Forwarded from Кітап үзіндісі
Тіршіліктің адам баласына ешқандай құны қалмайтын сәттері болатынын жаңа түсінді. Кейде біреулер өзіне-өзі қол жұмсап, жазым кешіп жатқанда, басқалар бас шайқап, неге өйтті екен деп жатады ғой. Солай болады екен, жаңа ғана түсінді. Бір сәттік қана сезім жеңсе. Сосын жалғыз ғана сызық. Содан әрі аттап кетсең болды, басқа бір әлем...
Сайлау Байбосын «Ажалын жоғалтқан адам»
https://t.me/kitapuzindisi
Сайлау Байбосын «Ажалын жоғалтқан адам»
https://t.me/kitapuzindisi
Forwarded from Кітап үзіндісі
Оңай соқпас мықтыға да, осалға
Қоштасу сәт – ең қиыны қашанда.
Енді қайтып көрмесіңді білсең де
Қоштаса біл, жанарыңа жас алма.
Исрайл Сапарбай «Қоштаса біл»
https://t.me/kitapuzindisi
Қоштасу сәт – ең қиыны қашанда.
Енді қайтып көрмесіңді білсең де
Қоштаса біл, жанарыңа жас алма.
Исрайл Сапарбай «Қоштаса біл»
https://t.me/kitapuzindisi
❤2
Forwarded from Қазақша кітаптар
Сәуірбек Бақбергенов - Ақ боз атты ару
Сәуірбек Бақбергеновтің «Ақ боз атты ару» романына қазақтың ұлы ғалымы, этнографы, тарихшысы Шоқан Уәлихановтың өмірінің соңғы кезеңіндегі оқиғалар арқау болған.
Романда ғалымның туған халқын шексіз сүюі, оның болашағына көзқарасы және өз басының сүйіспеншілігі, жары Айсараға деген махаббаты кеңінен баяндалады.

Ақ боз атты ару.epub
540.6 KB
Forwarded from Қазақша кітаптар
Бүгін бүкіләлемдік кітапқұмарлар күні. Оқығанды жаны қалайтын, әріпті құр жібермейтін жандар үшін мереке. Жан тыныштығын кітаптан тапқандар үшін бір-бір лайк. 😁
❤2
Forwarded from DALA INSIDE
🚀 Киев КТК-ны Patriot-қа алмастыру операциясын сәтті жүзеге асырғанға ұқсайды
Жабық есік жағдайындағы соңғы отырыстан кейін, Украина бұдан былай Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына тиіспеуге түпкілікті гарантиясын толық растаған. Дәл сол кезде Patriot әуе қорғанысы жүйесі бойынша келіссөздер алға жылжып, Вашингтон Киевке аса қажет болып тұрған компоненттерді бірнеше партиямен беруге келіскені туралы ақпарат пайда болды. Осы аптада Украина Қара теңіздегі танкерлерге рұқсат беру алгоритмін пысықтап, іске қоспақ. Сонда қазақ мұнайын тасымалдау қауіпсіз бола түседі.
Мұнай лоббиі ол бойынша да мәселені шешкенге ұқсайды. Себебі, Таяу Шығысқа көбірек беріліп жатқан PAC-3 пакеттерінің соңғы траншының жүрісі баяулап қалды. Киевке бірер пакет қазір жеткізіліп, ал түпкілікті қорытындысында лицензиялық өндіріс бойынша мәселе шешілетін сияқты.
КТК Қазақстан мұнай экспортының негізгі артериясы және әлемдік нарықтағы шамамен 2% мұнай ағынына жауап береді. Шілдедегі дрон шабуылдары мен қауіпсіздік мәселелерінен КТК арқылы тиеу көлемі 20%-дан астам төмендеп, Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуға мәжбүр болған еді. Еліміз бекітілген жоспарлы мұнайдың 8,9 пайызын өндіре алмады. Былтырғы жылдың басында КТК-ның Кропоткинская станциясына кемінде жеті дрон соққы жасады. Ал күзінде дрондар Новороссийск маңындағы теңіз терминалындағы айлақ құрылғысын істен шығарды. Қазақстан осыдан кейін Киевтен мұндай шабуылдарды тоқтатуды талап еткен еді. Бірақ Украина оған құлақ асқан жоқ. Ал биылдан бастап Қазақстан өзі емес, алпауыт мұнай лоббиін Вашингтон арқылы сөйлететін тактикаға көшкен. Ол өз жемісін берді.
