АРИСТОКРАТ
18.6K subscribers
779 photos
121 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
📊 Ертең маңызды күн: Ұлттық банктің шешімі сіз бен бізге қалай әсер етеді?

Ұлттық банк ертең базалық мөлшерлеме бойынша шешім шығарады. Сарапшылар болжамынша, базалық мөлшерлеме 14,25% деңгейінде қалады, ал инфляция 8,5% деңгейінде сақталады.

‼️ Қызмет көрсету бағасының өсуі халықтың қалтасын қағып қана қоймай, экономиканың басқа салаларына да кері әсерін тигізіп отыр.

Бағаның қарқыны қазірдің өзінде сатып алу қабілетін төмендетіп, халықтың нақты табысын жеу үстінде.


💡 Ақшаңызды инфляциядан қалай қорғауға болады?

Валютаңызды әртараптандырыңыз. Жинақтарыңыздың бір бөлігін теңгеде, бір бөлігін доллар немесе еурода сақтаңыз. Бұл валюталық ауытқулардан сақтануға көмектеседі.

Жинақтарды тиімді құралдарға салыңыз. Мысалы, жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар 💰 депозиттерді таңдаңыз (қазіргі кезде депозиттер 15-16% табыстылық ұсына алады).

Ақша менталитеті сізді ойлануға шақырады: бұл жағдайда байыпты әрекет ету маңызды. Жинап-тергеніңізді дұрыс жоспарлап, инфляциядан қорғаудың жолдарын қарастырыңыз. Ұлттық банк шешімдері тек экономикалық мәлімет емес, сіздің қаржылық әл-ауқатыңызға тікелей әсер ететін фактор екенін ұмытпаңыз.

Алдағы уақытта ең көп табыс беретін 5 депозит туралы айтамыз. Бізге тіркел👇

https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍1
Forwarded from Dala Finance
💸Доллар ұшты: 1 АҚШ доллары - 511, 30 теңге

Бұл - KASE-дегі дәл қазіргі уақыттағы баға (оның алда өзгеріске ұшырайтыны сөзсіз - авт.) Ал ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 515-518 теңгеден сатылып жатыр...
😱4
Forwarded from Dala Finance
🫡Теңгені көргенде досыңды танисың - ресейлік журналист

"Коммерсанттың" арнайы тілшісі Андрей Колесников Ресей президентінің Қазақстанға сапары Мәскеуде рубль оңбай құлдырап жатқанда болғанына назар аудартады. Ең қызығы, ол сол делегациямен бірге Астанада жүр екен. Репортаж әрі эссеге тән ресейлік "Коммерсантъ" басылымының тілшісі Андрей Колесниковтың мақаласын сол күйінде аударып беруді жөн көріп отырмыз, деп жазады DALA FINANCE.

"...Шағын құрамдағы келіссөздер алдымен шартты түрде, расында азшылықта болды: Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтан басқа, ол арада вице-премьер Александр Новак, Экономикалық даму министрі Максим Решетников, көлік министрі Роман Старовойт, Ресей темір жолдарының басшысы Олег Белозеров жүрді… Олардың барлығы баспалдақпен ары-бері үшінші қабатқа жүгірумен болды (жеделсаты тек президенттердің еншісіне бұйырған секілді), бәрінен бұрын Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков өзін жайлы сезінді, ол келіссөз алдында да, содан кейін де сыртқа шығып темекі шегіп, журналистермен де сөйлесіп үлгерді. Одан журналистер АҚШ президентінің инаугурациясына кім баратынын сұрады.


- Шетелдік делегацияларды шақыру қарастырылмаған, елшілерден басқасы, - деді Юрий Ушаков иығын қиқаң еткізіп сөзін ары қарай былай жалғастырды:

- Ал егер Мәскеуден Америка Құрама Штаттары президентінің инаугурациясына барып жатқандар болса, олар, шын мәнінде, инаугурацияның өзіне емес, оның айналасында өткізілетін түрлі іс-шараларға барады. Балға деген секілді... Ал, былай инаугурацияның өзіне бізден кімде кімнің арнайы баруы екіталай. Пал Палыч Бородин бір рет АҚШ президентінің инаугурациясына барды емес пе (кіші Джордж Буштың), өздеріңіз білетіндей, ол басқа жерден бір-ақ шыққан (кейін Кремль бөлмелеріне жөндеу жұмыстары оқиғасынан соң тергеу изоляторына тоғытылды - А. К.).


Ал ол кезде мына жақта өтіп жатқан шағын құрамдағы, дәлірек айтсақ, жүзбе жүз келіссөздер ұзаққа созылды, көрші бөлмеде Ресей делегациясының мүшелері өз кезегін немесе тіпті тағдыры шешілетіндей тағатсыздана күтумен болды. Осы ұрымтал сәтті пайдаланып, мен ВТБ басшысы Андрей Костинге сұрақ қоя қойдым:

— Бүгіндері доллар мен рубль арасында болып жатқан құбылыс қаншалықты драмалық жайт (күрт секіріс болды, өйткені осы уақытта 1 АҚШ доллары 100-ден 114 рубльге бір-ақ көтерілді- А. К.)?

— Драмалық дейсіз бе, иә солай ғой, - деді ол күтпеген жерден менімен келісе кетіп. Шынымды айтсам, біз мұндайды күткен жоқпыз. Аздап әлсірейді деп болжанған, жылдың аяғында дейін 1 АҚШ доллары 100 рубльге дейін, әрине, бүгінгідей емес.


- Ал ертең не болады деп болжайсыз, - дедім мен де сұрақты үдете.

— Менің ойымша, әлі де рубльді кері қайтаруға болады. Менің ойымша деймін",— деді нығырлап.

- Бұл арада ықтималдылық жағдайы қандай? Доллар өсуін жалғастырып жатыр делік?


- Оны сайтанның бір сапалағы біледі. Ал оның қадамын дөп басып, болжау мүмкін емес, - деп ВТБ басшысы қатесіз болжам жасады.


