Forwarded from DALA INSIDE
🤜 «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының басшылығы келесі аптада «таяқ» жемек
2024 жылы Қазақстанға тікелей инвестиция тарту минусқа кіріп кетіп, оның таза ағыны минус 2,55 миллиард долларды көрсеткен. Бұл соңғы 30 жылда болмаған ең нашар және масқара көрсеткіш. Қазақстан инвестиция бойынша бүкіл Орталық Азия аумағының аутсайдеріне айналып отыр. Тіпті дәстүрлі аутсайдер Тәжікстан 291 миллион доллар инвестиция тартып, Қазақстаннан 10 есе озып кеткен. Ал Өзбекстан тікелей шетелдік инвестицияның таза ағынында Қазақстаннан жүз есе озып кетіп, 2,8 миллиард доллар тарта білген.
Өз кезегінде «Kazakh Invest» былтыр негізгі капиталға салынған инвестициялардың Орталық Азия бойынша бізде ең көп болғанын айтып ақталуда. Ол көрсеткіш 41 миллиард доллардан асқан. Сонымен бірге, компания инвестицияның баяғыдай шикізаттық бағыттан кетіп, сапалы бағыттарға, әсіресе химия, металлургия, инфрақұрылымға келіп жатқандығын алға тартады.
«Негізі Қазақинвестты көп шырылдатпаса да болады», - дейді, дереккөз. Оның айтуынша, бұл ұлттық компания тек кішкентай және орташа инвесторлармен өз платформасында жұмыс істейді. Және елге келіп жатқан ірі инвестицияларда Қазақинвесттың еш әсері жоқ. 2023 жылғы рекордты инвестициялар шикізатқа қатысты болды. Мысалы, Теңізшевройлдың Теңіз кенішін кеңейту жобасы үлкен рөл ойнады. Ондай кездерде Қазақинвестпен ешкім ақылдаспайды да. Ірі тұлғалар өзара кездесіп, мәселені шеше салады. Жалпы, «Kazakh Invest» бар болса да, жоқ болса бізге келген, келмеген инвестицияларда оның ешқандай әсері жоқ.
Іші бос, еш пайдасы жоқ, не істеп не қойып жүргенін білмейтін мұндай ұйымға акционерлік қоғам және ұлттық компания статусы тым артық сияқты. Сондықтан болашақта ол кішірейіп, ұлттық статусынан айрылып, ЖШС формасындағы шағын фирма болып қалуы мүмкін. Келесі аптада бір өзгеріс болары хақ.
https://t.me/dalainside

«Ақорда кабинеттерінде тікелей инвестицияға жауапты «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы бір жыл бойы не бітірді?» деген заңды сұрақ қойылды. Компанияның бүкіл топ-менеджменті және басқарма төрағасы Ержан Елекеевтің жұмыс нәтижесіне өте нашар баға беріліп отыр. Кадрлық шешімдер жақын арада жариялануы тиіс», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Өз кезегінде «Kazakh Invest» былтыр негізгі капиталға салынған инвестициялардың Орталық Азия бойынша бізде ең көп болғанын айтып ақталуда. Ол көрсеткіш 41 миллиард доллардан асқан. Сонымен бірге, компания инвестицияның баяғыдай шикізаттық бағыттан кетіп, сапалы бағыттарға, әсіресе химия, металлургия, инфрақұрылымға келіп жатқандығын алға тартады.
«Негізі Қазақинвестты көп шырылдатпаса да болады», - дейді, дереккөз. Оның айтуынша, бұл ұлттық компания тек кішкентай және орташа инвесторлармен өз платформасында жұмыс істейді. Және елге келіп жатқан ірі инвестицияларда Қазақинвесттың еш әсері жоқ. 2023 жылғы рекордты инвестициялар шикізатқа қатысты болды. Мысалы, Теңізшевройлдың Теңіз кенішін кеңейту жобасы үлкен рөл ойнады. Ондай кездерде Қазақинвестпен ешкім ақылдаспайды да. Ірі тұлғалар өзара кездесіп, мәселені шеше салады. Жалпы, «Kazakh Invest» бар болса да, жоқ болса бізге келген, келмеген инвестицияларда оның ешқандай әсері жоқ.
«Kazakh Invest деген барда жалаңаш билеп тұрған қыз сияқты. Барға келген адам вискиге тапсырыс бере ме, бермей ме, оны билеп тұрған қыз емес, адамның қалтасындағы ақша көлемі, жалпы көңіл-күйі, ниеті шешеді ғой. Сол сияқты Қазақинвест пен инвестицияның арасында ешқандай байланыс жоқ», - дейді, дереккөз.
Іші бос, еш пайдасы жоқ, не істеп не қойып жүргенін білмейтін мұндай ұйымға акционерлік қоғам және ұлттық компания статусы тым артық сияқты. Сондықтан болашақта ол кішірейіп, ұлттық статусынан айрылып, ЖШС формасындағы шағын фирма болып қалуы мүмкін. Келесі аптада бір өзгеріс болары хақ.
https://t.me/dalainside
❤12👍1
Forwarded from Қазақша кітаптар
Шәкен Күмісбайұлы - Қанжығалы Бөгенбай
«Аруна» баспасы сіздерге арнап «Шығыстың ұлылары» атты топтаманың жалғасын ұсынады. Балалар мен ересектерге арналып жазылған бұл көркем суретті туындыда қазақ-жоңғар соғысында елін, туған жерін ерлікпен қорғаған қолбасшы, жекпе-жектерде ешкімнен жеңіліс көрмеген қазақ елінің бас батыры Қанжығалы Бөгенбайдың өмірі мен күрес жолдары толық әрі әсерлі баяндалады.