Қазіргі таңда Киевті Ресейдің Циркон мен Искандер сынды баллистикалық зымырандарынан тек Patriot жүйесі қорғай алады. Оның зымырандарды атып түсіретін оқтұмсықтары таусылды. АҚШ-тың фокусы Иранға ауып кетті де, оқтұмсықтардың жаңа партиясын дереу жеткізе қоймады. Ал Ресейдің соңғы соққысынан Украинаның ешбір баллистикалық зымыранды қағып түсіре алмағаны байқалды.
Украина гарантия бергендіктен Қазақстан өзінің мұнай экспорты бойынша биылғы жоспарын мүмкіндігінше орындауға тырысатын болады. Оған 4 ай уақыт бар. Енді танкерлер қозғалысы жиілеуі тиіс.
DALA INSIDE КТК-ның ендігі болашағын қадағалап отырады. Бірге бақылайық👇
https://t.me/dalainside

Оның алдында Қазақстан билігінің қолдауымен Вашингтондағы Chevron мен ExxonMobil бастаған алпауыт мұнай лоббиі Капитолийдің Киевке кезекті қатаң демарш жасауына ықпал еткен болатын. Киев жабық каналдар арқылы әңгіменің ауаны Patriot жүйесіне тіреліп тұрғанын ыммен түсіндірген еді.
Мұнай лоббиі ол бойынша да мәселені шешкенге ұқсайды. Себебі, Таяу Шығысқа көбірек беріліп жатқан PAC-3 пакеттерінің соңғы траншының жүрісі баяулап қалды. Киевке бірер пакет қазір жеткізіліп, ал түпкілікті қорытындысында лицензиялық өндіріс бойынша мәселе шешілетін сияқты.
КТК Қазақстан мұнай экспортының негізгі артериясы және әлемдік нарықтағы шамамен 2% мұнай ағынына жауап береді. Шілдедегі дрон шабуылдары мен қауіпсіздік мәселелерінен КТК арқылы тиеу көлемі 20%-дан астам төмендеп, Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуға мәжбүр болған еді. Еліміз бекітілген жоспарлы мұнайдың 8,9 пайызын өндіре алмады. Былтырғы жылдың басында КТК-ның Кропоткинская станциясына кемінде жеті дрон соққы жасады. Ал күзінде дрондар Новороссийск маңындағы теңіз терминалындағы айлақ құрылғысын істен шығарды. Қазақстан осыдан кейін Киевтен мұндай шабуылдарды тоқтатуды талап еткен еді. Бірақ Украина оған құлақ асқан жоқ. Ал биылдан бастап Қазақстан өзі емес, алпауыт мұнай лоббиін Вашингтон арқылы сөйлететін тактикаға көшкен. Ол өз жемісін берді.
Қазіргі таңда Киевті Ресейдің Циркон мен Искандер сынды баллистикалық зымырандарынан тек Patriot жүйесі қорғай алады. Оның зымырандарды атып түсіретін оқтұмсықтары таусылды. АҚШ-тың фокусы Иранға ауып кетті де, оқтұмсықтардың жаңа партиясын дереу жеткізе қоймады. Ал Ресейдің соңғы соққысынан Украинаның ешбір баллистикалық зымыранды қағып түсіре алмағаны байқалды.
Украина гарантия бергендіктен Қазақстан өзінің мұнай экспорты бойынша биылғы жоспарын мүмкіндігінше орындауға тырысатын болады. Оған 4 ай уақыт бар. Енді танкерлер қозғалысы жиілеуі тиіс.
