Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Егер мынау жарық жалғанда бақыт деген бар болса, оны тек осы қазір, дәл осы басыңнан кешіріп отырған азғантай тіршілігіңде ғана көресің; әйтпесе, өткен бақытқа өксіп, келешек бақытқа емешегіңді үзіп құр бекерге әуре болмасаң да болады.

© Шыңғыс Айтматов «Ерте келген тырналар».
❤29👍9🤣4
Сабыр қылу — тамаша сипат. Бірақ ұзақ төзе беруге өмір тым қысқа ғой.

© Мұхтар Әузеов
❤34👍13👀2🆒2
***
Сен де бөтен. Мен де саған бөтенмін…
Өз мұңымды өзім үнсіз көтердім…

Сен де қиын. Мен де саған қиынмын..
шілдедегі аспандай сап тыйылдым…

Сен де жаңбыр. Мен де сондай жаңбырмын!
Жауғызбаған, жауа алмаған тағдырмын…

Сендегі аспан…мендегі көк тамаша.
Тек оңаша жылайтының болмаса..
тек оңаша жылайтыным болмаса…

Сен де кешір…мен де сені кешіргем…
кетпейтінім болмаса тек есіңнен…
кетпейтінің болмаса тек есімнен!..

© Жанна Елеусіз
❤50💔18👍11😐4🤣3
— Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол — кітап,— дейтін.— Әкем де, шешем де сол — кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің, бәрі-бәрі ұмытылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын. Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді.

📖 "Тортай мінер ақ боз ат"
© Оралхан Бөкей
👍29❤15😢3
Дүниеде ең жаман адамдар - әдебиетке қатысы бар адамдар. Себебі: атақ та, мансап та соларда. Әдебиетке келу деген сөз - о баста алқаш, маскүнем ер адамға тұрмысқа шыққан әйелдің тағдырымен тең. Ол ішіп келсе, ұрса-соқса, амал жоқ, көнесің. Себебі әдебиетке кірер есік бар, шығар есік жоқ!

© Есенғали Раушанов
👍27❤13
— Абай Құнанбайұлының текті сөздері

1. Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

2. Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта.

3. Құдайдан- қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!

4. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.

5. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

6. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.

7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың.

8. Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?..

9. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.

10. Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің.

11. Қайғысыздың бәрі асау.

12. Өлейін деп өлмейді өлерік жан.

13. Распенен таласпа.

14 Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

15. Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

16. Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.

17. Сұлуды сүймектік – пайғамбар сүннеті.

18. Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.

19. Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.

20. Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.

21. Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар.

22. Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.

23. Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.

24. Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.

25. Жақсы ДОС білген сырын сыртқа жаймас.

26. Жаныңа жаққанның соңына еруге жалқауланба.

27. «Қусың» десе қуанатындар да кездеседі.

28. Серт бұзғанның орны шоқ.

29. Сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес.

30. Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек.

31. Арлану ақылдының ісі.

32. Пенде өлмейді арманнан.

33. Хақ сөзді бала айтса да тоқтамақ керек.

34. Есебі жоқ ант ішпе.

35. Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.

36. Сынық қанат көбелек – ол да өмір іздемек.
❤29👍15🔥4💯1
ЖАҚСЫ ЖАУАП....

Автобусқа бір кемпір кіріп келді. Жас жігіт тұрып оған орын ұсынғанда, кемпір мысқылдап:
«Балам жасың нешеде?»,-деді.
Жігіт:
«Жасым жиырма сегізде»,-деп жауап бергенде кемпір:
«Жиырма сегіз жасқа толсаңда әлі автобуста жүрсің бе? Менің қызым 22 жасқа жетер жетпес машина сатып алған болатын»,-деді мұқатып.
Жас жігіт жай ғана күлімсіреп:
«Иә, мен де біраз ақша жинаған едім. Сол ақшама анама машина алып бердім.
Енді анама әрі-бері баруы үшін автобус күтіп, қиналып жүрудің қажеті жоқ »,- деп жауап берген екен.

