Кейде ойлайсың мұның бәрі не үшін деп,
Бұлт қарайды бұйығып көк ішінде..
Ыстық мұң бар көзінде әр адамның,
Өкініш бар біреудің жеңісінде.
Елең етер ештеңе таппағанда,
Енгендей бір боласың жат ғаламға.
Барлығы да басқаша болар ма еді,
Жүректерін адамдар сақтағанда…
Жүрек – үнсіз,
жан – мұңлық,
Дене – тірі,
Көлеңкелер сызығы.. көретіні.
Теңіз менің сырымды сөзсіз ұғып,
Маңдайымнан жел келіп өбетіні,
тылсым сынды..
Әрбір сәт – тағдыр демек,
Сөзін айтты тамшымен жаңбыр бөлек.
Жаңбырдан соң..
Көкірек жұпарлана,
Тас ғұмырды қақ жарып жан гүлдемек.
Ішке бүккен шаттығын, өкінішін,
Пендеміз ғой, ұшырған көбі құсын.
Мөлдірлігін теңіздің сүйемін мен,
Мөлдірлігін көздердің көру үшін.
(с) Біржан Ахмер
Бұлт қарайды бұйығып көк ішінде..
Ыстық мұң бар көзінде әр адамның,
Өкініш бар біреудің жеңісінде.
Елең етер ештеңе таппағанда,
Енгендей бір боласың жат ғаламға.
Барлығы да басқаша болар ма еді,
Жүректерін адамдар сақтағанда…
Жүрек – үнсіз,
жан – мұңлық,
Дене – тірі,
Көлеңкелер сызығы.. көретіні.
Теңіз менің сырымды сөзсіз ұғып,
Маңдайымнан жел келіп өбетіні,
тылсым сынды..
Әрбір сәт – тағдыр демек,
Сөзін айтты тамшымен жаңбыр бөлек.
Жаңбырдан соң..
Көкірек жұпарлана,
Тас ғұмырды қақ жарып жан гүлдемек.
Ішке бүккен шаттығын, өкінішін,
Пендеміз ғой, ұшырған көбі құсын.
Мөлдірлігін теңіздің сүйемін мен,
Мөлдірлігін көздердің көру үшін.
(с) Біржан Ахмер
❤36👍8
— Өмірдің өлшенер таразысы неде? - деді ол сәл тілі күрмеліп,- қайғысында ма, әлде қуанышында ма? Мың күндік қуанышың бір күндей болмайды, тез өте шығады. Ал бір күндік қайғың - мәңгі бітпестей келеді. Бұған қарағанда өмір сірә қайғыменен өлшенуге тиісті тәрізді.
— Ал мың күндік қайғыны бір күндік қуаныштың жеңетін кезі де болады ғой,- деді Қайназар қыздың ойын алыстан шолып.
© Ілияс Есенберлин
📖 Махаббат мейрамы
— Ал мың күндік қайғыны бір күндік қуаныштың жеңетін кезі де болады ғой,- деді Қайназар қыздың ойын алыстан шолып.
© Ілияс Есенберлин
📖 Махаббат мейрамы
❤31👍5⚡2
Өмір заңы: бала-бала болуы керек. Балаға тән аз дәуренді басынан кешіру керек. Егер балалық дәуренің шала болса, сол жетіспей қалған сыбағаңды кейін есейгенде аңсап тұрасың. Ал жалпы, қай жаста болсаң да кей-кейде бала болып, балалық шаққа оралғанның ерсілігі жоқ па деймін. Сәби шағын мүлде ұмытып кеткендер, артына бұрылып бір қарамағандар – тегін білмес топастар ма деп қаламын. Олар туған анасын да, Отанын да тез ұмытып кететін опасыздар сияқтанады да тұрады.
© Шерхан Мұртаза
📖 Ай мен Айша
© Шерхан Мұртаза
📖 Ай мен Айша
❤45👍9🔥4
Адам кейде өз өзін таба алмаса, өз өзін түсінбесе, өз өзін сыйламаса, өзінің түрлі түсті арманы болмаса, оған жетемін деп талпынбаса — ол міндетті түрде қасындағы адамды не қолдайды, не оны да өзіне ұқсатқысы келіп, төмен тартып, аяқ қолын тұсаулап қорлайды.