❤11👍1
Forwarded from Қазақша кітаптар
Қанжығалы Бөгенбай.epub
451 KB
Forwarded from ORDA
Новый подход к старым объектам: политолог оценил работу советников главы кабмина
Около года формировался состав советников главы кабмина. Ералы Тугжанов и Ермек Маржикпаев на своих постах почти год. Нурлан Уранхаев занял должность совсем недавно — в мае этого года.
Политолог Талгат Калиев высказался о важности должности, которая раньше часто воспринималась как символическая. Сегодня они ездят по регионам и курируют конкретные проблемные направления.
Советники выступают в качестве связующего звена между правительством и исполнительной властью на местах.
Одну из самых проблемных тем — подготовку к отопительному сезону (и состояние коммунальной инфраструктуры) — теперь курирует Ермек Маржикпаев, в том числе отвечая за системные риски в городах с устаревшими ТЭЦ. За последние месяцы Маржикпаев побывал в десятках городов, включая Экибастуз, Риддер, Жезказган, Балхаш, Темиртау.
По словам Калиева, новый советник премьера оценивает проблемы не только в контексте технического состояния инфраструктуры, но и в контексте кадрового обеспечения (и в целом — как «вопрос национальной безопасности»).
Политолог отмечает, что ему придётся «пожинать плоды беспечности своих предшественников и в условиях дефицитного бюджета изыскивать деньги на ремонт и модернизацию инфраструктуры».
• Фото: открытые источники, ИА Eurasia-policy.
t.me/orda_kz

«Если в прежние времена на этих позициях можно было увидеть ноунеймов без всякого бэкграунда или списанных пенсионеров, то сейчас в команде целых три бывших акима областей — Ералы Тугжанов, Ермек Маржикпаев и Нурлан Уранхаев. Первые двое запомнились активными выездами в регионы по вопросам ликвидации последствий паводков.
Судя по новостям, сейчас в функционале у Нурлана Уранхаева — вопросы строительства. Учитывая его архитектурный бэкграунд, в этой сфере он более чем компетентен, а соответственно, справится со своими задачами лучше многих», — заявил политолог.
Одну из самых проблемных тем — подготовку к отопительному сезону (и состояние коммунальной инфраструктуры) — теперь курирует Ермек Маржикпаев, в том числе отвечая за системные риски в городах с устаревшими ТЭЦ. За последние месяцы Маржикпаев побывал в десятках городов, включая Экибастуз, Риддер, Жезказган, Балхаш, Темиртау.
По словам Калиева, новый советник премьера оценивает проблемы не только в контексте технического состояния инфраструктуры, но и в контексте кадрового обеспечения (и в целом — как «вопрос национальной безопасности»).
Политолог отмечает, что ему придётся «пожинать плоды беспечности своих предшественников и в условиях дефицитного бюджета изыскивать деньги на ремонт и модернизацию инфраструктуры».
• Фото: открытые источники, ИА Eurasia-policy.
t.me/orda_kz
❤6
Демалыс күндері Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады?
Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!
Алматыда сізді "Композитор" фильмінің көрсетілімі, AIGA чемпионаты, түрлі қызықты көрмелер, Астанада да көрмелер күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы.
Сілтеме төменде
https://t.me/uidezhatpa

❤7
Forwarded from DALA INSIDE
🛩️🇰🇿 Талғат Ардан күз басталмай тұрып Қазақстанға жеткізіледі
Түркия құзырлы органдары Антальяда ұсталған Талғат Арданды көп ұзамай Қазақстанға экстрадициялауға қарсы емес. Бейресми каналдар арқылы Ресей жағы да Ардан мәселесіне ендігі қызықпайтынын жеткізген дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Мәселені Иманғали Нұрғалиұлы тарапынан «президенттік сайлауға қатыспаймын» деген гарантия алу арқылы шешуге болады. Бірақ, іс насырға шауып бара жатса, Ақорданың қолындағы компромат папкасы ауырлау болу үшін қылмыскер деп танылған LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданның "показаниесі" керек екені түсінікті. Ресей Арданның Түркиядан экстрадициясын жасырын тежемейтін болса, 2027 жылға дейін осы папканы толықтырып қоюға мүмкіндік бар.
LRT – Қазақстандағы коррупцияның ескерткіші ретінде тарихта қалған жоба. Онымен байланысқан кез-келген саясаткердің қолы былғанады. Және үлкен саяси амбицияларын тежеп қоймақ.
Биыл қыста Иманғали Тасмағамбетов ОДКБ төрағасы қызметін босатады. Ары қарай Қазақстан бұл саясаткермен не істейді деген сұрақ туындайды. Нұрғалиұлына Еуразиялық экономикалық комиссияны басқарту бойынша біршама идеялар бар. Салмақты беделін Одақтағы Қазақстан позициясын қорғауға пайдалану бойынша да ойлар айтылған.
