Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
«Әр нәрседе шектен шықпау керек. Антон Чехов айтқандай: "Когда переходишь меру, самое прекрасное становится безобразным" »

« Айналаның бәрі "даңқ" түрмесінің тұтқыны болуға дайын тұр »

« Біз әртүрлі болғанда ғана бір-бірімізге тартымды боламыз »

« Өмір — дауылдың біткенін күтіп отыру емес, өмір — жауынның астында билеу »

«.. Қазіргі көп адамдардың ішкі жан дүниесінің сұлулығы жоқ. Ішкі мәдениеттің жоқтығы жан сұлулығы болмағандықдан деп есептеймін. »

« Асқақтаған амалшыдан аяңдаған адалдық озады. Қашан адам біткеннің бәрі шындық үшін шырылдаса, әділеттік пен адалдық та соны жағалайды »
❤21👍11
© Вольтер

✍🏻 Люблю людей, которые мыслят и заставляют меня мыслить.
❤35👍8💘5
Ағайын жат болады алыс болса,
Болады жат та жақын таныс болса,
Достарың дұшпан түгіл табалайды –
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

© Ыбырай Алтынсарин
👍40❤5👏4
Қиналмаймын ағым көп деп шашымда,
Қанатымды қарыған от жасымда.
Тағы, тағы...
Сүрінуге болады,
Сүйеп қалар досың болса қасыңда!

Еселі еңбек сүйреп шыққан мені өрге,
Еңбек етпей,
Ер қызығын көрер ме?!
Тағы, тағы...
Таласуға болады,
Табысуға көзің жетсе егерде.

Мынау балғын,
Мынау жап-жас күйінде
Төсек тартып қалдым-ау деп күйінбе.
Тағы, тағы...
Ауыруға болады,
Әлпештейтін кісің болса үйіңде.

Арманыма,
Қиялыма сай елім.
Қадірлеген мақал — сөздің мәйегін.
Тағы, тағы...
Үйленуге болады,
Бойжеткен боп қайта оралса әйелің!

Төзімдіге құрышың не?
Teмip не?
Төзімдімін деп бipaқ та елірме!
Тағы, тағы...
Қателеспе бipaқ та,
Кешіретін кісім бар деп өмірде!

© Қадыр Мырза Әли
👍33❤12🥰3🤣3
Қоғам пікірі от-жалын болып лапылдап тұр екен. ЕР азаматтардың бәрі шетінен дүниеқоңыз, балаға алимент төлемейтін, қашқынбай мен қуғынбай, қылмыскерлер екен... Расында солай ма?..
Дүниесінің бәрін өз атына заңдастырып, еркегін қуып жіберген әйел қаншама. Балаларын әкеге қарсы айдап салып, дүние мүлкін тонап, қаңғытып жіберген әйелдер қаншама? Қартайған әкені қорлап, жәбірлеп, қоғамға жағымды көрінгісі келетін байшыкеш отбасылар ше?..
Сондықтан әйелге арашашы болып, ер азаматтарды жау көргенді қоя тұралық. Еркекке де, Әйелге де АДАМ деп қарап үйренейік!
Біразың шабаланып та қаларсыңдар. Дегенмен Ер азаматтың көтерер жүгі әйелден салмақтырақ! Еркегің болмаса ҚОРҒАНСЫЗСЫҢ. Өзің де, балаң да қорғансыз. Сондықтан азаматыңа кішірейіп отырып, қылығыңмен, сән-салтанатыңмен жаға отырып, ошағыңды өшірмеуді үйрен! Өзіңді өзің сыйлап, тәрбиелеп ҮЙРЕН, қазақтың қызы!!!

© Роза Мұқанова
👍34🤨10❤8😢2
Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқадан да жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Еріне аю, баласына қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.

****
Келін жақсы болса,
Үйіңе көп кісі келеді.
Келін жаман болса,
Келген кісі кеткісі келеді.
Ас құй десең, төккісі келеді,
Төкпей құй десең, сөккісі келеді.

****

Жақсы қатын алсаңыз,
Жақсылығын білдірер.
Ерін жөнге көндірер.
Анық осы, бозбала,
Жұмақтан шыққан хормен тең.
Алғаның жаман жолықса,
Жамандығын білдірер.
Ер қадірін кетірер.
Оның өзі, бозбала,
Маңдайға біткен сормен тең.

© Шал ақын
👍32🤣8❤4🤷‍♀3😐1
Сәлеметсіз бе?

