АРИСТОКРАТ
18.7K subscribers
780 photos
120 videos
525 files
1.03K links
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
Доллар арзандап жатыр

Биржада доллар 464 теңгеге дейін түсті, ал Ұлттық банк бекіткен ресми курс әлі де жоғары. Ол 469 теңге деңгейінде қалып отыр. Бұл айырмашылық нарықтағы қысқа мерзімді ұсыныс пен сұраныстың өзгергенін аңғартады: экспорттық түсім көбейіп, валюта ұсынысы артқан. Айырбастау пункттеріндегі 464–467 теңге дәлізі де осы трендті растайды. Демек нарық «арзан долларды» қабылдап жатыр.

Бірақ басты драйвер мұнай екені анық. Дональд Трамп Таяу Шығысқа қатысты мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы қайта серпіліп, төмендеудің жартысын жапты. Brent 95 доллар, WTI 87 доллар деңгейінде тұр. Бұл Қазақстан үшін критикалық белгі. Себебі біздің валюта бағамының фундаменті экспорттық шикізаттан түсетін валюта ағыны. Мұнай «құламаса», теңге де күрт әлсіремейді.

Қызығы Қазақстан мұнайын Германияға жеткізуге шектеу болуы мүмкін деген жаңалыққа нарық әзір реакция бермеді. Бұл екі нәрсені білдіреді. Біріншіден, инвесторлар тәуекелді әлі нақты сценарий ретінде қабылдамай отыр. Екіншіден, логистикадағы кез келген шектеу қысқа мерзімде бағаға емес, көлемге әсер етеді. Ал бағаны қазір геосаясат ұстап тұр.
👍1
Үлкен қажылыққа «туристік визамен» бару — заңсыз

Оқырман арасында осы виза мәселесіне қатысты сұрағандар болып еді. Дереу Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына хат жолдап, соның жауабын алып отырмыз. Алда биылғы Үлкен қажылық мауысымы тұр. Оған тіркеу аяқталған болар, бірақ Үлкен қажылықтан бөлек Ұмра сапары да бар. Өкінішке қарай, ол жерлерде де түрлі алаяқтық оқиғалар кездесіп тұрады. Визаны қайдан, қалай алу керек, туроператорларды қалай тексеру керек, неге мән беру деген сұрақтарға «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» телеграм-каналы ҚМДБ жауабын ұсынады.

Қажылыққа «туристік визамен» бару қаншалықты заңды?

Қажылық сапарға ниет еткен азаматтар ең алдымен ресми тіркелген, лицензиясы бар, тәжірбиесі бар және тиісті уәкілетті ұйымдармен жұмыс істейтін, ҚМДБ ұсынған туроператорларға ғана жүгінгені дұрыс. Үлкен Қажылық сапары Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі тарапынан қатаң регламенттелген. Тек арнайы қажылық виза арқылы ғана бара алады. Яғни, үлкен қажылыққа «туристік визамен» немесе «ұмра визасымен» бару — заңсыз.

Соңғы жылдары Сауд елінде тексеріс күшейген. Заң бұзғандарға үлкен көлемде айыппұл салынып, депортация жасалады. Тіпті Сауд Арабия аумағына қайта кіре алмау қаупі бар.

Ұмра мәселесіне келсек, қолданыстағы ҚР «Туризм туралы» Заңына және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми ұстанымына сәйкес, ұмра қызметін тікелей қадағалау мәселесі ҚМДБ-ның құзыретіне кірмейді.

ҚМДБ жылына бір рет өткізілетін үлкен қажылықты ғана үйлестіріп, ұйымдастырады. Ол сапар тек арнайы конкурстан өткен ресми туроператорлар арқылы жүзеге асады.

Компанияның алаяқ емес екенін қалай тексеруге болады?

Ұмра сапарына баруға ниет еткен адам ең алдымен сапарды ұйымдастырушы компанияның заңды тіркелгенін, туроператорлық лицензиясын, қызмет көрсету шарттарын тексеріп алуы керек.

