Кітапсүйер
16.4K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Арнамыздан қандай бағыттағы кітаптарды оқығыңыз келеді?
Anonymous Poll
37%
Көркем әдебиет
18%
Діни
29%
Психологиялық
6%
Бизнес
11%
Бәрі бір
👏14❤1
— Әркімнің алдында түптің түбінде өтпей қоймайтын "Сайтан көпірі" бар. Тек қорықпағандар ғана арғы жағалауға шығып, мақсатына жетпек. Мен сол көпірден дұрыс өте алмадым.

Сонсоң әркімнің бойында бір сайтан бар,— дейтін көріп отырғандай сеніммен,— бұл жалғанда күнә жасай берсе, сол иығында қонып отырған сайтан, оң иығыңдағы періштені жеңеді де, күндердің күні болғанда әлгі адамды бүтіндей жынға айналдырады. Күнәпарлықтың басы осылай басталмақ.

Бұл өмірде сайтан-адамдар көп, тек олардың жасаған жамандығы көзге көрінбейді. Әлемді бүлдіріп, былғайтындар да солар..."

— Оралхан Бөкей
— Сайтан көпір
👍31❤7
Мен ақыл-естен айрылып мәңгүрт болып, мәңгіріп те қалған жоқпын. МЕН — түлкіге де, балыққа да айналғым келмейді, құс болып аспанға да ұшпаймын, ертекті еміп, есеңгірегім де жоқ, қара жерге қада болып қағылған АДАММЫН!

Азды дегеннің, тозды дегеннің жағына жылан жұмыртқаласын, кешегім — бүтін, болашағым — айқын, бізге барлығы жетеді, барлығы бар, бізге жалғыз-ақ нәрсе жетіспейді, бізге адал дос, жақсы адамдар ғана жетіспейді, азайып барады. "Қызыл кітаптан" орын қалдырыңдар.

— Оралхан Бөкей
— Сайтан көпір
👍25❤11👏1
🚀 Қайырлы күн, құрметті оқырман! Назарыңызға Мұхтар Мағауиннің
"Әйел махаббаты" шығармасын ұсынғым келеді. Әдемі әңгіме екен, тыңдай отырыңыз..

🎙Оқыған: Арман Жакейхан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14
Нәубет.(kitapsuyer) pdf.pdf
15.8 MB
Құрастырушы:
✍ Қыстаубаев Захардин
📗 Нәубет (1931-1933)
👍7
✍ Қуандық Түменбай
⏺Қара қазан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍2
Кейде адам кітап сияқты үнсіз тұрады. Ол дым білмегендіктен емес. Ол — екінші адамның сөзін бөлгісі келмегендіктен.

Кейде адам көп ішінде жалғызсырайды. Ол оның мінезінен емес. Ол — өзін, өзі сияқты түсінетін адамды таба алмағандықтан.


Келісесіз бе?
❤106👍41💔8⚡6
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса басқа дәулет құралмаған.
Күніне мың бір пәле көрсеңдағы,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан.

— Шерхан Мұртаза
— Қызыл жебе
👍48❤20🔥5❤‍🔥1
✍ Жүсіпбек Аймауытов
📗 Шығармалары
👍6
— Тұрсын Жұртбай
— Күйесің жүрек, сүйесің
❤12👍6🎉1
📗 Жау тылындағы бала
✍ Қасым Қайсенов

Көрнекті жазушы Қасым Қайсенов бұл кітабында Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін және өзінің ауылда өткен балалық шағын үлкен тебіреніспен суреттеп жазған.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. 208 бет.
❤13👍2🎉1
Жазушы-драматург Роза Мұқанованың көп томдық шығармалар жинағының бірінші томына соңғы жылдары жазылған әнгімелері мен «Мәнгілік бала бейне» деген атпен сахналанған «Кызжылаған», сондай-ақ әйгілі өнер адамдарының өмірінен жазылған «Сен», «Муза» драмалық хикаяттары енгізілді. Кітап көпшілік окырманға арналған.
304 бет.
❤3👍1
Екінші томға топтастырылған үш шығарма екі бөліммен беріліп отыр. Бірінші бөлімнен автордың «Мысықтар патшалығы» және «Шатыр астындағы Мен» деп аталатын драмалық шығармаларын оқуға болады.

Ал екінші бөлімге енген шығарма XIV ғасырдың басында көне түркі тілінде ірі - туындылар қалдырған Рабғұзидың пайғамбарлар өмірінің тарихы жайындағы «Қисса-сул-әнбийя-и» хикаялар жазбасының қазақша аудармасы. Имандылыққа бет бұрған алмағайып уақытта қазақ ұлты үшін бұл мұраның орны ерекше. Әсіресе кейінгі жас ұрпақтың діни дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына тигізер ықпалы мол.

Кітап қалын окырманға арналған. Көлемі 272 бет.
🥰5👍1