Кітапсүйер
16.4K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
🥰14👍3❤1
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ РАИСА МҰХАМЕДИЯРОВАҒА ЖАЗҒАН ХАТЫ (қысқартылған):

8.04.65 ж.

Амансың ба, менің жалғызым! Бүгін таңертең Гауһаржанның атына сендерге хат жазып едім. Сөйтсе де саған айтам деген бірер ойым айтылмай қалған сияқты болып, күні бойы мені мазалай берді. Міне, түрлі жиналыс­тардан қол босап, сол мазалаған ойларым­ды саған қағаз арқылы жеткізуге тағы отырдым. Біріншіден, аман-есен жүрмін, денсаулығым ойдағыдай. Екіншіден, қатты сағынып жүрмін, құдайдан сұрайтыным – күніміз ерте батып, түніміз мезгілсіз тұтыл­масын.

Қаламдас достардан Соболевті, Берді-ағаны көрдім. Саған шексіз сәлем айтып жатыр. Олардан басқа Боковты, Татьяничеваны, Штокты, тағы басқаларды кездестіргенім жоқ, телефон соғуға да уақытым болмады. Оларды 1-Май мерекесімен құттықтауды ұмытпа. Сенің дайындыққа барып жүргеніңді естіп қуандым. Студияда кешкі жұмысқа қалуға тырыспа, оның орнына үйге келіп демал.

Ботақаным өсіп келе ме? Ақылы кіріп, жылауды азайтты ма? Жалғыз өзің оның жұпар иісін иіскеп, рахаттанып жүрсің, ә?

Қымбаттым, саған тапсырма мынау. Май қарсаңында маған ұзақ етіп хат жаз. Адресім: Мәскеу қаласы, Воровской көшесі, 52-үй. КСРО Жазушылар одағы, Инкомиссия, Мүсірепов Ғ.

Енді сенің жағдайың жайлы. Ақшаң бар ма, қысылып жүрген жоқсың ба? Керек болса, Жұматайдан ала тұр, береміз ғой, немесе Мұстафиндерден ал, қиналып қалма. Байқауға бара жатырмын, жұрттың жиналуы қиын. Ертең кешкі 9-да телефон соғамын. Әдеттегідей сүйдім, өзіңнің мәңгілік Ғабитің.

Дереккөз: Әсет Ақмолда
❤32👍7🤩6👏4🔥2
Арылу

Үнсіз.
Ұзақ.
Қараймын Айға мынау,
Мақсатым жоқ Күнге де,
Айға да ұнау.
Менің барлық мұратым -
Жаратқанға
апаратын соқпақта тайғанамау.

Маған бақыт -
бұл жолмен жорғаласам,
Ерсем болды Жүрек пен Жанға масаң.
Адастырар айырықтар бұйым емес,
Өзімді-өзім бұрмалап алдамасам.

Маңызды емес шаһарлар Қағанымен,
Тартысу да маңызсыз жағалымен.
Бұл жолдағы ең үлкен ғибадатым -
Жәндік мыжып кетпесем табаныммен.

Басты жауым - мен өзім,
шын ұқтым мен,
Содан көзім буалдыр, сынық кеудем.
Өз өзімді сындырсам - жеңісім сол,
Сындырмасам болғаны шыбықты мен.

Маңызды емес және де ой кешкенім,
Біреуменен “гөй-гөйлеп”, “қой” дескенім.
Қыбырлаған тірліктен маңыздырақ -
Сыбырлаған шөппенен сөйлескенім.

Маңызды емес біреумен белдескенім,
Мақтан іздеп, ортада құр бөскенім.
Ырылдаған даусымнан маңыздырақ,
Шырылдаған құспенен тілдескенім.

Енді мәлім жер бетін құр басқаным,
Бақылаумен төбемде тұрды Аспаным.
Шырқыраған ойлардан маңыздырақ -
Бұрқыраған бұлтпенен сырласқаным.

Жеті бояу шашырап қылышынан,
Көктем келсе Ғарыштың бір ұшынан.
Сонда менің аңқиған ауызымнан,
Қоя берсе дұға аңқып тынысымнан.

Тұрған шақта іште - үміт,
қолда - амалым,
Дұғаларым - құсни хат жолдағаным,
Менің басты қағидам -
қалқып тұрған,
дүниені ренжітіп алмағаным.

Тылсымданып, жайнаған гүл алам ба,
Һәм білмеймін ойнаған нұр алам ба?!.
Бұл олжадан бірақ та абзалырақ -
Еш қиянат жасамау тірі адамға.

Жүрек жасын көлдетіп тегі судай,
Жылап көктен сұраймын нені ұдай.
Жалбыраған кейпімде жалғыз үрей:
Жақтырмай қалмаса екен мені Құдай!

Содан енді сөзден қалып, ойдан қалып,
Өзіммен соғысатын майдан қалып.
Отырғанда шақырды мені жолға,
Көз ұшында жарқ етіп, тайған жарық…

Үнсіз.
Ұзақ.
Қараймын алға мынау,
Мен енді мүсәпір жан болғаным-ау.
Жаһанкез жүрегімді қолыма ұстап,
Құдайды іздеп түстім ғой жолға мынау.

Жұлмаласын жұрт мені, әрі-бері,
Ғайбаттаса мейлі енді, бәрі мені.
Мен Алламды сүйетін жолға шықтым,
Ал Аллам сүйе ме екен әлі мені?..