Тек бір зат түсініксіз болып тұр. Тасмағабетовке қазақ мүддесі жақын ба, әлде Ресей мүддесі жақын ба? Осы сұрақта әлі күнге дейін консенсус табылмады.
https://t.me/dalaniside

«Росатомның Қазақстандағы бірінші АЭС-ті салатыны жарияланғанша, «Ардан-Тасмағамбетов» факторы Кремльдің қолындағы джокер болып отырған. Астана жақсы дипломатиялық маневр жасағандықтан, енді Тас картасымен ойнау Ресей үшін қисынсыз. Сондықтан ол күн тәртібінен кетеді. Бірақ Сол жағалау 2027 жылға дейін «Тасмағамбетов мәселесін» біржақты қылуы тиіс», - дейді, дереккөз.
Мәселені Иманғали Нұрғалиұлы тарапынан «президенттік сайлауға қатыспаймын» деген гарантия алу арқылы шешуге болады. Бірақ, іс насырға шауып бара жатса, Ақорданың қолындағы компромат папкасы ауырлау болу үшін қылмыскер деп танылған LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданның "показаниесі" керек екені түсінікті. Ресей Арданның Түркиядан экстрадициясын жасырын тежемейтін болса, 2027 жылға дейін осы папканы толықтырып қоюға мүмкіндік бар.
«Негізгі және ең құнды куәгер Талғат Ардан емес, LRT-ның іздеуде жүрген соңғы фигуранты Қанат Сұлтанбеков. Ол АҚШ-та жасырынып жүр. Тасмағамбетовке қарсы жазған хаты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Егер «Жаңа Қазақстан» онымен келісімге келіп, елге алдырып, тергеуге келістірсе, нағыз қажет мәліметтер сол кезде пайда болады. Себебі Қанат Сұлтанбеков Тасмағамбетовтың Астана қаласының әкімі кезінде орынбасары болып қызмет етті. Ол шынымен де көп нәрсе біледі», - дейді, дереккөз.
LRT – Қазақстандағы коррупцияның ескерткіші ретінде тарихта қалған жоба. Онымен байланысқан кез-келген саясаткердің қолы былғанады. Және үлкен саяси амбицияларын тежеп қоймақ.
Биыл қыста Иманғали Тасмағамбетов ОДКБ төрағасы қызметін босатады. Ары қарай Қазақстан бұл саясаткермен не істейді деген сұрақ туындайды. Нұрғалиұлына Еуразиялық экономикалық комиссияны басқарту бойынша біршама идеялар бар. Салмақты беделін Одақтағы Қазақстан позициясын қорғауға пайдалану бойынша да ойлар айтылған.
Тек бір зат түсініксіз болып тұр. Тасмағабетовке қазақ мүддесі жақын ба, әлде Ресей мүддесі жақын ба? Осы сұрақта әлі күнге дейін консенсус табылмады.
https://t.me/dalaniside
❤13👍2
Forwarded from DALA INSIDE
🏦 «Еуразиялық банк» үшін талас басталды
Қазақстандағы банк конгламераттары жедел іріленуде. Halyk – Altyn bank, Kaspi – Alatau City альянстарының қатарына жақында Forte – Home Credit группировкасы қосылды. Енді Тимур Турловтың Freedom жүйесі мен Бақтияр Бәйсейітовтың ЦентрКредит тобы да осы бәйгеден қалғысы келмейді. Оларға активтерін кәдімгідей арттыра алатын бір ғана қаржы институты бар. Ол – «Еуразиялық банк».
Шухрат Ибрагимов Еуразиялық банкті мүлде сатқысы келмей ме, әлде оған ұсынылған баға ұнамай отыр ма? Және бұл банктің әділ бағасы қанша?
2024 жылдың қорытындысы бойынша банк капиталы 399 миллиард теңгеге жетер-жетпес болып тұрды. Активтері 3,1 триллион теңгеден асты. Міндеттемелері 2,7 триллион теңгені құрады. Жылына орта есеппен банк 80 миллиард теңге таза кіріс алады. Мемлекетке 150 миллиард теңге қарызы бар. Сонда гудвилын қоса алғанда Еуразиялық банк кем дегенде 1 миллиард доллар тұруы тиіс. Бірақ оны үш акционерге бөлсек, әрқайсысына 300 миллион доллардан астам сома шығып тұр.
Егер Еуразиялық банк сатылмай қойса, онда резервті тізімде Нұрбанк бар. Өз бизнес-моделін нақтылай алмаған бұл қаржы институтына нарықтың қолайлы шағында сатылу жаман шешім емес. Сондықтан биыл Қазақстанның қаржы секторында тағы да бір банктың сатылуын көретініміз анық.

«Қосымша банк сатып алып үлгермеген екі олигарх Еуразия тобын жағалап жүр. Келіссөздердегі басты проблема – Еуразиялық банктің үш тең акционері арасында өзара бітім жоқ. Шодиев пен Машкевич тарапы банкті жақсы сомаға сатып, сектордан кеткісі келеді. Ал оған үшінші акционер Шухрат Ибрагимов келіспей отыр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Шухрат Ибрагимов Еуразиялық банкті мүлде сатқысы келмей ме, әлде оған ұсынылған баға ұнамай отыр ма? Және бұл банктің әділ бағасы қанша?
2024 жылдың қорытындысы бойынша банк капиталы 399 миллиард теңгеге жетер-жетпес болып тұрды. Активтері 3,1 триллион теңгеден асты. Міндеттемелері 2,7 триллион теңгені құрады. Жылына орта есеппен банк 80 миллиард теңге таза кіріс алады. Мемлекетке 150 миллиард теңге қарызы бар. Сонда гудвилын қоса алғанда Еуразиялық банк кем дегенде 1 миллиард доллар тұруы тиіс. Бірақ оны үш акционерге бөлсек, әрқайсысына 300 миллион доллардан астам сома шығып тұр.