© Амантай Тойшыбайұлы
👍91❤18😁11🙊8🔥5
Арақ шайтанның қаны...

© А.П.Чехов
👍30❤7
Арманды кестелеп жазуға қалам, шіркін, шорқақ қой.

© Әлихан Бөкейханов
👍47❤13👏2
Қандай жаста болсаң да, нендей жағдайда жүрсең де әрдайым оқы, үйрен, білім ал. Үйренуге ешқашан кеш емес. Үйрену үшін оңтайлы уақытты, ыңғайлы жағдайды күтпе!

© Қайрат Жолдыбайұлы
📖 "Кемел адам"
❤61👍20🥰5🔥3
👍23❤11💯2
Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын, сонда қайда едің?

Ақыл таппай дағдарып,
Жанашыр таппай сандалып,
Барарын қайда біле алмай,
Жүрген бір күнде сан ғаріп –
Есепсіз көп шешендер,
Жөніңді айтшы, қайда едің?

Сарыарқа сайран жерлерім,
Көк орай шалғын көлдерім,
Асқар тау – биік белдерім.
Бәрін жауға алдырып,
Қысылып қазақ тұрғанда,
Данышпандар, қайда едің?

Атадан бала айырылып,
Қанаты сынып қайырылып,
Қасірет толып жүрекке,
Тұрған бір кезде қайғырып,
Толып жатқан қамқорлар,
Елде жоқ едің, қайда едің?

Құландай үркіп елдерің,
Қалдырып мекен жерлерін,
Жаяу-жалпы, жалаңаш,
Қатын-бала, ерлерің
Аштықтан қырғын тапқанда,
Сыпыра жомарт, қайда едің?

Кедейдің сорын қайнатып,
Майданға жасын айдатып,
Тіл жоқ, көз жоқ, басшы жоқ,
Өлімге басын байлатып
Жіберерде, жаным-ау,
Жанашыр, жақын, қайда едің?

Енді бүгін кім жаман?
Данышпан емес, кім надан?
Қамқор емес, кім жауыз?
Жомарт емес, кім сараң?
Көсем емес, кім жалтақ?
Шешен емес жоқ адам.
Бәрі білгіш, бәрі де ер –
Жеткіздің, Алла Тағалам.

© Міржақып Дулатұлы - Қайда едің?
👍28💔9🔥4❤2
Адамның барлығы ұнайды,
Іздеуім керек тек неге мін?!
Мен содан көремін құдайды,
Құдайды мен солай көремін.

Тәңірдің сыйлығы жан нұры,
Сондықтан пенденің тілегі ақ.
Әлемде күнәнің барлығы,
Іздесең шынымен біреу-ақ.

Күнәсіз-Хақ шебер жан үрген,
Ал, күнә, Адам мен Хауадан.
Ал, Адам мен Хауа Тәңірден,
Қалғаны күнәдан тараған.

Күнәсіз болса егер жанары,
Күнә жоқ болса егер тұсаған.
Періште керексіз қалады,
Ібіліс өледі құсадан.

Адамнан алғашқы қателік,
Қателік ең дұрыс о бастан.
Жұмақтан тозаққа әкеліп,
Қайтадан жұмаққа жол ашқан.

Ғылымдар дәуірі бұл маңда,
Аспанмен шектелсін ой мейлі.
Дәл қазір дінсіз де, діндар да,
Құдайдың орнына сөйлейді.

Парыз да, қарыз да өзіңнен,
Қорқудан іздеме құдайды.
Ол бәрін жаратқан сезіммен,
Сезімін сол үшін сынайды.

Тәпсірі Тәңірге белгілі,
Дін деген кітаптар шеруі,
Жүрек боп қалады ендігі,
Адамның ең ұлы сенімі.

Адамның барлығы ұнайды,
Сенбесең жанымды тыңда кеп.
Жүзінен іздеймін құдайды,
Сыйпаты сақтаулы тұр ма деп.