Сайтанның сапалығы деген кім? Кез келген болуы мүмкін ғой. Осындай ойлар басымда жылт етіп үлгергенде Андрей Костин оның тікелей доллардың өзі болатынын айтты.

— Бірақ доллар 120 рубль болды емес пе, - деді кенеттен Андрей Костин. Әліптің артын бағып, тағы да күте тұрайық, - деді ол. Шамасы, 140 болғанша шығар. Ал бұл кезде мына жақта өзге журналистер Көлік және денсаулық сақтау министрін қаумалап, сұрақтың астына алып жатты. "Билет бағасы енді көтеріле ме" деп сұрағанда Старовойт мырза өзі жақсы ұстап, қысқа және анық жауап берді:

- Жоқ, олай болмайды деп үміттенемін.

Яғни, ол баға көтерілмейді деп айтқан жоқ.

Ал Михаил Мурашко бізді жақтырмай тұрғанын жасырмады:

— Бәрін неменеге сұрай бересіздер?.. Ертең барлығы дәрі-дәрмек сатып алуға лап қойсын дейсіңдер ме?!

Осы кезде бірнәрсе айтқысы келіп, тыпыршып тұрған Энергетика министрі Сергей Цивилевті көрдім. Ақыры ол көмейіне келген сөзді айтып тынды: Сіздер, адам жанының инженерісіздер, өз жауапкершіктеріңізді түсінулеріңіз керек! – деді бес тиын болып.

Адам жанының инженерлері оны түсінгендей кейіп танытты. Ең бастысы, мұны жай инженерлер түсінсе деңіз...".

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
🔥3❤2👍2👏1😁1
⚠️ Теңге жинағы бар азаматтарға қысқа әрі нақты кеңестер...

Теңгенің сағат сайын әлсіреуі халықты алаңдатуда. KASE-нің соңғы дерегіне сәйкес, доллар бағамы 518-519 теңге аралығында саудаланып, ұлттық валюта бір тәулікте 2,4%-ға құнсызданған.

"Мұндай жағдайда жинағыңыздың құнын сақтап қалу және дұрыс шешім қабылдау әр адам үшін маңызды", - деп пайымдайды Ақша менталитеті. Ол үшін...

Жинақты әртараптандырыңыз

Теңге құнсызданып жатқанда, жинақтың 30-50%-ын долларға немесе басқа тұрақты активтерге ауыстыру тиімді. Бірақ барлық соманы бірден емес, кезең-кезеңмен сатып алыңыз.

Теңгені жұмыс істетіңіз

Жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар теңгелік депозиттерді қарастырыңыз.

Қазіргі кезде кейбір банктер 15-16% жылдық табыс ұсынады, бұл инфляция әсерін азайтуға көмектеседі.


Қажетсіз шығындарды шектеңіз

Бағаның өсуі күтілетіндіктен, тұрмыстық техника, құрылыс материалдары немесе ұзақмерзімді қажеттіліктерге жұмсалатын шығындарды қазірден жоспарлап алыңыз.

Тауарлық инвестицияны қарастырыңыз

Ақшаны ұзақ мерзімді құндылықтарға (алтын, жылжымайтын мүлік, т.б.) салу теңгенің құнсыздануына қарсы өзіндік сақтандыру болады.

Нарықты бақылаңыз

Айырбастау пункттері мен банктердің бағамдарын қадағалаңыз. Ең тиімді 📈курсты таңдаңыз, әсіресе банктердің айырмашылықтарын мұқият салыстырыңыз.

Психологиялық тұрақтылықты сақтаңыз

Теңгенің әлсіреуі қысқа мерзімді үрей туғызуы мүмкін, бірақ эмоцияға берілмей, ұзақ мерзімді стратегия құру маңызды. Доллар бағамының өсуі уақытша болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.


Қаржылық сауаттылықты арттырыңыз

Нарықтағы өзгерістерді түсіну және дұрыс шешім қабылдау үшін қаржылық білімді тереңдетіңіз. Бұл сізді ұзақ мерзімді қаржылық қауіпсіздікке жеткізеді.

💡 Қаржыны тек теңгеде сақтамау маңызды. Әртараптандыру мен жоспарлы әрекеттер қазіргі экономикалық жағдайдың әсерін азайтып, жинақты сақтауға көмектеседі.

Елдегі қаржылық ахуалды бақылап отыр. Бізге тіркеле кет👇

https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍5🔥3
Forwarded from Dala Finance
🏃❌Ең болмайтын іс – дәл қазір ақша айырбастау орнына жүгіру

"Кешке ақырғы курс 💵 515-тен төмен болады деп сенемін. 510 төңірегіне жайғасуы ғажап емес", деп жазады Айбар Олжай Facebook-тегі парақшасында.

Ол қазір мына екі мәселенің басын ашып алу керектігін айтады: біріншісі - теңгемен депозит ұстап отырғандар ұтты ма, әлде ұтылды ма? Екіншісі – бағамның жылдам құбылуына не себеп болды: доллар күшейді ме, әлде теңге әлсіреді ме?

"Осыларға рет-ретімен жауап бере кетсем. Ең алдымен бізге, осы 2024 жыл бастала салғанда курс қандай болды, соны анықтап алу керек. Қор биржасы өз жұмысын бастаған 3 қаңтарда, яғни 2024 жылдың алғашқы жұмыс күніндегі сауда-саттық нәтижесінде теңге курсы бір долларға 457,06 көрсеткен. Бүгін бағам 510 болады деп топшыласақ, онда теңгенің 11 ай ішінде долларға шаққанда 11,6 пайызға арзандағанын байқаймыз. Биыл банк депозиттеріндегі орташа сыйақы мөлшерлемесі 13,6% болғанын ескерсек, онда теңгелік депозит ұстағандар қазір 2 пайыз плюсте. Долларлы депозиттің орташа сыйақысы 0,9-1% деңгейінде болды. Онда доллар ұстағандар 1% плюсте деп айта аламыз. Демек, инфляция факторын ескермесек, онда теңгелік депозит кірістілігі бойынша долларлы депозитке қарағанда тиімдірек болды. Бірақ бұл инфляциясыз есеп қана", - дейді ол.


