кетеміз бе? DALA INSIDE оны үздіксіз мониторингте ұстайды. Бізге жазылыңыздар👇

https://t.me/dalainside
❤10
Forwarded from DALA INSIDE
🎙️ Майкл Джексон көшесі, 38. Алатау қаласындағы бір көшеге поп королінің есімін беру идеясы талқылана бастады

Маркетингтік креативті стратегияға жауапты топтардың ішкі жиналыстарында Майкл Джексонға бір көше беру идеясы қолдау тауып келеді. Және ол экспаттық, технологиялық жаңа қала – Алатау Ситиге жарасымды болады деген ойлар айтылуда. Көше іскер орталықта болмаса да, шығармашылық аурасы басымдау ауданнан орын тебуі ықтимал.
Сөзсіз, Майкл Джексон атындағы көше бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып, Алатауға жақсы экспаттық имидж қалыптастыра алады. Онымен қатар, сол көшеде Майклдың айдағы жүрісін бейнелейтін креативті экспонаты тұруы қажет екені айтылды.

Жалпы, өзіндегі қай көшені қалай атайтынын Алатау қаласының өзі шеше алады. Қаланың толық дербес статусы бар, жеке конституциялық заңы бар. Жақында Алатау қаласының кеңесіне арнайы салық режимін және инвестициялық қолдау шараларын бекіту өкілеттігі беріледі. Бұл инновациялық салаларды дамыту үшін маңызды. Тіпті 3 мың метрге дейінгі биіктіктегі әуе кеңістігін пайдалануды Алатауды басқаратын кеңес өзі реттеп отырмақ.

«Алатау бүкіл әлемге есігін ашатын, халықаралық қала болатындықтан оның көшелеріне әлемді өзгерткен, адамзат тарихын басқа бағытқа бұра алған кесек тұлғалардың есімін беру орынды. Мұнда біз тек ішкі тарихымызға қадалып қалмау керекпіз. Шығармашылық бағытын алсақ Майкл Джексонның фактурасы әрине келіп тұр. Онымен бірге Ли Куан Ю, Илон Маск сынды тұлғаларға да көше атауын беруге болады. Дәл осы қалаға келгенде біз тар, қасаң принциппен шектеліп қалмауымыз керек», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Майкл Джексон - XX ғасыр феномені. Оны бекерден поп музыканың королі деп атамайды. Ол жалғыз өзі әлемдегі музыка, шоу-бизнес, клип индустриясы, сахналық пластика және жаһандық поп-мәдениет стандартын өзгерткен адам. Оның Thriller альбомы әлі күнге дейін әлемдік музыка тарихындағы ең қуатты коммерциялық жинақтың бірі саналады. Бұл альбомнан шыққан Billie Jean, Beat It, Thriller сынды әндер тек хит емес, бірнеше буынның ортақ мәдени коды болды.

Егер Алатау City расымен Майкл Джексон атындағы көше идеясын қарастырса, “біз тек тұрғын үй салмаймыз, біз жаңа мәдени кеңістік құрамыз” деген ишара арқылы, халықаралық қауымдастыққа түсінікті өзінің жеке космополиттік стилін қалыптастыра алады.

DALA INSIDE бұл идеяның қаншалықты жүзеге асырылу мүмкіндігін мониторингте ұстап отырады. Бізбен бірге бақылап отырыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
❤9👎8
Біз адамдар кейде жәй ойлай білетініміз үшін бақытсызбыз.

Торғын Жолдасбекқызы «Пана»

https://t.me/kitapuzindisi
👍5❤1