«Олигархтар 2 миллиард доллар ұсынса Еуразиялық банкті келістіруге болатын сыңайлы. Бірақ оған Турлов пен Бәйсейітовтың басы бос ақшасы жоқ. Мысалы, Forte тобы Home Credit банкін шамамен 1 миллиард долларға сатып алды. Ол кезде Home Credit меншікті капиталы 200 миллиард теіге болып тұрған. Сондықтан көп дегенде Еуразиялық банк акционерлеріне 800 миллиард теңге ұсынылуы мүмкін», - дейді, дереккөз.
Егер Еуразиялық банк сатылмай қойса, онда резервті тізімде Нұрбанк бар. Өз бизнес-моделін нақтылай алмаған бұл қаржы институтына нарықтың қолайлы шағында сатылу жаман шешім емес. Сондықтан биыл Қазақстанның қаржы секторында тағы да бір банктың сатылуын көретініміз анық.
https://t.me/dalainside
❤11👍3
Forwarded from Қазақша кітаптар
Еркін Байғабылұлы - Ядролық зұлмат
Белгілі журналист Еркін Байғабылұлының бұл кітабында ел өміріндегі саяси-экономикалық, мəдени-əлеуметтік өзгерістерге əлем елдері тəжірибесімен салыстыра отырып, сараптама жасалады. Автор ядролық зұлмат қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекетіміздің ғаламдық бастамалары мен бүкіл əлемді алаңдатқан ядролық қауіпсіздік түйткілдеріне қатысты ой толғайды. Шетелдік іссапарлардан түйген пікір-ұсыныстарын ортаға салады. Журналистік қызметтің қыр-сырымен бөліседі. Кітап қалың көпшілікке арналған.

❤3👍2
Forwarded from DALA INSIDE
🗡️ Кексельден кек қайтаратын кез келді
Антикордың экс басшысы (Ұлттық бюро) Талғат Татубаевтың ұсталуымен Нигматуллин-Қожамжаров кланы толықтай күйретіліп, өз өмірін тоқтатты. "Жаңа Қазақстан" сенатор Қайрат Қожамжаровтың алқымына бір табан жақындай түсті.
DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше "Парламенттегі өкілеттілігі біткеннен кейін Қайрат Пернешұлының өмірі қиындай түседі". Татубаевтың түрлі тапсырмаларын екі етпей, резонансті істердің шоқпар тергеушісі болған Олеся Кексель де жақын арада ұсталуы тиіс. Ол да азаптауға қатысты қылмыстық іс орбитасында жүр.
Ал Татубаевті ардагер журналист Сейітқазы Матаевтың киесі ұрды. Тіпті Назарбаев та президент кезінде Матаевты куғындауды құптамаған болатын. Бірақ Нұрлан Нигматуллин бой бермей қойған. Ақыры Татубаевтар әкелі-балалы Матаевтарды жазықсыз қудалап, түрмеге тоғытты. Матаевтар өз кінәсін мойындаған жоқ. Артынан оларды "Жаңа Қазақстан" толығымен ақтап шықты.
Белгілі журналист Әсет Матаев азаптау бабы бойынша ұсталған бұрынғы генерал Талғат Татубаевқа қатысты өзінің басынан өткен оқиғаны еске алып, фейсбукта жазба қалдырған. Оның сөзінше, 2016 жылы ол қаржы полициясы басшысының орынбасары Талғат Татубаевпен екі рет кездескен. Сол кезде финпол өкілі Матаевтар отбасына Қылмыстық кодекстің 65-бабы (кінәсін мойындап, шын өкінгені үшін жауапкершіліктен босату) бойынша кінәні мойындауды ұсынған.
Журналистің айтуынша, сол іс бойынша бірнеше танымал тұлға – Жоғарғы соттың сол кездегі баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков (қазіргі Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары), «Қазақтелекомның» вице-президенті Маханбетажиев, Ақпарат комитетінің бұрынғы төрағасы Берсебаев секілді шенеуніктер қамауға алынған. Бірақ олар қысымға төтеп бере алмай, бір күн тергеу изоляторында отырған соң, қаржы полициясы қойған шарттарға келіскен.
Сондай-ақ ол Жоғарғы соттың сол кездегі баспасөз хатшысы Болат Кальянбековтің кейінірек белгілі құқық қорғаушы, «Әділ сөз» қорының жетекшісі Тамара Калееваға хабарласып, Матаевтарды кінәні мойындауға көндіруін сұрағанын атап өтті. Матаевтың айтуынша, Кальянбековтың үстінен қозғалған іс 2021 жылы Қаңтар оқиғасының алдында жабылып қалған.
Әсет Матаев әкесінің түрмеден шыққан соң, медиафорумда «Тенгриньюс» жетекшісі Батыр Қазыбаевтың келіп, кешірім сұрағанын да айтты. Қазыбаев ақпарат құралында Матаевтарға қарсы материалдар шығару туралы тапсырманы жоғарыдан алғанын мойындаған.
Журналист бұл жазбаны кек алу мақсатында емес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз болашағын ойлансын деген ниетпен жариялағанын атап өтті.
Татубаев өзі құруға көмектескен системаның құрбаны болды. Кексельді де, Қожамжаровты да осындай тағдыр күтіп тұр.