Ал инфляцияны қоссақ, онда картина өзгеріп шыға келеді екен.

"Биылғы теңгедегі инфляцияның қазіргі жылдық мәні - 8,5%. Онда 11,6+8,5 = 20,1. 20,1-13,6 = 6,5. Теңгедегі инфляция факторымен есептесек, биыл теңгелей депозит ұстағандар 6,5 пайызға минусқа кетті. Ал қазір АҚШ-та доллардың орташа инфляциясы 3% деңгейінде. 3-1 = 2. Сонда доллармен депозит ұстағандар 2% минуста".


Теңгені құлап бара жатқан рубль өзімен бірге төмен тартуда

"Себебі, Форекстегі рубльдің кросс-курсы Газпромбанкка 🤛 санкция салынғалы бері күрт құлады. Қазір Форекстегі бағамы 109,9. Рубль/теңге паритетін 5 деп санағанда ол 549,5 кросс-курсына, ал 4,7 деп санағанда ол 516,53 кросс-курсына тіреп тұр. Демек, Форекс қазір теңге рубль паритетін 4,7 деңгейінде қабылдағанын анықтай аламыз. 🏦Газпромбанк газ контракттары бойынша Еуропа және басқа да елдерден валюта әкеліп тұрған Ресейдегі жалғыз ресми канал болатын. Оның бұғатталуы нарықта ажиотаж туғызды және 🕶инвесторлардың рубльдан тезірек құтыла бастауына алып кетті. Қазір биржаларда барлығы жаппай рубль сатуда және Ресейде басқа валюталарды айтпағанда, тіпті юань тапшылығы қатты сезіледі", - дейді Айбар Олжай.


Доллар барлық әлемдік валюталардың "мұрнын қанатып жатыр"

"DXY индексі 106,2-ге жетіп отыр. Бұл 💵 барлық әлемдік валюталардың "мұрнын қанатып жатыр" деген сөз. Трамп антиглобалист және ол доллар инфляциясын болдырмауға уәде берген. Бұл инвесторлардың әлсіз валюталардан кетіп, доллардың айналасына қайта топтаса бастауына жол ашады. Шындығын айтсақ, теңгеге ауырлау заман келе жатыр. Оны осы қараша айындағы КАSЕ-дегі сауда-саттық көлемінен байқауға болады. Бір күндік орташа сауда көлемі рекордтық 240 миллион долларға жетейін деп қалды. Демек 🧑🏻‍💻инвесторлар теңгеден долларға жаппай ауысуда".


Ал енді мұндай жағдайда көп нәрседен тартып ұстап, аз-маз жинақтаған жинағы бар қарапайым азаматтарға қайткен дұрыс?

"Ең болмайтын іс – дәл қазір 🏃айырбастау бекетіне жүгіру. Қазір доллардың спекулятивті, эмоционалды толқында өсіп тұрған кезі. Ертең спекуляция көбігі басылғанда 🥺сіз ұтылып қаласыз. 2022 жылы Ресей соғыс ашқанда долларды 512 теңгеге сатып алған адамдарды жеке танимын. Олар екі жыл күтіп, сол курсқа енді ғана келіп отыр. Ұлттық банктің конвертациялы және интервенциялық жұмысының әсері келесі аптада анық байқалатын болады. Қатты 💵 алғыңыз келіп бара жатса, құрығында келесі аптаны күтіңіздер деп айтар едім", - дейді сарапшы Айбар Олжай.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
❤6👍5
💰 Доллар, алтын немесе депозит: қайсысы тиімді?

Теңгенің тұрақсыздығы ақшаны дұрыс басқарудың маңыздылығын көрсетеді. Қаржылық сауаттылық пен стратегия қазір бәрінен маңызды. Ақша менталитеті осы тұста бірнеше практикалық кеңесті назарыңызға ұсынады.

Теңгені стратегиялық жұмсау

Егер сізде 5 млн теңге жинақ бар болса және тұрмыстық техника немесе құрылыс материалдарын алуды жоспарласаңыз, доллардың өсуі бұл тауарлардың бағасын көтереді.

Айталық: Қазіргі техника бағасы 500 мың теңге, ал доллар бағамының 520-дан 550-ге дейін өсуі бұл тауардың бағасын кем дегенде 5-10%-ға қымбаттатуы мүмкін. Бұл шамамен 25-50 мың теңге шығын деген сөз.

Сондықтан жоспарланған сатып алуларды қазір жасаған дұрыс.


Жергілікті валютамен табыс әкелетін құралдарды қараңыз

Қазіргі 💰 теңгелік депозиттердің орташа жылдық табыстылығы 15-16% деңгейінде. Егер сіз 5 миллион теңгені 16%-бен 1 жылға салсаңыз: Сіздің табысыңыз 800 мың теңге болады.

Инфляцияны (8,5%) есепке алсақ, нақты табысыңыз шамамен 375 мың теңге деңгейінде.


Бұл теңгенің құнсыздануына ішінара төтеп беруге мүмкіндік береді.

Тауарлық инвестиция

Алтын сияқты құндылықтарға инвестиция жасау тиімді болуы мүмкін. Мысалы:

Қазіргі уақытта 1 грамм 🥇 алтынның бағасы шамамен 30 000 теңге. Егер доллар бағамы 520-дан 550-ге көтерілсе, алтынның да құны 5-10%-ға артуы мүмкін. Бұл әр грамм үшін 1500-3000 теңге табыс деген сөз.

Қысқа мерзімге болжам жасап, ұзаққа жоспарлаңыз

Егер қазір доллар бағамы 518 теңге, ал сіз ұзақ мерзімді өсімге сенсеңіз:

1000 доллар сатып алып, оның 550 теңгеге жеткенін күтсеңіз, таза пайдаңыз 32 000 теңге болады (550-518 = 32 теңге × 1000).

Бірақ бұл тек ұзақ мерзімде валюта тұрақсыздығын дұрыс болжаған жағдайда ғана тиімді.

