Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
✍ Кәмел Жүністегі
📚 Соңғы Абыз

Қарымды қаламгер Кәмел Жүністегінің шығармашылығымен оқырмандар кеңінен таныс. Оның қаламынан шыққан "Дос көңілі", "Көне хикая", "Көксеу" атты кітаптарын, "Құба белдер" трилогиясын және "Көксеңгірдің тасында" повестер мен әңгімелер жинағын жұртшылық жылы қабылдаған болатын. Жазушының "Соңғы абыз" романы әдебитіміздегі зар заман деп аталған әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі - Шортанбай ақын өмірі мен сол тұстағы қазақ елінің жай-күйін көрсетуге арналған. Жырау өмірін жан-жақты зерттеген жазушы өз романында сол кезеңдегі қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігін, ел ішінің жай-жағдайын, заман тынысын айқын танытуға тырысады.
Роман тілі тартымды, шұрайлы.

Көлемі 409 бет
👍13❤5
Абу Һурайра (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі ‎ (ﷺ) былай дейді:

«Бес уақыт намаз өз арасындағы, екінші жұма алдыңғы жұма арасындағы және келесі Рамазан алдынғы Рамазан арасындағы күнәларды өшіріп отырады, тек үлкен күнәлардан алыстаса болғаны».

Муслим (233).

*Жұма күніңіз берекелі өтсін 🤲
👍25❤7🕊4
Бақаның бағын бергенше, сұңқардың сорын берсін. Бақа қанша бақытты болса да, шалшық көлден шықпайды. Сұңқар қанша сорлы болса да, биікте, көкте самғайды.

*Б. Момышұлы
🔥42👍5❤4👏4
Біздің мәжілістерімізде (отырыстарымызда) әйелдер мен жеген тамақтарың туралы сөз қозғаудан аулақ болыңдар. Расында, мен өзінің жыныс мүшесі мен қарны туралы айта беретін еркектерді жек көремін!».

*Ислам ғұламасы Имам Ахнаф ибн Койс
👍25🔥5👏3❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Рахымжан Отарбаев ағамыздың сұхбатынан керемет үзінді. Міндетті түрде көріңіз ✔️
👍21❤5🔥5👏3
Мықтылық дегеніміз əдемі тұрмыс құрып, бақытты ғұмыр кешу емес, қоржын арқалап жүрсең де адамдығыңды жоғалтпау! 🤎

Оралхан БӨКЕЙ
👍37🔥6❤4👏2
Кейде бір кітапты оқисың, оқып отырып адам баласынан қызғанасың. Жаныңа жақын көрінбес достай болып тұрады. Автор сенімен бұрыннан таныс секілді. Кітап шіркін сырын бірден ашпайды ғой, ашпағаны да дұрыс. Орта тұсына келесің де, бір бетінен екінші бетіне өткен сайын ішіңде бір алапат күш арпалысқандай зу ете қалады. Сол сәтте кітап бетін ұстап тұрып, әлгі сөздердің сиқырын игеріп алайын дейсің. Күлесің, жылайсың, шыдайсың. Көңіліңді түрлі түске бояйсың. Бұл сезімді — бәрін ақшамен өлшейтіндер түсінбейді. Түсінбей-ақ қойсын...))
👍42🔥7❤5
Оқырмандар үш түрге бөлінеді:

1 — Кітапты суретке түсіріп, кейін оқитындар;
2 — Кітапты суретке түсіріп, кейін оқымайтындар
3 — Кітапты суретке түсірмей оқып, кейін оның үзіндісін пост қылып салатындар

Сіз қай түріне жатасыз? )
😁45🤣20❤9🔥8
Кәзір көбі болмайтын нәрседен пайда табуды ойлай ма, қалай өзі? Әлде маған солай көріне ме білмеймін.