DALA INSIDE КТК-ның ендігі болашағын қадағалап отырады. Бірге бақылайық👇
https://t.me/dalainside
Forwarded from Кітап үзіндісі
Бірақ қазіргі тірлігі күйкі, мимырт. Уақыт өтіп барады, тындырған түгі жоқ. Мәселен, кеше түстен бүгінгі түске дейінгі бір тәулік ішінде не бітірді? Жарайды, уақа емес, емтиханнан шаршаған шығарсың. Ал сонда бос кеткен күнің осы ғана ма? Мұндай күннің талайы кеткен жоқ па… Қор боп, жылап кетіп жатқан жоқ па… Өстіп кете бермек пе? Сонда отызға келгенде, қырыққа келгенде кім боласың? Елуге не бетіңмен жетесің? Елуге жете қойсаң жақсы, үлесіңе берілген өмір өлшеулі, одан әлдеқайда аз болса қайтпексің? Тағдырдың пешенеге жазған еншісі қарашы жұрттан өзгеше болса, өзгеше екеніне сенімді болсаң неге еңбек етпейсің, неге жан қинап терлемейсің? Бар ойы – қарын қамынан аспаған қаса наданнан не айырмаң бар?
Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»
https://t.me/kitapuzindisi
Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»
https://t.me/kitapuzindisi
❤5
Forwarded from DALA INSIDE
⛽️ Қашаған дауы Вашингтонға жетті. ExxonMobil Қазақстаннан қорғануда Конгресс лоббиін қоса бастағанға ұқсайды
Қашаған төңірегіндегі миллиардтаған долларлық дау енді халықаралық арбитраж шеңберінен шығып, Вашингтондағы саяси деңгейге көтеріліп барады. DALA INSIDE дереккөзі NCOC-дің америкалық акционері ExxonMobil корпорациясының Қазақстан билігінің үстінен Ақ үйге шағымданып, өзінің ықпал арналарын іске қоса бастағанын ескертеді.
Оған себеп жеткілікті. ICIJ жариялаған жаңа тергеуде Қазақстан Қашағанды игеру кезінде жасалған жалпы сомасы 10,7 млрд доллар болатын келісімшарттарға күмән келтіріп отырғаны айтылды. Астана кейбір контрактілерде баға қолдан көтерілген, мүдделер қақтығысы болған және жемқорлық тәуекелі бар деп есептейді. Бұл талап Қашаған бойынша Қазақстан қойып отырған шамамен 160 млрд доллар көлеміндегі үлкен арбитраждық даудың бір бөлігі.
Мәселенің өзегі қарапайым. Қашағандағы PSA моделі бойынша инвесторлар әуелі жұмсаған шығынын мұнай есебінен қайтарып алады. Шығын неғұрлым көп болса, Қазақстанның толыққанды табысқа шығуы соғұрлым кешігеді. Сондықтан Астана қазір ондаған жыл бұрын жазылған миллиардтаған долларлық шығынның қаншасы шын мәнінде негізді болғанын қайта тексеріп жатыр.
Chevron мен ExxonMobil бұған дейін КТК мәселесінде АҚШ билігінің саяси ресурсымен жұмыс істей алатынын көрсетті. Енді дәл сондай механизм Қашаған бойынша да іске қосылып жатқанға ұқсайды. Алайда Қазақстан бұл жолы позициясын қатайтып отыр. NCOC-қа экологиялық талаптар бойынша бірнеше миллиард долларлық санкциялар қойылды, активтеріне шектеу салынды, ал негізгі дау халықаралық арбитражда жалғасуда.
Астана енді бұрынғы ойын ережесін түгел қайта қарауда. Егер Қазақстан Қашағандағы миллиардтаған долларлық шығындардың бір бөлігін заңсыз немесе негізсіз деп дәлелдей алса, бұл тек өтемақы мәселесі болмайды. Бұл Қашағаннан түсетін болашақ табыстың бөліну моделін де өзгертуі мүмкін. Сондықтан ExxonMobil-дың Вашингтонды іске қосуы бекер емес.
Қашаған үшін негізгі шайқас енді Атырау облысынан Вашингтон округына ауысты. DALA INSIDE бұл тартыстың қалай өрбитінін бақыламақ👇

"ExxonMobil үшін бұл өте ауыр прецедент. Оның үстіне америкалық компания Қашағанды одан әрі кеңейтуге ондаған миллиард доллар инвестиция салуға дайын екенін білдірген, бірақ мұны қазіргі даулардың шешілуімен байланыстырып отыр. Яғни бір жағынан Қазақстан өткен шығындар үшін есеп сұрайды, екінші жағынан ExxonMobil болашақ инвестицияны келіссөз құралы ретінде ұстап отыр", - дейді, дереккөз.