Қаржыны бөліп-бөліп басқарудың 4️⃣ қарапайым қадамы келесідей:

Сатып алулар: Бағасы доллармен байланысты тауарларды қазір алуға тырысыңыз.


Доллар: Қажет болса, толық соманы бірден емес, бөліп-бөліп сатып алыңыз.

Депозит: Теңгеде қалатын бөлігін жоғары табысты депозитке салыңыз.

Инвестиция: Алтын, облигация немесе жылжымайтын мүлік сияқты құнды активтерді қарастырыңыз.

Елдегі қаржылық ахуалды бақылап отыр. Бізге тіркеле кет👇

https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4🙏2🥰1💯1
Forwarded from Dala Finance
⚡️Ұлттық банк базалық сыйақы мөлшерлемесін 14,25%-тен 15,25%-ке көтерді

Орталық банк түсініктемесі:

🤕Қазақстанда жылдық инфляция қазан айында 8,5%-ға дейін өсті. Бұл "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы мен теңгенің әлсіреуі салдарынан орын алуда. Оған қоса инфляцияның орнықты бөлігі де өсуде. 🧮Бюджеттің кіріс бөлігін орындамауға байланысты жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру есебінен экономика ішіндегі проинфляциялық қысым сақталуда.

🛢Базалық сценарийде Brent маркалы мұнайдың бағасы болжамды кезеңнің соңына дейін орташа есеппен бір баррель үшін 70 АҚШ долларына дейін төмендету жағына қарай қайта қаралды. Сценарий шарттары бағаның нақты динамикасын, Қытай тарапынан сұраныстың төмендеуін, әлемдік экономиканың баяулауын және Солтүстік және Оңтүстік Америкада өндірудің өсуін ескере отырып қалыптастырылған.

🧅2024 жылға болжанған инфляция 8-9%-ға дейін нақтыланды. 2025 жылға арналған болжам – 6,5-8,5%-ға дейін, 2026 жылға арналған болжам 5,5-7,5%-ға дейін өсу жағына қарай қайта қаралды. Инфляцияның орнықты бөлігі 2026 жылы 5%-ға жақын қалыптасады. Жалпы инфляция 2027 жылы нысанаға жақын қалыптасады деп күтіледі.

💪2024 жылға болжанған Қазақстан экономикасының өсуі 4-4,5% деңгейінде нақтыланды. 2025 және 2026 жылдарға арналған болжам тиісінше 4,5-5,5% және 4,6-5,6%-ға дейін қайта қаралды. Неғұрлым төмен болжамдар мұнайдың сценарийлік бағасының төмендеуіне және бірқалыпты сыртқы сұранысқа байланысты. Ұлттық банктің бағалауы бойынша болжамды кезең ішінде экономика ішкі ұсыныс мүмкіндіктерінен асып түсетін сұраныстың кеңеюі жағдайында өседі. Бұл орнықты түрде проинфляциялық қысым көрсететін болады.

💵Айырбастау бағамының әлсіреуі, инфляцияның өсуіне байланысты нақты мәндегі пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі, сондай-ақ оның алдағы жылдарға болжамдарының артуы аясында жиынтық ақша-кредит шарттары жұмсарды. Қаржы нарықтарында өскен құбылмалылықпен бірге бұл базалық мөлшерлемені көтеруді қажет етті.

🫵Қаржы және энергетика нарықтарындағы құбылмалылықты ескере отырып, Комитет инфляцияны орнықты баяулау траекториясына тезірек қайтару және 5%-дық таргетке жету үшін жақын арада шешім қабылдау кезінде ақша-кредит саясатын қосымша қатаңдату қажеттілігін мұқият бақылайтын болады.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Ұлттық банкке базалық мөлшерлемені төмендету цикліне оралуды тапсырған болатын. Алайда, кейбір сарапшылар, валюта нарығындағы соңғы екі күнгі жағдайға сүйене отырып, яғни теңгенің әлсіреуіне байланысты, керісінше реттеуші орган оны көтеруі мүмкін екенін болжаған. Базалық мөлшерлеме 2022 жылдан бері алғаш рет көтеріліп❗️ отырғанын еске сала кетелік.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
❤1
ҚР Парламент Сенатының депутаттары Дархан Қыдырәлі мен Әлішер Сатвалдиев “Түркі тілмаш” бағдарламасына қатысты. Ютубта видеоның астына “Нүкістен сәлем бәршеге, культурни жигитлер екен”, “Сенатор агалар өте сабатту экен. Кыргызчаны да жакшы билет экен” деп қарақалпақ, қырғыздар пікір білдірсе, “Керемет ойын болды. Біздің депутаттарымыз мықты екен” деп қазақтар да мақтаным жатыр.
https://youtu.be/MkHPcFSBM58?si=q8BDOjtfrVD8e8MV
👍5❤3🔥1😱1
Forwarded from DALA INSIDE
⚡️ Кипр 77 адамды "алтын төлқұжаттан" айырды: арасында қазақ жүр...

Кипр билігі "алтын төлқұжаттан" айырған 77 адамның тізімін жария етті деп жазады DALA INSIDE.

Politis басылымы жариялаған тізімде Maksat ARIP деген есім 50-ші орында тұр. Бұл Қазақстанның бұрынғы бизнес магнаты, Kazakhstan Kagazy компаниясының экс-басшысы Мақсат Әріп болуы ықтимал.

Кипр билігі азаматтықтан айыру бойынша шешімді елге инвестиция әкелген миллионерлердің қылмыстық және экономикалық әрекеттеріне байланысты қабылдаған. Тізімдегі қауымның жиырмадан астамы туған елінде осындай айыптаулармен тергеліп жатыр.

Мақсат Әріптің есімі Қазақстан мен халықаралық соттарда талай мәрте талқыланған. 2017 жылы Лондон соты одан және компанияның қаржы директоры Шынар Диханбаевадан $260 миллион өтемақы талап етті.


Мақсат Әріптің тұсында (2003-2008) компания Лондон қор биржасында листингке шығып, халықаралық инвесторлардан қаржы тартқан. Компанияның қарызға батып, банкротқа ұшырауы кезінде бұл қаражаттың белгілі бір бөлігі заңсыз немесе тиімсіз мақсаттарға жұмсалды деген күдік туды.

