АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
778 photos
121 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Ғабиден Құлахмет - Үйірі жоқ көкжал

“Үйірі жоқ көкжал” романында нарық заманында көптің үстінен күн көріп, қалталарын ақшаға сықаған алаяқтар мен жемқорлардың жымысқы әрекеттері арқау болған. Мол ақшаны судай сапырып, халық атынан сөз сөйлеп жүрген интеллигент бизнесмендердің арам істері мен лас іздерін бүркеу үшін күнде ауыз жаласып жүрген дос-жарандарының да көзін жоя салуға бейіл, аяусыздықтары нанымды оқиғалармен берілген. Романда бүгінгі күннің нағыз шындығы көрсетілген.
❤13💯3🔥1
Тимур Мустафаев - Қарашық

Мен оның қарашығында екеумізідің өлі хикаямызды оқыдым… Бірақ ол маған жансыз көздерімен таңырқап қарап тұрды.
«Қарашық» – өмір сүре тұра өліге айналған жанның, сағыныш пен үнсіздіктің, шындық пен елестің тоғысқан сәтін бейнелейтін хикая.
❤12
Forwarded from DALA INSIDE
🇺🇲🛢️Кемінде 30%. Қазақстан бейресми каналдар арқылы Шевронға сигнал жіберді

2033 жылы Теңіз мұнай кеніші бойынша Қазақстан мен Шеврон арасындағы 40 жылдық ғасыр контракты аяқталады. Келісімді созу, созбау бойынша келіссөздер 2028 жылы басталмақ. Себебі, қазір жұмыс істеп тұрған келісім бойынша тараптар контракт бітуге кемінде үш жыл қалғанда нақты бір шешім қабылдап, ары қарай не істейтіндерін біліп отыруы тиіс.

"Қазақстан Теңіз кенішіндегі үлесін қазіргі 20 пайыздан 30 пайызға дейін өсіргісі келеді. Егер Шеврон оған келіссе, онда Қазақстан контрактты ұзартуға кет әрі емес. Шеврон басшылығына осындай сигналдар жіберілді. Шеврон әрине Қазақстанның мұндай талап қоярын алдын-ала болжағаны анық. Олар не келіседі, не АҚШ билігі, Конгрессі арқылы Ақордаға қысым көрсетіп саудаласуы мүмкін. Меніңше Шеврон өз үлесін қазіргі 50 пайыздан төмендетуге бармайды. Ол Лукойл мен ExxonMobil үлестерін сатып алып, Қазақстанға сол үлестерді ұсынуды қарастыратын сияқты", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Қазақстандағы Теңіз кен орны Chevron компаниясына оның әлемдік дәлелденген мұнай қорының шамамен 23%-ын береді. Теңіз сияқты алпауыт кеніштер ұзақ уақыт бойы жоғары өндіріс деңгейін ұстап тұра алады. Шевронның мұнай қорының шамамен тең жартысы АҚШ-та орын тепкен. Ол негізінен сланц бассейндерінде орналасқан. Ал сланцтың игеру мерзімі тым қысқа. Мысалы, 7-9 жылдан кейін сланц кеніші қысымды ұстамай, мұнай бермей қояды.

Сонымен қатар, Шеврон Қарашығанақта да үлес ұстап отыр. Ол жердегі лицензиясы 2037 жылға дейін жарамды. Егер Chevron Теңізден айырылса, компанияның болашағы үлкен күмән тудырады. Демек, Теңіз бойынша келісім-шарт ұзармаса, биржаларда Шеврон акциялары құлап, компания қиын жағдайда қалатыны анық. Алпауыттың қазіргі басшысы Майкл Уирт осы мәселені басты назарына алып, келісімді созу бойынша барлық рычагтарды іске қоса бастады.

Қазір Теңіз кенішін игеріп жатқан Теңізшевройл бірлескен кәсіпорнында Шеврон 50%, ExxonMobil - 25%, Қазақстан - 20% және Лукойл 5% үлеске ие.