Chevron мен ExxonMobil бұған дейін КТК мәселесінде АҚШ билігінің саяси ресурсымен жұмыс істей алатынын көрсетті. Енді дәл сондай механизм Қашаған бойынша да іске қосылып жатқанға ұқсайды. Алайда Қазақстан бұл жолы позициясын қатайтып отыр. NCOC-қа экологиялық талаптар бойынша бірнеше миллиард долларлық санкциялар қойылды, активтеріне шектеу салынды, ал негізгі дау халықаралық арбитражда жалғасуда.
Астана енді бұрынғы ойын ережесін түгел қайта қарауда. Егер Қазақстан Қашағандағы миллиардтаған долларлық шығындардың бір бөлігін заңсыз немесе негізсіз деп дәлелдей алса, бұл тек өтемақы мәселесі болмайды. Бұл Қашағаннан түсетін болашақ табыстың бөліну моделін де өзгертуі мүмкін. Сондықтан ExxonMobil-дың Вашингтонды іске қосуы бекер емес.
Қашаған үшін негізгі шайқас енді Атырау облысынан Вашингтон округына ауысты. DALA INSIDE бұл тартыстың қалай өрбитінін бақыламақ👇
https://t.me/dalainside
Forwarded from Қазақша кітаптар
Дидар Амантай - Гүлдер мен кітаптар
Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романы – адам болмысы, жалғыздық, еркіндік, уақыт пен рухани ізденіс туралы философиялық ойларға құрылған өзгеше шығарма.
Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романы – адам болмысы, жалғыздық, еркіндік, уақыт пен рухани ізденіс туралы философиялық ойларға құрылған өзгеше шығарма.
Forwarded from DALA INSIDE
🚜 Қазақстан калий импортына тәуелділіктен арылуға шешуші қадам жасады
Қазақстан агрохимиядағы ең осал тұсын жабуға кірісті. Елде азот пен фосфор тыңайтқыштары өндірілгенімен, калийдің 100%-ы әлі күнге дейін импортталады. Қазіргі ішкі қажеттілік жылына шамамен 14 мың тонна болып отыр.
Бірақ парадокс мынада. Қазақстанның өзінде 6,6 млрд тоннадан астам расталған калий тұзының қоры бар. Негізгі база Сәтимола, Шалқар және Жилян кен орындары болып табылады. Яғни ондаған жыл бойы өз жерімізде жатқан стратегиялық шикізатты сырттан сатып алып келгенбіз.
Қазақстан калий өндірісін жолға қойса, азот–фосфор–калий деген ауыл шаруашылығының негізгі «химиялық үштігін» түгел өз ішінде өндіруге мүмкіндік алады. Әсіресе қуаңшылық пен топырақтың тұздануы күшейген жағдайда калий егіннің климаттық стресс пен ауруларға төзімділігі үшін стратегиялық маңызға ие.
Оның үстіне ішкі нарықтың өзі тез өсіп келеді. Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыш көлемі 2023 жылғы 679 мың тоннадан 2026 жылы жоспарланған 2,3 млн тоннаға дейін ұлғаймақ.
Ең қызығы Қазақстанға тек өзін қамтамасыз ету жеткіліксіз болуы мүмкін. Сәтимола секілді қорлар толық игерілсе, ел калий импорттаушыдан экспорттаушыға айналып, Қытай мен басқа да ірі аграрлық нарықтарға шығуға мүмкіндік алады. Осылайша, бізде бұрыннан бар 6,6 млрд тонна шикізат енді экономикалық активке айналғалы тұр.
Қазақстанның калийге импорттық тәуелділігі әзірге аяқталған жоқ. Бірақ оны түбегейлі жоятын өндірістік база қазір салынып жатыр. 2028 жылдан бастап агрохимиядағы соңғы импорттық «ақтаңдақтың» жабылуына нақты мүмкіндік бар.

