Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Эмоционалды интеллект дегеніміз не?

Бүгін осы сұраққа жауап іздеп көрейік

Эмоционалды интеллект дегенге бір ауыз сөзбен анықтама беру өте қиын. Бірақ, біз өз нұсқамызбен бөліскіміз келеді.

✓"Эмоцияналды интеллект"

дегеніміз, былай айтқанда әр
адамның өз нәпсісін тануы. Ішкі сезімін бір күйдегі (ситуациялық) хәлін, сырттағы екінші адамның көзімен көре білуі.

Мысалы: Ашуланып тұрсаңыз, сол өзіңіздің ашуланып тұрған күйіңізді сезе білуіңіз. Мойындауыңыз, және одан қашу тиімсіз екенін ескеріңіз. Өйткені, ол сіздің сөйлеген кездегі дауыс ырғағыңыздан-ақ байқалады.

✓ "Эмоциямызды бақылауда ұстау маңызды"

Яғни, эмоциямызды саналы түрде (қадағалау) басқару.
Мысалы:
• Ашуланғанда сабыр сақтаудың ең бірінші өзіңіз үшін пайдалы екенін сезіну.
• Орынсыз жанармай секілді жанбау.

Себебі, иә, қан қызуымен сондай ауыр сөздерді айту арқылы, адамның сол сәттегі нәпсісі қанағаттанғанады. Бірақ, кейін оның нәтижесі орны толмастай өкінішке әкеп соғуы мүмкін.

✓ Эмоциямызға нақты бір мақсат жолында локация қоя білсек, яғни бағыт бағдар бере білсек, біздің зейініміз де, біліктілігіміз де шығармашылығымыз да артар еді.

@kitapsuyer
👍37❤8🔥5🥰4👏4
📚 ӘЛ-УАФИ Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы

✍ Арабшадан аударған: Қ.Спатай
❤8👍4🔥3🎉2
Сыни ойлау дегеніміз не?

Сыни ойлау дегеніміз - кез келген ақпаратқа күмәнмен қарау. Сонымен қатар белгілі бір проблеманы шешу үшін зерттеп, салыстырып, өз бетінше тұжырым жасау. Оның ерекшілігі - тәуелсіз ойлау, дербес шешім қабылдау.

Бүгінгі ақпарат заманында сыни ойлай білу өте маңызды. Себебі дәл осы қабілеттің арқасында қандай да бір мәселе бойынша өзіндік пікір қалыптастырып, шындықты жалғаннан ажыратып аласыз.

Ежелгі грек философы Сократтың айтуынша, таным негізінде күмән жатыр. Яғни сол кездің өзінде күмәндану процессін жоғары бағалаған. Себебі адам күмәндану арқылы ақпаратты зерттеуге көшеді. Осы зерттеу кезінде ақпаратты жан-жақты қарастырып, бағалайды. Кейін өзіндік пікір қалыптастырып, сыни ойлау қабілетін дамыта түседі.

Сыни ойлау қабілеті адамды:

1. Еркін ойлауға;
2. Проблемаларды зерттеп, тәуелсіз шешім қабылдауға;
3. Адамдармен қарым-қатынасын жақсартуға;
4. Ақпаратқа күмәнмен қарап, саралай білуге;
5. Көпшіліктің айтқанына ермей, өзіндік пікір қалыптастыруға үйретеді.

Абайша айтқанда:

Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
👍36🔥9❤2
— Назарларыңызға марқұм Аягүл Мантайдың сұхбатынан үзінділер ұсынамыз.
Жазба ұнаса достарыңызбен бөлісе отырыңыз :)

@kitapsuyer
👍28❤7👏3🔥1
✍ Оралхан Бөкей
📚 Қар қызы
❤12👍2