Барлық қызмет түрі (тур-код, виза, әуе билеті, қонақүй, трансфер) ресми түрде рәсімделіп, келісімшартта нақты көрсетілуге тиіс. Компанияның нақты кеңсесі мен жауапты тұлғалары да құжатта болуы керек.

Жалпы, ұмра сапарын ұйымдастыратын туркомпанияның заңды тіркелгенін және туроператорлық лицензиясының бар-жоғын Туристік Қамқор корпоративтік қоры арқылы тексеруге болады. Ол — Қазақстан азаматтарының сыртқы туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беретін қор.

Келісімшартта не нәрсеге назар аудару керек?

Ұмра сапарының келісімшартында міндетті түрде тур-кодтың берілгені, сапар бағдарламасы, қызметтердің толық тізімі, ұшу және орналастыру туралы мәліметтер, төлем тәртібі мен қаражатты қайтару шарттары көрсетілуге тиіс.

ҚМДБ бекіткен туроператорлар тізімін қайдан көруге болады?

Әр қажылық маусымда ресми туроператорлар тізімі жыл сайын жаңарып тұрады. Ол тізім ҚМДБ ресми сайтында және оның ақпарат арналары арқылы жарияланады. Азаматтар тек осы дереккөздерге сүйенгені дұрыс.

Биылғы қажылық маусымын ұйымдастыру үшін 14 туроператор іріктелді. Олар:

«Tawaf travel», «Sanabil kz», «Сембекова и К», «Nurkhan travel», «Атлас Туризм», «Хидаят-Нур», «Mina travel», «Qazaq Saqar», «Dostik travel», «Нұр-Қазақстан», «Хикмет Тревел», «Delta Tour», «Robinson KZ», «Ал-Маруа» компаниялары.

Алаяқтарға алданған азаматқа ҚМДБ тарапынан көмек бар ма?

Жоғарыда айтқанымыздай, ҚР «Туризм туралы» Заңына сәйкес, ҚМДБ ұмра қызметін тікелей реттеу құзыретіне ие емес. ҚМДБ құқық қорғау немесе лицензиялық бақылау органы саналмайды. Дегенмен, ұмра сапарында ҚР азаматтары қандай да бір келеңсіздікке тап болса, Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы ҚР Консулдық қызметіне хабарласа алады.

Еліміз зайырлы, құқықтық ел болғандықтан, жағдайға құқықтық баға беру және тиісті шаралар қолдану уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады. Дегенмен, ҚМДБ қажылық және ұмраның ерекшелігін, діни шарттарын азаматтарға түсіндіруге және консультациялық қолдау көрсетуге дайын.

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
❤3
«Адам өмірі – өзгенікі, ажалы ғана өзінікі» деген. Қаныштың еңбегі қазаққа несібе, қазына боп қалды. Ақ өлімі ғана өзіне бұйырды. Е.Славскийдың айтуынша, оның өлім сәтіндегі соңғы аманаты – Маңғыстау болған: «Маңғыстаудың байлығы бірнеше ұрпаққа жетеді. Оның әр тамшысын есептеп, үнемдеп ақылмен пайдаланыңдар. Байлығын халықтың тұрмысын жақсартуға ғана жұмсаңдар, – депті...»

Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»

https://t.me/kitapuzindisi
❤7
Салық органдары қазақстандықтардың переводтары туралы банктер жіберген мәліметтерді алды

Барлық банктер салық органдарына мобильді аударымдар бойынша мәліметтерді тапсырды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Қазір фискалдық органдар жиналған деректер көлемін өңдеп, банктер арасындағы ақпаратты салыстырып жатыр. Сондықтан нақты қандай санаттар қамтылатыны және ауқымы әзірге жарияланған жоқ. Алғашқы хабарламалар мамыр айында жіберіле бастайды.