Шевронға әділдік бойынша кінә жоқ. Әу баста ТШО 50 де 50 болып, Шеврон мен Қазақстан арасында қылдай тең бөлінген болатын. Бірақ 1994-1996 жылдары Қазақстан өз үлесінің жартысын (ТШО-ның 25 пайыз үлесін) бір миллиард долларға ExxonMobil-ға сатып жіберді. Уақыт көрсеткендей бұл ең қате және Назарбаевтың коррупциялық шешімі болды. ExxonMobil 30 жылда осы келісімнен 50 миллиард доллар пайда алған. Кезінде сатпағанда 50 миллиард доллар Қазақстанда қалар еді.

Chevron таяуда жаңа қаржылық стратегиясын қабылдаған болатын. Оған сай корпорация Қазақстан, АҚШ және Мексика шығанағында мұнай өндіруді кеңейту арқылы өзінің еркін ақша көлемін (FCF) 6–8 миллиард долларға арттыруды жоспарлап отыр. Және кемінде 4-5 миллиард долларға шығындарды қысқартпақ. Осы қысқарту оның пайда әкелмей жатқан активтеріне қатысты жүретін болады.

Демек, Шеврон өзінің стратегиясы мен қаржылық болашағын Теңіз кенішіне толық байлап отыр. Сол себепті, Қазақстаннан кетпеу үшін тіпті Tomahawk қолдануға дейін барлық мүмкін лоббиін қосатын болады.

https://t.me/dalainside
❤5🥰1
Forwarded from DALA INSIDE
🚀 Қазақстан «деделдализация» операциясын бастамақ

DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше, күштік құрылымдардың барлығына бағаның негізсіз көтерілуіне әсер етіп жүрген делдалдарды құрықтауға пәрмен берілді. Тіпті қажет болса Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мүмкіндігін де пайдалануға болады. Онымен бірге, тауар өндірушілер мен сатушылар, яғни дүкендер мен маркетплейстердің арасына делдал кіре алмайтын механизм құру ісі Сауда және интеграция министрлігі мен барлық әкімдіктерге тапсырылды.

«Қазақстан соңғы 10 жылда делдалдық экономикаға толық көшіп кеткен. Субподрядтың судподряды пайда болды. Ол бағаның жоқ жерден өсуіне, осы бағаға ұсынылған тауар мен қызметтің өте сапасыз болуына алып келді. Мысалы, 1 миллион теңге тұратын жер қазатын тапсырысты шын мәнінде тізбектің ең соңындағы бір жұмысшы ары кетсе 100 мың теңгеге істейді. Ал арадағы 900 мың теңгені сол тапсырысты жең ұшынан алып алған делдалдар жұлып кетеді. 100 мың теңгеге жалғыз адам істеген жұмыстың сапасы да болмайды. Сонда делдалдар экономикаға ешқандай тауар немесе қызмет енгізіп, құндылық тудырмайды. Керісінше орынсыз инфляция пайда болады», - дейді, дереккөз.

Әсіресе ауыл шаруашылығы мен құрылыс, жол жөндеу сааларындағы делдалдыққа басым назар аударылды. Фермерлерден өнімді тым арзанға алып кетіп, ақырғы сатушыға екі есе бағасымен жеткізетін посредниктерді алып тастап, орнына фермердің тікелей сауда орнына жетуі ойластырылуда. Мемлекеттің ойынша, қымбатшылықтың 40 пайызына делдалдар кінәлі.