Жаныңызды жүрдіңіз жара жеп күзде,
Ал күздің желі, меніңше, сәл әдепсіз бе…
Жапырақтарын шашты алдан.
Бұрылдыңыз да,
Дедіңіз:
— Сәлеметсіз бе?
— Сәлеметсіз бе…

Сонау күз бізге ерекше сый табыстырды,
Сый табыстырды, бөлекше күй таныстырды.
Қандай күш екен сол күні сәлемдестірген
Бейтаныс бізді?

Сол таныстырған біздерді жайлап өтті күз,
Жапырақтарын алысқа айдап өтті күз.
Жапырақ тектес пе едіңіз, бейтаныс ару,
Қайда кеттіңіз?..

Сол баққа келем жанымды жара жеп күзде,
Ал күздің желі әлі де сәл әдепсіз бе…
Жапырақтарын шашады алдыма әкеп,
Дейтіндей:
— Сәлеметсіз бе?
— Сәлеметсіз бе…

© Әділ Ботпанов

#поэзия
👍22❤8💘2❤‍🔥1
Сол жақ тұсты келе ме дір еткізгің?!
“Сүй ғұмырды”. Бұл – жақсы тілек күзгі.
Күлсалғышта қаншама ой қоғам жайлы...
Мұңсалғышқа ұқсайды жүрек біздің...
***
Әзер атқан, өкпешіл таңды-ай мына...
(Қарай салшы! Жапырақ сарғайды ма?)
Мен, мысалы, дұғамнан жаңылыстым...
Сен, мысалы, жасадың қандай күнә?!
***
Көңіл – жетім, жұбатар жоқ тірегі...
(Жазбаған жыр түсіме көп кіреді.)
Анау жүрген үй-күйсіз қаңғыбас шал...
...Өмір жайлы ол бізден көп біледі...
***
Мәртебеңді ұнайды, ә, биіктеткен?!
Қылмыс-нала көкірекке үйіп-төккен...
Сен несіне тағдырға налисың көп?!
Мен өмірді мұңымен сүйіп кеткем.
***
Сағыныштар жаныңды өртесін кеп,
Жылдар салған жара да, дерт есіңде...
Тірлігің де үміт сыйлап... көп алдайды,
“Шала” ақынның ең сәтті тіркесіндей...
***
Отыратын шығар-ау жиі егіле...
Тамшы жасы түсті ыршып иегінен...
Қаңғыбас шал күте ме күзді мендей,
Және мендей өмірді сүйеді ме...

© Жұлдыз Молдағалиева
❤15👍13😍1💘1
Көп сөйлеген адам көп қателеседі, ал көп күлген адам ұят пен әдептен айырылады.

©️ Омар ибн Хаттаб р.а.
👍80❤12❤‍🔥2
Әдеттің адамға көп пайдасы тиеді:

1) Әдет арқасыңда адам белгілі ғана істерді істеп, тақақтап ұшына шығады, анық орындайды. Әрбір істің басын шала бермейді.

2) Істің тиянақты, көрікті болуына себепкер, әдеттенген істі адам тиянақты істейді.

3) Уақытты һәм күшті далаға жібермейді, бәлки үнемдейді. Әдеттенген істі көп күш жұмсамай адам тез һәм жеңіл істейді.

Әдеттену болмаса, адам бір істің соңында мыжып отырып қалып, басқа жаңа істерге уақыты болмас еді. Әдет – әсіресе, тәрбиешінің қолында күшті құрал. Әдеттендіру арқасында ғана баланы дұрыс жолға салуға мүмкін.

Шекспир: «Жақсы әдет – жақсылыққа бастайтын періште»,– дейді. Орыстың тәрбие ғалымы Ушинский: «Жақсы әдет – өсімге берген ақша, адам өмір бойы соның өсімін пайдаланады. Жаман әдет – борыш, адам өмір бойы сол борыштың бір өсімімен азап шегеді»,– дейді.

© Мағжан Жұмабаев
📖 "Педагогика"
❤32👍7👏2
Айтпақшы бүгін ағамыз Мұстафа Өзтүріктің дүниеге келген күні екен. Тірі болса 70-ке толар еді.. Жатқан жері жайлы болсын!..
* * ***
Жалпы Мұстафа ағамыз жайлы мынадай қызық деректер бар, қарап көріңіз:
1. Ағамыздың шын есімі – Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман.

2. Ол Түркияға көшіп барған қазақ отбасында туған.