Әңгіме белгіленген критерийлер бойынша іріктеу туралы болып отыр: 100 және одан да көп әртүрлі жіберушіден түскен аударымдар, үш ай қатарынан тұрақты қайталануы және жалпы сомасы 1,02 млн теңгеден асуы.

Салық органдары қаражат алушыларды бірнеше санатқа бөлмек: жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бейрезиденттер және жеке тұлғалар. Осыдан кейін ғана қандай шаралар қабылданатыны жөнінде шешім шығарылады.
❤3
Трейдинг, ломбард және болмаған қылмыс

Тараз қаласында өз отбасын алдап, «үйге қарақшылар түсті» деп полицияға өтірік ақпарат берген әйелге қатысты сот үкім кесіпті. Сөйтсек, бұл оқиғаның астарында үлкен қаржылық қателік жатыр екен.

Оқиға қалай болған?

Бәрі «трейдинг үйретеміз» деген белгісіз адамдардың жарнамасынан басталған. Әйел оларға сеніп:

❗ өзінің алтын бұйымдарын ломбардқа өткізеді;

❗ алған ақшасын «курсқа» деп бейтаныс адамдардың шотына аударады;

❗ көп ұзамай алаяқтарға алданғанын және ақшаны қайтара алмайтынын түсінеді.


Спектакль

Не керек, бұл жағдайды отбасынан жасыру үшін нағыз кинодағыдай көрініс ұйымдастырады. Келінінің алтыны мен гауһар тастарын жасырып тастап, өз-өзін скотчпен байлап, «үйге белгісіз біреулер басып кіріп, үптеп кетті» деп арыз түсіреді.

Полиция «оқиғаның» ойдан шығарылғанын бірден анықтайды. Сотта әйел өз кінәсін толық мойындағандықтан, судья оның бұрын сотталмағанын және өз ісіне өкінетінін ескереді.

«Сот 2 жылға бостандығын шектеу жазасын кесті. Енді ол пробациялық бақылауда болады», — деп жазады Tengrinews.kz Жамбыл облысының сотына сілтеме жасап.

P.S. Халайық, бұл ақпаратты өзгелерге сабақ болсын деп әкеліп отырмыз. Трейдинг деген лотерея емес қой. Оған терең аналитика мен мықты математика керек. Бірнеше күндік курспен оны меңгеріп шығам деп ойламаңыз. Ол алаңда тәжірибелі трейдерлер бар. Есебі түгел алгоритммен жұмыс істейтін роботтар бар. Трейдингке жаңа келген адам оның бәріне қарсы тұра алады деп ойлайсыз ба? Жалпы, «бірден табыс табасың» деген адамның бәрінен күдіктену керек. Олар кәсіби трейдер емес, керісінше, адамның қаржылық сауатсыздығы мен жеңіл ақшаға қызығушылығын пайдаланып кететін алаяқтар. Ол үшін көп оқу керек, көп іздену керек. Адамның өзінің ішкі аналитикасы болуы керек. Соның бәріне дайын болсаңыз, өз потенциалыңызға сенсеңіз ғана трейдинг туралы ойлануға болады. Бір-екі айлық курс сатып алғанның бәрі ертең байып кетпейді. Жақсылап ойланарсыз.

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
👏1😁1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. «Халықаралық Аралды құтқару қорына Қазақстан Республикасының төрағалық ету барысы туралы» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;

2. «26 наурызды Арал теңізінің, Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялау жөнінде» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;

3. «Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;

4. Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының Астана мәлімдемесі.

t.me/aqorda_resmi
❤5🔥1
Forwarded from Dala Sport
Желге шашылған 8 миллион 😢

Дәл қазір «Тұран» Қостанайға ұшып барады ✈️
Екі пересадка үшін 6 млн теңгеге билет алыпты 😟

Қонақүйге тағы 2 млн 😕
8 миллион шашып, «Тобылдың» жастар командасымен ойнамақ 😟

Иә, иә, Бірінші лиганың бір матчына 8 миллион теңге...