Қазақстанда Әріпке "аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деген айып тағылып, ол 2024 жылы наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды.

"Қазақстан Қағазы" компаниялар тобы 2001 жылы құрылған. Заманында қағаз және гофрленген қаптаманың Орта Азиядағы ең ірі өндірушісі болды. Холдинг құрамына "Kagazy Recycling" компаниясы мен макулатура сұрыптайтын "Kazakhstan Waste Recycling" ЖШС-ы кірді.

Қазақстанның "ескі гвардиясы" деп аталатын бай элита өкілдерінің түрлі оффшорлық жүйелер мен алтын төлқұжат бағдарламасына арқа сүйеуі бекер емес. 🇪🇺 Құны 2 млн еуродан басталатын "Алтын құжат" оларға халықаралық қаржылық жүйеде еркін қозғалу мүмкіндігін береді.

Капиталды сақтау, салық жеңілдіктері мен құқықтық баспана алу, "ыңғайсыз сұрақтардан" жалтаруға жәрдемдесу осы төлқұжаттың басты плүсі.


"Алтын құжаттан" қадір кетсе, "ескі Қазақстан" деп аталатын элитадан маза қашады. Кипрдің әрекеті дәл осындай системасы бар басқа елдердің бағдарламасына әсер ете ме?

Бұл туралы алдағы уақытта айтамыз. Бізге тіркеле кетіңіз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍3
⚡️ Той тойлаудың уақыты емес: Теңгенің құлдырауы тойшыл қауымға ой салуы тиіс...

Теңге әлсіреп, базалық мөлшерлеме 15,25%-ға көтерілген уақытта қаржыны ойланбай жұмсау болашаққа деген жауапсыз қадам деп жазады Ақша менталитеті.

Қазір қазақ қоғамы тойға миллиондаған теңге жұмсап, артық шығынға батып жатыр. Бірақ экономикалық тұрақсыздық кезеңінде бұл әдетке сыни көзқараспен қарап, қаржылық әдеттерімізді қайта қараудың уақыты келді.

Мысалы, орта есеппен той жасау үшін 💰 10 млн теңге жұмсалады. Егер осы қаржыны 📈 17%-бен депозитке салсаңыз, бір жылда 1,7 млн теңге табыс аласыз. Ал бұл қаражат 5 жыл ішінде капиталданған пайыздармен бірге шамамен 21,9 млн теңгеге жетеді.

Тойдан кейін қалған эмоция уақыт өте өшеді, ал осы қаражат сіздің отбасыңыздың ұзақ мерзімді тұрақтылығына қызмет ете алады.


Сізге айтар 3️⃣ қаржылық кеңес:

🔸 Тойдың орнына қаражатты жинақтаңыз немесе оны өсім беретін активтерге салыңыз.

🔸Қаржыны мақсатты түрде жұмсап, отбасының тұрақтылығын басты орынға қойыңыз.

🔸 Экономикалық тұрақсыздық кезеңінде артық шығындарға емес, болашаққа инвестиция жасаңыз.

Қазір тойдың орнын ақылмен жасалған қаржылық шешімдер басатын кез келді. Болашақтағы тұрақтылық пен байлық бүгінгі шешімдеріңізге байланысты.

Бізге тіркеле кет👇

https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤5
Өмірге_ғашық_болу_Санжар_Керімбай.pdf
6.4 MB
💥Өмірге ғашық болу
©️ Санжар Керімбай

Кітап туралы: Кітап 2018 жылы жарық көрді. Kітапта Санжар Керімбайдың логотерапия идеясында жазылған мақалалары жинақталған. Автор логотерапия ғылымындағы ауыр түсінік пен терминді қазақы формада тілге жеңіл етіп, қарапайым әңгіме жанрында түсіндірген. Франкл, Юнг сияқты психологтардың идеясын, негізгі ойын қарапайым түсінікте баяндайды.
Бұл кітап, әсіресе, жасөспірімдердің қатты қызығушылығын тудырды. “Өмірдің мәні не?” деген сұраққа автор өте қарапайым жауап береді.

Бізге тіркел👇

Электронды кітаптар
❤22👏5🔥2👍1
Forwarded from DALA INSIDE
⚡️ Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды...

Сонымен қатар, Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді.

Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/kegende-zamanbek-nurqadilovke-arnalgan-eskertkish-byust-ashildi.html
❤12👍7🔥2
Forwarded from DALA INSIDE
⚡️ Ғарыш кемесін хан Кененің басына алмастыруды ұсынған кәсіпкерге іздеу салынды

Бір жылдары "Боран" ғарыш кемесін хан Кененің басына айырбастауға дайын екенін айтып, Кремльге шарт қойған бизнесменге іздеу жарияланды жазады DALA INSIDE.

Бас прокуротураның мәлім еткеніндей Дәурен Мұсаның үстінен "алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалып, кәсіпкерді құрықтау туралы пәрмен берілген. Тергеу амалдарымен Алматы полициясы айналысуда.

Құқық қорғау органдарының нысанасына іліккен Дәурен Мұса КСРО-ның аса ірі жобасы, АҚШ-тың Space Shuttle бағдарламасына жауап ретінде жасалған "Боран" ғарыш кемесін 89 мың рубльге сатып алып, іріп-шіруге шақ қалған шатллды қайта қалпына келтірген еді.

Кейінгі жылдары Кремль жекенің қолына өткен "Боранға" қайта "құмартып", ғарыш кемесін "Роскосмостың" балансына қайтаруға тырысқан.

"Боран" біз үшін металл мен болттардың жиынтығы емес, советтік инженерияның ұлы жетістігі", - деп жазған еді осыдан төрт жыл бұрын компанияның сол тұстағы төрағасы Дмитрий Роғозин.

"Роскосмос" төрағасына дереу жауап қатқан Дәурен Мұса "шатлды хан Кененің басына айырбастауға дайын екенін" мәлімдеген-тін. Кәсіпкердің шарты Мәскеудің қытығына тигені анық еді. DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Ресей ғарыш кемесін "тарихи отанына қайтару" мақсатынан бас тартқан жоқ.