`Ақберен Елгезек
❤32👍15👏3
Сарғайған сен бе,
Мен бе,
Жас қайың ба?
Жөн айтпай жөгі жалған қасқаюда.
Тәніңді таңға дейін тамашалап,
Жанымды мен де бір сәт ластайын ба?...

Сарғайған сен бе,
Мен бе?
Ей, жүрек, есіңді жи, емге көнбе!
Алдымда — алмағайып жолайырық,
Білмеймін, желге ерем бе, жерге енем бе....

Көргенде жапырақтың қалқығанын,
Қарадай жаурап, тоңып, қалтырадым.
Желбуаз жер мен көктің арасынан
Өзімді- өзім таппай шарқ ұрамын.

`Исраил Сапарбай
👍19❤2
❤5👍2🥴1🤣1🤨1
Өмірге жалғыз болып келіп, жалғыз болып кетсең де, сол екі ортада адамдарсыз күнің жоқ. Сөйте тұра даралығыңды сақтағың келеді. Даралағың — өзіңнің өмірден тапқан құндылығың. Оны өзгелердің де мойындап, қабылдағанын қалайсың.

Адам неге жалғызсырайды? Өзі үшін ұлы мәнге ортақтасар адам таппағасын шығар.

Кейде, тіпті, сырлас, пікірлес адамың болса да бәрібір сол сезімнен арыла алмайсың. Өйткені, айналаңдағы көп адамның бәрімен әңгімелескенің, калжыңдап күліскенің іштегі жалғыздықты бүркемелеудің жолы ғана екенін сезесің.

Қаның араласса да, жаның қосылмайтын жалғыздығың бар. Ол солай. Солай қалады да.

📚 «Жүз жылдық жалғыздық»
✍ Габриэль Гарсиа Маркес
❤25👍6👏3🔥2
⚽️ Қатардағы әлем чемпионатына байланысты бір байқағаным, ондағы ойыннан көрі біздің елдегі жанкүйерлер арасындағы комменттарийлердің өзі ара қырғи қабақтанып пікір алмасуы қызығырақ болып тұр.

Біз сонша қызыл кеңірдек болғанымызбен, айдаладағы ойыншылардың ыштаны да жоғары көтерілмейді ғой. 😂

Өз еліміздің командасы қатысып, соған тілектес болып отырсақ түсінер едім. Былай қарағанда атының өзі әрең оқылатын ойыншылар үшін бір бірімізді ренжітпейікші бауырлар 😄🤝
😁15❤6👌6👍5🤣4🔥2
✍ З. Аман
📚 Асыл аналар

Бұл кітапта әр заманда өмір сүріп, Ислам тарихында өшпестей із қалдырған, ардың туын асқақтатқан, өз дәуірін иман нұрымен айшықтаған асыл аналарымыздың өнегелі
өмірінің жарқын беттері сөз болады. Еңбек қалың көпшілікке арналған.
❤13👍4🔥2😍2
Дегені қайда басылды құйын —
Ақылым жетпей,
Ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі
Қиратып жатыр Қасымның үйін!

Шақұр да шұқыр шаққанда әйнегін
Ажалдың сездім ақпандай лебін.
Бір-бірлеп сөгіп қабырғаларымды
Кеудемді бұзып жатқандай менің!

Төбесі үйдің ашылды міне,
Бұрқырап тозаң, шашылды күлі.
Топырақ шашып жатыр ма дерсің
Қиянаттарға Қасымның үйі!

Мезгілдің мойырт кесімі сынды
Пеші құлады.
Есігі сынды.
Ақынның соңғы мекені еді —
Сәби жырлардың бесігі сынды!

Үй керек емес Қасымға енді.
Қарайып тұрса басында белгі,
Күркілдеп жүріп, кешірер ақын
Майманасы бұл тасынған елді!

Алдымда сенің елесің тұрды,
Тәңірдің өзі жебесін жырды.
Жаутаңдап маған қараңды ұлым:
«Ақынның үйін неге сындырды?»

Шешімін алса қалалық совет
— Қиратар үйді бар анық себеп.
«Ұғынып» өскен мен ұғармын-ау,
Қорқамын бірақ балам ұқса деп!

Тағы бір сауал тұрғандай ойда.
Тахауи қайда?
Сырбайлар қайда?
Ақынның үйін қиратып жатыр,
Шырылдап бізбен бірге айғайламай ма!

Шындықтан үміт үзген бе бәрі,
Алқынса жүрек, іздер ме дәрі.
Келеді кезек, келеді кезек
Сіздерге де әлі,
Біздерге де әлі!

Дүлділім еді жыр көшіндегі
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін.
…Біздің үй соның іргесінде еді…

Жүрсін Ерман
"Ақынның үйі
"
🔥27👍12❤8🥰2
"Соққы көздеген жеріне үнемі жетпеуі мүмкін, бірақ ниет қашанда жетеді"
👍42❤6😁2
"Жүздің екеу болуы семсерге ғана жарасады"
🔥37❤9👍5
Алыс сапарға бір ғана кітапты өзіңізбен бірге алып жүру керек болса, қандай кітапты алар едіңіз? (Құраннан басқа) 📘 ☺️
👍30❤3🔥3
👨‍🎓 Мұхтар Әуезов
🌺 Қорғансыздың күні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27👍1