@Kommentator_maulen парақшасынан
💯1
Жастарға 3 млн теңгеден гранттар берілгелі жатыр

Жақсы жаңалық «Тәуелсіздік ұрпақтарына» қатысты. Шығармашыл әрі белсенді жастарды қолдау үшін мемлекет тарапынан жылда берілетін гранттар ғой. Соған қазір үміткерлерден өтінім қабылданып жатыр.

Биыл республика жастары 3 млн теңгеден 30 грантқа иелік етеді.

Кімдер қатыса алады?

14 пен 35 жас (34 жасты қоса алғанда) аралығындағы Қазақстан азаматтары.

Қандай бағыттарға беріледі?

Ғылымнан — зерттеулер мен жаңа ғылыми жобаларға

Мәдениеттен — ұлттық мұра мен өнерді насихаттауға

Ақпараттық технологиядан — IT шешімдер мен стартаптарға

Бизнестен — жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға

Медиа саласынан — танымдық әрі қызықты контент жасауға

Волонтерліктен — әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларға.

Керек құжаттар тізімі:

◾ Жобаға сипаттама (PDF);

◾ Видеоматериал (60 секундқа дейін) немесе презентация (10 слайдқа дейін);

◾ Шығын сметасы (PDF);

◾ Жеке куәліктің көшірмесі.

Өтінімдер 2026 жылғы 21 маусымға дейін қабылданады.

Қайда жүгіну керек?

Өтінім беру үшін: https://forms.gle/8Edm9PwoqQZQyw287

Сұрақтар болса: 8 (7172) 74-12-78, +7 777-114-66-82.

Электронды пошта: t.urpaqtary2026@gmail.com

Егер жас болсаңыз, тасып тұрған идеяңыз болса, бақ сынап көріңіз. Жобаны іске асыратын уақыт келді! Іске сәт!

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
❤3🔥1
Ұлттық кітап күні құтты болсын!📒

Кітап – ақылына ақы сұрамайтын қазына. Ол сенен ештеңе талап етпейді, бірақ үндемей-ақ көп нәрсе береді: ой салады, көңіліңді тыныштандырады, өзіңді табуыңа жәрдемдеседі.

Кей сәтте дұрыс сөз таппай жүргенде, кітап дәл ойға салғандай әсер қалдырады. Сондықтан бүгін алтын уақытыңызды бөліп, көңіліңіз тартқан бір кітапты ашып көріңіз. Мүмкін дәл бүгін оқыған бір жолыңыз ертеңгі ойыңызға бағыт болар💡
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🔥1
Неміс халқының атадан балаға айтылатын 10 өсиеті

Германияны экономикалық құлдыраудан құтқарып, аяғынан тік тұрғызған, ілгері дамытқан қандай құдірет?

1. Тіпті ұсақ-түйек шығын шығарғанда да Отанның және ел азаматтарының мүддесімен есептес.

2. Шетелдің бір теңгеге тұратын тауарын сатып алғанда өз еліңе бір теңге зиян келтіретініңді ұмытпа.

3. Сенің ақшаң тек неміс саудагерлері мен жұмысшыларына пайда әкелуі керек.

4. Шет елден келген машина мен құрал-саймандарды қолданып, неміс жерін, неміс шаңырағын, неміс шеберханасын қорлама.

5. Дастарқаныңа шетелдің етін, майын, т.б. қойма, себебі ол неміс ет өндірісі мен мал шаруашылығына зиян келтіреді.

6. Әр уақытта неміс қағазына неміс сиясын малып, неміс қаламымен жаз да, неміс сорғышымен сорғыз.

7. Неміс игілігіне тек немістің ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайды.

8. Тек қана неміс матасынан тігілген сырт киім мен неміс қолынан шыққан бас киімдерді ки.