Енді осы дисбаланс жойылғалы тұр. Батыс Қазақстандағы Сәтимола кен орнында Qazaq Kalium ірі тау-кен байыту кешенін салып жатыр. Жобаға шамамен $2,4 млрд инвестиция қарастырылған, өндірістің басталуы 2028 жылдың басына жоспарланған.
Қазақстан калий өндірісін жолға қойса, азот–фосфор–калий деген ауыл шаруашылығының негізгі «химиялық үштігін» түгел өз ішінде өндіруге мүмкіндік алады. Әсіресе қуаңшылық пен топырақтың тұздануы күшейген жағдайда калий егіннің климаттық стресс пен ауруларға төзімділігі үшін стратегиялық маңызға ие.
Оның үстіне ішкі нарықтың өзі тез өсіп келеді. Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыш көлемі 2023 жылғы 679 мың тоннадан 2026 жылы жоспарланған 2,3 млн тоннаға дейін ұлғаймақ.
Ең қызығы Қазақстанға тек өзін қамтамасыз ету жеткіліксіз болуы мүмкін. Сәтимола секілді қорлар толық игерілсе, ел калий импорттаушыдан экспорттаушыға айналып, Қытай мен басқа да ірі аграрлық нарықтарға шығуға мүмкіндік алады. Осылайша, бізде бұрыннан бар 6,6 млрд тонна шикізат енді экономикалық активке айналғалы тұр.
Қазақстанның калийге импорттық тәуелділігі әзірге аяқталған жоқ. Бірақ оны түбегейлі жоятын өндірістік база қазір салынып жатыр. 2028 жылдан бастап агрохимиядағы соңғы импорттық «ақтаңдақтың» жабылуына нақты мүмкіндік бар.
https://t.me/dalainside
👍1
Forwarded from DALA INSIDE
Теңге Еуропа мен Азиядағы ең мықты валюта атанды
Қазақстан теңгесі 2026 жылы Еуропа мен Азиядағы ең табысты валютаға айналды. Financial Times мәліметінше, жыл басынан бері ұлттық валюта АҚШ долларына қатысты 9,7%-ға нығайған. Бұл көрсеткіш бойынша теңге екі құрлықтағы барлық валютаны басып озды.
Британ басылымы теңгенің күшеюін мұнай бағасымен емес, ең алдымен Қазақстанның мемлекеттік облигацияларына шетелдік капиталдың жаппай келуімен байланыстырады.
Бір жылдың ішінде шетелдік инвесторлардың теңгемен шығарылған мемлекеттік облигациялар портфелі шамамен $2 млрд-тан $5 млрд-қа дейін өскен. Қазір олардың үлесі ішкі мемлекеттік қарыз нарығының 10%-ына жуықтап қалды.
Шетелдік инвесторларды Қазақстанға бірнеше фактор тартып отыр. Біріншіден, елдегі жоғары пайыздық мөлшерлемелер теңгелік активтердің кірістілігін тартымды етеді. Екіншіден, Қазақстан халықаралық агенттіктерден инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингін сақтап отыр. Бұл көптеген ірі институционалдық қорлар үшін принципті мәселе: олардың мандаты рейтингі төмен елдердің облигацияларына ақша салуға мүмкіндік бермейді.
Financial Times келтірген ING экономисі Дмитрий Долгиннің бағалауынша, теңгенің биылғы нығаюы сауда балансынан гөрі капитал ағындарымен көбірек байланысты. Яғни қазіргі бағамға экспорттық түсімнен бөлек, Қазақстанның қаржы нарығына кіріп жатқан шетелдік ақша елеулі қолдау көрсетіп отыр.
Бұл процесті алдағы уақытта Euroclear одан әрі күшейтуі мүмкін. Қазақстан теңгемен шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды халықаралық Euroclear есеп айырысу жүйесіне қосуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде әлемдік инвесторларға қазақстандық облигацияларды сатып алу, сақтау және саудалау әлдеқайда жеңілдейді. FT дерегінше, осы жоспар жарияланғаннан кейін капитал ағыны айтарлықтай жандана түскен.