Өмірдегі ең аянышты адам осы. Себебі, көңілі ақ пейілі кең адам бұндай төмендік істемейді. Өзі істейді, немесе екінші адамға жол береді. Бұндай биіктік бірақ әркімге бұйырмаған.
Жер бетіндегі өзін тірімін деп есепке алып жүргеннің бәрі тірі адамдар емес. Олар тек тәні тірілердің тізіміне қосылып тұрған өлі жандар.
Ал өлген адамның бәрі өлгендер емес. Олар тек тәні өліп, жаны әлі арамызда кезіп жүрген тірі жандар!
Өмірдегі ең аянышты адам осы. Себебі, көңілі ақ пейілі кең адам бұндай төмендік істемейді. Өзі істейді, немесе екінші адамға жол береді. Бұндай биіктік бірақ әркімге бұйырмаған.
Жер бетіндегі өзін тірімін деп есепке алып жүргеннің бәрі тірі адамдар емес. Олар тек тәні тірілердің тізіміне қосылып тұрған өлі жандар.
Ал өлген адамның бәрі өлгендер емес. Олар тек тәні өліп, жаны әлі арамызда кезіп жүрген тірі жандар!
👍32❤7💔6🔥3🕊1🤣1
Адамдарға: «Олар қандай болуы керек» деп уағыздамас бұрын, оны өзіңіз көрсетіңіз. Оны өзіңіз орындаңыз, сонда бәрі сізге ереді.
© Федор Достоевский
1877жыл
© Федор Достоевский
1877жыл
👍31❤6🔥4
Қысып кеуде,ентігіп,тарылып дем
Бөтегесі бітеліп тары-үміттен
Сен қолыңнан ұшырып жібергелі
Көңіл құстың айтатын зары біткен
Жатырқайды,бөтен жер,үйренбеген
Өзегінде өткеннің күйі кернеген
Жетім қанат іздейді қауырсынын
Даласынан сезімнің игермеген
Нəр алатын шөлдесе жыр ағыстан
Бұрынғыдай күндер жоқ құрақ ұшқан
Босап қалған торыңа телміресің
Бұлбұлымның естілсе үні алыстан
Ырғалады баяу жел ырғағымен
Қақса қанат жайылып сырға кілем
Бақыт гүлі бақтарды жарып шығар
Тұмсығынан құлаған бір дəнінен
Кеште қою көрінбес түстегі мұң
Қаһарынан тығылып қыс демінің
Күтеді енді жеткенше келер көктем
Жылы ұясын паналап құсбегінің
Бөтегесі бітеліп тары үміттен
Көңіл құстың айтатын зары біткен
Сен ұсынған сол кезгі тəттілердің
Білесің бе бүгінде дəмі кеткен...
© Абзал Алтый
Бөтегесі бітеліп тары-үміттен
Сен қолыңнан ұшырып жібергелі
Көңіл құстың айтатын зары біткен
Жатырқайды,бөтен жер,үйренбеген
Өзегінде өткеннің күйі кернеген
Жетім қанат іздейді қауырсынын
Даласынан сезімнің игермеген
Нəр алатын шөлдесе жыр ағыстан
Бұрынғыдай күндер жоқ құрақ ұшқан
Босап қалған торыңа телміресің
Бұлбұлымның естілсе үні алыстан
Ырғалады баяу жел ырғағымен
Қақса қанат жайылып сырға кілем
Бақыт гүлі бақтарды жарып шығар
Тұмсығынан құлаған бір дəнінен
Кеште қою көрінбес түстегі мұң
Қаһарынан тығылып қыс демінің
Күтеді енді жеткенше келер көктем
Жылы ұясын паналап құсбегінің
Бөтегесі бітеліп тары үміттен
Көңіл құстың айтатын зары біткен
Сен ұсынған сол кезгі тəттілердің
Білесің бе бүгінде дəмі кеткен...
© Абзал Алтый
👍17❤9
Ащы судың кейде тәтті су сияқты болып көрінетіні секілді, бүкіл адам да кейде сыртынан өте жақсы адам болып көрінеді. Тек сыртқы көрініске алданып қалмаңыз.
© Жалоладдин Руми
© Жалоладдин Руми
🔥25👍9❤8
Әлемдегі ең танымал жазушы?
Anonymous Quiz
35%
А. Құнанбаев
16%
А. С. Пушкин
32%
Агата Кристи
17%
Оскар Уайлд
👍13