9. Егер сен неміс кофесін ішкің келмесе, Германияның отар елдерінен әкелінген кофені іш. Балаларың мен әйеліңе де отар елдің какаосын ішіп, шоколадын жеуге әмір ет.

10. Ешуақытта шетелдің тауарына қызықпа және есіңде сақта: «Германия азаматының керегін тек Германия шығара алады».

Амангелді Айталы. «Ұлттану», 165-бет
(әлеуметтік желіден)

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
❤6👍5👏1
23 сәуір Ұлттық кітап күні құтты болсын!

Қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, әдебиетті насихаттауға, рухани дамуды қолдауға бағытталған мереке, 2024 жылы бекітіліп, былтыр тұңғыш рет, биыл екінші рет аталып өтілуде.

Бұл күн ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен сәйкес келеді.
❤1👏1
Әсілі, кісінің қадірі көзі жұмылған соң білінеді ғой.

Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»

https://t.me/kitapuzindisi
❤5😁1
Forwarded from UKIMET
Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидпен кездесті.

Жиында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Энергетика, көлік-логистика, тау-кен өндіру, металлургия, цифрлық салалар, АӨК, туризм және т. б. салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударылды.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары мәртебелі Сұлтанның Астанаға алғашқы ресми сапарына айрықша мән береді. Оман Сұлтандығы – Қазақстанның Таяу Шығыстағы және бүкіл араб әлеміндегі сенімді серіктесі. Қазақстан Үкіметі Оманмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамыту, екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, инвестициялық байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын»,

— деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.

«Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан "Достық" орденін алу мен үшін үлкен мәртебе болды. Оман Сұлтандығы мен Қазақстан арасында берік әріптестік байланыстар орнаған, біз оларды одан әрі нығайтуға және дамытуға дайынбыз. Қазірдің өзінде инвестициялық ынтымақтастық жолға қойылған салалар бар. Біз сондай-ақ энергетика, жаңартылатын энергия көздері, технологиялар, қаржы секторы сияқты және басқа да бағыттарға басымдық беруді жоспарлап отырмыз»,

— деп атап өтті Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саид.

Қазақстан мен Оманның бірлескен портфелінде құны $3 млрд-ты құрайтын 5 ірі инвестициялық жоба, оның ішінде энергетика және теміржол тасымалы салаларында $1,1 млрд болатын 2 жоба іске қосылды. Қазір кенді қайта өңдеу саласындағы жобалар жүзеге асырылу сатысында.

Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мақсатында күш-жігер біріктіруге мүдделі екендерін жеткізді. Атап айтқанда, кәсіпорындарды жаңғырту мен технологиялық дамытуға баса назар аудара отырып, тау-кен өндіру және мұнай-газ саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарға назар аударылды.

Қазақстанның Орта дәліздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарын ескере отырып, логистика саласындағы түйісу нүктелері белгіленді. Екі мемлекеттің экономикасы мен өзара сауданың дамуына өңдеу кәсіпорындарын құру, ауыл шаруашылығы саласындағы технологиялармен алмасу және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісімдер жасасу жөніндегі бірлескен шаралар да ықпал етеді.

GovTech және жасанды интеллект саласындағы жобаларды жүзеге асыруға басымдық беріліп отырған цифрлық сала перспективалы бағытардың бірі болып танылып отыр.

Экотуризмді, қонақ үй және сервистік бизнесті дамытуда, мәдени және табиғи көрікті жерлерді насихаттауда тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы барлық басым бағыттар бойынша ынтымақтастық пен әріптестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👏1
Салық, бизнес және деректер: бірінші тоқсанның қорытындысы

Жақында бірінші тоқсандағы салық түсімдері мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны туралы мәліметтер жарияланды. Деректердің тілі - салқын әрі нақты, ол жерде бос үрей мен эмоцияға орын жоқ.