Қазақстанға тек портфельдік капитал емес, тікелей инвестициялар да қайта келе бастаған. Financial Times бірінші тоқсанда тікелей шетелдік инвестиция көлемінің $6,3 млрд-қа дейін қалпына келгенін атап өтеді. Шетелдік инвесторлардың қызығушылығы мұнаймен шектелмей, көлік дәліздеріне, цифрлық және технологиялық инфрақұрылымға қарай ауысып келеді.
Бұл Қазақстан үшін маңызды өзгеріс. Теңге бұрын көбіне мұнай бағасына тәуелді валюта ретінде қабылданса, енді оған халықаралық капитал нарығындағы сұраныс та ықпал ете бастады. Қазақстанның ішкі мемлекеттік қарыз нарығы біртіндеп жаһандық инвесторлар үшін жеке инвестициялық активке айналып келеді.

Ендігі үлкен мақсат — Қазақстанның мемлекеттік облигацияларын JPMorgan GBI-EM дамушы елдердің халықаралық облигациялық индексіне енгізу. Егер Қазақстан осы индекске кірсе, қазақстандық қағаздарға сұраныс тағы өсуі ықтимал. Себебі әлемдегі көптеген ірі инвестициялық қорлар активтерін дәл осындай индекстерге сүйеніп бөледі.
Қазақстанға тек портфельдік капитал емес, тікелей инвестициялар да қайта келе бастаған. Financial Times бірінші тоқсанда тікелей шетелдік инвестиция көлемінің $6,3 млрд-қа дейін қалпына келгенін атап өтеді. Шетелдік инвесторлардың қызығушылығы мұнаймен шектелмей, көлік дәліздеріне, цифрлық және технологиялық инфрақұрылымға қарай ауысып келеді.
Бұл Қазақстан үшін маңызды өзгеріс. Теңге бұрын көбіне мұнай бағасына тәуелді валюта ретінде қабылданса, енді оған халықаралық капитал нарығындағы сұраныс та ықпал ете бастады. Қазақстанның ішкі мемлекеттік қарыз нарығы біртіндеп жаһандық инвесторлар үшін жеке инвестициялық активке айналып келеді.
https://t.me/dalainside
❤4
Forwarded from DALA INSIDE
🔥 Құрылтайға жаңа адамдар керек. "Ескі Қазақстанның" кейіпкерлеріне ол жерде орын жоқ
Журналист Самал Ибраева өз телеграм арнасына ондаған жылдар бойы Парламенттен шықпаған өкілдердің менмендік пен тәкаппарлық ауруына шалдыққаны мен мұндай ескі кодтың жаңа заманға мүлде келмейтінін жазады.
Самал Ертісбаевтың тонына дәл назар аударды. Саяси бәсеке қатты болуы мүмкін, пікірталас өткір болуы мүмкін. Бірақ оппонентті кемсіту мен интеллектуалдық үстемдік көрсету басқа нәрсе. Қазақстанның жаңа саяси мәдениеті бұдан арылуы тиіс.
Сондықтан алдағы Құрылтайдың басты жаңалығы тек атауында немесе құрылымында емес, адамдарында болуы тиіс.
Қазақстанға енді бұрынғы саяси сахнаның мәңгілік кейіпкерлерін қайта-қайта айналдыра беру емес, жаңа саяси элита қалыптастыру маңызды. Құрылтай шын мәнінде жаңарудың институтына айналғысы келсе, онда оның ішінде де жаңа Қазақстанның адамдары отыруы керек.

"Перуашевтің «Штрафстан» деген сөзіне қатысты да ойланатын нәрсе бар. Елдегі проблеманы сынау бір бөлек, ал мемлекетті сырт көзге кемсітетін атаумен таңбалау бір бөлек. Саясаткер айтқан әр сөзінің елдің ішкі аудиториясына ғана емес, сыртқы имиджіне де әсер ететінін түсінуі керек".
Сондықтан алдағы Құрылтайдың басты жаңалығы тек атауында немесе құрылымында емес, адамдарында болуы тиіс.