"Кексель көптеген ықпалды кландардың аяғын басқан адам. Оның істеген істерін ешкім ұмытқан жоқ. Шағын заң бұзушылықтары бар, айтарлықтай қателіктері бар, бәрі жіпке тізілуде. Көп адам тергеуге көмектескісі келеді. Кексельдің үстінен куәгер болғысы келетіндер аз емес", - дейді дереккөз.
Ал Татубаевті ардагер журналист Сейітқазы Матаевтың киесі ұрды. Тіпті Назарбаев та президент кезінде Матаевты куғындауды құптамаған болатын. Бірақ Нұрлан Нигматуллин бой бермей қойған. Ақыры Татубаевтар әкелі-балалы Матаевтарды жазықсыз қудалап, түрмеге тоғытты. Матаевтар өз кінәсін мойындаған жоқ. Артынан оларды "Жаңа Қазақстан" толығымен ақтап шықты.
Белгілі журналист Әсет Матаев азаптау бабы бойынша ұсталған бұрынғы генерал Талғат Татубаевқа қатысты өзінің басынан өткен оқиғаны еске алып, фейсбукта жазба қалдырған. Оның сөзінше, 2016 жылы ол қаржы полициясы басшысының орынбасары Талғат Татубаевпен екі рет кездескен. Сол кезде финпол өкілі Матаевтар отбасына Қылмыстық кодекстің 65-бабы (кінәсін мойындап, шын өкінгені үшін жауапкершіліктен босату) бойынша кінәні мойындауды ұсынған.
«Сол кезде әкем екеумізге жалған айып тағылып жатқанын айттым. Логикалық аргументтерімді естігенде, оның көзі жыпылықтап кетті. Сол сәтте оның «заң адамы» емес, қарапайым көше адамы сияқты сөйлеп тұрғанын түсіндім. Әңгімесінің бар мазмұны – «жоғарыдан тапсырыс түсті, бәрібір түрмеге жабыласыңдар» дегенге сайды», – деп еске алады Әсет Матаев.
Журналистің айтуынша, сол іс бойынша бірнеше танымал тұлға – Жоғарғы соттың сол кездегі баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков (қазіргі Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары), «Қазақтелекомның» вице-президенті Маханбетажиев, Ақпарат комитетінің бұрынғы төрағасы Берсебаев секілді шенеуніктер қамауға алынған. Бірақ олар қысымға төтеп бере алмай, бір күн тергеу изоляторында отырған соң, қаржы полициясы қойған шарттарға келіскен.
«Олардың барлығы бір-бір күн тергеу изоляторында болып, бізге жала жабуға мәжбүр болды. Іс жүзінде билік пен финполдың талабына көнген адамдар еді. Олардың біразы Нұрлан Нығматулин, Бағлан Майлыбаев, Бауыржан Байбек, Асқар Жұмағалиев секілді тұлғаларға жақын адамдар болатын», – деп жазды журналист.
Сондай-ақ ол Жоғарғы соттың сол кездегі баспасөз хатшысы Болат Кальянбековтің кейінірек белгілі құқық қорғаушы, «Әділ сөз» қорының жетекшісі Тамара Калееваға хабарласып, Матаевтарды кінәні мойындауға көндіруін сұрағанын атап өтті. Матаевтың айтуынша, Кальянбековтың үстінен қозғалған іс 2021 жылы Қаңтар оқиғасының алдында жабылып қалған.
«Мен ол кезде отбасым мен жақындарымның қысымға ұшырағанына куә болдым. Әкемді қамауға алып, кейін маған телефон арқылы шығып, «ештеңеге уайымдама, іс жабылады, бәрі шикі екенін біледі» деп сендірді. Әрине, сөзіне тұрмады. Әкемді де, отбасымды да, қызметкерлерімізді де үкімге дейін қинады», – дейді ол.
Әсет Матаев әкесінің түрмеден шыққан соң, медиафорумда «Тенгриньюс» жетекшісі Батыр Қазыбаевтың келіп, кешірім сұрағанын да айтты. Қазыбаев ақпарат құралында Матаевтарға қарсы материалдар шығару туралы тапсырманы жоғарыдан алғанын мойындаған.
Журналист бұл жазбаны кек алу мақсатында емес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз болашағын ойлансын деген ниетпен жариялағанын атап өтті.
Татубаев өзі құруға көмектескен системаның құрбаны болды. Кексельді де, Қожамжаровты да осындай тағдыр күтіп тұр.
https://t.me/dalainside
❤18👍2
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Кәсіподақтар федерациясының кеңесшісі «Мерке» шипажайын тығырыққа тыққан
Кәсіподақтардың дүние-мүлкі талан-таражға ұшырағанын "Мерке" шипажайының бас директоры Серік Макажанов жазып, дабыл көтерді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ) кеңесшісі Б. Нұрымбетов «Манкент», «Көктем» және «Мерке» шипажайының директорлар кеңесінің төрағасы болып алып, білгенін істеп жатыр екен. Макажановтың айтуынша, Б.Нұрымбетов шипажайларды тамақпен, жиһаз-техникаман қамтамасыз ету үшін күмәнді мердігер фирмаларды жұмысқа тартып, соның кесірінен 180 млн теңге залал тиген.
24 бас ауру ірі қараның етінен шипажай асханасында тамақ жасалған, ұйықтайтын жаңа корпус салуға ақша бөлдіртіп, ол құрылысты аяқсыз қалдырған.
Ол хатта нақты фактілерді тізіп, енді толық аудит қажет деп отыр.

