Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
...
Көздесе сынақ жебесін саған,
Ғұмырың өтер бір күндей.
Өмір ғой, өмір көнесің соған,
Өкінішіңді білдірмей.

Тати ма тағдыр сүйдім-ау деуге?
Бар ма әлде оған таласың?
«Бәрі де жақсы» деймін-ау елге,
Жасырып жанның жарасын.

Жанымды талай жатты өмір жонып,
Артылар онсыз жүк те көп.
Құшақты жайғам ақкөңіл болып,
Не таптым содан? Түк те жоқ!

Сырласар адам тапса да кісі,
Таусылып қалмас күресің.
Тағдырдың талай батса да тісі,
Тістеніп өмір сүресің.

Төгілді бүгін тағы да шерім,
Қайтесің, бәрін жалған де...
Ақселеу ғұмыр арыңа сенің,
Адал боп қалсам, арман не?!

©️ Азамат Әбілқайыр.
👍39❤8🤩5👏2
Жұма – аптадағы ең жақсы күн. Алла Тағала бұл күнді мұсылмандар үшін ерекше етіп жаратқан. Жұма - әр мұсылман үшін бір мейрам, бұл күні Алла Тағаланың мейірім есіктері айқара ашыла түседі.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Жұма - күні шыққан күндердің ең жақсысы. Осы күні Алла тағала Адам атаны жаратты, осы күні ол Жұмаққа кірген, осы күні ол Жұмақтан түсірілген және Қиямет болатын күн де жұма» (Тирмизи).

Сүннет амалынан:

1. Жұма намаз бен хұтбаға бару
2. Садақа беру
3. Ғұсыл алу
4. Туыстық қарым-қатынасты нығайту
7 Кәhф сүресін оқу
6. Дұға жасау
7. Тәубеге келу
8. Салауат айту
❤30👍11
Қашқын хаттары.pdf
140 KB
✍Рахымжан Отарбаев
📚Қашқын хаттары

Төлен Әбдіковтің әйгілі «Парасат майданы» повесін оқығаннан кейін туған ой.
❤‍🔥6👍4❤2
Жүректесің
<unknown>
✍Бағдаулет Арыстан
🎼Жүректесің
❤‍🔥11❤6👍6
"Бір әріп үйреткенге, қырық жыл тағзым ет" дейді.

Ал сізге ең алғаш әліппе үйреткен ұстазыңыз есіңде ме? )
🔥31❤11👍6
Әр ұстаз мұғалім,
Бірақ әр мұғалім ұстаз емес.

Бүгінгі ұстаздар мерекесі құтты болсын. 🌷

Елімізде білімді және иманды жастар көп болсын!
❤32👏5👍2🥰1
📚 Өмір мектебі
✍ Сәбит Мұқанов
Сәлеметсіз бе?

Жаныңызды жүрдіңіз жара жеп күзде,
Ал күздің желі, меніңше, сәл әдепсіз бе…
Жапырақтарын шашты алдан.
Бұрылдыңыз да,
Дедіңіз:
— Сәлеметсіз бе?
— Сәлеметсіз бе…

Сонау күз бізге ерекше сый табыстырды,
Сый табыстырды, бөлекше күй таныстырды.
Қандай күш екен сол күні сәлемдестірген
Бейтаныс бізді?

Сол таныстырған біздерді жайлап өтті күз,
Жапырақтарын алысқа айдап өтті күз.
Жапырақ тектес пе едіңіз, бейтаныс ару,
Қайда кеттіңіз?..

Сол баққа келем жанымды жара жеп күзде,
Ал күздің желі әлі де сәл әдепсіз бе…
Жапырақтарын шашады алдыма әкеп,
Дейтіндей:
— Сәлеметсіз бе?
— Сәлеметсіз бе…

© Әділ Ботпанов

#поэзия
❤21👍4🥰3💔2🔥1
Хат жазбай жүрсің...
 
Хат жазбай жүрсің сен неге маған,
Ойларға шомдым көп бөтен.
Жанымды бұрын тербеген адам,
Өзгеріп неге кетті екен?
 
Күтпейтін болдым мереке күнді,
Күтпеймін әнді шырқалар.
Бір соққым келеді телефонымды,
Бермейтін сенен бір хабар.
 
Іздемей қанша жүрмекпін мен де,
Сырымды қандай жан ұқсын?
Дүбірлеп тұрған дүрмек күндерге,
Сен де еріп кетіп қалыпсың...
 
Сейілтіп күздің мына түнегін,
Ғажапқа деп ем бөлесең...
Хәлімді сұрап тұратын едің,
Хат жазбай жүрсің неге сен?
 
Рахат Әбдірахманов
❤23👍8🔥3
Қайырлы күн, Қадірлі оқырман!

Сізге еліміздегі қай кітап дүкені көбірек ұнайды? 🧑‍🎓
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8
Оң қол туралы-бірер сөз.pdf
35.9 KB
Расымен әдебиет ғалымдары оқырманның көрмеген тұстарын көре алады. Біз "Оң қол" шығармасын дұрыс түсінбеген секілдіміз..
👍29❤2🔥1
Бізді қай топтың админдері оқиды екен, каналыңызды астына жаза отырыңыз.. 👨‍💻👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
Қайырлы түн достар!
Сіздерге бір кітапты жасырамыз. Мазмұнын тым қарапайым жеткіземіз. Сіз тауып көріңіз. Және өзіңіз де бір кітапты оқырмандарға  жасырыңыз. ☕️

Бастадық!

Бір қыз. Бір жігіт. Аурухана. Өліммен арпалыс. Махаббат. Өжеттілік. Ол үшін оның өзімен күрес. Түнгі кезек. Сұлу бойжеткен.Тәтті балмұздақ. Өлім...
Қандай шығарма? Авторы кім?

ал біз сіз жасырған кітапты тауып көрелік 😍
👍16❤2🤩2
✍ Шыңғыс Айтматов

Бұл кітап – менің тәнім дегейсің,
Бұл сөз – менің жаным дегейсің...


Григор Нарекаци.
“Қасірет кітабы”, X ғасыр.



(Ғасырдан да ұзақ түн)
📚Боранды Бекет
📚Құс жолы
👏12👍7
Білімді арттырудың маңыздылығы!

Аллаһ Тағала Құранда өзінің сүйікті құлы әрі пайғамбары Мұхаммедке ﷺ бұйырып былай дейді:


Айт: «Раббым, білімімді арттыр!» де. То-һа сүресі, 114-аят.


Осы аятқа қатысты хафиз ибн Хажар (Аллаһтың оған рақымы болсын) айтқан:


«Аллаһ Тағала Құранда пайғамбарына ешбір нәрсені арттыр деп сұрауын бұйырмаған, тек білімінен басқа. Сөзсіз бұл – білімнің артықшылығына айдан анық дәлел»

Қараңыз: Фатхуль-Бәри (1/141).
😍43👍8❤3🔥2🕊2👌1