© Нұртас Тұрғанбек
👍13❤12
Көзбен көргеніңнің жартысына сен, құлақпен естігініңе толық сенбе!

© Ағылшын мақалы
👍22❤6🔥2
Саған сенетін адам, сені жақсы көретін адамнан жақсырақ...

©️Иоганн Гете
❤47👍2🔥2
✅️ Ұят-Ұлы күш.

✍️ Мен:
- Өтірік айтуға ұяламын.
- Айтқан уәдемді орындамауға ұяламын.
- Орынсыз жерде артық сөз сөйлеуге ұяламын.
- Өз кітабымды және өзімді мақтауға ұяламын.
- Трамвай, троллейбуста қарттар түрегеп тұрғанда, жастардың орын бермей, шіреніп отырғандарын көргенде ұяламын.
- Кейбір қазақ жастарының асыл ана тілін ардақтамайтынына ұяламын.

Мен ұят дегенді ҰЛЫ КҮШ деп санаймын. Адамшылдықтың, адалдықтың, уәдеге беріктік пен тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін.

Ұры-қары, қарақшы, қаніпезерлер ұяты жоқтан шығады. ҰЯТ - ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАСИЕТ!
Ұяттыға иман ұялайды, ұятсызды қылмыс қуалайды.

©️ Әзілхан Нұршайықов
👍34❤16🔥2
Тірімін де,
Жұрттың бәрін дос көрсең.
Құрыдым де,
Дұшпаныңа дес берсең...
Ауыр деген сынның өзі жеңілдеу,
Бір Әділдік бар екенін ескерсең!

Ұттым дей бер,
Жұрттың бәрін дос көрсең
Біттім дей бер,
Жауларыңа дес берсең.
Өзіңе де әділ болу жеңілдеу,
Бір Өлімнің бар екенін ескерсең!

© Төлеген Айбергенов, "Ескерсең"
👏21❤8👍4🔥3
Әбіш Кекілбаев: «Өмірде ненің жаман екенін білсек те жеткілікті, ол жамандық кімнің тарапынан жасалғанын қазбалау – қазымырлық. Жамандыққа жаратылған ешкім жоқ. Жаңсақ кетсе, түзеледі. Кемшілігі болса, арылады. Сондықтан нақты біреуді жамандыққа қию кешірілместей қатігездік болар еді» дейді. Бұл сөздер менің жадымда жатталып қалған, біреу туралы теріс пікір айта бастасам немесе теріс ойлай бастасам, осы сөздер ойыма түсе кетеді де, тәубеме келемін.

Бүгін бұл ағамыз 84 ке толды. Құтты болсын 🎉
❤21👍10🎉4
Бойдақтар, мына алты мақалды түсініп барып үйленсеңдер, жаман болмайсыңдар:
1. Бойдақта ес жоқ (Сондықтан есі барларды тыңда)
2. Қатын алма, қайын ал (Алатын жарыңның өзіне ғана емес, оның шыққан тегіне, өскен ортасына қара, таны, зертте, тексер)
3. Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық (Болашақ жарыңның түрінен де маңызды сипаты бар. Ол-тегі. Түр-сыртқы форма, тек-мазмұн)
4. Тексіз жерден қыз алсаң, перзентің толмас аршынға (Тек өз нәпсіңді ғана емес, болашақ ұрпағыңды да ойла)

5. Анасын көріп қызын ал (Қазақта көргенді, көргенсіз деген сөз бар. Қыз қанша ақылды, қанша сұңғыла болғанмен, ертең көрген үлгісінің шеңберінде өмір сүреді. Ол үлгі жақсы болса, жақсы, жаман болса, түзеу қиын, тіпті мүмкін емес)

6. Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан (Бала-шағаның нағашыға тартатыны- бабалар тілімен айтылған ақиқат. Сен тек жар таңдамайсың, болашақ ұрпағыңның генін, бір жұртын таңдайсың)

© Абай Қалшабек
👍47❤9👏4🔥3