«ҚРКФ Төрағасының кеңесшісі Б.Б. Нұрымбетовтің рөлі ерекше назар аудартады. Ол – бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Кеңесшілік қызметі басқарушылық өкілеттіктерді қарастырмаса да, негізгі нысандарға нақты бақылау орнатып алған. Сонымен қатар, ол ақылы түрде тағы үш лауазымды қызмет атқарады: «Манкент», «Көктем» және «Мерке» шипажайларының директорлар кеңесінің төрағасы.
2018–2020 жылдары «Мерке» шипажайынан алғашқы дабылдар түсе бастады. Ол кезде Бас директор А.З. Сүлейменов пен директорлар кеңесі (төрағасы – Б.Б. Нұрымбетов) қабылдаған шешімдер мекеменің қаржылық жағдайына тікелей зиян келтірді", - деп жазады, Макажанов өз ашық хатында.
Ол хатта нақты фактілерді тізіп, енді толық аудит қажет деп отыр.
"ҚРКФ-ның мүшелік ұйымдары съезд барысында Федерацияны басқаруға осыған дейін беделіне нұқсан келтірген, кәсіподақ қозғалысына нақты зиян келтірген тұлғаларға сенім артатын болса, стратегиялық қателік жасайды. Федерацияға деген сенім өткен сәтсіздіктер мен теріс тәжірибелерге емес, ашықтық пен адалдыққа негізделуі тиіс", - деді Макажанов.
https://t.me/dalainside
❤13👍1
Forwarded from DALA INSIDE
🤜🛢️ Қазақстан Eni мен Shell компанияларын тайраңдатпау туралы қатаң шешім қабылдады
Соңғы жылдары бізде мұнай өндіріп жүрген осы екі шетелдік инвестор тым құтырып кеткен болатын. Олардың Қарашығанақ пен Қашаған жобасындағы әрекеттері, атап айтқанда инвестициялық міндеттемелерін орындамауы, Назарбаев дәуіріндегідей "заң бұзсақ та Қазақстан бізге дым істей алмайды" деп ойлауы бір күні өздерін жарға жықпақ. Себебі, дереккөздің айтуынша осы аптада, жабық есік артындағы үлкен кабинеттерде Eni мен Shell-дің міндеттемелерін орындамаған әр фактісін қатаң тіркеп, келісімге сай санкциялар қолдану туралы әңгіме жүрген.
Қазір Қазақстан Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты (ГӨЗ) жобасын толығымен тоқтатты. Бұл жобаны Қарашығанақ операторы KPO құзіретінен алып тастап, Қазмұнайгаз өзі қытай компанияларын шақыра отырып аяқтауы мүмкін. Себебі KPO бастапқы ГӨЗ жобасының бағасын жақында тағы 1 миллиард долларға қымбаттатып жіберді. Ал KPO-ның негізгі акционерлері (58,5%) осы Eni мен Shell. Бұл екеуі түрлі жобаларды қымбаттату арқылы Қазақстанның болашақ табысынан шамамен 3,5 миллиард доллар жеп қойған.
Енді Қазақстан олардың қулығын білді және бұдан былай "ақымақ бала" рөлін ойнауға дайын емес. Келесі аптадан бастап Eni мен Shell-ге қатысты риторика қатаңдайтын болады.

"Қашағанда да, Қарашығанақта да Eni мен Shell өздері уәде еткен нәрселерді жасамай, уақыт созумен келеді. Қит етсе жобаның құнын қымбаттатып, жаңа смета көрсетуге машықтанып алған. Бұлар Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу жобасын өтірік қымбаттатып, сөзбұйдаға салып келді. Қашағанда кен орнын кеңейтудің екінші фазасын тіпті бастаған да жоқ. Қазақстан Үкіметін ақымақ бала сияқты көреді. Уақыт созып, инвестиция салмай, тез арада мұнайларын өндіріп сатып, максималды пайда алып кеткісі келеді", - дейді, DALA INSIDE арнасының PSA жаққа жақын дереккөзі.
Қазір Қазақстан Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты (ГӨЗ) жобасын толығымен тоқтатты. Бұл жобаны Қарашығанақ операторы KPO құзіретінен алып тастап, Қазмұнайгаз өзі қытай компанияларын шақыра отырып аяқтауы мүмкін. Себебі KPO бастапқы ГӨЗ жобасының бағасын жақында тағы 1 миллиард долларға қымбаттатып жіберді. Ал KPO-ның негізгі акционерлері (58,5%) осы Eni мен Shell. Бұл екеуі түрлі жобаларды қымбаттату арқылы Қазақстанның болашақ табысынан шамамен 3,5 миллиард доллар жеп қойған.
"Eni мен Shell бұрын-соңды болмаған инвесторлық жеңілдік режимінде жұмыс істеуде. Олар мұнайдан экспортты баж салығын да төлемейді. Қазақстанға табыстың 2 пайызын ғана татырады. Тура осындай жағдай мәңгі болғанын қалайды. Сол үшін бізден Қашаған бойынша келісімнің созылуын талап етуде. Ал инвестиция құйып шығынданбас үшін инвестжобаларды әдейі созып, бағасын қымбаттатып, "волокита" жасап келеді, - дейді дереккөз.
