Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
❤5👍2🥴1🤣1🤨1
Өмірге жалғыз болып келіп, жалғыз болып кетсең де, сол екі ортада адамдарсыз күнің жоқ. Сөйте тұра даралығыңды сақтағың келеді. Даралағың — өзіңнің өмірден тапқан құндылығың. Оны өзгелердің де мойындап, қабылдағанын қалайсың.

Адам неге жалғызсырайды? Өзі үшін ұлы мәнге ортақтасар адам таппағасын шығар.

Кейде, тіпті, сырлас, пікірлес адамың болса да бәрібір сол сезімнен арыла алмайсың. Өйткені, айналаңдағы көп адамның бәрімен әңгімелескенің, калжыңдап күліскенің іштегі жалғыздықты бүркемелеудің жолы ғана екенін сезесің.

Қаның араласса да, жаның қосылмайтын жалғыздығың бар. Ол солай. Солай қалады да.

📚 «Жүз жылдық жалғыздық»
✍ Габриэль Гарсиа Маркес
❤25👍6👏3🔥2
⚽️ Қатардағы әлем чемпионатына байланысты бір байқағаным, ондағы ойыннан көрі біздің елдегі жанкүйерлер арасындағы комменттарийлердің өзі ара қырғи қабақтанып пікір алмасуы қызығырақ болып тұр.

Біз сонша қызыл кеңірдек болғанымызбен, айдаладағы ойыншылардың ыштаны да жоғары көтерілмейді ғой. 😂

Өз еліміздің командасы қатысып, соған тілектес болып отырсақ түсінер едім. Былай қарағанда атының өзі әрең оқылатын ойыншылар үшін бір бірімізді ренжітпейікші бауырлар 😄🤝
😁15❤6👌6👍5🤣4🔥2
✍ З. Аман
📚 Асыл аналар

Бұл кітапта әр заманда өмір сүріп, Ислам тарихында өшпестей із қалдырған, ардың туын асқақтатқан, өз дәуірін иман нұрымен айшықтаған асыл аналарымыздың өнегелі
өмірінің жарқын беттері сөз болады. Еңбек қалың көпшілікке арналған.
❤13👍4🔥2😍2
Дегені қайда басылды құйын —
Ақылым жетпей,
Ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі
Қиратып жатыр Қасымның үйін!

Шақұр да шұқыр шаққанда әйнегін
Ажалдың сездім ақпандай лебін.
Бір-бірлеп сөгіп қабырғаларымды
Кеудемді бұзып жатқандай менің!

Төбесі үйдің ашылды міне,
Бұрқырап тозаң, шашылды күлі.
Топырақ шашып жатыр ма дерсің
Қиянаттарға Қасымның үйі!

Мезгілдің мойырт кесімі сынды
Пеші құлады.
Есігі сынды.
Ақынның соңғы мекені еді —
Сәби жырлардың бесігі сынды!

Үй керек емес Қасымға енді.
Қарайып тұрса басында белгі,
Күркілдеп жүріп, кешірер ақын
Майманасы бұл тасынған елді!

Алдымда сенің елесің тұрды,
Тәңірдің өзі жебесін жырды.
Жаутаңдап маған қараңды ұлым:
«Ақынның үйін неге сындырды?»

Шешімін алса қалалық совет
— Қиратар үйді бар анық себеп.
«Ұғынып» өскен мен ұғармын-ау,
Қорқамын бірақ балам ұқса деп!

Тағы бір сауал тұрғандай ойда.
Тахауи қайда?
Сырбайлар қайда?
Ақынның үйін қиратып жатыр,
Шырылдап бізбен бірге айғайламай ма!

Шындықтан үміт үзген бе бәрі,
Алқынса жүрек, іздер ме дәрі.
Келеді кезек, келеді кезек
Сіздерге де әлі,
Біздерге де әлі!

Дүлділім еді жыр көшіндегі
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін.
…Біздің үй соның іргесінде еді…

Жүрсін Ерман
"Ақынның үйі
"
🔥27👍12❤8🥰2
"Соққы көздеген жеріне үнемі жетпеуі мүмкін, бірақ ниет қашанда жетеді"
👍42❤6😁2
"Жүздің екеу болуы семсерге ғана жарасады"
🔥37❤9👍5
Алыс сапарға бір ғана кітапты өзіңізбен бірге алып жүру керек болса, қандай кітапты алар едіңіз? (Құраннан басқа) 📘 ☺️
👍30❤3🔥3
👨‍🎓 Мұхтар Әуезов
🌺 Қорғансыздың күні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27👍1
❤31👍7🔥7
👍41❤14👏4🔥3
Кейбір адамдар кітап сияқты, тақырыбы, мұқабасы керемет бірақ оқуға тұрмайды 🙈
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍55❤12🔥3
Туған күніңмен…

Тойлаймын сені әуенсіз бүгін,
Ойлаймын сені Отаным.
Туған күніңмен , Тәуелсіздігім,
Туғалы жетім ботамын.

Қаралы күн бұл Қазақстанда,
Жүрегін жердің қозғаған.
Ару қыздарым ажал құшқанда,
АруАнадай боздағам.

Тойлаймын сені әуенсіз бүгін,
Көкірегімдегі сөз боп қал.
Туған күніңмен, Тәуелсіздігім.
Бақұл болыңдар, боздақтар!

(с) Ақжол Түменбай
❤46👍18