3. Әкесі Қабен түрік жерінде палуандармен белдесіп, өзінің жауырыны жер тимейтін шебер болған. Түрік бауырлардың Қабен ағаға деген сыйластықтары артып, Өзтүрік атап кеткен. Осылайша, отбасы мүше­лері осы атауды өздеріне тек етіп алады. Сондықтан Қабен аға өмірге келген ұлының есімін Мұстафа қойып, тегін Өзтүрік етіп жаздырады.

4. ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері. Алғаш рет Қазақстанда таэквондо мектебін ашты.

5. Түркияның Стамбұл қаласында, Германияның Мюнхен қаласында, сондай-ақ, Қазақстанда Мұстафа Өзтүрік атындағы таэквондо мектептерін ашты.

6. Негізгі мамандығы – журналист

7. "6 тілді жетік меңгеріп, еркін сөйлеген".

8. Бұл дүниемен қоштасқанда жасы бар-жоғы 40-та еді. Денесі Стамбұл қаласында, әкесінің жанында жерленген.

9. Мұстафа Өзтүріктің жұмбақ өлімі туралы достары былай деп еске алады: «Оны біреулер улаған. 1995 жылдары елде рэкетирлік уақыт еді. Біреулерге Мұстафаның елге келіп, көтеріле бастағаны ұнамаса керек. Біздің болжамымызша, оның тамағына у қосқан сияқты». Алайда аурухананың берген ресми мәліметі Өзтүріктің қастандықпен өлтірілгенін растамайды.

10. 1991 жылы Қалила Омаров Мұстафа Өзтүрікке арнап «Барып қайт, балам ауылға» фильмін түсірді...
❤20👍7❤‍🔥2
Габриэль Гарсиа Маркес встретил свою будущую жену на танцполе, когда ей было 13 лет, и сразу же предложил выйти за него замуж.

«Я только сейчас понял, что все стихи, которые я написал, были посвящены вам. Будьте моей женой!» — сказал юный Габриэль на танцплощадке девочке Мерседес. «Я согласна. Только, если позволите, я сначала окончу школу» — co всей серьезностью ответила девочка.

Свадьба состоялась лишь спустя 13 лет. «Мы не были помолвлены, мы просто терпеливо и без томления ждали того, что нам предназначено», – вспоминал Маркес много позже.

Мерседес была рядом с Габи во время его работы над романом «Сто лет одиночества», обеспечивала семью и не переставала верить, что ее муж — гений. Спустя полтора года роман был написан, но у Маркеса не было денег даже на то, чтобы отправить его в редакцию. Тогда Мерседес продала последнее, что у нее осталось, — фен и миксер.
Совсем скоро роман ee мужа принес огромные гонорары, мировое признание и Нобелевскую премию.
👍26❤2🤷‍♂2
Надо развлечься.
____

Ходил развлекаться, попал на похороны.

Фёдор Достоевский, "Бобок"
🙊8😁4😐3👍2
Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар..

© Білге қаған
👍33❤4🤨2🤔1
Басқаларға көмектескенде өте сақ болу керек. Пайдалы болу мен қолданылудың айырмашылығы кейде мүлдем байқалмайды.

© Антонио Курнетта
👍47❤10
Керемет кезде тусақ та,
Керемет шақта тұрсақ та,
Білдірмей іштен тынсақ та,
Біздің хал мүшкіл бұл шақта.
Зауық жоқ сауық-сайранға,
Қона алмай жүрміз жайлауға.
Бәйгені бермес көк қасқа,
Бұл күні, қалқам, байлауда.
Ой менен қырға ап қашқан,
Шоқ шайнап жүріп, от басқан,
Бәйгені бермес көк қасқа,
Бізбенен бүгін қоштасқан.
Өткізген күндер дүрмекпен,
Өткен шақтармен бір кеткен.
He таптық арзан құрметтен?
Арзан сауықты гулеткен.
Хал мүшкіл, қалқам, бұл шақта.
Өткенге мойын бұрсақ та,
Барсақ деп айла қылсақ та,
Жеткізбес енді қусақ та...

© М. Мақатаев
❤19👍9🔥4🤣1
Ұждансыз адамның бір қасиеті бар, ол - өзгенің қатесін көргіш келеді.

© І. Есенберлин
❤32👍9😢3💯3
Ең мықты митинг — Нәпсіңмен!
❤29👍6💯5
Кесапаттан аман болса, адамдар көп жасар еді. Бірақ күнді түн аңдып тұрғаны сияқты адамды да анадан туар-тумастан қырсық аңдиды да тұрады.

© Шер аға
📖 «Жүз жылдық жара».
👍19❤6
Неше жазушыны таныдыңыз? )
👍12❤4