Қазір еліміздегі ресми инфляцияның жылдық деңгейі 13 пайызға жетіп қалды. Қымбатшылықтың шын мәнінде өршіп тұрғанын барлық сатылардағы түрлі қызмет өкілдері де қысылмай айта бастаған. Осыны пайдаланған сыртқы және ішкі күштер қымбатшылықты алға тартып халықты көшеге шығарғысы да келді. Сондықтан ел билігіне дәл қазір қымбатшылықпен барлық деңгейде аяусыз күрес жүргізу қажет болып тұр. Осы сең қозғала бастағанға ұқсайды.

https://t.me/dalainside
❤10👍9
Forwarded from DALA INSIDE
🚀 AI-Farabium: Қазақтелеком NVIDIA базасында Орталық Азиядағы өнімділігі жоғары екінші ірі AI-кластерін іске қосты
⠀
AI-Farabium іске қосылуы Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Бұл оқиға ұлттық цифрлық экожүйені дамытудағы маңызды қадам болды және жасанды интеллект үшін егеменді инфрақұрылымды құрудағы елдің стратегиялық басымдығын атап өтті.
⠀
Жақында өткен жасанды интеллектті дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте Президент елді Еуразияның цифрлық хабына айналдыру жөнінде өршіл міндет қойған болатын.


Жоғары өнімді жаңа AI-Farabium кластері – бұл бағыттағы негізгі қадамдардың бірі.
⠀
Кластер компаниялар және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық үшін ашық.

Тіркелу👇

https://alfarabium.kz/
❤4
Forwarded from DALA INSIDE
⚽ Отандық букмекерлер қазақ футболына бәс қабылдауды тоқтатуы мүмкін. Ал UEFA осы аптада қатаң мәлімдеме жасайды

"Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары бәс тіккен фактілер анықталғандықтан, букмекерлер тарапынан Қазақстан Премьер-лигасы мен Кубогының ойындарына бәс қабылдау мораторийі талқылануда. Шынымен де отандық клубтық футболда былықтар аз емес сияқты. Әлемдік Sportradar ұйымының кезекті есебі дайындалып жатыр және ол келер жылы жарыққа шығады. Онда келісілген, күдікті матчтар саны бойынша Қазақстан Чехияны басып озып, әлем бойынша үшінші орынға шығайын деп тұр дейді, инсайдерлер.

"Қазақстанда келісілген ойындар бойынша жұмыс істейтін, букмекерлік аномалияларды онлайн режимде қарап отыратын және жедел әрекет ете алатын ұйым құру идеясы талқылана бастады. Тек оны қаржыландыруды букмекерлер өздері қолға алмаса, футбол федерациясында ондай мүмкіндік жоқ", - дейді, дереккөз.


Қазақстан әлем бойынша адам басына шаққанда келісілген матчтары ең көп мемлекет ретінде антирейтингте көш бастап тұр. Онымен ешкім мандытып күреспеген еді. Егер күрес басталып, ол нәтижесіз аяқталса, онда отандық футболға мүлде бәс қабылдамау ғана өз жемісін бере алады.

"Қаржы мониторингі агенттігі бұл мәселеге назар аударуға жақын. Жылдың аяғына дейін бізді футболда біраз ауқымды дау күтіп тұр", - дейді дереккөз.

Ақтөбе ойыншылары ұсталғандықтан, UEFA тарапынан аталған клуб қатаң санкцияға ұшырауы мүмкін. Ақтөбе барлық еурокубоктардан шеттетіліп, 2 жылға бан алуы ғажап емес. Онымен бірге қазір Чемпиондар лигасында ойнап жүрген Қайрат та қатаң тексеріледі деген ақпарат бар. Ақтөбе ойыншыларының бұл әрекеті бүкіл Қазақстанға деген УЕФА күмәнін туғызды.

https://t.me/dalainside
❤5👍3
Нұртөре Жүсіп - Аждаһа

Фантастикалық детектив
❤6👍1
Forwarded from DALA INSIDE
⚡ Еш пайдасы жоқ ұйым. Кәсіпкерлер «Атамекен» палатасына жарна жинауға қарсы шықпақ

2026 жылдың басында кәсіпкерлердің түрлі қауымдастықтары бірігіп, «Атамекен» палатасына жарна жинауға қарсы петиция жариялауға дайындала бастады. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі айтып отыр. Олардың ойынша, қазіргі таңда бұл палатадан бизнеске ешқандай пайда жоқ. Керісінше «Атамекен» ұлттық палатасы кәсіпкерлердің дамуына кедергі келтіретін қосымша барьерге айналып барады.

«Шағын кәсіпкерлерді былай қойғанда, Атамекен орта бизнестің де, ірі бизнестің де корпоративті және қосымша құн салығы бойынша құқықтарын қорғай алмады. Ұсақ-түйек корректировкалар болмаса, Үкіметке мүлде сөзін өткізе алған жоқ. Кей кезде бизнесті әдейі жығып беріп отырғандай әсер қалдырды. Кәсіпкерлер «онда палатаның шығынын біз емес, Үкімет төлесін деген пікірде». Жалпы келесі жылы «Атамекен» палатасына өзінің қажет құрылым екенін дәлелдеу қиын соқпақ. Кәсіпкерлер палатадан сырт айнала бастады. Жаңа Салық Кодексін өткізіп алған Үкіметке де енді мұндай ұйымның қажеті шамалы», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Егер келесі жылы Атамекен мен кәсіпкерлер арасындағы текетірес қыза түссе, 2027 жылдары осы палатаны тарату мен жабу туралы мәселе үлкен трибуналардан көтерілуі мүмкін. Палатаның қазіргі төрағасы Райымбек Баталов өте сылбыр жұмыс істейтіндей әсер қалдырады. Басында шенеуік емес, бизнес өкілі болғандықтан Баталовқа кәсіпкерлер тарапынан зор үміт артылған еді. Ол үміт ақталмаған сияқты. Тіпті салыстырмалы түрде, бұрынғы төраға Мырзахметовке қарағанда Баталовтың дауысы мүлде естілмейді.

«Баталов болсын, басқасы болсын, дәл персоналийге тақалып тұрған ештеңе жоқ. Басқа төраға болса да, Атамекен керемет тиімді бола алмайды. Мәселе ұйымның архитектурасында. Атамекен құрылған кезінде сол уақытта туған проблемаларды тез шешуге арналып жасалған болатын. Ол проблемалар шешілді, уақыт артта қалды, мүлде басқа заман орнады. Қазір мұндай палата шынымен де керек емес. Немесе оны капиталды түрде мүлде қайта құру керек», - дейді, дереккөз.


«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының биылғы бюджеті 12 миллиард теңгеден асады. Оның 10,7 миллиард теңгесін кәсіпкерлер жарна түрінде жинап береді. Негізгі жарнаны палата ірі бизнестен алады. Үкімет бекіткен шекті мөлшерден аспаса, осы жарнаны шығындарға жатқызып, одан салықты шегеруге мүмкіндік бар.

Осы 12 миллиард теңгенің басым бөлігін палата жалақы төлеу, аренда төлеу, тауар мен жұмыс қызметтеріне жұмсайды. Сыртынан қарағанда, ата-анасы алып берген балмұздақты жеп отырған кішкентай бала сияқты. Кішкентай баланың ата-анасына еш көмектесе алмайтыны түсінікті. Кәсіпкерлер де сол үшін «мұндай палата бізге керек пе?» деген сұрақ қойып отыр.

https://t.me/dalainside
❤11
Forwarded from DALA INSIDE
💣 Алматы облысы мылтық атуға қатты шығындалмақ

Өңірде бұл мәселеге миллиардтар жұмсалмақшы. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, облыстық мәслихат депутаттары Іле ауданы Байсерке ауылында орналасқан «А.Асанов атындағы атқыштар клубы» ЖШС-іне 11,2 млрд теңге бөлу туралы ұсынысты мақұлдаған. Бұл мемлекет пен жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асатын жоба дейді дереккөз.

"2024 жылдың қараша айында Алматы облысының әкімдігі мәслихат депутаттарына аталған клубқа 10 жылдық мерзімге 11 млрд 265 млн теңге бөлуді ұсынды. Мәслихат бірауыздан мақұлдамаса да, көпшілік дауыспен шешім бекітілді", - дейді, дереккөз.


Атқыштар клубы 2002 жылы ашылған. Сол уақыттан бері коммерциялық нысан ретінде жұмыс істеп, салық төлеп келген. Тиісті коммуникация желілері түгелдей тартылған. Толық жұмыс істеп тұр. Ал соңғы 5 жылда мемлекетке төлеген салық мөлшері ашық деректерде бар. Тек 2025 жылы салық көлемі күрт өскені байқалады. Себебі облыстық әкімдік клубқа 2024 жылы 1,2 млрд теңге, 2025 жылы 761 млн теңге бөлген.

Ол қаржыға атқыштар клубы жаңа ғимарат салу, инфрақұрылымды дамытуға жұмсауы тиіс еді. Алайда бұрынғы ғимаратқа тек жөндеу жұмыстары жүргізілген. Үнемі бюджет тапшы, қаржы жетіспейді деп жүргенімізде атқыштар клубына миллиард шығындау қажет пе?

https://t.me/dalainside
❤8
Forwarded from DALA INSIDE
🇪🇺 Тамыз аномалиясы. Еуроодақ Қазақстанды тексеруі мүмкін

2025 жылдың тамыз айында Қазақстанға 4 мың дана шағын энергетикалық генераторлардың әкелуі санкциялық тауарларды бақылап отыратын халықаралық топтардың күдігін туғызды. Қытайдан импортталған бұл тауарлар Ресейге реэкспорт емес пе және оның ішінде соғысқа қажет электроника жоқ па деген сұрақ туындаған. Жалпы 2025 жылдың басынан бастап Қазақстанға импортталған шағын генераторлар саны 6 мыңнан асып кеткен.

«Негізі Қазақстан санкциялық потенциалы бар тауарлардың қозғалысын өте мұқият бақылайды. Сыртқы бақылаушылар дата аналитика арқылы кеден статистикасындағы кез-келген аномалияны көре алады. Шынымен де, шағын генераторлар бойынша аномалия бар. Бірақ ол елдің ішкі шаруашылығына да қажет болуы мүмкін. Басты міндет - осыны дұрыс тексеріп, анық-қанығына көз жеткізіп алу» - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


DataHub есебінше, 2025 жылдың тамыз айында елге келген 4 мың дана жел энергетикасы генераторлары бұған дейінгі (2022–2024 жылдар) үш жылды қосқандағы статистикадан да асып кеткен. Яғни осының алдындағы үш жылды қатар қосқанда импорттай алмаған көлем Қазақстанға бір айдың ішінде жеткізілген. Өткен тамызда әкелінген 4 мың қондырғының әрқайсысының орташа салмағы шамамен 1 тонна, ал орташа құны 5,9 мың доллар болған. Барлығы дерлік Қытайдың тауары. Бұдан олардың шағын қондырғылар екенін көруге болады.

«Украинаның Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына беріп жатқан соққысы өз апогейіне жеткендіктен, жел қондырғыларын Ресейдің алдағы қысқа дайындығымен де байланыстыруға болады. Бірақ бұл тек версия ғана», - дейді, дереккөз.


Ресми статистикада Қазақстанның бұл қондырғыларды Ресейге экспорттап жатқаны тіркелмеген. Демек, құжат бойынша шағын жел генераторларының барлығы біздің елдің аумағында қалып отыр.

Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бері Еуроодақ Қазақстанға санкциялық бақылауын сәл жұмсартты. Оған еліміздің кедендік рәсімдерді толық автоматтандырып, цифрлі таңба жүйесіне көшкені сеп болған. Қазіргі таңда Қазақстан үшін қайталама санкциялардың қаупі жоқ. Өз тарапынан Америка Құрама Штаттары да OFAC арқылы елімізге санкциялар ауылы алыс екендігін білдіріп отыр.

https://t.me/dalainside
❤10👍1
Forwarded from DALA INSIDE
💬 Хочешь стать популярным экспертом?

Присоединяйся к Qazaq Expert Club

Если у тебя есть профессиональный опыт, собственное мнение или просто огромное желание развиваться и быть услышанным — этот проект для тебя.

Qazaq Expert Club помогает специалистам, аналитикам, исследователям и активным профессионалам выйти в публичное поле, участвовать в экспертных советах и комьюнити, продвигать свои идеи и превращать их в реальные решения.

За 5 недель участники пройдут офлайн-интенсивы в Al-Farabi HUB (Алматы) и получат практические инструменты:
🔹 как уверенно выступать и давать экспертные комментарии,
🔹 как выстраивать личный бренд и digital-присутствие,
🔹 как выстраивать связи с институтами и медиа,
🔹 как превращать идеи и исследования в системные проекты.

📆 Старт — 8 ноября
📅 Приём заявок — до 26 октября
💰 Участие бесплатное. Расходы на перелет и проживание участники из регионов покрывают самостоятельно.

💬 Алия Адамбаева — PR-эксперт, руководитель медиа-агентства и основатель Qazaq Expert Club:

«Сегодня, когда в публичном поле громче всех звучат не эксперты, а те, кто просто умеет говорить громко, особенно важно вернуть ценность настоящим знаниям. Так появился Qazaq Expert Club — пространство, где экспертность обретает силу действия. Мы объединяем тех, кто действительно понимает своё дело, хочет делиться опытом, быть услышанным и влиять на мир через профессионализм».

💬 Бауржан Шурманов — экономист и сооснователь Qazaq Expert Club:

«Важно не просто комментировать, а формировать решения. Мы хотим, чтобы эксперты выходили в публичное поле, участвовали в диалоге и влияли на то, что происходит в обществе. После завершения программы мы продолжим работать как сообщество, продвигая друг друга и выстраивая экосистему экспертов, где знания и профессионализм становятся общей силой».


В программе участвуют представители регуляторов, аналитических центров, университетов, бизнеса и СМИ.
Лучшие участники подпишут контракт на годовое сопровождение с продюсерским центром Qazaq Expert Club.

Анкету для участия можно заполнить по ссылке: https://docs.google.com/forms/d/1g-FpMlLaBxZTcxQDn_caZ1TB7xvYM6FYKdAXL_3BooA/edit

Подробности и новости проекта публикуются в социальных сетях:

Instagram

https://www.instagram.com/qazaqexpertclub

Telegram

https://t.me/qazaqexpertclub
❤6
Forwarded from DALA INSIDE
🤝 Әкежан Қажыгелдинге реабилитация беру мәселесі келесі жылы қарастырылуы мүмкін

Назарбаев режимі тарапынан саяси қуғын-сүргін көрді деп есептелетін, Еуропарламент берген «Бостандық паспортының» иесі және Қазақстанның ең беделді саяси эмигранты Әкежан Қажыгелдиннің елге оралуын «Жаңа Қазақстан» билігі келесі жылы талқыға салып көрмек. Қажыгелдинге реабилитация беру арқылы Қазақстан өзін демократиялық институттары жақсы жұмыс істей бастаған ел ретінде танытады және Еуроодақпен ара қатынасын одан сайын жақсарта алады.

«Өткен нәрсе өтті. Әкежан Мағжанұлын ақтау орынды деген конструктивті ой бар. Біздің буынның болашақ ұрпақтың алдында осы мәселені шешіп кеткені дұрыс. Қазақстанға қайта ма, қайтпай ма, ол Қажыгелдиннің жеке таңдауы. Бірақ Қазақстан өз тарапынан оның үстінен қозғалған қылмыстық іс пен сот шешімінің күшін жойып, алғашқы қадамын жасайтын уақыты келді. Осы мәселе келесі көктемде ішкі кабинеттерде талқыланатыны жөнінде хабарым бар», - дейді, билік эшелондарына жақын болған DALA INSIDE дереккөзі.


Қажыгелдинге реабилитацияны тек Жоғары Сот бере алады. Себебі, 24 жыл бұрын, 2001 жылы сол Жоғарғы Сот Әкежан Мағжанұлын қызметтік өкілетін теріс пайдаланды, салықтан жалтарды деген айыптармен сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ ол кезде Қажыгелдин саяси эмиграцияға Лондонға кетіп қалған еді. Еуропарламент пен халықаралық қауымдастық оны саяси босқын деп таныды да, жүріп-тұруына еркіндік беретін Freedom Passport ұсынды. Ал Қажыгелдинге қатысты Қазақстанның Интерполға берген өтініші жойылып, досьесі Интерпол базасынан толық алынып тасталды.

2002 жылдан кейін Қазақстан Қажыгелдинді көп қудалаған жоқ. Мағжанұлы да ел билігін қатты сынап, саяси белсенділік танытпады. Назарбаев режимі өз назарын көбіне Рахат Әлиев пен Мұхтар Әбілазовке аударды да, Қажыгелдин радикалды оппозиционерден көрі конструктивті кеңесші рөліне көбірек жақындай бастады. Ал 2019, 2022 жылдары Әкежан Қажыгелдин президент Тоқаевтың курсына жария түрде қолдау білдірді. Және оның шетелге шығып кеткен заңсыз активтерді қайтару ісінде Қазақстан прокуратурасына бейресми көмек көрсеткені туралы ақпарат бар.

Дереккөздің айтуынша, реабилитация туралы Әкежан Қажыгелдиннің өзі немесе заңды өкілі өтініш беруі тиіс. Тәртіп солай. Жоғарғы Сот оны қалыптасқан ереже бойынша қарастырады. Дәл осы кезде билік кабинеттерінде белгілі бір консультациялар жүре бастамақ.

Дереккөздің мәліметінше, биліктегі ең ықпалды бестік мүшелері Қажыгелдиннің ақталуына мүлде қарсы емес. Тек осыны қолға алып, техникалық жұмыстарын бастайтын адам керек. Және бастама Қажыгелдин тарапынан болуы тиіс. Яғни елге оралуға, ақталып шығуға экс-премьердің өзі құлшыныс пен ниет танытсын деген сигнал беріліп отыр.

https://t.me/dalainside
❤13
Тимур Мустафаев - Жауын астында жазылған кітап 2
 
Құрметті оқырман! Бұл жинаққа автордың соңғы жазбалары мен әлі жарық көрмеген жаңа туындылары енді. Шығармаларда адам жанының терең қатпарлары, кейде айтуға ауыр, сезімге салмақ түсіретін тақырыптар қозғалады. Бірде эмоцияға толы, бірде рухани толқын тудыратын осы дүниелерден оқырман өзіне ой салар, жанын түртер бір үзік шындық таба алса — онда қалам иесінің еңбегі ақталғаны.
❤9🔥2
Баянғали Әлімжанов - Әңгімелер
❤7👍1
Forwarded from DALA INSIDE
🪨 Тастың тасы өрге емес, ішке домалауы тиіс

Алдағы жаңа жылда Иманғали Тасмағамбетовтың ОДКБ төрағасы ретіндегі өкілеттілігі аяқталады. Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы өзіне жаңа төраға сайлауы тиіс. Және ол Қазақстан өкілі болмайды. Енді «Жаңа Қазақстан» Иманғали Нұрғалиұлына ел ішінен саяси ықпалы жоқ, бірақ беделі бар қоғамдық қызмет ұсынуы мүмкін.

«Имекең үш жыл үйде немере бағып, зейнетте отырды. Бірақ жыбырлап қалған, түрлі мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы жүрген адам үшін үйде жұмыссыз отыру психологиялық жағынан өте қиын. Ақорда да оны жақсы біледі. Екі айдан кейін ОДКБ-дағы креслосын өткізіп беруі тиіс. Енді Иманғали Тасмағамбетовке «Қазақстан халқына», «Отандастар» сияқты қоғамдық қорларды басқару, өзі қалаған музейіне директор болу немесе ұлттық статусы бар университетке ректор болуды ұсыну идеясы түрлі кабинеттерде талқыланып жүр. Мысалы, Жансейіт Түймебаев ректор болып әдемі отыр ғой. Ендігі мәселе Имекеңнің осы ұсыныстарды қалай қабылдайтындығында», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Бір нәрсе анық. Астана Тасмағамбетовті Ресей мен Кремльден ары ұстау бойынша принципиалды позицияда отыр. Сондықтан Тас жұмыс істегісі келсе, елдің ішінде, саяси ықпалы жоқ, қауіпсіз қызметтерді атқаратын болады. Оған қор басшысы немесе жоғарғы оқу орнының ректоры сынды жұмыстар ең лайық деп танылған. Бұл екі жаққа да тиімді шешім. Иманғали Нұрғалиұлының қызмет бойынша амбициясы қанағаттанады. Өз кезегінде де «Сол жағалау» да транзитті кезең алдында барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Әңгіме тараптардың қалай келісетініне келіп тіреліп тұр.

2019 жылы Нұрғалиұлы зейнет жасы 63-ке толып қойды. Қазір 69 жасты еңсеріп отыр. Тасмағамбетов 37 жасында Президенттің көмекшісі, ал 39 жаста Премьер-Министрдің орынбасары, 45 жасында Үкімет басшысы қызметіне отырған адам. 2002-2008 жылдар аралығында "харизмасы мықты, қазақша еркін суыратын Тасмағамбетов Қазақстанның келесі президенті болады" деген қоғамдық пікір мықтап қалыптасты. Дәл сол уақыттан бастап Назарбаев оны алысқа жібермей тура қасында 2017 жылға дейін ұстап келді. 2017 жылдан бастап Тас Ресейге елші болып тағайындалды да, осы уақыттан бастап оның 8 жылға созылған Кремльмен жақындасу кезеңі басталды. 2019 жылы Қазақстан оны зейнетке шығарып жіберді. Ал 2022 жылы қазақ мемлекеті атынан ОДКБ төрағалығына ұсынды.

Мәскеудегі ОДКБ штаб-пәтеріне ауысқан Тасмағамбетовтың 2022-2024 жылдар аралығында Ресейдің ақпараттық ықпалында болып, Кремль сызып берген нарративтерді көп қолданғанын қоғам өз көзімен көрді. Әсіресе оның НАТО-ға қарсы сұсты мәлімдемелері, Украинаға айбат шегуі ол туралы қазақ қоғамында басқаша пікір қалыптастыра бастады. Артынан Тас тікелей қазақ қауымына «өз ұлтымның мүддесі жолындамын» деген сигналды арнайы мәлімдеме арқылы жеткізген еді.

Негізі Иманғали Нұрғалиұлын қазаққа қарсы адам деп айту өте қиын. 2000 жылы оның бастамасымен ұйымдастырылған экспедиция Моңғолиядан Күлтегін стелласының көшірмесін алып келді. Тасмағамбетов Кенесары қозғалысының серігі, 1916 жылғы Ресейге қарсы ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілерінің бірі Кейкі батырдың сүйегін елге қайтару ісін мемлекеттік деңгейде ұйымдастырды. Вице-премьер қызметінде жүргенде Тасмағамбетов елдегі барлық балабақшаларды қазақ тілінде ету идеясын ұсынды. 2017 жылы вице-премьер ретінде ол «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына дайындық жұмыстарын да үйлестірді.

Тасмағамбетовтың жаңа қызметі туралы жаңалықтар келесі жылдың наурыз айында пайда болады деп күтілуде. DALA INSIDE оның мансабы мен тағдырын әлі біраз бақылайды.

https://t.me/dalainside
❤12😁1