Қазақстанға енді бұрынғы саяси сахнаның мәңгілік кейіпкерлерін қайта-қайта айналдыра беру емес, жаңа саяси элита қалыптастыру маңызды. Құрылтай шын мәнінде жаңарудың институтына айналғысы келсе, онда оның ішінде де жаңа Қазақстанның адамдары отыруы керек.
https://t.me/dalainside
👍1
Forwarded from Кітап үзіндісі
Қыздар! Сендер қандай ғажап жансыңдар, шіркін! Жаудырай қадалған қап-қара көздерің мен жанды еріткен көмірдей шаштарың, иықтарыңда толқындай тулаған, білектей бұрымдарың қандай әсем еді сендердің. Өзеннің құба талындай солқылдаған бойларың неткен көркем, апырау.
Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»
https://t.me/kitapuzindisi
Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»
https://t.me/kitapuzindisi
Forwarded from Қазақша кітаптар
Кітап оқып болған соң оның көп бөлігін есіңде сақтай алмасаң, бұл кітап оқудың пайдасы жоқ дегенді білдірмейді. Мәселе сенің есте сақтау қабілетіңде де емес. Мүмкін, сен кітаптың шын мәнінде не үшін оқылатынын әлі түсінбеген шығарсың.
Мен де бір кездері осындай кезеңнен өттім. Кітапты ашып, оқи бастайсың. Бір кезде ойың басқа жаққа кетеді, кейде шаршап, ұйықтап қаласың. Арада бір апта өткенде кітаптан санаңда қалғаны — бір-екі ой ғана. Сонда еріксіз: «Осының бәрінің қандай пайдасы бар?» деп ойлайсың.
Бірақ уақыт өте келе бір нәрсені түсіндім: кітап оқу — емтихан емес.
Сен кітаптың әр сөйлемін жаттап алуға міндетті емессің. Әр тарауын есте сақтауың да шарт емес. Тіпті саған еш әсер етпейтін кітапты соңына дейін оқып шығудың да қажеті жоқ.
Жақсы кітаптың міндеті — сені қинау емес, саған жаңа бір әлемнің есігін ашу. Бұрын байқамаған нәрсені байқату, бұрын ойламаған ойға жетелеу.
Егер кітап саған ештеңе бермесе, оны уақытша қоя тұр. Бұл оның жаман кітап екенін білдірмейді. Мүмкін, сенің оған деген уақытың әлі келмеген шығар.
Өйткені кітаптың адамға әсері бірден байқала бермейді. Ол жаңбырдың тамшысындай — үнсіз, асықпай жиналады.
Әр оқылған кітап, әр ой, әрбір әсерлі сөйлем санаңда із қалдырады. Кейде сен олардың бәрін ұмытып қалғандай боласың. Бірақ бір күні өміріңде күтпеген жағдай кездеседі. Біреумен әңгімелесесің. Алдыңнан қиындық шығады. Шешім қабылдау керек болады.
Сол сәтте санаңның бір түкпірінен бұрын болмаған бір ой пайда болады.
Сен оның қайдан келгенін білмеуің мүмкін. Қай кітаптан оқығаныңды да есіңе түсірмеуің мүмкін. Бірақ ол ой сенің ішіңде әлдеқашан қалыптасып қойған.
Міне, кітаптың шынайы күші — осында.
Кітаптың құндылығы оның қанша бетін оқығаныңмен немесе қанша сөйлемін жаттағаныңмен өлшенбейді. Оның құндылығы — сенің ойыңды қаншалықты өзгерткенінде.
Сондықтан мен қазір кітапты есте сақтау үшін оқымаймын. Мен оны өзімді өзгерту үшін оқимын.
Сен кітапты кітаптың өзін есте сақтау үшін оқымайсың. Сен оны өмірдің бір сәтінде ішіңнен бұрын болмаған бір ой, бір жауап, бір шешім табылуы үшін оқисың.
https://t.me/kzkitap

❤4👍1
Кстати, о Кабмине.
Сегодня на выборы партий в Құрылтай пришел голосовать и вице-премьер Канат Бозумбаев. Свой выбор он сделал в Астане, на участке №2.
И это особенно интересно на фоне сегодняшнего заявления Президента: полной смены Правительства после выборов не будет — Кабмин ждет лишь частичное обновление.
Так что сегодня голосуют не только за будущий Құрылтай. Для некоторых членов Правительства этот день тоже вполне может оказаться политически символичным.