Басында бәріміз алаңдап едік, себебі болжамдар көңілге қорқыныш ұялатқан болатын. Қоғамда салық реформасының әсерінен шағын және орта бизнес жаңа талаптарға шыдамай, жаппай жабыла бастайды, ал бюджет кіріссіз қалады деген пікірлер жиі айтылды. Алайда, шындық басқаша болып шықты.
Бірінші тоқсанның көрсеткіштері салық реформасының алғашқы оң нәтижелерін растап отыр.

БІРІНШІДЕН: Бюджет кірісі артты

2026 жылға арналған салық түсімдерінің жоспары 18,9 трлн теңгені құрайды - бұл 2025 жылмен салыстырғанда 4,4 трлн теңгеге артық.

Қаңтар–наурыз айларында бюджетке (трансферттерді есептемегенде) 4,1594 трлн теңге түсті. Жоспар 101,8%-ға орындалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім - 26,1% (+861,8 млрд теңге). Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 1,9625 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 48,6%-ға немесе 641,9 млрд теңгеге көп. Бюджет кірісінің 98%-ын құрайтын салық түсімдері 101,6%-ға орындалды: 4,0128 трлн жоспарланса, іс жүзінде 4,0776 трлн теңге түсті. Өсім - 31,5%.

Айта кетерлігі, қаңтар-ақпан айларында өткен жылдың IV тоқсанының салығы төленетіндіктен, ҚҚС бойынша төлемдер әлі де 12% мөлшерлемесімен жүргізілді.

Негізгі салықтар бойынша көрсеткіштер:

КТС (Корпоративтік табыс салығы): +16,9%

Импортқа салынатын ҚҚС (қазіргі 16%-дық мөлшерлемемен): +24,2%

ПҚӨС (Пайдалы қазбаларды өндіру салығы): +35,7%

Айта кетерлігі, алдағы төлемдер есебінен алдын ала төлету әдісі қолданылған жоқ. Кірістің артуына нақты экономикалық белсенділік, тауар айналымының өсуі және салықтық-кедендік әкімшілендірудің тиімділігі әсер етті. Тек фискалдық шаралардың арқасында бюджетке қосымша 130 млрд теңге түсті.

ЕКІНШІДЕН: ҚҚС төлеушілер саны көбейді

Жыл басынан бері ҚҚС төлеушілердің саны 12 мыңға артып, 146 мыңға жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 20 мыңға көп, әрі тек жылдың алғашқы тоқсанының өзінде тіркелген өсім. Бұл - реформаның негізгі нәтижелерінің бірі.

Көп жыл бойы бір көріністі байқадық: шағын және орта бизнес саны тұрақты түрде өсіп отырды - 2020 жылғы 1,3 млн-нан 2025 жылдың соңында 2,17 млн-ға дейін. Ал ҚҚС төлеушілер саны соңғы жылдары айтарлықтай өзгерген жоқ: 2022 жылы - 120 мың, 2023 жылы - 123 мың, 2024 жылы - 125 мың. Бұл бизнестің негізінен «көлденең» бағытта дамығанын көрсетеді: ол бөлшектеніп, жеңілдетілген режимдегі бір-бірімен байланысты жеке кәсіпкерлердің кең желісіне айналды.

Мен бірнеше рет атап өткенімдей, Қазақстандағы бизнестің орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 3,5 жыл, ал осы кезеңдегі «бастапқы шығын» деңгейі әлі де жоғары. Мұны көрсеткіштер де растайды: 2022-2024 жылдары елде 1,8 млн жеке кәсіпкер тіркелсе, соның 842 мыңы, яғни 46% қызметін тоқтатқан. Демек, бизнестің едәуір бөлігі тұрақты дамуға жетпек түгілі, бастапқы кезеңнен де өте алмаған.