Енді Қазақстан олардың қулығын білді және бұдан былай "ақымақ бала" рөлін ойнауға дайын емес. Келесі аптадан бастап Eni мен Shell-ге қатысты риторика қатаңдайтын болады.
https://t.me/dalainside
❤14👍2
Forwarded from DALA INSIDE
🇰🇿 6,2%. Үкімет өз міндетін жақсы атқарды
Қазақстан биылғы жылдың алғашқы жартысын қорытындап, Үкімет үлкен брифинг берді. "Ақорда тарапынан Үкімет көрсеткен нәтижеге қанағаттану бар", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Нақты сектордағы өсім 8%-ды құрады, қызмет көрсету өндірісі 5,2%-ға артты. Негізгі өсім драйверлері – көлік саласы (+22,7%) және құрылыс секторы (+18,4%). Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,5%, ауыл шаруашылығында 3,7% болды.
Биыл көлік және сауда қызметтері саласындағы өсім астық тасымалы көлемінің артуымен тығыз байланысты болған. Астық экспорты 35,2%-ға өсіп, 11,8 миллион тоннаға жетті. Соның ішінде, ұнды есептемегенде таза астық экспорты 9 миллион тоннаны көрсеткен. Бұл соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Экспорт негізгінен Өзбекстан, Тәжікстан, Иран және Әзербайжанға кетіп отырған.
Биыл алғашқы бес айда сыртқы сауда айналымы 53,5 миллиард долларды құрады. Оның ішінде экспорт 29,8 миллиард долларға шықты. Оның 10,2 миллиард доллары өңделген тауарлар экспорты. Қазақстан 23,8 миллиард долларға тауар импорттады. Сыртқы сауда көлемінің жалпы төмендеуіне қарамастан, 6 миллиард доллар көлемінде оң сауда балансы сақталып отыр.

❤17👍2👏1
Forwarded from DALA INSIDE
🤜 Алматы облысына талас күшейді
DALA INSIDE дереккөзінің айтынша, бірнеше топтар Алматы облысының әкімі ретінде өз адамын қою үшін таласты бастап кетті. Алматы қаласындағы облысқа қарасты балалар үйімен болған жанжал қазіргі әкім Марат Сұлтанғазиевті орнынан кетіруге жақсы мүмкіндік берген.
Олардың көзін тесіп отырғаны - Қытайдың инвестициялық капиталдар ағыны мен казинодағы ақша қозғалыстары. Алматы облысына инвестиция бойынша ұсыныстар көп түсуде. Елді ғана емес, Орталық Азия мен Кавказ нарығын жауып отырған ірі темекі кластері бар. Мұндай өңірге әкім болу арқылы кез-келген клан өзінің позициясын нығайтып, 2029 жылғы президент сайлауына сақадай-сай бола алады.
Электоралды раллиге дайындалып жатқан топтар қазірден бастап ірі капитал ағындарына бақылау орната бастады, дейді дереккөз. Мұнай, метал, банк, логистика сияқты стратегиялық акитивтерді ақырындап қордаландыру үрдісі байқалады. Тіпті банктердің іріленуінің өзі топтардың өз күшін бір жерге шоғырландырып жатқанынан хабар береді.
Алматы облысы Қазақстан ойын картасындағы төрт туздың бірі. Оларға Атырау, Алматы, Алматы облысы мен Шымкент жатады. Аталған өңірлерді өз бақылауында ұстаған топ бүкіл Қазақстанға әмірін жүргізе алады.

«Барлық мәселе жабық кабинеттерде, жабық есік жағдайында талқылануда. Қай топ Президентті көндіре алады, сол топ облысты өз қолына алмақ. Биыл Алматы облысында салық жақсы жиналып жатыр, бюджеті толық. Әлеуметтік проблемасы аз. Жаңаөзен сияқиты наразы топтар жоқ. Барлығы өз адамын осы өңірге әкім қылып қойғысы келеді», - дейді, дереккөз.
Олардың көзін тесіп отырғаны - Қытайдың инвестициялық капиталдар ағыны мен казинодағы ақша қозғалыстары. Алматы облысына инвестиция бойынша ұсыныстар көп түсуде. Елді ғана емес, Орталық Азия мен Кавказ нарығын жауып отырған ірі темекі кластері бар. Мұндай өңірге әкім болу арқылы кез-келген клан өзінің позициясын нығайтып, 2029 жылғы президент сайлауына сақадай-сай бола алады.
Электоралды раллиге дайындалып жатқан топтар қазірден бастап ірі капитал ағындарына бақылау орната бастады, дейді дереккөз. Мұнай, метал, банк, логистика сияқты стратегиялық акитивтерді ақырындап қордаландыру үрдісі байқалады. Тіпті банктердің іріленуінің өзі топтардың өз күшін бір жерге шоғырландырып жатқанынан хабар береді.
Алматы облысы Қазақстан ойын картасындағы төрт туздың бірі. Оларға Атырау, Алматы, Алматы облысы мен Шымкент жатады. Аталған өңірлерді өз бақылауында ұстаған топ бүкіл Қазақстанға әмірін жүргізе алады.
https://t.me/dalainside
❤12👎1
Forwarded from DALA INSIDE
💵 Қазақстандағы ірі қаржылық топтар осы аптада долларларын сата бастамақ
Қазақстандағы доллар бағасы шарықтау шегіне жетіп, өткен жұмада Қазақстан қор биржасында бағамы 544,95 теңге деңгейінде жабылған болатын. Демалыс күндері Форекс нарығында доллар котировкасы 545,2 теңгеге жетті. Қаржы нарығында «Ұлттық Банк осы аптаның ортасына таман интервенция жасауы мүмкін» деген инсайд тарағандықтан, ірі қаржылық топтар бүгін мен ертең доллардан барынша тез құтылмақ.