Мысалы кәзір кітап оқуға байланысты былай дейді:

Кітапты қалай оқу керек?
Кітапты қалай, тез оқу керек?
Қандай кітап оқу керек?
Кітап оқып, айфон ұтып ал! 🤦🏻‍♂

Ол сұрақтар маған былай елестейді:

Қарның ашса не істеу керек?
Етті қалай, дұрыс жеу керек?
Тамақты тез жеуді үйретеміз.
Нанды қалай турап жеген дұрыс?

Ода тұрған не бар, айналайындар-ау! Адам кітапты қалай оқығысы келеді? Солай оқысын. Отырып оқи ма, тұрып оқи ма өз еркі. Әйтеуір кітап оқып, жаны рахаттанса, таным көкжиегі кеңейсе болды емес пе?

Тез оқу деген қайдан келген, бұл не, аламан бәйгесі ме еді, аптығып барып жанталасып жүлде алатын?

Бұны айтып кітап жазу, жарыс ұйымдастыру қаншалықты дұрыс? Бұдан басқа жарыс түрлері, табыс табу түрлері қалмаған ба?

"Кітап оқып, айфон ұтып ал!" деген ше? Оқырман кітап оқып отырып, сол кітаптың ішіндегі кейіпкерді уайымдай ма, әлде айфонды алғаннан кейінгі онымен не істейтінін бе? Ал, сол айфонды алып болғаннан кейін, оқырман санасы білімге қарай өзгере ме? Әлде қызық қуып кете ме?

Ең дұрысы қазақтың көркем әдебиетін мән беріп оқыңыздар. Олар бізге нашар білім бермейді,әрі ол үшін ақы да сұрамайды. Сонда бұлардың бәрі көл жағасындағы көбіктей шетке шығып қалады.
🔥36💯12👍8❤6👏3🥴2😁1🥱1
Елестетіп көріңізші, Абай атамыз былай деген болса:

"Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.

Әрі қарай кітап оқып үйренгіңіз келсе, айына 20 ділдәдан курсыма жазылыңыз" - десе? )

немесе Ыбырай атамыз:

"Бір Аллаға сиынып,
Кел балалар тез-тез оқылық" десе? ))
🤣71😁17❤9👏5🤔3👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Меніңше қамқорлық деген — ең бірінші әр адамның өз отбасынан басталуы керек. Ауыз бірлік те солай. Мына бейнені міндетті түрде соңына дейін көріңіз 🧡
❤30👍7❤‍🔥3👌3🔥1
Қар суымен кеткен жылқы.pdf
307.5 KB
Ұларбер Нұрғалымұлының "Дайағашшы" кітабынан үзінді.

"Қар суымен кеткен жылқы"
🔥7❤4👍4
Жүрек — дастарқан емес, көрінгенге жайыла бермейді! 🤎

Ілияс Есенберлин
👍51❤11🔥7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сауатты сөйлейік
Автор: Мөлдір Доспаева
👍16🔥1👏1
Ондай азаматтар кәзір неге азайып кетті деп ойлайсыздар? 🤔
👍39🤷‍♂6❤5🥴4💯2👀2
✍ Халлед Хоссейни
📚 Тысяча сияющих солнц
👍3❤2
Адам үшін күресуден жоғары бақыт бар ма? Олай болса мен адам үшін, əсіресе адамның шын періштесінің бірі Ақбаян үшін күресуім керек. Оның мұндай
күйге душар болуы, Əлжан секілді дымға татымайтын адамға ерге шығуы— бəрі біздің, Ақбаянды қоршаған қоғамның адам тағдырына немқұрайды қарауынан туған. Егер Ақбаян осы қалпында қала берсе, ол дүниедегі ең бақытсыз əйелге айналады. Ондай халге жібермеуіміз керек.


— Ілияс Есенберлин
— Алтын құс 🕊
👏27❤5👍3🫡1
Ал сіз қай шығармадағы, қандай кейіпкерге ұқсайсыз? )
🔥12👍1