Сіздің ше кәзіргі жастардың шамамен неше пайызы кітап оқиды ❓
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯2
Өкінетін мәжнүн деп пе ең не мені,
Сәтсіздікке кез келген.
Ештеңе де керек емес, себебі,
Ештеңе жоқ өзгерген.
Есенғали Раушанов🌺
Сәтсіздікке кез келген.
Ештеңе де керек емес, себебі,
Ештеңе жоқ өзгерген.
Есенғали Раушанов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍28❤11
Келесі апта жаңа жылдың бірінші күні екен. Өмірді басқаша жалғастырудың тағы бір есігі ашылғалы тұр. 👍
Ал сізге осы жыл не берді, 2022 несімен есте қалды?👨🎓
Ал сізге осы жыл не берді, 2022 несімен есте қалды?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍4
Өзгермейтін адамға бірінші қаңтар да көмектеспейді.. 🌺
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍62❤33🤣31😁5🤔2
«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...»
🔤 🔤 🔤 🔤
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...»
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤55👍11
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤26😢6👍5🔥5😁2
Бүгін қазақтың қадырі — Қадыр Мырза Әлінің туған күні. Ол тірі болғанда 88 жасқа толар еді.
Жадыңызда қалған бұл кісінің қандай сөздерін білесіз, бөлісе отырыңыз❓
Жадыңызда қалған бұл кісінің қандай сөздерін білесіз, бөлісе отырыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22🕊4
Жексенбі.
Түнгі он екі кезі.
Сәл тінте қарап мені екі көзі
Таксидің ішінде бір ару отыр
Бөлек жамалы,
Бөлек мінезі.
– Атың кім? – деп ем,
– Лариса, – деді,
Бетімді шарпып жалынша лебі.
Тұңғиық жанар тереңге қарай
Батыра берді ағынша мені.
Түріктің қызы – туған ай дерсің,
Жүрегің болса – туламай көрсін.
Қап-қара шашты,
Аппақ иықты
Жолыққан ақын жырламай көрсін!
Ұмытар лезде азабыңды ішкі
Сұлулық, сенің ғажабың күшті.
Аққу мойынға жараса қалған
Тарыдай меңге назарым түсті.
Бұрқанса сезім кімді бұзбайды,
Жұтамыз ба екен енді біз қайғы:
Түнгі сұлуға тебіреніп айттым
Хафиздың жырын меңді қыз жайлы:
«Мейірбанды түркі аруы
Сүйсе мендей бейшараны –
Бір меңі үшін қияр едім
Самарқан мен Бұқараны».
Білетін жырым осы бар менің,
Дәулетім болса тосылар ма едім,
Хафиз сыйлаған екі шаһарға
Алматыны да қосып ал дедім.
Еліккен ұлдың кесір мінезін
Көрікті қалам, кешіргін өзің!
Қолымда болса қиятын едім
Ертіс пен Сырды,
Есілдің өзін!
– Алмаймын! – деді –
сыйларың қымбат,
Одан да Хафиз жырларын тыңдат.
Жомарт ақынның дидарын көріп,
Дауысын естіп тұрғаным қымбат.
Кезімде жырды кенет аңсаған –
Өзім-ақ әлі телефон соғам.
Әзірге хош бол,
атымтай ақын,
Тыныққан бүгін жөн екен саған.
– Атың кім? – деп ем,
– Лариса, – деді,
Бетімді шарпып жалынша лебі.
Елеңдеп әлі күтумен жүрмін
Телефон шалар деп сағынса мені.
Түседі жиі есіме тегі,
Тағдырым қандай шешім етеді.
Хафиздың жырын іздеген шақта
Звондай салса несі кетеді...
Жүрсін Ерман "Түнгі такси"🚗
Түнгі он екі кезі.
Сәл тінте қарап мені екі көзі
Таксидің ішінде бір ару отыр
Бөлек жамалы,
Бөлек мінезі.
– Атың кім? – деп ем,
– Лариса, – деді,
Бетімді шарпып жалынша лебі.
Тұңғиық жанар тереңге қарай
Батыра берді ағынша мені.
Түріктің қызы – туған ай дерсің,
Жүрегің болса – туламай көрсін.
Қап-қара шашты,
Аппақ иықты
Жолыққан ақын жырламай көрсін!
Ұмытар лезде азабыңды ішкі
Сұлулық, сенің ғажабың күшті.
Аққу мойынға жараса қалған
Тарыдай меңге назарым түсті.