Өткен жұмада Қазақстан қор биржасында USD/KZT валюталық жұбы бойынша 255 миллион долларға сауда-саттық жасалған. Фундаменталды тұрғыда, доллардың өсіп, теңгенің арзандайтын негізі жоқ. Тек шілде-тамыз аралығында жүретін адамдардың демалыс кезеңі мен өндіріс ашуға мемлекеттен ақша алған кәсіпорындардың шетелден валютаға құрылғылар мен станоктар сатып алатын науқаны бір-бірімен сәйкес келіп қалды да, долларға маусымдық сұраныс артып кетті. Маусымдық ауытқуды баса тұру үшін Ұлттық Банк уақытша интервенция жүргізетін болса, теңге қайта күшейіп, фундаменталды бағам орнына келеді. Оның мәні долларына 535 теңге шамасында.
2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстан былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда импорт көлемін кемінде 500 миллион долларға арттырып, 23,7 миллиард долларға жеткізген. Шетелден құрылғылар, станоктар сатып алу сомасы 170 миллион доллларға өсіп, 10,1 миллиард долларды құраған. Импортымыздың тең жартысын өңдеуші өнеркәсіпке қажет құрылғылар құрап отыр. Бұл болашақта отандық өндіріс көлемінің өсуіне алып келеді. Ал ол дайын тауарлар импортын қысқартып, болашақта экономиканың жан-жақты дамуына ықпал болмақ.
Нарықтағы инсайдқа қайтып оралатын болсақ, дәл осы аптада Қазақстан қор биржасының валюталық нарығында қызық құбылыстар орын алуы мүмкін. Алғашқы белгілері бүгін кешкі 20:00 сағаттан кейін көріне бастайды.

«Конгламераттар бүгіннен бастап жаппай «сбросқа» дайын. 545 курсымен долларды сатып жіберсе, спекулятивті табыс ала алады. Бастысы интервенция басталмай тұрып үлгеру керек. Одан кейін доллар 530-535 бағамына отырып қалады. Сондықтан осы аптада кемінде 2 миллиард доллар сатылып кетеді деп отырмыз», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Өткен жұмада Қазақстан қор биржасында USD/KZT валюталық жұбы бойынша 255 миллион долларға сауда-саттық жасалған. Фундаменталды тұрғыда, доллардың өсіп, теңгенің арзандайтын негізі жоқ. Тек шілде-тамыз аралығында жүретін адамдардың демалыс кезеңі мен өндіріс ашуға мемлекеттен ақша алған кәсіпорындардың шетелден валютаға құрылғылар мен станоктар сатып алатын науқаны бір-бірімен сәйкес келіп қалды да, долларға маусымдық сұраныс артып кетті. Маусымдық ауытқуды баса тұру үшін Ұлттық Банк уақытша интервенция жүргізетін болса, теңге қайта күшейіп, фундаменталды бағам орнына келеді. Оның мәні долларына 535 теңге шамасында.
«Егер қаржылық топтар жаппай доллар сататын болса, онда Ұлттық Банкке интервенция жасаудың қажеті жоқ. Кемінде 2 миллиард жекеменшік доллардың сатылуы курсты онсыз да орнына келтіреді. Дәл осы кезде екі тарап бірін-бірі аңдып отыр. Егер Ұлттық Банк бірінші бастап кетсе, қаржылық топтар ұтылып қалады. Егер топтар бірінші сброс жасаса, онда Ұлттық Банк ұтады. Сондықтан конгламераттар биржадағы операцияларды бірінші бастайтын сияқты. Олардың позициясы Ұлттық Банкке қарағанда әлсіздеу», - деп түсіндірді дереккөз.
2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстан былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда импорт көлемін кемінде 500 миллион долларға арттырып, 23,7 миллиард долларға жеткізген. Шетелден құрылғылар, станоктар сатып алу сомасы 170 миллион доллларға өсіп, 10,1 миллиард долларды құраған. Импортымыздың тең жартысын өңдеуші өнеркәсіпке қажет құрылғылар құрап отыр. Бұл болашақта отандық өндіріс көлемінің өсуіне алып келеді. Ал ол дайын тауарлар импортын қысқартып, болашақта экономиканың жан-жақты дамуына ықпал болмақ.
Нарықтағы инсайдқа қайтып оралатын болсақ, дәл осы аптада Қазақстан қор биржасының валюталық нарығында қызық құбылыстар орын алуы мүмкін. Алғашқы белгілері бүгін кешкі 20:00 сағаттан кейін көріне бастайды.
https://t.me/dalainside
❤11👍1
Forwarded from Қазақша кітаптар
Мұхтар Мағауин - Балақан
Кемеңгер классиктің Естеліктер кітабының бір бөлігі саналатын "Балақан" ғұмырбаяндық еңбегі — советтік сұм заманның айқын көрінісін әшкерелеп, аштық, қуғын жылдарының естелігін бедерлеген, ұлы жазушының қалыптасу жылдарының шежіресіне айналған елеулі еңбегі. Әзелден қазақы тәлім алып, ұлтының ертеңіне алаң болып өскен бала Мұхтардың көрген-түйгені, естіген-білгені осы мемуарда сарапқа түсіп, оқырманын келелі ойға жетелейді. Жазушы бұл еңбегін жұлдызды 2020 жылы, Вашингтон түбіндегі шаңырағы — Силвер Сприң кентінде жазып шықты.