Осы орайда "кәсіпкердің үстінен қозғалған қылмыстық істе көршінің көлеңкесі көрінбей ме?" деген заңды сауал туындайды. Кәсіпкердің үстінен қозғалған қылмыстық іс пен Кремль көсемінің Астана сапары тұспа-тұс келгені түрлі ойға жетелейді.

Қалай болғанда да, кәсіпкерге тағылған айып мен оның айналасындағы ахуал Мәскеу үшін тиімді бағытта өрбіп жатқаны өтірік емес. Кәсіпкердің осыдан үш жыл бұрынғы мәлімдемесі өз басына таяқ болып тигендей әсер қалдырады...

Ресей қазақтың соңғы ханының басын қайтаруға асығар емес. Саяси сауданы кешірмейтін Кремль "Боранның" иесіз қалар сәтін тыпыршып күтіп отырса таңғалмаңыз.


Айтқандай, күні кеше Есілдің бойындағы хан Кененің мүсіні алынып тасталды. Әкімдік ескерткіштің іргесі іріп-шіри бастаған, құлау қаупі бар дейді. "Ұлысмедиадағы" әріптестерге сұхбат берген тарихшы Сұлтанхан Аққұлұлының айтуынша бұл кездейсоқ емес, "бәрі бір саясаттың, бір сценарийдің желісі".

DALA INSIDE жағдайды бақылауда ұстауда. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
😱11🔥4👍2❤1😢1
Forwarded from DALA INSIDE
🚂 ҚТЖ-ның жаңа басшысы туралы ауыр келіссөздер аяқталуға жақын

Астанада жабық консультация өткізген тараптар "Қазақстан темір жолы" ұлттық компания басшылығына Астананың қазіргі әкімі Жеңіс Қасымбек лайық деп тапқан сияқты. Ұсақ детальдар ғана қалды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Ақорда, Үкімет, Самұрық-Қазына үшеуі де ҚТЖ-дағы жағдайға мүлде риза емес. Компанияның қарызы 2,9 триллион теңгеге жетіп отыр. Ұлттық компания ескі қарызды жабу үшін жаңа қарыздар алуда. Нұрлан Сауранбаев бастаған қазіргі менеджменті ұсақ-түйек күнделікті сұрақтарды шешкенімен, жүйелі, күрделі, ұзақмерзімді шешімдер қабылдай алмады.

"Қасымбек ҚТЖ-ның психологиясы мен философиясын өзгерту үшін таңдалды. Себебі 30 жыл бойы Қазақстан темір жолы трансформациядан өте алмады. Ескі консервативті догма құрсауында келді", - дейді дереккөз.


Бірақ Жеңіс Қасымбек Астанада жаңа жылды өткізіп, қаланы әсемдеп, жаңа 2025 жылғы жұмыс күнін бастамай елорда әкімдігінен кетпеуі тиіс. Сауранбаевтар да 2024 жылғы бонустарын алу үшін толық календарлы жылды аяқтасын деген ойға тоқтаған.

Ал Астана әкімі креслосына кім келеді? "Ол сұрақтың жауабы ең үлкен кабинетте айтылады. Бірақ Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың шоқтығы биік. Ұсынылған үш кандидат арасында да Смайылов досьесі ұзақ талқыланды", - дейді дереккөз.

Мемлекет басшысының Әлихан Смайыловқа деген көзқарасы өте жақсы. Қазақтың Әлиханы өзінің ұлтқа деген қызметі, кәсібилігі мен адалдығы, және жұрт біле бермейтін қаржылық есеп стандарттарын шемішкедей шаға алатын деңгейімен танылған болатын.

Смайыловқа қатысты бір дилемма тұр. Ол әрине, Астана қаласын жайната алады. Бірақ оны әкім қыла отырып, біз Жоғары аудиторлық палатаны әлсіретіп алуымыз мүмкін. Қазір ЖАП Қазақстан мемлекеті үшін Астана әкімдігінен де маңызды орган болып тұр.

DALA INSIDE Қазақтың Әлиханының көңіл-күйін қалт жібермей қадағалап отырмақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
👍11❤2
🏦 Қазақтар ақшасын қай банкте сақтайды? Kaspi, Halyk және ЦентрКредит көш бастады...

2024 жылдың қазан айында қазақстандық банктердегі депозиттер көлемі 1,7%-ға артып, 39,3 трлн теңгеге жетті. Өсім негізінен 15 банкте байқалса, 6 банкте қаражаттың азаюы тіркелген.

Халықтың сенімі бойынша көш бастап тұрған 🏦 Kaspi Bank депозит көлемін 3%-ға өсіріп, 6,4 трлн теңгеге жеткізді. 🏦 Halyk Bank-тағы депозиттер 2%-ға өсіп, 11,9 трлн теңгеге жетсе, ЦентрКредит банкі 2,8%-дық өсіммен 4,6 трлн теңгені құрады.

Сонымен қатар, кейбір банктерде депозиттердің азаюы байқалды.


Jusan Bank депозиттерінің көлемі 1,8%-ға төмендеп, 1,5 трлн теңгеге дейін кеміген. Қытайдың Қазақстандағы еншілес банктерінде де жағдай аса мәз емес: Bank of China 285 млрд теңгеге, ал Индустриялық және Коммерциялық Банк (ICBC) 181 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Бұл тенденция салымшылардың сенімі азайғанын немесе нарықтық бәсекелестіктің күшейгенін білдіруі мүмкін.

Ең аз депозиттер ADCB және Заман банкінде тіркелген – сәйкесінше 15,6 млрд және 26,4 млрд теңге. Бұл көрсеткіштер исламдық банкингтің әзірге кең танымал бола қоймағанын көрсетеді.

Желтоқсан айында депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгертілді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлемені 13,8%-дан 14,8%-ға дейін көтерсе, сақтық депозиттер бойынша мөлшерлемені сәл төмендеткен.