Бұрқанса сезім кімді бұзбайды,
Жұтамыз ба екен енді біз қайғы:
Түнгі сұлуға тебіреніп айттым
Хафиздың жырын меңді қыз жайлы:
«Мейірбанды түркі аруы
Сүйсе мендей бейшараны –
Бір меңі үшін қияр едім
Самарқан мен Бұқараны».
Білетін жырым осы бар менің,
Дәулетім болса тосылар ма едім,
Хафиз сыйлаған екі шаһарға
Алматыны да қосып ал дедім.
Еліккен ұлдың кесір мінезін
Көрікті қалам, кешіргін өзің!
Қолымда болса қиятын едім
Ертіс пен Сырды,
Есілдің өзін!
– Алмаймын! – деді –
сыйларың қымбат,
Одан да Хафиз жырларын тыңдат.
Жомарт ақынның дидарын көріп,
Дауысын естіп тұрғаным қымбат.
Кезімде жырды кенет аңсаған –
Өзім-ақ әлі телефон соғам.
Әзірге хош бол,
атымтай ақын,
Тыныққан бүгін жөн екен саған.
– Атың кім? – деп ем,
– Лариса, – деді,
Бетімді шарпып жалынша лебі.
Елеңдеп әлі күтумен жүрмін
Телефон шалар деп сағынса мені.
Түседі жиі есіме тегі,
Тағдырым қандай шешім етеді.
Хафиздың жырын іздеген шақта
Звондай салса несі кетеді...
Жүрсін Ерман "Түнгі такси"
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍37❤7👏3❤🔥2🥴2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤110👍10🥰8❤🔥5🔥3👏3🤩1
Бүгін тек жақсы сөз сөйлейік. Өзгелер туралы тек жақсы ойда болайықшы. Алдымыздан кім шықса да, жылы жүзбен қарсы алып, жақсы сөзбен шығарып салуға тырысайық. Себебі бүгін күндердің сұлтаны, қасиетті — Жұма күні. Сосын осы күнгі әрекетімізді 365 ке көбейтейік :)
❤60👍7👏3🥰2🎉1
Бұлбұлдар сайраса есіңе ал,
Өмірде қоштасу кеші бар.
Сүюді білмейтін адамдар,
Осынау өмірде несі бар.
(халық әні)
Өмірде қоштасу кеші бар.
Сүюді білмейтін адамдар,
Осынау өмірде несі бар.
(халық әні)
❤42👍4🔥4
* * *
Кетті, келген соң кеткісі,
Бөтен жар, басқа үй...
Сейфуллин проспектісі,
Такси.
Көзі – алқызыл сүрмелі,
Алқызыл плащ.
Ол ештеңе білмеді,
Білмедім... рас.
Қарлы,
Желтоқсан басталды,
Сәл күтсе нетті?!
Ештеңе жоқ астарлы:
Кеткісі келді, кетті.
Себеп те жоқ тілдесер,
Салдары – ауыр...
Жүректерде бүрлесе
Кінәмшіл сәуір...
Күлкі – екеу, мұң – жалғыз,
Кетті... Мен де кетем.
Аялдамада тұрған қыз –
Бөтен.
Ерлан Жүніс
Кетті, келген соң кеткісі,
Бөтен жар, басқа үй...
Сейфуллин проспектісі,
Такси.
Көзі – алқызыл сүрмелі,
Алқызыл плащ.
Ол ештеңе білмеді,
Білмедім... рас.
Қарлы,
Желтоқсан басталды,
Сәл күтсе нетті?!
Ештеңе жоқ астарлы:
Кеткісі келді, кетті.
Себеп те жоқ тілдесер,
Салдары – ауыр...
Жүректерде бүрлесе
Кінәмшіл сәуір...
Күлкі – екеу, мұң – жалғыз,
Кетті... Мен де кетем.
Аялдамада тұрған қыз –
Бөтен.
Ерлан Жүніс
❤18👍9
Ел десе, өз басының жыры қалып
Жүретін жігіт қайда нұры жарық?
Басыма өзім кигім кеп тұрады,
Қалпағын кейбіреудің жұлып алып.
Кей ерде өз-өзінен үміт солып,
Бүрсиген шуақта да бұғып, тоңып.
Қыз болып туғаным да артық екен
Жүргенше намысы жоқ жігіт болып!
Фариза Оңғарсынова
Жүретін жігіт қайда нұры жарық?
Басыма өзім кигім кеп тұрады,
Қалпағын кейбіреудің жұлып алып.
Кей ерде өз-өзінен үміт солып,
Бүрсиген шуақта да бұғып, тоңып.
Қыз болып туғаным да артық екен
Жүргенше намысы жоқ жігіт болып!
Фариза Оңғарсынова
👏33👍4🤔3
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣46👍13