— Апа, осы Бәйтерек ағам неге келмей кетті?
— Бәрін бүлдіріп отырған ана Азиада! Келін жақсы болса, бала да, немере де осында жүрмей ме? Басын айналдырып алған ба, екі күннің бірінде соның ауылында дейді. Бізге қарай баспайды ғой, жүгермек.
— Сол жеңгемнің аты қызық, иә! Азиада дегені несі екен?
— Ой, қарағым. Ол бір ұзақ әңгіме! Баяғыда біздің елде спорттан жарыс өтіп, сол Азиада болған. Сол жылы туған біраз балаға Азиада деп ат қойды соның құрметіне. Ана Саммит шал да елде алғаш саммит өткенде туыпты.
— Ал сіздің атыңызды кім қойды?
— Кім қоюшы еді, әке-шешем де! Ел енді есін жиып жатқанда құлағымызға Жанель, Амелья, Сабина, Альбина деген есімдер тосын әрі жақсы естіліп тұрды да, аты өзгерсе заты да өзгеретіндей топырлатып қоя бердік қой. Енді, міне, отырысымыз мынау! Эльенора әже болып!
— Күлкілі, иә! Сонда мен кейін Тэмберлейнк ата болам ба?
— Енді амалың қайсы? Бала күнінде қартаймайтындай көрдік те, қойдық қой…
Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде»

🙏2❤1😁1
Forwarded from DALA INSIDE
✋ Қош бол, Бендер-Аббас? АҚШ-тың Иранды оқшаулау операциясы Қазақстанның мұхитқа шығу жоспарын бұзып отыр
АҚШ Иранға қарсы «Economic Outcast» атты жаңа экономикалық науқан бастап кетті. Енді Вашингтон үшінші елдер мен шетелдік компанияларға да ескерту жасап отыр. Иран экономикасының санкцияға түскен салаларымен жұмыс істегендер АҚШ қаржы жүйесіне қолжетімділігін жоғалтуы мүмкін. Жаңа қысым ең алдымен қаржы, технология, алтын, авиация және теңіз тасымалына бағытталған.
Дәл осылардың ішінен Қазақстанға теңіз тасымалы бағыты ауыр тиеді. Себебі, біздің Иранның Парсы жағалауындағы Бендер-Аббас портында терминал салуымыз теңіз тасымалы категориясына жартылай еніп тұр.
Осы жазда Қазақстан Иранмен Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында өзінің көлік-логистикалық терминалын салу жөніндегі BOT-келісімге қол қойған еді. Келісім 27 жылға жасалған. Алғашқы екі жылда Қазақстан терминал салып, соны 25 жыл пайдалануы тиіс еді. Терминал Қазақстанға Парсы шығанағы, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Африка нарықтарына тікелей шығу үшін керек.
АҚШ оқшаулау режимі толық күшіне енсе, бұл терминалды халықаралық деңгейде толыққанды пайдалану қиындайды. Шетелдік банк төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін, халықаралық сақтандыру компаниялары кемелерді сақтандырмай қоюы ықтимал, ал ірі тасымалдаушылар мен инвесторлар secondary sanctions тәуекелінен қашады.
Демек, біз өзіміздің запастағы балама жобамызға қайта оралатын сияқтымыз. Үкімет бұған дейін Иран бағыты іске аспаса, Ауғанстан арқылы Пәкістанның терең су порттарына шығуды да қарастырған еді. Онда талибтермен ұзақ уақыт дос болып, тағы да кеуде қағыстыруға тура келеді. Және Кабулға үлкен іссапар күтіңіздер.

"Қазір Әділет және Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Бендер-Аббаста терминал салу және оған құрлық арқылы баратын логистиканы күшейту жобасы осы шектеулерге заңдық тұрғыдан қайшы ма, қайшы емес пе соны анықтап алмақ. Құрылтай науқаны толық біткеннен кейін, АҚШ тарапымен жабық консультациялар басталады. Бірақ Вашингтон қатаң түрде жоқ десе, амал жоқ, Иранмен бұл тірлікті жаба тұруға мәжбүр боламыз", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

❤3