Осынау өзгерістер салымшылар үшін банктерді таңдау кезінде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Kaspi, Halyk және ЦентрКредит депозиттерді тартуда сенімді көшбасшылар болса, басқа банктерде клиенттер сенімі үшін күрес күшейіп жатыр.

Бізге тіркеле кет👇

https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤4
Forwarded from DALA INSIDE
💸 Орыстарда доллар жоқ! Теңгенің құлдырауына ресейлік компаниялар себепкер болды - сарапшы

Экономист Расұл Рысмамбетов ақша айырбасына қатысты шындықты жайып салды.

"Рубльмен табыс табатын ресейлік, сол секілді кейбір отандық компаниялар алдымен жаппай теңге сатып алады, содан соң долларды сатып алуға көшуде. Меніңше, Қазақстандағы қор биржасындағы сауда-саттықтың жоғары көлемі осымен байланысты".

Осылай деген экономист Расұл Рысмамбетов Ұлттық банк пен Үкімет алдында шешуі тиіс күрмеуі қиын үлкен мәселе тұрғанын айтады, деп хабарлайды DALA INSIDE.

"Қазір олар кез-келген бағада доллар сатып ала береді, өйткені бұл долларды ресейлік тауарларға айырбастау өте тиімді болып тұр. Осылайша олар Қазақстанды ірі ақша айырбас орнына айналдыруда", - деп жазады сарапшы.

Ол қараша айының соңында Ресей Федерациясына шетел валютасы түріндегі түсімінің басты көзінің бірі болып келген "Газпромбанкке" қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін жағдай күрделене түскенін еске салады.


"Мосбиржада доллармен сауда-саттық жасауға тыйым салынды. Сондықтан рубльге шаққанда доллар құны өзгере береді, 100 рубль дейсіз бе, 1000 рубль дейсіз бе, бәрібір. Өйткені оларда доллар жоқ. Ресейдің іскерлік қауымы шетел валютасы тапшылығы қылаң бергенін жақсы түсініп отыр", - дейді экономист.

Сондықтан, ең бірінші кезекте, Ресей тарапынан долларға деген сұраныс қатты болып тұр.

"ЕАЭО-ны алмағанның өзінде Ресеймен біз белсенді түрде сауда-саттық жүргіземіз. Сондықтан ресейлік тауарларды сатып алу арнасын жабу – ақылға қонымсыз.

Ендеше ресейлік нарықтағы дүрбелең ақша бағамы мен инфляция арқылы бізге келіп жете береді.


Теңге бағамы рубльге байланбаған, тек Қазақстан мен Ресей экономикасы – көршілес, аралас-қоралас дегендей. Сондықтан оларда болып жатқан оқиғалардың ықпалынан біз жалтара алмаймыз. Сол себепті енді Ұлттық банк пен Үкімет шетелдіктердің банктер арқылы шаңсорғыш құсап "Қазақстаннан валютаны" сора бермес үшін ерекше шаралар қабылдауға мәжбүр болады, – дейді сарапшы.

Осы жағынан алғанда, маманның айтуынша, Трамп биліктің басына келіп, Украинадағы соғыс мәселесін шешкенге дейін қыруар ресурс шығындалайын деп тұрған секілді.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Қазақстанда 23 мың ресейлік компания жұмыс істейді, оның 4 мыңы соңғы жылдары ашылған. Көрші елдің іскерлік ортасының жылы орнын суытып, үдере көшуіне санкция түрткі екені анық.

DALA INSIDE жағдайды бақылауда ұстауда. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👍7👎1
⚡️ Тимур Турлов не дейді...

Қазақстанда теңгенің бағамын нарыққа толықтай еркін жіберу дұрыс емес. Өйткені бұл теңгенің тұрақсыз болып, бағамының жиі құбылуына әкеледі. Турлов оның орнына, басқа елдердің тәжірибесін қолдануымыз керек деп санайды.

Мысалы, Азербайжан, Армения, Қытай, БАӘ сияқты елдерде валюта бағамын үкімет пен ұлттық банктер бақылайды. Олар валюта бағамының тым қатты өзгеруіне жол бермейді, соның арқасында инфляция төмен, экономика тұрақты.

Сонымен қатар, Турлов Қазақстандағы пайыздық мөлшерлеме (мысалы, базалық мөлшерлеме 15,25%) тым жоғары екенін айтады. Бұл несиелерді қолжетімсіз етіп, қарапайым адамдар мен кәсіпкерлер үшін ақша алуды қиындатады.


🇺🇸 АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме 5%-ға жуық. Турловтың ойынша, Қазақстан бұл айырмашылықты азайтып, пайыздық мөлшерлемені төмендетуі керек. Егер айырмашылық 2-3%-ға дейін азайса, экономика өсіп, инвесторлар Қазақстанға көбірек ақша сала бастайды.

Теңгенің бағамы тұрақты болса, ел экономикасына сенім артып, импорттық тауарлар қымбаттамайды. Бірақ мұндай саясатты іске асыру үшін мемлекет ұлттық валютаға көп ақша жұмсауға мәжбүр болады, ал бұл оңай шаруа емес.

Турловтың ұсынысы Қазақстан валюта бағамын қатаң бақылап, инфляция мен теңге құнсыздануын азайтуға бағытталған қадамдар жасауы керек.

https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4🔥2😢1
Forwarded from DALA INSIDE
⚡️ Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі кен орындарын 🇨🇳 қытай инвесторлары сатып алуда

Мәселен, Энергетика министрлігі ұйымдастырған соңғы онлайн аукционда мұнай мен газ қорына бай 6 кен орнының бесеуін Қытай мен Сингапурдан келген инвесторлар сатып алған деп жазады DALA INSIDE upstreamonline таратқан мәліметке сүйеніп.

Сауда барысында ең жоғары бағаны Sozak Oil & Gas компаниясы ұсынған екен. Геобарлаумен айналысатын компания Ұлытау облысындағы бастапқы бағасы 73 миллион теңгеге бағаланған Бестақыр учаскісі үшін 23,4 миллиард теңге (шамамен $45 миллион) көлемінде өтінім берген.