Салықтық жеңілдіктер бизнестің саны жағынан өсуіне ықпал еткенімен, сапалы өсуге кедергі болды. Бұл тұрақты жұмыс орындарының құрылуы, еңбек өнімділігінің артуы және ашық қызмет жүргізу сияқты көрсеткіштерден байқалады. 2022 жылдан бері жалпыға бірдей салық режимінде жұмыс істейтін, қосылған құн қалыптастыратын және жаңа жұмыс орындарын ашатын тұрақты компаниялардан тұратын «тік құрылымның» өсуі іс жүзінде тоқтап қалды. Ал экономиканың орнықты дамуы үшін мемлекетке дәл осындай тік өсім қажет - яғни бизнес ауқымын кеңейтіп, іріленіп, сапалы жаңа деңгейге көтерілуі тиіс.
Қазір бұл үрдіс біртіндеп өзгере бастады.

ҮШІНШІДЕН: ШОБ сапалы түрде трансформациялануда

Бірінші тоқсанның дерегі бойынша 2,2 млн шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген - бұған заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ фермерлік және шаруа қожалықтары кіреді. Жыл басынан бері олардың саны 5,3%-ға азайды, бұл ШОБ-тың өзгеру үдерісін - іріленуін және қызметтің басқа форматтарына көшуін көрсетеді. Мәселен, жыл басынан бері салық жүйесінде 410 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат тіркелді.
❤1👍1
Осылайша, ШОБ аясындағы экономикалық белсенді қатысушылардың жалпы саны шамамен 2,7 млн-ға жетті.

Соның ішінде 348,5 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат - бұрын кәсіпкер ретінде тіркелмегендер. Олар негізінен такси, жеткізу қызметі, сұлулық қызметтері, тұрғын үйді жалға беру, репетиторлық және фитнес салаларында жұмыс істейді. Бұл мәліметтер ресми жұмыспен қамтудың ауқымы кеңейіп, бұрын салық жүйесіне қатыспаған азаматтардың оған тартыла бастағанын көрсетеді.

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ШОБ-тан республикалық бюджетке түскен салық түсімдері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,3%-ға өсіп, 1,130 трлн теңгені құрады (2025 жылы - 939,9 млрд теңге). Оның ішінде орта бизнес түсімдері 11,7%-ға (554,3 млрд теңге), ал шағын бизнес - 29,9%-ға (575,9 млрд теңге) артты. Бұл салық базасының кеңейіп, қызметтің ашық жүргізіле бастағанын аңғартады.

Бизнестің айналымы да артуда. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында электронды шот-фактуралар жүйесі арқылы 42,4 трлн теңге өткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға көп.
Бұл жай ғана статистика емес, бұл - қоғамдағы қалыптасқан көзқарастың өзгеруі. Экономикалық белсенді азаматтардың басым бөлігі көлеңкеден шығып, заңды жұмыс істеуді таңдауда. Олар салық төлеу арқылы өз ертеңін, яғни әлеуметтік және зейнетақылық кепілдігін нығайтуда.

Ең басты түйін: бизнес те, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар да жаңа талаптарға бейімделе алды.

Иә, реформаны қабылдау оңай емес, күдік пен күмәннің болуы да заңды. Алайда нақты деректер кәсіпкерлердің тек белсенділігін сақтап қана қоймай, жаңа ережелерге икемделіп, ісін қайта жаңғыртып жатқанын дәлелдеп отыр.

ҚҚС төлеушілердің 12 мыңға көбеюі мен ШОБ-тағы жандану - құрғақ цифр емес, бұл экономикамыздың есейіп, тұрақты даму жолына түскенінің айқын белгісі.

ТӨРТІНШІСІ: салықтық әкімшілендіру жазалауға емес, өзара түсіністік пен ашық диалогқа негізделген жаңа деңгейге өтті

Біз реформаны ашық талқылау жолын саналы түрде таңдадық.
Жаңа Салық кодексіне қатысты бір жылға созылған пікірталастар барысында салық органдары мен бизнес арасындағы ұстанымдар айқындалып, өзара сенімсіздік деңгейі төмендеді. Салық жүйесіне деген көзқарас та біртіндеп өзгеріп келеді: «жазалаушы» сипаттан — кеңес беруге бағытталған, диалогқа негізделген жүйеге қарай бет бұрды.