Компания Қазақстанда тіркелгенімен, негізгі акционері ретінде Нидерландта тіркелген Sino-Science Netherlands Petroleum компаниясы көрсетілген. Соңғы иесі қытайлық Хуэй Лин деп тұр.


Компания аукцион шартына сай 17 желтоқсанға дейін келісілген соманы толық төлесе, оған осы аумақта мұнай мен газды барлау және өндіру құқығы беріледі.

🔸Бестақырдың аумағы 4700 шаршы шақырымнан асып жығылады. Әзірге мұнда ірі кен орындары табылған жоқ, дегенмен дәл іргесіндегі Құмкөлдың мұнай қоры шамамен 1 миллиард баррельге бағаланып отыр.

Құмкөлдің өзін қазір Turgai Petroleum және PetroKazakhstan Kumkol Resources бірлесіп игеруде. Екеуі де Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясымен қойын-қолтықтасып жұмыс істейді.

Аукциондағы екінші ең жоғары өтінімді Kazakhstan Zhonghengyongsheng Energy компаниясы берген. Олар Атыраудағы 1977 жылы ашылған Кұлсары учаскісі үшін 2,6 миллиард теңге ұсынған. Компания Сингапурда тіркелген Weiye Trading-ке тиесілі.

Үшінші орынды Pro Explore Mining Company түйіндеп отыр. Олар Атырау облысындағы Қиғаш аумағы үшін 1,7 миллиард теңге ұсынған. Бұл компанияның түп иесі де қытай бизнесмені.

Компания Қазақстанда екі-үш ай бұрын ғана тіркелген. Бұған қарап "бұлар арнайы осы аукционға қатысу үшін құрылған болуы мүмкін" деген болжам жасауға болады.


Қалған үш учаскі де Қытай мен Сингапурдан келген инвесторлардың бақылауына өткен.

Upstreamonline-ның дерегінше, Astana Guangming Mining мен HarmonyOre Mining Company Қытайдан келген инвесторлармен тығыз байланысты. Былайша айтқанда, бұлардың артында шетелдік капитал тұр.

"Аукционның ерекше назар аударар тұсы кей компаниялардың күні кеше ғана тіркеліп, қысқа мерзімде стратегиялық активтерге қол жеткізгені. Айталық, қыркүйекте тіркелген компанияның ірі жер телімдерін иеленуі аукционның әділетті өткеніне күмән туғызады", - деп пайымдайды DALA INSIDE.

Шетелдік инвестицияның қажеттілігі түсінікті, алайда мұндай мәмілелердің ашықтығы мен ұлттық мүддеге сәйкестігі жіті назарда болуы керек.

Бұл туралы алдағы күндері айтамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қыз – зат емес! Депутат Жаңбыршин эмоционалды үндеу жасады...

Мәжілісте депутат Еділ Жаңбыршин қыздарды еркінен тыс алып қашу мәселесін көтеріп, ел назарын аударды.

Ол мұндай әрекеттердің тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететінін атап өтті.


«Мен ондай жігіттерді түсінбеймін. Қазақта «Қыз – қонақ» деген сөз бар. Ер жігіттің парызы – қыздың көңілін тауып, өзіне сенім артуына жол ашу. Ал қызды көшеден күштеп алып қашу – бұл нағыз ұятсыздық. Қыз зат емес, тауар емес, ол – адам!» – деді Жаңбыршин өз сөзінде.

Депутат қыз алып қашу дәстүр деп танылған кейбір жағдайлардың қоғамға тигізетін кері әсерін ерекше атап өтті. Ол бұл мәселені ұлттық қауіпсіздік деңгейінде қарастыру керек деген ой айтты.

«Мұндай жағдайлар біздің ұлттық мәдениетімізді қорлайтын әрекет. Бұл тек жеке отбасылық мәселе емес, бұл – ұлттық моральдың құлдырауының белгісі. Біз ондай әрекеттерді қатаң жазалап, жас ұрпаққа дұрыс үлгі көрсетуіміз қажет!» – деп түйіндеді депутат.

Депутаттың үндеуі көпшіліктің қызу талқысына түсіп, түрлі пікір туғызуда.

Қалай ойлайсыз, қыз алып қашу дәстүр ме, әлде жабайылық па?

Электронды кітаптар
👍31❤13💯5👏4🔥1🥰1
💰 Теңгедегі депозиттерге кәмпенсация төлене ме?

2022 жылы доллар бағамының күрт өсуі кезінде Ұлттық банк теңгелік депозиттерге арнайы компенсация бағдарламасын енгізген еді деп жазады Ақша менталитеті.

Бұл шешім азаматтардың жинақтарын қорғау және теңгеге деген сенімді сақтау мақсатында қабылданған болатын. Бірақ, бүгінгі күні бұл механизм қайта қолданылмайды. Неліктен?

Ұлттық банк төрағасы 🇰🇿 Тимур Сүлейменовтің айтуынша, сол кезеңдегі ахуал қазіргіден мүлдем бөлек. 2022 жылы геосаяси шиеленістердің әсерінен доллар бағамы 400 теңгеден 530 теңгеге дейін күрт өсті. Ол кезде депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі 8-9% аралығында болған, ал қазіргі таңда бұл көрсеткіш 15%-ға дейін жетті. Яғни, қазіргі депозиттер өз алдына әлдеқайда жоғары табыстылықты қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар, Сүлейменов мемлекет бюджетінің қазіргі шектеулеріне назар аударды.

Компенсация бағдарламасы үлкен қаржылық шығындарды талап етеді, ал қазір мемлекеттің қаржы ресурстары шектеулі.


"Теңгедегі депозиттер доллармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді және қарапайым. Сондықтан, осындай бағдарламаны қайта енгізу жоспарланып отырған жоқ," – деді ол.

Қысқаша айтқанда, Ұлттық банк қазіргі депозит мөлшерлемелерін жеткілікті жоғары деп санап, қосымша қолдауды қажетсіз деп тауып отыр.

https://t.me/aqsha_mental
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1