Микро және шағын бизнесті реттеу жүйесі мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Ендігі кезекте мемлекет бизнестің әр қадамын бақылаушы емес, оған жол көрсетуші серікке айналды. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бастап, салық міндеттемелерін орындауға дейінгі барлық кезеңде сервистік қолдау көрсету, әлеуметтік желілердегі кері байланыс және кәсіби кеңесшілермен тығыз жұмыс істеу — мемлекет пен бизнес арасындағы сенімнің нығайғанын дәлелдейді. Мәселен, «Халық бухгалтері» акциясы аясында 120-дан астам маман жұмылдырылып, бір тоқсанда 47 мыңнан астам кәсіпкерге тегін көмек көрсетілді.

Бүгін біз ел игілігі үшін жауапкершілік танытып, салықты дер кезінде төлеп отырған кәсіпкерлерімізге шынайы алғыс білдіреміз. Бұл қаражат білім беруге, денсаулық сақтауға, мұқтаж жандарды қолдауға және балаларымыздың болашағын қалыптастыруға бағытталады.

Тағы бір маңызды мәселе - бюджеттік саясат.

Биыл біз соңғы бес жылда алғаш рет Ұлттық қордан нысаналы трансферттер алудан бас тарттық. Салыстырмалы түрде: 2025 жылы мұндай трансферт көлемі 3,25 трлн теңге болған. Экономиканы әртараптандыру бағытындағы шаралармен және жаңа экономикалық өсу саясатымен қатар, бұл қадам неғұрлым тұрақты модельге көшудің маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады: шикізат кірістеріне тәуелділік азайып, өзіміздің салықтық базаға арқа сүйеу күшейеді.

Баға және инфляция туралы.

Салық кодексінің қабылдануы, соның ішінде ҚҚС мөлшерлемесінің артуы халық пен бизнес арасында инфляциялық күтулер тудырғаны рас. Алайда реформаның ашық талқылануы кәсіпкерлерге алдын ала дайындалуға мүмкіндік берді: олар бағаны 2025 жыл ішінде біртіндеп реттеп үлгерді.
Нәтижесінде, ҚҚС өзгерісінің негізгі әсері 2025 жылдың соңы мен 2026 жылдың басында-ақ өтіп кетті. Бұл әлемдік тәжірибеге толық сәйкес келеді: салық мөлшерлемесінің өсуі әдетте алты айға дейін ғана әсер етеді. Ал орта мерзімді перспективада ҚҚС, керісінше, орынсыз тұтынуды тежейтін фактор ретінде қызмет атқарады.

БЕСІНШІСІ: 4,4 трлн теңге жаңа салық түсімдері

Бюджетке қосымша 4,4 трлн теңге салық жинау жоспары - бұл жай ғана құрғақ цифр емес. Бұл - келесі маңызды қадамның, яғни халықтың табысын арттырудың негізгі көзі.

Мамыр айында «Халықтың нақты табысын арттырудың жаңартылған бағдарламасы» таныстырылады. Онда Үкіметтің нақты іс-қимылдары көрсетілген: тұрақты әрі сапалы жұмыс орындарын ашу, отандық өнеркәсіпті қолдау, экспортты дамыту және азаматтардың қаржылық жүктемесін жеңілдету.

Үкіметтің басты міндеті өзгеріссіз қалады: экономикадағы өсім халық табысының артуына тікелей әсер ететін жағдай қалыптастыру. Осы мақсатта белсенді экономикалық өсім саясаты жүзеге асырылып жатыр. Өйткені табыстың өсуі - әкімшілік шешіммен келетін нәтиже емес, ол экономиканың құрылымдық өзгерістерінің жемісі. Ал алғашқы нәтижелер біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді.